Нарық жағдайларына сай коммерциялық банктердің клиенттермен арадағы қарым-қатынасының нығаюына ықпал ететін оңтайлы несиелік саясат қалыптастыру және оны іске асырудың теориялық және әдістемелік аппаратын жасау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

:
:
:
:
: КІРІСПЕ . . .
:
: 1
: БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
: 1. 1
: Коммерциялық банктің несиелік саясатының мәні мен қызметтері . .
: 1. 2
: Несиелік ресурстар және несиелік саясаттың өзара байланысы . . .
: 1. 3
: Несиелік қабілеттілікті талдаудың шарттары мен көрсеткіштері . . .
: 2
: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
: 2. 1
: Коммерциялық банктің несиелік саясатының тиімділігін бағалау . . .
: 2. 2
: «Цеснабанк» АҚ-ның ішкі несиелік саясатының қалыптасуы мен іске асырылуын талдау . . .
:
:
: 3
: КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
:
:
:
:
: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
:
: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
:
:
:

КІРІСПЕ

Дүниежүзілік қаржы дағдарыс жағдайында Қазақстанның банктік секторы аталған салада түбегейлі өзгерістерді қажет етеді. Олардың бәрі дүниежүзілік аренада ұлттық банк жүйесінің бәсекелестік қабілеттігін одан әрі арттыруға бағытталған банктік саясатты, соның ішінде несиелік саясатты оңтайландырумен тікелей байланысты.

Аталмыш жоспарды іске асыру мақсатында белгіленген шаралардың ең бастысы ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясатын қалыптастыру мен іске асырудың бүгінгі күнге сай еместігін және оның тиімсіздігін нақты көрсетіп отыр.

Шынымен де, Қазақстанның бүгінгі дамып отырған банк секторының бәсеке қабілетті дамыған банктердің қатарына кіруі үшін ең әуелі олардың несиелік саясатын қалыптастыру мен іске асырудың тиімділігін арттыруға терең мән беру қажет. Ең бастысы бұл жерде ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясатын қалыптастыру мен іске асыруды жүйелі түрде зерттеуде жоғарыда көтерілген мәселелердің шешімін табу барысында арнайы теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тәсілдерді қолдануды қажет етеді.

Зерттеу пәні ретінде несиелік саясаттың таңдалуы нарық жағдайына сай клиенттерге жоғары сапалы өнімдер мен қызметтер көрсетуде біздің еліміздегі аталған саладағы әлі де болсын орын алған олқылықтардың болуымен негізделеді.

Банк жүйесінің нарыққа өтуіне байланысты клиенттерге қызмет көрсету сапасын жетілдіру мәселесі ең өзекті мәселеге айналуда. Бұған бірқатар факторлар ықпал етуде:

  • біріншіден, банк жүйесінің құрылымы өзгерді, соған сәйкес клиенттермен қарым-қатынастардың мазмұны да өзгеруде;
  • екіншіден банктердің клиенттерге қызмет көрсетуде басшылық жасайтын банктік саясаттың мазмұны, соның ішінде банктің ішкі несиелік саясатының мазмұны толығымен өзгеруде;
  • үшіншіден ұлттық және халықаралық несие нарықтарының бір-бірімен ұштаса дамуы клиенттердің қажеттілігіне сай өнімдер өндіруде жаңа озық технологияларды банк ісінде иегеру қажеттілігі туындайды;
  • төртіншіден отандық банктердің халықаралық стандарттың нормаларын қабылдауына байланысты факторлар ықпал етуде.

Зерттеу жұмысының басты мақсаты - нарық жағдайларына сай коммерциялық банктердің клиенттермен арадағы қарым-қатынасының нығаюына ықпал ететін оңтайлы несиелік саясат қалыптастыру және оны іске асырудың теориялық және әдістемелік аппаратын жасау.

Қойылған мақсатқа жетуде зерттеу жұмысының алдында мынадай міндеттер белгіленді:

  • несиелік саясаттың анықтамасын, оның мәнін және қызметтері мен ролін зерттеу;
  • несиелік саясатты жүзеге асырудағы несиелік механизмнің мазмұнын талдау;
  • ЕДБ-дің материалы негізінде несиелік саясаттың іске асырылу тәжірибесіне талдау жасау;
  • несиелік саясатты жетілдіру жолдарын іздестіру.

Зерттеу пәні ретінде банкпен клиенттер арасындағы несиелеуге байланысты қарым-қатынастар алынады.

Зерттеу объектісіне нарық жағдайында іске асырылатын банктердің ішкі несиелік саясаттары мен оларды іске асыру әдістері жатады.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізіне банктердің несиелік саясатына қатысты шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері және оқулықтары жатады.

Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық Банктің құрамындағы қаржылық қадағалау комитетінің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ несиелік саясат жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.

Сонымен қатар, ғылыми жұмыста көрсетілген келесідей шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері (О. И. Лаврушин, М. И. Брагинский, Е. В. Кудрявцева, К. Р. Тагирбеков, Г. Г. Коробовой, В. И. Колесников, О. М. Марков, В. М. Усоскин, Е. Ф. Жуков, О. М. Маркова, Е. Б. Ширинская және т. б. ) және отандық экономист-ғалымдардың (Ғ. С. Сейітқасымов, Н. Н. Хамитов, Ұ. М. Искаков, О. Б. Баймұратов, Ш. Р. Әбділманова, Г. Т. Қалиева, С. Б. Мақыш, Л. П. Корнилова, И. Новиков және т. б. ) еңбектері пайдаланылды.

Құқықтық негізіне ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары, ҚР Ұлттық банктің және ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.

Коммерциялық банктердің несиелік ресурстардың қалыптасу мен іске асырылуын зерттеу белгілі экономистердің еңбектерінде әр жақты құбылысты байқатып отыр. Сондықтан да, несиелік ресурстардың түсініксіз мазмұны және оның қағидаттары, сондай-ақ оның қызмет етуі барысындағы орын алатын өзекті мәселелері және оларды ғылыми тұрғыдан оқып білу.

  1. БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Коммерциялық банктің несиелік саясатының мәні мен қызметтері

Банк жұмысының сапасына баға беруде және жалпы жағдайда несие банк ісінің негізіне алынуда. Әлемдегі банктердің банкротқа ұшырауы банктердің активтерінің сапасының төмендігінен туындап отыр. Көптеген банкирлер және реттеуші ұйымдардың пайымдауынша несиелеу процесін басқару банктің несиелік қоржынының сапасының басты көрсеткішін сипаттайды.

Активтердің сапасы басқару сапасын көрсеткенімен өзге де факторлардың, соның ішінде үкіметтің, Орталық банктің саясатын, макроэкономикалық жағдайды, банктің меншік формасының ықпал ететіндігін естен шығаруға болмайды. Сыртқы факторлардың банктің активтерінің сапасына тигізетін ықпалына қарамай-ақ, банктің несиелік қоржынына талдау жасағанда несиені басқаруды бағалауға аса мән беру қажет. Өйткені бәсекелестік қабілетті банкті құру ең бастысы несиелік процесті тиімді басқаруға негізделеді.

Несиені басқарудың негізгі элементіне жете дамыған несиелік саясат, несиелік қоржынды тиімді басқару, несиеге жасалатын тиімді бақылау сияқты банктің жұмыстары жатады.

Несиелеу процесін басқарудағы ең маңыздысы банктің несиелік саясаты болып табылады.

Сонымен несиелік саясат дегеніміз не, міне осыған назар аударайық.

Ресей ғалымдары несиелік саясатты несиелік операциялар жүйесіндегі банктің тактикасы мен стратегиясы деп қарастырады.

Осындай көзқарасты қазіргі батыстың әдебиеттерінен де кездестіруге болады. Айталық, Н. Бруктің ойынша: «несиелік саясат - ұйымдастырушылық қажеттіліктерді ұштастыруды, ережелерді, заңнамаларды және басқарушылық философиларды сипаттайды. Ол корпоративтік мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Несиелік саясатты жасау банктің беделін нығайтады және алдағы уақыттағы нәтижелері үшін негіз болады. Бағыты айқын саясатқа деген қажеттілік банктің дербестігін арттыруға байланысты туындайды деген» [1] .

Мысалға, Қаржы-несие сөздігінде несиелік саясат - бұл халық шаруашылығын және халықты несиелеу облысындағы мемлекеттің жүргізетін экономикалық саясатының құрамдас бөлігі делінген [2] .

Бірақта барлық экономистер аталған көзқарастарға қосыла бермейді. Айталық, М. А. Касойдың көзқарасы бойынша: несиелік саясат макроэкономикалық деңгейдегі немесе мемлекеттік саясат ретінде, ал банктік саясат нақты бір банктің деңгейіндегі саясат ретінде қарастырылады [3] .

Ресей ғылымдары Г. Белоглазова мен Л. Кроливецкаяның «Банковское дело» атты оқулықта «несиелік саясат бұл рентабельділіктің жоспарланған деңгейін жоспарлау мақсатында банктің өзіне алуға тиісті тәуекелінің деңгейін анықтауды білдіреді» деген. Біздіңше мұндай анықтамамен толық келісуге болмайды [4] .

Осыған ұқсас түсінік К. Р. Тагирбековтың жетекшілігімен дайындалған «Основы банковской деятельности» атты оқулықта былай берілген: «несиелік саясат несиелік ұйымдардың табыстылығын арттыруға және несиелік тәуекелді төмендетуге байланысты шаралардың кешені» [5] .

Біздің ойымызша, оғарыда берілген екі анықтама несиелік саясаттың тар мағынадағы көрінісін сипаттайды.

Г. С. Панованың «Кредитная политика коммерческого банка» деген монографиясында несиелік саясатқа қатысты екі қөзқарас қалыптасқан, біріншісі, несиелік саясат макроэкономикалық деңгейдегі банктік саясат ретінде қарастырса, екіншісі, несиелік саясат - бұл банктің несиелік үдерісін ұйымдастырумен байланысты банк саясаты ретінде қарастырады [6] .

Ал, Ғ. С. Сейтқасымовтың жетекшілігімен дайындалған «Банковское дело» атты оқулықта «несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді» деп берілген [7] .

С. Б. Мақыштың «Банк ісі» атты еңбегінде оны екі көзқарас берілген: кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар арасындағы қатынасты басқару, ал тар мағынасында, несиелік саясат - бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды [8] .

Сондай-ақ аталған автордың «несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді» деген анықтамасы беріледі.

Жоғарыда келтірілген анықтамаларға жүргізілетін талдау несиелік саясатқа қатысты бірдей тұжырымның әдебиеттерде болмауын дәлелдейді. Сондықтан да оған анықтама бере кету қажет деп санаймыз.

Осы пікірге қосыла отырып, біздің ойымызша несиелік саясатқа екі тұрғыдан, біріншіден, кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады. Екіншіден, тар мағынасында, несиелік саясат - бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды деген тұжырымға келеміз.

Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді.

Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді [9] .

Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:

  • нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
  • несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;
  • нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
  • оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:

  • несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;
  • несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
  • сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;
  • ішкі бақылау қағидаларын.

Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.

Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап “өз клиентін” таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.

Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау) [10] .

Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.

Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді.

Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін. Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды. Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:

  • несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
  • несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
  • несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
  • несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
  • несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
  • несиелеу шартын бектеді (несиелік лимит, несиелік желі) ;
  • берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
  • банктің несиелік стратегиясын жасайды;
  • несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
  • несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітәбын жүргізеді.

Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.

Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелермен және нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады.

Несиелік саясаттың принциптері несиелік үдерісті ұйымдастырудың негізін құрайды, яғни оның қызметі неғұрлым тиімді болса соғұрлым банктің өтімділігі мен табыстылығы жоғары болып келеді.

Несиелік саясатты оңтайландыру принциптерін екіге: ортақ және арнайы деп екі бөліп қарастырамыз (сур. 1) .

Несиелік саясаттың ортақ қағидаттары деп макроэкономикалық деңгейде жүргізілетін Орталық банктің мемлекеттік несиелік саясатының, сондай-ақ жекелеген коммерциялық банктің несиелік саясатының принциптерін сипаттайды.

Кез келген коммерциялық банктің несиелік саясат ғылыми тұрғыдан негізделген болуы қажет. Тек ғылыми негізделген несиелік саясат қана банктің алдына қойған мақсаттарын қол жеткізуіне мүмкіндік жасайды.

Сур. 1 - Коммерциялық банктің несиелік саясатының принциптері

Ескерту - автормен құрастырылған.

Оңтайлы несиелік саясат бұл банктің шығындарын азайтып, керісінше табыстылығын арттыруға бағытталған саясатты білдіреді. Егер де ондай саясат табысты қамтамасыз ете алмаса онда ол тиімсіз болып табылады.

Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта төмендегідей элементтер көрсетілуге тиіс:

  • несиелік қызметті ұйымдастыру;
  • несиелік портфельді басқару;
  • несиелеуге бақылау жасау;
  • құзіретті бөлу принциптері;
  • несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
  • несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
  • несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
  • несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.

Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін төмендегідей үш құжат түрінде көруге болады:

  1. несиелеу саясаты;
  2. несиелеу стандарты;
  3. несиелеу нұсқаулықтары.

Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта - “Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету” - біріктіріледі.

Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.

Несиелеу стандарты - бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.

Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады [11] :

  • қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
  • несиенің кепіл-хаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;
  • әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
  • қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
  • құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
  • несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немесе тұтыну несиелері бойынша) .

Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандарттарына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт және т. б. жатады.

Несиелік нұсқаулық - несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.

Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, ссудалар бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.

Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:

  • банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;
  • несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материал және нұсқаулық ретінде болу;
  • несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
  • несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.

1. 2 Несиелік ресурс және несиелік саясаттың өзара байланысы

Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады. Несиелік механизм - нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу принциптеріннен, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.

Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі және құрылымы бойынша объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.

Несиелік механизм сипатының объективтігін айта отырып, екі элементті: несиені және несиелік механизмді бір-бірінен бөліп қарау дұрыс емес. Соңғысы несиенің бейнелейтін қатынастарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір қабатын құрайды [8] .

Несиелік механизм несиелеуді экономикалық-ұйымдастыру қатынастарының белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс әрекеті түсіндіріледі.

Несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.

Берілген несиелік механизм тұжырымы бұл механизмнің тек субъективтік сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама-қарсы тұрады. Осы тұрғыдан, кейбір мамандар несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып біле отырып, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмұнын, оның қызметтерін талдаудан несиелеу механизіміне өтеді.

Кез-келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан тұрады.

Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай құрылымдық элементтері болады:

  • несиенің түрлері;
  • несиелеу объектілері;
  • несиелеу субъектілері;
  • несиелеу әдістері;
  • несиелеу үдерісі;
  • несиелеу принциптері;
  • несиелік тәуекелді басқару.

Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

  1. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
  1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
  • мақсатты қорларға;
  • банктерге;
  • қаржы-несиелік мекемелеріне.
  1. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық нарықта коммерциялық банктің әрекеттерінің түрлері
Банк несиелерінің айналымы мен қайтарымдылығы
Банктік маркетинг стратегиясы түсінігін зертеу
Несие берудегі несие саясаты
Коммерциялық банктердің несие саясаты
Банктің сыйақы құру саясатының принциптері
Сегменттеу – банктік маркетинг тиімділігін арттыру ретінде
Қаржы менеджменті банктік менеджменттің құрамдас бөлігі және аясы ретінде
Несиенің қажеттілігі,мәні,формалары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қазіргі кезеңдегі сипаттамасы және даму деңгейі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz