Қазақстан Республикасында вексель айналысы дамуындағы коммерциялық банктердің ролі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 ВЕКСЕЛЬ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ . . .
1. 1 Вексель түрлері, нысаны мен атқаратын қызметі . . .
1. 2 Вексельдің төлем және несие беру құралы ретінде атқаратын қызметі . . .
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ ДАМУЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ РОЛІ . . .
2. 1 Қазақстан Республикасындағы вексель айналысының тәртібі . . .
2. 2 Коммерциялық банктердің вексель бағдарламаларын ұйымдастыруы («Kaspi bank» мысалында) . . .
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ ДАМУЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ РОЛІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . .
3. 1 Коммерциялық банктердің вексель айналысын реттеудің басты қағидалары . . .
3. 2 Вексель айналысы дамуындағы коммерциялық банктердің ролін арттыру жолдары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
3
5
5
9
11
11
14
20
20
24
28
30
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Еліміздің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты экономикадағы ақша айналысын реттеп отырудың маңызы ерекше болып табылады. осы ақша айналысын реттеудегі шаралардың бірі қолма-қол ақшаларды несиелік ақшаларға ауыстыру саясаты екені белгілі. Бүгінгі таңда ұлттық ақшаайналысында несиелік ақшалардың келесі түрлері қолданылуда: вексель, банкнота және чектер. Осылардың ішінде вексельдік қатынастардың маңыздылығы ерекше болып табылады.
Өз кезегінде вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол - бағалы қағаз. Бірақ Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» (09. 07. 2003 ж. ) ҚР-ның Заңына сәйкес вексель бағалы қағаз болып табылмайды, ол қарыз міндеттемесі деп көрсетілген [1] . Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді.
Вексельдің экономикалық мәні - несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі болуында.
Вексель нарықтық экономикалық қатынастарда тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытудағы басты құрал болып табылады. сондықтан елдің экономикасының тиімді өсуін ынталандыру үшін вексельдік несие ақшаларды дамытудың Қазақстан үшін маңызы жоғары болып отыр. Сондай-ақ вексельмен операцияларды Ұлттық банктер де және коммерциялық банктерде іске асырады. Ол туралы жұмыс барысында тоқталамыз.
Вексель қолма-қолсыз есеп айырысудың бір формасына жатады. Себебі, вексельдің атқаратын басты қызметі - төлем құралы. Есеп айырысу барысында пайдаланатын вексельдің түрлеріне қатысты жай және аудармалы вексельдің өзара айырмашылықтары және олардың қызмет ету ерекшеліктерінің маңызы мен мәні талқылауды қажет етеді.
Осы проблеманың маңыздылығы мен тәжірибе жүзіндегі мәнділігі курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Сонымен мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгінгі таңдағы экономикалық қатынастарда есеп айырысудың формаларының бірі болып табылатын «Қазақстан Республикасында вексель айналысы дамуындағы коммерциялық банктердің ролі» деп алдым. Өйткені вексель қолма-қолсыз төлем құралы ретінде айналыстағы қолма-қол ақшалардың артық өсіміне шектеулер қояды.
Курстық жұмыстың пәні - вексель айналысы.
Курстық жұмыстың объектісі - «kaspi bank» АҚ-ң вексельдік операциялары.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасында вексель айналысы дамуындағы коммерциялық банктердің ролін анықтау.
Осы міндетке сәйкес алдыма мынадай міндеттерді қойдым:
- вексель туралы жалпы түсінік және вексель айналысын талдау
- вексель түрлері, нысаны мен атқаратын қызметін анықтау;
- вексельдің төлем және несие беру құралы ретінде атқаратын қызметін ашып көрсету;
- Қазақстан Республикасында вексель айналысы дамуындағы коммерциялық банктердің ролін айқындау;
- Коммерциялық банктердің вексель бағдарламаларын ұйымдастыруын («Kaspi bank» мысалында) талдау;
- вексель айналысы дамуындағы коммерциялық банктердің ролін арттыру жолдары
Курстық жұмысты орындау кезінде заңдық, нормативтік актілер, әдістемелік сілтемелер мен нұсқаулықтар, отандық және шетел экономистерінің ғылыми еңбектері қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
1 ВЕКСЕЛЬ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ
1. 1 Вексель түрлері, нысаны мен атқаратын қызметі
«Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Заң 1930 жылғы 7 маусымдағы Аударым және жай вексельдер туралы бiрыңғай заңды белгiлейтiн конвенцияға, Аударым және жай вексельдер туралы заңдардың кейбiр үйлеспеушiлiктерiн шешу мақсатын көздейтiн конвенция мен Аударым және жай вексельдерге қатысты елтаңба алымы жөнiндегi конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасындағы вексель айналысын реттейдi және төлем құралы мен несие қаражаты ретiнде вексельдiң қызметiн белгiлейдi [2] .
Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші-жабдықтаушы көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі - вексель пайда болады.
Қолма-қолсыз төлем құралы - вексель болып табылады. А. А. Фелдманның айтуынша: «Вексель - мерзімі өткеннен кейін вексельде көрсетілге нсоманы төлеудің талап етуге құқық беретін нақты қатаң формада құрастырылған қарыздық міндеттемелерінің бірі». Д. М. Мажитов, осы айтылған вексельге берген анықтамасын қолдай отырып «вексель - бұл белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін иесінің вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан талап етуіне құқық беретін жазбаша түрдегі қарыздық міндеттеме» деп атады [3, 45-46 б. ] .
Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол - бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні -несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні - тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей ай вексель сатып алушына немесе оны тауар сатып алу үшін, не болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Бұл жадайларда вексельді банк сатып алады.
Вексель - тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бір бастылы қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез-келген операцияның бар болғаны 1 сағатың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25% құрайды) . [6, 47 б. ]
Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған айналым қаржысының уақытша жетіспегендігін вексельмен толтыру онша қиын емес. Ол үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе тауар ақша айналымын жеделдетеді.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есепті тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айалымының негізі серіктестердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауы мен жасалатын несиелік келісім. Вексельді шығару мен оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның маңызы зор.
Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және басқа да жағдайларын бақыласа, ол вексель иемденуші серіктестің тек вексель алған уақытындағы төлем қабілетін ғана емес, сонымен қатар ол өте маңызды, оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігінде бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.
Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:
• Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайга, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
• Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек;
• Үшіншіден, вексельді айналмалылығы, яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды. [4, 9-10 б. ]
Вексельдер аударым вексельдерi мен жай вексельдер болып бөлінеді.
Аударым векселiнде мыналар болуға тиiс:
1) құжат мәтiнiнiң өзiне енгiзiлген және осы құжат жасалған тiлде айтылған "вексель" атауы;
2) белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге ешқандай шарт қойылмаған бұйрық;
3) төлем төлеуге тиiс тұлғаның (төлеушiнiң) атауы;
4) төлем мерзiмiн көрсету;
5) төлем жасалуға тиiс орынды көрсету;
6) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем төленуге тиiс тұлғаның атауы;
7) вексель жасалатын уақыт пен орынды көрсету;
8) вексель беретiн тұлғаның (вексель берушiнiң) қолы.
Аталған талаптардың бiреуi жоқ құжаттың аударым вексельдiк күшi болмайды, бұған төмендегi азатжолдарда белгiленген жағдайлар қосылмайды.
Төлеу мерзiмi көрсетiлмеген аударым векселi талап ету бойынша төленуге тиiс вексель ретiнде қарастырылады.
Арнайы көрсету болмаған ретте төлеушiнiң атауымен қатар белгiленген орын төлем орны және сонымен бiрге төлеушiнiң тұрғылықты жерi болып есептеледi.
Жасалған орны көрсетiлмеген аударым векселi вексель берушiнiң атауымен қатар көрсетiлген орында қол қойылған деп танылады.
Аударым векселi вексель берушiнiң бұйрығымен ақы төленуге тиiс деп берiлуi мүмкiн.
Ол вексель берушiнiң өзiне берiлуi мүмкiн. Ол үшiншi тұлғаның есебiнен берiлуi мүмкiн. Аударым векселi үшiншi тұлғаның тұрғылықты жерiнде немесе төлеушiнiң тұрғылықты жерiнде немесе басқа бiр жерде төленуге тиiс болуы мүмкiн.
Ұсынылған мерзiмде немесе ұсынылғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта төленуге тиiстi аударым векселiнде вексель берушi вексель сомасына процент есептеуге шарт қоя алады. Мұнан басқа аударым вексельдерiнде мұндай шарт жазылмаған деп есептеледi.
Вексельде проценттiк ставка көрсетiлуге тиiс; мұндай нұсқау болмаған жағдайда, шарт жазылмаған деп есептеледi.
Егер де басқа күн көрсетiлмесе, проценттер аударым векселi жасалған күннен бастап есептеледi.
Егер аударым векселiндегi сома жазбаша да, цифрмен де жазылса, бұл жазбалардың арасында қайшылықтар болған жағдайда вексель жазбаша көрсетiлген сомада күшiнде болады.
Егер аударым векселiнде сома жазбаша түрде не цифрмен бiрнеше рет көрсетiлсе, бұл жазбалардың арасында қайшылықтар болған жағдайда вексель тек аз сомаға ғана күшiнде болады.
Егер аударым векселiнде аударым векселi бойынша мiндеттi бола алмайтын тұлғаның қолы, жалған қолдар немесе ойдан шығарылған адамдардың қолдары болса, немесе оған қол қойғандарды барлық басқа негiзде мiндеттей алмайтын, немесе бiреудiң атынан қол қойылса, басқалардың қойған қолдары дегенмен де күшiн жоймайды.
Вексельге қойылмаған қолдың орыны аударым векселiне өз қолын қойып куәландырушы адамның еркiн бiлдiретiн ресми түрде куәландырып жазған өтiнiшi арқылы ғана толтырылуы мүмкiн.
Тұлға атынан iс-әрекет жасауға уәкiлдiк берiлмеген, тұлғаның өкiлi ретiнде аударма векселiне қол қойған әрбiр адам вексель бойынша тарап ретiнде мiндеттi болады және, егер ол вексельдi төлеген болса, өкiл ретiнде көрсетiлген адамның құқығындай құқықтарға ие болады. Өзiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланған өкiл де дәл осындай жағдайда болады.
Вексель берушi акцепт үшiн де, төлем үшiн де жауап бередi.
Оның өзiне акцепт үшiн жауапкершiлiк алмауына болады; оның төлем үшiн жауапкершiлiктi алмауының әрбiр жағдайы жазылмаған деп саналады.
Әрбiр аударым векселi, тiптi ол бұйрық туралы нұсқаусыз берiлсе де, индоссамент арқылы берiлуi мүмкiн.
Егер вексель берушi аударым векселiнде "бұйрыққа емес" деген сөздi немесе қандай да бiр соған тең мағынадағы сөздi жазатын болса, құжаттың нысаны ғана сақталып және жай цессия нәтижелерiмен берiлуi мүмкiн.
Төлемшi вексельдi акцептегенiне немесе акцептемегенiне де қарамастан, тiптi соның пайдасына немесе вексель берушiнiң пайдасына не вексель бойынша мiндеттi қандай да бiр басқа тұлғаның пайдасына индоссамент жасалуы мүмкiн. Бұл тұлғалар өз кезегiнде вексельдi индоссация жасай алады.
Индоссамент жай және ешқандай шарт қойылмаған болуға тиiс. Оны шектейтiн шарттың кез-келгенi жазылмаған деп есептеледi.
Iшiнара индоссамент жарамсыз болады. Индоссамент көрсетушiге бланктiк индоссамент күшiнде болады.
Индоссамент аударым векселiне немесе соған қосымша параққа (аллонжға) жазылуға тиiс. Оған индоссант қол қоюға тиiс.
Индоссамент өз пайдасына индоссамент жазылған тұлғаның нұсқауы көрсетiлмеуi мүмкiн немесе онда бiр индоссанттың ғана қойған қолы болуы тиiс (бланктiк индоссамент) . Бұл соңғы жағдайда индоссамент өз күшiнде болуы үшiн ол аударым векселiнiң сырт жағына немесе аллонжға жазылуға тиiс.
Индоссаментке аударым векселiнен туындайтын барлық құқық берiледi. Егер индоссамент бланктiк индоссамент болса, вексель ұстаушы:
1) бланктi не өзiнiң атынан немесе басқа бiр тұлғаның атынан толтыра алады;
2) өз кезегiнде вексельдi бланк арқылы немесе қандай да басқа бiр тұлғаның атына индоссациялай алады;
3) вексельдi бланк толтырмастан және индоссамент жасамастан үшiншi тұлғаға бере алады.
Егер қандай да бiр керi шарт қойылмаса, индоссант акцепт үшiн және төлем үшiн жауап бередi.
Ол бұдан кейiнгi индоссаментке тыйым салуы мүмкiн: мұндай жағдайда ол бұдан кейiн пайдасына вексель индоссацияланған тұлғалардың алдында жауап бермейдi.
Аударым векселi кiмнiң қолында болса, тiптi соңғы индоссамент бланктi индоссамент болғанның өзiнде, егер ол өз құқығын индоссаменттердiң үздiксiз қатарына негiздей алса, сол тұлға заңды вексель ұстаушы деп қарастырылады. Бұл орайда сызылып тасталған индоссаменттер жазылмаған болып есептеледi. Бланктiк индоссаменттен кейiн басқа индоссамент болған кезде, соңғысына қол қойған тұлға бланктiк индоссамент бойынша вексельдi сатып алған деп есептеледi [5, 68] .
Егер кiмде-кiм әлде нендей бiр кездейсоқ жағдайларда вексель иелiгiнен айрылса, қолында векселi бар, өз құқығын бұдан бұрынғы азатжолда көрсетiлген тәртiппен негiздейтiн тұлға вексельдi дұрыс алмаған немесе оны сатып алғанда өрескел абайсыздық жасаған жағдайда ғана оны қайтаруға мiндеттi.
Аударым векселi бойынша талап қойылған тұлғалар, егер вексель ұстаушы вексель сатып алғанда борышкерге саналы түрде зиян келтiрмеген болса, вексель берушiге немесе алдыңғы вексель ұстаушыларға жеке қатынастарына негiзделген қарсылықты вексель ұстаушыға қарсы қоя алмайды.
Егер индоссаменттiң "валюта алуға", "инкассоға", "сенiм бiлдiрiлген ретiнде" деген ескертпесi немесе жай тапсырманы бiлдiретiн қандай да бiр өзге ескертпесi болса, вексель ұстаушы аударым векселiнен туындайтын барлық құқықтарды жүзеге асыра алады, бiрақ оны ол қайта тапсыру тәртiбiмен ғана индоссациялай алады.
Мұндай жағдайда мiндеттi тұлғалар вексель ұстаушыға қарсы тек индоссантқа ғана қарсы қоятындай наразылық мәлiмдей алады.
Индоссаментке берiлген тапсырма қайта кепiлдiк берушiнiң қайтыс болуы немесе оның iс-әрекетке қабiлетсiздiгiне ұшырауы салдарынан тоқтатылмайды.
Егер индоссаментте "қамтамасыз етiлуге тиiс валюта", "кепiлдiкке берiлетiн валюта" ескертiлсе немесе өзге де кез-келген кепiл түрiндегi ескертпе болса, вексель ұстаушы аударым векселiнен туындайтын барлық құқықтарды жүзеге асыра алады, бiрақ олар қойған индоссаменттiң қайта кепiлдiк берушi индоссамент ретiнде ғана күшi болады.
Егер тек вексель ұстаушы вексель алғанда борышкерге саналы түрде зиян келтiрмеген болса, мiндеттi тұлғалар индоссантқа өздерiнiң жеке қатынастарына негiзделген қарсылықтарын ұстаушыға қарсы мәлiмдей алмайды.
Төлем мерзiмiнен кейiн жасалған индоссаменттiң нәтижесi алдыңғы жасалған индоссаменттегi сияқты болады. Алайда төлем төлемеу наразалығынан кейiн немесе наразылық бiлдiру үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн жасалған индоссамент тек қана дағдылы цессия салдарына ие болады.
Керiсiнше дәлелденбейтiн болғандықтан күнi көрсетiлмеген индоссамент наразылық бiлдiру үшiн белгiленген мерзiм өткенге дейiн жасалған деп есептеледi [6, 108] .
1. 2 Вексельдің төлем және несие беру құралы ретінде атқаратын қызметі
Заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында өзара есеп айырысуларда, мұның өзi тиiстi шартта көзделген және осы Заңға қайшы келмейтiн жағдайларда, жай және аударым векселiн пайдалануға құқылы.
Есеп кеңселерi арқылы вексельдермен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Инкассоға қабылданған вексельдердi байланыс мекемелерiнiң жiберу тәртiбi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша шығарылған Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органының нормативтiк құқықтық актiлерiмен және байланыс мекемесi мен есеп кеңсесiнiң арасындағы шартпен белгiленедi.
Есеп кеңселерiнiң вексель ұсынушыға вексель сомасын төлей отырып төлем мерзiмi жеткенге дейiн индоссамент бойынша вексельдер қабылдауы вексельдердi есепке алу деп аталады. Есеп кеңсесi вексель сомасынан есеп кеңсесi өз бетiнше белгiлеген дисконт ұстап қалуға құқылы.
Вексельдердi қайта есепке алу - бұл есеп кеңсесiнiң вексель сомасын төлеп және дисконт ұстай отырып, төлем мерзiмi басталғанға дейiн есепке алған вексельдерiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң индоссамент бойынша қабылдауы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есепке алуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес жүзеге асырылады.
Вексельдердi есепке алу мен қайта есепке алу тәртiбi, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың вексельдермен операцияларды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қайта есепке алуды, ал есеп кеңселерi - тек коммерциялық вексельдердi есепке алуды жүргiзедi.
Вексельде төлемшi ретiнде көрсетiлген тұлға мен вексель берушi төлемшiден қандай да бiр мiндеттеменiң орындалуын талап ету құқығына ие болатындай қатынастарды вексель берушiнiң белгiлеуi вексельдi жабу деп түсiнiледi. Бұл орайда мұндай мiндеттеменiң сомасы вексель бойынша төлем сомасынан төлем болмауға тиiс.
Вексель ұстаушының вексель берушiден вексельдi жабуды талап етуге құқығы бар. Вексель берушi вексельдi жабуды төлем мерзiмiнде қамтамасыз етуге мiндеттi.
Аккредитив төлемiнiң, банк заемының қайтарылуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен вексельдi кепiлге беру жолымен жүзеге асырылады. Вексельдi кепiлге беру индоссаменттi ресiмдеуге қойылатын талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады [7, 114] .
Қалған жағдайларда вексельдi кепiлге беруге жол берiлмейдi.
Вексельдiң кепiлге берiлуi және мұндай мәмiлелердi тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында тиiстi есеп кеңселерi арқылы жүргiзiледi.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ ДАМУЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ РОЛІ
2. 1 Қазақстан Республикасындағы вексель айналысының тәртібі
Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы - Қазақстан Республикасының аумағында жай және аударым коммерциялық вексельдерiн шығаруға, вексельдер, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шығарылғандары бойынша талап ету құқығын басқаға беруге, осындай вексельдер мен оларға байланысты операциялар жөнiндегi мiндеттемелерді орындауға, оларды есеп кеңселерiнiң есепке алуына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта есепке алуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының жай және аударым вексельдерiн шығаруына байланысты қалыптасатын қатынастар жиынтығы.
Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі негізінде жай және аударым вексельдерiн шығарады.
Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы жөнiндегi қатынастар Женева вексель конвенцияларымен, сондай-ақ осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң соларға сәйкес шығарылған нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұратын Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz