Акционерлік қоғамдардың қаржысы


АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПE3
1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. . 5
1. 1 Акционерлік қоғам қаржысының экономикалық мәні. . …5
1. 2 Акционерлік қоғам қаржысын басқару әдістері (немесе басқаша жалпы басқару жайлы айтылуы тиіс) 9
1. 3 Акционерлік қоғам қаржысын ұйымдастырудың шетелдік тәжірибелері . . . 12
2. «ШЫМКЕНТМАЙ» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ . . . ………16
2. 1 «Шымкентмай» АҚ-ның қаржылық жағдайына талдау. . 16
2. 2 «Шымкентмай» АҚ-ның қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері………21
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ23
3. 1 ҚР-дағы акционерлік қоғам қаржыларын ұйымдастыруды жетілдіру жолдар. . … . . . 23
3. 2 Акционерлік қоғам қаржылық саясатының жаңа бағыттарын батыс тәжірибесімен салыстыру. 26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . 33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР35
КІРІСПЕ
Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастардың қалыптасу процесінің жүруімен сипатталады. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы экономиканың барлық сферасын қамтыған дағдарысты жеңу және экономиканы әкімшіл-әміршілдік арқылы басқарудың мүмкін еместігін алдын-ала анықтап берді.
Нарықтың қазіргі түсінігі меншіктің бір формасына монополия болуды теріске шығара отырып оның көптүрлілігіне экономикалық және саяси теңдіктің болуын талап етеді. Ол үшін нарық заңына сүйене отырып, экономикалық процестерді дұрыс реттеу, сондай-ақ шаруашылықтың іскерлік белсендігі үшін бір қатар ынталандыру жағдайларын жасау қажет.
Нарықтық қатынастардың даму жағдайындаакционерлік қоғамдардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл корпорациялардың тәуелсiздiкке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншiк иелерi, жұмысшылар, коммерциялық серiктестер және басқа конрагенттер алдында өзiнiң өндiрiстiк-кәсiпкерлiк қызметiнiң нәтижелерi үшiн толық жауапкершiлiкте болуымен байланысты. Нарықтағы кәсiпорынның өмiршеңдiгiнiң кепiлi мен жай-күйiнiң орнықтылығының негiзi оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркiн орын алмастыра отырып қолданып, тиiмдi пайдалану жолымен өнiмдi өндiру мен сатудың үздiксiз процесiн қамтамасыз ете алатын өзiнiң қаржы ресурстарының жағдайын көрсетедi.
Акционерлік қоғам - капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады.
Акционерлік қоғамда басқарудың ең жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол әдетте жылына бір рет өтеді, ал күнделікті істерге атқарушы орган - басқарма басшылық етеді. Мұның сыртында бақылаушы орган - тексеру комиссиясы сайланады. Акционерлік қоғамның тапқан пайдасы салықтар төлеуге, өндірісті кеңейтуге, резервтерді толықтыруға, жарғылық капиталды өсіруге және дивидендтер төлеуге жұмсалады. Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” Заң қабылданғаннан кейін Акционерлік қоғамдар құрыла бастады. 1998 жылы олардың саны 3 мыңнан асты. Акционерлік қоғамға қатысушылардың әрқайсысы өзі қосқан капиталдың сомасына сәйкес көлемдегі акцияларға ие болады және тиісті мөлшерде табыс - дивиденд немесе белгіленген пайыз алады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың қаржысын ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы бағыттары мен тиімді тәсілдерін даралап, қаржыландыру көздерінің ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер алға қойылған:
- Акционерлік қоғам қаржысының экономикалық мәні;
- Акционерлік қоғам қаржысын басқару әдістері (немесе басқаша жалпы басқару жайлы айтылуы тиіс) ;
- Акционерлік қоғам қаржысын ұйымдастырудың шетелдік тәжірибелері;
- «Шымкентмай» АҚ-ның қаржылық жағдайына талдау;
- «Шымкентмай» АҚ-ның қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері;
- ҚР-дағы акционерлік қоғам қаржыларын ұйымдастыруды жетілдіру жолдары;
- Акционерлік қоғам қаржылық саясатының жаңа бағыттарын батыс тәжірибесімен салыстыру.
Акционерлік қоғам қаржысын қарастыру кезінде, мен акционерлік қоғамдардың жұмысын талдадым, шет елдердің акционерлік қоғамдарымен салыстырдым.
- АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІАкционерлік қоғам қаржысының экономикалық мәні
Жалпы түрде акционерлік қоғам қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.
Акционерлік қоғам қаржысы - бiрыңғай қаржы жүйесiнiң құрамды бөлiгi және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлiгiн құрайды, материалдық және материалдық емес игiлiктер жасалатын және елдiң қаржы ресурстарының негiзгi бөлiгi қалыптасатын қоғамдық өндiрiстiң басты буынана қызмет көрсетедi. Олардың қаржысының болуы жалпы мемлекеттiң қаржысы сияқты, тауар ақша қатынастарының өмiр сүруiмен және экономикалық заңдардың iс-әрекетiмен байланысты [1] .
Қаржы қатынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру ретінде қолданғанда қолданылады. Бұған акционерлік қоғамдар қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы мүмкіндік туғызады: олар ашық немесе жабық үлгіде, толық немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам болуы мүмкін. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар категорияларының (кәсіпоырнның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), олардың түрлерінің (артықшылықты, атаулы, ұсынушыға арналған) әр алуандығына әсер етеді.
Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған тәртіппен анықталады. Таза табыс қоғамның қарамағында қалады және акционерлердің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады. Ашық акционерлік қоғам жарғылық капиталдың 15 пайызынан кем емес мөлшерде резервтік капитал құруға міндетті.
Акционерлік қоғамның мынадай жағдайда жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге құқығы жоқ:
- қоғамның жағымсыз меншікті капитал кезінде;
- егер қоғам төлеу қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі нышандарында жауап берсе.
Қоғам жарғыға сәйкес салықтарды төлегеннен кейін қызметшілер ішінде бөлу үшін табыстың белгілі бір пайызын, соның ішінде ақшалай сыйақы немесе акциялар түрінде бөле алады. Дивидендтер акциялар түрінде, облигациялармен, тауарлармен, егер бұл жарғыда қаралса, төлене береді [1] .
Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде тиімді жұмыс істеуде және дүниежүзілік практикада көпшілікке танылған нысан болып табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін - акция ұстаушыларды қазіргі кезеңде неғұрлым тиімді кәсіпорындардың немесе салалардың қаражататрын қалыптастыруға қатысуға араластырады, қаржы ресурстарының қызметтің аса басымырақ сфераларына қайта құйылуына мүмкіндік жасайды. Акционерлік нысанның құндылығына қаражаттардың жеке иелері үшін, тіпті жеке қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі кәсіпорындарды құру мүмкіндігі жатады. Акционерлік нысанның аса маңызды артықшылығы - сондай-ақ бір кәсіпорынның басқа кәсіпорынның қызметіне оның акцияларын сатып алу арқылы қатысу мүмкіндігі болып табылады.
Акция - акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәләндыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Жалпы акция шығару келесі жағдайларға байланысты жүргізіледі [1] :
- Жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда ;
- Меншікті акцияларындағы, яғни жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
- Қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда.
Сөйтіп, шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны қоғамның жарғылық капиталын құрайды. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез келген уақытта өз ойынша пайдаланылады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден бір түрі. Акция - компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып лау құқы.
Акция бірнеше түрге жіктеледі:
Сурет 1.
Сурет 1 - Акцияның жіктелуі
Бір жағынан бір акционерлерден басқа біреуге беру бөлінсе, екінші жағынан корпорацияны басқаруға қатысу құқығы бойынша - жай және артықшылықты акция деп те атайды.
Мұндағы атаулы акция - иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркелуге тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептелінеді [2] .
Ұсынушыға арналған акция - иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітапты акциялардың жалпы саны ғана көрсетіледі.
Акционерлік қоғамның немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндiрiс процесiнiң негiзгi жақтарын бiлдiредi және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септiгiн тигiзедi. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрi дамыту үшiн қажеттi ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшiн қолданылады. Мұндай тиiмдi даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесiнiң маңызды экономикалық құралы, экономикалық қайта құрудың қуатты құрамы болып табылатын корпорациялардың берiк әрi жақсы қалыптасқан және ұтымды ұйымдастырылған қаржыларынсыз мүмкiн емес.
Корпорациялық қаржы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Корпорацияның бөлгiштiк функциясының ерекшелiгi қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесiнде өндiрiлген өнiмнiң құны белгiленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелерi, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшiн пайыз) негiзiнде бөлiнетiндiгiнде болып отыр, мұның өзi қаржының ұдайы өндiрiс процесiнде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негiздеп бөлу қаржының ұдайы өндiрiстiк қосалқы функциясын да iске асырудың басты шарты болып табылады. Бөлу - өндiру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсiпорындардың өнiм өткiзуден түсiм-ақша алуы және оны өндiрiстiң жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға ұмтылады [3] .
Акционерлік қоғамның қаржысы сонымен бiрге бөлгiштiк функция шеңберiнде ұдайы өндiрiстiк функцияны орындайды. Оның мазмұны жай және ұдайы өндiрiс кезiнде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесiнде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестiктi қамтамасыз ету болып табылады. Бұл үшiн кәсiпорындар өнiм өндiру мен оны өткiзудiң жоспарлары, болжамдары мен ниеттерi негiзiнде уақыттың белгiлi бiр мерзiмiне кiрiстер мен шығыстардың көлемiн жасайтын, шығыстардың шамаланған меншiктi қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерiнiң уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелерi есебiнен, ал айрықша жағдайда бюджеттен бөлiнетiн қаражаттар есебiнен жабылатынын анықтайды.
Акционерлік қоғамның қаржысының бақылау функциясы кәсiпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсiз және бақылаусыз шаруашылық жүргiзуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бiрге экономиканы басқару, өндiрiстiң өсуiн ынталандыру және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажеттi бақылауды қамтамасыз ету процесiнде маңызды рөл атқарады. Қаржылармен бақылау тек қана корпорацияларда ғана емес, сонымен қатар осы қаржылардың жоғарғы қаржы-несие ұйымдарымен жүзеге асырылады. Корпорациялардың экономикалық қызметiнiң сферасындағы өндiрiстiк қатынастардың ерекшелiктерi таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен тоқайласуы, олардың өндiрiстiк капиталдардың ауыспалы айналымымен өте тығыз байланысты [5] .
Акционерлік қоғамның қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметi процесiнде басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен болатын мынадай топтарға iрiлендiрiлген ақша қатынастарына саяды:
- Басқа да әр түрлi кәсiпорындармен және ұйымдармен (олар: өнiм өткiзуден түсiм ақша алу, өткiзуден тыс табыстар, материалдық шығындарды өтеу, бағалы қағаздарды өткiзу, басқа кәсiпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау және т. б. ) ;
- Өзiнiң еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбеккке ақы төлеудi, сыйлық қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қоры, қызметкерлердiң қаражатарын тартуды) ортақтастырады;
- Өз iшiндегi бөлiмдермен олардың арасында қаржы ресурстарын тиiмдi бөлумен;
- Мемлекетпен-бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезiнде, мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алған кезде валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырады;
- Банктермен (қаржы қатынастарынының бұл тобы банк кредитттерiн алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгiлi бiр бос ақшаларды беру) ;
- Сақтаныру органдарымен мүлiктi, қызметкерлердi, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелдi сақтаныру жөнiнде. [4]
Акционерлік қоғамның қаржысына бiр жағынан жалпы қаржылардың экономикалық табиғатымен сипатайтын белгiлер, басқа жағынан қоғамдық өндiрiстiң түрлi сферасындағы қаржылардың қызмет етеуiне байланысты ерекшелiктер тән. Осылайша корпорация қаржыларына келесi белгiлер тән:
- Қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
- Өндiрiстiк құралдардың мiндеттi болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы.
- Жоғары белсендiлiк, кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң барлық жағына әсер ету мүмкiндiгi;
- Коропрациялардың қаржысы бүкiл қаржы жүйесiнiң айқындаушы негiзi болып табылады.
Сөйтiп, корпорациялардың қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.
Корпорация қаржысын тиiмдi ұйымдастыру кәсiпкерлiк қызметтi қаржыландыруды және оны несиелеудi жүзеге асырады. Оның басты мақсаты корпорацияның рыноктық ортада жоғары пайдаға жетуiн және шығындарын минималдауды қамтамасыз ету болып табылады [7] .
Рынокта қаржы микродеңгейде мемлекеттiк реттеудiң бiр формадағы құралы болып табылады, ал қаржылық нақты шешiмдi қабылдауды меншiк иесi iске асырады. Осыны көбiнесе нақты қаржылық шешiмдер қабылдап, ол қаржыларды өндiрiске қосатын корпорация, яғни корпорацияның қаржыгерлерi болып табылады.
Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес акционерлерге өз табысынан дивиденд төлейді. Дивиденд деген тиесілі акциялар санына байланысты акционерге төленетін сыйақы. Дивидендтер ақшамен, немесе акционерлердің келісімімен сол қоғамның бағалы қағаздарымен төленеді. Қоғам дивидендтер төлеуді тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, не жыл қоытындысы бойынша жариялайды.
1. 2 Акционерлік қоғам қаржысын басқару әдістері (немесе басқаша жалпы басқару жайлы айтылуы тиіс)
Акционерлік қоғамдардың қаржы тұрақтылығын бағалау объективтi, ғылыми негiзделген және үйлесiмдi ұйымдастыра отырып басқару, өндiрістiк, әсiресе қаржылық шешiмдер қабылдау үшiн оның қаржылық жағдайын талдау керек.
Акционерлік қоғамдардың қаржылық тұрақтылық жағдайын анықтағанда оған көптеген факторлар әсер етедi, оларды В. М. Радионова және М. А. Федотова келесiдей түрлерге жiктейдi:
- Пайда болу орнына байланысты - iшкi және сыртқы;
- Нәтижесiнiң маңыздылығына байланысты - негiзгi және негiзгi емес;
- Құрылысы бойынша - қарапайым және күрделi;
- әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Мұндағы iшкi факторлар кәсiпорынның өзiнiң жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсiпорын еркiне бағынышты емес [8] . Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететiн мынадай iшкi факторларды аатп көрсетуге болады:
- кәсiпорынның салалық топқа бөлiнуi;
- шығарылған өнiмнiң немесе көрсетiлге нқызметтiң құрылымы және оның жалпы төлем қабiлеттiлiгi бар сұраныстағы үлесi;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшерi;
- шығындардың көлемi, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
- кәсiпорынды басқару тиiмдiлiгi, яғни қаржы менеджментiе тиiмдi ұйымдастыру [6] .
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргiзудiң экономикалық жағдайының әсерi, қоғамда үстемдiк етушi техника мен технология, төлем қабiлетi бар сұраныс және тұтынушылыр табысының деңгейi; Қазақстан Республикасыынң салық және ақша-несие саясаты, кәсiпорынның қаржылық қызметiн бақылау жөнiндегi заң актiлерi, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Акционерлік қоғам тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерiмен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етедi. Сондықтан да серiктестермен реттелген iскерлiк қатынаста болу - корпорацияның жақсы қаржылық жағдайының бiрден-бiр шарты болып табылады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсiпорынның бәсекеге қабiлеттiлiк және оның iскерлiк қарым-қатынастағы потенциялын анықтайды, кәсiпорынынң өзiнiң және оның серiктестерiнiң қаржылық және басқа да қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары да бар болып келедi. Кәсiпорын бағасын талдаудың ең жақсы тәсiлi, бұл - талдау; ол кәсiпорынның даму бағытын бақылауға, қаржылық саясатты iске асыруды және шаруашылық қызметiне кешендi түрде баға беруге мүмкiндiк бередi.
Экономикада әрбiр кәсiпорын ұзақ мерзiмге дейiнгi уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап бередi: кәсiпорын осы мерзiмге дейiнгi уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсiпорынның дамуына байланысты қажеттiлiктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебi қаржылық тұрақтылықтың жетiспеушiлiгi кәсiпорынның төлеу қабiлеттiлiгiнiң жоқтығына және оның дамуына қажеттi қаражаттың болмауына әкелiп соғады [8] .
Жоғары сапалы өнiмдi үздiксiз өндiру және өткiзу кәсiпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерiн тигiзедi. Өндiрiс процесiнде өнiм сапасының төмендеуi және оны сатудың қиындықтары кәсiпорын шотына ақша қаражаттарының келiп түсуiне кедергi жасайды, нәтижесiнде кәсiпорынның төлеу қабiлетi төмендейдi.
Акционерлік қоғам қаржысы қаржы жүйесiнiң маңызды сфераларының бiрi ретiнде құн түрiндегi ЖIӨ жасау, бөлу және пайдалану процестерiн қамтиды. Сондықтан корпорация қаржысы материалдық өндiрiс кәсiпорындары қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастыру қағидаларымен бiрдей болып келедi [12] .
Жалпы экономикалық негiзде кәсiпорынның және корпорацияның қаржысын тиiмдi ұйымдастыру қағидасы сол корпорацияның мақсаты мен мiндеттерiмен тiкелей байланыста болады. Өйткенi қабылданған корпорацияның қаржылық жағдайы және қаржылық саясатының құрылымына қарай корпорация өзiнiң қаржыларын ұзақ және қысқа мерзiмде ұйымдастыруды жүзеге асырады. Корпорацияның қаржылық ұйымдастыру қағидаларына келесiлердi жатқызуға болады:
- Коммерциялық шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестiк, өзiн-өзi өтеу, өзiн-өзi қаржыландыру, қаржы-шаруашылық қызметтiң қорытындысына ынталылық, оның нәтижелерi үшiн жауаптылық, кәсiпорынның қызметiне бақылау жасау) ;
- Жоспарлылық және жүйелiлiк;
- Меншiктiң барлық нысандарының теңдiгi;
- Қаржы резервтерiнiң болуы.
Коммерциялық есеп - корпорациялардың шаруашылық-қаржы қызметiн жүргiзудiң негiзге алынатын қағидасы және басты әдiсi. Коммерциялық есеп қағидасы кәсiпорынға оның қызметi үшiн, оның жарғылық капиталын құрайтын қажеттi негiзгi және айналым құралдары тұрақты пайдалануға бөлiп берiлетiнiн блдiредi. Бұл қағида шығындарды шаруашылық қызметiнен алынған табыспен өлшеудi табыс алуды талап етедi.
Өзiн-өзi өтеушiлiк - шаруашылық жүргiзудiң негiзiн қалаушы қағидасы, ол корпорацияның өз өнiмiн немесе көрсетiлген қызметiнiң өткiзуден түсетiн түсiм ақша есебiнен оны өндiру мен және жеткiзiлiм жөнiндегi бүкiл шығындарды өтеудi бiлдiредi. Өзiн-өзi өтеушiлiктiң төменгi шегi - залалсыздық, яғни кiрiстер мен шығыстардың сандық түрдегi теңдiгi. Егер корпорацияның өзiн-өзi өтеушiлiк қағидасы iске аспай, ол ұзақ уақытқа созылатын болса, онда корпорация банкрот деп жарияланады [9] .
Өзiн-өзi қаржыландыру - нарықтық экономика жағдайында корпорациялардың шаруашылық қызметiнiң табысты болуының мiндеттi шарты. Бұл қағида өнiм өндiру мен корпорацияның өндiрiстiк-техникалық базасын ұлғайту жөнiндегi шығындардың толық өтелуiне негiзделедi, ол әрбiр кәсiпорын өзiнiң ағымдағы және күрделi шығындарын меншiктi көздерi есебiнен жауып отыру қабiлетiн бiлдiредi. Қаражаттардың уақытша жетiспеушiлiгi кезiнде оған деген қажеттiлiк банктiң қысқа мерзiмдi несиелерi мен коммерциялық несие есебiнен және ұзақ мерзiмдi несиелер есебiнен қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Ал бұл несиелер өз мерзiмi жеткенде корпорацияның қарамағындағы алынған пайдалардан өтеледi.
Акционерлік қоғамдардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы мiндеттi орындамағаны үшiн заңнамада белгiленген қаржы санкцияларының жүйесiмен анықталады [10] .
Жоспарлық қағидасы кәсiпорынның қаржылық қызметi өндiрiстiң мақсаттарына, мiндеттерiне, оларға жетудiң белгiленген әдiстерiне, жетудiң дәйектiлiгi мен мезгiлдiгiне қарай оның параметрлерiн есептеу арқылы алдын-ала қарастырылатынын бiлдiредi. Қаржылық жоспар корпорациялардың шаруашылық қызметiнiң нұсқалары бойынша бағалау және кейiнгi шешiмдердi қабылдау үшiн қызмет етедi.
Акционерлік қоғамдардың меншiгiнiң барлық нысандарының теңдігi қағидасы қаржылық қатынастардың тұрақтылығы мен меншiктiң түрлi нысандары кепiлдiгiнде теңдiк формасында жүзеге асырылады.
1. 3 Акционерлік қоғам қаржысын ұйымдастырудың шетелдік тәжірибелері
Шетел тәжірибесінде акцияның әртүрлі қолданылады:
а) атаулы акциялар;
ә) ұсынушыға арналған акциялар;
6) жой акциялар;
в) артықшылығы бар акциялар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz