Жамбыл облысындағы туристік қызметтің даму жолдары (Жамбыл облысының мәліметтері бойынша)


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Жамбыл облысындағы туристік қызметтің даму жолдары (Жамбыл облысының мәліметтері бойынша)

Жоспар

Кіріспе
6
: 1.
Кіріспе: Туризмнің даму тарихы, туризм қызметінің сапасы мен мәні, туризм индустриясы мен ерекшеліктері.
6:
: 1. 1. 1
Кіріспе:

Туризмнің даму тарихы мен туризм географиясының

зерттеу облысы

6: 8
: 1. 1. 2
Кіріспе: Туризм географиясының зерттеу облысы
6: 14
: 1. 2.
Кіріспе:

Демалыс, рекреация туризм ұғымдарының ара қатынасы

мен негізгі функциялары

6:
: 1. 2. 1
Кіріспе: Демалыс, рекреация туризм ұғымдарының ара қатынасы
6: 16
: 1. 2. 2
Кіріспе: Рекреацияның негізгі функциялары
6: 17
: 1. 2. 3
Кіріспе:

Туризм динамикалық, экономикалық қоғамдық

шаруашылық жүйе ретінде

6: 19
: 1. 3.
Кіріспе:

Қазіргі уақыттағы туризмнің дамуы мен мәселелері.

Туристік қызметтің сапасы мен мәні

6:
: 1. 3. 1
Кіріспе: Қазіргі шақтағы туризм жұмысының экономикалық механизмі
6: 24
: 1. 3. 2
Кіріспе: Туристік фирмалардың қызметінің шығынсыздығы» анықтайтын кейбір мәселелер
6: 26
: 1. 3. 3
Кіріспе: Туристерге көрсетілетін қызметтің сапасы мен мәні
6: 28
: 1. 4.
Кіріспе: Туризм индустриясы және туристік нарықтың ерекшелігі
6: 29
: 2.
Кіріспе:

"Жамбыл облысы әкімиятының кәсіпкерлік және

өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің

жалпы сипаттамасы

6:
: 2. 1. 1
Кіріспе:

"Жамбыл облысы әкімиятының кәсіпкерлік және

өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің

даму тарихы

6: 32
: 2. 1. 2
Кіріспе:

Қызмет ету мақсаты. Қызметтерінің мәні, міндеттері

мен бағыттары

6: 33
: 2. 1. 3
Кіріспе: Қызметтерінің құқықтық негіздері
6: 36
: 3.
Кіріспе: "Жамбыл облысы әкімиятының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелердің сипаттамасы
6:
: 3. 1.
Кіріспе: Бөлімшелерінің мақсаты мен мәні
6: 38
: 4
Кіріспе: Қазақстан Республикасы мен " Жамбыл облысы әкімиятының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін талдау
6:
: 4. 1. 1
Кіріспе: Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың қорытындылары
6: 41
: 4. 1. 2
Кіріспе: Туристік қызметтің жағдайы туралы
6: 46
: 4. 1. 3
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы туризм саласындағы адами ресурстардың дамуын талдау
6: 56
: 4. 1. 4
Кіріспе: Жамбыл облысы бойынша қаржылық талдау
6: 57
: 5.
Кіріспе:

Жамбыл облысы бойынша туристік саланы

дамытуға арналған шаралардың есебі

6:
: 5. 1.
Кіріспе: Туристік қызметті дамыту шаралары
6: 73
: 5. 2
Кіріспе: Қызмет көрсетудің болжамдары
6: 75
:
Кіріспе: Қорытынды
6: 78
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
6: 80
:
Кіріспе: Қосымшалар
6:

Кіріспе

Қоғамның экономикалық өмірі күрделі де, әр қилы және қарама-қайшылықта болып келеді. Оның құрамы да көп деңгейлі болады, оны тек экономикалық ғылым жүйесі ғана түсініп-біле алады. Бірінші жағынан, туризм өз алдына жеке шаруашылық, сферасы ретінде экономикалық жалпы заңдылық болса (өндіріс өнімділігін көтеру заңы, сұраныс және ұсыныс заңы, бәсекелік, баға шығару және т. б. ), екінші жағынан, туризм - бұл адамның іс-әрекетінің ерекше бір түрі және халық шаруашылығының айрықша бір сферасы. Осыған байланысты экономикалық дамудың жалпы заңдылығы туризм сферасында ерекше сипат алады.

Шаруашылық сферасының барлық деңгейінде туризм экономикасы адамдардың мінез-құлқын зерттейді, өйткені олар туристік өнімдерді өндіреді, бөледі, айырбастайды және тұтынады.

Туризм арқылы сауықтыру - адамның өндірісте, физикалық және психологиялық шаршауын басудың бірден-бір жолы болып саналады. Туризмнің бұл функциясының әлеуметтік-экономикалық түпкі мәні өте жоғары, себебі ол миллиондаған адамдардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған, олай болса, ол адамның еңбек қабілетін көтереді.

Қазақстан Республикасында туризмді дамыту мәселесі алдыңғы орындарға ие. Кең байтақ жерлерде туристік орындар саны көптеп кездеседі, дегенменде олардың дамуына жағдайлар қажетті деңгейге ие деп айту қиындау.

Қазіргі экономикада туризмнің рөлі үнемі өсіп және өзгеріп тұрады. Бұрын туризмде алдыңғы рөлде болған елдер, қазір екінші және үшінші орындарға кетуде. Олардың орнына жаңа озаттар келуде.

Экономикалық жағынан туризмді былайша қарастырады:

  • өнімді өндіру, айырбастау және бөлу сферасындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір жинағы ретінде;
  • белгілі бір өндіріс саласы мен экономикалық іс-әрекеттерді қосып, елдің халық шаруашылық кешенінің бір бөлігі ретінде;
  • туризмді елдің немесе аймақтың шаруашылық саласы сияқты зерттейтін экономикалық ғылым ретінде;

- туристік өнімді өндіретін, оны қолданатын, бөлетін және айырбастауды зерттейтін қоғамдық ғылым ретінде;

- туристік экономика жүйесінің барлық деңгейіндегі адамнын, мінез-құлқын зерттейтін қазіргі экономикалық теория ретінде;

Фундаменталды экономика жағынан қарасақ, туризм дегеніміз ол экономикалық кешен, оның дамуы ішкі себептерден гөрі, көбінесе әлемдік шаруашылық процестер мен қатынастар арқылы түсіндіріледі. Сонымен қатар, туризм - көптеген дамушы елдердің экономикалық өсуінің катализаторы. Өйткені туристер басқа елге демалысқа барғанда басқа өндірісте өндірілген өнімнін бір бөлігін ғана апарып қоймайды, сонымен қатар онда жаңа жұмыс орнын да құрады.

Нарық экономикасында өндірістік қорлардың заттық факторлар қозғалысы

құндық қажеттілігін туғазады. Құнды және материалдық қажеттіліктер біртұтас болады. Бұл бірлік өндірістік қорлардын мәнімен анықталатын қажеттіліктін сипаттамасы болып табылады.

Туризм жүйесінде ең құрделі орын алатын - "туристік ұйымдар". Демек, туристік ұйымдар туристік басқаруларға арналған, олар мемлекеттік және жеке құрылымдарды аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейде қамтиды.

Туристік ұйымдар жоспарлауға және туризмнің дамуын басқаруға өте қажет.

Жамбыл облысында туризмді дамытуға бағытталған бағдарламалар жасалынып, облыстық бюджеттен қаражаттар бөлінген.

Осы бағыттағы жұмыстарды анықтау үшін мен "Жамбыл облысы әкімиятының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінде өндрістік тәжірибеден өттім. Тәжірибеден өту кезінде мекеменің даму тарихы мен жұмыстардың орындалуымен таныстым. Осы мағлұматтар туралы дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде тоқталған.

Туризм жұмысының экономикалық механизмін түсіну үшін мынадай екі мәселені шешу керек: біріншіден, бұл механизмнің барлық жүйелерінің негізгі шеңбері туралы толық мағлұмат болу керек; екіншіден, бұл жүйенің жеке бөлшектерін терең зерттеп-білу қажет.

Дипломдық жұмыс кіріспе, туризмнің сипаттамасы, Жамбыл облысы бойынша туристік қызметті талдауы және туризм қызметін жетілдіру жолдары, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Жалпы жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы мен жамбыл облысындағы туризм саласын зерттеу, кемшіліктерін анықтау және алдағы даму жолдарын қарастыру.

1. Туризмнің даму тарихы, туризм қызметінің сапасы мен мәні, туризм индустриясы мен ерекшеліктері.

1. 1. 1 Туризмнің даму тарихы мен туризм географиясының зерттеу облысы

Туризм - (француз сөзі tourism - серуендеу, саяхат мағынасына келеді) - бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерлерде өткізудің бір түрі. Рекреацияға немесе демалысқа қарағанда, туризм деген ете қысқа түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша "туризм" - бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстанута айналып кетпесе. Сонымен, туризм деген түсінік, ол тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе одан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі.

Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады, әсіресе В. Унцикер менДж. Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.

Бұл еңбекте К. Пшеславскийдің (1973) бөлген кезендері келтірілген, оның келесідей кезендері бар:

1. XVIII ғасырдың соңына дейінгі туризм:

А) ежелдегі туризм;

Б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезіндегі туризм;

В) XVII және XVIII ғасырлардағы туризм

2. XIX және XX ғасырлардағы - II Дүниежүзлік соғысқа дейінгі

туризм.

3. Қазіргі заманғы туризм.

Туристік саяхаттар, сауда-саттық саналар өзінің мәнің жоғалтқанда басталды деп санайды. Біздің заманға дейінгі IV мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алқашқы көшіп-қонушылыққа жататыны - діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі IV ғасырда египет фараоны Нехас Африка төңірегінде атақты үш жылдық саяхат құрған.

Ертеректе туристік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды; кейініректе жиілеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін әкелмеді.

Жол тораптарының маңызын тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып, өз мемлекеттерінің территориясында қатысу жолдарының жүйесін құрды. Бұл қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдар болды (ұзындығы 3 мың км) . Бұл жолдар Вавилон, Сузы және Экбатан қалаларын мемлекеттің шеткей аймақтарымен байланыстырып тұрды. Әрбір 30 мильден кейін парсы жолдары бойында саяхатшыларға демалыс жағдайларын қамтамасыз ететін тұрақтар (керуен-сарайлар) орналастырылды. Көрсетілген қызметке төленетін ақы байлар мен кедейлерге бірдей болды.

Алайда, антикалық туризмнің гүлденуі ежелгі Греция және Риммен байланысты болды. Аталмыш мемлекетттерде туризмнің экономикалық жағына көп көңіл бөлінді.

Шамамен осыдан 2300 жыл бұрын Ксенофонт грек порты Пирейде сауда қатарлары мен мемлекеттік керуен сарайлардың салынуы керек екендігіне назар аударды. Оның ойынша, бұлар пайданың маңызды көзі болуы керек еді.

Гректер секілді римдіктер де үлкен қашықтықтарға сапар шегіп отырды, гректер құрғак жолдар торабының әлсіз дамуына байланысты бұл сапарларын теңіз жолдары арқылы іске асырып отырған.

Ежелгі Грецияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастайды. Римдіктер өздерін сауықтыру үшін жылы су көздеріне және курорттарға барып тұрады жақсы көрді. Емдеу құдайы Асклепийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды, классикалық кезеңде (V-V1 ғғ . б. з. д. ) олардың саны 60-тан астам болады. Олар қаладан қашық, қыраттау, жақсы скиматы бар жерде салынды. Швейцариядағы курорт Сент Моритц әйгілі ерекшелігімен пайдаланыдды.

Біздің заманға дейінгі VIII ғасырда ертедегі гректер саяхаттар жасады. Олар арғы көне олимпиадаларға керушілер емесе қатынасушылар ретінде қатынасты. Мысалы, ертедегі Грецияда Олимпиялық ойындарға өнерсүйгіштер мен спорт адамдары көптеп келушілер болды.

Cipә, спорттық туризмнің де отаны ежелгі Греция болуы керек. Себебі Олимпиялық ойындар мұнда төрт жылда бір болып жаздың күн тоқырауынан кейінгі бірінші ай тууынан басталатын, Олимпия - ойындарды өткізу жері, осы мерейге қатысушы барлық халықтар үшін қол сұғылмайтын еді. Олимпиядаға аттанушылардың барлығы Зевстің қонақтары болып саналды. Олардың ішінде сыйлы қонақтар да болды. Әдетте оларды қабылдаушы тарап қарсы алып, орналастырып, тамақтандырды. Туристердің саны көп еді және стадиондарға 40 мыңға дейін адам сыйды.

Ойын-сауық бизнесі жақсы дамыды. Олимпиадаға қарсы үлкен жәрмеңке ұйымдастырылып, ол үшін арнайы сауда қатарлары орнатылды.

Туристер көне храмдарды тамашалап, қалағандар қосымша ақы үшін гидтің аузынан әр түрлі аңыздарды естуге мүмкіншілік алды.

Егер туризм индустриясы жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ, ежелгі Рим дәуіріне жүгінеміз.

Мұнда саяхаттар керемет жол тораптарының болуы арқасында іске асып отырды. Әрине, римдіктер жолдарын әскери қажеттіліктері үшін дамытып отырды. Әскерлер империяның орталық аудандарынан шекараларына санаулы күндер ішінде жетіп отырды. Бұл жолдар тек Римнің дамуына ғана әсер етіп қоймай, бүкіл Еуропалық өркениеттің дамуына әсер етіп, тарихшы Прокопийдің Римнен Капуяға алып баратын бірінші жолды, яғни Аппий жолын Әлем ғажайыптарының бірі деп есептеуіне себеп болды.

Римдік жолдар инженерлік өнердің барлық ережелеріне байланысты салынып отырды. Олардың құрылысы біздің заманның 312 жылы император Константиннің билігі кезінде басталды. Әрбір жол үшін алдын ала жоспар құрып, траншея қазған, ал содан соң оны таспен толтырған.

Жолдар бойымен милялық діңгектер орнатылыл, қастарына демалыс үшін орыңдықтар орналастырған. Римдік миляның ұзындығы мың жұп қадамға тең болған, ал осы атаудың мағынасы да осыдан, латынша миля "мың" деген мағына беріп, 1480 м құрайды. Римдік жолдардың жалпы ұзындығы 100 мың км шамасындай. Римнен шығатын барлық жолдардың орталығы мен бағдаршысы болып Октавиан Августин билігі кезінде орнатылған алтын милялық тас. Бұл алтын жалатылған қоладан жасалған конус кішіндес тас болды.

Саяхаттарды жол бойна орналасқан жақсы ұйымдастырған және керуен сарайлар торы қолайлы етіп отырды. Бұл керуен сарайлар кейде бір-бірінен 5 км қашықта орналысып, өзінің заманына қарай үлкен шеберлікпен салынып, өте жайлы болып келді.

Ежелгі римде "жол көрсеткіштер" болып, оларда тек қана белгіді бір желі көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жолда кездесетін көрікті жерлер мен қонақ үйлер белгіленін, бағалары көрсетілген. Бордодан Иерусалимге саяхаттайтын табынушылар үшін IV ғасырда дайындалған жол көрсеткіш белгілі. Біздің заманға дейін I ғасырда пайда болған турист бюролар қалағандарды путеводительдер мен анықтама кітаптарымен жабдықтаған.

Туристік саяхаттардың ерекше формасы емдік жерлерге сапар шегу болды. Алғашында қалада тұратын бай гректер мен римдіктер қала сыртындағы ауылды мекендерге шығып отырса, кейініректе бұл саяхаттардың географиялық шектеулері кеңейе түсті. Минералды бұлақтар мен храмдардың қасында қазіргі санаторийлерге ұқсас объектілер салына бастады, ал емдік жерлер жоғары комфортты жағдайлары мен ойын-сауықтың көп түрлілігімен әйгілі болды.

Ол кездерде ең әйгілілерден Байедегі (Ваіае) Компаниядағы (қазіргі Италия) шомылу орындары болды.

Емханалардан басқа римдік провинцияларында бұл кезде Aguae Calidae (қазіргі Виши, Франция), Aguae Helveticae (қазіргі Баден. Швейцария) . Aguae Herculi (қазіргі Байе Херкулан, Румыния), Aguae Solis (қазіргі Бат, Ұлыбритания) әйгілі болды.

Емдік жерлерге саяхатпен қоса, римдіктер таулы, теңіз-жағалауындағы жердерге сапар шегуді де ұнатты. Бұл тұрғыда ең қолаулы орын Неаиолитандық бұғаздың үстінде орналасқан жерлер болды.

Рим империясының құлауы саяхатшылар мен сапар шегушілердің санын қысқартып жіберді. Орта ғасырда саяхат жасау қиын, қиынынан бұрын, өмірге өте қауіпті болды

Ортағасырларда туристік қозғалыс бәсеңдей түсті. Ішкі жағдайлары тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердін құрылуы бұрын-соңды болмаған саяси кедергілерге әкеп соқты.

Туристік саяхаттардың ұзақ уақыт тоқырауда болуын көптеген себептер әсер етті, олардың ішінде: феодалдық жүйеге байланысты Еуропаның көптеген аймақтарындағы шаруашылықтың күйреуі, бұрынғы жол тораптарының түгелімен және сол жолдар бойындағы түнеу орындарыны жойылып кетуі, саяхатшылардын қорғаныс дәрежесінің төмендеуі, сонымен қатар көптеген қалалардың күйреуі. Біздін заманның тек III және IV ғасырларында қайтадан діни табыну саяхаттары жанданып, аз уақыт ішінде діни туризмнің жақсы дамыған туріне айналды.

Орта ғасырлардың соңы мен жаңа замандарға дейін түристік қозғалыстың ауқымды бөлігін діни табыну мен университеттік орталықтар құрады. Онымен қоса қайта орлеу кезеңінде көпестер мен ұсталардың саяхаттарының маңызы арта бастайды, алайда олардың бір бөлігін ғана туристік саяхаттарға жатқызуға болады.

Орта ғасырларда адамдар көптеп саяхаттай бастады, сөйтіп, жолшыбай керуен сарайлардың саны күрт өседі.

Алдында қарапайым қонақ үйлік объектілер XIV ғасырдың өзінде-ақ сол заман үшін өте жайлы түнеу орындарына айналды. Қонақ үй кәсібінің дамуы, кейбір қалаларда XIV ғасырдың өзінде қонақ үйлердің қожайыңдары өзіндік цехтарға бірігіп, өз уставтарын құруына әкеп соқты. Осындай ең бірінші цех 1356 жылы Венецияда құрылды Осы секілді цехтар XIV ғасырда Римде, Сиякада, Флоренцияда да құрылды.

XVI ғасырдың екінші жартысында танымдық сипаты бар саяхаттар жасала бастады, ал ең қалаулы ел Италия болды. Мұнда көбіне Испания, Франция және Германиядан шетелдіктер келіп отырды.

XVI ғасырдың соңынан Анлияда "гранд-тур" әйгілі бола бастады - бұл ауқатты адамдардың континентке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің шығу тегін көріп, сауаттанып қайтуына мүмкіндіктер туды. Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің дүниеге қайта келуі XVIІ ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдын басына жатады.

ХVII ғасырда Еуропада "таза туризм" формасы пайда болды. Бұл, К. Либеренің айтуынша, таңымдық, емдік немесе демалыс мақсатарында саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты мифациялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды.

Бұл кезенде адамдар үшін көлік түрі экипаждар болып, саяхатшыларға жағдай жасау мақсатымен әрдайым дамытылып, жақсартылып отырды.

Қысқа мерзім ішінде көліктік қызметтін көптеген түрлері пайда болып, жолдардың техникалық жағдайы жақсартыла берді.

Жолдар мен көлік құралдарының дамуы туристік миграциялардың географиялық шектерінің ұлғая тусуіне әкеліп соқты. Италияда дәстүрлі орталықтар Рим, Венеция, Флоренция және Падуямен қатар, XVIII ғасырда Неапольға да келушілердің саны күрт өсті.

Еуропадағы ең алғашқы қонақ үйлердің бірі "IV Генрихтің отелі" Нант қаласында 1788 жылы салынды. Оның құрылысына ол кездер үшін ауқымды сома - $17500 қаржы жұмсалды. Қонақ үйде 60 жатылы орын болып, Еуропадағы ең жақсысы болып саналды.

XIX ғасырда және XX ғасырдың бірінші жартысында туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болады, олардың ішінде ең маңыздылары мыналар:

- көлік құралдарынын дамуы;

-өнеркәсіптің дамуы және оған байланысты халықтың тіршілік деңгейінің

жақсаруы;

  • урбандалудың дамуы;
  • бос уақыттың артуы;
  • қоғамның мәдени деңгейінің жоғарылауы;
  • туризм жөніндегі мемлекеттік саясат.

Көлік құралдарының дамуы, әрине, туристік қозғалыстың интенсивтігі мен оның кеңістіктік өзгерістерге ұшырауына ең басты себеп болды.

Ең бірінші темір жол желісі - Манчестер-Ливерпуль 1825 жылы Англияда ашылды. Бұрын апталар шығындадатын саяхаттарға, ендігі жолы әркімнің және өте қымбат емес бағамен қолы жететін болды. Темір жолдар барлық мемлекеттерде өте шапшаң қарқынмен салына бастады Олар туристік қозғалыстың кеңістіктік құрыдымын және көлемін өзгертті.

Теңіз техникасының дамуы, әсіресе желкенді кемелер орнына пароходтардың қолданысқа енуі континентаралық саяхаттарды жақсартты.

Атлант мұхитын кесіп өту мерзімі бірнеше есе кықарды, ол Ливерпуль-Нью-Йорк трассасында 1816 жылғы 20-25 күннен, 1838 жылы 12 күнге, 1850 жылы 8 күн 17 сағатқа, 1883 жылы 6 күл 18 сағатқа қысқарды.

Өткен ғасырдың жиырмасыншы, әсіресе отызыншы жылдары көптеген елдердің туристік карталарында елеулі өзгерістер пайда болады, бұл саяхаттар автомобильді көліктің барлық жерде қолданыла бастауынан туындайды. Мысалы, 1938 жылы автомобильдер мен туристік антобустарда Швейнарияға 762, 2 мың шетелдік келіп, бүкіл шетелдік туристірдің 47, 8% құрады.

Туристік белсенділіктің артуы саяхат бюроларының ашылуына әкеп соқты, ал олар уақыт өте келе, "туристік индустрияның" маңызды тірегіне айналды. Негізінен, ең маңызды да бастапқы нүкте 1841 жылы ағылшын мұғалімі Томас Куктың Мидленд округіндегі темір жол комлалиясын Лейстер-Лафборо деген 18 км трассада мейрамдық поезды енгізуге үгіттеуінен басталады.

Томас Кук алғашқы болып, 1872 жылы қалағандарға жерді айналып өтетін саяхат ұсынып, бұл турды индустриалды негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы жерді 220 күнде айналыи өтті. Лондонның көрмелері мен Еуропа қалаларына экскурсия жасаудан бастаған Томас Куктың бюросы бірте-бірте іс-әрекет сферасын кеңейтті: жаңа туристік нарықтарды игеру арқылы саяхаттар санын арттырды.

Әлемде бірінші біріккен әуесқой тау саяхатшылары - Анғлиялық альпі клубы 1857 жылы Лондонда пайда болды. Артынша, 1862 жылы Туринде Австриялық, альпы клубы құрылды да, кейінірек Италиялық болып аталынды. 1863 жылы Швейцар клубы бекітіленеді.

Егер қазіргі жағдайындағы туризм XIX ғасырдың соңында пайда болып құрылса, ол XX ғасырдың екінші жартысында ғана шынайы интенсивті дамуға ие болып, техника, технология, қоғамдық қатынастардың шапшаң дамуымен қатар келіп XX ғасырдын феномені атағына ие болды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейде бірқатарі туристік және экскурсиялық қоғамдар пайда болады. Олардың мүшелері тек өз өлкесінің табиғи байлықтарын өздері зерттеп қана қойман, сонымен қатар табиғатпен қызығушылар үшіні экскурсиялар ұйымдастырды.

Көтеріліске дейінгі кезеңнің Ресейдегі ең бұқаралық сипатты туристік ұйымы Орыстын туринг-клубы болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысының қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайы
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Тараз қаласының физика-географиялық орналасуы
Жамбыл облысындағы туризм саласының дамуы және болашағы
Экологиялық туризм саласы
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Жамбыл облысына тарихи тұрғыдан сипаттама
«Жамбыл облысының мысалында туристік қызметті ұйымдастырудың тиімділігі»
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz