Банктің несиелік ресурстарын қалыптастырудың теориялық негізі


МАЗМҰНЫ
1 Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының теориялық негіздері
1. 1 Коммерциялық банктегі қаржылық жағдайдың экономикалық маңызы және рөлі
1. 2. Банк қаржысын басқару жүйесінің құрылымы
2 Коммерциялық банктің қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау
2. 1 Қазақстандағы коммерциялық банктердің нарықтағы жағдайын талдау
3 Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы - тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс. Сондықтан, банктегі қаржылық менджменттің тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып табылады.
Банктің басты қызметі - елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық. Сонымен бірге банктер ел экономикасындағы ақша айналымының барлық құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді, яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық салаға, мемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шарушылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады.
Банктің қаржылық менеджменті банктің белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталады және банктік жұмыстағы ең бастысы. Себебі, банктің қайта бөлуге бағытталатын ақша ресурстарының басым бөлігі (орташа 80-85℅) - қоғамдікі, яғни банктен тыс субъектілерден тартылған қаржылар. Сондықтан, қоғам ақша қаржысын сеніп тапсырған коммерциялық банктердің қаржылық белсенді болуын сәйкес заңдар мен нормативті актілер арқылы қамтамасыз ететін - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Болашақ маман ретінде осы көзқарас бойынша мәселенің маңыздылығының деңгейі дипломдық жұмысымның тақырыбына бірден-бір арқау болды.
Сонымен қатар, соңғы 12 жылда елдегі коммерциялық банктердің саны 237-ден (1995 ж. шырқау шегі) қазір 38 банк қалды. Бұның себебі еліміздегі нарықтық экономиканың дамуына сәйкес банктік қаржылық менджментте позитивті өзгерістердің болуы, яғни ішкі қаржылық басқару мен сыртқы қадағалау тетіктерінің күшеюі.
Осы орайда, дәл осы процестерді ашу, қаржыны басқаруды түсіну, оң және теріс жағына көз жеткізу, сәйкесінше, туындайтын мәселелердің себептерін және оларды шешу жолдарын іздеу дипломдық жұмысымның тақырыбына қызығушылық танытты және мақсатына айналды.
Банктің қызметі ұдайы өзгеріп отыратын жалпы экономикалық және әлеуметтік-саяси жайлардың, қаржылық нарықтағы жағдайлардың өзгерістерінің барысында жүргізіледі. Сәйкесінше, бұл құбылыстар банктің жалпы экономикалық белсенділігіне әр түрлі әсер етуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік қызмет туралы» заңына сәйкес Қазақстанда банктер-қаржы нарығында әртарапты операцияларды орындайтын айрықша құқыққа ие әмбебап несие мекемелері. Олар әртүрлі түрде және әртүрлі мерзімге несие берумен, бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сату, сатып алу, сақтаумен айналысады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердегі қаржылық менеджменттің мәні мен маңызын анықтау, банктің қызмет көрсету жағдайын талдау, банктегі қаржылық менеджменттің стратегиялық бағыттарын анықтау болып табылады.
Жұмыстың негізгі міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылған:
- Банктің қаржылық менеджментінің теориялық негіздерін қарастыру;
- Банктің қаржылық менеджментінің құрылымын анықтау
- Банктің қаржылық жағдайын талдау;
- Банктегі қаржылық менеджмент стратегиясын анықтау.
Жұмыстың ғылыми жаңалықтары келесілерден көрінеді:
- Қаржылық менеджменттің экономикалық маңызы нақтыланды;
- Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайына талдау жасалынды;
- Қазақстан Республикасында қаржылық менеджментті жетілдіру жолдарын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар берілді.
Дипломдық жұмысты орындау барысында экономикалық талдау, салыстыру, айырмашылықтарды табу, мәліметтерді кестелік өңдеу әдістері қолданылады
Жұмыстың теориялық-әдістемелік маңыздылығы ретінде банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің заң және нормативтік-құқықтық актілері алынды. Зерттеу жұмысында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Жұмыс кезінде жалпы және салыстырмалы статистикалық зерттеу тәсілдері қолданылды.
Жұмыстың практикалық негізі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік және қаржылық құжаттары, Қазақстан Республикасы статистикасы бойынша Агенттіктің статистикалық материалдары, қаржы ұйымдары мен қаржы нарықтарын бақылау мен реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің статистикалық мәліметтері, «Қазахстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық құжаттары болып табылады.
Зерттеу объектісі « Қазақстан Халық Банкі» АҚ болып табылады.
Зерттеу пәні коммерциялық банктердегі қаржылық менеджмент болып табылады
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмысымның бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қаржы менеджменті туралы жалпы түсінік және оның экономикалық маңызы жайлы қарастырдым. Сонымен қатар, банктің қаржылық тұрақтылығын және қаржылық қызметін басқару қарастырылған.
Екінші бөлімде Қазақстандағы коммерциялық банктердің нарықтағы жағдайын және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау қарастырылған.
Үшінші бөлімде банктің қаржы менеджменті мен қаржы тұрақтылығын басқаруды жетілдіру жолдары қарастырылған.
1 Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының теориялық негіздері
1. 1 Коммерциялық банктегі қаржылық жағдайдың экономикалық маңызы және рөлі
Қаржы менеджменті - дегеніміз кәсіпкерлік қызметті қаржыландыдыруды ұтымды немесе тиімді басқару жүйесі.
Қаржы менеджменті компаниялардың қаржы ресурстарын басқару немесе компаниялардың қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану, тарату және айналымдағы ақша қаражаттарын ұйымдастыруды басқару үшін қолданылатын әдістермен басқару шешімдерін іске асыру принциптерінің жүйесі. Қаржы менеджментінің негізгі мақсаты салықты оптимизациялау болып табылады. Компаниялардың қаржысын басқару үшін екі қосалды жүйеден құрылады:
- Басқару объектісі;
- Басқару субъектісі.
Басқару объектісіне жататындар: қаржылық есеп, талдау, жоспарлау, болжау, бақылау, реттеу, салық салу, несиелеу, сақтандыру, лизинг, жалдау, факторинг, хеджирлеу және есептесу әдістері.
Басқару объектінің элементтері:
- Қаржы қатынастары;
- Қаржы ресурстары;
- Ақша айналылымы және қаржыландыру көздері.
Барқару субъектісі әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржы қызметі және оның бөлімшелері. Басқару субъектісі шаруашылық жүргізу субъектісінің көлеміне байланысты әр түрлі бөлімдердерден тұрады:
- Қаржы бөлімі;
- Жоспарлау бөлімі;
- Маркетингтік бөлімдер;
- Есеп бөлімі;
- Бухгалтерия;
- Салықтық есеп бөлімі.
Қаржы менеджменттің түпкі мақсаты шаруашылық жүргізуші субъектінің нарықтық құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету. Қаржы ресурстарын қалыптастыру және тиімді пайдалану табысты көбейту тетігін қолдана отырып, шаруашылық жүргізуші субъектінің бәсекелестік деңгейін көтеру. [8]
Қаржы менеджментінің орындау процесінде үш бағыт анықталған:
- Табысты максимизациялау;
- Шығындардарды минимизациялау;
- Салықтарды оптимизациялау.
Қаржы менеджменті өзінің басты мақсатын орындау процесінде төмендегі міндеттерді атқаруы тиіс:
- Алдағы кезеңде компанияның даму саясатына сай келетін қажетті қаржы ресурстарының көлемін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- Компанияның ақша айналымын тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
- Компаниялардың айналым активтердің қажетті өтімділік деңгейін қамтамасыз ету;
- Компаниялардың барлық даму кезеңдерінде қаржы тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- Банкрот болудан қашу және ірі қаржы сәтсіздігін болдырмау;
- Бәсекелестік күрес жағдайында кәсіпорынның немесе компаниялардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Компаниялардың нарықтық құнын барынша молайту;
- Компаниялардың экономикалық потенциалын даму қарқының қамтамасыз ету;
- Компаниялардың қызметіне байланысты қажетті рентабелділік деңгейін қамтамасыз ету.
«Қаржы» және «менеджмент» категориялардың функцияларын талдау нәтижесінде қаржы менеджментінің негізгі функциялары анықталған:
Қаржыны жоспарлау функциясы. Бұл функцияның атқарылуы қаржы менеджментінің қойылған мақсаттары мен міндеттеріне байланысты қаржы ресурстарын болжамдау және жоспарлау нәтижесінде анықталады.
Қаржыны бақылау. Бұл функцияның атқарылымы қаржы менеджментінің қойылған мақсаттары мен міндеттеріне байланысты жоспардың орындалу ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Қаржы менеджментінде қолданылатын экономикалық категориялар бухгалтерлік есеп берудің халықралық стандарттарына сәйкес қаржылық есеп элементтері болып табылады. Қаржылық есеп элементтері екіге бөлінеді:
- Баланстық есептің элементтері
- Қаржылық шаруашылық есептің нәтижесі туралы есептің элементтері. [8]
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру заңына сәйкес бес қаржылық есеп нысаны қарастырылады:
- Бухгалтерлік баланс;
- Кірістер мен шығыстар туралы есеп;
- Ақша қозғалысы туралы есеп;
- Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есеп;
- Есеп саясаты немесе түсініктеме хат.
Банктер нарықтық экономикада ең маңызды қаржы институттары болып табылады. Банктік жүйе уақытша бос ақша құралдарын жұмылдыра отырып, оларды еліміздің байлығын арттыратын, табыс алып келетін капиталдың жұмыс жасауына айналдырады.
Сондықтан банк капиталының жұмыс жасау тиімділігі экономикалық өсу мен өмір сүру деңгейінде шешуші фактор болып табылады.
Қазіргі кездегі Қазақстандық банк капиталы өзінің даму сатысына көтерілді.
Ақша-несие саясатынының қатаңдығы, тұрғындардың нақты табыстараның даму деңгейі қарқындарының түсуі коммерциялық банктердің жұмыс жасауына жаңа орта құрды, бірақ көптеген банктер оған дайын емес еді.
Сондықтан қазіргі менеджменттің сапасы - фирманың, еліміздің, саланың бәсекеге қабілеттелігін анықтайтын басты фактор.
Басқарудың тиімділігі экономиканың кез келген субъектісі үшін фундаментальды маңызға ие, әсіресе оның ролі коммерциялық банктердің жұмыс жасау механизмінде ерекше. Банк бизнесінің маңызды ерекшелігі мынада, бұл жерде тәуекелдің дәрежесі өте жоғары, сондықтан кез келген басқарушылық қате өтімділіктің жоғалуына, төлем қабілеттілікке және банкротқа ұшырауға алып келеді.
Соңғы жылдары «басқару» деген түсінікпен салыстырғанда, «менджмент» түсінігі сәнді болды. Осы екеуінің арасында қандай өзгешелік бар және ол принципиалды ма?
Қазақстанның банктік энциклопедиясында бұл түсінікке мынадай түсіндірмелер келтірілді: менеджмент (басқару, ұйымдастыру, меңгеру) жоғары экономикалық нәтиже алудағы оптималды тәсілдерді таңдауға бағытталған нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынды (фирма) басқару арқылы анықталады.
Осылайша, менеджмент мәнінің келесідей принциптері мен элементтері ұсынылады (1 кесте) :
Кесте 1
Менеджменттің қағидалары мен мәні
Ескерту: Р. Ә. Әмірқанов, А. Қ. Тұрғұлова Қаржы менеджменті / Оқу құралы, Алматы, 2002ж
Мұндай жағдайда банктер қызметіне келтірілген пункттердің толықтығы мен олардың пайдаланушылығы маңызды емес, тек қана жоғарыда қойылған сұраққа жауап беруге көмектесетін менеджмент туралы нақты көрсетілім береді.
Банктік менеджмент - жалпы стратегиялық және тактикалық жоспарлаумен, реттеумен, банктік іс-әрекетті қадағалаумен, қызметкерлерді басқарумен байланысты қарым-қатынастарды басқару. Басқаша айтқанда банктік менеджмент - бұл ақша ресурстарын пайдалану және құрумен байланысты қарым-қатынасты басқару, яғни банктік саладағы қаржы менеджменті және қызметшілерді басқару жиынтығы. [8]
Банктік менеджментті қаржы менеджментіне және қызметкерлерді басқаруға бөлу коммерциялық банктегі объект құрылымына байланысты. Сондықтан оны банктің іс-әрекеті ретінде қарауға болады (2 кесте) .
Кесте 2
Банктік менеджменттің қызметі
1. Активтерді және пассивтерді басқару
2. Өтімділікті басқару
3. Меншікті капиталды басқару
4. Қарыз капиталын басқару
5. Банктік тәуелділікті басқару
6. Несие қоржынын басқару
7. Банк ішіндегі бақылауды ұйымдастыру
1. Әкімшілік ұйымдастыру жүйесі және еңбек ақы
2. Қызметшілерді таңдауды ұйымдастыру
3. Қызметшілерді дайындауды ұйымдастыру
Ескерту: Р. Ә. Әмірқанов, А. Қ. Тұрғұлова Қаржы менеджменті / Оқу құралы, Алматы, 2002 ж
Банк - жеке және қарыз капиталдарын басқаратын ұйым. Бірақ «капиталды» әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуының негізі ретінде қарауға болады. Капиталға берілген осы түсініктеме адамдар арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды. Сондықтан адам капиталын басқару - бұл несиелік ұйымды басқару процесінде адамға деген қатынас. Банк үшін бұл пайда, өтімділік, тұрақтылық т. б. болуы мүмкін. Банктік менджменттің үлгісі келесі кестеде көрсетілген (3 кесте) .
Кесте 3
Банктік менеджменттің міндеті
1. Негізгі міндеттердің қойылымы.
2. Кешенді бағдарлама мен жобаны өңдеу.
3. Банк іс-әрекетін басқару әдістемесін өңдеу.
4. Банкті дамыту саясатын таңдаумен байланысты банктің ұйымдық құрылымын өңдеу.
5. Банктің қызметшілерін басқару стратегиясы
қызметші жұмысын ұйымдастыру;
қызметшіні ынталандыру.
1. Нақты нарықты таңдау.
2. Банктік қызметті дамыту үшін ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарды орнату.
1. Клиенттерге қызмет көрсету үшін жаңа банктік технологияларды енгізу.
2. Банк клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін банк іс-әрекеті процесінде ақша қорларының нысанын өңдеу.
(3- кестенің жалғасы)
1. Капитал өсімі.
2. Өтімділікті және пайданы басқару.
3. Банк дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
4. Банк шығындарын басқару.
Ескерту: Арнайы әдебиеттер негізінде автормен құрылған
Қаржылық менеджменттің өзіндік ерекшелігіне несие банктік жүйенің экономикалық процестердегі біркелкі технологияларды қамтымауында деп білуге болады. Коммерциялық банктегі қаржының, менеджменттің басты ерекшелігі де - нарықтық экономикасының алғашқы тобындағы барлық ақша функциясын жүйелі түрде басқару, яғни ерекше экономикалық субъект болуында. Қаржылық менеджменттің негізгі банктегі қаржылық операцияларды зерттеу және банк клиентінің ақшасын басқару процестері болып табылады.
Коммерциялық банктегі қаржылық менеджмент - бұл ақша ресурстарын пайдалану мен құрылымдық процестерді басқару. Ол ұйымдастырушы - технологиялық менеджмент банк бөлімшелерін басқарумен және банк қызметін әртүрлі процестердегі олардың өзара қатынастары. Сонымен бірге банк қызметтеріне басқарумен бірге тығыз байланыста. Қаржылық несиелермен қатар, коммерциялық банктің ұйымдастырушы - технологиялық сипатында маңызды мәселелер болып, коммерциялық банктің менеджментін сәйкес - аналитикалық қамтамасыз ету.
Коммерциялық банктің пайдалы қызметін субъективті түрде қарастыру және технологиялық процестердің өндірістілігі мен ұйымдастырушылық құрылымдары болады.
Банктер әрқашанда нарықтың жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек, банктік емес қаржылық ұйымдармен бәсекелесуге даяр болуы керек.
Банктік менеджменттің негізгі міндеті болып қатынастар жүйесін құру болып табылады. Осыған байланысты банктік менеджмент қатынастар жүйесі ретінде қаржы-экономикалық, құрылымды-функционалдық және функционалды-технологиялық параметрлер байланысын көрсетеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда коммерциялық банктердегі қаржы менеджментіндегі ерекшелік - ол банк-несие жүйесі шеңберінде несиелік ұйымдағы экономикалық процестерді басқару технологиясының біркелкі болмауы. Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің негізгі ерекшелігі - бұл ақшаның барлық қызметін жүйелі басқаратын экономикалық субъект.
Коммерциялық банктегі қаржы менджментінің іс-қимыл объектісі - банктің қаржы операциясын басқару процесі.
Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің мақсаты - банктің қаржы операциясын жоспарлауды қамтамасыз ететін функционалды-технология жүйесінің қызметінің тәртібін талап етуді анықтау. Қаржы менеджментінің жүйесінде басқарудың қолданбалы тәсілдері ерекше орын алады. Әртүрлі иерерархиялық деңгейдегі нақты басқарушылық міндеттерді шеше отырып олар үш базалық топқа жіктеледі - қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті түрде жоспарлау, қаржылық бақылау мен талдау. Олар өзара әрекет ету механизмдері келесі кесте түрінде ұсынылады.
Тұрақсыз макро-микро ортадағы жағдайда несие ұйымдарының жұмыс жасауында қаржылық жоспарлау ерекше рөл ойнайды (2-Сурет) .
Көбінесе банктің ақырғы қаржы тиімділігін анықтай отырып, ол қаржы менеджерлерін дайындауда зерттеудің өзіндік пәні ретінде қатысады. Қаржы менеджментінің мақсаттарын іске асыру үшін коммерциялық банктің негізгі қызметтерін анықтау керек.
1. Стратегиялық жоспарлау - болашақтағы қаржылық міндеттерді анықтау және іс-шаралар бағдарламасын өңдеу.
2. Оперативті жоспарлау ағымдағы қаржылық міндеттерді тиімді анықтау тәсілі болып табылады.
Басқару - бұл қоғамның экономикалық заңдарын ұйымдастыратын, өзгертетін және жүзеге асыратын топ, мұнда ұйымдық-экономикалық қатынастардың түрлері, халық шаруашылығы салаларының даму пропорциялары және оның аймақтық аспектілері анықталады, кәсіпорындар мен мекемелер іс-әрекетінің жұмыс істеу әдістері мен түрлері өңделеді.
Басқару әділ де шынайы экономикалық заңдарға сүйеніп қана қоймай, олардың негізінде қалыптасатын барлық өндіріске қатысушы субъектілер мүдделерінің бірыңғай жүйесін де негізге алады.
Банктегі менеджмент жүйесі мынадай нақты бөліктерден құралады: басқару механизмі, басқару құрылымы, басқару үрдісі және басқару жүйесін дамыту механизмі. [11]
Сонымен, қаржылық менеджмент басқару стратегиясы мен басқару тактикасын құрайды.
Осы мағынада стратегияға қойылған мақсатқа жету үшін құралдардың жалпы бағыты мен қолдану әдістері жатады. Бұл әдіске шешім қабылдау үшін шектеулер мен нақты анықталған ережелер жиынтығы сәйкес келеді. Стратегия шешімдердің нұсқауларына шоғырландырылып келеді.
Тактика - бұл нақты шараларда қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын нақты әдістер мен тәсілдер. Басқару тактикасының міндетіне оңтайлы шешім және басқарудың әдістері мен тәсілдерін таңдау жатады.
Қаржылық менеджмент басқару жүйесі ретінде екі ішкі жүйеден тұрады: басқарылатын ішкі жүйе немесе басқару объектісі және басқарушы ішкі жүйе немесе басқару субъектісі.
Қаржылық менеджментте басқару объектісі - бұл ақша ағымын, құн айналымын. қаржы ресурстар қозғалысын және шаруашылық субъектілер арасындағы қаржылық қатынастарды тудырудың шаралар жиынтығы болып табылады [17] .
Басқару объектісі - бұл басқарудың әртүрлі нысандарымен жүретін арнайы адамдар тобы (қаржылық дирекция басқару аппараты негізінде, ал қаржылық менеджер басқарушы ретінде) .
Тәжірибелік қолдануда қаржылық менеджмент әртүрлі қаржылық активтерді басқарумен байланысты, олардың әрқайсысы басқару әдістерді және қаржылық нарықта сәйкес арнайы шоттарды пайдалануды қалайды. Сондықтан қаржылық менеджментті күрделі басқарушы кешен ретінде қарастыруға болады; ол өзіне мыналарды қосады:
- тәуекел-менеджмент;
- несие операцияларының менеджменті;
- бағалы қағаздар операцияларының менеджменті;
- валюталық операциялар менеджменті;
- қымбат металл және қымбат тастар операцияларының менеджменті;
- жылжымайтын мүлік операцияларының менеджменті.
Қаржыларды басқару белгілі бір мерзім аралығында жүзеге асады. Уақыт факторы қаржылық басқарудың мақсаттарына және бағыттарына әсер етеді. Қаржылық менеджмент уақыт факторы бойынша келесідей бөлінеді:
- стратегиялық менеджмент;
- жедел тактикалық менеджмент.
Стратегиялық қаржылық менеджмент инвестицияларды басқаруды қамтамасыз етеді. Ол таңдалған стратегиялық мақсатты іске асырумен байланысты. Стартегиялық қаржылық менеджмент ең алдымен мыналарды қалайды:
- күрделі қаржы салымдарының жобасына қаржылық баға беру;
- инвестициялық шешімдерді қабылдауда критерийлердің таңдалуы;
- күрделі қаржы салымдарын салуда оптималды нұсқауды таңдау;
- қаржыландыру негіздерін анықтау.
Инвестицияны бағалау әртүрлі критерийлердің көмегімен жүзеге асады, олар әртүрлі формада болуы мүмкін. Мысалы, күрделі қаржы салымдарын оңтайлы салу, егер:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz