Қазақстан Республикасының салық жүйесі



Жоспар:

Кіріспе

І. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ролі
1.1. Қазақстан Республиксының салық жүйесінің нарық қатынастарының даму кезеңіндегі функциялары мен принциптері

ІІ. Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасының салық жүйесі

Қорытыныды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғамдық іс әрекеттң негізгі институттарын тәжірибелі реформасымен мінезделеді. Мемлекеттік бюджеттің табыстық бағасының құрылу механизмі және негізі қатты өзгерген.
Салық мағынасы қазіргі заманда оның фискалдық функцияларымен ғана шектелмейді. Мемлекеттің тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуына деген талап мемлекеттік реттеудің әр түрлі формаларымен әдістерін қолданудағы көзқарастарды түбімен жаңадан бағалауды, сонымен қатар мемлекеттің қолындағы әмбебап құралы ретіндегі салық механизімін қайта қарауды талап етті.
Қазақстан Республикасындағы реформалаудың жалғасы қаржылық және салықтық-бюджеттік мемлекеттік жүйесінің әрі қарай дамуымен байланысты.
Салық жүйесі дамуымен өзгеруінің дербес стадияларында жатыр. Қазақстанның салық жүйесі өзінің даму тенденциясын зерттеу барысында сувериненттің бірінші жылдарында оның фискалдық мінездемесін жоғары екендігіне және оның дамытушы құрамдарының төмен екендігі жайлы қорытынды жасауға болады.
Қаржының тепе-теңдік пен инфляцияға қарсы шараларға негізделген салық жүйесі Қазақстан экономикасының дамуының жаңа талаптарын шеше алмайтындығын көрсетті.
Ұлттық салық жүйесінің әрі қарай реформалау нәтижесінде және салық кодексінің қабылдануы салық басқарушылығы жақсарды және салықтың негізгі топтарының іс-әрекет механизмі жеткілкті шешілген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» – Алматы: Юрист –2005жыл;
2. «Жалпы мемлекеттік салықтар» Б.Ж.Ермекбаева Алматы-1997жыл, Экономика баспасы
3. «Налоги и налогооблажение в Казахстане» Э.К.Идрисова. Алматы-2005жыл;
4. «Қаржы» Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев С. Алматы – 2005жыл;
5. «Финансы» Мельников В.Д., Ильясов К.К. Алматы – 2001г
6. «Налоги и нологооблажение» Сейдахметова;
7. «Налоги» Д.Г.Черника. Мосва – 2000г
8. Теория налогов Соколов Финиздат.
9. www.pavlodar.com
10. www.minfin.kz
11. Қаржы қаражат 12/1998 22-24б;
12. Қаржы қаражат 1/2001 50-52б;
13. Қаржы қаражат 4/2001 32-36;
14. Қаржы қаражат 5/2001 28-29б.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының салық жүйесі

Жоспар:

Кіріспе

І. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ролі
1. Қазақстан Республиксының салық жүйесінің нарық қатынастарының
даму кезеңіндегі функциялары мен принциптері

ІІ. Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасының салық жүйесі

Қорытыныды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғамдық іс әрекеттң негізгі
институттарын тәжірибелі реформасымен мінезделеді. Мемлекеттік
бюджеттің табыстық бағасының құрылу механизмі және негізі қатты
өзгерген.
Салық мағынасы қазіргі заманда оның фискалдық функцияларымен
ғана шектелмейді. Мемлекеттің тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуына
деген талап мемлекеттік реттеудің әр түрлі формаларымен әдістерін
қолданудағы көзқарастарды түбімен жаңадан бағалауды, сонымен қатар
мемлекеттің қолындағы әмбебап құралы ретіндегі салық механизімін
қайта қарауды талап етті.
Қазақстан Республикасындағы реформалаудың жалғасы қаржылық және
салықтық-бюджеттік мемлекеттік жүйесінің әрі қарай дамуымен
байланысты.
Салық жүйесі дамуымен өзгеруінің дербес стадияларында жатыр.
Қазақстанның салық жүйесі өзінің даму тенденциясын зерттеу барысында
сувериненттің бірінші жылдарында оның фискалдық мінездемесін жоғары
екендігіне және оның дамытушы құрамдарының төмен екендігі жайлы
қорытынды жасауға болады.
Қаржының тепе-теңдік пен инфляцияға қарсы шараларға негізделген
салық жүйесі Қазақстан экономикасының дамуының жаңа талаптарын шеше
алмайтындығын көрсетті.
Ұлттық салық жүйесінің әрі қарай реформалау нәтижесінде және
салық кодексінің қабылдануы салық басқарушылығы жақсарды және
салықтың негізгі топтарының іс-әрекет механизмі жеткілкті шешілген.

І Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ролі

1.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің нарық қатынасының
даму кезеңіндегі функциялары мен принциптері

Салық жүйесі функцияларының әлеуметтік-экономикалық сұрағы
орталықтандырылған мағынаданада, яғни салық қызметінің іс-әрекетін
мәні толық ашады.
Функция сөзі қандай мағына береді? “функция” сөзі латын сөзінен
шыққан, яғни қызмет, орындау, жөнелту, жүзеге асыру деген мағына
береді. Бұл жерле функция сөзі “қызмет, міндеттілік деген мағына да
қолданылады.
Х.К.Махашов өзінің зерттеуі барысында ол: “дүние жүзіндегі салық
жүйесінің тәжірибесі бойынша, кәзір кем деген де 6 функцияны бөліп
көрсетуге болады. Олар фискальды, қайта бөлу, ынталандырушылық,
есептік, бақылаушылық және реттеуші.
Фискалды функция. Бұл функция арқылы мемлекетті қаржымен
қамтамасыз етіледі. Бұл функция салықтың басты функциясы, барлық
мемлекетке тән функция.
Қайта бөлу. Түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекттің
қарамағына кіреді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ішкі
өнімге салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады.
Ынталандырушылық функция. Бұл функция салық жеңілдіктері, қаржылық
материалдық ресурстар және т.б. арқылы жүзеге асады. Басқарушылық
функция арқылы салық жүйесі ғылыми техникалық прогрестің және
кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық дамуы жедел дамиды.
Есептік функция. Бұл функцияның мәні мынау арқылы жүзеге асады,
яғни салық ұлттық таыбстың бір бөлігі. Жанама салықтар салық
жүйесінің есептік функциясын міндетті түрде орындайды.
Бақылаушылық функция. Есептік функциямен тығыз байланысты, тек
қана оны толықтырады.
Реттеуші функция. Мемлекетің экономикалық қызметінің ұлғаюымен
байланысты пайда болады. Ол ұлттық шарашылықтың дамуымен қабылданатын
бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді.

ІІ. Қазақстан Республикасының салық жүйесі

“Салық” ұғымымен “салық жүйесі” ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте
алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен
әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік
салық жүйесін құрайда.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе
экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң
мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті.
Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы
тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға
және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан
егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар
заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
Еліміздің салық жүйесін дамуы 4 кезеңін бөліп қарастыруға
болады.
1. 1992-1995 жылдар. Жаңа салық жүйесінің құрылуы. Салық кезеңінің
өңделуі іске қосылуы;
2. 1996-1998 жылдары. Нарықтық экономика талаптарына сай келетін
салық жүйесінің құрылуын аяқтау;
3. 1998-2001 жылдар. Барлық қағидаттардың ескерілуі арқылы салық
жүйесіне өзгерістермен толықтырулар енгізу;
4. 2002 жыл. Жаңа салық кодексі қаралып іске қосылды.
1991 жылғы желтоқсанның 25-нен бастап біздің елімізде тұнғыш
салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол “Қазақстан Республикасындағы
салық жүйесі туралы заңға негізделген. Бұл заң салық жүйесін
құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың
бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға
сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы
мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық
реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдмасын қабылдап, онда елімізідің
салық жүйесі мен салық зңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу
қағидатарына сәйкестендіру көзделген. Осыған байланысты “Салық салу
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” 1995 жылға
сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар
жарлығы шықты. Енді бұрыңғы 42 салықтар мен алымдар едәуір
қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі
заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің
16-сындағы №440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт
аралығында Перзидент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының
заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің,
салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің
әжептеуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
ҚР-да салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлеудің міндеттілігі салық салудың әділеттілігі, салық
жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне
негізделеді.
Міндеттілік принципі салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық
міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

Айқындылығы принципі. ҚР салықтары және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық
төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындауының, тоқтатылуының
барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарына белгілеу мүмкіндігін
білдіреді.
Әділеттілігі принципі. ҚР-ң салық салу жалпыға бірдей және міндетті
болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдітерін беруге тыйым салынады.
Біртұтастығы принципі. ҚР-ң салық жүйесінде республиканың бүкіл
аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.
Жариялылығы принципі. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік
құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.

Салық есебінің екі әдісі қолданылады:
1. кассалық;
2. есептеу әдісі.
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау,
қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және сол бойынша
жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мн шегерімдер ақы төлеудің
уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды
өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап
есепке алынады. Бұл әдіс салық қызметі үшін қолайлылырақ және оны
Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылдаған. Төлеушілер үшін
оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында
төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын
оқшауландыруға ұрындырады.
Шаруашылық жүргізу нәтижесінде салық қатынасының көріну нысандары болып
нақты салық түрі табылады. Салықтың әрбір түрі салықтың элементі деп
аталатын міндетті компоненттерден тұрады. Салық элементі бұл мемлекеттің
заң актілерімен анықталатын салықтың құрылу принциптерімен салық салуды
ұйымдастыру.
Салық салу элементтері мыналар: субъект, объект, салық салынушы, салық
базасы, салық салу өлшем бірлігі, салық ставкасы, салық жеңілдіктері, салық
есептеу тәртібі, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен
салық қызметі органның құқықтары мен міндеттері, салық жазалау шаралары.
Салық төлеуші дегеніміз – заң бойынша салықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының салық жүйесі: қалыптасуы және даму кезеңдері
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық реформалары
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы
Мүлікке салынатын салық. Қосылған қүнға салынатын салық
Салық салудың міндеттілігі принципі
Салық жүйесінің мәні мен мазмұны. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Салықтар мен салық жүйесі туралы түсінік
Қазақстан Республикасының салық жүйесін зерттеу
Салықтар, салық салу және мемлекеттің салық жүйесі жайында
Пәндер