Ұлттық банк, экономикалық мәні және рөлі, (құрылым және басқару органдары)


Жоспар
КІРІСПЕ
1 ҰЛТТЫҚ БАНК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ РӨЛІ, (ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
1. 1 Ұлттық Банк міндеті мен қызметтері
1. 2 Ұлттық Банк бағыттары
2 ҰЛТТЫҚ БАНК "БАНКТЕРДІҢ БАНКІСІ"
2. 1 Ұлттық Банк ақша-несие саясаты, бағыттары
2. 2 2010-2013 жылдардағы ақша-несие саясатының кызмет ету ерекшеліктері
3 ҰЛТТЫҚ БАНК ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІ ҚАДАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
5
5
9
12
12
27
32
43
45
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасың экономикасы жаңа қатынастардың қалыптасуына, нарықтық жүйені жетілдіруге, одан ары тереңдетуге бағытталған айтарлықтай шараларды жүзеге асыру жағдайында жұмыс істеуде. Сонымен қатар өз ұлттық валютамыз өзгеріп, экономикамыз күннен-күнге дамуда. Бүгінгі менің курстык жұмысымның негізгі бағытының өзектілігін еліміздегі - Ұлттық банктің экономикадамызға әсері, жасалып жатқан жұмыстар мен сараптамалар, өзге елдермен салыстыра отырып, толық зерттеумен көрсетуге болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі ретінде басқа елдердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді. Ұлттық банк - бұл эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» рөлін атқарды, сондай-ақ ақша-несие және валюта саясатын анықтайды.
Курстық жұмыстың мақсатына толық тоқтала кетсек, тақырыптың өзектілігі жөнінде айтқанда көрсеткендей Ұлттық банк жүйесін неғұрлым толық зерттеп осы кезге дейінгі жасалған жұмыстарды сараптап және алдағы жоспарларын талдап экономикамыздағы ролін толық ашықтап көрсету.
Курстық жұмысымның негізгі міндеттері : Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері. Банктің қызмет бағыттары. Меншік қаражаттары мен пайдасы. ҚР Ұлттық банктің операциялары мен функциялары. Банк жүйесіндегі Ұлттық банктің алынған орны. Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары. Ұлттық Банк - Үкіметтің бас банкирі, Қаржы Кеңесшісі және Агенті. Қазақстан Республикадағы Ұлттық банкісінің даму дәрежесін талдау. Еліміздегі Ұлттық банкінің қазіргі кезеңдегі жағдайын талдау. ҚР Ұлттық банкісінің дамыту жолдары.
Төлем жүйелері саласында төлем жүйелерінің тиімділігін және қауіпсіздігін арттыру, тәуекелдерді басқару және төлем жүйелерін қадағалаудың тиімді жүйесін құру бойынша одан әрі шаралар қабылдануда. Төлем жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қолдау мақсатында Ұлттық төлем карточкалары жүйесін дамытуға және төлем жүйелеріне арналған жаңа Резервтік орталық құруға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Сонымен, макроэкономикалық жағдайды тұрақтандыруда Ұлттық Банктің ақша нарығында жүзеге асыратын операциялары шешуші роль атқарады, өйткені олар экономиканың қаржы тұрақтылығын камтамасыз ету мақсатында ақша айналысын реттеуге бағытталған. Осы орайда дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде таңдап алынған тақырыптың өзектілігі еш дау тудырмайды.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының орталық банкі - Ұлттық Банк, зерттеу пәні - оның ақша-кредит жүйесіндегі орны мен ролін анықтайтын оның жүргізетін операциялары.
1 ҰЛТТЫҚ БАНК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ РӨЛІ, (ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ)
- Ұлттық банк міндеті мен қызметтері
1987 жылғы реформа қарсаңында бұрынғы КСРО-да КСРО мемлекеттік банкінен, КСРО құрылыс банкінен және КСРО сыртқы сауда банкінен құралған орталықтандырылған банк жүйесі болды. Бұлар үш монополист банк, ірі конгломераттар еді.
КСРО Мембанкі елдің бас банкі, кредит жүйесінің методологиялық орталығы болды. Ол есеп айырысуларды, пайыздық саясат қағидаттарын, кредиттік жоспарлауды, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттеу талаптарын бақылады.
Мембанкке эмиссиялық функцияларды, кредиттік және есеп айырысу бойынша қызмет көрсету мәселелерінің бекітілуі оны мемлекеттік басқару және бақылау органына айналдырды.
КСРО Құрылыс банкі КСРО Мембанкінің кредит саясаты, халық шаруашылығына күрделі салымдарды қаржыландыру жөніндегі шешімдерін орындады.
КСРО Сыртқы сауда банкі экспорт-импорт операциялары бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз етті, сондай-ақ сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындарды кредиттеді.
Әкімшілік-әміршілдік жүйе жағдайында экономиканы басқару, кредиттік қарым-қатынастар жоспарлау-басқару сипатында жүргізілді.
КСРО Мембанкінің билігінде кредиттік ресурстарға арналған шектелмеген монополия болды.
КПСС ОК-нің және КСРО Министрлер Кеңесінің «Елдегі банктер жүйесін жетілдіру және олардың экономиканың тиімділігін арттыруға ықпалдары туралы» 1987 жылғы 17 шілдедегі № 821 қаулысымен үкімет бірінші кезеңде басқарудың банктік құрылымын жетілдіруге, банк жұмысының мазмұны мен әдістерін өзгертуге, банктердің ролін арттыруға тырысты.
Нәтижесінде арнайы банктер құрылды: КСРО Сыртэкономбанкі, КСРО Өнеркәсіпқұрылысбанкі, КСРО Агроөнеркәсіпбанкі, Тұрғын-үй әлеуметтік банкі және КСРО Жинақ банкі. Мұндай банктер одақтас республикалардың барлығында, оның ішінде Қазақстанда да құрылды.
Банктердің жаңа жүйесі келісілмеген нормативтік құжаттар шығаруды, бөлімшелер үшін шамадан тыс жүктеме, басқару аппаратының өсуін тудырды. Бұл банк реформасының екінші кезеңі деп аталған теріс жақтарын жою жөнінде қосымша шаралар қабылдауды талап етті.
Банк жүйесін бұдан әрі жетілдіру экономиканы нарықтық басқару үлгісіне көшірумен тұспа-тұс келді. Осыны есепке ала отырып, банк жүйесі де қайта құрылды. Банктердің қызметін реттейтін заңдар шығарылды. Екі деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Бірінші деңгейде - Ұлттық Банк, ал екіншіде - қалған барлық банктер.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі аса маңызды екі құжат қабылдады - «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Заң және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР Ұлттық Мемлекеттік Банкінің Жарғысы туралы» 1991 жылғы 20 маусымдағы қаулысы. Ұлттық Мемлекеттік банк республиканың меншігіне көшті және Орталық банк болып табылды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі Заңымен Қазақ КСР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта аталды.
Осы заңда:
«Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары деңгейiн бiлдiредi. » деп атап көрсетіледі.
1993 жылғы 14 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы» Заң қабылданды.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тарихта тұңғыш рет дербес банк жүйесі құрылды. Заңда Ұлттық Банктің басқарушы және атқарушы билік органдарынан тәуелсіздігіне, оның Жоғарғы Кеңеске және Қазақстан Республикасы Президентіне ғана есеп беретініне баса назар аударылды [1, 144 б. ] .
Қазіргі кезде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңы қолданыста [3] .
Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды реттеу, бақылау және қадағалау;
- қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
- ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру.
Жүктелген міндеттерге сәйкес Ұлттық Банк аумақтық филиалдар мен ведомстволарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Ұлттық Банк туралы ережеде көрсетілген функцияларды орындайды.
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
20 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 4 дербес басқармадан тұратын орталық аппарат;
16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы;
Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы Өкілдігі;
2 ведомство:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті;
4 есеп беретін ұйым:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Ұлттық Банк:
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры»;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Q-BRO» Резервтік Орталығы»;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы»; «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі»; «Проблемалық кредиттер қоры; «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы; «Мемлекеттік кредиттік бюро»; «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі»; «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамдарының акционерi болып табылады.
Орталық банктері бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттің органы болып табылады . Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша- несиелік реттеудің негізгі обьектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларының басқару арқылы реттейді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қзақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады.
Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және банктердің банкі болды.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндыпықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар ссаласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
- ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
- бантік және басқа несиелік мекемелерінің қызметін реттейтін ережелерді жасау негізінде банк несие берушілердің салымшылардың мүдделерін қорғау. 1
1. 2 Ұлттық Банк бағыттары
Ұлттық банк жұмысының негізгі бағытттары:
- елдегі несиелік ресурстарды және айналасын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысужәне кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ержелерді, есеп жүргізу жәе банктердің есп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша - несилік реттеудің әдістерінң формаларын талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз баланстарын жасау;
- ғылыми - зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т. б.
Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
- айналыстағы ақша массаның көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
- кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
- Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
- Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімен және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
- Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгіленген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
- Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
- Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізіді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;
- Қазақстан Республикасында ресми мөлшелермелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізді;
- Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеу әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдары шектеу және пайыз мөлшерлемерін өзгертуге құқықтар береді;
- Қазақстан Республикасында валюталық ретту мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
- Банк ісі, есеп, еспе айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату, айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттерінеорындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
- Бақылау және қадағалау функциясымен қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айныласатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізмін, формасын және мерзімін бекітеді.
- Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субьектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекітеалады,
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді
Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма -қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі - теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді. Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізуімен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолда алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия - бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін. Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия- айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайы [1, 146 б. ] .
2 ҰЛТТЫҚ БАНК "БАНКТЕРДІҢ БАНКІСІ"
2. 1Ұлттық банк акша-несие саясаты, бағыттары
2012 жылы әлемдік экономикада экономикалық өсу қарқынының баяулауы байқалды, бұл әлемдік экономистердің экономикалық дағдарыстың ұзаққа созылатындығы және дағдарыс құбылыстарын еңсеру жөнінде қолданылатын шаралардың жеткіліксіздігі, кейде дұрыс болмайтындығы туралы болжамдарын күшейтті.
Егер 2007-2010 жылдары АҚШ және Еуроаймақ елдерінің экономикаларын дамытуды ынталандыру жөніндегі шаралар негізінен ішкі сұранысты ынталандыру және жұмыссыздықты төмендету мақсатында экономикалық жүйеге өтімділікті тартудың қосымша жолдарын іздеуге бағытталған болса, 2011-2012 жылдары мемлекеттік шығындарды азайту және салықтарды көтеру жолымен фискалды орнықтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жиірек пайдаланыла бастады. Сонымен бірге іскерлік белсенділіктің төмендеуі, сондай-ақ жұмыссыздықтың және, соған сәйкес, әлеуметтік жағдайдың ұшығуы мемлекет қолдауының азаюы мен салықтардың едәуір жоғары болуының салдары болары анық.
Осыған байланысты әлемдік және, атап айтқанда, Еуроаймақ елдері экономикасының өсуіне қатысты болжамдар төмендету жағына қарай қайта қаралуда. Болжамдар ғаламдық сипат алған азық-түлік дағдарысына қатысты қауіптерді туындатқан 2012 жылғы құрғақшылық салдарларынан да нашарлауда. Бұған дейін орнықты экономикалық өсуді қалпына келтіру мақсатында дамыған елдердің орталық банктерінің, үкіметтерінің және әлемдік қаржы институттарының қаржы саласына кең көлемде өтімділік тартуы, кейбір экономистер болжағандай, әлемдік тауар нарықтарындағы инфляциялық тәуекелдерді көтерді.
Әлемдік экономиканың Қытай және Жапония сияқты ірі орталықтарында экономикалық өсудің баяулауы байқалады. Басқа елдердегі, соның ішінде Қазақстандағы экономикалық үрдістерге әсер етуі тұрғысынан бұл елдердің маңызы өте үлкен және бүкіл әлемдік экономиканың дамуы баяулайды деп болжауға негіз болады.
Сонымен бірге әлемдік қаржы институттарының және ОПЕК елдерінің энергия тасымалдағыштардың 2013 жылғы бағасына қатысты болжамдары айтарлықтай қолайлы - аздап өсу болжанады, бұл шикізатты экспорттайтын елдерде, соның ішінде Қазақстанда дамудың орнықты үрдістерінің сақталуын күтуге мүмкіндік береді.
- Жалпы макроэкономикалық үрдістер
2012 жылы Қазақстанда экономиканың өсуі аздап баяулады. 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда 5, 2%, номиналдық көрсетуде 13, 5%-ды құрады. Үдемелі өсу қарқыны сауда (2011 жылдыңтиісті кезеңімен салыстырғанда 2012 жылғы қаңтар-қарашада 14, 3%), байланыс (17, 4%), көлік (7, 1%) сияқты салаларда байқалды. Өнеркәсіптің дамуыбіршама баяулады (0, 4%), ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі қысқарды (-18, 5%) .
Тұтастай алғанда экономика болжамды шектерде дамуда, макроэкономикалық дамудың 2012 жылдың қорытындылары бойынша нәтижелері жоспарлы деңгейде қалып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz