Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру қызметтері


МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ . . . …… . . . 4
1 НЕСИЕНІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ
- Несиенің мәні, атқаратын қызметтері . . .
1. 2 Коммерциялық банктердiң несиенің қайтарылуын жүргiзу талаптары мен тәртiбi . . .
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2. 1 АҚ «БТА Банкі» қызметтеріне жалпы сипаттама . . .
2. 2 АҚ «БТА Банкі» 2007-2009жж несиелендіру қызметтеріне экономикалық талдау . . .
3 БАНКТІК НЕСИЕНІҢ ҚАЙТАРЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI . . .
КIРIСПЕ
Несие нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде, экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субьектiлерiмен қатар, мемлекеттiк те, үкiмет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Барлық елдерде, экономикалық секторларында несиелердiң шаруашылыққа қызмет етуi, жеке сипаттары есепке алу бағытында жүргiзiлетiн, спецификалық зерттеу - талдау кезiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы несиенiң халықаралық тәжiрибеге сәйкестендiрiлiп жұмыс жасау қажеттiлiгi көптен берi туындап отыр.
Қазақстандағы несиелердiң жүйесi негiзiнен кеткен айналымдылығы жоғарғы салаларға бағдарланған, ал проценттiк ставкалар мен несие; беру шарттары ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiне, салыстырмалы теңдей жағдайда, қаржы несие ресурстары рыногiнде еркiн қимыл жасауға мүмкiндiк бермейдi. Қазақстан Республикасының экономикалық секторында, бұрынғы көпшiлiк социалистiк елдердегi сияқты, соңғы жылдары өте маңызды әлеуметтiк - экономикалық өзгерiстер болып жатыр. Бұл өзгерiстердiң түпкi негiзiнде, нарық экономикасындағы нарықтық қатынастарға көшуге байланысты туындаған обьективтiк нақтылы процесстер жатыр.
1990жылы басталған экономикалық реформалар көп жақтылық (уклад) экономиканың негiзiн жасауға мүмкiндiк бере отырып, коммерциялық банктердiң несиелендiру операцияларын пайдаланудағы өзгерiстер енгiзуге жол ашып бердi. Әр түрлi меншiк формасындағы жаңа әлеуметтiк- экономикалық құбылыстар қалыптасты. Ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлердiң өкiлеттiктерi мен бағыттары айтарлықтай кеңейтiлдi. Бiрақ әртүрлi ұйымдық-құқықтық формадағы кәсiпорындары өзiнiң өндiрген өнiмдерiн иелiк жасауды, өндiрiс бағытын анықтауды, өнiм құрылымы мен көлемiн анықтауды өздерi шешетiн болды.
Осы аталғандарда байланысты және де несиелеудiң жұмыстарына қатысты мәселелердi талдап зерттеу, диплом тақырыбын талдаудағы кездейсоқтық емес және де дипломдық жұмыс тақырыбының өзектi мәселесi болып табылады, себебi Қазақстандағы көптеген кәсiпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасына көшуi мен қажеттi құрылымдар қалыптасуын жасау үшiн несиенi және несие қатынастарын пайдаланбай жүзеге асыруға болмайды (мүмкiн емес) . Несие - өндргiш күштердiң дамуын ынталандыруға және ғылыми - техникалық прогресс жетiстiктерi негiзiнде болатын ұлғаймалы ұдайы өндiрiс үшiн капитал көздерiн қалыптастыруды жылдамдатады.
Диплом жұмысының мақсаты елдiң әлеуметтiк - экономикалық деңгейiне, көптеген әртүрлi саладағы кәсiпорындардың қызметiне әсер ету үшiн несиелендiру жүйесiндегi негiзгi даму мәселелерiн, қалыптасқан iс- тәжiрбиесiн зерттеп талдап қарастыруы болып табылады. Қазақстан Республикасының банк жүйесiне талдау жүргiзу аясында несиемен қамтамасыз ету және оған жету деңгейi мен қажеттiлiктi бағалау жасалынады. Сонымен бiрге, Қазақстан Республикасының банк жүйесiндегi ағымдағы (қазiргi) жағдайларды талдау негiзiнде тауар өндiрушiлердi несие- қаржылық қолдау көрсетудiң тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар енгiзiлiп, түйiндеме- қорытындылар жасалынады. Сол сияқты, елiмiздiң нарыққа көшу жағдайындағы ауылдық жердегi қарыз алушы кәсiпорындар мен банктер арасындаы несие қатынастарының өрiстеуiне, дамуға терiс әсерiн тигiзетiн себебтер де көрсетiледi.
Талдау - зерттеу нысаны (обьектiсi) ретiнде “БТА Банкi” АҚ Талдықорған филиалының мәлiметтерi негiзiндегi несие қатынастарын ұйымдастыру iс- тәжiрибесi (практикасы) пайдаланылды.
1 Несиенің мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері және қажеттілігі
1. 1 Несиенің мәні, атқаратын қызметтері
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
- несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді;
- несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс стаыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.
Несие өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәиіт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа) таратылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайда несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді.
Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғанда қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несе берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояады. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндентті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс-әрекеттерінде қарама-қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушалары ретінде олар оның қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделеріде бөлек, несие беруші неғұрым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрлымының элементі алыс-берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құны - несиеленген құн болып табылады.
Несиенің құрылымы.
Несиеленген құн ұдайы өдіріс процессін жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеттігі жоқ. Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.
Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес, сонымен қатар өскен пайызбен қоса несиенің қайтарылымдығы қамтамасыз етілдеді. Несие өз құнын осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап оның банкке қайтарылуына дейін сақтайды.
Несиенің қарастырылған құндылығы оның біртұтастығын анықтайды. Ол элементтерінің бірлігін болжайды.
Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей көрсетіледі:
Н о - Қ ан - Н п . . . Р б . . . Н қ . . . - Б қ,
мұндағы:
Н о - несие орналастыру;
Қ ан - қарызға алушының несиені алуы;
Н п - несиенің пайдаланылуы;
Р б - ресурстарды босату;
Н қ - несиенің қайтарылуы;
Б қ, - банктің аталмыш қарызды алуы.
Несиеленген құнды орналастыру (несиенің ұсынылуы) О н - несие қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жиынтықталуы, яғни уақытша бос қаражаттар себепкер болады. Несие беруші қарыз алушыға белгіленген мерзімде пайызбен төлейтініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады.
Несие алу (Қ ан ) қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырады, өйткені несиелік қатынастардың басқа тарапы оны белгілі бір уақытқа ғана береді.
Несиені пайдалану (Н п ) қарыз алушының оны өз шаруашылығында пайдаланып, несие берушіге несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін білдіреді. Ресурстардың босатылуы (Б р ) қарыз алушының шаруашылығында құнның ауыспалы айналымның аяқталу актсін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мүддесінде құнның пайдалану процессін сипаттайды. Несие қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады.
Несиенің қайтарылуы (Н қ ) уақытша пайдаланған құнның қарыз алушыдан несие берушіге қайтуын көрсетеді. Қарыз алушының шаруашылығында белгілі бір ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие берушіге өтеді.
Уақытша пайдаланылғаннан кейін (Н п ) несие берушінің алу актісі несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уақыт бойынша несиенің қайтарылуы (Н қ ) және несие берушінің алған қаражаты (несиеге бергені) (Қ ан ) сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатыларда сөз болып отырған сол бір құнның сомалары біріктіреді: қарыз алушы қарыздың белгілі бір бөлігін несие берушіге қайтарады, ал ол дәл осы соманы алады.
Осы қарастырылған кезеңдер несиеленген құнның толық айналымының бір бөлігі болып табылатын несиенің қозғалысын көруге болады, ол тек несиеге ғана қатысты емес. Белгілі болып отырғандай, несиелік қатынастар айналым шеңберінде ғана туындайды, сондықтан несиеге несие беруші қарыз алушыға құнның актісінің ауысуы және керісінше деп қараған жөн.
Несиенің мәнін тану оның негізін ашады, яғни несиелік қатынастар туындайтын базада қарастыруды ұйғарады. Несиенің мәнін ашып көрсететін, несиенің негізін құрайтын база неден тұрады? О. И. Лаврушкин оның қайтарылуын есептейді. Ол несие қозғалысының бір сатысы бола тұрып, бір мезгілде несиеленген құн қозғалысының барлық сатыларын қамтиды. Несие ақшасын жарату (орналастыру), алу және оны пайдалану - қайтарым негізінде жүзеге асады. Несиеленген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық - несиелік қатынасқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.
Несиенің қайтарылуы - уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен-өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерге негізделеді. Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкідік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.
Несиенің әлеуметтік-экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде.
Банкке, несие берушіге қарыз алушының несиені қайтаруы соңғысына кез келген сәтте өзіне несие берушілерге (өздерінің уақытша бос қаражаттарын депозиттік шоттарда сақтаған заңды және жеке тұлғаларға) талап етуі бойынша мүмкіндік береді. Несиенің қайтарылуы қосарлы қайтарылу сияқты.
Несиенің құрылымын, қозғалыс кезеңдерін және негізін талдау нәтижесінде оның мәнін толық емес жағдайда былайша айтуға болады: несие беруші мен қарыз алушының несиелік құнның төлем мен жеделдікке негізделіп қайтарылым қозғалысына байланысты экономикалық қатынастар екендігі.
Неисенің тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие - бұл несие капиталының қозғалысы. Несие капиталы - бұл қайтару талабымен, пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Ал, капитал - бұл өз-өзінен өсетін құн. Оның басқа ақшалардан сапалы ерекшелігі сол. Ал, капитал- өзінен-өзі өсетін құн, оның ақшадан сапалық айырмашылығы - несие капиталының өзінен-өзі өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен-өзі өсім бере алмайды.
Несие - кеңейтілен қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экономиканың бос ақшалай қаражаттардың жұмылдыруын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді.
Несие мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма-қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.
Бұл принциптер несиенің алғашқы даму кезеңдерінен бастап қалыптасты, ол кейіннен заңды түрде бекітілді.
Несиенің қайтарылу принципі - қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол банктің несие қорын жаңғыртып отыруды қамтамасыз ететін несиені пайызбен өтеуде өзінің іс жүзіндегі орнын анықтайды. Бұл несие капиталының қозғалысына қажатті талап болып табылады. Ол белгілі бір мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Несиенің төлемділігі - қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге несиеге беруші де, оның тиімді пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болады.
Несиенің жеделдік принципі қарыз алушыға кез келген тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттгін көрсетеді.
Белгіленген мерзімді бұзу - несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайзды көбейтілген түрде неисені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын эконмикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.
Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіренді. Несие келісімшартындағы сәйкес бөлімде берілетін несиенің нақты мақсаты, сондай-ақ банктің бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.
Бұл принциптің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы прициптердің біреуі бұзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп, несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттері жоғалады. Принциптермен қоса несиенің мәні олардың орындалатын қызметтерінде көрініс табады.
Несиенің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз байланысты; қызметтің атқаруындағы қарым-қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Қызметтің несие мәні сияқты объективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында несие барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет - қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс. Несие мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытуы да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет несиелік қатынасқа бүтіндей қатысты. Несие қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытуын сипаттайды.
Несиенің ұдайы өндіріс процесінде алатын орны жайлы біркелкі ғалымдардың пікірлері жоқ. Кейбір ғалымдар оны айналым белгісіне жатқызса, басқалары бөлу белгісіне жатқызады. В. М. Тарасов несиені ұлттық табысты (несиеден қарыз алушыға және керісінше) қайта бөлу процесіне қатысатындықтан бөлу категорясына жатқызады. Және де соған қарамастан, несинеің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар.
Айырбас фазасында бөлу (өндіріс нәтижелерін бөлу) қатынастарының сәнін айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан, несиелік қатынастарды да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан несие бөлу категориясы бола отырып, айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның өзі несиенің қызметіне тән екнедігін көрсетеді.
Несие туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны жайлы орныққан біркелкі көзқарас жоқ. Біреулер екі (қайта бөлу мен айналымның несиелік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған екеуінен бөтен бақылауды қосады), үшіншілер - төрт (және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды бөліп көрсетеді) көзқарастарды айтады. Ал, жекеленген авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттарды жинастыру т. б. деп түсіндіріледі.
Несиенің бақылау қызметі: дегенде ол - ақша, қаржысы сияқты басқа да категорияларға тән екендігін айтқан дұрыс. Ал, шындығында бақылауды несие емес, банк жүзеге асырады.
Өндірістік қорлар айналымының жанама түрлері бойынша несиенің қызметі ақшаларға да, қаржыларға да тән - бұл біріншіден, екіншіден қорлар айналымдарының құндылық категорияларының мазмұнына да енеді.
Экономиканы ретке келтіру қызметі жайлы айтатын болсақ, несиенің көмегімен ғана емес, баға, бюджет сияқты құндылық категориялары арқылы да жүзеге асырылады.
Қорларды ынталандыру жайлы да осылай деуге болады.
Осыған қарай отырып, жекелеген ғалымдардың несие дербес қызмет атқара алады дегендерінің негізі жеткіліксіз. Қызмет - қолдағы экономикалық категорияның өзгешелік мәнін таныту болып табылады.
Айналымның жаңа түрдегі қызметі, бақылаумен ынталандыру, экономиканы ретке келтіру тек несиеге ғана емес, баға, қаржы, еңбек ақы, бюджет, табыс т. б. құндылық категорияларына да тән.
Көптеген пікірлердің орын алып отырғанынына қарамастан, несиенің барлық формалары мен түрлерінде мәнін ашып көрсететін оның үш түрлі қызметін бөліп көрсетуге болады. Олар - қайта бөлу, нақты ақшаны айналымдағы несие құралдарымен ауыстыру және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі
Несие қайта бөлу қызметін атқарады. Оның мағынасы қарыз алушыға (шаруашылық, халыққа) төлем негізінде уақытша пайдалануға берілетін кәсіпорындардың, ұйымдардың, халық пен мемлекеттің бос ақшалай қаржыларын (ақша капиталдар мен табыстар) несие арқылы шоғырландырып, қарыз беру капиталына айналдыру. Қарыз беру капиталы несие механизімі арқылы халық шаруашылығы салаларының арасында қайта қайтарылу негізінде несиеге айналады. Қарыз капиталын кәсіпорындар, салалар, халық арасында қайта бөлу жүзеге асырылып, ақша түріндегі капитал аз табыс әкелінетін саладан босатылып, банктерде жинақталады да жоғары дәрежеде табыс әкелетін салаларда жұмсалынады. Оны салаларда шоғырлану жүзеге асырылады. Екінші сөзбен айтқанда, өндірісті тепе-теңдіктер, капиталдар мен экономиканың бірлесіп басқарылу ретке келтіріледі.
Мәселенің мәнісі өндіріс құралдары ретіндегі (машиналар, жабдықтар, шикізаттар мен материалдар) капитал физикалық түрде бір саладан екінші салаға ауысып құйыла алмайды. Бұл процес ақша капиталының қозғалыс жағдайында жүзеге асыратындықтан, несие нарықтық экономикада ең алдымен капиталдың бір саладан басқа салаға ауысып құйылуы үшін икемді механизім ретінде керек және табыс нолрмаларын теңестіру қызметі арқылы несие капиталдың өндірістің бір саласынан екіншілеріне еркін түрде ауысып құйылуын және өндіруші капиталдың белгілі бір нақты үлгіде бекуін қамтамасыз етеді.
Құндылықтың несие арқылы қайта бөлінуі - салалық, сала аралық, аумақтық бағыттарда, несие қатынасының субъектісі іспеттес кәсіпорындар деңгейінде жүзеге асады. Қандай бір жағдайлар болмасын, әңгіме уақытша бос тұрған құндылықты қайта бөлу жағдайында болып отыр. Сондықтан ол қайта оралу жағдайында бөлінеді. Осы ретте қайта бөлудің қашама түрлері болғанымен, меншік иесі ауыстырылмай, ол несие берушінің қолында қала береді.
Сонымен несие өзінің қайта бөлу қызметінде экономиканы стихиялы түрде реттеуші болып табылады. Алайда, несие кейбір жағдайларда экономиканың тепе-теңдігінде күшейтіп жібере алады. Нақты айтар болсақ, 1993-1996 жылдары капиталдың өндіріс саласынан айналыс саласына ауысуы орын алды да, өндіріс дағдарысын тереңдете түсті, яғни несие бұл жылдары сауда-делдалдық салаға ауысып кетті, нағыз сектор дағдарыс жағдайында қалып қойды. Несиенің қайта бөлу қызметінің ерекшеліктері төмендегідей:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz