Есту талдағыштары туралы түсінік


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Есту талдағыштары туралы түсінік
  2. Есту талдағыштары құрылысы
  3. Есту талдағыштарының жас ерекшеліктері
  4. Есту талдағыштары профилактикасы
  5. Пайдаланған әдебиет

Ішкі және сыртқы ортаның алуан түрлі тітіркендіргіштері0 әсерін қабылдауды қамтамасыз ететін жоғары маманданған құрылымдарды сезім мушелері дейді. Сезім мүшелері сезімдік (сенсорлық) жүйенің тек қана шеткі қабылдаушы аппараты. Организмде ол тек сыртқы орта әсерін ғана қабылдап қоймай, сонымен катар ОЖЖ-не ішкі ағзалардың, бұлшық ет пен буынның физиологиялық күйі, дененің кеңістіктегі жағдайы жайлы да ақпарат жібереді. Осымен байланысты И. П. Павлов сезім мүшесі деген сөзді талдағыш (анализатор) деген атаумен алмастыруды ұсынған. И. П. Павловтың пікіріне сәйкес сезім мүшесі тек қабылдаушы аппарат. Ал сезімдік талдау мидың арнаулы құрылымдарының қатысуымен атқарылады. Сонымен, талдагыш деп сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштерін қабыддап, талдау жүргізетін жүйкелік құрылымдардың күрделі жүйесін айтады. Олар қабылдаушы қурылымнан - рецептордан, өткізгіш бөліктен (жуйкелік жолдан) және мидың улкен жарты шарларының қыр-тысында орналасқан орталық бөлімнен турады. Талдағыштар сезім мүше-лерінің орналасқан орнына қарай сырқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы талдағыштардың қабылдаушы аппараттары дистанциялық (алшақтық) экстерорецепторлардан қүралады. Контактылық рецепторлар тітіркендіргішпен тікелей түйіскенде ғана қозады. Оларға тері рецепторлары (ауырсыну, температуралық, жанасу) және дәм сезу рецепторлары жатады

Ішкі талдағыштардың қабылдаушы аппаратгарын интеро (ішкі) -және проприорецепторлар (бұлшық ет, буын байламы, сіңір рецепторлары) қүрайды. Ішкі талдағыштар организмнің ішкі ортасы мен ішкі ағзаларынан түскен сигналдарды қабылдал, талдауға арналған. Олар тек түйісу рецепциясына негізделген.

Эволюциалық даму барысында әрбір талдағыш тітіркендіргіштің белгілі бір түрін қабылдауға бейімделген, сондықтан әр талдағыштың өзіне тән ерекшеліктері болады. Дегенмен, барлық талдағыштарға тән ортақ қасиеттер де бар. Олардың қатарына мыналар жатады.

Жогары сезімталдық қасиет. Талдағыш рецепторларының қозу та-балдырығы төмен болады да, олар үйреншікті тітіркендіргіш әсеріне ете сезімтал келеді.

Арнаулылық, талғамдылық қасиет. Әрбір талдағыш рецепторы тек белгілі бір тітіркендіргіш түрін қабылдауға бейіңділік танытады, белгілі энергия түріне ғана жауап береді. Көру талдағышының рецепторы үшін үйреншікті тітіркендіргіш - сәуле, есту талдағышы үшін - дыбыс толқыны т. с. с. болып табылады. Бірақ талдағыштарда қозу өте күшті тосын (инадекватты) тітіркендіргіштер әсерінен де туындайды. Мұндай жағдайда туындайтын түйсік солғын, көмескі болады.

Әсерлілік (реактивтік) қасиеті. Талдағыштар қозу үрдісі туындап үлгермей түрып-ақ тітіркендіргіш әсерінен өзінің функционал-дық күйін өзгерте бастайды.

Созыяыңқы, жалгасқан әсерге жауап беретін қабілет. Талдағыштар рецепторы тітіркендіргіш өсері қанша уақыт созылса, сонша уақыт оны қабылдап, ол тиылғанға дейін орталыққа сигнал бағыттап оты-рады. Осының нәтижесінде талдағьшггар арқьшы өсер мерзімінің ұзақты, оның сипаты жайлы нақтылы ақпарат алынады.

Сенсибилизация қасиеті. Тітіркендіргіш әсері қайталанған сайын анализатордың сезімталдығы арта түседі, олардың қайталанған әсерді қабылдау қабілеті күшейеді.

Бейімделгіштік (адаптация) қасиет. Тітіркеңціргіш күші мен сипа-тына таддағыш рецепторы қажымай-ақ озінің функционалдық күйін өзгертіл, сезімталдығын төмендетіп жауап береді. Олардың қозғыштық, сезімталдық қасиеті қалпына тез оралады.

Контрастық қубылыс. Түйсік күші нақтылы жағдаймен байланысты өзгереді. Мысалы, толық тыныштық жағдайында өлсіз дыбыстың өзі күшті естіледі.

Туйсік ізін сақтау қасиеті. Белгілі бір түйсік тітіркендіргіш әсері (заттың бейнесі, әуен т. б. ) тиылғаннан кейін де біраз уақыт жалғасады.

Құрылысы : есту мүшесі - құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы. және ішкі құлақ.

Сыртқы. құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.

Ортаңғы. құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0, 05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған. Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосфера қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады (әсіресе бұл ұшқанда байқалады) . Мұндай жағдайда жиі-жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосферадағы ауа қысымымен теңеседі.

Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар - есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады. Жарғақты шытырманның қабырғалары жалпақ эпителиймен қапталған жұқа дәнекер тақташадан (пластинка) түзілген. Жарғақты шытырманның ішінде лимфа сұйықтығы болады. Оралма тәрізді ширатылған ұлу-дене - есту мүшесі. Бұл ұлудененің куысы сұйықтыққа толы болады. Ұлуденедегі сезімтал жасушалар дыбыс толқынын кабылдап, козуды есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, талданып жинақталады.

Дыбыс толқынының таралу жолы: Дыбыс толқыны -» дабыл жарғағының тербелісі -» есту сүйекшелерінің тербелісі -» ұлуденедегі сұйықтықтың тербелісі -» есту рецепторының тітіркенуі -» жүйке қозу толқынының пайда болуы.

Есту мүшесінің гигиенасы[өңдеу]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психофизиология
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Түйсіктің түрлері
Адамның психикалық іс-әрекеті
Дəм түйсіктері
Балалардың есту қабілетінің бұзылуына сипаттама беру
Көру, есту, иіс, дәм, тепе-теңдік талдағыштарының бөлімдері
ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Түйсік жөніндегі ғылыми көз қарастары
Мінез туралы жалпы ұғым. Мінез бен темпераментті теңдестіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz