Банктегі несиелік тәуекелділікті басқарудың теориялық аспектілері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Банктегі несиелік тәуекелділікті басқарудың теориялық аспектілері

1. 1. Несиелік тәуекелділікті басқарудағы банк тәуекелділігінің маңызы және оның түрлері.

1. 2. Банктегі несие тәуекелділігіне талдау сипаттамасы мен әдістері

1. 3. Қарыз алушының несие қабілеттілігің және оның балансын талдау

2. Екінші деңгейлі банктердің несиелік қызметтерін талдау

2. 1. Банктің несиелік операциялары - активті операциялардың негізгі бөлігі

2. 2. Несиелік тәуекелді басқарудың банктің табыстылығына әсері

2. 3. Банктің несиелік операцияларының құрамы мен құрылымына талдау

3. Коммерциялық банктің несие тәуекелін басқаруды жетілдіру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап өркениетті дамған мемлекттердің қатарына біртіндеп қосылуда. Ұлттық экономикада орын алған нарықтық бағыттағы бетбурыстың қоғамдық өмірдегі тубегейлі өзгерістер тудырғаны белгілі. Олардың қатарына әр қоғамдық жуйеге экономикалық заңдар мен олардың қызметі ерекше орын алады.

Мемлекеттік салада сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік - экономикалық бағыттарды іргелі турде журғізу бугінгі таңда кезек куттіррімес мәселелердің бірі.

Қазіргі өркениеттің ең негізгі қажетті саласы - банк. Маңызы жонінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктің нарықтық экономикада алатын орын өте зор. Себебі ол елеміздін қаржы саласының бір тармағы болып табылды.

Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арнаған өзінің жолдауын бірден-бір жузеге асырушы саласы банк болып табылады. Осы жолдауды қолдауда банк еңбек те бір-бірімен тығыз сабақтас, тақырыбы бір, қоғамдағы даму, жаңару урдісін жаңа, бұдан да тиімді сатыға шығаратын жолдарға өз қызметін бағыттауда. Себебі қоғам бүгінгі күні өзгеріс те, ізденіс те үстінде.

Қазіргі нарықтық экономика шарықтаған жағдайда Қазақстанның қор нарығына кәсіпорындарға инвестицияны тартуда, керекті қаржыны табуда, біздің банктеріміздің атқаратын қызметтері де аземес. Оның бугінгі ахуалы өте жақсы. Себебі банктың экономикамыздағы, әсіресе қаржы секторындағы жағдайы өте жақсы. Бір кездері ұлттық табыс пен қаржының тапшылығынан көптеген шаруашылық әлеуметтік салалар, шындығын ай жоқ, жалпы мемлекет болып кедейшіліктің зардабын көріп, тауқыметін тартып едік. Ол кездер әлі есімде. Өйткені, одан өткенімізге көп уақыт болған жоқ. Ал бүгінгі жағдай күрт өзгерген. Экономика, қазіргі жағдайда тұрақты даму үстінде. Экономикалық үрдістің тұрақтылығы негізінде шетелдік қаржы қорларының. Ұйымдарының қазақ еліне деген сенімі артқан. Осы сенімділіктің нәтижесінде Қазақстанға аса қауыптенбейтін инвестиция әкеліне бастады. Осындай беделді шешімдердің негізінде шетелдік банктердің, әр түрлі қорлардың қаржылары елімізге милиондап емес милиардтап келе бастады. Осы қаржы көздерін орналастыруда, оларға қызмет көрсетуде банктің атқаратын қызметімен көмегі де аз емес. Осы нәтижеге, экономикамыздің шарықтап дамуына Қазақстан Ұлттық банкінің қадағалап, басқарушымен Қазақстандық дамыған банктердің 10-ғына кірген «Алматы сауда Қаржы банкі” АҚ-ның атқарған қызметі де аз емес. Оған дәлел, дипломдық жобамның тақырыбын зерттеудің нәтижесінде алынған нәтижелері.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несие- нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас әлементік білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Сондықтан кез-келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмады банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер, несиелік тәуекелді басқару шаралармен уақытылы айналысып отыруға тиіс.

Ендеше, дипломдық жобаны зерттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне мыналар жатады.

  • несиелік қызметті дұрыс ұйымдастыру;
  • банкте лимиттерді белгліеу ;
  • несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
  • өз уақытысында несиелік тәуекел деңгейіне байланысты неселерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
  • несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сый-ақы мөлшерлемесін анықтау;
  • несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу - несиелерді авторизациялау:
  • несиелік мониторинг;
  • несиелік портфельді басқару ;
  • проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

Зерттеу объектісі. “Алматы сауда қаржы банкі” акционерлік қоғамының қаржы жағдайы.

Зерттелімнің ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 наурызындағы «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк” және 1995 жылдың 31 тамызындағы “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы заңдары”, “Алматы сауда қаржы банкі” акционерлік қоғамының 2005 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған қаржы жылы бойынша жылдық есеп беру мәліметтері, KASE биржасының, «АСҚ банкі” акционерлік қоғамының ресми сайттарының мәліметтері.

1. Банктегі несиелік тәуекелділікті басқарудың теориялық аспектілері

1. 1. Несиелік тәуекелділікті басқарудағы банк тәуекелділігінің маңызы және оның түрлері

Нарықты және нарықтық инфрақұрылымды шаруашылық байланыстарының жаңа тетіктерін қалыптастыру және кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту шаруашылық жүргізудің бүкіл ел аралық, республикалық, аймақтық жергілікті сатыларында сондай- ақ меншік нысандарының түрлеріне қарамастан әрбір шаруашылық деңгейінде экономикалық тәуекелдіктер теориясын оларды бақылау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап етеді. Осы мәселелерді шешуде банк жүйелері басты роль атқарды. Бұл ел экономикасының тұрақсыздығы жағдайындағы банктер мен несие қатынастары ролінің өсе түсуіне және нарықтық қатынастардың дамуымен айқындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығы, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржаларының және жаңа шаруашылық құрылымдардың құруымен олардың қызметін жүргізуге де қатысады. Негізінде ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы тауар, сауда және валюта нарықтарының аймақтық экономикалық қал- ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден - бір иеленушісі болып саналады. [16:19]

Осылардың барлығы банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды. Кез- келген шаруашылық қызметінде қандай да бір шаруашылық операцияларының өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын әр қашанда ақша ысыраптарының болуының қаупі өмір сүреді. Мұндай түрдегі ысыраптар, қауіп- қаржы тәуекелдерін білдіреді.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелділік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар нұсқауы бойынша қызмет етеді, сондықтан банктік тәжірибеде «Тәуекелділік» деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынады.

Біздің уақытымызда банктік нарық тәуекелсіз болуы мүмкін емес. Ол кез - келген операцияда болады, тек тәуекелділік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан да банктік қызмет үшін тәуекелділікті мүлдем жою, оны алдын- ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.

Жалпы тәуекелділік түсінігін қалай түсінеміз. Тәуекелділік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктік қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысының бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіріледі. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеруі керек: жоғалтулар, шығындар және де залалдар.

Қызметі банкке тән тәуекелділікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеу алынады. Осы көрсеткіш өзінде залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелділік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелділік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептен де тәуекелділікті жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел категориясының дамуы үшін негіз болып табылады.

Шығындар . Банктердің өз қызметі барысында белгілі бір шығындары болады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен сондай-ақ, бағалы қағаздар мен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, тағы басқаларды ұстауға кететін шығындар.

Шығын категориясына қатысты тәуекел, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.

Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекелділігі нашар несиелік портфельмен (ресурстарды нашар орналастыру), конъюнктураның толық есептелінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға ұшырауына қауіп төндіреді. Жалпы кез- келген ұқызмет түрі міндетті түрде белгілі бір тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез- келген кәсіпорын сияқты банк те жоғалтулар мен банк тәуекелділігіне ұшырауы мүмкін. Негізінде банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып, шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды. Мұның барлығы белгілі - бір шамада бір- біріне қарама- қайшылық тудырады, оған банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелділікке баруға дайын болса, ал екіншілер үшін, банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелділіктің арасындағы ықшамды қатынасты ұстап тұру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.

Тәуекел - бұл табысқа жете алмаған жағдайдағы оның болуы мүмкін зардаптары мен одан шығудың белгісіздік жағдайын көрсететін кез- келген өндірушінің оның ішінде банк қызметінің ахуалдық сипаттамасы болып табылады.

Тәуекел пайданы жоғалту және берілген несиелерді уақытында төлемеушіліктің салдарынан шығындардың пайда болуы, ресурстың, базаның қысқаруының, баланстық операциялардан сыртқары түрде төмендеуді жүзеге асыру сияқты қажетсіз нәтижелердің болу ықтималдылығынан көрінеді. Сонымен бір мезгілде тәуекел деңгейі неғұрлым төмен болса, жоғары пайда алуға деген сенім де соғұрлым аз болады. Сондықтан біріншіден кез- келген өндіруші тәуекел дәрежесін барынша төмендетуге тырысады және бірнеше баламалы шешімдердің ішінен әрқашанда тәуекел деңгейі төменді таңдайды, екіншіден іскер белсенділік, кірістілік дәрежелері мен тәуекел деңгейінің оңтайлы арақатынасын таңдауы қажет болады.

Егер:

  • проблемалар күтпеген жерден туындайтын болса;
  • бұрынғы банктік тәжірибеге сәйкестілік негізде емес алдыға жаңа міндеттер қойылған болса;
  • басшылық қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін (қажетті және қосымша пайда мүмкіндіктерін нашарлататын) қажетті және жедел шаралар қабылдау жағдайында емес болғанда, жетілдірілмегендігі нақты жағдайлар үшін кейбір оңтайлы шешімдер қабылдауға кедергі келтіретін болса тәуекелдің деңгейі арта түседі.

Банк операцияларының түгеліне жуық түрлері тәуекел жағдайында болады. Өткен кезеңдегі Қазақстанның коммерциялық банктеріне талдау жасай келіп, келесілерді атап көрсетуге болады; -

  • көптеген ұйымдардың өндірістік құлдырауы және қаржылық тұрақсыздығымен бірсыпыра шаруашылық байланыстарының жойылуымен байланысты экономикада болатын дағдарысты жағдайлар;
  • банк жүйелерін құруыдың аяқталмаушылығы;
  • кейбір негізгі заң актілерінің жетілдірілмегендігі, база мен нақты ахуал арасындағы сәйкессіздік;
  • инфляция;

Бұл жағдайлардың туындауынан банк тәуекелдері мен оларды зерттеу әдістеріне түбегейлі өзгерістер енеді. Дегенмен аталмыш жағдай тәуекелдердің туындауымен олардың даму деңгейінің үрдістеріндегі ортақ проблемалардың болуын жоққа шығармайды. Тәуекелдер нақты деректерден, бүгінгі жағдай мен болашақ дамуға баға берудегі ауытқушылықтардың негізінде пайда болады. Бұл ауытқулар оң және теріс болуы мүмкін.

Тәуекел болуы мүмкін қауіп пен сәтсіздіктің шегі. Сәтті бастау негізінде үміт ете отырып жасалатын қызмет.

Теорияға негізделе сәйкестендірсек онда тәукелге мыналар тән болып саналады: -

  • белгісіздік;
  • баламалықты тандаудың қажеттілігі;
  • баламалықты жүзеге асырудың ықтималдығына баға беру мүмкіндігі

Көрсетілген элементтер белгілі бір тәукел ету жағдайында шешім қабылдайтың нақты тұлғалардың қызметімен тәуекелділіне байланысты екендігін анықтайды. Соған сәйкес тәуекел шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру сатысында өмір сүреді.

Тәуекел қарама - қайшылық, баламалық, белгісіздік сияқты белгілермен сипатталады.

Қарама - қайшылық мынадай жағдайларда көрініс табады деумізге болады: -

  • тәуекел негізінен оң нәтижелер алуға бағытталған;
  • ол субъективизимге және де объективті заңды түрдегі елемеушілікке

әкеледі.

Баламалық - екі немесе одан да көп мүмкіндіктерді іс- қимыл жасау нұсқасын таңдауды болжайды.

Егер таңдау жоқ болса, онда тәуекел де жоқ. Баламалық әр түрлі күрделілік дәрежесіне ие.

Белгісіздік - бұл ең алдымен сенімнің, бір жақтылықтың болмауы.

Тәуекелдің - субъективті және объективті екі негізгі тұжырымдамасының аражігі ажыратылады. Объективті тұжырымдаманы салыстырмалы түрде алып қарағанда оның болуы немесе болмауы тәуекелдерден туындайды. Ал субъективті тұжырымдама бойынша тәуекел қатердің қауіптілігі мен болуы мүмкін зардаптарын ескере, мініз - құлық нұсқаларын тандауына негізделген тұжырымдама болып саналады.

Сонымен шығындардың (тәуекелдердің) болуының мүмкіндігі күні бұрын қарастырылғанда (арасалмағы есептелгенде) және сақтандырылғанда ғана пайданы алуға болады. Сондықтан да коммерциялық банктердің қызметіндегі экономикалық тәуекелдік проблемалық жағдайларына маңызды түрде назар аударылуы тиіс.

Аталған проблемалардың ішіндегі негізгілеріне мыналар жатады: -

  • банктік тәуекелдерді жіктеуі;
  • банктің қызметіндегі экономикалық яғни банктің, жекелеген қарыз алушылардың, кәсіпорындар топтарының, салалардың саяси және өзге де тәуекелдерді есептеу әдістері мен негізгі түрде баға берулері жатады.

Ішкі тәуекелдер банктің түрімен өзіне тән белгілеріне, қызмет сипатына және оның әріптестерінің құрамына қатысты болады. Банктің түріне байланысты тәуекелдер банктермен, банк мекемелері мемлекеттік және жекеменшік болуы мүмкін. Өздерінің тараптарынан олар кооперативті және коммерциялық банктерге бөлінеді. Коммерциялық банктердің мамандандырылған, салалық және әмбебап үш белгісі болады. [19:29]

Тәуекелдердің барлық түрлері олардың әрбірінде болады.

Дегенмен, олардың туындау жиілігінің ықтималдығы мен өзгешелікті белгілері банк мекемесінің үлгісінің өзіне қатысты болады.

Әмбебап коммерциялық банктер - іс жүзінде банк қызметінің барлық түрлерімен (несие беру, есеп айырысу, қаржылық) айналысады. Соңғы кезде әмбебап коммерциялық банктер әртүрлі бағалы қағаздар, лизинг, клиринг, тағ басқа да дәстүрлі түрде жүзеге асыруды қолға ала бастады.

Мамандандырылған коммерциялық банктер - өздерінің қызметін негізінен нақты қызметтер көрсетуге бағдарламалауда.

Мысалы, инновациялық, инвестициялық, ссудалық, жинақ, ипотекалық, депозиттік, клирингтік және өзге де банктер.

Жекеленген банктер - өздерінің жұмыстарын салалық (ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс) немесе қызметтік (биржалық, сақтандыру, кооперативтік, коммуналдық) белгілері бойынша бағдарлайды.

Сондай - ақ мамандандырылған коммерциялық банктер қызметінің нарықтық бағдарламалауы болады, яғни олар аймақтық, аймақаралық, трансұлттық болуы мүмкін. Мамандандырылған коммерциялық банктер, мысалы, инновациялық банктер жаңа технологияларға несие берумен байланысты тәуекелдерге барады. Іріктеп жасалынған статистикалық талдаулар нәтижелеріне сәйкес, олардың тиімділігіне алдын - ала біліктілік тұрғысынан баға берусіз технологиялық жаңалықтарды іске қосу, ең үлкен тәуекелдерді білдіреді. Соған қарамастан, инвестициялық банктердің көпшілігі, мысалы, қаржылық тәуекелдердің неғұрлым төмен деңгейіне ие. Өйткені олардың клиенттеріне бағалы қағаздардың несие қоржындарын басқару бойынша әртүрлі қызмет ұсынады.

Банк операциялық сипатына қатысты тәуекелдер баланстық немесе баланстан тыс операциялардың ерекшеліктерімен байланысты. Олар активті және пассивті операциялар тәуекеліне бөлінеді.

Пассивті операциялар тәуекелі - банк осы пассивті операциялар көмегімен активті банк операцияларын жүзеге асыру үшін өз ресурстарын реттейді. Жарғылық капиталды қалыптастыруға пайдадан аударымдар жасау, өзге заңды тұлғалардан алынған несиелердің мөлшері, депозиттік операциялар коммерциялық банктердің пассивті операцияларына жатады.

Пассивті операциялардың тек бірінші түрі яғни тобы ғана банктің меншікті қаражатын қалыптастырады. Депозиттік операциялар коммерциялық банктердің пассивті операцияларына жатады. Депозиттік операциялар - бұл салымшыларға немесе талап еткенге дейінгі немесе белгілі бір мерзімге заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың қаражаттарын тарту операциясы. [20:21]

Депозиттер шұғыл, талап еткенге дейінгі, жеке тұлғалардың жинақ салымдары, бағалы қағаздар түрінде болады. Пассивтік операциялар тәуекелі активті операцияларды ресурстармен қамтамасыз етуден болуы мүмкін қиындықтырымен байланысты болады. Банктер депозиттерді қалыптастыру бойынша тәуекелдің алдын - алу үшін пассивтік және активтік операцияларды, яғни кәсіпорынның банктегі салымдарымен басқа банктерде орналыстырылған салымдары арасындағы арақатынасты қарастырды.

Активтік операциялар тәуекелі - банктен өз қызметтерін жүргізу процесінде тұрақты түрде кездесетін пайыздық тәуекелдің деңгейі болып табылады. Пайыздық тәуекелдерді басқару банктің активтер мен пассивтерді басқаруынан тұрады. Активтерді басқару банктердің өзінің өтімділік деңгейінен және бәсекелестік дәрежесіне, ал пассивтерді басқару ссудаларды беру үшін қаржыларды ала алу мүмкіндігіне байланысты.

Қоржындық тәуекел - бағалы қағаздардың жекелеген үлгілері бойынша, сондай - ақ ссудалардың бүкіл санаттары бойынша шығындар ықтималдығынан тұрады. Банктің, АҚ -ың, кәсіпорының, оның ішінде бірлескен банктердің қарызға терген қаржылары неғұрлым көп болса, олардың акционерлері мен құрылтайшылары үшін қаржылық тәуекел де соғұрлым жоғары болады. Өтімділік, тәуекелі - бұл қаржы активтерінің нақты ақшаға жедел айналу қабілеті. Орталық биржаларда ақциялары айналым жасайтын аса ірі және белгілі өндірушілер мен банктердің мұндай тәуекелі аз болады. Ал шағын фирмалар, әсіресе жаңадан құрылған венчьюрлік фирмалардың тәуекелдері неғұрлым жоғары болады.

Қаржы делдалдарының негізгі түрлері олардың құқықтары мен міндеттерінің өзіндік ерекшіліктері банктің іскерлік белсенділігіне үлкен әсерін тигізеді. Оларды дұрыс талдау, сондай - ақ олардың тәуекелдерінің барлық түрлерінің деңгейіне әсер етеді. Жүйелі түрде болатын тәуекел ақцияларға, олардың кіріс келтірушілігіне облигациялар бойынша ағымдағы және күтілетін пайыздарға, күтілетін дивидент пен жалпы нарықтық ауытқулардан туындаған қосымша пайдаға бағалардың өзгеруімен байланысты болады. Өйткені ақциялардың биржалық бағамы мен нарықтық жалпы жағдайы арасындағы тығыз байланыс тұрақты және әр түрлі биржалық индекстермен тіркеледі.

Инфляциялық тәуекел - салалардың өмірлік кезеңімен айқындалатын тәуекел. Сондықтан салалардың дамуына әсер ететін негізгі факторларға мыналар жатады:

  1. Экономиканы қайта бағдарлау - ол әлемдегі, жекелген аймақтардағы, елдердегі, нарықтардағы жалпы экономикалық тұрақсыздықпен, сондай - ақ ресурстарға деген бағаның өсуімен байланысты факторлар.
  2. Ішкі және әлемдік өткізу нарықтарындағы сұраныстың өзгеруі.
  3. Өркениеттің жалпы тарихи дамуы.

Несие тәуекелі - тәуекелдің бұл түрлі бірдей дәрежеде банктерге де, сол сияқты олардың клиенттеріне де жатады және ол өнеркәсіптік реттеу мен тасымалдап жеткізу тәукелі. Қандай - да бір себептер мен шартты қатынастардың орындалмауымен келісілген. Ресурстардың түрлеріне байланысты тәуекелдер болуы мүмкін қарыз алушыларға несие беру тәуекелі ретінде берілетін несиенің түріне байланысты болады. [31:32]

Несие беру мерзімдеріне қарай несие қысқа, орта, ұзақ, мерзімді болады. Қамтамасыз ету түрлеріне байланысты өз негізінде жеке және банктік болуы мүмкін. Қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген несие берушілердің ерекшеліктеріне қарай банктік, мемлекеттік, коммерциялық, сақтандыру компаниялары мен жеке тұлғалардың несиесі болып бөліуі мүмкін. Осыған орай, банк кепілдік беруді талап етуге құқылы. Сондай - ақ, банк қарыз үшін кепілге берген мүліктің сапасын, оның өтімділік деңгейін, несие көлемі мен оның нарықтық құнының арақатынасын базалап отыруы қажет.

Лизингтік және факторингтік операцияларды жүзеге асыру кезіндегі тәуекелдер де бар. Лизинг - бұл жаңа технологиялар мен техникаларды дамытудың нақты негізгі капиталдық жекелеген әлементтерін жедел енгізудің қажеттілігі жағдайында, әсіресе маңызды құрал - жабдықтардың сатылуын кеңейтуді, тауарлардың циклін қысқартуды қаржыландыру әдісі болып табылады. Қазіргі кезеңдегі лизинг жоғары тәуекелді операция болып саналады. Соңдықтан да шығындарды жабуды банктің резервтік қоры есебінен жүргізген дұрыс. Ол лизингтік операцияларды жүзеге асырушы субъектірлер арасындағы қатынастардың формасына байланысты жедел, қаржылық, қайтымды, халықаралық болуы мүмкін.

Факторингтік операциялар бойынша тәуекелдерді азайту үшін қарыз алушылардың төлем қабілеттілігіне, олардың жабдықтаушылар мен шаруашылық байланыстарының өзара қатынастарының сипатына, төлемдердің құрылымының, өнімдердің бәскеге төтеп беру қабілеттілігіне, қарыз қайтару жағдайларына талдау жасау көзделеді. Сараптық бағалау әдістерінің көмегімен нақты ахуалға әсерін тигізетін тәуекелді және тәуекелсіз, сыртқы және ішкі факторларды талдау, тәуекел деңгейін өлшеудің негізгі тәсілдердің бірі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерді басқару бойынша жұмысын ұйымдарстыру
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Банктегі несиелік тәуекелділік. «Алматы сауда қаржы банкі» акцонерлік қоғамының несиелік қызметіне талдау
Ұйым тәуекелділігін бейдағдарыстық басқару
Несиегердің банкпен несие қатынасы
Персоналды басқару стильдері
Лизинг түрлерінің жіктелуі және лизингтік операциялар
Менеджментгің басты ерекшелігі банк жүйесі шеңберіне банктік процедураларды ұйымдастырудың және экономикалық процестерді басқарудың бірегей технологиясын дамыту
Қаржылық менеджменттің механизмі мен ақпараттық база
Кәсіпорындағы “Қызметкерлерді басқару” ішкі жүйесін жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz