Қазіргі банктік қызметтер нарығын бағалау, қиындықтарын анықтап, даму жолдарын, мүмкіндіктерін көрсету


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Банктер мен банк қызметтерінің мәні . . . 7
1. 2 Банк қызметтерінің жіктелуі . . . 11
1. 3 ҚР-ғы банктік қызметтер жағдайы . . . 22
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫН ТАЛДАУ
2. 1 ҚР-ғы банктік қызметтер нарығының жағдайын жалпы талдау. 28
2. 2«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ көрсететін қызметтердің және оларға комиссиялардың өзгерісі . . . 37
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Диплом тақырыбының өзектілігі. Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес ҚР-дағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады. ҚР Ұлттық банкі - мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді. Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) - екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды. Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он алты жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылуы қажеттігі ұсынылады. [5. 153 б. ]
Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т. б. Бұлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді. Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының өтімділігі мен табыстылығының қолайлы үйлесімділігін, банк атағын құру мен қолдауын және т. б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді.
Банктің клиенттерімен қарым-қатынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялары, төлем карточкалары сонымен қатар трасталық қызметтер, бағалы металдарды сақтау және т. б. Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстанның экономикалық нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан коммерциялық банктер әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, жаңашыл (инновациялық) технологияларды енгізу арқылы өздерінің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алады.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді. Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Банктік қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипаттамасына банктік қызметтер нарығындағы бәсеке көп ықпал етеді. Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр. Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады. Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т. б. жүргізеді. Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының өтімділігі мен табыстылығының қолайлы үйлесімділігін, банк атағын құру мен қолдауын және т. б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді. [11. 121б. ]
Банктің клиенттерімен қарым-қатынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялары, төлем карточкалары сонымен қатар трасталық қызметтер, бағалы металдарды сақтау және т. б.
Көп клиенттермен банктік операцияларды орындау - дамыған несие жүйесі бар әлемнің барлық елдеріндегі қазіргі банктік қызметтің маңызды ерекшелігі.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.
Соңғы жылдарда қаржы нарықтарының ақша және капитал нарықтарының құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтарды шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі біріктірілген, өзара байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен тұтынудың айырмасын көрсетеді.
Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.
Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары - біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі. Осы сұрақтардың шешімін табуға өзіміздің отандық экономист-ғалымдардың, қаржы саласының білікті мамандарының қосқан үлесі көп. Атап өтетін болсақ: Ғ. С. Сейітқасымов, О. Б. Баймұратов, Н. К. Кучукова, С. Б. Мақыш, А. Ә. Илияс, Ш. Р. Әбділманова, К. Ш. Дүйсенбаев, Сембиева, А. Б. Зейнелғабдин, Ұ. М. Искаков, Р. Е. Елемесов, С. Ж. Интыкбаева, С. С. Арыстанбаева, Н. Н. Хамитов, З. Д. Искакова, Ә. Д. Шелекбай, Г. Т. Абдрахманова, А. А. Мусина, А. Ш. Жанболатова және т. б. еңбектерінде кездеседі.
Диплом жұмысының әдістемелік негізі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілері, статистика бойынша Қазақстан Республикасының Агенттілігінің статистикалық материалдары болып табылады. Жұмыс процесінде жалпы ғылыми, статистикалық және экономикалық-математикалық әдістер қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі үш бөлім және оған сәйкес тақырыпшалардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Диплом жұмысының мақсаты: қазіргі банктік қызметтер нарығын бағалау, қиындықтарын анықтап, даму жолдарын, мүмкіндіктерін көрсету.
Диплом жұмысының міндеттері:
- Банктік қызметтер нарығына талдау жасау;
- Қазақстандық банк жүйесін, қызметтерін шет ел тәжірибесімен салыстыру;
- Банк қызметін реттеу мен қадағалаудағы мемлекеттің өкілеттілігін айқындау;
- “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ негізінде банктік қызметтерге нарығына баға беру, негізгі көрсеткіштерін талдау.
Зерттеу нысаны: Қазақстандағы банктік қызметтер нарығын және оны дамыту жолдарын зерттеу.
Диплом жұмысына әдістемелік және мағлұмат негізі ретінде, Қазақстан Республикасының банктік жүйе мен банктік қызметтерге қатысты заң, ереже, нұсқаулары мен нормативтік - құжаттық актілері, отандық және шетелдік авторлар еңбектері, журналдар, интернет-сайттар және т. б. қолданылды.
Диплом жұмысының теориялық маңызы: Банк қызметін реттеу мен қадағалаудың даму және жетілдіру кезеңдері, мәні, қажеттілігі мен мазмұны.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы, банктік қызметтер нарығын екінші деңгейдегі банктер, “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ мысалында талдау жасау және оның даму перспективаларын қарастыру.
- КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Банктер мен банк қызметтерінің мәні
Банк жүйесінің маңызды элементі - банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғандығы туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) XIV-XV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI-XVII ғасырларда Венецияда, Генуяда, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді. [8. 151б. ]
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде - феодализм тұсындапайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екнін айтуға болады.
Өкінішке орай, “банк” сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады.
“Банк” сөзі “banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Бұл “айырбас столы” тауарлармен сауда жасалатын алаңда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі нысандағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б. э. д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б. э. д. VI ғасырда Ежелгі Вавилонда салым операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б. э. д. IV ғасырда ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді. [8. 152, 153б. ]
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? - деген сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шірку мекемелері екен. Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банк қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруға сенім қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк - Ағылшын банкі 1694 құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
Әрине, мұның бәрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышартын ғана сипаттайды.
Ендеше, осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны таңғалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі тағы бір нәрсе - бұл несиенің жеке нысаны мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы жеке тұлға емес, несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.
Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк ұғымына мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк “ірі несиелік мекеме” ретінде сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операцияларының қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиенттерінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғанына тарих куә. [8. 155 б. ]
Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға сәйкес, б. э. д. III ғасырда айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін сатып алу-сату, және басқа да операцияларды орындаған.
Банктің пайда болуы туралы қарастырған оның мәнін ашуға жақындайды, бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қыметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңи және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы “банктік операциялар” ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт немесе материалдық өнім жасайтын өндіріс саласы түсінілген. Бірақ экономиканың басқа да буындарына “кәсіпорын” деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым салынбаған.
Ежелгі Русьте “кәсіпорын” деп кандай да бір іспен немесе қызметпен айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен айналысатын банк сияқты субъектіге “банк - бұл кәсіпорын” деп айту өзінше дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі “кәсіпорын” - бұл біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде фабрика да, зауыт та емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне қарай ажыратылады. Ең бастысы - банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзара ажыратылатын, оның қызметінің өндіріс саласы емес, айналыс және айырбас саласында жүзеге асуына байланысты болуы.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс саласының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беуінен байқалады. Оның негізгі өнімі “несие” болғандықтан, банкті - “несиелік мекеме” деп атаған.
Сондай-ақ, банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады. [8. 156 б. ]
Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі - несие деп түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі түсінікте “коммерциялық банк” - бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге аыратын ақша-несие институты болып табылады.
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” Заңның 1-бабына сәйкес, “банк - осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”. [1. 315б. ]
Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz