Ақша-несие саясатын ұйымдастырудың және жүзеге асырудың теориялық негіздері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

:
: КІРІСПЕ . . .
: 6
: 1
: АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
: 9
: 1. 1
: Мемлекеттің ақша-несие саясатының экономикалық мазмұны . . .
: 9
: 1. 2
: Ақша-несие саясатын ұйымдастырудың механизмі және оның элементтері . . .
: 17
: 1. 3
: Ақша-несие саясатын жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі . . .
: 27
:
:
:
: 2
: ҚАЗІРГІ ДАМУ САТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫНА КЕШЕНДІ ТАЛДАУ . . .
: 35
: 2. 1
: Қазақстан Республикасының Ұлтттық Банкінің ақша-несие саясатының қалыптасуы және іске асырылуы . . .
: 35
: 2. 2
: Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын жүзеге асырудың қазіргі заманғы құралдары . . .
: 41
: 2. 3
: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын оңтайландыру құралы ретіндегі валюталық интервенция . . .
: 50
:
:
:
:
:
:
: 3
: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУМЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ . . .
: 68
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 82
:
: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
: 87
:
:
:

Кіріспе

Мемлекеттің экономикалық тұрақты дамуының маңызды шарттарының бірі - ақша-несиелік реттеудің нақты механизмін қалыптастыру. Қазіргі экономикалық жағдайдағы Қазақстанның ақша-несие саясатының маңыздылығының артуы шаруашылық жүргізу әдістерінің нығаюы және дамуымен, экономиканың тұрақты өсуіне көшуімен қамтамасыз етілген. Соған қарамастан бұл саясаттың тиімділігі әлі де жоғары деңгейде емес.

Ақша-несиелік реттеудің кез-келген, тіпті ең кіші мемлекетте нарықтық экономиканың жемісті дамуына қолайлы жағдай жасау да маңызды орын алады. Ақша-несие саясаты негізгі ЖІӨ, инфляция, жұмысссыздық деңгейі тәрізді макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне алып келеді. Бұл жағдай монетарлық әдістер арқылы экономикалық жүйеде ақша ұсынысын өзгертуге мүмкіндік болғандықтан жүзеге асырылады. Дұрыс таңдалған, Ұлттық банк арқылы жүргізілетін ақша-несие саясатынсыз экономика тиімді жұмыс жүргізе алмайды.

Елбaсының «Қaзaқстaн-2050» Стрaтегиясы қaлыптaсқaн мемлекеттің жaңa сaяси бaғыты aтты Жолдaуындaғы мынa сөздеріне нaзaр aудaрсaқ, «Әлемдік экономикадағы қолайсыз ахуалды ескере отырып, бізинфляцияданәрбір қазақстандықтың кірістерін қорғауды қамтамасыз ететін және экономикалық өсім үшін лайықты деңгейін ұстап тұратын боламыз. Бұл үшін Ұлттық Банк пен Үкіметке Президент Әкімшілігінің үйлестіруімен экономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейліақша-кредит саясатының жаңа жүйесінәзірлеу қажет», - болатынын атап өткен еді. Сондықтан ақша-несие саясатының негізгі мақсатын анықтап, жүзеге асыру механизмін жетілдіру, банктерді проблемалық несиелерден арылту мәселесі әлемдік жаһандану, интеграциялану сатысындағы Қазақстан үшін өзекті мәселе.

Инфляция деңгейін төмендету, инфляция банктік және қаржылық өтімділік жүйесіне айтарлықтай әсер етіп, осы арқылы қоғамда іскерлік белсенділікті реттейтіндіктен Қазақстан үшін негізгі мәселе болып қала береді. Әлемнің 30 дaмығaн елдерінің қaтaрынa қосылуды мaқсaт еткен Елбaсының биылғы «Қaзaқстaн жолы - 2050: Бір мaқсaт, бір мүдде, бір болaшaқ» жолдaуындa дa Үкімет пен Ұлттық Бaнкке бірлесіп, орта мерзімді келешекте инфляцияны 3-4% дейін төмендетудің шаралар кешенін дайындау тапсырылды.

Ұлттық Банктің жүргізіліп жатқан ақша-несие саясаты құралдарын, жүзеге асырудың жаңа механизмдерін дамушы елдер тәжірибесін қолдана отырып жаңарту, қайта қараудың қажеттілігі тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Осы мақсаттарға жету үшін елімізде Ұлттық Банк тарапынан жүргізіліп жатқан ақша-несие саясатын ұйымдастыру барысында туындайтын кейбір мәселелерді қазіргі уақыт талаптарына сай қайта қарастыру қажеттілігі туындап отыр.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Ақша-несие саясатының қалыптасу және даму тарихын және ақша-несие саясатының жүзеге асырылу дәрежесін зерттеуге үлес қосқан классиктер қатарында Д. М. Кейнс, П. Самуэльсон, М. Фридмен, шетелдік ғалымдар Э. Долан, В. М. Усоскин, Е. Ф. Жуков және басқалар, сонымен қатар отандық ғалымдар тобы Ғ. С. Сейітқасымов, Б. К. Иришев, А. Б. Зейнелғабдин, Н. К. Кучукова, Л. М. Сембиева, С. Б. Мақыш және т. б. Дегенмен жаңа интеграциялық және жаһандану үдерістері жағдайында Қазақстанның ақша-несие саясатының зерттелу дәрежесінің одан ары қарай тереңдете зерттеуді қажет етеді.

Курстық жұмысының мaқсaты : Қазіргі таңдағы әлемдік экономика мен ұлттық экономикада қалыптасқан жағдаяттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан ақша-несие саясатын жетілдіру жолдарын, тетіктерін зерттеу, оны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен тұжырымдарды дәйектеу.

Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттерді шешуді алға қойдық:

  • ақша-несие саясатын ұйымдастырудың және жүзеге асырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, механизмін және оның элементтерін зерделеу;
  • ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы шетел тәжірибесін зерттеу;
  • Қазақстандағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың қазіргі заманғы құралдарына талдау жасау;
  • ақша-несие саясатының оңтайландыру құралы ретіндегі валюталық интервенцияны жүзеге асыру механизмін қарастыру;
  • қазіргі таңдағы Қазақстанда ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысындағы жүйелі және жүйесіз тәуекелдерді анықтау;
  • Қазақстандағы ақша-несие саясатының даму бағыттарын нақтылап, жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу объектісі. ҚР қазіргі таңда қалыптасқан ақша-несие саясатын жүзеге асыру механизмі

Зepттeу пәні. ҚР мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысында Ұлттық банкімен қаржы нарығының басқа субъектілерінің арасында қалыптасатын қатынастардың жиынтығы.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдық элементтері. ҚР ақша-несие саясатының жүзеге асырылу механизмін талдай отырып, қазіргі жағдайдағы басты проблемаларын анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну, соның ішінде ақша-несие саясатының маңызды құралы болып табылатын қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің негізгі қызметін толық атқармай отырғандығын ғылыми сараптау жолымен анықтауда жатыр

Курстық жұмысының құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспeдeн, үш тaрaудaн, қoрытынды мeн қолданылған әдeбиeттeр тізімінeн және 22 суреттер мен 12 кестелерден тұрaды.

1АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мемлекеттің ақша-несие мазмұны

«Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Халыққа жолдауында басты мақсат - 30 дамыған елдің қатарына қосылу болғандықтан [1], осы орайда қаржы жүйесінің даму ерекшеліктерін, оның ішінде Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының жүзеге асырылу механизмі маңызды.

Кез-келген заманауи экономикалық жүйенің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етуде маңызды рөлді мемлекет алады. Мемлекет өзінің қалыптасу тарихында қоғамдық тәртіпті, заңдылықты, ұлттық қорғанысты ұйымдастыру мәселелерімен қатар экономика саласында белгілі бір функцияларды атқарды. Экономиканы мемлекеттік реттеудің үлкен тарихы бар - ерте капитализм кезеңінде де Еуропада бағаларға, тауарлар мен қызметтер сапасына, пайыздық мөлшерлемелерге және сыртқы саудаға орталықтандырылған бақылау болған екен. Қазіргі таңдағы жағдайда кез-келген мемлекет экономикаға мемлекеттің әр-түрлі деңгейде араласуы арқылы ұлттық экономиканы реттеуді жүзеге асырады.

Реттеудің және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің айқын формаларының бірі ретінде ертеден ақша-несие саясаты қатысады.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының астарында инфляция деңгейі мен динамикасына, инвестициялық белсенділік және басқа да маңызды макроэкономикалық процестерге әсер ету арқылы тұрақты экономикалық өсуге бағытталған ақша және несие айналысын экономикалық реттеудің шаралар жиынтығы түсіндіріледі [2, 38 б. ] .

Ақша-несие саясатының рөлін анықтай отырып, американдық экономист П. Самуэльсон « . . . лайықты ақша-несие саясатының арқасында . . . асқақтаған серпіліс пен кенет күйзелістен сақтанып, сау экономикалық өсімге сүйенуге болады» деп атаған[3, 396 б. ] .

Ақша-несие саясатының мәселелерін зерттегенде ақша-несие саясатының тұтастық түсінігін құрастыруға аса көңіл бөлу қажет. Өз позициямызды анықтау үшін шетел экономисттерімен қатар отандық экономисттердің де ойларын жинақтап талдауымыз қажет.

Әлемнің дамыған мемлекеттерінде ақша-несие саясаты бюджет саясатының жедел әрі икемді қосымшасы секілді экономикалық конъюнктураның «жіңішке реттеуіш» құралы ретінде қарастырылады. Әлемдік тәжірибе оның негізінде мемлекет ақша массасы мен пайыздық мөлшерлемеге әсер ететіні, ал олар тұтынушылық және инвестициялық сұранысқа әсер ететінін көрсетіп отыр.

Марамыгин М. С. экономисттердің ақша-несие саясатына көзқарастарын талдай келе, экономисттердің көбі ақша-несие саясатына мүлдем түсінік бермеген деген[4, 11 б. ] . Ол бірнеше топқа бөліп, біріне ақша-несие саясатын ақша массасына қатысты орталық банктің шешімдер жинағы ретінде қарастырған бірқатар зерттеушілерді жатқызған, яғни авторлардың негіздемесі тек бұл саясаттың тек техникалық жағын қарастырады. Басқа топқа ақша-несие саясатын ақша ұсынысы мен пайыздық мөлшерлемені басқару ретінде қарастырған экономисттерді жатқызған. Бұл авторлар аталған саясаттың әсер ету объектілерін ерекшелеген, бірақ ол әсердің мақсатын айқындамаған. Зерттеушілердің келесі тобы ақша-несие саясатын біркелкі кең ұғымда ақша және несиенарығына әсер етудің негізгі мақсатын анықтай отырып түсінік берген.

Жоғарыда аталған топтарға сәйкес біз келесі ғалым-экономисттердің көзқарастарын қарастырдық. К. Макконнела мен С. Брюдің анықтамасында «ақша-несие саясаты - өндірістің, жұмыспен қамтудың және бағалар деңгейінің жалпы көлемін тұрақтандыру мақсатында ақша ұсынысын өзгерту» деп атаған. Көрініп тұрғандай, бұл анықтамада негізгі акцент әсер ету объектісіне қойылған.

Толығырақ болып П. Роузаның анықтамасы келеді, себебі онда ақша-несие саясатының жалпы мінездемесі ашылған. Мұндай көзқарас отандық зерттеушілерде де кездеседі: «ол - орталық банктің банктік және қаржылық жүйелерінің қызмет атқаруын бақылау, сонымен қатар, жалпыұлттық экономикалық мақсаттарға қол жеткізілуіне септігін тигізу мақсатында ақша ұсынысы мен несиелік қор деңгейін бақылау». Бірақ анықтамада мемлекеттің рөлі көрсетілмеген[2, 14-15 б. ] .

С. Фишер, Р. Дорнбуша, Р. Шмалензи авторларының «Экономика» кітабында ақша-несие саясаты түсінігі орталық банк мақсаты арқылы қарастырылады. Олардың ойынша, орталық банктің басты мақсаттарының бірі болып ақша массасын бақылау арқылы инфлияцияның төменгі деңгейі мен жұмыссыздықтың едәуір болмауын қамтамасыз ететін ақша саясатын іске асыру болып саналады. Бұл жерде акцент инфляция мен жұмыссыздықты бақылауға қойылған, ал Э. Дж. Доланның анықтамасында - жалпы экономикалық конъюнктураға қойылады.

Э. Дж. Долан кітабында ақша-несие саясатын «экономикалық конъюнктураға әсер ету мақсатындағы айналымдағы ақша санына әсер ететін мемлекет саясаты» ретінде анықтайды [5, 471 б. ] . Бұл жерде анықтамалардың ақша-несие саясатының құралдарына көңіл бөлінбегенін атап өту керек.

Неокейнсиандық мектептің өкілі Ф. Модельяни былай деп жазған: «Тұрақтандыру шараларымен тұрақсыздыққа жеңіл қарсы тұруға болады. Ақша-несие саясаты ақша ұсынысын нақты сұранысқа сәйкестендіре алады . . . Бұл ауытқуларды салықтар мен шығындар арқылы ақша массасының бастапқы көлеміне сәйкес толық жұмыспен қамтасыз ете отырып қаржылық саясат түзей алады».

Анықтамалардың толықтығына келесілерді жатқызуға болады. В. М. Усоскина профессорының ұстанымына қарай «орталық банктің саясаты мемлекеттің жалпыэкономикалық реттеудің басты құрамдарының бірі болып, жоғары нарықтық конъюнктураның сақталуына, жұмыссыздық пен өндірістің дағдарысқа ұшырамауына бағытталған қызметті атқарады; бұл жерде орталық банктің ақша-несие саясатының басты мақсаты ақша бірлігінің тұрақты сатып алыну күшін сақтап қалу мен төлемдер мен есептердің икемді жүйесін қамтамасыз ету болып табылады»[6, 38 б. ] .

Отандық әдбиеттерде ақша-несиелік саясаттың келесідей әдістерін бөліп көрсетеді. Профессор Иришев Б. К. ақша-несие саясатын келесідей түсіндіреді: «ақша-несие саясатының аясында конъюнктура мен өндіріс үдерісті реттеу мақсатындағы монетарлық органдармен жүзеге асырылатын өзара байланысқан шаралар кешені. Шаралар кешенінің сипаттамасы мен мазмұны қоғам мен қоғамдық шаруашылық жағдайының экономикалық стратегияларымн анықталады» [7, 17 б. ] .

Профессор Н. К. Кучукованың пікірі бойынша ақша-несие саясаты бюджет саясаты тәрізді экономиканы мемлекеттік реттеудің негізін құрайды. «Нарықтық экономика жағдайындағы орталық банктің ақша саясатының басты мақсаты - баға тұрақтылығы мен жұмысбастылық тиімділігін қамтамасыз ету» [8, 39 б. ] .

Профессор А. Б. Зейнелғабдин «ақша-несие саясаты өндірістің жиынтық көлемі, жұмысбастылық пен баға деңгейін тұрақтандыру мақсатындағы ақша ұсынысының өзгерісінен тұрады» деп түсіндіреді [9, 48 б. ] .

Профессор C. Б. Мақыш«ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы» деген анықтама береді [10, 163 б. ] .

Профессор Л. М. Сембиева пікірі бойынша ақша-несие саясаты - бұл баға тұрақтылығы мен қоғамның даму тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған және арнайы әдістер мен құралдар көмегімен жүзеге асырылатын ақша-несиелік қатынастар аясындағы мемлекет пен монетарлық органдардың мақсатты бағытталған шаралар жиынтығын сипаттайтын бірыңғай макроэкономикалық саясаттың бір бөлігі.

Ақша-несие саясатының әдістемелік негіздері көбінесе кейнсиандықтың дүниеге келуінен, яғни жиырмасыншы ғасырдың 20-30 жж басталады. Алайда бағалардың, ақша ұсынысының өзгеру мәселелері біздің заманымызға дейінгі дәуірдегі ғалымдарды қызықтырған, себебі алғашқы тауарлы ақшалардың қолданылуы біздің заманымызға дейінгі 9000-6000 жж жатады, ал алғашқы инфляция біздің заманымызға дейінгі 218-201 жж пайда болды. ІІІ ғасырдағы дарынды рим заңгері, преторий префектінің лауазымын иеленген және прицепс кеңесіне кірген Юлий Павелдің өзі ақшаның құндылығы олардың санына тәуелді деген тезисті негіздеген.

Егер де ақша-несие саласындағы негізгі тұжырымдамалардың кезеңдік түрде қалыптасуын қарайтын болсақ, онда әрине классикалық мектеп экономистерінің жұмыстарынан бастаған жөн. Бұл мектептің негізін ағылшын философы және экономисті Д. Юм жасаған. Өзінің 1752 жылғы «Ақша туралы очерк» еңбегінде ол ақша ұсынысы мен бағалардың өсуі арасындағы байланысқа талдау жүргізген. Адам Смит, Давид Рикардо және басқаларды қоса алғанда XVIII-XIX ғғ көптеген экономисттері Юмнің көзқарастарын дұрыс санаған. Осының салдарынан Джон С. Миллдің атақты ғылыми еңбектері ақшаның сандық теориясының қалыптасуына түбегейлі мүмкіндік жасады.

Егер де ақша-несие саясатының дүниеге келуі туралы айтатын болсақ, онда оның бастамасын екі ақша және банктік мектеп салғандығы туралы көптеген зерттеушілердің пікірлері сәйкес келетіндігін айта кеткен жөн.

Ақша мектебі толыққанды алтын монеталар құқығында айналысқа енетін алтын және қағаз ақшалардан тұратын аралас жүйені құруды ұсынған. Бұл тұжырымдаманың жақтаушылары (Д. Рикардо, лорд Оверстоун, Дж. Лойд және басқалар) банкноттардың құнсыздану себебі олардың санының шектен тыс артуы болып табылады және құнсыздану дәрежесінің өзгеруі банкнота санының ауытқуымен шарттастырылады деп санаған. Осы ережені негізге ала отырып ақша мектебінің жақтаушылары өндірістің циклдік ауытқуымен күресу мақсатында ақша-несие саясатын жүргізу кезінде алтын қорға банкноттық эмиссияның сәйкестігін қамтамасыз ету қажет деп есептеген. Ақша-несие саясатының мәні туралы мұндай көзқарас іс жүзінде 1844 жылы ағылшындық парламенттің Банктік акт қабылдауы түрінде көрініс тапты, бұл өз кезегінде бірнеше онжылдықтар бойы басқа елдердің орталықтандырылған банктік жүйесін қалыптастыру кезінде үлгі болды.

Банктік мектеп «нақты вексель» түсінігіне негізделді, саудадағы болжанған қажеттіліктердің және болжанған артық банкнот санының автоматты түрде айналымнан шығуының өзгерісіне тәуелді іскерлік цикл кезінде айналымдағы ақша санының өзгеруіне шоғырландырылған. Бұл бағыттың жақтаушылары (Тук, Вильсон, Фуллертон) барлық ақша-несиелік реттеу банкнотты бағалы металлдарға айырбастауды қамтамасыз етуге негізделуі тиіс деп санаған, сол кезде сұраныс және ұсыныс заңының өзі билеттік айналым көлемін реттейді. Бұл теорияның жақтаушылары эмиссияның еркіндігі инфляция қаупін болдырмай ғана қоймай, керісінше, мемлекеттік органдардың тарапынан ақша ұсынысының ақша-несиелік реттелуінің мүмкіндігі мен тиімділігін арттырады деп тұжырымдаған.

Банктік мектептің теориясын логикалық аяқталған деп санаудың дұрыстығы екіталай, оның негізінде айналымдағы ақша саны мен бағалар деңгейі арасындағы бұрмаланған байланыстар, терең ішкі қайшылықтар жатыр, бұл өз кезегінде оны экономикалық үдерістерді қамтамасыз ету үшін, сәйкесінше экономиканы реттеу үшін қабылдауды болдырмайды. Осыған байланысты бағалардың өсуін айналымдағы ақша санының артуын байланыстыратын ақша мектебінің теориясын оңтайлы етеді. Толыққанды емес ақшалардың пайда болуы жағдайында ақша айналымын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы ұсыныс новаторлық болып табылды.

Ақшаның классикалық теориясының өкілдері (Маршалл, Пигу) бағалардың деңгейі айналымдағы ақша санымен тікелей пропорционалды анықталады деп санаған. Бұл тезис математикалық тұрғыда И. Фишермен дәлелденген. Өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі дамытатын жүйе ретінде нарықтық экономиканы қарастыра отырып, классикалық сандық теорияның өкілдері осының салдарынан экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін жоққа шығарған, оған қоса, оның әсері экономиканы тұрақсыздандырады деп санаған. Оның себебі, олардың ойынша экономика ішкі нарықтық құралдардың бар болуының арқасында өзін-өзі, ал кез келген мемлекеттік араласу олардың тұрақтандырушы әрекеттерінің бұзылуына алып келеді деп есептеуі болып табылады. Ақша саясатының тиімсіздігі туралы қорытынды жасай отырып олар үкіметті, ең алдымен, баланстандырылған мемлекеттік бюджетті (оның жетіспеушілігіне жол бермеу), баланстандырылған төлем балансын және еркін бәсекелестік жағдайларын қамтамасыз етуді қарастыруға шақырды [2, 20-22] .

ХХ ғасырдың басында толыққанды ақша-несие саясатының тұжырымдамасы айта кеткен жөн және ақша теориясы өзінің тәжірибелік қолданысын таппады. «Классикалық мектеп» билік еткен - келесідей қағидаларға негізделетін, өзін-өзі реттейтін нарықтық экономика теориясының негізгі постулаттарына мыналар жататыны белгілі:

  • мемлекеттің экономикаға араласпауы;
  • кәсіпкерліктің еркіндігі;
  • нарықтық тепе-теңдікті белгілеудің бағалық механизміне жүгінуі.

Экономикалық әдебиеттерде «өркендеу кезеңі» атауына ие болған АҚШ-тағы ХХ ғасырдың 20-шы жылдары нарықтық экономиканың неоклассикалық үлгісінің дұрыстығын дәлелдегендей болды. Алайда, барлық нарықтық-дамыған елдерді қамтыған 30-жылдардың дағдарысы сол нарықтық экономика, неоклассикалық мектеп жақтаған үлгі мен қағидалар ескіргенін көрсетті. Ұлы дағдарыс ірі өнеркәсіп материалдық негізін құрайтын нарықтық экономика өзін-өзі реттеу қабілетін жоғалтып бара жатқанын дәлелдеді. Ірі индустриалдық өндіріс объективті түрде монополизм үрдісін туғызады, ал монополизм - бұл нарықтық экономиканың негізін жоққа шығару. Осының салдарынан нарықтық экономиканың қазіргі заманғы өркендеу деңгейі монополизмге әсер ету дәрежесімен анықталады. Осы кезеңде экономикалық теорияны негіздеу және жаңа макроэкономикалық реттегішті іздеу қажеттілігі туды. Батыста ХХ ғасырдың 30-жылдары ұлттық экономиканы реттеудің мүлдем жаңа үлгісіне нағыз революциялық өту жүзеге асырылды. Бұл төңкеріс ұлттық шаруашылықты реттеудегі мемлекеттің жетекші рөлі туралы теорияны негіздеген Дж. Кейнстің атымен байланысты.

Кейнсиандық Ұлы дағдарыстың қажеттілігіне жауап ретінде ағылшындық экономист Дж. М. Кейнс өзінің атақты «Ақша, пайыз және жұмыспен қамтудың жалпы теориясы» кітабын жариялағаннан кейін өмірге енгені бәрімізге белігілі. Дж. Кейнстің теориялық тұжырымдамасы американдық президент Ф. Рузвельттің саясатына негіз ретінде алынды, бұл өз кезегінде АҚШ экономикасының (артынша әлем экономикасының) дағдарыстан шығуын қамтамасыз етті, экономикалық өсуді қалпына келтірді. Кейнсиандық қағидалы түрде нарықтық экономиканы жаңаша түсінуге өтуді білдірді - нарықтық экономика реттеуді қажет етеді және бұл реттеуді тек мемлекет қана жүзеге асыра алады. Данышпан Дж. Кейнс ұзақ уақытқа ақшаның сандық теориясын өзінің көлеңкесінде қалдырды. 1930-1960 жж аралығында макроэкономикалық теория Кейнс және оның ізбасарлары бастамаларының ықпалында болды. [11, 8 б. ] .

Бұл жиынтық сұранысты реттеу теориясының шегінде ақша-несие әдістері арқылы экономикаға мемлекеттің араласу қажеттілігі негізделді: дағдарыстар және жұмыссыздықпен күресуге мүмкіндік беретін ақша-несие экспансиясының көмегімен антициклдық реттеу, шектеу шаралары арқылы антициклдық реттеу. Инвестицияларды ынталандыру үшін Дж. Кейнс банктік пайызды, яғни орталық банктің есептік мөлшерлемесін және коммерциялық банктердің несиелік пайыздарын төмендету саясатын жүргізуді ұсынады. Ақша саясатына келетін болсақ, онда ол айналымға ақшаны инфляциялық шығару, яғни ақшаның сандық теориясына сәйкес ақша массасының қажеттіден артық өсу мүмкіндігін қарастырады. Үкіметтің басты міндеті бюджет-салық саясатындағы өзгерістер арқылы толық жұмысбастылыққа қол жеткізу есептелді. Соғыстан кейінгі кезең уақытында инфляция төменгі деңгейде болды және оған үлкен мән берілмеді. Ақша-несие саясатына екінші кезектегі мән берілді. Ақша-несие саясатының елеусіз рөлі тек қана кейнсиандық көзқарастың басымдығымен ғана емес, сонымен қатар оның төмен тәжірибелік тиімділігімен түсіндірілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің несие саясатының түрлері
Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Экономикалық мемлекеттік реттеу мақсаттары, қызметтері, құралдары
Коммерциялық банктердің несие саясаты
Қаржы нарығы туралы ұғымы
Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқару
Банкілік құқық құқық саласы ретінде
Аймақты дамытудағы жүргiзiлген инвестициялық саясаттың тиiмдiлiгi
Мемлекеттік реттеудің әдістері мен түрлері
Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz