Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайы мен міндеттері


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

АННОТАЦИЯ

Осы дипломдық жұмыс шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдарын зерттеу болып табылады.

Талдау жүргізу барысында Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайы мен міндеттері зерттеліп, кемшіліктері анықталған.

АННОТАЦИЯ

Данная дипломая работа отражает вопросы, связанные с проблемой развития малого и среднего бизнеса, а также проанализированы пути развития и решения проблем.

В ходе анализа были выявлены и изучены слабые стороны состояния деятельности и субъектов малого и среднего бизнеса по Республике Казахстан и Жамбылской области.

SUMMARY

Given diplomaja work reflects the questions connected with a problem of development of small and average business, and also ways of development and the decision of problems are analysed.

During the analysis weaknesses of a condition of activity and subjects of small and average business on Republic Kazakhstan and Zhambylsky area have been revealed and studied(investigated) .

Мазмұны

беттер
:
: Кіріспе
беттер: 5
: 1.
: Қазақстандағы шағын және орта бизнесті функционалдандыру мен дамыту проблемалары
беттер: 7
: 1. 1
:

Шағын және орта бизнестің Қазақстан эконмикасындағы

ролі мен ауқымы

беттер: 7
: 1. 2
: Шағын және орта бизнестің даму перспективалары мен проблемалары
беттер: 13
: 1. 3
: Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибесі
беттер: 26
:
:
беттер:
: 2.
: Шағын және орта бизнестің дамуындағы қаржылық тұрақтандырудың әдістемелік аспектілері
беттер: 37
: 2. 1
: Шағын және орта бизнестің қаржылық тұрақтылығын бағалау әдістемесі
беттер: 37
: 2. 2
: Шағын және орта бизнеске салық салу шағын және орта бизнесті реттеудің маңызды формасы ретінде
беттер: 43
: 2. 3
: Шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау түрлері
беттер: 53
: 2. 4
: Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауды жетілдіру
беттер: 60
:
:
беттер:
: 3.
: Қазақстандағы шғын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік саясаты
беттер: 68
: 3. 1
: Жамбыл облысы мысалындағы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қаржылық қолдау формалары
беттер: 68
: 3. 2
: Жамбыл облысының шағын және ота кәсіпкерлігін дамыту мен мемлекеттік қолдаудың Республикалық бағытталған бағдарламасы
беттер: 75
: 3. 3
: Шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштерін талдаудағы тиімді экономикалық - математикалық әдістер
беттер: 81
:
:
беттер:
:
: Қорытынды
беттер: 93
:
: Қолданылған әдебиеттер тізімі
беттер: 95

Кіріспе

Кеңес Одағының ыдырауымен және халық шаруашылығындағы реформалар кешені мен құрылымдық қайта құрулар арқылы экономикасы нарықтық қатынастарға өткен бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен кәсіпкерлік жаңа күшпен жанданды және халықтың материалдық тұрмыс жағдайы жақсаруының, тұтастай елдің экономикалық өрлеуінің ішкі көзі болды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жүргізілген реформалар бүгінгі күні нәтижелерін бере бастады. Республиканың қаржы секторы дамып, халықтың тұрмыс деңгейі мен экономикалық көрсеткіштер жоғарылап, экономиканың нақты секторының дамуына жағдайлар жасалуда.

Қазақстанның нақты секторына кіретін екінші деңгейдегі банктердің, кредиттік серіктестіктердің, микрокредиттік ұйымдардың, басқа да қаржы институттарының заңдылық негіздері қалыптасты, олардың қызметтерін реттеу нормалары енгізілді, қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы қабылданды. Осы көрсетілген шаралар республиканың қаржы секторы дамуының жаңа сатыға көшуіне жағдай жасады. Мемлекет саясатының негізгі бағыты орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау болып табылады. Басты назар ақпараттық инновациялық технологияларды енгізуге, кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдайлар жасайтын заңдық актілердің қабылдануына аударылады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. Бұл кәсіпкерліктің құрылуы және қалыптасу негізін құруға жағдай туғызатын шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуды жүзеге асыратын өткен бағдарламалары негізінде жасалынған. Кәсіпкерлікті дамыту кезеңінде шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың төрт аймақтық бағдарламасы қабылданды және жүзеге асты, ол арқылы кәсіпкерліктің негізі қаланған.

Кәсіпкерлікті ары қарай дамыту мақсатында облыстағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың жақын болашағының негізгі бағыттары анықталған. 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламада облыстағы өндірістік-инновациялық әлеуетіндегі шағын кәсіпорындар үлесінің өсуін қамтамасыз ету мақсатында кластерлік желілік ұстаным негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін және дамытуға қолайлы жағдай туғызатын белсенді жұмыстарды жүргізу көзделген.

Осы уақытқа дейін Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік қаржылар есебінен жеңілдетілген салықтық артықшылықтарды және қаржыландыруларды ұсынуда байқалған, бірақ жүйелік бастамада жүргізілмегендіктен, белгілі бір қысқа мерзімді тиімділікті әкелді.

Бұдан байқалатыны, шағын кәсіпкерлікті дамыту болашағы мен міндеттері оның жеке мәселелері контексті аясында мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық дамуы басымдықтары мен мақсаттарының жалпы жүйесімен өзара қатынассыз қарастырылған.

Негізгі мақсаты - еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру болып табылатын 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын қабылдауда және жүзеге асыруда мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара қарым -қатынасының жаңа идеялогиясын ескере отырып шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қажеттілігі туды.

Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай - ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.

Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады. Сонымен қатар шағын жәнеи орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы бітіру жұмысының өзектілігін анықтайды.

Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ - ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды етеді.

Дипломдық жұмысының мақсаты. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады.

ҚР - дағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің объектісін) зерттеу.

Дипломдық жұмысының міндеттері:

1. Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын зерттеу арқылы ролін қарастыру;

2. Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен проблемаларын терең талдау мен сипаттамаларын бітіріп кету;

3. Терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зертеу арқылы ҚР -дағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.

Дипломдық жұмысының маңыздылығы. Қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің қамтуындағы проблемалары мен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен анықталады.

1. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті функционалдандыру мен дамыту проблемалары

1. 1 Шағын және орта бизнестің Қазақстан экономикасындағы

ролі мен ауқымы

Өтпелі кезеңде орта және шағын бизнес мемлекеттік тұрақты қолдауды қажет етеді. Тек сол ғана ірі қаржылық және тұрғындардың өндірістік ресурстарын жинақтайды, аралас экономикаға икемділік береді, өзінде монополияға қарсы күшті және тұрғындардың өндірістік ресурстаны жинақтайды, құрылымдық қайта құрудың шынайы факторына қызмет етеді, көп жағдайда жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешеді.

Ғылыми және оқу -әдістемелік әдебиеттерде кәсіпкерлік ұғымы әртүрлі түсіндіріледі, бірақ авторлардың барлығы рыноктық экономикада кәсіпкерліктің аса маңызды роль атқаратынын бір ауыздан мақұлдайды. Оның алғашқы элементтері рыноктық қатынастардың қалыптасуының бас кезінен пайда болғанын мойындауға болады.

Уақыт келе кәсіпкерлік басқа шаруашылық қызыметтерден ажыратылып, жеке бөлек қарастырылатын болады. Бизнестің теоретигі атағына ие болған Р. Кантильон кәсіпкерлікке қарапайым анықтама береді. Оның пікірі бойынша кәсіпкерлік әртүрлі тауарлы рыноктарда сұраным мен ұсынымды сәйкестілікке келтіретін ерекше экономикалық функция. Ал «кәсіпкер» деп ол өндіріс құрал-жабдықтарын белгілі бір бағамен сатып алып, солардың көмегімен тауарлар өндіріп, оларды өзіне әзірше белгісіз бағамен сатып, табыс табуға дәмеленетін тұлғаны түсінді. Мұндай анықтамадан «кәсіпкерлік», және «кәсіпкер» ұғымдарын «коммерция», «бизнес» және «коммерсант», «бизнесмен» ұғымдарынан ажырату мүмкін емес.

Атақты франциялық экономист Жан -Батист Сэй алғашқылардың біріболып кәсіпкерлікті көп функционалды қызмет деп сипаттады. Ол кәсіпкерді қоғамдық өндірістің негізгі тұлғасы деп есептеді, Жан -Батис Сэйдің пікірі бойынша кәсіпкерлік жағдайында кәсіпкер тәуекелге барып, өзінің қаражаттарын жұмсап, өндіріспен немесе басқа шаруашылық қызыметпен шұғылданып, пайда табуға ұмтылыс жасап отырады. Кәсіпкерлік жағдайда, - дейді Жан -Батист Сэй, -өндірісті басқару әрекеті творчествалық сипатқа ие болады.

Классикалық саяси экономияның ірге тасын қалаушы А. Смит (кәсіпкелік қызметті Жан -Батист Сэйге қарағанда тар мағынада түсінеді. Ол кәсіпкер деп «қожайынды», меншік иесін түсінді. А Смиттің ойы бойынша кәсіпкер белгілі бір идеяны жүзеге асыру немесе пайда табу мақсатында экономиялық тәуекелге ие болады. Қожайын ретінде ол өзі жоспарлап, өндірісті өзі жоспарлап, басқарады, оның нәтижелеріне өзі қожалық жасайды. Бірақ, кәсіпкерліктің мәнін қате түсінгеніне қарамастан, А Смит өзінің «Халықтардың байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» деген еңбегінде қазірге дейін өзінің құндылығын жоғалтпаған өте дұрыс ой қалдырған. Әрбір индивидум әрқашан қолындаға сүйікті капиталын ең пайдалы орналастырудың жолдарына күш салады. Осы өнімдерді өндіруден ең күп құн алуға ұмтылып, ол өзінің жеке мақсатын қуалайды, және осы кезде, басқа көптеген жағдайлардағы сияқты, оны көрінбейтін қол оның ойындағымен еш қатынасы жоқ нәтижеге жетелеп алып келеді». Осы түсінуге қиын күрделі тілмен айтылғандардың қарапайым тілге аудармасва төмендегідей . Кәсіпкер-эгойст адам. Ол әрқашан өзінің мүддесін, жеке басының пайдасын қуалайтын адам. Кәсіпкер жеке мүддесін қуалай отырып, әдетте саналы әрекет жасағанға қарағанда, қоғамдық мүддеге тиімді қызмет атқарады. Ол пайда табу үшін кез-келген өнімді немесе қызметті өндіре алмайды. Тек рынокта сұранымы бар, яғни қоғамға қажеттілерін ғана өндіруге мәжбүр.

Кәсіпкерлік қызметінің өзіндік белгілеріне, біздің ойымызша, төмендегілерді жатқызуға болады:

1. Творчествалық (жасампаздық) жаңашылдық;

2. Тынымсыздық пен жоғары деңгейлі инициативалық (белсенділік) ;

3. Тәуекелге тұрақты бейімділік, яғни әрқашан және кез-келген жағдайда тәуекелге батыл бару;

4. Әрқашан белгісіз жағдайда, белгісіз рынокта әрекет жасау, белгісіз жолдармен жүру;

5. Экономикалық себептермен психологиялық себептердің басымдылығы;

6. Үнемі қол жеткен жетістіктерге қанағат тұтпау;

7. Биік мақсаттарға ұмтылыс жасау тұрақтылығы;

8. Болашаққа тұрақты нысандалулығы.

Кез-келген жағдайда адамдар кәсіпкерлікпен шұғылдана бермейді. Олар белгелі бір әлеуметтік -экономикалық орталар қалыптасқанда ғана адамдар еш нәрседен күддіктенбей кәсіпкерлікпен шұғылдана бастайды.

Кәсіпкерлікке қажетті орталарға келесілер жатады:

1) саяси ахуал және әлеуметтік орта;

2) экономикалық орта бүкіл экономиканың ақуалын сипаттайды . Кәсіпкер әрқашан жалпы экономикалық ақуалға байланысты белгілі бір қадамдар жасап, әрекет жасайды. Демек, экономикалық ортаны кәсіпкерлікке әсер ететін факторлардың жиынтығы деп түсіну керек. Ондай факторлардың қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

- Экономиканың демократияландыру дәрежесі;

- Монополиялық құрылымдар тарапынан елеулі кедергілердің болмауы;

- Экономикалық циклдың фазасы;

- Жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі;

- Жетілген немесе жетілмеген салық жүйесі;

- Сыртқы сауданың акуалы;

- Ұлттық валютаның курсы;

- Ұлттық рыноктың сиымдылығы;

3) мәдени орта;

4) құқықтық орта;

5) технологиялық орта;

6) демографиялық орта

7) ұйымдастырушы және басқарушы инфрақұрлым және институционалды орта.

8) Табиғи-климаттық және географиялық орта.

Шағын кәсіпкерлік - нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен толуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының көрсеткіші есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады.

Шағын бизнес - коммерциялық айналымы мен жұмысшыларының саны шағын болатын тәуелсіз бизнес - кәсіпорын.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағын бизнестің субъектісі - заңды тұлғалар және кәсіперлікпен айналысатын заңды тұлғаар болып табылмайтын жеке тұлғалар. Шағын әсіпорынның орташа жылдық жұмысшылар саны 100 адамнан аспауы керек, ал актив құны 60 мың ретті есептік көрсеткіш.

Шағын бизнес - жұмысшылар санының шектеулілігімен және өндіретін өнім мөлшерінің шағын көлемімен сипатталатын кәсіпорын.

Шағын және орта бизнес - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасатын, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық секторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен басқару процесіне жеке қатысуын талап ететін, өзін - өзі ұйымдастыру және өзін - өзі жаңарту болып табылады.

Шағын және орта бизнес - экономикадағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың неғұрлым тиімді әрі икемді түрі. Шағын кәсіпорындар өзгермелі нарық коньюктурасының «өзгеруіне» қарай жылдам бейімделе алады. Қазасқтандағы шағын кәсіпорындар меншік түріне қарай мемлекеттік, жекеменшік және аралас болып үшке бөлінеді. Жеке меншік кәсіпорындар барлық шағын кәсіпкерлік пен бизнес нысандарының шамамен 80 пайызын құрайды. Расында, елімізде экономиканың әр түрлі салаларын қамтыған көптеген шағын бизнес кешендерін құру арқылы ғана толыққанды нарық қалыптастыруға болады. Өйткені, нақ сол кәсіпорындар ішкі нарықты тұтыну тауарларымен толықтыра алады.

Қазақстанның танымал экономист- ғалымдары шағын кәсіпкерлік пен бизнестің мәселелерін терең қарастырғанда, оның экономикадағы маңызын белгілеп берді, олар:

- тұтынушылық тауарлар мен қызметтер түрлерін көбейту және өндіріс көлемін ұлғайту;

- халыққа қажет тауарлар мен қызметтердің өндірісін шұғыл ұйымдастыру;

- экономиканың мемлекеттік секторының тиімсіз өндірісін (аз шығарылатын өнім түрі) қолға алып, өнім шығару және осының есебінен ірі кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру;

- қосымша әрі көмекші өндірісті жандандыру;

- нарық сұранысына ыңғайлы және шұғыл жұмыс істейтін өнім түрлерін шығару арқылы қоғамдық өндірістің көлемін ұлғайтып, халықтың әл- ауқатының артуына ықпал ету;

- жаппай жұмыссыздықты ауыздықтауға көмектесу;

- экономикадағы бәсекелестікті дамыту және т. б.

Сонымен қатар, менің ойымша, шағын кәсіпкерлік пен бизнесті Қазақстанда дамытудың бірден - бір жолы - бұл салааралық құрылымды жетілдіруде олардың арасындағы сапалы үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыру, шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамыту көрсеткіштерін қалыптастыру, көп деңгейлі шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамытуды жеделдету шараларын жүргізу. Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдауда кешендік көзқарастың қажеттілігі ұзақ мерзімдік тұрақтылықтың кепілі бола алады. Әрбір кәсіпкердің іс- әрекеті мен жағдайы әрқалай болғанымен, мемлекеттік қолдау мен реттеуде әлеуметтік әділеттілік принципі орнығуы тиіс. Шағын кәсіпкерлік пен бизнестің өзінің дамуына байланысты алғышарттар мен мүмкіндіктерге қарай ырғақты дами отырып, әрдайым мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж.

Концептуалдық- бағдарламалық топ шағын бизнесті қолдаудың мақсаттарын, әдістерін, принциптерін, тұжырымдамалары мен бағдарламаларын қамтиды.

Ұйымдық- ресурстық топ шағын кәсіпкерлікті қолдаудың арнайы мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бірлестіктерін, сондай- ақ тиісті ресурстармен және мамандармен қамтамасыз етілген инфрақұрылым нысандарын біріктіреді.

Функционалдық топ шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізгі бағыттарын қарастырады. Басқаша айқанда, бұл дегеніміз:

- шағын кәсіпкерлік пен бизнестің сыртқы ортасының факторларын басқару;

- жекелеген шағын кәсіпорындарды тікелей қолдау;

- қолдау жүйесінің ұйымдастырылуы мен жетілдірілуі.

Тұрақты экономикалық даму мен халықтың қалыпты өмірлік қамтамасыз ету деңгейіне жетудің маңызды стратегиялық факторларының бірі Қазақстанның экономикалық кеңістігінде, барлық өндіріс салаларында, әр кәсіпорын мен оның ұйымдарында заманға сай мәдениетті кәсіпкерлікті қалыптастыру болып табылады.

Кәсіпкерлік терең экономикалық дағдарыстан шығып, тұрақты экономикалық дамуға және әлемдік шаруашылыққа әлемдік рыноктік қарым - қатынастар орнатқан субъект ретінде кіруге мүмкіндік беретін негізгі факторлардың бірі болатын нақты стратегиялық ресурс болды, ол үшін кәсіпкерліктің мазмұны мен экономикалық мәнін дұрыс түсіну қажет.

Реформалар мен «қайта жандандыру» кезеңінде Қазақстан экономикасын трансформациялау шарттарында шағын бизнес жаңа жергілікті және аймақтық экономиканы құруда белгілі бір деңгейде елеулі жүйе қалыптастырушы роль атқарды десек болады: нақты қалыптасқан шағын бизнесті территориалды мамандандыру «үлкен» экономиканы толықтыруға және аудандар мен қалалардың және облыстар шаруашылығының толық жүйелі құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Шағын кәсіпорындар және толығымен шағын бизнес аймақтық және жергілікті қажеттіліктерге бағытталған экономикалық қызметтің негізінен орын алды. Ол кеңес әуірінде ірі өндірістің экономикалық және әлеуметтік көлеңкесінде болған тауарлар мен қызметтер өндіруде өзін неғұрлым еркін сезінеді. Қазақстан аймақтарында шағын бизнестің 80 пайыздан астамы ішкіаймақтық рынокқа бағытталған. Аймақтық бөлінуде неғұрлым белсенді кәсіпорындар саны Алматы қаласына (29, 3%), Астана қаласына (8, 3%), сонымен қатар Шығыс- қазақстан облысы (8, 2%), Оңтүстік - Қазақстан облысы (7, 4%) және Алматы (6, 6%) облыстарына келеді.

Әлі де Қазақстан аймақтары мен облыстарында тіркелген шағын кәсіпорындар саны біркелкілігі сақталмай келеді.

Шағын кәсіпорындарды азаматтар, мемелекеттік, ұжымдар, біріккен кәсіпоындар, шаруашылық ассоциациялары, мемлекеттік органдар құрады. Шағын кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлға статусына ие болады. Кәсіпорын шаруашылық қызметін жүргізуде, шығарған өнімге, міндетті төлемдерді төленгеннен кейінгі қалған пайдаға тәуелсіз иелік етеді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты халықтың әлеуметтік тұрмыс - жағдайын көтеру проблемасын шешуге бағытталған.

Қазақстанда шағын кәсіпоындар Одағы жұмыс істейді. Бұл орган шағын кәсіпкерлікті қорғау, қолдау қызметін атқарады, олардың қызметін жүйелейді.

Ол мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

- Қазақстанда шағын кәсіпорындарды қолдау қорын құру;

- жеңілдік жағдаймен несиелеу;

- шағын кәсіпкерлікті қаржыландыратын инвесторларға төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдану;

- шағын кәсіпорындарды несиелеу және сақтандыру бойынша кепілдіктер беру;

- шағын кәсіпорындар мемлекеттік тұрақты бағалар мен тарифтерді қолданған кезде, олардың орнын толтыру үшін қаржыландыру;

- шағын кәсіпорындарға сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға көмек көрсету.

Кәсіпкерлікті қолдаудың, дамытудың жоғарыда аталған бағыттардан басқа шағын кәсіпкерлікке көмек көрсетуге арналған аймақтық құрылымдар құрылған. Ол құрылымдарға кәсіпкерлікті қолдаудың территориялық орталықтары мен инновациялық орталықтарды жатқызуға болады.

Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау мәселелеріне айрықша көңіл бөлуде. Оның «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы құқықтық және қаржы - материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер - жерде азаматтарды шағын бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секоры ретінде қарастырып отыр. Алайда, қабылданған шаралардың іс жүзінде нақты жүзеге асуы жеткіліксіз болып отыр. Шағын бизнеске қолдау көрсетуге бөлінетін қаржы мардымсыз болып тұр. Шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың ықтимал көздерін іздестіру жұмысының жолға қойылуы да қанағаттанғысыз. Екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпорындарға бірінші кезекте неисе беру тәртібі баяу енгізілуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуы (Жамбыл облысы бойынша)
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы кіші бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық - несиелік қолдау механизмін талдау
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің даму жағдайы
Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ-ның кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу механизмдерін жетілдірудің негізгі бағыттары
Микрокредиттік ұйымдардың несие нарығындағы рөлі
Қазақстан Республикасының аймақтарындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі даму жағдайы
Коммерциялық банктердің сыртқыэкономикалық қызметтері
Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні және несиелеу негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz