Қазақстан Республикасы банк жүйесі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

: КІРІСПЕ . . .
:
: 1
: БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
: 1. 1
: Коммерциялық банктің несиелік саясатының мәні мен қызметтері . .
: 1. 2
: Несиелік ресурстар және несиелік саясаттың өзара байланысы . . .
: 1. 3
: Несиелік қабілеттілікті талдаудың шарттары мен көрсеткіштері . . .
: 2
: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
: 2. 1
: Коммерциялық банктің несиелік саясатының тиімділігін бағалау . . .
: 2. 2
: «Цеснабанк» АҚ-ның ішкі несиелік саясатының қалыптасуы мен іске асырылуын талдау . . .
:
:
: 3
: КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
:
:
:
:
: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
:
: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
:
:
:

1 Қазақстан Республикасы банк жүйесі қалыптасуының теориялық негіздері

1. 1 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және даму кезеңдері 10

1. 2 Нарықты экономикада банк қызметтерінің ролі және олардың қызметін ұйымдастыру16

1. 3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның даму тарихы, оның миссиясы мен даму стратегиясы20

1. 4 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның операциялық құрылымы мен басқармасы29

2 Банктік қызметті ұйымдастыру және банктік қызметтер нарығының көрсеткіштерін талдау («Қазақстан Халық Банкі» АҚ материалдары негізінде)

2. 1 Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің салымдық операциялары бойынша көрсеткіштерін талдау33

2. 2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ң атқарған экономикалық қызметі және тартылған қаражаттар көрсеткіштері39

2. 3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ң банктік, несиелік операциялары және және салымдары50

3 Халыққа көрсетілетін банктік қызмет түрлері ауқымын кеңейтуде атқарылып жатқан іс-шаралар

Қорытынды 77

Қолданылған әдебиеттер 80

Қосымшалар 80

Кіріспе

Банктер - нарықтық құрылым жүйесінің орталық тізбегінің бірі болып табылады. Олардың қызметінің дамуы - нақты нарықтық механизмді құрудың керекті шарты. Экономикалық қайта құру банк жүйесін реформалаудан басталды. Бұл қазір де даму үстінде.

Банктердің тұрақтылығы елдің экономикасының тиімділігіне маңызды әсер етеді. Көптеген банктердің өтімділік пен банкроттық күйзелісі нарықтық банк жүйесінің құралуының бірінші этапының біткенін сипаттады. Бұл этапта банктік қызмет сферасында бәсекелестік орта пайда болды. Бұл банк қызметінен еш қиындықсыз пайда алуға мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін инфляцияның жоғарғы қарқынында өтті. Дамудың байсалды этапы банктардың тұрақтылығы басқарудың ғылыми, тексерілген халықаралық тәжірибисін пайдалану кезінде ғана болады.

Бүгінгі таңдағы несие жүйесі соңғы жылдары біршама өзгеріске ұшырады. Банк жүйесінің барлық компонеттері әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңғыртылуда. Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды жүргізу, қолма-қолсыз есеп айырысу жинақтарды қабылдау, әртүрлі несиелер беру, бағалы қағаздарды сатып алу, мүлікті сенімхат бойынша басқару, басқа да көптеген банктік және «банк төңірегінде» қызметтер көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін жүзеге асырады.

Коммерциялық банктер өз активтерінің сапасына мұқият қарай бастады, өйткені активтер сапасын дәл және өз уақытында бағалау банктер сенімділігінің кепілі. Банктер басшылығы өз активтерінің сапасына, жаңа несиелерді беруге, несиелеу технологиясына (құжаттар, контрактілер, қамтамасыз ету), заем алушының несие шарттарын сақтауына және т. б. бақылау жасап отырады.

Банктердің пассивтік операцияларының инновациясы сонымен бірге қосымша ақша қаражаттарын тартудың жаңа құрылымдарын жасауда көрініс тапты. Пайызы бойынша, нарық пайызына жуықтайтын салымдардың жаңа типтері ашылды. Мұндай шоттарға ақша нарығының депозиттік шарттары жатады. Көптеген коммерциялық банктер ақша нарығында еркін айналыста болатын депозиттік сертификаттар шығара бастады.

Банктік операциялардың дамуында ерекше рольді ақпарат пен коммуникацияның қазіргі техникалық құралдары атқарады. Банк ісі бұрын-соңды болмаған ақпаратты дер кезінде беру, оның тез өңделуі мен мәліметтердің растылығына, экономикалық жағдайды талдау мен ақша нарығының даму перспективаларын дұрыс бағалауға байланысты болып отыр. Қаржылық нарықтық қатысушылары өз істерін жүргізу үшін барынша көп ақпарат қажет етуде. Сондықтан банк ісіне ғылыми-техникалық революцияның соңғы жетістіктерін енгізусіз компьютерлік техниканы игерусіз банктік қызметті тиісінше модернизациялау мүмкін емес.

Банк жүйесі дамуындағы маңызды маңызды құбылыс ретіндегі несиелік мекемелердің «көтерме» операциялардан «бөлшек» операцияларға өтуін атап көрсетуге болады, бұл олардың клиенттер шеңберінің кеңеюіне әкеледі. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін банктер сақтық танытып, тек таңдаулы, «ерекше сенімді» клиенттерге ғана қызмет көрсететін, ал қазір ірі банктер өз стратегиясын өзгертті. Олар кәсіпкерліктің барлық сферасына белсенді түрде араласумен қатар, шағын бизнесті де қамти отырып, жаппай клиентерге, соның ішінде тұрғындардың тұрмысы төмен топтарына, ауылшаруашылығын дамытуға да бағдарлануда. Бұл қазіргі ірі банктің келбетін, оның саясатын өзгертеді.

Сондықтан кейінгі кезең нарықтық қатынастары дамыған елдер экономикасындағы өндірістің шоғырлануының жоғары деңгейімен сипатталады, бұл өз кезегінде банктік капиталдың шоғырлануы мен орталықтануына, аталған процестің жаңа формаларының пайда болуына, ел ішіндегі және әлемдік қаржы нарықтарында да күшті позицияларға ие банк-алпауыттар тобының жедел өсуіне әкеліп соқтырады. Мұндай банк -алпауыттар ең алдымен Жапония, Германия, Канада, АҚШ пен Араб елдерінде пайда болды, мұнда олардың активтері 100 млрд. АҚШ долларынан көп соманы құрайды.

Өз экономикасын нарықтық жолға қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесі дамуының мұндай тенденциялары ерекше қызығушылық тудырады, себебі нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие жүйесін құруды талап етеді. Республика үшін шетелдік тәжірибені толығымен көшіру орынды емес, өйткені оның несие жүйесінің жұмыс жасап жатқанына аз уақыт болды, ал Батыс болса, мұнда бұрыннан қызмет етуде, алайда бұл тәжірибеден өтпелі кезең жағдайында қолданыс табуы мүмкін барлық позитивті әрекеттерді қабылдауы қажет.

Екі деңгейлі банк жүйесі халық шаруашылығының қызметін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Есеп айырысу, салымдар, несие және басқалай операцияларды жүзеге асыра отырып банктер қоғамға қажетті қызметтерді атқарады. Сонымен қатар басқа коммерциялық кәсіпорындардың қызметі сияқты банк қызметі де көптеген тәуекелдерді бастан кешіреді және сондықтан көптеген елдерде бұл қызмет кәсіпкерліктің ең көп реттелетін түрі болып есептеледі. Сонымен қатар реттеу Ұлттық банк жүйесінің құрылу ерекшелігін сипаттайтын ұлттық ерекшеліктерге ие.

Бәсекелестік банк жүйесінің пайда болуы жауапкершілікті жаңа сапалы деңгейге қояды. Жаңа құрылымдардың жекелеген банк операциялары зонасында пайда болуы банктерды өз қызметін басқаруда икемді саясатты ұстануларына мәжбүрлейді.

Кез-келген елдің экономикасының дамуы жинақтардың инвестицияға тиімді айналуымен тығыз байланысты. Экономиканың республиканың ішкі жинақтарына бағыттаудың қажеттілігі инвестициялық қаражаттдың жетіспеушілік мәселесіне және тікелей шетелдік инвестициялардың үлес салмағының көбеюіне негізделген. Қазақстан, ірі қаржылық қаражаттарға деген жетіспеушілікті сезіне отырып инвестициялаудың ішкі мүмкіндіктерін біразға дейін пайдалана алмай келді [1] .

1 Қазақстан Республикасы банк жүйесі қалыптасуының теориялық негіздері

1. 1 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және даму кезеңдері

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бірі болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.

Ресейдің банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда кеш қалыптаса бастап, өз даму жолында бірнеше кезеңдерден өтті.

Алғашқы банктер XVIII ғ. екінші жартысында мемлекеттік (қазыналық) банк түрінде пайда болып, ХІХ ғ. аяғы және ХХ ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк-несие мекемелерінен құрылды:

  • Мемлекеттік банк (1860ж. құрылған)
  • Қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктері;
  • Көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер (49 филиалдары бар 44 банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциялық банктер (32), несие-жинақтау серіктестіктері (729) және т. с. с.

Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен қатар жоғары қауіпті операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражатын тартумен шұғылданатын банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері болды.

1917 ж. қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен қатар Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кооперативтік, жеке, мемлекеттік-капиталистік, шетел капиталының қатысуымен мемлекеттік және басқа банктер құрыла бастады. 1922 ж. Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды.

1924 ж. акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО-ның Мемлекеттік банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операцияларын және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 ж. КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі болды. Сондай-ақ Орталық коммуналды банкі (Цекомбанк), Кооперативтік банк (Всекобанк) және акционерлік, салалық, аймақтық (Қиыр Шығыс, Орта Азия) банктер құрылды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу қоғамдары, ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік кооперативтер пайда болды.

1927 ж. КСРО Орталық атқару комитеті мен Халық комиссариаты Кеңесінің «Несие жүйесін құру принциптері туралы» қаулысына сәйкес бүкіл банк жүйесін тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырылды. Сол қаулыға сай маманданған банктер және банктердің проценттік саясат жүргізудегі дербестік құқығы жойылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылды.

1928 ж. Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп пен Электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Қысқа мерзімді несиені басқа шаруашылық салаларының бәріне олардың тоқсандық жоспарларына сай Мемлекеттік банк беруі тиіс болды. Жалпы 1927-1929 жж. банктердің өзіне тән ерекше қызметі - банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды.

1930-1932 жж. несие реформасы

1930-1932 жж. жүргізілген несие реформасы елдегі банк жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы еді. Бұл кезде 1929 ж. қабылданған халық шаруащылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары бойынша елді индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мемлекеттік бірыңғай жоспар бойынша орталықтан қаржыландырылуы қажет еді. Ол үшін ақша қаражатын қаржы-несие жүйесіне жинақтап, одан соң жоспарлы түрде шаруашылық салаларына бөліп беру керек .

Несие реформасын жүргізу үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.

Біріншіден, бұл кезде экономика салаларында біраз жетістіктерге қол жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 жылы мемлекеттік сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99, 1 % - ке, көтерме саудада 97, 2% - ке, ал бөлшек саудада 86, 5-ке жетті. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік және ұжымдық шаруашылықтар тауарлы астықтың 55% -ін өндірді.

Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарлы басқару жүзеге аса бастады. 1928 ж. Халық шаруашылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді. Жоспар кәсіпорынның өндірістік және қаржылық іс-әрекеттерін қамтыды.

Үшіншіден, шаруашылықтың негізгі буыны - өнеркәсіп мекемесі шаруашылық есепке көшірілді.

Төртіншіден, коммерциялық вексельді айналымнан шығарып, оның орнына есеп айырысуды тек банк арқылы жүргізудің және қысқа мерзімді несиені тек банктерге жинақтаудың нәтижесінде 1929 жылдың 1 қарашасында халық шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80% - ке жуығы банктер үлесіне тиді.

Сонымен, несие реформасын жүргізу үшін алғы шаралар жасалып, 1930 жылдың қаңтарында несие реформасы жүргізіле бастады.

Несие реформасының мақсаты - несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін енгізу.

Несие реформасы төрт кезеңде жүргізіліп, негізгі мына мәселелер шешіледі:

  • Шаруашылық орындарының бірін-бірі коммерциялық несиелеуін тікелей банктік несиемен өзгерту;
  • Мемлекеттік банктің бағытын нығайтатын есеп жұмысының жаңа түрін - шаруашылық есепті енгізу;
  • Халық шаруашылығын қысқа мерзімді несиелеу процесін Мемлекеттік банкке шоғырландыру. Өндіріс мекемелерінің өзінің және қарызға алған қаражаттарының жұмсалу бағыттарын ажырату, шаруашылықты несиелеудің принциптерін бекіту;
  • Несие-банк жүйесін қайта құру, яғни Мемлекеттік банк пен ұзақ мерзімде несие беретін арнаулы банктердің қызметін ажырату.

Сөйтіп несие реформасының негізгі мақсаты коммерциялық және жанама банктік несиелеуді тікелей банктік несиемен алмастыру жүзеге асырылды. Банктік несие деген несие алушыға, яғни тауар сатып алушы кәсіпорынға жоғары басқару органының жоспары бойынша тікелей банк беретін несие. Бұл банктік несиенің коммерциялық несиеден негізгі айырмашылығы.

Дегенмен банктік несиенің бұл артықшылығы несие реформасын жүргізуде жіберілген қателерге байланысты халық шаруашылығына бірден өзгеріс енгізе қойған жоқ.

Банктің жіберген қателері төмендегілер еді:

  • Есептесудегі автоматизм (санасыз, тек бұрын қалыптасқан дағды бойынша істелетін әрекет) : жабдықтаушының банкісі сатып алушыға жіберілген барлық тауарлар үшін ақшаны дағдылы автоматты түрде аударса, ал сатып алушының банкісі де дәл солай автоматты түрде оның шотынан түскен тауарлар құнын шығарып отырады; жіберген жүктің дұрыстығы және шаруашылық органдардың арасындағы келісімнің орындалуы бақыланған жоқ;
  • Несие берудегі автоматизм (немесе жоспармен несие беру) : жоспардың нақты орындалуын тексермей-ақ, банк шаруашылық мекемелеріне жоспарлы түрде несие берді; несиенің мөлшері жоспарды орындау үшін қажетті айналым қаражатының жалпы жетіспеуіне қарай анықталып, оның пайдалану мақсаты мен қайтарылу мерзімі көрсетілмей-ақ берілді;
  • Шаруашылықтардың өзінің және қарызға алған айналым қаражаттарын ажыратпауы (араластыруы) : әрбір шаруашылық мекемесіне банкте бір шот ашылып, онда өз қаражатының да, банктік несиенің де барлық кірісі де, шығыны да есептелді, олардың арасындағы ерекшеліктер көрсетілмеді;
  • Банктің несиелеу және есеп айырысу реформасын жүргізуге техникалық дайынсыздығы: ережелер, нұсқаулар, құжаттардың түрлері алдын-ала дайын болған жоқ, сондай-ақ банктің төлем жүргізуге қабылдайтын құжаттары саны жағынан да қарастырылмады. Есеп айырысудың жаңа тәртібі бойынша аз сомаға толтырылған құжаттардың тасқыны банк өңдей алмауының нәтижесінде халық шаруашылығындағы есеп айырысу ісі қиындап кетті.

Несие реформасының келесі кезеңдері осы жіберілген кемшіліктер мен бұрмалау-шылықтарды жойып, шаруашылық органдарының арасындағы келісім тәртібін нығайту мен Мемлекеттік банктің ролін күшейтуге арналды.

Сонымен 1930-1932 жж. жүргізілген несие реформасының қорытындысында жоспарлы социалистік экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі несие-банк жүйесі құрылып, Мемлекеттік банк өндіріс пен тауар айналымын есептейтін және бақылайтын бірыңғай аппаратқа айналды. Коммерциялық банктердің ролі төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік банктерден тұратын монобанктік жүйе қалыптасты.

Банк жүйесі көрсететін қызмет белгілеріне қарай қайта ұйымдасып, қысқа мерзімді несие беретін жалпы мемлекеттік банк және күрделі қаржымен қамтамасыз ететін маманданған банктер жүйесі құрылды. Бұндай бір буынды банк жүйесіне: КСРО Мемлекеттік банкі және күрделі қаржымен несиелейтін төрт Одақтық маманданған банктер - Өнеркәсіп банкі, Ауыл шаруашылық банкі, Орталық коммуналдық банк, Сауда банк - кірді. Сонымен бірге орталық банк жүйесі шетел банктерімен кең корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыратын Сыртқы сауда банкі және халықтың бос қаржысын тарту, төлемдерін жүргізу мен мемлекеттің зайымдарын орналастыру арқылы халыққа қызмет көрсететін бірыңғай жалпы мемлекеттік несие мекемесі, яғни жинақ кассалары қарады.

1959 ж. ұзақ мерзімді несие беретін банк жүйесі қайта қаралды. Ауыл шаруашылық банкі мен Орталық коммуналды банк таратылып, олардың қызметтері Мембанкке берілді. Өнеркәсіп банкі мен Сауда банкісінің негізінде күрделі қаржы беретін Одақтық банк - Құрылыс банкі құрылды. Ол халық шаруашылығының әр түрлі салаларының (ауыл шаруашылығынан басқа) ұйымдары мен кәсіпорындарын қаржыландырумен және ұзақ мерзімді несиелеумен шұғылданды. Осы өзгерістерден кейін 1960 жылдан 1988 жылға дейін КСРО банк жүйесінің құрамы келесідей болды: Мемлекеттік банк, Мемлекеттік Құрылыс банкі, Сыртқы сауда банкі және Мембанк құрамына кіретін жинақ кассалары жүйесі.

1988 жылғы түбегейлі банк реформасы

Елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуін жеделдету және ақша-несие қаты-настарының маңызын арттыру мақсатында Кеңес Одағы Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы 1988 ж. 1 қаңтарынан бастап банк жүйесін қайта құру туралы Қаулы қабылдады. Оған дейін бұрынғы КСРО- да және Шығыс Еуропа социалистік елдеріне банк жүйесінің құрылымы негізінен бірдей болды. Олар: елдің эмиссиялық, несие беру, есеп айырысу және кассалық орталығы - Мемлекеттік банк; күрделі құрылысқа қызмет ететін Мемлекеттік банк және сыртқы сауда-саттыққа қызмет көрсететін Мемлекеттік банк.

Шаруашылық механизмінің жалпы бағыты - банктердің құрылымы мен ондағы қызметкерлер санын анықтайтын басты фактор. Бір банктік жүйе - басқаруды қатал орталықтандыру мен шоғырландырудан шыққан нәтиже. Ал монополизмді бұзу концепциясы, экономиканы басқаруды жергілікті жерлерге беру бірнеше дербес банктердің құрылуына себеп болады. Бастапқыда осы жолды бұрынғы социалистік елдер - Венгрия, Қытай, Югославия - таңдап алды. Әлемдік тәжірибеде орталық банкпен қатар көптеген жеке және мемлекеттік емес несие институттарының (коммерциялық, кооперативтік, арнаулы және басқа) қызмет істеу үлгісі кең тараған.

Сөйтіп 1988 ж. қаңтарынан бастап КСРО-да банк жүйесін түбегейлі өзгеретін реформа жүргізіле бастады. Оның алғашқы кезеңінде елдегі Мемлекеттік банк пен Құрылыс банкінің негізінде Мемлекеттік банкпен қатар 5 салалық мемлекеттік маманданған банктер құрыла бастады.

Олар:

  • КСРО Мемлекеттік банкі, оның міндеті - «банктердің банкісі» ретінде елдің ақша айналымын ұйымдастыру. Ол бұрынғыдай мекемелер мен ұйымдардың кассалық және несие-есеп қатынастарын жүргізбейді, оның клиенті - маманданған мемлекеттік банктер;
  • КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі, Оның міндеті - өндіріс, құрылыс, транспорт, байланыс саларындағы негізгі жұмыстарды несиелеу, күрделі тшығындарды қаржыландыру мен несиелеу және олардың есеп айырысу жұмыстарын жүргізу;
  • КСРО Аграрлы-өнеркәсіп банкі; Оның міндеті - аграрлы-өнеркәсіптік кешендерінің мекемелері мен ұйымдарына қызмет көрсету;
  • КСРО Тұрғын үй және әлеуметтік банкі - ол тұрғын үй шаруашылығы мен әлеуметтік салалар мекемелеріне қызмет көрсету үшін құрылды;
  • КСРО Жинақ банкі - ол бұрынғы жинақ кассаларын біріктіру арқылы құрылған, оның негізгі міндеті - халыққа қызмет көрсету;
  • КСРО Сыртқы экономикалық банкі - ол бұрынғы Сыртқы сауда банкінің негізінде қайта құрылған банк. Оның міндеті - экспорт-импорт операцияларын ұйымдастыру және ол бойынша есеп жүргізу, сыртқы экономикалық байланыстағы шаруашылық орындарын несиелеу, жинақ-валюталық жоспардың орындалуын бақылау, елдің валюта ресурстарын тиімді пайдалану, халықаралық валюта және несие нарығында операция жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету.

Бұл маманданған салалық банктердің құрылымы әкімшілік-территориялық принциппен ұйымдастырылған. Олардың әрқайсысының (КСРО Сыртқы экономикалық банкісінен басқа) республикалық банкі (Алматыда, 5 банк) және облыс орталықтарында сол банктердің облыстық басқармалары құрылды. Аудан орталықтарында және қалаларда олардың дамуының негізгі бағытына байланысты кейбір салалық банктердің бөлімшелері құрылып, маманданған банк өз клиенттерімен қатар сол аудандағы немесе қаладағы басқа салалық банктердің клиенттеріне де қызмет көрсетті. Сонда банктердің мамандануы тек облыстық басқарма деңгейінде жүріп, несие-банк жүйесінің төменгі сатысын өзгерткен жоқ. Бұл әрине банк реформасындағы негізгі минус еді [2] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”
Чекпен есеп айырысу
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Ұлттық Банк – Қазақстанның банк жүйесінің жоғарғы үзбесі
Банктік жүйенің экономикадағы ролі
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Электрондық банктік қызметтерді көрсету талаптары
Республикасының орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz