Сан есімдердің түркі жазбаларында қолданылуы



Жоспар
1. Сан есімдердің түркі жазбаларында қолданылуы.
2. Сан есімдердің этимологиясы.
3. Сан есімнің мағыналық топтары.
4. Сан есімдердің тұлғалық дамуы.
Қорытынды
1. Сан есімдердің түркі жазбаларында қолданылуы.
Түркі тілдерінің мифологиясын, оның ішінде сан есімді зерттеуде аса маңызды дерек сөздері – көне түркі жазба ескерткіштері: Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері, Орхон ескерткіштері жанындағы Құтлығ қаған, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлмі Чор, Мойын Чор, т.б. ескерткіштері. Орта ғасыр жазба ескерткіштері: М.Қашғаридың « Түрік сөздігі », Баласағұнның « Құдатғу білігі », « Кодекс – Куманикус », авторы белгісіз « Әл – қауаниин », « Ат – тухфа » еңбектері, Абу Хайнанның көне қыпшақ тілінің біршама толық грамматикасы деп бағаланған « Түркі тілдерінің түсіндірме кітабы » еңбегі. Жаңа дәуір жазба ескерткіштері: Қадырғали Жалайыридың « Шежірелер жинағы », Әбілғази баһадүр ханның « Түрік шежіресі » т.б. құнды жәдігерліктер.
Есімдердің бір тобы – сан есім сөз табы екені белгілі. Сан есімдер тарихы жағынан басқа сөз таптарымен бірлікте дамығандығы анық. Ал сандық ұғымды білдіретін сөздердің жеке дара сөз табы ретінде қалыптасуы адам ойының дамуының синтездеу дәрежесіне көтерілуінің жемісі.
Жаңа түркі жазба мұраларынан Қадырғали Жалайыр мен Әбілғазы баһадүр ханның шежірелері тіліндегі сан есімнің берілуіне тоқталайын. Әбілғазы баһадүр ханның « Түрік шежіресі » тілін зерттеушілер оны қыпшақ тобына жататын тілдерге, оның ішінде қазақ тіліне жақындатуға мол мүмкіндік бар екендігін айтады [ 14,3 ]: Шежіреден келтірілген құрамында сан есімі бар сөйлемдер: Сәкен екі йыл пайғамбарлық қылыб халықны тұғры йолға оңдады. Көб уақытлар өткенден соң йеті йүз өлүб үй йүз кіші бірлән уч бегі қайтыб келділер. Ғабдолғазиз хан бірлән йарашыб тарих мың тақы йетміш төртде ( 1074 ) ... дарфәниден дарбақиға рахилет қылды. Тарих хнәкири мың тақы он төртде ( 1014 ) ... талұғ қылыбмыз. Оғуз ханның алты ұғы бар ерді, бирінчі ұғлының аты Күн хан, екінчі Ай хан, үчінчі Йұлдыз ... Үчленчісінің аты Боданжар. Чыңғыз ханның бешленчі ұғлы Шибан хан ... Бу алтысының һәр қайсысының төрт ұғлы бар еді. Бірісі тағ ічінден йурүб екі күнде ұлұғ йолға қошұлұр. Келген төрт түлік малның төртүсіндін һәм көб табдылар. Адам фәрқандларын дын сіз үчіңіздің өзге кіші қалмады имді үчіңіз үй йұртда тұрық. Алдын соң беш алты кіші бірлән Хнұқ келдім. Иман құлды хандын екі үч керрет рұқсат тіледүк. Сұлтанның қатында намысұлы уа арлы йігітлердін йетміш йа сексен кіші қалды. Ұлығ шаһарларда йарым кече болғанда нақараға йағач қойадыладылар. Тамәм тарихларының үчтен бірін йа йарымыны ғалет қылып тұрұрлар ( 14, 117 – 118 ).
Бұл мысалдардан шежіредегі сан есімдердің барлық мағыналық топтарын, жасалу жолдарын көруге болады.
Қадырғали Жалайыридың « Шежірелер жинағының » негізгі желісіне байланысты болар шығармада сан есімдер өте аз кездеседі. Олар төмендегідей:

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Сан есімдердің түркі жазбаларында қолданылуы.
2. Сан есімдердің этимологиясы.
3. Сан есімнің мағыналық топтары.
4. Сан есімдердің тұлғалық дамуы.
Қорытынды

1. Сан есімдердің түркі жазбаларында қолданылуы.
Түркі тілдерінің мифологиясын, оның ішінде сан есімді зерттеуде
аса маңызды дерек сөздері – көне түркі жазба ескерткіштері: Енисей,
Талас, Орхон ескерткіштері, Орхон ескерткіштері жанындағы Құтлығ қаған,
Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлмі Чор, Мойын Чор, т.б. ескерткіштері.
Орта ғасыр жазба ескерткіштері: М.Қашғаридың Түрік сөздігі ,
Баласағұнның Құдатғу білігі , Кодекс – Куманикус , авторы белгісіз
Әл – қауаниин , Ат – тухфа еңбектері, Абу Хайнанның көне қыпшақ
тілінің біршама толық грамматикасы деп бағаланған Түркі тілдерінің
түсіндірме кітабы еңбегі. Жаңа дәуір жазба ескерткіштері: Қадырғали
Жалайыридың Шежірелер жинағы , Әбілғази баһадүр ханның Түрік
шежіресі т.б. құнды жәдігерліктер.
Есімдердің бір тобы – сан есім сөз табы екені белгілі. Сан есімдер
тарихы жағынан басқа сөз таптарымен бірлікте дамығандығы анық. Ал сандық
ұғымды білдіретін сөздердің жеке дара сөз табы ретінде қалыптасуы адам
ойының дамуының синтездеу дәрежесіне көтерілуінің жемісі.
Жаңа түркі жазба мұраларынан Қадырғали Жалайыр мен Әбілғазы баһадүр
ханның шежірелері тіліндегі сан есімнің берілуіне тоқталайын. Әбілғазы
баһадүр ханның Түрік шежіресі тілін зерттеушілер оны қыпшақ тобына
жататын тілдерге, оның ішінде қазақ тіліне жақындатуға мол мүмкіндік бар
екендігін айтады [ 14,3 ]: Шежіреден келтірілген құрамында сан есімі бар
сөйлемдер: Сәкен екі йыл пайғамбарлық қылыб халықны тұғры йолға оңдады. Көб
уақытлар өткенден соң йеті йүз өлүб үй йүз кіші бірлән уч бегі қайтыб
келділер. Ғабдолғазиз хан бірлән йарашыб тарих мың тақы йетміш төртде (
1074 ) ... дарфәниден дарбақиға рахилет қылды. Тарих хнәкири мың тақы он
төртде ( 1014 ) ... талұғ қылыбмыз. Оғуз ханның алты ұғы бар ерді, бирінчі
ұғлының аты Күн хан, екінчі Ай хан, үчінчі Йұлдыз ... Үчленчісінің аты
Боданжар. Чыңғыз ханның бешленчі ұғлы Шибан хан ... Бу алтысының һәр
қайсысының төрт ұғлы бар еді. Бірісі тағ ічінден йурүб екі күнде ұлұғ
йолға қошұлұр. Келген төрт түлік малның төртүсіндін һәм көб
табдылар. Адам фәрқандларын дын сіз үчіңіздің өзге кіші қалмады имді
үчіңіз үй йұртда тұрық. Алдын соң беш алты кіші бірлән Хнұқ келдім. Иман
құлды хандын екі үч керрет рұқсат тіледүк. Сұлтанның қатында намысұлы уа
арлы йігітлердін йетміш йа сексен кіші қалды. Ұлығ шаһарларда йарым кече
болғанда нақараға йағач қойадыладылар. Тамәм тарихларының үчтен бірін
йа йарымыны ғалет қылып тұрұрлар ( 14, 117 – 118 ).
Бұл мысалдардан шежіредегі сан есімдердің барлық мағыналық топтарын,
жасалу жолдарын көруге болады.
Қадырғали Жалайыридың Шежірелер жинағының негізгі желісіне
байланысты болар шығармада сан есімдер өте аз кездеседі. Олар төмендегідей:
екі, беш, тоқұз, йетміш, юз, мың, т.б.
екінчі, бечінчі, тоқұзынчы, т.б.
он – алдын, екі – екіден, йігірме – отұз мың, беч – алты.
Жинақтау мағынасындағы сөздер қазіргі әдеби тіліміздегідей - у тұлғасы
арқылы берілмеген, үчісі, екісі, алтысы деген тәуелді формада айтылған:
Бу үчісі іч қауым болды. Төртісі тақы баһадұр ерді. Тамам мәшкәрләрі білән
екісі ұрыш арқылы атланды. Чыңғыс хан екісінде алды. [ 15, 27 ].
Қадырғали Жалайыр менен Әбілғазы баһадүр ханның түркі жазба
ескерткіштеріндегі сан есімдердің көрінісі осындай.
Жоғарыда айтылып өтілген сан есімдер бірлі – жарым дыбыстық
өзгерістермен қазіргі түркі тілдерінде де қолданылады. Мысалы:
Л.А.Гонровская қазіргі гагауз тіліндегі сан есімдерге мынадай
сипаттама береді: есептік сан есімдер: бир бір , икі екі , уч үш
, дөрт төрт , беш бес , алты алты , еди жеті , секиз
сегіз , докуз тоғыз , он он , ирми жиырма , отуз отыз , кырк
қырық , елли елу , алтмыш алпыс , етмиш жетпіс , сексан
сексен , доксан тоқсан , уз жүз , бин мың .
А.Н.Кононов қазіргі түрік тіліндегі сан есімдерге сипаттама береді:
реттік сан есімдер есептік сан есімдерге - псі жұрнағы жалғану арқылы
жасалады. ( bir бір , iki екі , üç үш , dört төрт , beş бес
, altı алты , yedi жеті , sekiz сегіз , dokuz
тоғыз , on он , yirmi жиырма , otuz отыз ,
kırk қырық , elli елу , altmış алпыс , yetmiş
жетпіс , seksen сексен , doksan тоқсан , yüz жүз , bin мың
): bir – inci бірінші . Бөлшекті сан есім - ( s ) ar жұрнағы арқылы
жасалады: bir – er бір – бірден , екі – екіден iki – ser [ 16,
256 ].

2. Сан есімдердің этимологиясы.
Сан есімдердің жасалуында, пайда болуында басқа сөз таптарынан біраз
өзгешелік қайшылық бар сияқты. Біріншіден, сан есімдердің ондық
категорияларының жасалында аналық бар. Мысалы, он, жиырма, отыз, қырық, елу
дегендер бірлік сан аияқты өте абстрактанып кеткен болса, алпыс, жетпіс
дегендердің түбірлерінде алты, жеті жатқаны білініп тұрады. Бұлардың
соңындағы - пыс - піс қосымшалары ( - мыш кейбір түркі тілдерінде )
тегі жұдырық мәніндегі мұшт деген парсы сөзінен келген емес пе екен
деген болжамымыз бар. Егер бұл рас болса, осы сандық шығуы тым ертеде бола
қоймаған.
Бірлік сан есімдердің этимологиясы мен табиғатын ашу - өте күрделі
мәселе. Олардың жасалу жолы мен болмысы танылған жағдайда, басқа да сан
есімдердің, мысалы, ондықтар мен жүздіктердің жасалу жолын да болжай алар
едік. Сан есімдердің морфофонетикалық сипатын семантика – семиотикалық
тұрғыдан таңбамен, яғни белгілі бір ұғыммен байланысты саралаймыз.
Бір сан есімнің этимологиясына қарап, оның алғашқы тұлғасы пір болуы
мүмкін екенін аңғарамыз. Ғылымда бұл жөнінде – бір, бер, біір деген
архетиптері де ұсынылған. Сондай – ақ бір деген атау адамның бармағымен
салыстырылады.
В.Шатт саны көптеген халықтарда, мысалы финн, моңғол, түркі,
манчжурларда бі іб ів арқылы іг, ік түбіне барып тіркеледі деген.
Бірақ соңғының әуелі мағынасы не екенін ол айтпайды.
И.Галяви дауыстыларға көңіл бөлмей ( олар тым өзгергіш деп ), бір
( бер, пер ) мен білек ( бес, біәс, беш ) дегеннің және мыш,
міш, мал, мел ( алтмыш, йетміш, утмал, ситмел )
дегендердің түбі бір дейді.
Г.Рамстедт, В.Шотты, И.Галевиді сынай келіп, олардың пікіріне
қосылмай, түркі тілдеріндегі бір - ді моңғолдың бүрі ( бар, барлық,
толы, толық, әрбір ) дегенімен салыстыруға болатынын сөз етті.
В.Шотт моңғол, манчжур тіліндегі төрттік пен түркі тілдеріндегі
төрттіктің чуваштың табатта дегеніне жақындығын айта келіп, оның
түбірін екіге бөледі. Бірінші бөлшегі тоқ ( тоғыздағы тоқ ) дейді, ол
текпен бірдей ( мағынасы – тек, жалғыздақ ), екінші бөлшегі арт ( орт –
алт ) оның мәні үш ( 1+3 ), орталық формасы түг + орт, түй + орт (
мұнда тоқ пен орт – тердегі артқы дауыстылар алдыңғыға
қалай айналғанын түсіндірмейді ) [18, 343 ].
Түркі тілдерінде бес санының қолмен байланысы бар деген
пікір қалыптасқан. Бес пен үш сандары есеп жүйесін аяқтайтын сандар. Бестің
архетипі – бәс. Ал В.Шотт бестік туралы чуваштың пілек дегенімен,
түрік тіліндегі еллі ( 50 ) – мен байланыстыра келіп, оның негізі қол
- дан алынған болар дейді, батыл айтпайды. И.Галеви де сол пікірде.
Г.Рамстедт алдыңғыларға сүйенбей – ақ өз бетімен бестіктің қолға
байланысты пайда болғанына бой ұсынады [ 18, 343 ].
Алты – алта. Бір нәрсені алудан шығады. Г.Рамстедт алты мен олтыздың
тектестігіне қарсы емес, яғни Шоттың алты ол мән олтуз, отуз – бен
бір деп айтқанына.
Жеті – йата. Жеуге, бір нәрсеге жетуге байланысты жасалған. Шындығында,
же етістік емес, ол зат есімнен шыққан деген пікір дұрыс сияқты. Өйткені
ол – сұқ қол дегеннің ескі аты болу керек деген де пікірлер бар. Бұл
жөнінде В.Шотт ашып ешнәрсе айтпайды. И.Галеви алты мен жетінің
аяққы қосымшасының ұқсастығын сөз етпей, жетінің түбірі – жет
деген етістік оған ешбір санның әсері болған жоқ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ДАМУЫ
Көне түркі тіліндегі есім сөздер
Сан есiмдердiң даму эволюциясы
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны
Септік жалғаулары
Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру
Септік жалғауларының қалыптасуы
Көне түркі тілі мен қазақ әдеби тіліндегі граматикалық сәйкестіктер
Қабыса және меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері
Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары
Пәндер