Банк ісін ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Банк ісін ұйымдастырудың ғылыми.теориялық негіздері
1.1. Банк ісін ұымдастырудың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Банк ісі, оның ролі мен қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
1.3. Қазақстанда банк ісінің қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2. Қазақстан Республикасында және шетелдерде банк ісінің даму жағдайы ман даму тенденциялары
2.1. Банк ісін ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі (Германия елі) ... ... ..33
2.2. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қазіргі жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
3. Дамыған елдердің банк жүйесінің озық тәжірибесін Қазақстан Республикасы экономикасында қолдану
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қаржы ғылымы облысындағы зерттеулер әлемдік шаруашылық кеңістігіндегі болып жатқан саяси және экономикалық процестермен тығыз байланысты. Мемлекеттік, экономикалық қызметтердің дамуына байланысты банк қызметті мен банк қызметтері нарығыда жылдам даму үстінде.
Банктер - нарықтық құрылым жүйесінің орталық тізбегінің бірі болып табылады. Олардың қызметінің дамуы - нақты нарықтық механизмді құрудың керекті шарты. Экономикалық қайта құру банк жүйесін реформалаудан басталды. Бұл қазір де даму үстінде.
Екі деңгейлі банк жүйесі халық шаруашылығының қызметін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Есеп айырысу, салымдар, несие және басқалай операцияларды жүзеге асыра отырып банктер қоғамға қажетті қызметтерді атқарады. Сонымен қатар басқа коммерциялық кәсіпорындардың қызметі сияқты банк қызметі де көптеген тәуекелдерді бастан кешіреді және сондықтан көптеген елдерде бұл қызмет кәсіпкерліктің ең көп реттелетін түрі болып есептеледі. Сонымен қатар реттеу Ұлттық банк жүйесінің құрылу ерекшелігін сипаттайтын ұлттық ерекшеліктерге ие.
Банктердің тұрақтылығы елдің экономикасының тиімділігіне маңызды әсер етеді. Көптеген банктердің өтімділік пен банкроттық күйзелісі нарықтық банк жүйесінің құралуының бірінші этапының біткенін сипаттады. Бұл этапта банктік қызмет сферасында бәсекелестік орта пайда болды. Бұл банк қызметінен еш қиындықсыз пайда алуға мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін инфляцияның жоғарғы қарқынында өтті. Дамудың байсалды этапы банктардың тұрақтылығы басқарудың ғылыми, тексерілген халықаралық тәжірибисін пайдалану кезінде ғана болады.
Бәсекелестік банк жүйесінің пайда болуы жауапкершілікті жаңа сапалы деңгейге қояды. Жаңа құрылымдардың жекелеген банк операциялары зонасында пайда болуы банктерды өз қызметін басқаруда икемді саясатты ұстануларына мәжбүрлейді.
Айырбас сферасында банктердің қызмет етуі оның мәнін аша түседі. Банктерді көбінесе делдалдық сипатта сипаттайды. Бұған біреулерде уақытша бос тұрған және келесілерге қажет болған ресурстардың ағыны негіз болады. Ресурстардың бір бөлігін иеленген кредитор сәйкес кепілге қарай оны белгілі уақыт аралығына белгілі пайыздық ставкамен контрагент-қарыз алушыға бергісі келеді. Кредитордың мүддесі бұл жерде қарыз алушының мүддесімен сәйкес келуі керек, бірақ олар бір регионда болулары шарт емес. Ресурстардың жеке кредиторымен салыстырғанда банкте ресурстар өздерінің алғашқы түрін өзгертеді. Банк барлық бос қаражаттарды шоғырландыра отырып көптеген қарыз алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Несиені әр түрлі мерзімге, әр түрлі пайыздық ставкамен бере алады, ал жеке кредиторда мұндай мүмкіндік болмайды. Банк бұл жерде екі субъектіге қызмет көрсетеді: кредитор

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под ред. О.И. Лаврушина. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 2000. – 464 с.
2. Мадиярова Д.М. Основы современного банковского дела: Учебное пособие / Д.М. Мадиярова, Марчевский В.С. – Алматы: Экономика, 1997. – 136 с.
3. Финансы, денежное обращение и кредит: Учебник / Под ред. В.К. Сенчагова, А.И. Архипова. – М.: «Проспект», 1999. – 496 с.
4. Коробова Г.Г. Система государственных банков развития реального сектора экономики (проблемы формирования) / Г.Г. Коробова // Банковские услуги. – 2003. – № 4. – С. 16- 21.
5. Деньги, кредит, банки: Учебник для вузов/ Под ред. Г.С. Сейткасымов. – Алматы: «Экономика», 1999. – 364 с.
6. Масленников В.В. Методологические основы управления поведением банковской системы для повышения инвестиционной привлекательности национальной промышленности: Автореф. дисс. на соиск. степени д.э.н. / В.В. Масленников – С-Пб., 2002. – 32 с.
7. Борискин А.В. Деньги. Кредит. Банки: Учебное пособие / А.В. Борискин, А.А.Тарабцев, А.Б.Тарушкин, Д.А. Томилин. – С-Пб: СпецЛит, 2000. - 151 с
8. Поляков В.П. Структура и функции центральных банков. Зарубежный опыт: Учебное пособие/ В.П.Поляков, Л.А.Московкина. -М.: ИНФРА-М, 1996. – 192 с.
9. Кормаш Ю. Банковская система Германии / Ю. Кормаш // Хозяйство и право. – 1999. – № 7. – С. 109-114; № 8. – С. 92-101
10. Байтоков М. Немецкий опыт совместного использования кредитной информации: интервью с Президентом Ассоциации поставщиков ин-формации по потребительским кредитам, Президентом Европейской Ас-социации Кредитных бюро ACCISS г-ном Вульфом Бах / М. Байтоков // Банки Казахстана. – 2003. – № 2. – С. 33- 36
11. Интернет желісіндегі Казкоммерцбанк мекен жайы
12. Лисак Б.И. Секьюризация ссудных портфелей коммерческих банков / Б.И. Лисак // Банки казахстана. – 2003. – № 2. – С. 9-13.
13. Баймуратов У.Б. Роль банковского проектного кредитования в активизации инвестиционной деятельности / У.Б. Баймуратов, Г. Омарбекова // Банки Казахстана. – 2002. – № 1. – С.13-21
14. Сейтқасымов. Ақша, қаржы, банктер. Алматы, Экономика, 2001ж.
15. Ширинсская Е.Б. Операции коммерческих банков и зарубежный опыт. - М.: Финансы и статистика, 1993
16. Поляков В.П. Структура и функции центральных банков. Зарубежный опыт: Учебное пособие/ В.П.Поляков, Л.А.Московкина. -М.: ИНФРА-М, 1996. – 192 с.
17. Банки Казахстана № 10(100) 2005
18. «Казахстан за годы независтимости». Информационно-аналитический сборник, агентство по статистике Рк6 2006г.-38с.
19. Банки Казахстана № 11(101) 2005
20. Банки Казахстана № 5(95) 2005
21. Банковская система за десять лет независимости Казахстана/ Нац. Банк Республики Казахстан. – Алматы, 2001. – 200 с.
22. Зиябеков Б. О развитии банковской системы Республики Казахстан/ Б. Зиябеков // Банки Казахстана. – 2003. – № 5. – С. 21-27
23. Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. В двух томах./ Под ред. М.Б. Кенжегузина. Том 2. – Алматы: Институт экономики МОН РК, С.142-144.
24. «Казахстан за годы независтимости». Информационно-аналитический сборник, агентство по статистике Рк6 2006г.-38с.
25. Банки и банковские организации в Республике Казахстан: Основные законодательные акты. Официальные тексты по состоянию на 1 сентября 2000 года. - Алматы: Юрист, 2000. -101 с.
26. Банковская система за десять лет независимости Казахстана/ Нац. Банк Республики Казахстан. – Алматы, 2001. – 200 с.
27. Об утверждении Положения и структуры Национального банка Республики Казахстан: Указ президента Республики Казахстан от 11.08.99 № 188 // Банки и банковские организации в Республике Казахстан. - Алматы: Юрист, 2000. – С.68-88.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Банк ісін ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
1.1. Банк ісін ұымдастырудың
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Банк ісі, оның ролі мен
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1
1.3. Қазақстанда банк ісінің қалыптасуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...26
2. Қазақстан Республикасында және шетелдерде банк ісінің даму жағдайы
ман даму тенденциялары
2.1. Банк ісін ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі (Германия
елі) ... ... ..33
2.2. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қазіргі жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..37
3. Дамыған елдердің банк жүйесінің озық тәжірибесін Қазақстан
Республикасы экономикасында қолдану
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
9
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қаржы ғылымы облысындағы
зерттеулер әлемдік шаруашылық кеңістігіндегі болып жатқан саяси және
экономикалық процестермен тығыз байланысты. Мемлекеттік, экономикалық
қызметтердің дамуына байланысты банк қызметті мен банк қызметтері нарығыда
жылдам даму үстінде.
Банктер - нарықтық құрылым жүйесінің орталық тізбегінің бірі болып
табылады. Олардың қызметінің дамуы - нақты нарықтық механизмді құрудың
керекті шарты. Экономикалық қайта құру банк жүйесін реформалаудан
басталды. Бұл қазір де даму үстінде.
Екі деңгейлі банк жүйесі халық шаруашылығының қызметін қамтамасыз
етуде маңызды роль атқарады. Есеп айырысу, салымдар, несие және басқалай
операцияларды жүзеге асыра отырып банктер қоғамға қажетті қызметтерді
атқарады. Сонымен қатар басқа коммерциялық кәсіпорындардың қызметі сияқты
банк қызметі де көптеген тәуекелдерді бастан кешіреді және сондықтан
көптеген елдерде бұл қызмет кәсіпкерліктің ең көп реттелетін түрі болып
есептеледі. Сонымен қатар реттеу Ұлттық банк жүйесінің құрылу ерекшелігін
сипаттайтын ұлттық ерекшеліктерге ие.
Банктердің тұрақтылығы елдің экономикасының тиімділігіне маңызды әсер
етеді. Көптеген банктердің өтімділік пен банкроттық күйзелісі нарықтық банк
жүйесінің құралуының бірінші этапының біткенін сипаттады. Бұл этапта
банктік қызмет сферасында бәсекелестік орта пайда болды. Бұл банк
қызметінен еш қиындықсыз пайда алуға мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін
инфляцияның жоғарғы қарқынында өтті. Дамудың байсалды этапы банктардың
тұрақтылығы басқарудың ғылыми, тексерілген халықаралық тәжірибисін
пайдалану кезінде ғана болады.
Бәсекелестік банк жүйесінің пайда болуы жауапкершілікті жаңа сапалы
деңгейге қояды. Жаңа құрылымдардың жекелеген банк операциялары зонасында
пайда болуы банктерды өз қызметін басқаруда икемді саясатты ұстануларына
мәжбүрлейді.
Айырбас сферасында банктердің қызмет етуі оның мәнін аша түседі.
Банктерді көбінесе делдалдық сипатта сипаттайды. Бұған біреулерде уақытша
бос тұрған және келесілерге қажет болған ресурстардың ағыны негіз болады.
Ресурстардың бір бөлігін иеленген кредитор сәйкес кепілге қарай оны белгілі
уақыт аралығына белгілі пайыздық ставкамен контрагент-қарыз алушыға бергісі
келеді. Кредитордың мүддесі бұл жерде қарыз алушының мүддесімен сәйкес
келуі керек, бірақ олар бір регионда болулары шарт емес. Ресурстардың жеке
кредиторымен салыстырғанда банкте ресурстар өздерінің алғашқы түрін
өзгертеді. Банк барлық бос қаражаттарды шоғырландыра отырып көптеген қарыз
алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Несиені әр түрлі
мерзімге, әр түрлі пайыздық ставкамен бере алады, ал жеке кредиторда мұндай
мүмкіндік болмайды. Банк бұл жерде екі субъектіге қызмет көрсетеді:
кредитор және қарыз алушы.
Кез келген елдің экономикасының дамуы жинақтардың инвестицияға тиімді
айналуымен тығыз байланысты. Экономиканың республиканың ішкі жинақтарына
бағыттаудың қажеттілігі инвестициялық қаражаттдың жетіспеушілік мәселесіне
және тікелей шетелдік инвестициялардың үлес салмағының көбеюіне
негізделген. Қазақстан, ірі қаржылық қаражаттарға деген жетіспеушілікті
сезіне отырып инвестициялаудың ішкі мүмкіндіктерін біразға дейін пайдалана
алмай келді. Сарапшылардың бағалауы бойынша үй шаруашылығында бір
миллиарды долларға дейін ақша қорланған, ал орларды өз кезегінде
экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында нақты секторларға
орналастыруға болады.
Қазақстанның экономикалық жүйесіне тән ерекшелік- банк құрылымдарын
макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізуге пайдалану. Депозитарлық
нарықты құру мен дамытудың банктік саясаты уақытша ақшалайқаражаттарды
тарту мен инвестициялаудың ішкі қайнар көздерін пайдалану. Дамыған банк
жүйелерінде банктер тұрғындардың, ұйымдар мен мекемелердің жинақтарын
тартуда маңызды роль атқарады, аса үлкен ақша массаларын экономиканың дамуы
үшін жұмыс істеуге жұмылдырады. Әлемдік ірі банктердің пассивтерін талдау
тұрғындар мен ұйымдардың жинақтары банктің міндеттемелерінің 70-80%
құрайтынын көрсетті.
Сыртқы қарыздардың қымбаттауы коммерциялық банктерді ресурс базаларын
көтеруге итермеледі. Банк мекемелері арасында еркін ақшалай қаражаттырды
тартуда бәсекелестік пайда болды, депозиттік қызметтердің түрлері пайда
болды, қызмет көрсету сапасы артты.
Жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты банк ісін ұйымдастырудың
Қазақстандағы даму ерекшеліктері мен шетелдік тәжірибені отандық банк ісін
ұйымдастыруда пайдаланудың теориялық және тәжірибелік негіздемесін түзу
болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын ашу үшін қойылатын тапсырмалар. Алға
қойылған мақсаттар үшін келесі тапсырмалар қойылды:
- Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуына негіздеме беру;
- банк қызметтерін ұйымдастырудың негіздемесін түзу;
- банк қызметін ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесінің
жалпы белгілерін анықтау;
- нарықтық экономика жағдайында банк қызметтерінің ролін анықтау;
- банк қызметтеріне талдау жасау.
Зерттеудің пәні болып Қазақстан Республикасының банк жүйесінде банк
ісін ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі мен отандық тәжірибесін қолдану
саналады. Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының банк жүйесінде
көрсетілтен қызметтер саналады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін зерттеу
тақырыбына қатысты отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, заңдар,
Үкіметтің және ҚР Президентінің ресми құжаттары, заң және нормативті
құжаттар, ҚР қаржы Министрлігінің нұсқаулары мен әдістемелік ұсыныстары,
ғылыми мақалалар мен статистикалық материалдар құрайды.

1.1. Банк ісін ұйымдастырудың негіздері
Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990
ж.желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылданған Банктер және банк
қызметі туралы Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі
деңгейлі банк жүйесі құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк – ҚазКСР-ның
Мемлекеттік банкі және (екінші) деңгейдегі банк – коммерциялық банктер
жүйесі.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын
тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ
Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие
ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналады.
Мемлекеттік банк республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып
саналады. Қазақстан территориясында біртектес ақшаны пайдалану және
біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одақтық шартта көрсетілген. Оның
айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақша-несие
қатынастарын реттеуге, мемлекеттік бюджеттің кассалық жұмысын жүргізуге,
республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы
бар.
Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып, ҚазКСР-ның Жоғары
кеңесіне есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар.
Мемлекеттік банктің басқару органы – оның Басқармасы. Басқарманың төрағасын
Республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің құрылымы мен
міндеттері оның Жарғысында белгіленеді.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп
жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында коммерциялық банктер мен
басқа несие мекемелері ұйымдастырылады. Коммерциялық банктер өз жұмысында
осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттік банкісінің нұсқаулары мен ережелерін
басшылыққа алады. Клиенттермен шарттасып қызмет көрсетеді. Коммерциялық
банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік, ұжымдық, жеке және
аралас(шетел капиталы қосылған) меншікте болуы мүмкін. Қазақстан заңдарына
сай Мемлекеттік банк деп (Орталық - Ұлттық банктен басқа) капиталы
толығынан үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі
мемлекеттік құрылтайшылардың (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар мен
ұйымдардың) акциясы болғанда есептеледі.
Коммерциялық банктер өздерінің акционерлер жиналысында қабылданған
Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында
шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі
мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің
мемлекеттік емес құрылым, немесе шетел мемлекеттік, ия болмаса мемлекеттік
емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі.
Аралас банктер мынандай варианттарда құрылуы мүмкін: мемлекеттік-жеке,
мемлекеттік-кооперативтік, жеке-кооперативтік. Қосылып құрылған банктермен
олардың филиалдарының қызметі Қазақстан заңдарымен реттеледі делінген
Заңда.
Сөйтіп тәуелсіз Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен
даму жолдарын 1-кестеде өрнектелгендей шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге
болады.
Бірнеше кезең, 1917 ж. мен 1930 ж. аралығы – патшалық Ресейден қалған
банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әр түрлі меншіктегі банктер
мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең, 1930 ж. мен 1987 ж. аралығы – елде КСРО Мемлекеттік банкі
әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде
эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.
Үшінші кезең, 1988-1991 жж. аралығы – елде мемлекеттік маманданған
банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі банктердің банкісі
ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және т.б. нормативтік актілер
шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған
банктер экономиканың әр түрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге
1990 ж. басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.
Кесте 1 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері
1930 жылға 1930-1987 жж. 1988-1990 жж. (одақтық бір 1991 жылдан бастап
дейінгі банк (одақтық бір деңгейлі маманданған (дербес екі
жүйесі деңгейлі банк банктер жүйесі) деңгейлі банк
жүйесі) жүйесі)
Ресей 1.КСРО Мем-банкі1. Банк жүйесін қайта 1. Егемен
Мемлекеттік (оның ішінде ұйымдастыру: КСРО Мембанкі Қазақстанда өзінің
банкі және КСРО Мемлекеттікжәне Маман-данған банктер: банк жүйесінің
көптеген еңбек жинақ КСРО Өнеркәсіп құрылыс құрылуы. Екі
несие-банк кассалар банкі. деңгейлі банк
мекемелері жүйесі). КСРО Агро-өнеркәсіп банкі. жүйесі – Ұлттық
2.КСРО КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банк және
Мемле-кеттік банкі. коммерциялық
құрылыс банкі. КСРО Жинақ банкі. банктер.
3. КСРО КСРО Сыртқы-эконом банкі.
Сыртқы-сауда 2.Жаңадан кооперативтік
банкі. және коммер-циялық
банк-тердің құрыла бастауы.
Төртінші кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін – нарықтық банк
жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық
қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлі банк жүйесінің пайда болуы және
дамуы.
Қазіргі уақытта экономикасы нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің
барлығында дерлік екі деңгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі
өрістеуде. Оның бірінші деңгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже
шығару, рұқсат ету және сол сияқты басқа қызметтерге қызмет көрсететін
коммерциялық банктер орналасқан. Бұл елдердің тәжірибесі дәлелдегеніндей
олардың банк жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал
кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден
құрылған.
Банктерді эмиссиялық және іскерлік (коммерциялық) деп бөлу Қазақстан
мемлекетінің жаңа экономикалық механизмін құруға септігін тигізуде.
Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан соң
КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңсесінің негізінде 1990 жылдың
желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал
1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.Ол республикадағы
банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді
және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз
қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды,
халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Ұлттық банк – заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын
төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған
құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі
салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол
республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын
және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп,
үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша
жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса,
Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің
өкілдік және тқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық
бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде
өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік
операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы
мекемелерінің міндетті түрде орындалуы үшін нормативтік актілер шығарады.
Ол нормативтік актілер Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы, Вестник
Национального Банка Казахстана атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын
ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
• Ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды
ұйымдастырады;
• Ақша,несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
• Несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-
сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа
ұйымдардың мүддесін қорғау және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және
олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын
жүргізеді.
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын
жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен
және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-
несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған
жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары
бойынша проценттік мөлшері өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға
дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы
вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар
мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды,
дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды
сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті
резервтік нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының
түрлерін анықтайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және
монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың
құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін
анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, теңге мен тиынның
қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді
ұйымдастыратын айрықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін
айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюға
шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк
республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты
(жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен
қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк – екінші
деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық
валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия
болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгілеген
тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу
формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін
банкаралық есептесудегі өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз
ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті
қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы
қарызын өтеуге қатысады. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде
мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың депозиторлық ісін
жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін
Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың
филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия
береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері
міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта
операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып,
олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және
басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін және әдісін бекітіп,
сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының
қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды.
Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін
және басқа құжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару
үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы
қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен
жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер
деңгейіне шектеу қояды.
Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы
қағаздары Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін
белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан
тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап,
шот ашуға рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді.
Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-қаржылық және
несие-есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің
есебін жүргізеді.
Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару
үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен
операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Бағалы металдарға
және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы Заң
күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып
алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден (сатып
алушылардан) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы
металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын
қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.
Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің
қоймасында сақтау үшін үкіметтік (бюджеттік) резервке алынған құндылықтарды
қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды,
өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып
алу және сату операцияларын жүргізеді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты:
жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы
провизияларынан (резервтерінен) құрылады.
Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд теңгеден қалыптасады және оның
міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен
бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың құнынан және Ұлттық
банктің алған пайдасынан құрылады.
Резерв капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы
есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге
жұмсалады.
Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан
түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін
Ұлттық банктің басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі
және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшін құрылып және сол мақсаттарға
жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі элементтерден құрылады:
• Алтыннан;
• Банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және
республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан;
• Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан;
• Шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері шығарып, кепілдік
берген бағалы қағаздардан;
• Шетел валютасындағы жай және аударым вексельден;
• өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел
валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.
Арнайы провизиялар (резервтер) Ұлттық банктің шығыстары есебінен
күмәнді және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден,
бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы
қалдықтардан және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан
құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктің монетарлық
емес талаптары және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған
кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең. Шығынға шығарылып
тасталған күмәнді борыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған
банкноталар мен монеталардың амортизациясы (тозуы) қосылады. Табыс жоғарыда
айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған
бөлігі келесі қаржы жылының республикалық бюджетіне жіберіледі.
Ұлттық банктің басқарушы органы болып Басқарма және директорлар Кеңесі
(Директорат) саналады. Оның жоғары органы – Басқарма, ол 9 адамнан тұрады.
Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және Президенттен бір,
Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен
және Ұлттық банктен кірген басқарма мүшелерін тиісінше Президент, үкімет
және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады.
Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті Парламентпен келісе
отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2
ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент
босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын
төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне
тәуелсіз 6 жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен
төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондай-ақ төрағаның
орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға
арқылы Президентке арыз береді.
Ұлттық банктің Басқармасының мәжілістері қажетті кезде, бірақ айына 1
рет өткізіліп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін
орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган –
Директорлар Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президенттің Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң күші бар Жарлығына сай Ұлттық
банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген
уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті.
Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында
Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк – мемлекеттің
Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк. Басқа
банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі банктер
делінген.
Ұлттық банктің статистикалық көрсеткіштері бойынша 2006 жылдың басында
республикада екінші деңгейдегі 34 банк тіркелген: оның ішінде 1 мемлекеттік
банк, яғни жарғылық капиталының 100%-і республика үкіметінің қатысуымен
құрылған (резидент емес банктердің еншілес банктерін қосқанда) банктер,
Республикада шетел банктерінің 14 өкілдігі ашылған. Республикада сондай-ақ
тіркеуден өткен 44 ломбард, 7 несие серіктестігі және кейбір банктік
операция жүргізетін 46 басқа мекемелер бар, атап айтқанда, Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыналық департаменті, оның 14 облыстық
басқармасы мен Алматы қалалық басқармасы; Ұлттық банктің Қазақстандық
банкаралық есеп айырысу орталығы; Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі
Мемлекеттік орталығы, Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
Қазақстандық қор биржасы ЖАҚ; Бағалы қағаздар Орталық депозитарийі ЖАҚ;
Кіші кәсіпкерлікті дамыту қоры ЖАҚ; Қауымдастықтарды несиелеудің
қазақстандық қоры Қоғамдық қор; Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры
ЖАҚ; Ақмола қоры ЖАҚ; Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және жабу
жөніндегі агенттігі ААҚ; Шағын несие үкіметтік емес ұйым Қоғамдық қор
және т.б.
Қазіргі Қазақстанның нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік
формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Солардың
әрқайсысына сипаттама берелік.
Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк,
оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Инвестициялық банк – негізінен тікелей және портфельдік инвестиция
тартумен шұғылданатын екінші деңгейдегі банк.
Шетелдің қатысуымен құрылған банк – акциясының 50 % астамы төмендегі
иеленушілердің қарамағында, меншігінде және басқаруында болатын екінші
деңгейдегі банк:
• Қазақстан Республикасының резиденті емес;
• Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға, акциясының 50%
көбісі республиканың резиденті еместің қарамағында, меншігінде және
басқаруында;
• Қазақстан Республикасының резиденттері еместің қаражатын басқаратын
сенімді адамы – республиканың резиденті.
Мемлекетаралық банк – халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның
жарғылық қорының иеленушісі – Қазақстан үкіметі және келісімге қол қойған
мемлекеттердің үкіметі.
Банк емес несие-қаржы мекемелері – Ұлттық банктің лицензиясы негізінде
кейбір банктік операция жүргізуге құқығы бар банк емес заңды тұлғалар.
Коммерциялық банктер – кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа
тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Бұл олардың басқа
арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банк емес несие мекемелерінің
банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және
қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі
мақсаты – неғұрлым жоғары пайда табу.
Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес банк
емес несие мекемелері өзінің негізгі немесе қосымша қызметтері ретінде
депозиттер қабылдауға құқығы жоқ. Сондай-ақ өзінің атауында, құжаттарында,
хабарландырулар мен жарнамаларында банк деген сөзді, ия болмаса
депозиттер қабылдап, басқа банктік операциялар жүргізеді немесе банк ісіне
аудиторлық бақылау жүргізеді деген ұғым қалыптастыратын туынды сөздерді
қолдануға.
ҚР-дағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда
қабылданған ҚР Ұлттық банкі және 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған ҚР-
дағы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Осылайша банк- ақшамен және құнды қағаздармен орперациялардың түрлерін
жүзеге асыратын, үкіметке, кәсіпорындарға, азаматтар мен басқа банкерге
қызмет көрсеттеін қаржылық ұйымдар, мекемелер болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап
қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 15 жылдық тарихы бар.
Коммерциялық банктердің соңғы төрт жылдағы сандық құрамы төменде 2 кестеде
көрсетілген.
Кесте 2 - Коммерциялық банктердің сандық құрамы.
01.01.05 01.01.06 01.01.0701.01.08
Екінші деңгейлі банктердің саны, 37 35 35 34
оның ішінде
- шетелдің қатысуымен банктер 17 16 15 14
- жарғылық капиталда мемлекеттің 1 2 1 1
100% қатысуымен
Екінші деңгейлі банктердің 368 355 385 418
филиалдарының саны
Екінші деңгейлі банктердің 1020 1023 1106 1312
есеп-кассалық бөлімшелерінің саны
Екінші деңгейлі банктердің 8 10 11 17
шетелдегі өкілеттілігінің саны
Қазақстан Республикасындағы 14 20 18 18
банк-резидент еместердің саны
Казахстан за годы независимости Информационно-аналитический сборник. ҚР
статистика Агенттілігі, 2008 жыл, 53 бет
Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасының банк
жүйесі ТМД елдерінің арасында серпінді дамып келе жатыр.
Қазіргі таңда республикада 34 екінші деңгейлі банк өз қызметтерін
атқаруда., оның ішінде Қазақстанның Даму Банк Ақ да бар. Бантердің көп
бөлігі, атап айтсақ 28-і Алматы қаласында орналасқан. Сонымен қатар банк
қызметіне қол жеткізу тармақталған филиалдар торабы арқылы қамтамасыз
етілген. Соңғы жеті жыл ішінде филиалдардың саны 50-ге артты және 2006
жылдың 1 қаңтарына 418 -ді құрап отыр. Тұрғындар мен мекмелерге 1312 есеп-
кассалдық бөлімшелер қызмет етуде, оның ішінде 206 бөлімше 2005 жылдың
ішінде ашылған.
ҚР екінші деңгейлі банктері ҚР Ұлттық банктің берген лицензиясы
негізінде қызмет етеді. Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және
онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда
берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып
табылады.
ҚР-дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын
белгілемейді, мысалыға, инвестициялық - ипотекалық қызметтерді жүзеге
асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей
қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық
банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады. Бас
валюталық лицензия оларға, өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын
банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған
шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен
операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған ҚР-дағы банктер және банктік
қызмет туралы ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін
ұйымдастыру мынандай үш кезеңнен тұрады:
1. Банк ашуға Ұлттық банктен рұхсат алу;
2. Әділет Минисрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3. Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашу үшін рұхсат алуға
өтініш береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
- рұқсат алу үшін беретін өтініші;
- құрылтайшылық шарт (түпнұсқа);
- банктің жарғысы (түпнұсқа);
- банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
- құрылтайшылар туралы мәліметтер;
- құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы
(заңды тұлғалар үшін);
- құрылтайшылардың жарғылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
- егер бір немесе одан көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса,
ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау
органынан жазбаша келісімі;
- егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым
банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы
есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы
туралы аудиторлық қорытынды;
- банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы
мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде
кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк
филиалының бірініші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде - бір жылдық
еңбек тәжірибесі болуы керек және т.с.с.
- жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің
өкілетті органдарымен бекітілуі тиіс);
- жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі
(банктің өкілетті органдарымен бекітілуі тиіс);
- жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің
өкілетті органдарымен бекітілуі тиіс);
- жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болуы керек,
банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп
айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда
және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары ( банк клиенттерін қалыптастыру
), еңбек ресурстарын қалыптасытру жоспары);
- тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы
құрылтайшылардың есебі;
- нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш
беруге құзіретінің барлығын растайтын құжатты;
- басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтері.
Банк ашу үшін рұхсат алуға берілген өтініш үш ай, әрі кеткенде алты ай
мерзімінде Ұлттық банкте қаралады.
Ұлттық банк банк ашуға рұхсат алуға берілген өтініштердің есебін
жүргізеді.
Екінші кезеңде жаңадан құрылатын банк Ұлттық банк рұхсат берген күннен
бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады.
Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұхсатын және Ұлттық банктің
келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттар тапсырылады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен
лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен
бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
- ұйымдастырушылық - техникалық шараларды орындау, оның ішінде
Ұлттық банктің нормативті талаптарына сәйкес бөлмелерді және
құрал - жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар
қызметкерлерді қабылдау;
- жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды
орындағандығын растайтын құжаттарды беруге тиіс.
Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды.
Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық
операциялар тізімі көрсетіледі.
Аталған заңның 30- бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу
және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу
және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру,
қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны
ауларумен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың
вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу;
- займдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару
шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-
банктердің тапсырмаларына байланысты. Олардың банктік шоттары
бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және
оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы
қағаздарын басқару;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау,
сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу
және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған
бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау
қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және
бөлмелерді жалға беру;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен
жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және
жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын инкассаға қабылдау;
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілзаттарды беру;
- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін
банктік кепілдеме беру.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін
жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
- брокерлік - мемлекеттің бағалы қағаздарымен;
- дилерлік - мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздарымен;
- кастодиандық;
- клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді
лицензиялар беріледі.
Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру
барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес
банктерін аша алады.
Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілген
банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік
балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің
келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынандай құжаттарды тапсырады:
- филиал ашуға рұхсат алу өтініші;
- банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
- бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандитаттар туралы
мәліметтер.
Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым
салынады.
Банктің өкілдігі - банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни
банктің тапсырмасымен және оның атынана әрекет ететін банктің орналасқан
жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылатын банктің құрылымдық
бөлімшесі.
Банк өкілдігі Ұлттық банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер
өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке мынандай құжаттарын тапсырады:
-өкілдік ашуға рұхсат алу өтініші;
-өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;
-ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;
-өтініш жасаушы банктің қызметті жүргізуге арналған лицензиясының
барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша
расталымы;
-аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық
жылға жасалған жылдық есебі;
- өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін
куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша
хабарламасы;
- өкілдікте жұмыс істейтін қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы
мәліметтер.
Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке
тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.
Есеп айырысу кассалық бөлімі - ҚР аумағында банктік операциялардың
жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды
тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтық
бөлімшесі.
ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсатын
мынандай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:
- банк тарапынан өз еркімен қайта құрылу немесе таратылуы туралы
шешім қабылдау;
- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк
қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа
дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;
- банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген
операцияларды жүзеге асыруы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған
жарғылық қордың соммасын төлемеу.
Қазақстандық тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты
жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық капиталдан айырмашылығы
болады. Қазақстандағы банктік заңдарғы сәйкес банкті тіркеуге алу үшін
жарияланған жарғылық қордың 50 пайыздан астам бөлігі акция, облигация,
ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды құндылықтармен
төленуге тиіс. Ал қалған соммасы жыл бойы салынуға тиіс.
Жарияланған жарғылық қордың жартысының ақшалай түрдегі соммасы сол
банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдық құндылықтары
бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрушы акционерлердің жалпы
жиналысында акті бойынша қабылданады.
Банктің ұйымдастыру құрылымы негізгі екі тәсілмен анықталады: банктерді
басқару құрылымымен және оның функционалды бөлімшелері мен қызметінің
құрылымымен.
Басқару органдарының негізгі тапсырмасы - банктің негізгі қызметтерін
жүзеге асыру мақсатында оны тиімді, ұтымды және оперативті басқаруды жүзеге
асыру. Банктің құрылуына, оның басқармамен және бағынушыларымен қарым
қатынасына барлық қызметі тәуелді болады.
Банкті басқару құрылымын анықтау басқару органына анықтауды, олардың
өкілеттілігін бекітуді, негізгі банк операцияларын жүзеге асырудағы
жауапкершіліктері мен өзара байланысын қарастырады. Банктің жалпы тәсілі
мен басқару құрылымы банк заңдылығымен анықталады, бірақ басқару
құрылымының көптеген сұрақтарын коммерциялық банк өзі шешуге құқылы.
Коммерциялық банктің ұйымдастыру және басқару құрылымы жарғыда
жарияланады, онда банкті басқару органдарының, олардың құрылымының, құрылу
және қызмет тәртібі көрсетіледі.
Акционерлік коммерциялық банктің жоғарғы органы төмендегі негізгі
сұрақтары шешу мақсатында жыл сайын шақырылатын акционерлердің жалпы
жиналысы:
- жарғы мен жарғылық капитал көлемін өзгерту;
- банк басқармасын сайлау;
- жылдық есепті бекіту;
- банк кірісін бөлу;
- банк филиалдарын құру және тарату және т.б.
Банк қызметін жалпы басқару үшін, сонымен қатар атқарушы және бақылау
органдарының жұмысын бақылау және қадағалау үшін акционерлер жиналысы
басқарманы немесе кеңесті 5 жылдық мерзімге сайлайды.
Басқарма банктің мақсатын анықтайды және оның несие - есеп, инвестиция,
валюта және қызметтің басқа түрлері бойынша саясатын жүзеге асырады,
іскерлік әлемдегі басқа ұйымдармен қызметін координациялайды және байланыс
орнатады.
Басқарма несие және инвестициялық саясаттың банк заңдылығына және
Қазақстан Республикасының басқа заңдылықтарына сәйкес келуіне жауапты
болады. Ол кадрларды іріктеу, дайындау және пайдалану сұрақтарын шешеді.
Басқарма құрамындағы акционерлер жиналысы банк қызметін оперативті
басқару үшін басқарма төрағасын немесе банк президентін сайлайды. Ол банкті
өзінің орынбасарлары арқылы басқарады, ал олар банк қызметінің нақты
облыстарымен айналысады. Олардың бәрі басқарма құрамына енеді.
Ірі банктер көбінесе функционалды белгісі бойынша құрылатын
департаменттерден, басқармалар мен бөлімдерден тұрады. Олардың басшылары
осы бөлімшелердің бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етулері керек.
Департаменттердің директорлары, басқарма басшылары және олардың
орынбасарлары бөлімшелер мен қызметтердің қызметін координациялайды,
олардың нақты мақсаттары мен бағдарламаларын анықтайды, олардың жұмыстарына
кеңес береді, қадағалайды және бағалайды.
Бөлімдер мен қызметтер тар шеңберде маманданған жұмыстар мен банк
операцияларын және клиенттерге қызмет көрсетумен айналысатын мамандардан
тұрады. Көбіне бөлімдер төмендегідей болады: несиелеу, инвестициялау және
құнды қағаздар, депозиттік және кассалық операциялар, маркетинг, сыртқы
экономикалық байланыстар және т.б.
Несие беру және тексеру жұмыстары туралы нақты шешім қабылдау үшін
банктарда несие комитеті мен тексеру комиссиясы құрылады [5, б.21].
.
Сурет 1-Коммерциялық банктің жеңілдетілген сызбасы
Банктің ұйымдастырушылық құрылымында банктың алдына қойған
тапсырмалармен тікелей байланысты қызметтері жүзеге асады. Оларға:
несиелеу, инвестициялау, сенім операциялары, халықаралық есеп айырысулар,
клиенттерді қабылдау және қызмет көрсету. Бөлімдердің саны банктің көлемі
мен қызмет сипатына, банк операцияларының көлемі мен күрделілігіне және
клиенттерге көрсетілетін қызметтер түрінің әр түрлілігіне байланысты
анықталады. Банкте филиалдар мен аймақтық өкілдіктердің болуына байланысты
оның құрылымында филиалдар мен аймақтық өкілдіктердің қызметін
координациялайтын, басқаратын және бақылайтын департаменттер мен
басқармалар болуы керек.
Банк қызметінің мәні олардың бір бірінен ерекшеленетін белгілі
қызметтерді атқаруымен көрінеді. Банк қызметін банктың клиенттер мүддесі
үшін белгілі әрекеттерді атқаруы арқылы сипаттауға болады. Кез келген банк
өнімінің негізінде қайсібір қажеттілікті қанағаттандыру жатыр.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге салымдарды тарту мен
ссуданы ұсыну жатады. Қызметтердің пайыздарының арасындағы айырмашылықтан
коммерциялық банктер өздерінің пайдасының көп бөлігін алады. Бірақ осы екі
қызметтен басқа да көрсетілетін қызметтердің түрі сан алуан.
Республиканың коммерциялық банктері өздерінің клиенттерінің шаруашылық
қызметімен байланысты несие, есеп айырысу және қаржы операцияларының барлық
түрлерімен айналысады.
Қазақстан Республикасының банк заңдылығына сәйкес коммерциялық банктер
келесі операцияларды орындайды:
- ақылы негізде депозиттерді тарту;
- клиенттер мен корреспондент-банктердің есебін жүргізу және
кассалық қызмет көрсету;
- заңды және жеке тұлғаларға қайтару, мерзімді және ақылы негізде
қысқа және ұзақ мерзімді несиені ұсыну;
- иелердің немесе инвестицияланатын қаражаттарды бөлушілердің
нұсқауымен күрделі қаржыландыру;
- заңда қарастырылған негізде жеке құнды қағаздарын шығару;
- төлем құжаттарын немесе басқа құнды қағаздарды сатып алу, сату
және сақтау немесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz