Қазақстан Республикасының ұлттық қорын құрудың теориялық негіздері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: 1.
3: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: 1. 1.
3: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен қызметтері.
6
КІРІСПЕ: 1. 2.
3: Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі және оны пайдалану. .
8
КІРІСПЕ: 2.
3: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
КІРІСПЕ: 2. 1.
3: Ұлттық қорды қалыптастыруды және оны пайдалануды талдау . . .
15
КІРІСПЕ: 2. 2.
3: Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруды талдау . . .
21
КІРІСПЕ: 2. 3.
3: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының пайдалану бағыттары . . .
25
КІРІСПЕ: 3.
3: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМЫТУ НЕГІЗДЕРІ …
29
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 33
КІРІСПЕ:

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

3: 35

КІРІСПЕ

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс - қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т. т. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша ролін айқындайды.

Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасаумен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің ролі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Бюджет және мемлекеттік бюджет жүйесі жалпы ұлттық өнімді (ЖҰӨ) және ұлттық кірісті бөлу мен қайта бөлу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады. Бюджет барлық сатыларына белсенді ықпалын тигізеді, өйткені кірістер мен шығыстардың сандық және сапалық формалары ретінде қатысатын бюджеттің дамуы мен жетілуін ең алдымен экономикалық қатынастардың дамуы мен жетілуі негізінде қарастыру қажет.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму түрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.
Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың рөлі мен мәні оның атқаратын функциялары бойынша да көріністе. Ұлттық қор жинақтаушы және түрақтаушы функцияларды іске асырады. Бірінші функциясы арқылы негізінде экономиканың шикізаттық секторы түсімдерінің белгіленген болігінен қүрайтын қаржы активтерін қорландыруды қамтамасыз етеді. Екінші функциясы мемлекетгік бюджет шикізаттық ресурстардың әлемдік бағалары конъюктурасының мемлекеттік қаржылар ахуалына әсерін тегістеуді қамтамасыз етеді. Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында келесідей айтылған. Дағдарыс жағдайында Ұлттық қор біз үшін өзіндік бір "қауіпсіздік көпшігіне” айналды. Оның ендігі міндеті - тұрақтылық пен өркендеудің кепілі болу.

Курстық жұмыстың зерттеу тақырыбы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және оның қызметтерін талдау».

Курстық жұмыстың өзектілігі:

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен қызметі, оның қызмет ету механизмін талдау, Ұлттық қорды қалыптастыру, оны пайдалану және пайдалану бағыттары мәселесі - осылардың барлығы курстық жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Тақырыпты зерттеудің мақсаты - ҚР бюджеті және Ұлттық қордың байланысын айқындап, Ұлттық қордың қалыптасуы мен пайдалануы жайлы мәліметтерді анықтай отырып талдау жасау, пайдалану бағыттарын толық анықтау.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі:

Зерттеу объектісі ретінде Ұлттық қордың мәліметтері мен қызмет нәтижелерінің есебі қарастырылды.

Курстық жұмыстың пәні:

Бұл жұмыстың пәні болып Ұлттық қордың қызметтері мен оның нәтижелерінің есебіне байланысты қызмет етуі табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

Курстық жұмыста төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымына тоқталу;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен қызметтерінанықтау;
  • Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі және оны пайдалануын айқын көрсету;
  • Ұлттық қорды қалыптастыруды және оны пайдалануды талдауды қарастыру;
  • Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруды талдауын қарастыру;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының пайдалану бағыттарынкөрсету;

Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің Ұлттық қорды сақтау және оны дамытудағы орын алатын мәселелері туралы және оның тиімді қызмет етуінің экономиканы модернизациялау мен диверсификациялаудағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.

Жұмысты жазу барысында сүйенген негізгі теориялықақпарат көздері - ҚР-ның заңдары, арнайы экономикалық сайттар, мерзімді басылымдар, отандық әдебиеттер, әдеби-статистикалық мәліметтер. Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР-ғы Ұлттық Банк қаулылары, ҚР Ұлттық банкінің Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқару туралы бухгалтерлік есеп деректері, Ұлттық қордың дамуы мен пайдалануы және сол сияқты тақырыптағы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады, сонын ішінде 6 кесте және 4 сурет.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен қызметтері

«Қазақстан республикасының Ұлттық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 23 тамыздағы №402 Жарлығымен бюджет кірістерінің қомақты бөлігі табиғат ресурстарын экспорттаудан түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатын басқа елдерге ұқсас Ұлттық қор құрылған болатын. Бұл оқиға тек Қазақстанға ғана белгілі боп қалған жоқ. Осы қабылданған стратегиялық шешімнің арқасында біз, «голланд дертіне» шалдығуға жол бермеуге батыл қадам жасаған бұрынғы КСРО елдерінің ішіндегі алғашқылардың бірі болдық. Бұл қорды құруымен Қазақстан өзінің ТМД-дағы экономикалық реформа бойынша алда екендігін тағы да дәлелдеді. Айта кету керек, мұны ірі халықаралық қаржы институттары мысалы, Әлемдік банк немесе Еуропалық жаңарту және даму банкі бірнеше рет атап өтті. Біздің жолымызбен Ресей жүрді. Қазақстанның Ұлттық қоры дамушы елдер үшін және бұрынғы КСРО-ның сыртындағы елдер үшін модель ретінде пайдаланылады. Мысалы, дүние жүзіндегі ірі газ өндірушілердің бірі болып табылатын латинамерикалық Тринидад және Тобаго мемлекеті өздерінің жинақ қорын құруы кезінде Әлемдік банк оған Қазақстанның тәжірибесіне жүгінуге кеңес берді. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын бақылап отырған сыртқы бақылаушылардың көзқарастарына қарағанда, оның қызметі табысты екендігіне күмән жоқ. Ұлттық қордың болуы еліміздің экономикасын әртараптандыру бойынша өте маңызды рөл атқарады. Егер валютадан түскен барлық пайда экономикаға түсіп жатса, теңгені долларға тұрақтандыру жылдамдылығы жоғары болар еді, мүмкін, доллардың бағамы 80-100 теңге деңгейінде болар ма еді? Бұл экспортқа шығарылатын шикізаттан басқа, бүкіл отандық өндірістің жетілуіне әкелер еді [12] .

2005 жылы Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған алғашқы тұжырымдамасы қабылданып, онда оның активтерiн басқарудың негiзгi қағидаттары мен тәсiлдерi айқындалған болатын.
2006 жылдың ортасынан берi қолданылған Ұлттық қор қаражатын ел экономикасына бағыттау схемасында республикалық бюджетке кепiлдендiрiлген және нысаналы трансферттер, сондай-ақ қаражатты отандық бағалы қағаздарға ұзақ мерзiмдi инвестициялау көзделген. Бұл ретте кепiлдендiрiлген трансферттi айқындау кезiндегi шектеу республикалық бюджет әзiрленетiн жылдың алдындағы жылдың соңындағы Ұлттық қор активтерiнiң үштен бiр бөлiгiнен аспауы болып табылды.
Қабылданған саясаттың нәтижесiнде экономикалық өсу кезеңiнде валютаның шамадан тыс түсуiн зарарсыздандыру, теңгенi айырбастау бағамына және инфляцияға қысымды азайту қамтамасыз етiлдi. Дағдарысқа қарсы белсендi саясат жүргiзу үшiн қаржы резервтерi құрылып, оның шеңберiнде Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары мөлшерiнде қаражат пайдаланылды және жинақтау саясаты сақталды. 2009 жылдың соңына қаражат 4, 5 трлн. теңгенi құрады, оның 750, 0 млрд. теңгесi iшкi активтерге («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-әуқат қоры» акционерлiк қоғамы мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингi» акционерлiк қоғамының облигацияларына), 24, 4 млрд. АҚШ доллары - шетелдiк активтерге орналастырылды [16] .

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резерфтерін шоғырландырады. Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: Жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары [2] .

Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар қор қаражаттарының қалыптасуымен пайдаланылуының қолданылып жүрген тетігі ағымдары экономиканың жағдайын тұрақтандыру ықпал көрсетеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарының әлемдік бағамын конъюнгтурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімде жоспарлауға көшуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптасытру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар қаржы нарықтарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.

Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырылады.

Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың тәртібі мынамен анықталады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық индикативтік жоспарының құрамында Қазақстан экспортының едәуір үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде Республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен кезде Қазақстан тауар өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа бағаларын және оларға сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік бюджеттің кірістерін есептеп шығарады. Шикізат тауарларының есептік тұрақты бағалары дүниежүзілік бағалардың серпінін сақтампаздық болжалды негіздей отырып белгіленеді [1] .

  1. Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі және оны пайдалану

Қор республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы процесінде оған шикізат секторы ұйымдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының, қосылған құнға салынатын салықтың, үстеме пайдаға салынатын салықтың, бонустардың, роялтилердің бектілген соммаларынан асып түсуін есепке жатқызу жолымен қалыптасады.

Ұлттық қор мына түсімдердің есебімен қалыптасады.

  1. шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсу ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
  2. республикалық меншіктегі және кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;
  3. шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетке жоспарланған түсімдер сомасының он пайызы мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;
  4. ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансферттері;
  5. қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиім салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер.

Қаражаттарды ұлттық қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.

Негізгі қызметі табиғи ресурстардың өндіру мен өңдеу болып табылатын заңи тұлғалар шикізат секторының ұйымдары болып табылады. Шикізат секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Рсепубликасының Үкіметі белгілейді [5] .

Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер - шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің жиынтығы:

  • корпорациялық табыс салығы;
  • қосылған құнға салынатын салық;
  • үстеме пайдаға салынатын салық;
  • бонустар;
  • роялти.

Жасасқан келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі.

Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат секторының тауарларына республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле отырып жасалады.

Жоғарыдағы бірінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттерді, республикалық бюджеттің атқарылуы барысында оны Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті ортган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.

Үшінші тармақшада көрсетілген ресми трансфеттер, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспарлы түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Ауылшаруашылық мақсатындағы жер участкелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын, төртінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттер маслихаттың тиісті қаржы жылына арналаған жергілікті бюджет туралы шешіммен бекітіледі, ал жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын ресми трансферттерді жергілікті бюджеттен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджетті атқару барысында оны маслихатта нақтыламай-ақ Ұлттық қорға аударады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Ұлттық қорды қаржы активтеріне және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналасуынан құрылады.

Қор активтерінің құрылымы

Қордың валюталық портфелінің жалпы құны 2011 жылғы 31 желтоқсанда 46, 584, 481, 910. 74 АҚШ долларына тең болды, оның ішінде валюта портфелінің - 43, 694, 138, 796. 82 АҚШ доллары (93. 80%) және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «ҚазАгро» ҰХ» АҚ облигациялар портфелінің - 2, 890, 343, 113. 92 АҚШ доллары (6. 20%) . Қордың валюталық портфелінің құрамына кіретін тұрақтандыру және жинақ портфелінің нарықтық құны тиісінше 17, 223, 796, 554. 50 (39. 42%) және 26, 470, 342, 242. 32 (60. 58%) АҚШ доллары болды.

Қордың валюталық портфелінің құрамына кіретін бағалы қағаздардың және басқа да қаржы құралдарының нарықтық құны BNY Mellon кастодиан банкінің деректеріне негізделеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтері

1-кесте

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтері: Көлемі, млн доллар
Өткен айға қарағанда өзгерісі, %
Жылдың басына қарағанда өзгерісі, %
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтері: 70, 544
1, 13
21, 78
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтері: 71, 142
0, 85
0, 85
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтері: 71, 625
0, 68
1, 53
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтері: 72, 787
1, 62
3, 18
2013 жылдың тамызы, қыркүйегінде халықаралық қорлар бойынша деректердің өзгеруі валютаның басқа түрлеріндегі сыртқы активтерді қайта есептеумен байланысты
2013 жылдың тамызы, қыркүйегінде халықаралық қорлар бойынша деректердің өзгеруі валютаның басқа түрлеріндегі сыртқы активтерді қайта есептеумен байланысты: 2012 жылғы желтоқсанның деректерінде қорытынды айналымдар есепке алынды

Қордың қаражаттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:

  1. тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойныша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма ретінде анықталатын республикалық бюджет шығынын өтеу үшін. Өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы срмасынан аспауға тиіс. Түсімдердің нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтемжүзеге асырылмайды;
  2. Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансфеттер түрінде;
  3. Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға [18] .

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
  2. Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұру;
  3. тәуекел деңгейінің қалыптылығы жағдайында ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;
  4. инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген қаржы активтеріне және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырылады.

Рұқсат етілген қаржы активтерін және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұснысы бойынша Ұлттық банкпен бірлесіп Үкімет айқындайды [15] .

Ұлттық қоры жеке және заңи тұлғаларға кредит беруге және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен Республикалық бюджеттің шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің келісімен қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджетті нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры» туралы жарлығымен қорды басқару кезіндегі мемлекеттік биліктің өкілеттігі анықталған.

Қазақстан Республикасының Президенті:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестік құрамын құрады;
  2. қор мәселелері жөнінде Кеңесте, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;
  3. қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады;
  4. ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітуге берілген құжаттарды бағыттайды;
  5. Ұлттық қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Рсепубликасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына өкілеттіктерді жүзеге асырады:

  1. есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға есепке алу және оны пайдалану тәртібін әзірлеп, бекітеді;
  2. ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материалдардың және қорды басқарумен байланысты қызмет бойнша қаржылық есептеменің графигін жасап, бекітеді;
  3. Президентке қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы есепті және парламентке қорды қалыптастыру және пайдалану жөнінде ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;
  4. қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;
  5. қорды қалыптастыру мен пайдаланудың бухгалтерлік есебін қамтамасыз етеді;
  6. қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның бюджет жүйесі
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құрамы
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қаржылар және олардың нарықтық экономикадағы ролі
Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы мәселесі
Электронды құжат айналымы негізінде ақпараттық қамсыздандырудың әдістері мен алгоритмі
Модульдік технологияның гипотезасы
Педагогика ғылымындағы тәрбие теориясы
Модульдік оқыту технологиясы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz