Банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты банктік тәуекел түрлерін мәнін жәні жәктелімін қарастыра отырып, оларды қазіргі жағдайларға сай басқару әдістері


МАЗМҰНЫ
Банк қызметіндегі тәуекелдер түрлері мен олардың
типтері . . .
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде банк өтімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты мәселесі банктік тәуекелдерді басқару банктік менеджментте ерекше орынға ие. Бұл әрине банктік қызметке байланысты кез келген басқарушылық шешімнің тәуекелмен тікелей байланысты болуын немесе оның өзге сыртқы және ішкі факторларға тәуелді екенін көрсетеді. Банктік менеджерлердің күнделікті банк қызметіне байланысты кездесетін негізгі мәселесі бұл банк пайдасын қалайда артырып, тәуекелді төмендету немесе оны тіпті болдырмау шараларын жолдарын іздестіру болып саналады. Әрине кез келген басқарушылық шешім қабылдау барысында тәуекелді айналып өту іс жүзінде мүмкін емес.
Банктік тәуекел отандық банктердің дамуына қауіп төндіріп отырған тәуекелдің түріне жатады. Себебі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дағдарыс тұсында көптеген коммерциялық банктердің банкроттыққа ұшырауы қарыз алушылардың несиелерді қайтармауымен және олардың тәуекел-менеджменті саласында ойластырылмаған саясат жүргізуіне байланысты болуда.
Қазақстандық коммерциялық банктер үшін мұндай мәселе қосарлы көрініс тапқан, яғни олардың несиелік қоржындарында мерзімі өткен және күмәнді несиелердің үлесі дамыған елдердің банктерінен екі-үш есе артып отырғандығы жасырын емес. Сондықтан да, кез-келген ҚР екінші деңгейдегі банктердің қызметінің тиімділігі және жалпы еліміздің банк секторының тұрақтылығы тәуекел-менеджменттің тиімділігін арттыруға тікелей байланысты, әсіресе қазіргі қаржы дағдарысы жағдайында оның маңыздылығы арта түсуде.
Демек, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің тәуекелді басқаруға арналған және бүгінгі банктік сектордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді мақсат етіп қойған бұл зерттеу жұмысының тақырыбы - ең өзекті тақырыптардың қатарынан орын алатыны ешқандай да күмән тудырмайды.
Ендеше, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің тәуекел басқару тиімділігін арттыру барысындағы жоғарыда аталған мәселелердің бүгінгі күнге дейін оң шешімін таппай отырғаны және олардың отандық ғылыми жұмыстарда терең де жете зерттелмей келуі, бұл жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды[1] .
Сонымен қатар таңдап алынған тақырыптың келесі бір ерекшелігі бұл банктік тәуекелдерді басқару әдістері мен құралдарын зерттеуге бағытталуы. Мұндай бағыттағы зерттеу Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуында жаңа бағытты сипаттайды.
Тақырыптың өзектілігі банк қызметіндегі тәуекелдерді тиімді басқару кез келген коммерциялық банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету шарты болатындығымен негізделген.
Тәжірибе көрсеткендей көптеген банктік қызметіндегі тәуекелдің түрлерінің (несиелік, өтімділік, валюталық және т. б. ) болуы банктің қаржылық тұрақтылығын нашарлатып, ең соңында капиталын жоғалтуына немесе банкротқа ұшырауына итермелейді.
Сондықтан да мұндай мәселелердің алдын алу немесе дұрыс басқару өз кезегінде тәуекелдері төмендетуге кепілдік береді.
Зерттеу объектісіне - банк қызметіне байланысты туындайтын тәуекелдердің түрлерін басқару шаралары, соның ішінде ҚР-ғы ЕДБ-дің тәжірибелерінде тәуекелдерді басқару әдістері жатады.
Диплом жұмыстың басты мақсаты - банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты банктік тәуекел түрлерін мәнін жәні жәктелімін қарастыра отырып, оларды қазіргі жағдайларға сай басқару әдістерін іздестіру.
Қойылған мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу қажет:
- банктік тәуекелдердің экономикалық мәннін ашу;
- банктік тәуекелдердің жіктелемін беру;
- банктік тәуекелдерді басқару әдістерін айқындау;
- ҚР-ғы банктер тәжірибесінде тәуекелдерді басқару әдістерін талдау жүргізу;
- Шетел тәжірибесінде қолданылатын банктік тәуекелдердің жекелеген түрлерін басқару әдістерін танысу;
- Банктік тәуекелдерді басқару әдістерін жетілдіру жолдарын іздестіру.
Зерттеу обектісіне: ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктік тәуекелді басқару жүйесі жатады
Зерттеу пәніне: ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктік тәуекелді басқаруға байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастар жиынтығы жатады.
Диплом жұмысының әдістемелік және теориялық негізі. Банктік тәуекелдердің мәнін, түрлерін және оларды басқару әдістерін зерттеу барысында, автор жалпы әдістемелік принциптерді ұстана отырып, осы бағытта өздерінің еңбектерін жазған шетелдік және отандық ғалымдардың шығармашылықтарын пайдаланады.
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің қаржылық қадағалау комитетінің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ банктік тәуекелді басқару жүйесі жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.
Сонымен қатар, ғылыми жұмыста көрсетілген төмендегідей шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері (О. И. Лаврушин, В. Платонов, Питер С. Роуз, К. Р. Тагирбеков, Г. Г. Коробовой, В. И. Колесников, Б. Уильямс, А. В. Ситник және т. б. ) және отандық экономист-ғалымдардың (Н. Н. Хамитов, Ш. Р. Әбділманова, Г. Т. Қалиева, С. Б. Мақыш, Б. А. Мұхамеджанов, М. А. Исенов және т. б. ) еңбектері пайдаланылды.
Құқықтық негізіне: ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары, ҚР Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау комитетінің нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.
Банктік тәуекелді басқару жүйесін және оның элементтерін зерттеу белгілі экономистердің еңбектерінде әр жақты құбылысты байқатып отыр.
- КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1. Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні және жіктелімі
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде «риск» сөзі гректің ridskon, ridsa сөзінен шығатыны және оны аударғанда утес, скала деген ұғымдарды білдіреді.
Орыс тіліне «тәуекел» термині Испания немесе Португалия сияқты елдерден келген, оның лексикалық мәнінде сол скала сөзімен ұқсас келеді.
Италиян сөзінде «risiko» және Француз тілінде «risque» қауіп деген мағына береді. Ал латынша «rescum» сөзінің аудармасы болжанбайтын, қауіпті немесе бүлдіретін нәрселердің бірін білдіреді [1] .
Қазақ тілінде «риск» термині «қауіп», «қатер» және «тәуекел» деген ұғымдарды білдіре отырып, олар өз кезегінде қолданылу аясына қарай пайдаланылады.
«Тәуекел» терминінің жоғарда келтірілген мағыналарынан, оның ұзақ уақыт бойы қалыптасып, ең соңында қауіпті сипаттауын көруге болады.
Нарық қатынастар теориясы «тәуекел» терминін бірінші болып енгізген Француз экономисі Р. Кантильон болған және оның пайымдауынша тәуекел тәуекелді бәсекенің ережесімен жүргізілетін кез келген сауда-саттық қызметтің қаситетін білдіреді деген. Ол саудагердің пайдасы мен зиянын болжамсыздықтың және тәуекелдің салдары деп бағалады. Сол уақыттардағы көзқарастардың бүгінгі көзқарастардан айырмашылығы болғанымен, қазіргі бастыс экономистері осы француз ғалымын тәуекел теориясының негізін қалаушы ретінде санайды.
Қазіргі заманғы экономикада тәуекелдер саласы біршама жаңа әрі іс жүзінде зерттелмеген сала болып табылады. Осыған байланысты «тәуекел» ұғымының анықтамасына қатысты сан алуан, тіпті кейде бір-біріне қайшы келетін көзқарастар айтылады.
Осы терминнің неғұрлым толық әрі дұрыс ұғымын әзірлеу үшін жоғарыда аталған көзқарстардың негізгілерін қарастырған орынды.
Профессор А. Г. Грязнованың редакциялауымен шығарылған қаржы-кредит энциклопедиялық сөздігінде тәуекел ұғымының бірнеше түрі бары екені атап өтілген (ағылшынша . risk, фр. risgue от ит. risico - грек тіліндегі rixikon - құз: бастапқыда «тәуекелге бас тігу» - жартастың ортасында жан сақтау) күтпеген ысырап, шығынның пайда болуы, жоспарланған нұсқамен салыстырғанда кірісті, пайданы толықтай алмау қаупі.
Альгин А. П. «тәуекел - сәтсіздік мен мақсаттан ауытқудың болжанған нәтижесіне жетудың ықтималдығының сапасы мен санын бағалау мүмкіндігі бар еріксіз таңдау жасаған белгісіздікті есерумен байланысты қызмет» деп санайды.
Банк үшін күтпеген жағдайда келесі үш экономикалық нәтиже туындауы мүмкін: теріс (қосымша шығыс, залал мен ысырап), нөлдік (өзгеріссіз), немесе оң (ұтыс, пайда немесе табыс) .
Банк үшін ең тиімдісі оң нәтиже алу, алайда, әдетте, күтпеген жағдайдың нәтижесінде тәуекелдің салдарынан теріс нәтиже алынады. Тәуекелге жол бермеу үшін банктің залалдан, ысыраптан немесе күтпеген шығыннан ақншалықты қорғалғанын анықтау қажет [2] .
Банк қызметін шығын жұмсамай жүзеге асыру мүмкін емес. Делдалдық операцияларды жүзеге асыратын қаржы инстиуттары үшін қалыпты жағдай, банктер уақытша бос қаражатты тарта отырып салымшыларға сыйақы төлеуге, тартылған кредиттер мен қарыздар үшін басқа қаржы институттарымен есеп айырысуға, банк қызметкерлеріне, аудиторлық компанияларға еңбекақы төлеуге және басқа операциялық шығыстарды жүзеге асыруға тиіс.
Жоспарланғабан шығыстардың себептерін қарастыратын болсақ, олар нарықтағы жағдайдың өзгеру салдарынан салымшыларға төленетін төлемдерді арттыру, кредит ресурстары тапшылығының пайда болуы жәіне осының салдарынан олардың рыноктағы құнының артуы, қызметкерлерге төленетін еңбекақыны көтеру, елдегі инфляция түрінде байқалуы мүмкін, ал осының арлығы шығыстарды арттырады.
Банктердің шығындары кірісті толық алмаумен немесе жоспарланған көрсеткіштерден артық шығыс жұмсаумен байланысты. Бұл жағдай алдағы операцияларды сауатсыз және нақты жоспарлап, талдамаудың, есептен жаңылысудың, жағдайдың қолайсыз қалыптасудың немесе күтпеген жағдайдың салдарына, сондай-ақ кепілдік пен резервтер түріндегі хеджерлеу жүйесін құрмай біршама жаңа әрі тәуекелі жоғары операциялар жасаған кезде туындайды. Қаражатты ұтымсыз пайдаланып, орналастырумен, нарықтағы мүмкіндіктермен қауіп-қатерлерді дәл бағалаумен байланысты осындай шығындардың тәуекелі банкке қаржы жағынан да, имидж жағынан да елеулі қиындықтар тудырып, тіпті оның ысырап шегуіне әкеп соқтыруы ықтимал.
Ысырап деп банктің пайдасының күтпеген жерден төмендеуі аталады. Әдетте ысырапта шығыстың да, шығынның да барлық қасиеттері үйлескен талдап қорытылған көрсеткіш болып табылады. Сөйтсе де ысыраптың бір ерекшелігі оның банкті банкроттыққа әкелуі жатады [3] .
Сөйтіп, жоғарыда атап өтілгенді ескере отырып, «банк тәуекелі» деген ұғымды былайша сәйкестендіру болады. Банк тәуекелі - бұл стандартты банк операцияларын жасауға байланысты қосымша шығыс жұмсау, шығын мен ысыраптың пайда болу мүмкіндігімен байланысты банк қызметіндегі белгісіздік. Тәуекел операцияларды нақты жоспарламаудың, белгіленген талаптар мен нормативтерді сақтамаудың, қызметкерлердің тарапынан қателікке жол берудің, сондай-ақ банктің контрагенттері мен контрәріпетстері тарапынан алдау нәтижесінде туындайды.
Демек, тәуекел - кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.
Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс.
Банк ісінде тәуекел - белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің ресурстарының бір бөлігін жоғалту қауіпін білдіреді [4] .
Банк үшін тәуекелдің сандық бейнеленуі банктің алға қойған шараларды жүзеге асырудың тәуекелділігінен шығынға ұшырауын және тәуекел саласындағы банктің стратегиясының сапасын көрсетеді.
Банк менеджерлері пайда табуды тәуекелмен байланысты әрекеттер жасаудың салдары ретінде қарамайды. Тәуекел мен шығын, бір жағынан алғанда банктік пайда алуы мүмкіндігіне қарама-қайшылық жасаса, екінші жағынан пайданың пайда болу табиғаты мен тәуекелдің пайда болуы табиғаты арасында айырмашылықтың барлығына көңіл аударуды қажет санайды.
Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығымен кездеседі. Осы жиынтықтар бір-бірінен пайда болу уақыты мен орны, экзогендік факторлар жиынтығы (яғни, экономикалық орта, коньюктурамен байланысты «сыртқы») және эндогенді факторлар (банктің өзіндік қате қызметінен пайда болатын «ішкі») бойынша ажыратылады. Сонымен бірге, барлық тәуекел бір - бірімен байланысты және банк қызметіне әсер етеді.
Банк қызметі табысты болуы үшін, банк тәуекелді бөлшектеу және нақты тәуекел түріне ең жақсы басқару тәсілін қолдану керек.
Сонымен, банк тәуекелінің жүйелі жүйелі қарастырайық, ол өзіне категория, топтар, түрлер, түрлер астындағы және тәуекелдің әр түрлілігін қамтиды.
Банк тәуекелдерінің жіктелімі (1-суретте келесі бетте берілген) .
Банктік тәуекелдің жоғарыда берілген жіктелуінде негізгі қағидалары көрсетуге болады. Сонымен, банктік тәуекелді жіктеу қағидалары мыналар:
- Банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету аясы.
- Банк клиенттерінің құрамы.
- Банктік операциялар сипаттамасы.
- Коммерциялық банктердің түрі.
Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді.
Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді келесідей болуды ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойыншы, активтік және пассивтік операциялар бойыншы тәуекелдер. Бірақ айта кететін жайт, баланстық операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдер көбінесе баланстан тыс операцияларға таралады.
Сурет 1. Банктік тәуекелдер жіктелімінің сызбасы.
Е с к е р т у: [5] дерек көзінен жасалған
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне тікелей байланысты емес немесе берілген бір клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатқызылады. . Сыртқы тәуекелдер саяси - экономикалық, әлеуметтік - құқықтық, бәсекелестік, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.
Саяси факторларға соғыс, жаулап басып кіру, саяси көтерілістер мен тәртіпсіздік, идеологиялық келіспеушілік, экономикалық қызығушылық қақтығыстары, саяси күштер мен әлеуметтік топтар қызыңушылықтарының поляризациясы, саяси режимнің ауысуы, ұлттандырылуы, жекешелендіру, қарыздарды біріктіру, эмбаргоны енгізу, импорттық лицензияны алып тастау, тікелей шетел инвестицияларының тәуекелі және т. б. жатқызылады[5] .
Бәсекелестік факторлар: банктік және банктік мекемелердің қосылуы, банктік операциалар мен мәмілелердің жаңа түрінің пайда болуы, басқа банктердің қызмет құнының төмендеуі, банктік қызмет сапасына деген талаптардың жоғарлауы, жаңа банктік мекемелердің пайда болуының жеңілдігі, банктің банкротқа ұшырауы қиындығы мүмкіндігімен байланысты болады. Қаржылық факторлар тәуекелдігі - жалпы ішкі өнім, сырқы қарыздың экспортқа қатысты қызмет көрсетуінің көлемі, ЖІӨ- ге ағымдағы баланстың дефицитінесыртқы қарызға қолайсыз қатынасы.
Банктің өзінің қызметіне байланысты және ол тәуекел жағдайларды белсенді түрде басқару мүмкіндігін иеленеді. Ішкі тәуекелдерге берілген жекелеген коммерциалық банк иеленетін кәсіпкерлік артықшылықтар әсер етеді. Атап айтсақ, қаржылық нарықтың берілген аясында банктің қызмет көрсетуін ұйымдастыру кезінде оның басшылары мен дұрыс таңдаған стратегиясы мен саясаты. Банктік операциалар технологиялық процестермен маманданған қызметкерлер жеткілікті минимумын оптималды басқару, тиімді маркетингтік стратегияны және тактиканы таңдау және т. б. факторлар. Ішкі тәуекелдер банктің өз қызметінен клиенттердің қарыз алушылардың немесе оның берілген контр серіктестер қызметіен байланысты. Олардың деңгейіне банк басшыларының іскерлік белсендігі, басқарудың тиімділігі мен тактикасы және басқадай факторлар әсер етеді. Осыдан келе тәуекелдер келесідей бөлінеді:
- банк активтермен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп айырысушылық, факторингтік, корреспонденттік шот бойынша, қаржылық және инвестиция бойынша тәуекел және т. б. ) ;
- банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық несиелерді тату тәуекелдері және диверсификация тәуекелі) ;
- банк өзінің активтері мен пассивтерін басқару сапасымен байланысты (пайыздық тәуеккел, өтімділік тәуекелі, төлем қабілетсідігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі) ;
- қаржылық қызмет жүзеге асыру тәуекелімен байланысты (операциондық, технологиялық тәуекелдік, жаңа еңгізулер тәуекелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі) [6] .
Банк клиенттерінің құрамының тәуекелдігі банктік қызмет маркетингпен, қоғаммен қарым - қатынас жасаумен байланысты. Кіші орта және ірі клиенттердің талаптарының әр түрлілігі сол тәуекелдің деңгейін анықтайды, яғни ұсақ қарыз алушы ірі қарыз алушыға қарағанда нарықтық экономиканың кездейсоқ жағдайларына кәбірек тәуелді болады. Сонымен қатар бір қарыз алушыға немесе бір - бірімен байланысты қарыз алушылар тобына, салаға және аймаққа немесе мемлекетке берілген үлкен несиелер көп жағдайда банктің банкротқа ұшырауының негізгі себебі болады.
Сондай-ақ тәуекелдерді жіктеуге өз көзқарасын білдірген басқа авторлардың жіктемесін келтірейік. Хенни Ван Грюнинг пен Сони Брайович Братановичтің жіктемесінде тәуекелдің келесі түрлерге бөлінген:
- қаржы тәуекелдері;
- операциялық тәуекелдер;
- іскерлік тәуекелдер;
- төтенше тәуекелдер.
Сурет 2. Банк тәуекелдерінің аясы
Е с к е р т у - [5] дерек көзінен жасалған
Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:
- несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау тәуекелі) ;
- пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі) ;
- өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтетін бұзу тәуекелі) ;
- капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі) .
Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тәуекелдерді жабуға арналған резервтер, бағалы қағаздардың құнсыздануынан резервтер және т. б) . негізгі капиталынан асып түскенде пайда болады[7] .
Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларда қызмет көрсете алмау мүмкіндігі:
- берілген кепілдер бойынша;
- шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісім- шарт бойынша;
- несиелік міндеттемелер бойынша;
- валюталық мәмілеге отыру бойынша.
Сонмен қатар, банктік тәуекелдер деңгейі лизингтік және факторингтік операцияларды, бартерлік және клирингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде пайда болуы мүмкін.
Ішкі тәуекелде банктің түріне және ерекшклігіне байланысты. Бұны былайша түсінуге болады: барлық банктерде сыртқы тәуекелдері, қаржылық қызмет көрсету тәуекелі, баластантық және баланстан тыс тәуекелдер тән бола тұра, негізгі зоналар, көлемдері және артықшылықты бағыттар банктің мамандануына байланысты әр түрлі қалыптасады, осыдан келе банк қызметінің әрбір түрі әр түрлі сипитталынады. Тәуекелдер жинағы бұл банктер үшін әр түрлі болады. Ақшалай бос қаражаттарды тарту және оралды басқа да несиелік мекемелерде орналастырумен айналысатын банктер үшін салымдар мен депозиттік операциялар бойынша тәуекелдер тән, сонымен қатар банкарлық несиелердің қайтарылу мүмкіндігі бар. Негізгі бағыттары инновация болып табылатын мамандандырылған банктерге жаңа технологияларды ұзақ және орта мерзімді несиелендірумен байланысты тәуекелдер тән болып келеді. Сондықтан мұндай банктерде бірінші орында инновация тәуекелі (қаржылық қызмет көрсету тәуекелінің элементі ретінде), сонымен қатар маркетингтік туәекелдер - яғни, жаңа технологияларды еңгізетін өнеркәсіптің өнімді өндіруден туындайтын алдын ала болжанбаған қиындықтармен байланысты тәуекелдер) . Бұл жағдайда ерекше мағынада сыртқы жобалық тәуекелдер, яғни фирмаішілік немесе корпораитвтік тәуекел, нарықтық немесе портфельдік тәуекел (банктік саясат жне несиелік портфельге сәйкес тәуекел табиғаты және тәуекел географиясы) . Бұл жерде алдын ала экономикалық тиімділікті, сапалығын бағаламай, технологиялық жаңалықты игеруге үлкен тәуекелге тап болады, яғни жаңа технологияны уақытынан бұрын бастаса, жаңа өнімге тұтынушы сұранысы жоқ немесе аз болса, өндіретін өнімінің белгілі бір бағытта түрлі көп болса және т. б. Биржалық банкті қарастығанда, негізгі екі тәуекел түріне көңіл болу керек. Мысалы, тауардық клиенттің алдын ала берген қаражаты негізінде клирингтік есеп айырысуда қамтамасыз ететін банк үшін есеп айырысу тәуекелі, яғни есеп айырысу перациялары бойынша шығын болады. Егер биржалық банк бағалы қағаздар нарығында клиенттермен бірлесе отырып трасталық және брокерлік қызметтер көрсетсе, онда бағалы қағаздармен байланысты келесідей тәуекелдер болады:
- капиталдық (бағалы қағаздар портфелінің өтімді емес тәуекелі) ;
- селективтік (бағалы қағаздарды дұрыс таңдамау тәуекелі) ;
- уақытылы;
- нарықтық (бағалы қағаздардың құнсыздану тәуекелі) ;
- іскерлік (эмитентін бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлемеу тәуекелі) [8] .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz