ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы

(Сырдария облысы материалдарының негізінде)

07. 00. 02 - Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының педагогика және құқықтану кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекші:
тарих ғылымдарының докторы,
Ғылыми жетекші::
тарих ғылымдарының докторы,: профессор Абдуалы А. Б.
Ғылыми жетекші::
тарих ғылымдарының докторы,:
Ғылыми жетекші::
тарих ғылымдарының докторы,:
Ғылыми жетекші:: Ресми оппоненттер:
тарих ғылымдарының докторы,: тарих ғылымдарының докторы, профессор Садвокасова З. Т.
Ғылыми жетекші::
тарих ғылымдарының докторы,:
Ғылыми жетекші::
тарих ғылымдарының докторы,:
Ғылыми жетекші::
тарих ғылымдарының докторы,:

тарих ғылымдарының кандидаты

Орынбасарова Г. Ж.

Ғылыми жетекші::
тарих ғылымдарының докторы,:
Ғылыми жетекші::
тарих ғылымдарының докторы,:
Ғылыми жетекші:: Жетекші ұйым:
тарих ғылымдарының докторы,: ҚР БжҒМ ҒК Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
Ғылыми жетекші::
тарих ғылымдарының докторы,:
Ғылыми жетекші::
тарих ғылымдарының докторы,:

Диссертация 2010 жылы «24» желтоқсанда сағат 14. 00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніңдегі Д 14. 15. 09 Диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі 25, мәжіліс залы.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 35

Автореферат 2010 жылы « » қарашада таратылды

Диссертация кеңесінің

ғалым хатшысы,

тарих ғылымдарының

докторы, профессор Кудайбергенов А. Н.

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі қазақстандық тарих ғылымында ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тарихы проблемаларына деген қызығушылық артып отыр. Бұл кезеңде дәстүрлі қазақ қоғамына нарықтық қатынастардың элементтері еніп, аймақтық өнеркәсіп пен ұлттық капитал қалыптасып, кәсіпкерлік тенденциялар дамыды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тарихы проблемаларын зерттеуге деген қызығушылықтың артуының себебі, қазіргі таңда Қазақстан осыларға ұқсас процесстерді бастан кешіруде. Ғасырлар тоғысында еліміз экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірді жылдам қарқынмен реформалаудың жолына түсті, дамудың басты бағдары ретінде әлеуметтік нарықтық мемлекет, рухани қайта өрлеу мен белсенді шығармашылық тұлға таңдалды. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығынан бері ел экономикасын бүгінгі заман талаптарына сәйкес дамыту шаралары жүргізіліп, нарықтық шаруашылықтың ұлттық жобасын құрудың белсенді ізденістері атқарылуда. Осы тұрғыдан қарасақ тарихымыздың аз зерттеліп, әлі де күрделі де, өзекті болып отырған мәселесі - ол жалпы Қазақстанның, нақтырақ айтсақ, оның Оңтүстік өңірінің ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық даму жүйесіндегі сауданың рөлі. Қазақстанның оңтүстігі ерте дәуірлерден бері геосаяси, әлеуметтік-экономикалық, этно-демографиялық және мәдени жағынан маңызды аймақ болып табылады. Зерттелініп отырған өлкенің артықшылықтарын қазіргі уақытта тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін, оның экономикалық тарихына, әсіресе, XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған сауда жүйесін дамытудағы нәтижелеріне объективті баға беріп зерделейміз.

Қазіргі тарих ғылымының даму барысында жеке аудандардың мәселелерін дербес қараудың аса маңыздылығы бар. Жеке алынған өлкені қарастыра отырып, біз жалпы Қазақстанға тән сипатты, немесе ортақ мәселелердің де мазмұнын ашуға мүмкіндік аламыз.

Кейінгі жылдарда отандық тарихнамада сауда мәселесі бойынша зерттеулер жүргізу жандана бастады. Тарих ғылымындағы бұл өзгеріс, Қазақстандағы сауданың қалыптасу және даму тарихына қатысты жаңаша тұжырымдамалар мен деректер қорын ғылыми айналымға енгізуімен құнды. Дегенмен, зерттеушілер тарапынан Қазақстанның оңтүстік аймағындағы сауда жүйесінің қалыптасу және даму тарихы кешенді түрде қарастырылмады. Белгілі бір саланың дамуының шынайы көрінісін жасау, оның барлық жақтары қамтылып, олар өзара салыстырылған жағдайда ғана іске асатындығы белгілі. Сондықтан зерттеуде елдің оңтүстігіндегі сауда жүйесінің, тауарлы өнеркәсіп, ауыл шаруашылық салаларында қалыптасып, дамуына басты назар аударылды.

Диссертациялық зерттеу ең алдымен, XIX ғ. екінші жартысындағы - XX ғ. басындағы Қазақстанның оңтүстік аймағындағы сауда жүйесінің қалыптасу тарихындағы жетістіктер мен кемшіліктердің объективті бағалануына, сонымен қатар, жалпы Қазақстандағы сауда жүйесін дамытудағы әр аймақтың өзіндік орнын, ерекшеліктері мен маңыздылығын айқындауға мүмкіндік береді.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі. Тақырыбымызға қатысты зерттеулерді 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі, кеңестік кезеңдегі және тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы ғылыми еңбектер деп топтап қарастырдық. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде Қазақстанның экономикалық даму ерекшелігі әртүрлі аспектілер бойынша қарастырылды. Қазақстанның сауда жүйесі мәселесіне қатысты, қазан төңкерісіне дейінгі зерттеушілердің еңбектерін талдай отырып, ескеретін бір ерекшелік, бұл еңбектердің көпшілігі тенденциялық, жалпылама шолу сипатында жазылып, отарлы әкімшіліктің қажеттіліктері үшін жасалған.

Қазан төңкерісіне дейінгі орыс зерттеушілері өз еңбектерінде қазақ және ортаазиялық халықтардың тарихи-географиялық және экономикалық жағдайын қарастырған. Олардың ішінде зерттеуші А. Н. Тетеревников өз еңбегінде қазақ ауылдарындағы азиялық сауда капиталының «тонаушылық» тең емес сауда жасау тәртібіне көңіл бөліп, қазақ халқының өз өнімдерін арзан бағаға өз құнынан төменге айырбастайтынын баса көрсетеді [1] . А. И. Левшин қазақ қоғамындағы экономикалық қатынастарды түрлі аспектілер бойынша қарастырып, қазақ қоғамындағы экономикалық қатынастарға сипаттама жасады [2] .

Сырдария облысының өңдеуші кәсіпорындарының тарихы В. В. Заорская мен К. А. Александердың «Промышленные заведения Туркестанского края» еңбегінде кеңінен зерттелген [3] . Зерттеуде өлкедегі фабрика-заводтардың саны мен жұмыс механизмі, жұмысшылардың құрамы, шығарылған өнім мөлшері тиянақты көрсетілген.

Отар аймақтағы тұрпайы экономикалық қанауды тоқтатып, еркін капиталистік дамуды ұсынған авторлар да кездесті. Солардың бірі - И. И. Гейер [4] . 1909 ж. жарық көрген «Туркестан» деп аталатын кітабында автор Түркістан өлкесінің экономикалық даму деңгейінің төмендігі өнеркәсіп орындарының ұсақ сипатта дамуы жаңа капиталдың өнуінің нашарлығын атап өтті. Сонымен қатар, аталған мәселелердің шешімін табу, несие жүйесін дамыту мәселесін көтеріп, ұсыныстар жасады.

Қарастырылып отырған тақырыптың тарихнамасын қазақ жеріне қоныс аудару мәселесі бойынша жазылған әдебиеттер де толықтыра түседі. П. А. Скрыплевтің еңбегінде Шымкент уезіндегі орыс мекендерінің шаруашылық жағдайы қарастырылады [5] . А. И. Добросмысловтың зерттеуінде Сырдария облысындағы қалалардың экономикалық дамуы алғашқы кәсіпкерлер, саудагерлер және олардың ұлттық құрамы, кәсіпкерлердің табысы, ақша айналымы туралы мәліметтер келтірілген. Сонымен бірге, Сырдария облысының Перовск, Қазалы, Түркістан, Шымкент, Әулиеата қалаларындағы сауда өнеркәсіп және халыққа қызмет көрсету салалары бойынша кәсіпкерліктің қалыптасуы қарастырылған [6] .

Түркістан өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуын толық дерлік шолу жасаған В. И. Масальский еңбегі болды. Оның еңбегінде мал шаруашылығы, өнеркәсіп және сауда мәселелері қарастырылады. Ол капиталдың өнеркәсіпке, саудаға көп жұмсалғанын айтады. Сонымен қоса банк, несие мәселелері қозғалып, оның өсімқорлық сипатта болғанын жазды. Темір жол қатынасы өлкенің экономикалық дамуына жақсы әсер еткенін көрсетті. В. И. Масальский еңбегінің басты қорытындысы: өлке капиталистік даму жолына түскенін, енді оны дамытуға көмектесу қажеттігі туралы қорытындыға келуі еді [7] .

Балық кәсіпшілігінің дамуы осы саладағы кәсіпкерліктің қалыптасу тарихы Л. С. Берг еңбектерінде зерттелінді. Л. С. Берг өзінің еңбектерінде Сырдария және Арал теңізі балықтары және балық аулау кәсіпшілігі жөнінде көлемді зерттеулер жүргізді, ол қазақтардың бірден-бір тіршілік көзі мал және балық шаруашылығы екенін айта келіп, «соңғы уақытта балықшылық қырғыздардың (қазақтардың - С. Б. ) тіршілік кәсібіне айналды» - деп, атап кетті [8] . Ол қазақтардың балық кәсіпшілігімен айналысуына табиғат апаттарына байланысты мал шаруашылығының жұтқа ұрынуы себепші болып отырғандығын хабарлады. Арал теңізінде балық кәсіпшілігін дамытудың маңызды қажеттілігін айқындай отырып, соңғы уақытта үкіметтің бұл аймақта балық кәсіпшілігін дамытуға назар аудармай отырғанын ашына айтып, Арал теңізіндегі балық аулауды Ресейдің Архангельск губерниясындағы балық аулаумен салыстыра отырып, Арал теңізіндегі балық аулаудың еш кем түспейтіндігін дәлелдеген фактілер келтірді.

Қарастырылып отырған аймақтағы мақта өсіру саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы А. Ф. Губаревич - Радобыльский зерттеулерінде қарастырылды. А. Ф. Губаревич-Радобыльский өз еңбегінде Түркістанның Ресеймен және басқа да Азия елдерімен сауда байланысы, ондағы тауар айналымы мен дамуын зерттеді [9] .

С. Асфендияров Ресейлік капитализмнің қазақ қоғамының дамуына үлкен әсер еткендігін жаза келе, оның қазақ даласына ену жолдары мен түрлерін айқындау қажеттілігін атап көрсетті және сауда капиталының енуі туралы мәселеге көп көңіл бөлді. Ол өзінің зерттеуінде Ресейлік капитализімнің қазақ қоғамының дамуына үлкен әсер еткені сөзсіз дей отырып оның қазақ даласына ену жолдары мен түрлерін айқындау қажеттілігін көрсетеді, оның ішінде ең алдымен сауда капиталының енуі туралы мәселеге баса назар аударады. Сауда капиталының енуі жайында мәселеге ерекше тоқтала отырып, Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ қоғамы тарихында сауда және өсімқорлық капиталы зор роль атқарғанын атап көрсетті. Сонымен қатар, орыстық жаулап алудан кейін жергілікті сауда капиталы мен Ресейлік сауда капиталының арасында бәсекелестік басталғанын көрсетті [10] .

Жалпы, Қазан төңкерісіне дейінгі тарихи әдебиеттерге шолуды аяқтай келе, бұл еңбектерде зерттелініп жатқан өлкенің әртүрлі аспектілеріне қатысты мол фактілік материал жинақталған деген қорытынды жасауға болады.

Кеңестік дәуірдің зерттеушілері. Кеңестік кезеңдегі бірқатар зерттеулердің идеологиялық асыра сілтеушілік бағытта жазылғанына қарамастан, олардың еңбектері зерттеудің деректік базасы мен проблематикасына үлкен үлес қосты.

Қазіргі тарихнамада, қазақ халқының сауда байланыстарын зерттеген, әйгілі тарихшылар мен этнографтардың ішінен Е. Б. Бекмаханов, Х. З. Зияев, Ж. К. Қасымбаев, У. Х. Шалекенов, С. К. Комалов, В. С. Батраков, С. Мадуанов, Р. Бекназаров есімдерін атауға болады. С. Мәдуанов Сырдария облысының құрамында болған көпшілік қоныстарды қазақ-өзбек халықтарының тек сауда-экономикалық жақтарына талдау беріп қана қоймайды, монографияның екінші тарауының екінші параграфы Сырдария өңіріндегі мал шаруашылығын, сауданы, мәдени өмірді қамтиды [11] .

Біз көтеріп отырған мәселеге тікелей қатысы бар XIX екінші жартысында Қазақстандағы сауданың дамуы және қазақтардың шаруашылығына сауда-капиталистік қатынастардың енуі мәселесін Т. К. Литвинова, С. А. Сүндетов, С. А. Нейштадт, С. Б. Баишев зерттеген. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы сауда мәселесінің түрі және сипаты мәселесін Т. К. Литвинова тиянақты зерттеді [12] . Ол ірі саудагерлер санының 19 ғ. 2-ші жартысының 20-шы ғ. басында өсе түскенін және олардың банктерден вексельдік несие алып, капиталистік қатынастарға кеңірек араласа бастағанын сипаттайды. Қазақтың сауда буржуазиясының қалыптаса бастауымен қатар бай қазақтардың шаруашылығы бірте-бірте өзінің натуралдық сипатынан айырылып, сауда айналымына тығыз тартылып, рынокпен тығыз байланыста бола бастағанын дәлелдейді. Ұлттық капиталдың сауда, негізінен өсімқорлық капитал түрінде қалыптасып үлгіргендігі, бірақ өнеркәсіптік капитал дәрежесіне жете алмағандығы, ұлттық буржуазияның қалыптасу процесінің кешігуі, баяулығы, экономикалық әлсіздігі, орыс және ортаазиялық сауда буржуазияларының күшті бәсекелестігі туралы айтты. Осы мәселеге байланысты, әсіресе өлкеде ішкі рыноктың құрылуы туралы мәселені арнайы зерттеген тарихшылардың бірі - С. А. Сүндетов еді. Ол өзінің зерттеуінде: «Сауда капиталының енуі, тауар-ақша қатынастарының дамуы Қазақстанда жергілікті рыноктардың құрылуына әкелді. ХХ ғ. басында бүкіл өлке жалпыресейлікпен байланысты осындай рыноктардың жүйесіне қамтылды. Революцияға дейінгі Қазақстанда жергілікті рыноктардың даму және бірігу процесі жүргенімен, ол бірақ аяқталмады, біртұтас бірігу процесі тежелді. Қазақстанның жекелеген бөліктерінің арасында Қазақстандық халық шаруашылығы бірыңғай халықшаруашылықтық жүйеге бірікті деп тұжырымдауға мүмкіндік беретіндей экономикалық байланыс болған жоқ» - деп, қорытындылай келе «отарлық жағдайға байланысты Қазақстандағы капитал алғашқы қорлану дәуіріндегі сауда-өсімқорлық капитал сатысында қалды» - дейді [13] .

Қазақстан мен Орта Азияның Ресей құрамына енуі және саясат, экономика, мәдениет салаларында болған өзгерістерді зерттеген тарихшылар: Н. Г. Апполова, Е. Б. Бекмаханов, Т. Ж. Шоинбаев, М. П. Вяткин болды. Н. Г. Аполлованың монографиясында [14] Ресей мен Орта Азия арасындағы сауда байланыстары қарастырылған. Ресейге қосылғаннан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси құрылымындағы, шаруашылығындағы өзгерістерді мысалға ала отырып, XVIII - XIX ғасырдың басындағы Орынбор арқылы Қазақстан мен Ресейдің экономикалық және саяси байланыстарын терең және жан-жақты зерттеген.

Б. С. Сүлейменовтың, Г. С. Сапарғалиевтің еңбектерінде XIX ғ. - XX ғ. бірінші жартысындағы Қазақстанның әкімшілік-саяси басқару жүйесінің іс-әрекеті, қызметі, саяси дамуы сипатталған [15] . Осындай жұмыстар қатарына К. Жиренчиннің «Политическое развитие Казахстана в XIX - нач. XX века» еңбегі жатады [16] .

Қазақстанның оңтүстік өлкесіндегі сауда-саттық мәселесіне байланысты жарық көрген бірқатар зерттеулерде, біз көтеріп отырған, бұл тақырып мәселесі біршама көрініс тапқан. Олардың ішінен, әсіресе П. Г. Галузоның «Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1914 гг» [17] еңбегін ерекше атау қажет, онда патшалық Ресейдің отарлау саясаты әшкереленіп, XIX ғ. соңында - XX ғ. басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі аграрлық қатынастардың эволюциясы көрсетілген. П. Г. Галузо өз монографиясында Қазақстанның Ресеймен сауда байланыстары және тауарлы қатынастардың дамуы туралы мәселеге бір тарау арнаған. Мұндағы бірінші тақырып - мал мен мал өнімдерін сату және өнеркәсіптік тауарларды алып келу жөнінде баяндайды. Сонымен қатар мал санының өсуі жөніндегі мәліметтерді жинақтап, оларды салыстыра қарайды, мал шаруашылығының өрлеген уақытын және дағдарысқа ұшыраған уақытын көрсете келіп, жәрмеңкелік сауданың жекелеген аудандарда төмендеуін, ықпалының азаюын тек мал шаруашылығының жағдайымен ғана емес, ақша-тауар қатынасының тереңдей түсуі, тұрақты сауда орындарының таралуымен түсіндіруге тырыса отырып, ол тек 1910 жылдан кейін ғана Қазақстандық мал шаруашылығының жаппай дағдарысы айқын көрінгенін және шеттен әкелінетін тауарға сұраныс артқан кезден бастап, үстем жағдайға ие болғанын айтады. Осы кезден бастап натуралды тауар айырбасы ақшалай саудаға орын берді деп көрсетеді. Аталған еңбектің біз қарастырып отырған мәселені зерттеудегі маңызы айтарлықтай зор болды.

С. Е. Толыбековтың «Кочевое общество казахов в XVII - начале XX века», академик С. З. Зимановтың «Общественный строй казахов в первой половине XIX в. » монографиялары Қазақстанда феодалдық қатынастардың үстемдігі орнаған кезеңдегі қазақ халқының шаруашылығы мен әлеуметтік құрылымын зерттеуге үлкен үлес қосты [18] . Олар қазақ мал шаруашылығы жағдайындағы өндіргіш күштерін зерттеп, өндірістің негізгі құралдарын иелену спецификасын анықтады, феодалды тәуелділіктің формалары және феодалдардың рулық институттарды өз пайдасына қолдану принциптерін ашып жазды.

Патшалық Ресейдің экономикалық және отарлау саясатын зерттеген еңбектерге А. П. Погребенский, К. Р. Несипбаева, Н. Э. Масанова, Б. С. Сулейменов, Д. И. Дулатовтың еңбектерін жатқызуға болады. Ол еңбектерде XIX ғ. екінші жартысындағы жер иеленудің ерекшеліктері, патшалықтың қаржы жүйесі мен салық саясаты қарастырылған [19] .

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның әр-түрлі өнеркәсіп салаларын Г. Чуланов, Г. Есенгалиева, И. В. Ерофеева, Е. Дильмухамедов, С. Игибаев секілді тарихшылар қарастырған [20] .

Қазақстанды игерудің ерекше маңызды жағы транспорт жүйесінің дамуы, оның ішінде темір жол құрылысының дамуы болып табылады. Темір жол құрылысының қалыптасуы М. Х. Асылбеков, Г. Ф. Дахшлейгердің еңбектерінде көрсетілген [21] . Авторлар, темір жол құрылысы ауылдағы феодалды-патриархалдық қатынастардың күйеруіне түрткі болғаны, Қазақстан, Орта Азия және Ресей арасында тауар айналымының жаңа мүмкіндіктерін ашып, сонымен қатар тұрғындарды капиталистік өндіріске тартқанын көрсетті.

Кеңестік дәуірдің зерттеушілері патша өкіметі саясатындағы оңтүстік аймақтың орны мен патшалық отарлау ерекшелігі, жүргізілген әкімшілік реформалар нәтижесі, қазақ қоғамының саяси экономикалық дамуының, қоныстандыру нәтижелері жөнінде құнды еңбектер жазды. Мысалы, Ц. Л. Фридман революцияға дейінгі кезеңдегі Қазақстанның банк, несие жүйелерінің пайда болуы мен даму процесстеріне талдау жасап, Қазақстан экономикасындағы шетел капиталының үлесін зерттеді [22] .

Қазіргі кезеңдегі Қазақстандық зерттеушілердің еңбектері сауданың және нарықтық қатынастардың қалыптасу тарихын зерттеуде маңызды орын алуда. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі жаңа даму кезеңіне аяқ басуы, нарықтық экономикаға өтуі, сауда жүйесі тарихына деген қызығушылықты арттыра түсті. Оңтүстік Қазақстан өлкесіндегі өнеркәсіп пен сауданың дамуы С. Н. Наумов және Ө. Қ. Қожақовтың, М. Ермаханованың З. Абдрасилованың кандидаттық диссертацияларында, Қ. Абиловтың докторлық диссертациясында қарастырылған. Аталған зерттеушілер, өздерінің зерттеп отырған мәселелерінің кейбір қырларын дәлелдеу, толықтыру үшін Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі сауда жүйесі тарихының қайсыбір мәліметтерін ғана пайдаланған. Мұның өзі ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басында Сырдария облысындағы сауда жүйесінің даму тарихының кешенді әрі жүйелі зерттелмегендігін дәйектейді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты 1850-1917 жж. аралығындағы Қазақстанның оңтүстік аймағындағы сауда жүйесінің қалыптасу және даму тарихын кешенді зерттеу.

Алға қойылған мақсатқа жетуде мынадай нақты міндеттерді шешу көзделді:

  • XIX ғ. екінші жартысы - XX ғ. басындағы Қазақстанның оңтүстік аймағындағы сауда жүйесінің қалыптасуының саяси және тарихи алғы шарттарын көрсету;
  • XIX ғ. екінші жартысы - XX ғ. басында елдің оңтүстік аймағындағы ауыл шаруашылықтарында капиталистік қатынастардың «кеңейіп» дамуы салдарынан өзгерістерге тап болуының салдарларын өлкенің өзіндік ерекшеліктеріне сай сипаттау;
  • Сырдария облысындағы сауда түрлерінің қалыптасып дамуын, жаңа қалыптаса бастаған өзгерістерге, яғни ақша-тауар құбылыстарына сай талдау;
  • Зерттелініп отырған кезеңдері Қазақстанның оңтүстігіндегі тауарлы кәсіптер мен өңдеуші кәсіпорындарының даму процесін және капиталистік қатынастардың енуі әсерінен болған өзгерісін талдау;
  • Қарастырылып отырған өлкенің өнімдерінің Ресей және одан тысқары мемлекеттердегі өткізу нарықтарын анықтау.
  • Патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстанның сауда айналымында ұстанған салық саясаты, жаңа енгізілген салық түрлері және ақша айналымын анықтау.

Диссертациялық зерттеудің пәні Қазақстанның оңтүстік өлкесіндегі сауда жүйесінің қалыптасуының алғышарттары мен оның дамуына тікелей ықпал еткен ішкі және сыртқы факторлар, сауданың түрлері мен мен оңтүстік өлкеге тән ерекшеліктері зерттеу пәні болып табылады.

Зерттеу жұмысының нысаны - XIX ғ. екінші жартысындағы XX ғ. басындағы Қазақстанның оңтүстік аймағындағы сауда жүйесінің қалыптасу және даму тарихын зерттеу.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Диссертациялық жұмыстың дерек көзін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады: Деректік көздердің алғашқы тобын құқықтық сипаттағы деректер құрайды. «Полное собрание законов Росийской империи», жинағындағы саудаға қатысты енгізілген салық мөлшері және меншік кәсіпорындар жарғысы және оған енгізілген толықтырулар, мемлекеттік банк жарғысы, несиелік жарғылар сияқты заңдық материалдар пайдаланылды. Сонымен қатар, үкіметтің өнеркәсіптерді және кәсіпкерлерді бақылау, шетелдіктердің шекаралық аудандарда саудамен айналысуына шектеу қою және әр-түрлі сипаттағы қаулылары мен жарлықтарында саудаға қатысты мол мәлімет жинақталған. Бұл кешенді құжаттар жинағы патша әкімшілігінің Қазақстанның оңтүстігіндегі саудаға қатысты саясатының негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Үкіметтің нұсқаулары және бұйрықтарымен, сенат шешімдерінің түсініктемелерімен, қаржы министрлігінің циркулярларымен толықтырылып, 1902 ж. құрастырылған кәсіптік салық жөніндегі ереже, қарастырылып отырған тақырып бойынша деректердің маңыздысы болып саналады. Ондағы материалдарды негізінде сауда жүйесіндегі салықтардың өзгерісін байқауға болады. 1910 ж. жарық көрген сауда мен кәсіп туралы империядағы заңнамалар мен ережелер жинағы, сауда кәсіпкерлігін жүргізу ережелері жайлы көптеген мәліметтер береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ауылының шаруашылық жағдайы
Отаршылдық саясаты кезеңіндегі оқу ағарту ісі
Наполеон Бонапарт- қолбасшы, саясатшы және мемлекет қайраткері
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
Қазақ қоғамындағы экономикалық жағашылдықтарды әдістемелік тұрғыдан зерделеу
Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық саясат
XVIII ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы Сыр өңірі ишандары мен пірлері және олардың ағартушылық қызметі
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Патшалық Ресейдің отаршылдық билік жүйесінің құрылуының тарихи және саяси алғы шарттары
Қазақ - Қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезі )
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz