Қазіргі кездегі коммерциялық банктің қызметіндегі несиелік саясаттың рөлін айқындау және оны жетілдіру жолдары


Мазмұны
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Кіріспе
Несиенің мәні мен ролі өте ауқымды, оның көмегіарқылы біз экономикалық жүйенің алдында тұрған бар мәселелерді шеше аламыз. Бос ақшалай қаражаттардың уақытша бір телімнен босатылуы, ал басқаларындаоған деген қажеттіліктің туындауы сияқты қиындықтарды несиенің көмегіарқылы жеңуге болады. Бір қалыпты ұдайы өндіріс процесін қалыптастыру үшін несие бостатылған капиталды шоғырландырып және капиталдың құйылуын күтеді. Сонымен қатар, несие ақшаайналыс процесін жылдамдатады және де сақтандыру, инвестициялық, нарықтық қатынастарды реттеуде маңызды орын алады. Несие беру қызметін бастамастан бұрын банк әуелі өзінің несиелік саясатын қалыптастырып алуы тиіс, сондай-ақ оны шынайы тәжірибеге енгізудің жолдары мен құралдарын қарастырып, нақтылап алуы қажет. Банк саясатының қалыптасуы банк қызметін жоспарлау кезеңдерінің құрамдас бөлігі табылады. Банктің несиелік саясаты, біріншіден, клиенттер мен несиелік құралдарды таңдау басымдықтары арқылы, екіншіден, банк қызметкерінің тәжірибелік қызметін реттейтін және осы басымдықтарды тәжірибеде жүзеге асыратын нормалар мен ережелер арқылы, үшіншіден, банк басшылығының құзіреттілігі мен несие қызметкерлерінің біліктілік деңгейіарқылы анықталады.
ҚР ҰБ несиелік нарықтың жай-күйіне тоқсан сайын жүргізетін зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, банктердің несиелік саясатты жұмсарту себептерінің бірі сапалы заемшылардың тапшылығы болып табылады. 2012 жылы банктерден алынған ақпарат бойынша несиелік ресурстарға корпоративтік сектор тарапынын да, сол сияқты жеке тұлғалар тарапынын да сұраныстың өскені байқалады. Бұл ретте, егер ірі және шағын бизнес тарапынан несиелік ресурстарға сұраныстың төмендегені байқалса, орташа бизнес тарапынан ұлғаю байқалады. Ірі кәсіпорындар тарапынан сұраныстың төмендеуі банктердің қатаң несиелік саясатымен, сондай-ақ банктердің негізінен айналым қаражаттарын қаржыландыруға және қазіргі борыштарды қайта құрылымдауға қысқа мерзімді кредиттер берумен түсіндіріледі, оның салдары ретінде көптеген ірі кәсіпорындар өз ресурстарын пайдалануды артық санайды. Банктердің ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынуды қаламауы екі негізгі фактормен түсіндіріледі - сапалы заемшылардың және жобаларды несиелеу үшін ұзақ мерзімді ресурстардың жетіспеуі [1] .
Несиелік портфель сапасының төмендігі және салыстырмалы түрде алғанда тәуекелдің жоғарғы деңгейі банктердің несиелік белсенділігін тежейтін факторлар болып қалуда.
Дипломдық жұмыстың мақсаты -қазіргі кездегі коммерциялық банктің қызметіндегі несиелік саясаттың рөлін айқындау және оны жетілдіру жолдарын іздестіру.
Осы аталған мақсатқа сай алдымызға мынандай міндеттерді қойдық:
- несиелік саясат туралы түсінік беру, несиелік саясаттың элементтерін
нақтылау;
- коммерциялық банктің несие саясатын қалыптастыратын негізгі факторларды айқындау;
- банктердегі несиелік саясаттың шетелдік тәжірибесімен таныстыру;
- банк қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау;
- несие саясатының өзгеруі және несие қоржынының сапасына баға беру;
- несиелік қоржынның сапасын жақсарту жолдарын сипаттау;
- Қазақстан Республикасының екінші деңгейіндегі банктердің несиелік саясатын жетілдіру жолдарын табу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - Қазақстан Республикасындағы несиелік саясаттың нәтижесі ретіндегі коммерциялық банктер мен несие алушылар арасындағы қатынастар.
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі болып «Цеснабанк» АҚ-ның қызметі мен несиелік қоржыны алынды, ал зерттеу мәселесі ретінде несиелік саясаттың мазмұны мен оны жетілдіру жолдары қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы :
- коммерциялық банктердің несиелік саясат тиімділігін арттыру бағытының теориялық аспектілері қарастырылды;
- несие саясатының өзгеруі және несие қоржынының сапасы талданды;
- банк секторының несиелік белсенділігін айқындайтын факторларға және несиелік тәуекелдерге баға берілді;
- қазіргі жағдайда коммерциялық банктердің несиелік саясат тиімділігін арттыру бағыттары айқындалды.
Дипломдық жұмыстық тәжірибелік маңыздылығы - автордың берген теоретикалық, әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстары экономистерді және қаржыгерлерді оқыту процесінде кең әрі тиімді қолданылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыстың құрамы. Бұл дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды, үш тарау мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында коммерциялық банктердің несие саясатының теориялық аспектілері, оның міндеттері мен қағидалары және негізгі элементтері, сонымен қатар несие саясатын қалыптастыратын негізгі факторлар мен несие саясатын құрудың шетелдік тәжірибесі анықталды.
Екінші тарауында Қазақстан Республикасының банктік секторының қазіргі жағдайына қысқаша шолу жасалынды. Мысал ретінде алынған «Цеснабанк» АҚ-ның қызметінің жалпы сипаты, оның банктік сектордағы алатын орны айқындалды.
Үшінші тарауындаҚазақстан Республикасының екінші деңгейлі
банктердің несие саясатын қалыптастырудағы негізгі мәселелері мен жетілдіру жолдары, ұсыныстары қарастырылды.
- Коммерциялық банктің несие саясатының теориялық банктің несие саясаты, оның элементтері және негізгі қағидалары
Несие саясаты - банк қызметінде жүргізілетін кең өрісті саясаттың бір қыры ғана болып табылады. Несиелік саясат экономикалық саясаттың әр алуан түрлерінен өзіндік қызметтік сипаттарымен ерекшеленеді. Бұл ерекшелік ең алдымен несиелік саясаттың несие қозғалысын, оның алуан формалары мен түрлерін басқарып отыруымен байланысты. Сол себепті несиелік саясат - несие ұсыну саласында да, сондай-ақ оны алу саласында да жүргізілетін саясат. Оған несиелік қатынастарды ұйымдастырудың ғылыми негізделген тұжырымдамасы, халық шаруашылығы мен тұрғындарды несиелендіру бағытында қойылатын міндеттер мен оларды жүзеге асыру бойынша жүргізілетін тәжірибелік шаралар енеді.
Несие саясаты алуан түрлі теориялық қана емес, сондай-ақ тәжірибелік сұрақтар тоғысатын түйін ретінде қарастырылады. Сол себепті, несие қатынастарына отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың тарапынан жете көңіл бөлінуде. Осылайша, Н. Бруктің редакциясымен Дүниежүзілік банктің басылымында несие саясатына келесідей анықтама берілген: «Несиелік саясат - банктің жалпы даму стратегиясының ішінде несиелік қызметті ұйымдастырудың негізін қалайды. Несиелік саясатты несиелік процестің жүргізілу тәртібі мен ұстанымдары, оны іске асыру әдістері, сонымен қатар осыған сай құжаттамаларға қажетті шарттар анықтайды. Банктің ішкі несиелік саясатының мақсаты - өз мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету, несиелік операцияларды жүргізгенде тәуекелдердіазайту»[1] .
Қазақстандық ғалымдардан Мақыш С. Б. бөліп көрсетуге болады. Ол: «Несие саясаты - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.
Кең мағынасындаалғанда, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынасында, несиелік саясат - бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратеғиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын белгілейді»[2, 260б. ] .
Несие саясатының негізін сипаттай келе, Искакова З. Д. : «Несие саясаты несие беру және рәсімдеу, оны басқаруға жауап беретін стандарттар мен параметрлерді анықтайды» деген тұжырымға келген[3, 88б. ] .
Қызметтерді құбылыстар мәнінің ерекше көрінісі ретінде қарастыраотырып несиелік саясат бір ғана өте маңызды қызметті - банк жүйесін дамыту және алға қойылған мақсаттарға жету стратегиясын жүзеге асыруғабағытталған несиелік үдерістіоңтайландыру қызметін орындайды. Несиелік саясаттың мәні несиелік қорды шоғырландыру мен инвестициялау үдерісіндегі банктік қызметті дамыту мен жетілдірудің басым бағыттарын анықтауда, несиелік үдерісті дамыту мен оның тиімділігін арттыруда жатыр. Барлық банктер үшін біртұтас (бірдей) несиелік саясат болмайды. Әрбір нақты банк несиелік саясатын өзіорналасқан аймақтағы банк жұмысына ықпал ететін экономикалық, саяси, әлеуметтік ахуалды назарғаалаотырып, сондай-ақ ішкі және сыртқы тәуекелдер жиынтығын ескере отырып айқындайды. Егер банктің несиелік саясаты болмаса, немесе несиелік саясатының сапасы төмен болса, оның тәуекел жиынтығы артады. Несиелік саясаттың негізгі қағидалары мен ережелері нақты орындаушылардың назарына толық жеткізілмеген жағдайда да банк тәуекелінің деңгейіартып, оның жүзеге асу мүмкіндігі төмендейді.
Қазақстан Республикасының несиелік қызмет туралы заңдарына, соның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құқықтық актілеріне сәйкес, әрбір банк өзінің несиелеу ережелерін шығарады. Ережелер жалпы басымдылықтарды, несиелік қызмет аумағындағы шешімдерді шешудің стандарттары мен параметрлерін, несиелік тәуекелдерді басқарудың негізгі ұстанымдарын анықтайды.
Депозиттік саясаты
Несие саясаты
Есеп айырысу-кассалық операцияларын ұйымдастырудағы саясаты
Пайыздық саясаты
Валюталық саясаты
Банктің тәуекелді басқарудағы саясаты
Банктің табыстылыққа қатысты саясаты
Қызметкерлерді басқарудағы саясаты
Бәсекелестерге қатысты саясаты және т. б.
1-сурет. Банктік саясаттың құрылымдық элементтері
Е с к е р т у - сурет[9] дерек көздері негізінде автормен құрастырылған
Сонымен қатар, банктің несиелік қызметін келесі міндеттерді шешу үшін бағыттайды:
- тұрақты жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерді несиелеудің нәтижесінде сапалы несиелік портфельді қалыптастыру;
- баланстан тыс міндеттемелерді, несиелік портфельдің мөлшері мен құрылымының тиімділігін қамтамасыз ету;
- банк активтерін орналастырудың табыстылығы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Несиелеу мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік, қамтамасыз етушілік және несиелерді мақсатты арналымға пайдалану шарттарына сай жүргізіледі.
Банк несиелік қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Үкімет қаулыларына, Ұлттық Банктің нормативті-құқықтық актілері мен өзінің ішкі ережелеріне сәйкес барлық экономиканың салаларында, сондай-ақ республиканың барлық аймақтарында жүргізеді. Несиелер кәсіпорындарға, ұйымдарға, кооперативтерге және басқа да шаруашылық субъектілеріне, тұрақты қаржылық жағдайы, өндіретін өнімдеріне немесе көрсетілетін қызметтеріне тұрақты сұранысы бар, сонымен бірге банкке несиені қамтамасыз ететін жоғары өтімді кепілді ұсынатын жеке кәсіпкерлерге ұсынылады.
Несие саясаты 2-суретте бейнеленген негізгі элементтерден құралады.
2-сурет. Несие саясатының негізгі элементтері
Е с к е р т у - сурет[12] дерек көздері негізінде автормен құрастырылған
Несиелік саясат несиенің бағасы мен валютасы сияқты несиелеудің басты шарттарын анықтайды.
Несие бағасы нарықтағы сыйақы ставкілерінен қалыптасуынан (басқа қаржылық институттармен ұсынылатын мүдделерден), банк активтері мен пассивтерінің экономикалық құндарынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің қайта қаржыландыру ставкасына, несиеленетін жобаның мазмұнына және басқа да факторларға байланысты қалыптасады.
Сыйақы ставкісі (мүдде) Несиелік комитетпен, Басқарма немесе директорлар Кеңесімен оларғаанықталған құқ шегінде және ол Несиелік келісім-шартта көрсетіліп анықталады.
Банктің несиелік тәуекелдерді басқару ұстанымдарына сәйкес, ол берілетін несиенің валютасын өзіанықтайды. Банк несиелерді ұлттық валютада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің валюталық баламада фиксацияланған курсымен ұсынылады, сонымен қатар шетел валютасында, негізінен АҚШ долларымен беріледі.
Несие валютасы қаржыландырылатын жобаның мазмұнына және ағымдағы (болашақтағы) валюталық нарықтың жағдайына байланысты Несиелік комитетпен анықталынады.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеғен несиелік қызметкерлердің кұзыретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық несиеге койылатын жалпы бақылау) .
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялык мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталған соң, соның негізінде банк кызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.
Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимитіанықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлык несиелердің несиелік кұжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережеде қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуы тиіс:
- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
- несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;
- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады [2, 261б. ] .
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
- несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;
- несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
- сыртқы аудит қызметтерінің жүмысын және банктегі несиелік қызметтің
сапалығын;
- ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің кешенді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ежелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін кұрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік кабілетіне қарап «өз клиентін» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық иновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
Несиелік нұсқаулықтар мен стандарттарды жасаудын бастапқы кезеңіаяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді.
Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік кызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
- несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
- несие сомасы мен мерзімін аныктап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
- несиені кайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
- несиелеу шарттарын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі) ;
- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
- банктін несиелік стратегиясын жасайды;
- несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
- несиелік комитеттің мәжілісінін хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді [3] .
Несиелік саясатта карыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды каржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы даайтылуы тиіс.
Банк қызметкерлерін несиелік саясатпен таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен нұскаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады.
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш кұжат түрінде көруге болады:
- несиелеу саясаты;
- несиелеу стандарты;
- несиелеу нұскаулыктары.
Сондай-ақ, аталмыш үш кұжат ерекше бір қүжатта - «Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету» - біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің кызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты - бұл банкте несиелік кызметті жүзеге асыратын барлык қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:
- карыз алушының каржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
- несиеніңкепілхаттар және кепілдемелермен камтамасыз етілуіне койылатын талаптар;
- әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
- қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
- кұжаттардың толтырылуына койылатын талаптар;
- несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалык немесе тұтыну несиелері бойынша) .
Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандарттарына әр түрлі кұжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт және т. б. жатады.
Несиелік нұскаулық - несиелеу рәсімдерінің іске асырудың жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді [2, 262б. ] .
Басқашаайтқанда, ол несиелік кызметтің нақты бір бағыттарына жатады. Несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажеттіақпараттар жинау және несиелік кабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезендері көрсетіледі.
Несиелік саясат мынадай қызметтердіатқарады:
- банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;
- несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің кызметкерлері үшін аныктама материал және нұскаулық ретінде болу;
- несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұскаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау кұралы;
- несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
Несие саясатының бірқатар элементтері несие саясатының түрлері туралы айтуға мәжбүрлейді. Несие саясатының түрлері туралы мәселе тың, жаңаотандық және шетелдік экономика әдебиетінде егжей-тегжейлі қарастырылмаған. Сол себептіол жөнінде толық мағлұмат берейік. Коммерциялық банктің несие саясаты төмендегідей жіктеледі.
Несиелік саясат түрлерін сыныптамалаудың негізінде түрлі критерийлер жатыр. Бұл жерде ұсынылған сыныптаманың жалғыз еместігін атап өткен де маңызды. Өзге критерийлерге қарай несие саясатының басқа да түрлерін топтастыруға болады.
Несиелік саясат банктердің ең алдымен банк пен оның клиенттеріарасындағы қарым-қатынасты реттеуіне, басқаруына, ұтымды ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол қайтарымды негіздегі ресурстарды тартуға және оларды банк клиенттерін несиелеу үшін инвестиция жасауға қажет. Бұл жерде банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың негізі де несиелік саясат екенін атап өткен жөн.
Несиелік саясат агрессиялық, дәстүрлі және классикалық болып келеді. Несиелік саясат түрін таңдау кезінде банк алдымен өз капиталын өсіруді, табысын көбейтуді көздейді, онда сан қырлы стратегия жатуы мүмкін (1-кесте) .
1-кесте
Коммерциялық банктің несие саясатының критерийлері бойынша жіктелуі
Заңды тұлғаларға қатысты саясат
Халықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты
Тұтыну несиесін ұсыну бойынша
Мемлекеттік несие бойынша
Ипотекалық несие бойынша
Банк несиесі бойынша
Халықаралық несие бойынша
Қысқа мерзімді несие бойынша
Ұзақ мерзімді несие бойынша
Агрессивті несие саясаты
Дәстүрлі, классикалық
Мақсатты несие ұсыну бойынша
Мақсатсыз несие ұсыну бойынша
Ақша нарығында
Қаржы нарығында
Капитал нарығында
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz