Түйсіктердің физиологиялық негізі,түрлері,қасиеттері


Жоспар
І Кіріспе
1. 1 Түйсіктердің физиологиялық негізі
1. 2 Түйсік түрлері
1. 3 Түйсік қасиеттері
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Қабылдаудың физиологиялық негіздері
2. 2 Қабылдау формалары.
Қорытынды
Түйсіктердің физиологиялық негізі
Сонымен, түйсік - дүние хақындағы біздің барша білімдеріміздің бастау көзі. Сезім мүшелеріне әсер етуші объектив заттар мен құбылыстар тітіркендіргіштер деп аталады да, ал олардың әсерінен сезім мүшелерінде туындайтын құбылыс - тітіркену деп қабылданған. Тітіркенуден, өз кезегінде, жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсік жүйке жүйесінің қандай да тітіркендіргішке жауапты реакциясы ретінде туындап, әрқандай психикалық құбылыс секілді рефлекторлық сипатқа ие.
Түйсіктің физиологиялық механизмі - арнайы жүйке тетігі талдағыш қызметі. Әр талдағыш үш бөліктен тұрады: 1) сыртқы энергияны жүйке процесіне қосушы дененің шеткі бөліктерінде жайласқан рецепторлар; 2) қозуды орталық жүйкс бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал жүйкелер; 3) шеткі бөліктен жеткен жүйке импулъстарын өңдеуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері. Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецептор жасушаларына сай арнайы мекендері болады. Түйсік пайда болуы үшін барша талдағыштардың тұтастай, бірлікті қызметі қажет. Сонымен бірге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тітіркендіргіштердің әсеріне орай икемді өзгеріске келе беретін мүше, мұндай өзгерістерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетіктерге де ие. Мысалы, тері қабатына инемен әсер етілсе, ол жер діріл қағатыны байқалады, осындай тітіркендіргіштерден тамыр тартылуы, тері "жиырылуы, көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары және т. б. бәрі де түйсік реакцияларына байланысты туындайтыны белгілі.
Түйсік түрлері
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, дәм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық вибрациялық және органикалық болып бірнеше түрге бөлінеді. Ежелден-ақ адам өзінің сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бары белгілі. А. Р. Лурияның пайымдауынша, түйсіктер негізгі екі принцип бойынша жіктеледі: а) жүйелі-генетикалық (қызметіне орай), б) құрылым күрделілігі мен деңгейіне байланысты.
Түйсіктердің ең маңызды түрлерін үш топқа жіктеу қабылданған: интероцентік, проприоцептік, экстероцептік. Интероцептік түйсіктер дененің ішкі процестеріне байланысты, яғни ішек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да ішкі құрылым қатпарларындағы тітіркенулерді миға жеткізіп отырады. Түйсіктердің бұл тобы тірі ағзаларда пайда болу жағынан ең ежелгілердің әрі өте қарапайым түрі. Проприоцентік түйсіктер дененің кеңістіктегі қалпы жөніндегі ақпараттармен қамтамасыз етіп, адам қозғалысының сезімдік негізін құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсіктер тобының шеткі рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тәндері формасында берілген (тельца Паччини) .
Түйсік қасиеттері
Түйсіктердің әрқандай түрі өздерінің жеке ерекшеліктерімен ғана ажыратылып қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге ие. Мұндай қасиеттер: түйсік сапасы, түйсік қарқыны, түйсік ұзақтығы және түйсіктің кеңістік мекендігі. Түйсік сапасы - нақты түйсік түрінің оны басқа түйсіктерден ажырататын және сол түйсік шеңберінде көрініс беретін дара негізгі ерекшелігі түйсіктердің осы саналық көп түрлілігі материя қозғалыс формаларының шексіз сан алуандығын дәлелдейді. Түйсік қарқыны - түйсіктің сандық сипатын білдіре отырып, өз кезегінде әсер етуші тітіркендіргіштің күші және рецептордың қызметтік жағдайымен анықталады. Түйсік ұзақтығы - түйсіктің уақыт аралығына байланысты сипаты. Бұл қасиет сезім мүшесінің қызметке жарамдылық қалпымен анықталады да, негізінен, тітіркендіргіш әсерінің уақыт созыңқылығы мен қарқынына байланысты келеді. Тітіркендіргіштердің сезімдік мүшеге әсер етуімен түйсік пайда бола қалмайды, ол үшін біршама жасырын (латенттік) уақыт өтуі қажет.
Түйсіктің тітіркендіргіш әсерінің басталуымен бірге туындайтынындай, оның сөнуі де әсер аяғына тура келеді. Түйсіктің мұндай инерциясы әсерден соң да біршама уақыт өз жалғасын тауып жатады. Қарсыда жарқырап тұрған шам кенеттен сөне қалса, көз алдыңызда шам орнындағы жарқылдың біраз уақыт елестеуі осы құбылыстан. Түйсіктер үшін тітіркендіргіштің кеңістік мекендігі (пространственная локализация) де тән қасиет. Әрқандай тітіркендіргіш әсері дене бетінде, жалпы кеңістікте белгілі мекенге ие. Сондықтан түйісу (контактные) түйсіктері тіркендіргіштер әсер еткен дене бөлігіне тура келеді.
Түйсік табалдырықтары. Сезімталдық. Бұл психологиялық түсініктер түйсіктердің сандық өлшеміне байланысты қасиеттерінен. Адамның сезім мүшелері - өте нәзік қызмет тетіктері. Мысалы, адам көзі бір шақырымнан 1/1000 шамаға тең жарық сигналын байқайды. Ал осы бізді тітіркендіруге келтіретін энергияның соншалықты аздығын мынадан сезуге болады, онымен 1 куб. см. суды 1 градусқа көтеру үшін 6 жыл қажет екен.
Алайда, көрінген тітіркендіргіш түйсік туындатпайды. Оның пайда болуы үшін тітіркендіргіш белгілі бір сандық деңгейге көтерілуі керек. Түйсік пайда етуші тітіркендіргіш әсердің ең аз мөлшері түйсіктің табалдырық шыңы деп аталады. Осындай әсер деңгейіне жетпеген тітіркендіргіштер түйсік табалдырығынан тыста қалады. Мұның мысалы ретінде біздің денемізге әр мезетте түсіп, қонып жатқан көзге көрінбес шаң, тозаң түйіршіктерін келтіруге болады.
Табалдырық шыңы деңгейі сезімталдық шың шамасын көрсетеді. Түйсік тудырушы тітіркендіргіш неғұрлым әлсіздеу келсе, яғни түйсік табалдырығы төмен болса, сезім мүшелдігін бұл әсерлерді қабылдауы соғұрлым жоғары болады. Сезімталдық шың тек төмен табалдырықпен ғана шектелмейді, оған түйсіктің жоғары табалдырығы да маңызға ие. Сезімнің жоғары табалдырығы деп әліде өзіне сай сезім туғыза алатын тітіркендіргіштің ең шекке жеткен күшін айтамыз. Біздің рецепторларымызға әсер етуші сол күштердің одан әрі көтерілуі дене мүшелерінде ауырсыну пайда етеді (шектен тыс дауыс құлақты жарып жібереді, аса күшті жарқыл көзді тұндырып, кейін жарыққа қарай алмаймыз) . Табалдырық шың (төмен, жоғары) шамасы жағдайларға байланысты өзгеріп отырады: қызмет түрі, адамның жасы, сезім мүшелерінің қызметтік қалпы, тітіркендіру әсерінің күші мен уақыт арасы және т. б. ) .
Қабылдаудың физиологиялық негіздері
Қабылдау да түйсік секілді рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша жүйке байланыстары жатыр. Ми қабығы бөлектеріне келіп түскен құрамды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, сонымен бірге оның барша қасиеттері біртұтас сапалық бейнеге біріктіріледі.
Түйсікпен салыстырғанда қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғары талдану-бірігу формасы. Талдау болмай, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес. Мысалы, түсініксіз тілдегі ауызша баянның басы мен аяғын аңдау мүмкін емес, тұтасқан дыбыстық сарын. Ал енді осы баянды түсініп, қабылдау үшін оны бөлек тіркестер мен сөздерге мағынасына орай жіктеу қажет, яғни естіп тұрғанымызды дұрыс қабылдауымыз үшін талдаумен бір уақытта біріктіру әрекеті де жүріп жатады. Осының арқасында біз дараланған дыбыстарды ғана, қабылдап қоймастан, тұтас сөздер мен сөз тіркестерін ұғамыз. Мұндағы бірігім уақытша жүйке байланыстарының түзілуімен жасалып отыр.
Қабылдау формалары.
Ғылым болмыс жасауының екі түрлі формасы бар деп санайды. Олар - кеністік пен уақыт. Бұл формалар шексіз. Уақыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол арқылы адам объектив дүниені бейнелегенде өзінің өмір сүретін ортасы жайында қажетті мәліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайына бейімделеді.
Кеңістік нысандарын қабылдау - күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, үлкен-кіші т. б. Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін бір көзбен монокулярлық - көру нәрселердің тереңдігі жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Бинокулярлық көруде екі көзге түсетін кескін қосылып, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір кескінге айналады. Осылайша көріп, қабылдауда заттар тұтасып, олардың қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсі, рельеф-бедері әртарапты байқалып, анық та нақты бейнеге түседі. Қашықтық пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет етіп, жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге қарауда олардың екі бөлініп кетуі дивергенция делінеді. Көздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеті аккомодация (көз үйрену) деп аталынады. Қашықтықтағы нәрселерді қабылдау адамның өмір тәжірибесімен байланысты. Кеңістікті қабылдау жас кезден басталады. Бұл ретте, орман ішінде өскен бала мен кең далада өскен баланың кеңістікті қабылдауы түрліше болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz