Қаржы рыногінің қалыптасуы: ахуалы,мүмкіндіктері, жағдайлары


ТАҚЫРЫП:
Қаржы рыногінің қалыптасуы: ахуалы, мүмкіндіктері, жағдайлары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І тарау. ҚАРЖЫ РЫНОГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Қаржы рыногінің қалыптасуы, қызметі, қажетті элементтері
1. 2 Қаржы рыногінің құрылымы
1. 3 Ресейдің қаржы рыногі
ІІ тарау. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАРЖЫ РЫНОГІНІҢ АХУАЛЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2. 1 Қазақстанның қаржы рыногінің құрылымы
2. 2 Бағалы қағаздар рыногінің көрсеткіштерін талдау
2. 3 Қазақстанның депозиттер мен несие рыногін бағалау
ІІІ тарау. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГІН ЖЕТІЛДІРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
3
5
5
7
12
17
17
19
21
24
27
29
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қаржы рыногі басыңқы салаларды инвестициялау үшін уақытша басы бос қаражаттың шоғырлануын қамтамасыз етеді. Қаржы рыногі экономикада өз жұмыстарын жақсы біледі, қаржы рыногінің қалыптасуы мен дамуын талдау арқылы оның негізгі кезеңдерін анықтау керек.
Қаржы рыногін экономикада қор рыногі деп те атайды. Қазақстанда қор рыногінің инфрақұрылымы қалыптасқан деп айтуға болатындығына қарамастан алайда оның өтімділігі де тиімсіз пайдаланылуда. Әрі отандық, әрі шетелдік инвесторлардың қор нарығына мүдделігін күшейту үшін тетіктер мен шарттар қажет. Оның одан әрі дамуына жаңа қаржы құралдарын, қор биржаларының қосымша бөлімшелерін енгізу, инвесторлар үшін жеңілдікті шарттар жасауға мүмкіндік береді.
Қаржы рыногіндағы жоспарды үдемелі енгізу қор рыногі сегменттерінің: отандық қаржы нарықтары анықтайтын ішкі және сыртқы ТМД елдерінің қаржы институттары басым болатын сыртқы да кеңеюіне әкеледі. Қазақстанның қор рыногінің әлеуеті айтарлықтай зор, әсіресе егер мұнда бүгінгі күні жалпы ішкі өнімге акция рыногін капиталдандыруды ескерсек, Еуроодақ елдеріне қарағанда 20 есе төмен, ал борыш бойынша 45 есе төмен.
Қаржы рыногі - құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, несие, валюта, сақтық және тағы басқа капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы рыногінің ең үлкен қорларын иемденуде.
Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы рыногінің қоры мол, өзінің өркендеуіне байланысты жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы рыногі біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма қол ақша нарығы, несие капиталының рыногі және бағалы қағаздар нарығы.
Қаржы нарығы - өте күрделі жүйе, онда ақша және басқа қаржы активтері нақты тауарлар айналымнан тәуелсіз жеке дербес айналымда. Бұл нарық әр түрлі қаржы құралдарын пайдаланады, онда арнайы қаржы институттар қызмет көрсетеді, инфрақұрылымы әр түрлі және тармақталған. Қазақстандық экономикалық әдебиетте қаржы нарығы әр нысандағы ақша капиталы мен құнды қағаздардың қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар ретінде көрінеді.
Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдардың мемлекеттік реттеуі мен қадағалауы» Заңының (2007 ж. шілде) 1 бабына сәйкес қаржы нарығы: «қаржылық қызмет көрсету және тұтынуымен, сонымен бірге қаржы құралдарын шығаруы және айналысымен байланысты қатынастар жиынтығы».
Қаржы нарығының маңызы уақытша пайдаланбайтын капиталды жұмылдыруын және елдің экономикалық дамуын қамтамасыз етуде тұрады. Әкімшілік-әміршілдік экономикаға тән «тік» әдістің орнына қаржы нарығының қызметі қорларды «көлденең» әдіспен қайта бөлуге мүмкіндік береді. Көлденең қозғалыста шаруа қожалығы бар субъектілердің арасында қаржы қорларын өтеусіз қайта бөлу түріндегі тура байланыстар әрекет етеді. Қаржыны шұғыл түрде ең қажет ететін аялар мен объектілерге аударудың нәтижесінде кәсіпорындар мен салалардың қаржылық жағдайы, тұтастай алғанда экономика тұрақтандырылады. Сонымен, қаржы нарығы келесі себептер бойынша экономикада басты рөл атқарады:
1) оның арқасында ақша қаражаттарын өндіріске салып, елдің өндіріс қуатын нығайту, қор әлеуетін жинақтау;
2) қаржы нарығының көмегімен инвесторларға ең көп пайда әкелетін кәсіпорындар мен салалардың дамуы жеңілдетіледі;
3) қаржы нарықтарында іске асырылатын капиталдардың құйылуы ғылыми-техникалық прогрестің (өрлеудің) шапшаңдатуына жағдай жасайды. Қаржы нарығы қаржы қорларының тез қозғалысы мен нәтижелі пайдалануын қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының қаржы рыногінің жағдайы мен танысып және оны басқаруды жетілдірудің алуан түрлі бағыттарын меңгеру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- қаржы рыногінің жағдайын экономикалық тұрғыдан бағалау,
- қаржы рыногінің басымдылықтарын айқындау;
- берілген мәліметтерді кең пайдалана отырып, теориялық тұрғыдан реттеу;
Курстық жұмысының теоретикалық-әдістемелік негізі ретінде аталған мәселе бойынша отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, бұқаралық ақпарат құралдарында басып шығарылған мәліметтер мен статитстикалық көрсеткіштер қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. ҚАРЖЫ РЫНОГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Қаржы рыногінің қалыптасуы, қызметі, қажетті элементтері
Қаржы нарығы-құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, несие, валюта, сақтық және тағы басқа капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы рыногінің ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы рыногінің қоры мол, өзінің өркендеуіне байланысты жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы рыногі біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма қол ақша нарығы, несие капиталының рыногі және бағалы қағаздар нарығы.
Қаржы рыногінің ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санат ретінде қарастыратын дүниежүзілік практикаға байланысты.
Қаржы рыногінің айырмашылығы ақша рыногі төлем қаражаттарының рыногі болып табылады, ол қолма-қол ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қол емес төлем қаражаттарының оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.
Қаржы рыногінің негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер рыногі болып табылады. Қаржы рыногін кейде қор рыногі деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.
Қаржы рыногі қызмет жағынан алғанда кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.
Қаржы рыногінің ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржының ақшаға тең категория ретінде қарастыратын дүниежүзілік айырмашылығы төлем қаражаттарының рыногі болып табылады, ол қолма-қол ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қолсыз төлем қаражаттарын, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.
Несие рыногі банктердің орташа және ұзақ мерзімді ссудалары жөніндегі банкінің несие операцияларына байланысты: бұған коммерциялық несие де жатады.
Қарыз несие түрінде мынадай негізгі қағидаларға сүйенеді:
- Қарыз несие түрінде белгіленген мерзімге беріледі, ол ақталғаннан кейін белгіленген несие жүйесіне қайтарылады;
- кәсіпорындар мен жеке адамдар несиені қандай мақсатта алса, сол мақсатқа жұмсалуы керек.
- кәсіпорындар мен жеке адамдар қарызды алып пайдаланғаны үшін қарыз алған банкіге немесе қарыз алған мекемеге белгіленген мөлшерде пайыз төлейді.
Банкте беретін несие қысқа, ұзақ, орта мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді несие әдетте бір жылға дейін негізінен айналым құралдарын жасауға беріледі.
Орта мерзімді несие 2- жылға жаңа құрылысқа, өндірісті техникалық қайта жабдықтандыруға жаңартуға беріледі.
10 және одан да көп жылға ұзақ мерзімді несие беріледі. Ол кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға беріледі.
Несиенің әртүрлі формалары бар: банктік, коммерциялық, тұтыну халықаралық т. б.
Банк несиесінде банк клиентінің векселін есепке ала отырып, оған осы векселінің құны орналасатын есеп айыру шотын ашады.
Коммерциялық несие кәсіпорындардың мұқтаждықтарына беріледі.
Тұтыну несиесі-бұл тұтынушылардың тауралар мен қызметтерді кейінге қалдырып, төлеу үшін пайдаланылатын несие түрі.
Халықаралық несие бұл шетелдерге берілетін немесе олардан қарызға алынатын сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет жасайтын несие түрі.
Чектік несиеде банк клиентке төлем жасауға қажетті соманы қарызға алуға мүмкіндік беретін чек жазып береді, борыш белгіленген уақытта қайтарылуы қажет.
Несие өзінің қызметтерін банктер арқылы атқарады. Саяси экономикалық тұрғыдан алғанда банктер кәсіпорындардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың бос ақша құралдарын тартатын және жинақтайтын несие-қаржы мекемесі. Әлемдік банк тәжірибесінде көрсетіліп отырғандай, банк жүйесіне орталық банк, банктердің басқа да ұйымдық формалары мен мамандандырылған мекемелері, коммерциялық жинақ және инвестициялық банктердің үлкен тобы, ал бірқатар елдерде ипотекалық банктер кіреді. Осы мекемелер өздеріне тән қызмет атқарады.
Қаржы рыногі негізінен, ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер рыногі болып табылады, олар қаражатты ұзақ мерзімге немесе мерзімсіз жұмсалғанын немесе берілгенін яғни негізгі қорлар қозғалысына қызмет ететінін айғақтайды. Қаржы рыногін сондықтан да қор рыногі деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді. Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы-кәсіпорындардың, банкілердің мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.
Нарықтардың барлық тұрпаттарының өзара байланысты қаржы рыногі болуының шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады:
- реттелген тауар рыногінің болуы, яғни тауарлар мен қызметтердің кез-келген түрлері мен айналымы бойынша сұранымы мен ұсынысының тепе-теңдігі;
- Ұлттық банкі тарапынан ақша айналысын дұрыс реттеу; бұған қолма-қол ғана емес, сондай-ақ қолма-қолсыз айналым эмиссиясына бақылау жасау жатады;
- Несие рыногін жандандыру толық оны коммерцияландыру, яғни несие ресурстарын еркін нарыққа орналастыру, несие ресурстарының қозғалысын Ұлттық банкі проценттің есептік ставкасын коммерциялық банкілердің, міндетті резерв нормасын белгілеу, ашық ақша нарығында операциялар жүргізу арқылы реттеледі.
Мыналар қаржы рыногі қызметінің алғышарттары болып табылады:
- Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлектетік сектордың материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық буындарына неғұрлым кең дербестік беру;
- Қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің ролін қысқарту; өндірістік күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту; кәсіпорындар арасында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою;
- Шаруашылық субьектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын ақшалай табыстарының өсуі;
- бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін ссуда қорын пайдалануды доғару; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.
Қаржы рыногінің маңызы бос ақша қаражаттарын алып, оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етуімен ғана қоймайды. Оның қызметі ресурстарды қайта бөлу түрінде кәсіпорындар арасында тіке байланыс орнайды. Мұның өзі кәсіпорындардың, салалардың, тұтас халық шаруашылығының қаржы жағдайын қаржыны неғұрлым маңызды обьектілер мен салаларға аудару арқылы жақсартады. Қаржы рыногі инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, керісінше, бағалы қағаздар шығарады, олар нарықта еркін жүреді және олардың бағасы сұраным мен қамтамасыз етумен айқындалады. Экономикалық реформа процесі барысында қор рыногінің қалыптасып, жұмыс істеуі экономика дағдарысынан және онымен қабаттасқан инфляцияда болған қиындықтарға кезігуде. Инфляция елеулі әсер ететіндіктен, бағалы қағаздар қысқа мерзімді әрі құны түспейтін болуы тиіс. Баға ұдайы өсіп отыратындықтан, инвесторлар ұзақ мерзімге қаржы салмайды. Инфляция жағдайында ұзақ мерзім инвестициялар тауарға валютаға, тапжылмас мүлікке салынады. Қаржы рыногі халықтың тұрмыс деңгейін төмен болғандықтан дамымайды. Кәсіпорындардың төлем қабілеті нашарлығы сеебпті оларға бағалы қағаз салу тиімсіз. Қаражаттың жетіспеуі қысқа мерзімді несиелер мен депозиттердің проценттік ставкаларының өсуіне жеткізеді. Нәтижесінде бағалы қағаздар банкілердің ақша-несие операцияларымен бәсекелесе алмайды [1. 32] .
1. 2 Қаржы рыногінің құрылымы
Капиталды және басқа халықаралық, аймақтық және жергілікті қаржының қаржы нарықтарымен ұлттық және халықаралық операцияларды қолдау үшін мынандай орталық элементтердің белгілі бір жиындарына ие болуы керек. Біріншіден, қаржы нарықтарының айқын қызмет етуін қамтамасыз ететін тұрақты қаржы жүйелері мен институттарынан тұрады.
Кредит берушілер мен қарыз алушылардан шығын, тәуекелділік, табыс, өтемпаздық және бақылау мерзімдері көзқарастарынан варианттардың алуан түрлілігін тудыратын, қаржы құралдарының икемді жиыны талап етіледі.
Шетел капиталына арна жүргізу қабілеті маңызды, яғни барлық халықаралық операицяларды жүргізу тәсілдерін, құқықтық қамтамасыз етуді меңгерген, жақсы даярланған, кәсіпқой штат керек, оған сонда халықаралық қарызға алушылар мен инвесторлар сенетін болады.
Халықаралық қаржы орталығының міндеттері әртүрлі валюта секторлары арасындағы күшті байланыстары бар біріктірілген нарық жүйесі ретінде қарастырылады. Бұл байланыстар банкілер мен басқа да қатысушылардың ақша қаражаттарын айырбастау операциялары арқылы бір валюталық сектордан басқасына ауыстыру қабілетінен көрінеді.
Қаржы рыногінің элементтері дүниежүзілік қаржы жүйесін құрайды, ол бірқатар негізгі операцияларды орындайды:
- өзара байланысқан ақша нарықтарында активтермен сауданы ірі банктермен орталықтандыру, дилингілік операциялар халықаралық ақша рыногі активтерінің әртүрлерімен сауда жасау арқылы біртұтас қосылады;
- делдал банктерге қаражаттың төрелік ағындарының бір секторынан басқа секторға өтуіне мүмкіндік жасайды;
- халықаралық ақша рыногінің нақтырақ бағасы бойынша операцияларына қатынасатын қарыз алушылар мен кредит берушілер үшін үлкен икемділік және еркіндік жасайды.
Қаржы рыногінің дамуы оған жаңа қатысушылардың пайда болуы және қаржы құралдарының нысандары мен түрлерінің көбеюі капиталдың жылыстау жолдарын реттеудің икемдірек тетігін жасауды, нормалар тізбесін кеңейтуді талап етті. Оларды бұзу валюталық заңдарға сәйкес жазалауға апарып соқтырар еді. Шағын кәсіпкерлік саласынан банк және сақтандыру қызметінің субъектілерін айыру аталған ұйымдарға қадағалауды күшейтеді, қаржы жүйесінің тұрақтылығын нығайту мен тұтынушылардың мүддесін қорғау мақсатында олардың қызметіне талаптарды өзгертеді.
Қазақстанның қаржы нарығына халықаралық беделге ие болған шетелдік кәсіпқой қаржы делдалдарын жіберуге мүмкіндік береді:
- нарықтық бәсекелестіктің қажетті деңгейін қолдау;
- қаржы жүйесінің клиенттеріне отандық қаржы институттары талап етпеген қызметтерді көрсету;
- жергілікті қаржы жүйесінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
Мұндай ұстанымды орындау үшін мыналар қажет:
- тіркеу шартын теңестіру жөніндегі мәселені қарастыру, отандық және шетел қаржы институттарының қызметтерін лицензиялау және реттеу;
- уақытша индекстің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу, соған сәйкес шетел банктері өкілдіктерінің елде бір жыл жұмыс істегеннен кейін барып, олардың Қазақстанда өздерінің еншілес банктерін ашуына құқығы болатын;
- республикада жұмыс істеуге отандық қаржы делдалдары меңгермеген қызмет түрлері бойынша шетел қаржы институттарын жұмысқа тарту;
- шетелдің кәсіпқой қаржы делдалдарына банк аралық төлемдер жүйесіне тікелей жол ашу;
Қаржы рыногі өзіне тән инфрақұрылымы және жаңа принципті ақпаратты ағымы бар күрделі экономикалық қатынастар саласы. Сондықтан қаржы рыногін құру үшін бағалы қағаздарды эмиссиялау, қаржы инфрақұрылымын құру және ақпаратпен қамтамасыз етуге байланысты жүйелі мәселелерді зерттеу қажеттілігі пайда болды.
Қаржы рыногі сату-сатып алу обьектісі болып спецификалық тауарлар ақша және бағалы қағаздар болып табылады [2. 10] .
Қаржы нарығының негізгі міндеті ақша қаражаттарының иелерден пайдаланушыларға қозғалыстағы делдалдықта тұрады. Бұдан басқа, қаржы нарығының міндеттеріне келесілерді жатқызуға болады:
- қаржы нарығы әр жерден келген уақытша пайдаланбайтын капиталды жұмылдырады;
- уақытша пайдаланбайтын жинақталған капиталды көптеген түпкі тұтынушылар арасында нәтижелі таратады;
- инвестиция аясында капиталды пайдаланудың ең нәтижелі бағыттарын анықтайды;
- сұраныс пен ұсыныстың ара қатынастарын объективті түрде көрсететін жеке қаржы құралдары мен қызметтердің нарықтық бағаларын қалыптастырады;
- қаржы құралдарын сатушы мен оларды сатып алушылар арасында білікті делдалдықты іске асырады;
- қаржы тәуекелін азайтуға жағдай жасайды;
- капиталдың айналымын шапшаңдатады (тездетеді), яғни экономикалық процестерінің белсенділігін көтереді.
2. Қаржы нарығының құрылымы және оның негізгі бөліктері
Қаржы нарығына ақша нарығы, капиталдар нарығы және құнды қағаздар нарығы кіреді. Ақша нарығында бір жылдан аз уақыты бар қысқа мерзімді қаржы құралдары айналады. Капиталдар нарығында ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады. Құнды қағаздар нарығы ақша нарығының және капиталдар нарығының бөлігі болады, өйткені онда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады.
Ақша нарығына келесі бөліктер кіреді: қолдағы ақша нарығы, қысқа мерзімді қазына міндеттемелер нарығы, қысқа мерзімді сауда міндеттеме қағаздар (вексель) нарығы. Ақша нарығына қарыз алушының ағымдағы қызметін қамтамасыз етуге пайдаланатын қысқа мерзімді несиелерді де жатқызуға болады; өндірісті кеңейтіп, заман талабына сай етіп жетілдіру үшін пайдаланған несиелер капиталдар нарығына жатады, яғни ақша нарығы оның қатысушыларының қысқа мерзімді қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал капиталдар нарығы - олардың ұзақ мерзімді қажеттіліктерін. Капиталдар нарығында ақша қорлары 1 жылдан көп уақытқа тартылады. Осы бөліктегі қаржы құралдарын ұзақ мерзімді және орташа мерзімді несиелер мен орташа мерзімді және ұзақ мерзімді капиталдар мен орташа мерзімді және ұзақ мерзімді сипатты құнды қағаздар - облигациялар мен акциялар. Уақытша пайдаланбайтын қорлардың шоғырлануы және пайда табу үшін олардың бір іске салынуы қаржы нарығында құнды қағаздардың айналысы арқылы жүзеге асырылады. Құнды қағаздар - нарықта дербес айналысы бар, сату-сатып алу және де басқа мәмілелердің объектісі ретінде бола алатын, мүліктік құқықтарды көрсететін ерекше құжаттар. Құнды қағаздар нарығы аясында меншік қатынастары іске асырылып, экономикалық өсудің қаржы көздері қалыптасып, инвестициялық қорлар шоғырланады. Қаржы нарығының бұл бөлігі нарықтың қажеттіліктеріне сәйкес инвестициялық қорлардың қайта бөлуін іске асырып, оларды экономиканың келешегі бар және кірісті, пайдалы салаларына жұмылдыруын (шоғырлануын) қамтамасыз етіп, экономикалық жүйенің барлық субъектілеріне ақша капиталын алуға жеңілдік жасайды.
Қаржы нарығы құрылымының анықтауында басқа да көзқарас орын алады. Ол бойынша қаржы нарығына айналыстағы қолма-қол ақша нарығы, несиелі капитал нарығы (несие нарығы) және қор нарығы кіреді.
Ақша нарығы қолдағы ақшамен бірге аударым арқылы төлеу құралдары кіретін төлеу құралдар нарығы.
Несие нарығы банктердің несие операцияларымен байланысты. Құнды қағаздар нарығы құнды қағаздар қозғалысымен жекеленген экономикалық қатынастарын көрсетеді.
Кеңейтілген түсінік бойынша, қаржы нарығына сақтандыру нарығы, несие нарығы, ақша нарығы, құнды қағаздар нарығы, валюталық нарық, зейнетақы активтер нарығы, инвестициялық нарығы кіреді.
3. Қаржы нарығының түрлері
Экономиканы қаржылық басқаруының халықаралық теориясы мен тәжірибесінде қаржы нарығының 2 негізгі нысанын айырады:
- ұйымдасқан;
- ұйымдаспаған.
Ұйымдасқан қаржы нарығы - банктер мен биржалар белгілеген (анықталған) ережелер бойынша қызмет жасайтын нарық.
Ұйымдаспаған қаржы нарығы - басқа жолдар арқылы қаржы активтердің айналыс аясын білдіреді: қаржы делдалдар, инвестициялық компаниялар арқылы және т. б.
Қаржы нарықтар қаржы құралдары жиналған қор иесінен қарыз алушыға «құйылатын» көптеген әр түрлі «жолдардан» тұрады. Бұл жолдар теория бойынша 2 негізгі топқа бөлінеді:
1 топ - тура қаржыландыру жолдары, яғни жинақ меншіктенушіден қарыз алушыға тікелей ауысатын жолдар бар.
2 топ - жанама қаржыландыру жолдары, яғни жеке шаруа қожалықтардан фирмаларға қарай қаражаттар ерекше институттар - қаржы делдалдар арқылы ауысып, өтеді.
Тура (тікелей) қаржыландырудың 2 негізгі тәсілі бар: күрделі қаржыландыру және қарыз алу жолымен қаржыландыру. Күрделі қаржыландыру бойынша инвестицияларды жүзеге асыру үшін осы кәсіпорын иелігіне үлестік қатысу құқығына айырбас ретінде кәсіпорын ақша қаражаттарын алады [20, 88] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz