Еліміздің банктерінде жүргізілетін активтік және пассивтік операциялардың түрлерін талдау, тартылған қаржы салымдарын талдау және осы талдау негізінде, Қазақстан банктеріне қосымша салымдарды тартуға ұсыныстар енгізу



КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДIҢ АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ.ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРІ
1.1 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының экономикалық мәні 5
1.2 Активті және пассивті операциялардың банк қызметіндегі алатын ролі, қызметтері және міндеттері 11
1.3 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларын жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі 17
2 ҚР.НЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕКIНШI ДЕҢГЕЙІНДЕГI БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының 2010.2012 жылдардағы көрсеткіштерін талдау 26
2.2 «Казкоммерцбанк» АҚ.ның қаржылық жағдайын, активті және пассивті операцияларының көрсеткіштерін талдау 36
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 66
Банктің пассивтік операцияларды жүргізудің нәтижесінде оның ресурсы пайда болады және банк балансының пассивінде көрініс табады.
Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражат құрайды. Банк олардың жиынтығын активтік операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады, яғни, табыс алу мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады.
Пассивтік және активтік операциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал, несие саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі әсер етеді. Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттерінің салым ақшалары жатады.
Активтерін басқарудың тиімділігін жетілдіру, коммерциялық банктер үшін әрқашан да өзекті мәселелердің бірі болған. Өйткені, өз активтерін тиімді басқара білу банктің жұмысының жалпы экономикалық тиімділігінің кепілі болып табылады. Сонымен қатар, қаражаттарды активтік операциялар арқылы тиімді орналастыру, активтер портфелінің оптималды құрылымын жасау өте жоғары біліктілік пен тәжірибені қажет етеді. Бұл мәселенің дұрыс шешілуі отандық банк жүйесін бір қадам алға жылжытады.
Банктік салымдар - қандайда бір болмасын коммерциялық банктің заңды қызметін жүзеге асыру үшін керекті салымдар жиынтығы. Банктік салымдар әртүрлі көздерден құралады және әртүрлі мақсатқа жұмсалынады. Салымдарды орналастырудағы банк мақсатының бір-ақ шарты бар — ол табыс көзін молайту арқылы банктің өтімділігін өте жоғары деңгейде ұстау.Өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін банктер бір қатар іс әрекетті жүзеге асыруы керек, олар банктік операциялар деп аталады. Бұл депозиттік операциялар тек банктің жұмысының жүзеге асуында ғана емес, өнеркәсіп салаларының, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының дамуында үлкен роль атқарады. Банктердің екі негізгі мақсаты бар екендігі белгілі. Оның бірі – бүкіл мемлекетте тараған жеке меншік жинақтар мен ақша капиталын өздеріне тарту, ал екіншісі жинақталған ақша қаражаттарын оларды тиімді пайдалана алатын сол арқылы өзіне пайда әкелетін тұлғалардың иелігіне беру.
Елбасымыз Қазақстан халықтарына жолдауында «Дүние жүзінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясында» қаржы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлді.
1 "Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметтері туралы” заң (өзгерістер мен толықтыруларды қоса) 31 тамыз 1995
2 “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциалдық нормативтер туралы ережесі” № 213 3 шілде 2003
3 «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР-сы заңы № 281-1 10.06.98 ж. № 415-2 13.05.2004ж.
4 «Банки Казахстана» №10, 2012 г. – Маженова Б. – Казахстанский Фонд гарантирования депозитов: опыт, достижения, перспективы.
5 «Банки Казахстана» №12, 2012 г. – Кошербаева Г. Почтово-сберегательная система на депозитном рынке страны. ҚР жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру Қорының қызметі туралы нұсқаулық.
6 «Банкротық туралы» ҚР-сының заңы № 427-2 03.06.2004ж.
7 «Деньги и кредит» - 2012. - №4. – Канцеленбаум З. К вопросу о сущности банковского депозита
8 «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы»№ 213 қаулысы 03.06.06 ж.
9 «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелді басқару және ішкі басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар туралы» № 434 06.12.2004 ж
10 «Несиелік бюролар және несиелік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР-сының заңы № 573-2 06.07.2005ж. берілген
11 «Ұлттық банк туралы» Заң 1995 жыл 30 наурыздағы № 2155
12 «Финансовые рынки и посредники» У.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева – Алматы, 2006
13 www.kkb.kz.
14 Айманова Л.Б.Управление кредитными рисками Казахстанскими коммер-ческими банками // КазЭУ хабаршысы 2012 г. № 3
15 Банковское дело/ Под ред. Г.С. Сейткасимова. – Алматы: Қаржы және қаражат, 1998
16 Банковское дело: Учебник / Под ред. Лаврушина О.И. – М: “Финансы и статистика”, 2002
17 Банковсое дело / Под ред. Сейткасымова Г.С. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005 г.
18 Воронин Д.В. Устойчивость банковской систем, роль кредитных бюро. // Банковсое дело,№ 10, 2012 г.
19 Гаджиев Ф.Р. Управление валютными рисками.// Деньги и кредит.2012.№9
20 Давлетов М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстана. Алматы: Қаржы-Қаражат, 2012 г.
21 Давлетов М.Ш:, Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. А.: Экономика, 2002 г.
22 ЖАҚ ”Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдеу (сақтандыру) қорындағы” өзгерістер 01.08.2004 жылға қатысты
23 Ильясов С.М. Управление активами и пассивами банков. // Деньги и кредит. 2012 г. № 5.
24 Калиев Г.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстана. Алматы: Қаржы-Қаражат, 2001 г.
25 Кондратюк Е.А. Понятие банковских рисков и их классификация // Деньги и кредит. 2012г. № 6
26 Копбаева Г.Ш. Управление кредитными рисками // Деньги и кредит. 2012 г №1
27 Көшенова Б.А. Ақша, Несие, Банктер, Валюталық қатынастар. – Алматы: Экономика, 2001 г.
28 Кредитная политика АО «Народный Банк Казахстана»
29 Кредитное бюро – мост между кредиторами и заемщиками, интервью с Анваром Ахмедовым, Натальей Пирожковой и Владимиром Ивлевым // Рынок ценных бумаг Казахстана, № 9, 2012 г
30 Кулмагамбетов А.Р. Управление финансовыми рисками. // Рынок ценных бумаг Казахстана . 2012 г. № 9.
31 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің статистикалық бюллетені. - 2012-2012
32 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім)
33 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы және жеке бөлім).
34 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің хабаршысы - 2012 жыл
35 Қазақстанның қаржы нарығы. 2011 жылдың ақпан айының мәліметі// Қазақстан банклері.
36 Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының заңы 19 шілде, 2004 ж.
37 Лисак Б.И. О системах управления рисками в коммерческих банках // Банки Казахстана .2012. № 3
38 Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары.–Алматы: ИздатМаркет, 2005 г.
39 Н. Ә. Назарбаев. Дүние жүзінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегисы. Елбасының Қазақстан халқына жолдауы - Астана, 2012
40 Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан-2030». Алматы «Юрист». 2012. 69-бет.
41 Осипенко Т.В. О системе рисков банковской деятельности. // Деньги и кредит. 2012 г. № 4.
42 Сагындыкова М. О. Правила включения банков второго уровня в систему обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов депозитов физических лиц. Банкки Казакстана, №9, 2012 г.
43 Сейтенова З. Риски банковских организаций // РЦБК .2012 г. №2
44 Супрунович Е.Б. Управление рыночным риском // Банковское дело 2012 г. №1
45 Тлеукулова Г. Организация взаимодействия головного банка с филиалами при управлении кредитными рисками // Финансы и кредит. 2012 г.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1 ҚАЗАҚСТАНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДIҢ АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРІ

1.1 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының
экономикалық мәні
5
1.2 Активті және пассивті операциялардың банк қызметіндегі алатын
ролі, қызметтері және міндеттері
11
1.3 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларын жүзеге
асырудың шетелдік тәжірибесі
17

2 ҚР-НЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕКIНШI ДЕҢГЕЙІНДЕГI БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ
ЖӘНЕ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің активті және
пассивті операцияларының 2010-2012 жылдардағы көрсеткіштерін талдау

26
2.2 Казкоммерцбанк АҚ-ның қаржылық жағдайын, активті және пассивті
операцияларының көрсеткіштерін талдау
36

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ЖӘНЕ
ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Қорытынды
64

Қолданылған әдебиеттер
66

КІРІСПЕ

Банктің пассивтік операцияларды жүргізудің нәтижесінде оның ресурсы
пайда болады және банк балансының пассивінде көрініс табады.
Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және
тартылған қаражат құрайды. Банк олардың жиынтығын активтік операцияларды
жүзеге асыру үшін пайдаланады, яғни, табыс алу мақсатында жұмылдырылған
ресурстарды орналастырады.
Пассивтік және активтік операциялар бір-бірімен тығыз байланысты.
Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік
операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал, несие саласындағы банк
саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі әсер етеді. Банк
ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттерінің салым
ақшалары жатады.
Активтерін басқарудың тиімділігін жетілдіру, коммерциялық банктер үшін
әрқашан да өзекті мәселелердің бірі болған. Өйткені, өз активтерін тиімді
басқара білу банктің жұмысының жалпы экономикалық тиімділігінің кепілі
болып табылады. Сонымен қатар, қаражаттарды активтік операциялар арқылы
тиімді орналастыру, активтер портфелінің оптималды құрылымын жасау өте
жоғары біліктілік пен тәжірибені қажет етеді. Бұл мәселенің дұрыс шешілуі
отандық банк жүйесін бір қадам алға жылжытады.
Банктік салымдар - қандайда бір болмасын коммерциялық банктің заңды
қызметін жүзеге асыру үшін керекті салымдар жиынтығы. Банктік салымдар
әртүрлі көздерден құралады және әртүрлі мақсатқа жұмсалынады. Салымдарды
орналастырудағы банк мақсатының бір-ақ шарты бар — ол табыс көзін молайту
арқылы банктің өтімділігін өте жоғары деңгейде ұстау.Өз мақсаттарын жүзеге
асыру үшін банктер бір қатар іс әрекетті жүзеге асыруы керек, олар банктік
операциялар деп аталады. Бұл депозиттік операциялар тек банктің жұмысының
жүзеге асуында ғана емес, өнеркәсіп салаларының, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының дамуында үлкен роль атқарады. Банктердің
екі негізгі мақсаты бар екендігі белгілі. Оның бірі – бүкіл мемлекетте
тараған жеке меншік жинақтар мен ақша капиталын өздеріне тарту, ал екіншісі
жинақталған ақша қаражаттарын оларды тиімді пайдалана алатын сол арқылы
өзіне пайда әкелетін тұлғалардың иелігіне беру.
Елбасымыз Қазақстан халықтарына жолдауында Дүние жүзінің бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясында қаржы саласын дамытуға
ерекше көңіл бөлді.
Қазақстан банктері осы жоспарды орындай отырып, олар Қазақстанның қаржы
нарығының қалыптасуындағы қиыншылықтарды табысты шешуде. Соңғы жылдардағы
еліміздегі банктердің санының азаюы және мықты банктерге қаржы салымдарының
шоғырлануының нәтижесінде Қазақстан Республикасының банк жүйесіне сенім
артты. Ал бұл із кезегінде салымшылардың бос ақша қаражаттарын коммерциялық
банктерге салуына жағдай жасады.
Банк активтерін қалыптастыруда негізгі мақсаттардың бірі – депозиттік
саясаттың дұрыс жүргізілуі.
Бүгінгі күнгі өзекті мәселе – нарықтық экономика жағдайында қосымша
салымдар тарту мүмкіндігі, ол банктердің қаржылық тұрақтылығы, олардың
тартымдылығы, яғни қызмет көрсету деңгейі, клиенттерге деген қарым-
қатынастары және әр түрлі салымшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын
түрлі қаржылық инструменттердің болуына байланысты.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты – еліміздің банктерінде жүргізілетін
активтік және пассивтік операциялардың түрлерін талдау, тартылған қаржы
салымдарын талдау және осы талдау негізінде, Қазақстан банктеріне қосымша
салымдарды тартуға ұсыныстар енгізу.
Диплом жұмысын жазу барысында келесідей міндеттер қойылды:
Активтік және пассивтік операциялардың экономикалық мәні мен түрлерін
қарастыру;
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік және
кредиттік саясатының қалыптасуын қарастыру;
Депозиттік салымдарды тарту әдістері мен Қазақстандағы банктердің банктік
есебін қарастыру;
Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың даму кезеңдерінің
ерекшеліктеріне тоқталу;
Коммерциялық банктердің депозиттік және несиелік саясатының депозит
нарығындағы роліне көңіл аудару;
Қазақстан Республикасындағы депозиттік және несиелік нарықтың қазіргі
жағдайына талдау жасау;
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізі. Диплом жұмысын
жазу барысында "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет
туралы" заңдық күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актілері мен
статистикалық деректері, отандық және шетелдік оқу әдебиеттері, мерзімді
басылымдарда жарияланған банктің білікті мамандарының еңбектері және
Казкоммерцбанк акционерлік қоғамының мәліметтері пайдаланылды.
Диплом жұмысының обьектісі “Казкоммерцбанк” АҚ Астана қалалық
филиалының мәлiметтерi негiзiндегi несие қатынастарын ұйымдастыру iс-
тәжiрибесi (практикасы) пайдаланылды.
ҚР екінші деңгейдегі коммерциялық банктерінде жүргізілетін активтік
және пассивтік операциялар болып табылады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы ретінде тұрғындардың коммерциялық
банктердегі салымдарын көбейту үшін, олардың банк жүйесіне деген
сенімділігін арттыру үшін, көрсетілетін банктік активтік қызметтер туралы
ақпараттардың ауқымын кеңейту үшін банктік маркетингті жетілдіру ұсынылады.

1 ҚАЗАҚСТАНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДIҢ АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРІ

1.1 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының
экономикалық мәні

Банк – ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде
қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым .
Банк ресурстарын банктердің меншікті, қарыз және тартылған қаражаттар
құрайды. банк олардың жиынтығын активтік операцияларды жүзеге асыру үшін
пайдаланады, яғни табыс алу мақсатында жұмылдырылған ресурстарды
орналастырады.
Пассивтік және активтік операциялар бір бірімен тығыз байланысты.
Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік
операцияларды жүргізудегі мүмкіндігіе анықтайды, ал кредит саласындағы банк
саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі әсерін тигізеді.
Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттерінің
салым ақшалар жатады. Алайда бөтен капиталды тарту үшін банктердің меншікті
капиталы болуы керек. Бұл қиын сәттерде кредит берушінің сенімді болуы үшін
қажет. Банктің меншікті қаражатына жарғылық және резервтік қорлары сондай-
ақ, банк пайдасы есебінен қалыптасқан өзге де қорлар сақтандыру резервтері
және жыл ішінде бөлінген пайда жатады.
Банктік салымдар және олардың түрлері
Кез-келген нарықтық экономикада банктік жүйе негізгі төрт функцияны
жүзеге асырады:
жинақ ұстаушылар мен инвесторлар арасында делдал қазметін атқарып, қысқа
мерзімді депозиттерді орта мерзімдіге, орта мерзімді депозиттерді ұзақ
мерзімді депозиттерге айналдырады;
тартылған ақша қаражаттары негізгі және фрикциондық резервтік жүйе
жағдайында несиелік ақшаларды қалыптастырады, сөйтіп айналыстағы ақша
массасын көбейтеді;
банктердің депозиттік және несиелік саясаттары экономикадағы ақша ұсынысына
әсерін тигізеді;
орталық банкпен белгіленген шектеулер шегінде қызметін жүзеге асыра отырып,
оған ақша – несие саясатын жүргізуге көмектеседі.
Нарықтық қатынастардың дамуымен байланысты ресурстарды тарту құрылымы
да көптеген өзгерістерге ұшырап, банк жүйесіне жеке және заңды тұлғалардың
бос қаражаттарын жинақтаудың жаңа түрлері дами бастады.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозиттік шоттардың
көптеген түрлері кездеседі. Бұл банктердің бәсекелестігі жоғары нарықта
банктік шоттарға жинақтарды және уақытша бос қаражаттарды тартып осы
банктік ресурстарға деген әртүрлі клиенттер тобының сұраныстарын мейлінше
қанағаттандыруға ұмтылумен байланысты.
Қазақстан Республикасының ҚР банктер және банктік қызметтер туралы
заңында депозит анықтамасы келесідей берілген:
Банктік салымдар дегеніміз – бұл бір тұлғаны, депозиторды екінші тұлға
– банкке (соның ішінде Ұлттық Банкке) оларды талап етуі бойынша немесе
белгілі бір уақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын ала
келісілген сыйақымен немесе сыйақысыз тікелей салымшыға (депозиторға)
қайтарылуы тиіс немесе оның бұйрығы бойынша басқа бір тұлғаға берілуі тиіс
ақша сомасы.
Банктік салымдар – салымшының, банкке алдын ала келісілген сыйақы
қосылып қайтарылу шарты негізінде берілген, ақша қаражаттары.
Банктік салымдар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың
ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар,
акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар,
үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік
органдарының қаражаттарын коммерциялық банктерге қызығушылықпен
орналастырады. Бұл салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді,
екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез-келген уақытта қайтаруды талап етіп
қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар
табыс әкеледі.
Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары, салымшы үшін
екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан кіріс әкелетін ақша ретінде, ал екінші
жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.
Банктік салымдар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
1) банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай
жасауға;
2) депозиттік операциялар қызмет етуі керек;
3) банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында, икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
4) банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын
мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы
қажет; депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша
операциялардың арасында мерзім және сомалары бойынша өзара
байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
5) депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану.
Банктермен тартылатын салымдардың көлемі негізінен негізгі 2 факторға
тәуелді болып келеді:
1) халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
2) олардың банктік жүйеге деген сенімділігі;
Ашық нарықтық қатынастардың даму жағдайында тұрақты экономикалық өсуді
қамтамасыз ету үшін, тек инвестициялардың жоғары үлесі жеткіліксіз. Сонымен
қатар, ЖҰІ – дегі жинақтардың үлесі де жоғары болуы және ол көрсеткіш ЖҰІ –
ге қатысты инвестицияның жиынтық үлесінен артық болуы жөн. Яғни
инвестициялар ішкі қаражаттар есебінен қаржыландырылуы тиіс.
Сонымен, қазіргі таңда халық жинақтарын ішкі инвестицияның негізгі көзі
ретінде кең көлемде тарту, экономикадағы көкейтесті мәселелердің бірі болып
отыр. Жинақтарды тартудың экономикадағы екі негізгі жолдары (бағалы
қағаздар нарығы немесе қаржылық мекемелер) арқылы салымдар жасау. Бүгінгі
күні Қазақстанда негізгісі болып қаржылық институттар, әсіресе банктер,
халық салымдарын тартудағы бәсекеде басыңқы орын алуда.
Соңғы кездерде ақпараттық құралдарда және экономикалық басылымдарда
Қазақстанның банктік секорының оңтайлы дамуы жайында көптеген мәліметтер
кездеседі. Қазақстан Республикасының банктік секторы 10 жыл аралығында
жинақ салымдарын құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде
сақтауды ынталандыру үшін пайдалынады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар
кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен қолданады. АҚШ – та корпорациялар,
фирмалар және басқа да коммерциялық ұйымдар үшін шоттың шекті соммасы
150мың доллар көлемінде белгіленген.
Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары
қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға және т.б. мақсаттарға, әдетте ол
халыққа қосымша қызметтерді (пошталық, телеграфтық, саудалық және т.б.)
ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және
шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар
бойынша чектер берілмейді.
Жинақ салымдары мерзімді салымдардың маңызды бірлігін құрайды.
Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі – мерзімді депозиттік сертификат болып
табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлемемен белгілі бір мерзімге
банкіге қаражаттарды енгізгендігін куәландыратын ақшалай құжат, оларды
компанияларға, фирмаларға және өте бай иемденушілерге 100 мың доллардан кем
емес сомада беріледі. Олар екінші ретті нарықта сатылуы және басқа тұлғаға
өтуі мүмкін – берілетін және салымшының өзінде қалатын, берілмейтін болады.
Ақшаны мерзімнің аяқталуымен, тек сертификаттарды ұсыну арқылы банктен
алуға болады, ал мерзімі – 14 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін.
Сонымен жинақ салымдарына (шоттарына) мынадай сипаттама беруге болады:
ақша қаражаттарының сақталуының нақты белгіленген мерзімі болмайды;
салымды кез-келген уақытта хабарламай алуға болады;
шотқа ақша қаражаттарын салу немесе алу кезеңінің жинақ кітапшасы
депозитормен ұсынылады. Ол кітапшада ақша қаражаттарының барлық қозғалысы
көрініс табады.
Жеке тұлғалармен ашылатын жинақ салымдарының мынадай түрлері бар:
- мерзімді жинақтаушы салым;
- қосымша толықтырылған салым;
- ағымдағы жинақтаушы салым.
Мерзімді жинақтаушы салым бойынша нақты мерзім белгіленеді немесе осы
салымды шоттан алынатын мерзімі белгіленеді. Мерзімді жинақтаушы салым
бойынша төленетін сыйақы мөлшері басқа жинақтаушы салымдарымен
салыстырғанда жоғары болып келеді.
Қосымша толықтырылатын жинақтаушы салымы, бұл шотқа алдын ала
келісілген ақша сомалары аударылып отырады. Жинақталған қаражат белгіленген
күнде беріледі (жаңа жылда, мектеп бітірген кезде және тағы басқа).
Ағымдағы жинақтаушы салымы – негізінен жалақыны аудару үшін
пайдаланады. Бұл шот бойынша ақша қаражаттарының келіп түсуі және аударылуы
еркін жүзеге асады.
Америка банктерінің тәжірибесінде 1982 жылы ақша нарығының ДСДР
депозиттік шоттары пайда болды және олар резервтік талаптарға жауап берген
кезеңінде жинақтаушы шоттар категориясына жатқызылатын болды.
Бұл шоттардың ерекшеліктерін мыналардан байқауға болады:
ақша нарығының басқа инструменттерінің ставкалары өзгеру нәтижесінде шот
бойынша ставка мөлшері апта сайын өзгеріп отырады;
салым мерзімі алды ала келісіледі, алайда банктер клиенттерінің қаражатты
алатындығын 7 күн бұрын хабарлауын талап етеді;
салымдар салымдарды сақтандыратын федералды корпорациямен сақтандырылған;
Шот иесі үшінші тұлғаларға төлемдер жүргізу үшін шот бойынша айына тек
6 аударымды жүзеге асыруға құқығы бар.
Депозиттік операциялар банктің қызметін, банктік қорларда еркін ақша
нарығындағы қорларды тұтыну үшін каражатты пайдаланушылар мен инвесторлар
арасындағы делдалдық қызметті айқындайды. Депозиттерді тарту арқылы банк,
басқа банктердің және клиентердің несиелік ресурстарға деген
мүмкіншіліктерін кеңейтеді, сол арқьілы өзінің табыс табу базасын
ұлғайтады. Қазақстан Республикасындағы комерциялық банктердің депозиттік
операциялары Қазақстан Республикасының Ата Заңына, Қазақстан Республикасы
Президентінің заңдық күші бар "Қазақстан Республикасындағы банктер және
банктік қызмет туралы" 31 тамыз 1995 жылдағы және "Салық және басқада
бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы" 24 сәуір 2000 жылғы
жарлықтарына, сонымен бірге "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан
Республикасының 1996 жылдың 24 желтоқсанында бекітілген Заңына және
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің "Екінші денгейдегі банктерде
клиентердің банктік шоттарын ашу, жүргізу жабу тәртібі туралы" 4 наурыз
1996 жылғы және т.б. нұсқауларына сәйкес реттеледі. Елімізде депозиторлар
ретінде Қазақстан Республикасының резидентері мен резидент емес заңды және
жеке тұлғалары, банкгің клиенттері және клиент еместері бола алады. Сонымен
қатар депозит ретіндегі салымдар ұлттық және шетел валютасында салынады.
Депозиттік операцияларды жүргізудегі коммерциялық банктердің негізгі
мақсаты банкгерде жинақгалған арзан ресурс көздері ретіндегі ақша
қаражаттарын өздеріне пайда келетіндей етіп активті операцияларға тиімді
түрде орналастыру. Шот ашу кезінде банкпен депозитор арасында күқықгық
қатынастар пайда болады, олар тек қана бюджетке аударылатын салықгы шегеріп
тастап, есептелген сыйақы мен толық есептелген депозит сомасы қайтарылған
кезде тоқтатылады, заңды күші бар жарлыққа және құқықтық қатынас банк пен
клиент арасында бекітілетін келісім-шартқа сәйкес реттеледі. Банктің
депозиттік базасының көбеюі келесілермен жүзеге асады: қаржылық
мекемелердің және басқа банктердің несиелері және корреспонденттік шоттары
мен занды тұлғалардың есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражаттары есебінен;
занды тұлғалардың депозиттік шоттарындағы қаражаттар есебінен; жеке
тұлғалардың депозиттік шоттарындағы қаражаттар есебінен.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынандай топтарға бөлуге
болады:
- мерзімді депозиттер;
- талап етуге дейінгі депозиттер;
- тұрғындардың жинак салымдары;
- депозиттік сертификаттар;
Өз кезегінде осы топтың әрқайсысы әр түрлі белгі бойынша жіктеледі:
1. Мерзімді депозиттер банкке қабылданған мерзімдеріне
байланысты төмендегідей болып жіктеледі:
- Мерзімі 3 айға дейінгі депозиттер;
- Мерзімі 3 айдан 6 айға дейінгі депозиттер;
- Мерзімі 6 айдан 9 айға дейінгі депозитер;
- Мерзімі 9 айдан 12 айға дейінгі депозиттер;
- Мерзімі 12 айдан жоғары депозиттер;
2. Талап еткенге дейінгі депозиттер шоттағы сақталып тұрған қорлардың
бөлігіне және мерзіміне байланысты жіктеледі. Сақталуы бойынша арнайы
шоттағы қаражаттар, әртүрлі меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындардың,
бюджеттік, ағымдағы және есеп айырысу шотындағы қаражаттар деп бөлінеді.
3. Жинақ салымдары банкте сақталу ерекшеліктеріне байланысты: мерзімді,
қосымша жарналар қосылып отыратын, ұгысты, ақша-затгай ұгысты, шартты,
талап етушіге, ағымдағы талап еткенге дейінгі, жинақгалым сертификаты,
пластикалық қарточка болып бөлінеді.
4. Депозиттік сертификаттар ұлттық және шетел валюталарындағы
депозиттік сертификаттар болып бөлінеді[5,6,7].
Енді осы депозиттер түрлеріне жеке-жеке тоқталайық. Депозиттердің әрбір
түрлерінің өзінің ерекшеліктері мен кемшіліктері бар. Осылардың ішінде
талап етуге дейінгі депозиттер неғұрлым өтімді болып келеді. Олардың иелері
талап еткенге дейінгі шоттағы ақша қаражатын кез-келген уақытта пайдалана
алады. Яғни, талап етуге дейінгі депозиттер — бұл салым иелерінің алғашқы
талап етуіне байланысты әртүрлі кұжаттар арқылы нақты ақшаларын алатын әр
түрлі шоттардағы қаражаттарды білдіреді. Талап етуге дейінгі депозиттік
шоттардың ерекшеліктері төмендегідей болып келеді: осы шотқа ақша
қаражаттарын салу немесе оны алу кез-келген уақытта ешқандай шектеусіз
жүзеге асырылады; осы шоттан ақша қаражаттарын қолма-қол ақша түрінде
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк зандылықтары мен бекіткен тәртіпте
алуға болады; шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде
немесе коммиссиондық ақы алып отырады. Талап етуге дейінгі депозитер
бойынша коммерциялық банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкте
сақталатын міндетті резервтерге жоғары мөлшерде аударымдар жасайды.
Ал осы шоттың негізгі кемшіліктері болып мыналар саналады:
1. Бұл шот бойынша пайыз мүлдем төленбейді немесе өте төменгі мөлшерде
төленеді;
2. Коммерциялық банк үшін- өтімділікті ұстап тұруға қажетті өте жоғарғы
мөлшерде қорларының болу шарты;
Отандық банктік тәжірибеде талап етуге дейінгі депозиттерге мыналар
жатады: әртүрлі занды тұлғалардың есеп айырысу, ағымдық шоттардағы, әр
түрлі мақсатқа тағайындалған арнайы шоттардағы қаражаттар, басқа банктердің
корреспоңденттік шоттарындағы қаражаттардың калдығы, республикалық және
жергілікті бюджет қаражаттары,шетелдік банк-корреспонденттер шоттарындағы
қаражаттардың калдықгары. Талап етуге дейінгі депозиттер салымшының банкке
алдын ала хабарламасынсыз алынуы немесе кез-келген уақытта басқа тұлғаға
аударылуы мүмкін. Талап еткенге дейінгі депозиттер — ол белгілі бір уақыт
аралығында банктің пассивтік шотында жататын ақша қаражаттары, сондықган
банктік шотқа қаражаттың түскен сәтін анықгауы мүмкін емес. Талап етуге
дейінгі депозиттер банктің міндеттемесі болып табылады. Депозитке қатысты
банктің міндеттемесі депозит қабылданған сәттен басталады. Талап етуге
дейінгі депозит өніміне жатқызылатын қызмет көрсетуден табыс тек қана ол
табыс әкелген кезде есептелінеді.
Салымның келесі бір түрі ол мерзімді депозит. Мерзімді депозиттерге
клиентермен жасалған депозиттік келісім-шартта көрсетілген, белгіленген
мерзім ішінде банктік шотта сақгалатын ақша қаражаттары жатады. Оларды банк
осы мерзімдегі қорлар секілді еркін түрде пайдалана алады. Бұл депозиттің
түрі ақылы, сондықганда келісім-шарта банк міндетті түрде төленетін
сыйақыны көрсетеді. Берілген депозитті несиелік ресурс ретінде қолданған
үшін банк алатын пайыз мөлшерінен төмен болуы керек екендігі түсінікті.
Несие үшін алынатын және клиентке депозит үшін төленетін пайыздар
арасындағы айырмашылық банк пайдасы болып табылады. Мерзімді депозиттік
шоттардың нақты белгіленген мерзімдері бар. Солар бойынша иелеріне
белгіленген сыйақы төленеді жөне әдеттегідей салым мерзімі жетпей алу
бойынша белгілі бір шектеулер бар. Мерзімді депозиттік шоттағы сақгалып
тұрған ақша қаражатары үшін талап етуге дейінгі депозиттерге қарағанда
міндетті қорлар нормасы өте төмен болады. Клиент үшін мерзімді депозиттік
шоттың артықшылығы - жоғарғы пайыз алу болып табылады. Ал мерзімді
депозиттердің басқа депозиттерден мынандай ерекшеліктері бар:
- олар есеп айырысу үшін пайдаланылмайды және мұндай шоттарға
ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражаттар баяу айналады;
- тұрақгы түрде пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғары деңгейі Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банк тарапынан реттеліп отырылады;
- ақша алу туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.

1.2 Активті және пассивті операциялардың банк қызметіндегі алатын ролі,
қызметтері және міндеттері

Экономикалық теорияда активтер түсінігі кең мағынада өткен кезеңде
жасалған операциялар мен келісімдер нәтижесінде, болашақ экономикалық пайда
табу. Болашақ пайда активтердің айырбас әкелу, өндірісте қолдану және
міндеттемелерді өтеу қабілетімен байланысты. Активтен түскен пайда көбіне
таза қолма-қол ақшаның ағылу формасында жүреді. Активтер келбетін алу үшін
кез-келген ресурс, (қолма-қол ақшалардан басқа) басқа ресурстармен бірге
немесе бөлек болашақтағы ақшалай ағымды тура немесе жанама қамтамасыз етуі
керек. [2, 53-28 б.]
Коммерциялық банк активтері- Коммерциялық банктің ресурстарын қолдануын
және орналастыруын бейнелейтін бухгалтерлік баланс баптары. Банктік
активтер негізінен активтік операциялар негізінге құралады, яғни табыс табу
мақсатында орналастырылған меншік және тартылған қаражат, және өтімді, және
банктік қызметті қамтамасыз етуге байланысты шаралар. өз табысының негізгі
бөлігін банк осы активтік операциялар арқасында құрайды.
Коммерциялық банктің баланстық есептерінен келесі актив баптарын бөліп
көрсетуге болады:
- Қолма-қол ақшалар және оларға теңестірілген қаражаттар ;
- Несиелер;
- Бағалы қағаздарға салынған инвестициялар;
- Банктің ғимараты мен жабдықтары.
Қолма-қол ақшалар және теңестірген қаражаттар.Қадағалау органдары
коммерциялық банктің алдына қаражаттардың бір бөлігін қолма-қол формада
немесе басқа банктерге талап еткенге дейінгі шоттарда ұстауға талап қояды.
Банктегі қолма-қол ақша айырбастау, салымдарды қайтару, әр түрлі
операциондық шығындарды жабуға, оның ішінде: қызметкерлер жалақысы және әр
түрті материалдар мен қызметкерлер үшін төлемдерді өтеу үшін қажет. Қолма-
қол ақша және оларға теңестірілген қаражаттар бабының ішіне орталық
банктегі және басқа банктердегі корреспонденттік шоттағы ақша қаражаттары,
банкноталар, монеталар, инкассация процесіндегі төлем құжаттары кіреді.
Несиелер. Табыс табу тұрғысынан қарағанда коммерциялық банктің негізгі
қызметінің түрі-сауда беру болып табылады. Қаржыларды әр түрлі несиелік
операцияларға орналастыруда, банк басқармасы клиенттің несиеге деген
қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, табыс алуды көздейді. Ал несиелік
келісім-шарттың өтімділік деңгейі екінші орында. Сонымен қатар банк-
басқармасы несиелік портфель ішіндегі қаражаттарды орналастыру мәселесін
шешуі керек, яғни сатып алуларды неиелеу және сауда өнеркәсіптік
компанияларды несиелеу немесе қозғалмайтын мүлікті несиелеу сияқты сауданың
түріне қарай. Мұндай болу несиелердің салыстырмалы табыстылығына және заңға
байланысты шектеулерді есепке алғанда, несиеге деген сұраныс деңгейіне
байланысты жүргізіледі.
Бағалы қағаздарға салынған инвестициялар. Коммерциялық банктер бағалы
қағаздарды өтімді ұстау, табыстылықты жоғарлату үшін сондай-ақ
міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін сатып алады. Ұзақ мерзімді бағалы
қағаздар әдетте жоғары табыс әкеледі, сондықтан оларды мерзімі аяқталғанға
дейін ұстайды. өтімділікті қамсыздандыру мақсатында банк белгілі бір
салаларды басқа да бағалы қағаздарға: банктік акцепттерге, нарықта
айналыста жүрген коммерциялық бағалы қағаздарға, брокерлік-саудаларға
орналастырылады. Табыстылықты жоғарлату үшін банктер қаражаттарын
мемлекеттік мекеменің облигацияларына инвестицияланады.
Арналуына қарай активтерді топтастыру. Арналуына қарай активтерді 5
категорияға бөлуге болады:
- Банк өтімділігін қамтамасыз ететін активтер, кассалық активтер;
- Банкке ағымдық табыс әкелетін айналым активтері;
- Стратегиялық мақсатқа жетуге және болашаққа табыс алуға арналған
инвестициялық активтер;
- Банктің шаруашылық қызметін қамтамасыз етуге арналған
капитализацияланған (айналыстан тыс) активтер;
- Басқа да активтер.
Кассалық активтер. Коммерциялық банк басқа да функцияларымен қатар
шоттардан қолма-қол ақша қаражаттарын аудару сияқты күнделікті
операцияларын үздіксіз жүргізіп отыруы керек. Ол үшін банктегі
қаражаттардың бір бөлігі ақша формасында корреспонденттік шоттағы қалдықты
және қолма-қол түрде банктің кассасында болуы керек. Банк иелігіндегі
қаражаттардың үлкен бөлігі бұл талап еткенге дейінгі шоттағы қаражаттар.
Заңнамалық тұрғыдан алғанда салым иелері бұл қаражаттарды банктан кез-
келген уақытта талап етуі мүмкін, сондықтан банк олардың қажеттіліктерін
қанағаттандыра алуы керек. Бірақ клиенттердің банктардан салымдарын бір
уақытта сұрау ықтималдығы өте аз, өйткені ол банкте немесе банктік жүйедегі
дағдарысқа тән. Сондай-ақ, егер банк клиенттерінің қаражаттарын ақшалай
формада ұстайтын болса, ол аз шығындарын жабуға қажетті табыстан айырылады.
Сол үшін банк күнделікті клиенттердің қаражаттарындағы қажеттіліктерін және
қажетті қаражаттар мөлшерін дұрыс анықтауы керек. Мұндай активтерді
өтімділігі жоғары немесе кассалық активтер деп атайды.
Кассалық активтерге келесілер жатады:
- Банк кассасындағы қаражат, айырбас пунктіндегі қаражат,
банкоматтағы қаражат, валютадағы төлем құжаттары;
- Бағалы металдар;
- ҚРҰБ-гі корреспонденттік шоттағы қаражаттар;
- Коммерциялық банктегі корреспонденттік шоттарындағы қаражаттар;
- Міндетті резервтер қорына аударылған қаражаттар.
Айналым активтері. Бұл активтерді де табысты айналым немесе тәуекел
активтері деп атауға болады. Активтерді бұл топқа жатқызудың негізгі
критерийі олардың табыс әкелу және тез айналысқа түсу қасиетіне байланысты.
Аталған топқа бағалы қағаздарға салынған қысқа және орта несиелер жатады.
Жұмыс істеуші активтердің бір түріне банкаралық несиелер, коммерциялық
банктерде немесе ҰБ-те орналастырылған депозиттерді жатқызуға болады. Жұмыс
істеуші активтердің құрылымын детальді түрде былай жіктеуге болады:
- Ссудалық және оларға теңестірілген қаражаттар;
- ҚРҰБ-гі депозиттер;
- Коммерциялық банктердегі депозиттер;
- Факторингтік операциялар;
- Лизингтік операциялар;
- Қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салымдар;
- Мемлекеттік қазыналық міндеттемелерге салынған қаражаттар;
- Басқа да қағаздық міндеттемелерге салынған қаражаттар;
- Банк портфеліндегі вексельдер.
Инвестициялық активтер.Активтердің бір бөлігін тікелей және портфельді
инвестиция түрінде ұзақ мерзімді салымдарға орналастырды. Мұндай
салымдардың мақсаты-тәуекелді диверсификациялау, болашақта жоғары табыс
алу, банктің әсер ету ауқымын кеңейту. Активтер тобының бұл бөлігі банк
ерекшеліктеріне және елдегі инвестициялық климатқа байланысты. Қарапайым
комметциялық банктердің инвестициялық активтерінің үлес салмағы әдетте
барлық активтердің 10%-нан аспайды. Ал маманданған инвестициялық банктерге
бұл көрсеткіш 50-60% құрауы мүмкін.
Капитализацияланған активтер. Өзінің негізгі қызметін іске асыру үшін
банктер әр түрлі ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын,
компьютерлерді, банктік сейфтерді т.б. жалға немесе сатып алады. Мұндай
қаражаттар айналымға қатыспайды, сондықтан оларды айналымнан тыс активтер
деп атайды. Баланстың кейбір баптарымен қатар капитализацияланған активтер,
иммобилизацияланған активтерге жатады. өнеркәсіптік кәсіпорындарға
қарағанда коммерциялық банктерге активтер құрамында негізгі қорлар және
мүмкіндігі аз ғана орын алады (10-15%). Олардың бұл мөлшерден көп болуы
коммерциялық банктың активтер құрылымының тиімсіздігіне және өтімділік пен
капитализацияланған активтер саласы меншік капиталымен толығымен жабылуы
шарт. Капитализацияланған активтер құрамына мыналар жатады:
- Банктің негізгі қорлары;
- Материалды емес құндылықтар;
- Шаруашылық материалдары.
Басқа да активтер.Басқа да активтер қатарына негізінен дебиторлық қарыз
транзиттік шоттар, болашақ кезең шығындары, банк шотына қате аударылған
қаражаттар жатады.
Активтердің жалпы сомасында мұндай активтер өте аз 0-ден 10%-ға дейін
ғана болады. Активтердің бұл бөлігінің жоғарлауы банк қызметінің
нашарлағаны немесе қаржылық есептің бұрмаланғандығын куәландырады. [3, 65-
74 б.]
Номиналдық депозиттік проценттік ставка немесе номиналдық сыйақы –
белгілі бір кезең аралығында уақыт бойынша инфляцияның өсу қарқынын есепке
ала отырып белгіленеді. Сондықтан, коммерциялық банктерде проценттік
ставкалардың барлығы сыйақы мөлшерін қоса есептегенде тек қана номиналдық
мөлшерде белгіленеді.
Сонымен:
r – нақты проценттік ставка;
i – номиналдық проценттік ставка;
U – инфляция;

i = r + U
(1)

Коммерциялық банктер барлық индикаторлардың мөлшерін номиналдық
дәрежеде белгілей алады.
Тұрақты депозиттік проценттік ставка (тұрақты сыйақы) дегеніміз банк
пен клиент арасындағы келісім бойынша белгілі бір кезеңде уақыт аралығында
көрсетілген депозиттік проценттік ставка. Бұл ставка депозиттік шартта
көрсетілген мерзім аралығында екі жақтың келісімінсіз қайта қаралмайды және
ол қандай да бір болмасын кезеңде өзгере бермейтін орталық индикаторлардың
мөлшерімен тығыз байланыстырылады. Жиі өзгере бермейтін орталық
индикаторларға:
1. қайта қаржыландыру ставкасы;
2. ЛИБОР, КИБОР, т.б.
3. қайта есептеу ставкасы;
4. ломбардтық ставка;
Ізгермелі депозиттік проценттік ставка дегеніміз - белгілі бір кезең
аралығында банк пен клиенттің келісімі бойынша қайта каралып отыратын
ставканы айтамыз. Депозиттік проценттік ставкалардың немесе сыйақының
мөлшеріне тұрақты немесе өзгермелі болып келуі, олардың нақты және
номиналдық түріне жататындығында емес, екі контрагенттің өзара келісіміне
байланысты.
Базалық депозиттік проценттік ставка дегеніміз - банкаралық несиелік
нарықта коммерциялық банктер бір – біріне артық ақшалай ресурстарды ұстау
және сатып алу үшін белгіленетін депозиттік проценттік ставканың ең төменгі
мөлшері, сондықтан мұны мұндай нарықта базалық депозиттік проценттік ставка
деп атайды.
Сонымен бірге депозиттік проценттік ставкалар еркін қалыптасу
дәрежесіне байланысты да екі түрге білінеді:
1. нарықтық депозиттік проценттік ставкалар;
2. ресми депозиттік проценттік стаквалар.
Депозиттің жалпы сомасын табудың үш түрлі әдісі қалыптасқан. Себебі
депозиторлар үшін депозиттің сомасы екі бөліктен тұрады:
1. банктергі депозиттік шотқа салынған алғашқы сома – S0
2. депозиттің мерзімі біткеннен кейінгі депозиторға тиесілі сыйақы
сомасы– S
3. депозитордың жалпы капиталы - Sn

Sn = S0 + S (2)

Sn есептеудің әдістері:
1) Жай проценттік есептеу әдісі:
Sn1 = S0 (1+iB *t)
S0 – алғашқы сома
I - номиналдық проценттік ставка
в – уақыт базасы
t – депозит мерзімі
Бұл әдіс көп жағдайда банктерде, егер конверсиондық кезең бір жылдан
аспаса кеңінен қолданылады.
Егер t 1 болса, онда жалпы депозиттің сомасын тарту үшін мына екінші
әдіс қолданылады.
2) Күрделі есептеу әдісі:

Sn2 = S0 (1+i)t (3)

Бұл екі түрлі есептеу әдісінің ортақ шарттары бар:
1. депозитор банктегі депозиттік шотқа бір ғана конверсиондық кезеңге
бірақ рет салады;
2. конверсиондық кезең бойынша уақыт аралығында номиналдық проценттік
ставка тұрақты болып келеді;
3. депозитор депозиттік шоттан ақшасын конверсиондық кезең аяқталған
соң ғана ала алады.
Сонымен қатар, айрмашылықтары да бар:
1. егер t 1 болса, онда Sn1 Sn2 болады;
2. егер t 1 болса, онда Sn1 Sn2 болады;
3. егер t = 1 болса, онда Sn1 = Sn2 болады;
t = 1теңдігінен жаңа ұғым тауып аламыз:
4. жылдық тиімді жай проценттік ставка;
5. жылдық тиімді күрделі проценттік ставка.
Жай проценттік есептеу формуласындағы в – уақыт базасы деп аталады.
Әдетте уақыт базасын бір жыл ішіндегі күндердің, айлардың санымен
өрнектейді. Әлемдік банктік тәжірибеде уақыт базасының үш түрлі үлгісі
қалыптасқан:
1. англо – саксондық үлгі;
2. романо – германдық үлгі;
3. францздық үлгі.
Англо – саксон үлгісінде бір жылдағы күндердің саны –365 тең, ал бір ай
ішіндегі күндердің саны нақты календарь арқылы анықталады. Қазақстанның
коммерциялық банктері осы үлгіні қолданады.
Романо – герман үлгісі бойынша уақыт базасының мөлшері 360 тең, ал әр
айдағы күндердің саны стандартты түрде 30 күнге теңестіріледі.
Француз үлгісі бойынша бір жыл ішіндегі күндер саны – 360 тең, ал әр
айдағы күндердің саны нақты календарь бойынша анықталады.
3) Сонымен жалпы депозитті жалпы сомасын анықтаудың үшінші әдісі –
аннуитет деп аталады.

Sn = S0 (1 + i)t - 1 і (4)
Аннуитет дегеніміз ағылшынның “мерзім сайын төлем” дегенді білдіреді.
Бұл формуламен жалпы депозиттің сомасы мынадай жағдайда табуға болады:
1. конверсиондық кезең бірдей шамаға өзгеріп отырады;
2. жалпы конверсиондық кезеңдер бойынша номиналдық проценттік
ставканың мөлшері өзгермейді;
3. депозиттер депозиттік есеп шотқа мерзім сайын ақша салып отырады
және әрбір салымның мөлшері бірдей;
4. депозиттік шотқа ақша салу әрбір конверсиондық кезеңнің аяғында
жүзеге асырылады.
Егер, депозиттік шотқа ақша әр конверсиондық кезеңнің басында
салынса, онда депозиттік сома былай анықталынады:

S0 = S0 (1 + i)t –1 I (1+i) (5)

Салымдар (депозиттер) бойынша сыйақыны бірнеше әдістер арқылы
қалыптастыруға болады.
Депозиттік қызметтер үшін белгіленетін тарифтер арасындағы айырма
төмендегі бір немесе бірнеше факторларға байланысты болады:
1. шот бойынша жүргізілетін операциялар саны;
2. белгілі бір уақыт аралығындағы шоттағы орташа қалдық;
3. салым салынатын мерзім.
Жоғарғы табысты клиенттерді тартуға бағытталған бағаны қалыптастыру
Бұл әдісті көптеген банктер қолданады. Банктер жоғары табысы бар
клиенттерге арнап жақсы әзірленген жарнаманы қолдану арқылы клиенттерді
қызмет түрлерімен және олардың бағаларымен таныстырып, оларды өздеріне
тартады. Осы әдіс банктерге үлкен табыс береді. Әдетте, мұндай клиенттерге
қызмет көрсетуші менеджерлері болады.
Клиенттерге көрсетілетін қызметтердің сандық мөлшеріне байланысты
депозиттерге баға белгілеу.
Депозиттердің бағасын анықтаудағы ең бір тиімді әдістердің бірі - әр
бір клиентке кірсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасына сәйкес оларға
деген бағаны белгілеу. Банктің екі немесе одан да көп қызметін сатып алатын
клиенттер үшін төменгі тариф мөлшерлемесін тағайындайды немесе басқада
клиенттермен салыстырғанда төлемін кешіктіріп жүзеге асыруға мүмкіндік
береді. Оның себебі, клиент банктің көп қызметтерін пайдаланған сайын, сол
банкке тәуелді болады.
Банктер депозиттерге тиімді баға қалыптастыра отырып өзінің әр бір
қызмет түрі бойынша клиенттер тобын құрады. Депозиттердің бағасының өзгеруі
тек депозиттік және несиелік пайыз мөлшерлемелері айырмасын ұлғайтып қана
қоймайды, сонымен қатар банктің даму стратегиясын және болашақтағы пайдасын
анықтайды.
Мынаны айта кеткен жөін, депозиттік пайыз мөлшерлемесі мен несиелік
пайыз мөлшерлемесінің айырмасы аз болған сайын, банк депозиттердің
бағасының өзгеруіне өте сезімтал болып келеді.

1.3 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларын жүзеге
асырудың шетелдік тәжірибесі

Жинақ кассаларының жалпы жүйелік жобасы 1826 жылы пайда болды. Бұл
мекемелер алғашында 1775 жылдары барлық губернияларда және уездік қалаларда
қайырымдылықты дамыту үшін құралғын болған. Одан жинақталған қаражатқа
ауруханалар, мүгедектер үйі, жетім балалар үйлері жабдықталатан болған.
Кейіннен қаржы жүйесінің дамуы нәтижесінде 1860 жылы Мемлекеттік банк
құрылды, оның бөлімшелер торабы Қазақстан территориясында да құрыла
бастады. Мемлекеттік банктің бірінші бөлімшелері Орал, Петропавловск, Семей
және Верный қалаларында құрылды, жинақ, несиелік-есеп айырысу операциялары
жүргізілетін. Ұсақ салымшыларға қызмет көрсетілетін, салымдар жалпы негізде
алынатын, ал қаржылардың қайтару және ұсақ несие беру орталық касса
есебінен жүргізілетін, яғни қаражат осының есебінен алынатын болған.
Үкімет тартылған қаражаттардың сақталуын қамтамасыз етті, кассалар
салым құпиясын сақтауға міндеттенді. Клиенттерге шот ашылып, жинақ
кітапшасы берілетін болды, сонымен қатар ай сайын процентер есептелініп
тұратын. Егер шотта 30 жыл аралығында қозғалыс болмаған жағдайда салым
мемлекет пайдасына айлатын болды.
Біртіндеп Қазақстанның несие жүйесі Ресей империясының несиелік
жүйесінің құрамдас бөлігі болды. Осы кезеңде үш деңгейлі несие жүйесі
болды: бірінші деңгей – Мемлекеттік банк, екінші деңгей – Банк секторы, бұл
кібінесе жинақ және коммерциялық банктер, үшінші деңгей – мамандандырылған
несие институттары.
Ресейдің жинақ қызметінің тарихы 150 жылдан астам уақытты қамтиды.
Жинақ ісі – бұл өркениеттің дамуы. Жеке ақша жинақтарының қалыптасуы
экономикалық процесс, кез-келген дамыған қоғамның өміріне қажетті элемент.
Жинақ ісі өзінің пайда болуынан бастап мемлекеттің және еңбеккерлердің жеке
мүдделерін қамтитын болды. Халықтың жинақтарын банктің пайдалануы
мемлекеттің дамуына және сол мезетте халықтың тұрмысының жақсаруына алып
келеді.
Қазақстан территориясында 1898 жылда 84 жинақ кассалары болды, 1897
жылдан бастап барлық уездік қазынашылықтарда көптеген банктік операциялар
енгізілді: ақша айырбастау, купон бойынша проценттер төлеу және процентті
қағаздар бойынша капитал төлеу, жинақ кассаларының операциялары,
Мемлекеттік банк мекемелерінің ордерлары бойынша қаражаттарды қабылдау және
беру, жеке қаражат сомаларын аудару, ағымдағы шоттарға мерзімді және
мерзімсіз салымдарды қабылдау, процентті қағаздарды кепілге қоя отырып
ссуда беру және тағы да басқа қызмет түрлері көрсетілетін болды.
Жинақ қызметінің дамуының екінші кезеңі жиырмасыншы ғасырдың екінші
жартысына тиеді. Ақтөбеде 1923 жылы жинақ кассасы ашылды, 1936 жылы Алматы
қаласында СССР Жинақ Банкісінің филиалы ашылды. Осы жылдардан бастап жинақ
жүйесінің халықтың көптеген массасына арналған жинақ жүйесінің жаңа тармағы
дами бастады.
Осыдан кейін Қазақстанда 335 жинақ кассалары қалыптасқан болатын. 1929
жылы Қазақстандағы барлық жинақ кассаларының қызметін басқарумен
айналысатын Республикалық жинақ кассасы құрылды. Салымшылардың көп мөлшерін
тарту мақсатында жинақ кассалары тікелей зауыт-фабрикаларда, колхоздар мен
совхоздарда ашылатын болған.
Мемлекеттік қарыздарды орналастыру есебінен түскен қаражаттар 1922-1925
жылдары мемлекеттік бюджеттің 7.5 пайызын құрады, ал 1925-1928 жылдары –
6.8 пайызын құрады. Бұл қаражаттар халық шаруашылығын қалыптастыруда
маңызды рөл атқарды.
Жинақ қызметін дамыту мақсатында комиссиялар құрылып, заңдар, қаулылар
қабылдана бастады.
Кейіннен 1988 жылы жүзеге асқан банктік реформа екі деңгейлі банк
жүйесін қамтыды: орталық банк – мамандандырылған банктер.
Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан
нарықтық экономика талаптарына сай келетін банктік жүйені қалыптастыруға
кірісті. 1991 жылдың қаңтарында “Қазақ ССР-ндағы банктер және банктік жүйе
туралы ” Заң қабылдады.
1993 жылы Жинақ Банкісі Қазақстан Республикасына тиесілі “Қазақстан
жинақ банкісі” болып тәуелсіз заңды құрылым болып қайта құрылады.
Қазіргі кезеңде депозиттік операциялар екінші деңгейлі банктердің
пассивтерінің негізі болып табылады. Коммерциялық банктерге халық сенімі
арттып отыр, соның нәтиежсінде салымдардың мөлшері де артуда. Банктер
депозиттерді әр түрлі шарттармен беруде. Бұлар балаларға арналған жинақ
депозиттері, зейнеткерлерге арналған депозиттер және т.б.
Қазақстан Республикасындағы жалпы жинақтар және депозиттік нарық
жайында тек 1994 ортасынан бастап айта аламыз. Осы кезеңде теңгенің
долларға қатысты бағамы айтарлықтай тұрақталды, инфляция деңгейі біршама
төмендеді. Осы кезден бастап қаражат жинақтауға жағдай туындай бастады.
Республикамызда теңгемен салынған депозиттердің үлесін арттыру үшін
банктер бірнеше шаралар қолдануда. Оның үстіне, 2000 жылдың 15 қарашасында
құрылған жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық
кепілдендіру (сақтандыру) Қорының қайтаруды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес
теңгелік депозиттердің басқаларына қарағанда біршама артықшылықтары
туындады. Қор 2001 жылдан бастап қызметін жүзеге асыруына байланысты,
депозиттерік нарықтағы теңгеде салынған депозиттер үлесі арта бастады.
Әлемде тұрғын үй сферасын инвестициялау технологиясы негізгі үш принцип
бойынша құралады: келісім-шарт жинақтары, ипотекалық весиелеу, мемлекеттік
көмек. Әрине, бұл принциптердің жүзеге асырылу механизмі бір-бірінен
ерекшеленеді. Мысалыға, келісім-шарт жинақтарының әртүрлі моделдері Батыс
Европа елдерінде кеңінен қолданылады. Ал Құрама Штаттарда тұрғын-үй
құрылысын инвестициялаудың ипотекалық моделі басьш,
Келісім-шарт жинактарының классикалық формасы - күрылыс жинақ кассалары
Германияда әрекет етеді. Бұл XVIII ғасырдың соңында шахтерлік поселкілерде
қарапайым принцип бойынша бастаған: ег\ф бір үй күрылысына 10000 мың
бірлігі қажет болса, ал жеке үй алғысы келгендердің жылына тек мың ақша
бірлігін ғана үнемдей алады, тиісінше үйді ол тек он жыл өткеннен соң ғана
салуға шамасы келеді. Осыпдай үй салуға ынтасы бар адамдардың онының
жинактарын біріктірген жагдайда олардьщ біреуі жыл өткен соң үйлі болады,
ал екінші екі жылдан соң т.с.с. Осылайша, соңғы адамнан басқалары үтып
отырғанын көруге болады.
Германияда тұрғын үй құръшысын инвестициялаудың негізгі
институттарының бірі - күрылыс жинақ кассалары. Бүгіиде тұрғын үйдің әр
төрт бірліктің үшеуінің күрлысы тұрғын үй күрылыс жүйесінің
катысуымен каржыландырьшады. Құрлыс жинақ кассасындағы тұрғын үй
заемдарына ресурс көзі болып азаматтардың салымдары түріып үй несиесін
пайдаланғаны үшін заем алушының төлемдері жәме де мемлекеттік премия (ол
құрлыс жинақ келісім-шартына сәйкес жыл ішінде салымшы өз шотына белгілі
бір сомманы салса ғана төленеді). Гүршн үй несиесіи алуга мүмкіндік тек
күрлыс жинақ кассасының салымшысына белгілі уакыт өткен соң (әдетте бес-
алты жыл) туады, салымшы келісім-шартта белгіленген сомманы ай сайын салып
отырады. Сыйакы ставкасы (салым бойынша да несие бойынша да) келісім
шарттың әрекет ету уакытына бекітіліп қояды. Тұрғын үй заемын жабу мерзімі
құрлыс жинақ келісім-шартына сәйкес белгілі мерзімде жүзеге асады. Заемды
өтеудің ең ұзақ мерзімі он екі жыл. Сыйақы ставкасы әдетте жылына 5-6%
күрайды (орташа нарықтың ставкадан 4% төмен).
Мемлекеттік жәрдем формалары тек құрлыс жинақ кассаларыиың
салымшылырының жыл сайынғы премияларымен шектеліп коймайды. Тұрғын-үй
несиесін алған соң мемлекет несие алушыға көмек көрсетудің тікелей
(проценттерді өтеудегі ақшалай дотациялар) жәпе жапама (салықтың
жеңілдіктер) формаларын қолданады.
Құрлыс жинақ кассасының салымшыларына төленетін бес жүз мың неміс
маркасы соммасындағы мемлекеттік премиясы, тұрғын-үй сферасына он бір
миллиард неміс маркасы соммасында қосымша инвестицияның түсуін
ынталандырады. Бүдан басқа, үй сатып алу кезікдегі мемлекеттік жәрдем
ретіндегі төленетін әрбір марка, кейін мемлекетке 2,8 марка болып салық
ретінде қайтарылады.
Германиядағы ипотекалық несиелеу кадастрлық қызметтің кең тармағына
негізделеді, олар белгілі бір крнтерилер бойынша жер учаскілерінің барлығын
есепке алумен айналысады. Жер учаскілерінің шекарасының көлемін көрсететін
жылжымайтын мүлік кадастрінен карағанда жер кітапшасы жер учаскесінің иесі
кім екендігін және ондағы ғимараттық пәтерлерді коса, мүліктегі қандай
құқықпен камтамасыз етулер болып жатқанын хабардар етеді. Бұл екі құжат
(жер кітапшасы және жылжымайтын мүліктін кадастры) әртүрлі мекемелермен
жүргіізлсе дс олар бірін-бірі толықтырып отырады. Жер кітапшалары әділет
органдарының шенеуніктерімен жүргізіледі және жылжымайтын мүлікке деген
құқықтың өзгеруі осы кітап арқылы жүргізледі. Оның меліметтері ашық, ал
заңмен бекітілген жер кітапшасының сеыімхатына бүхарапык сенімділік
қағидасы мүлікке деген меншік құқығымен танысу процедурасын оңайлатады.
Әйтпесе, қымбат тұратын адвокаттық конторалардың қызметтеріне мәжбүрлік
туатын еді. Жер кітапшасының мақса-іы - жылжымайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі нарығы
Банктің депозиттік қызметі
Банктің депозиттік портфелінің құрылымы
Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары жайлы
Коммерциялық банктердегі депозиттік саясат
Коммерциялық банктің пассивтік операциялары және олардың сипаттамасы
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары жайлы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік нарығын талдау
Банк салымдарын міндетті сақтандыру жүйесінің негізгі міндеті - халықтың банктерде салымдар мен шоттарда орналасқан жинақ ақшасын қорғау
Пәндер