Туберкулез қоздырғышы


МЕЖДУНАРОДНЫЙ HOCA AHMET YESEVI
КАЗАХСКО-ТУРЕЦКИЙ ULUSLARARASI KAZAK -
УНИВЕРСИТЕТ TURK UNIVERSITESI
Медицина факультеті
Теориялық пәндер кафедрасы
Б А Я Н Д А М А
Тақырыбы: Туберкулез қоздырғышы.
Жетекші : Теориялық пәндер кафедрасының
б. ғ. д., профессоры Р. Дильбарканова
Орындаған: медицина факультетінің ЖМ-704
тобының студенті Жапаров Ахмад.
Түркістан- 2009 ж.
Туберкулез қоздырғыштары
Туберкулез (tuberculosis; латынша tuberculum - төмпешік) микобактериялар туғызатын жұқпалы ауру, әр түрлі ағзалар мен жүйелерді (өкпе, ас қорыту, зәр шығару жолдары, тері, сүйек, және т. б. ) зақымдаумен сипатталады. 3 түрлі микобактериялар ауру тудырады: M. tuberculosis- адамдық түрі - ( адамдарда 92% жағдайда туберкулез тудырады), M. bovis -өгіздік түрі -(5% жағдайда), M. africanum-аралық түрі (3% жағдайда) . Бұлардың үшеуі де морфологиялық, дақылдық, биохимиялық және патогенді құрылымымен ерекшеленеді. Олардан басқа осы туыстастыққа туберкулездік емес немесе шартты-патогенді минобактериялар жатады(М. аvium, M. cansasi), олар кейде адамның немесе жануардың ауруларын туғыздыруы мүмкін. Туберкулез қоздырғыштын Р. Кох (1882) ашқан. Р. Кох 1911 жылы осы қоздырғышты ашқаны үшін Нобель сыйлығына ие болды.
Бұл мәселенің өзектілігі туберкулездің кең таралуына байланысты. 1993 жьшы ДД¥ аурудың күрт өсуіне байланысты туберкулезді «әлемдік қауіпті» мәселе деп жариялады.
Таксономиясы. Қоздырғыш Firmicutes бөліміне, Mycobacteriaceaе тұқымдастығына, Mycobacterium туыстастығына жатады.
Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері. Дақылды өсіру. ұзын, аздап иілген, грам оң, қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін, Циль-Нильсен әдісімен боялатын таяқшалар. Морфологиялық варианттарының пайда болуы туберкулез қоздырғышының полиморфизмінен байланысты (фильтрден ететін және ультра ұсақ, дән тәрізді, кокк тәрізді, тармақталған, колба тәрізді «көгілдір қышқылға тұрақты емес», L-пішінді) . Емдеген кезде олар организмде жылдам пайда болады, дегенмен, макрофагтардың ішінде ұлақ уақыт персистенцияланады. Сонын нәтижесінде туберкулезге қарсы стерилді емес иммунитет қалыптанады. Морфологиялық вариантгарының пайда болуын туберкулездге микробиологиялық диагноз қою және емдеу кезінде ескеру қажет. Себебі олардың вирулентті бациллярлы түрге айналуы (реверсиясы) созылмалы қабыну үрдістің ұзақ дамуына және де аурудың рецидивіне әкелуі мүмкін, сонымен қатар, аурудың «көп түрлігін» түсіндіреді. Патоморфологиялық және клиникалық-рентгенологиялық көріністері қоздырғыштың осындай полиморфизмімен тікелей байланысты. Фильтрден өтетін ультра ұсақ пішінді микобактериялар туберкулездің созылмалы каверна орналасқан деструкциялық түрлерінде және миллиарлы туберкулез кезінде бөлінеді, «қышқылға тұрақты емес» көгілдір варианттары сүйек туберкулезінің жабық ошақтарынан бөлінеді. Ал еңді L-пішінді микобактериялар-белгісіз баяу, әлсіз дамитын аурулардан бөлінеді. Фильтрлі, ультрамайда L-пішінді түрлері плацента арқылы да және гемато-энцефалды барьерден де ете алады.
Сұйық орталарда 2-3 аптадан кейін әжімді қабық түзеді, ал тығыз ортада сүйел тәрізді жайылып өседі. Өсіру үшін қолайлы орталар қолданылады - глицерин қосылған жұмыртқалық орта (Левенштейн-Иенсен немесе Финн-2), агарлы орта (Миддбрук 7H10, 7H11), және де, сұйық қоректік орталар - (Миддбрук 7Н9, 7H12, Дюбо), Школьникованың жартылай синтетикалық ортасы, Соrон ж. т, б. . Жасуша қабырғасы зақымдалған микобактерияларды дақылдандыру үшін арнайы Колестос қоректік ортасы қолданылады.
Қолайлы биологиялық үлгі - теңіз шошқасы. Сұйық ортада заттық әйнекше бетіне микродақылдау жүргізгенде 3 тәуліктен кейін микроколониялар түзіледі, мұнда вирулентті миобактериялар «өрілген шаш, бұрым» немесе «ширатылған жіп» түрінде орналасады. Бұл феномен корд-фактор деп аталады.
M. bovis - қысқа, жуан дәнді таяқшалар. Қолайлы биологиялық үлгі -орқояндар. M. africanum - жұқа, ұзын таяқшалар. Қарапайым қоректік орталарда өседі. Ерекшелігі-қолайлы температурасы 40-42°С. Адам үшін патогенділігі төмен. M. tuberculosis-тің вирулентті штамы тығыз ортада R-колония түзеді.
Ферменттік белсенділігі . Туберкулез микобактерияларының
биохимиялық белсенділігі әртүрлі, соңдықтан оларды бір-бірінен және қышқылға тұрақты сапрофиттерден, шартты-патогенді микобактериялардан ажыратуға мүмкіндік береді. Микобактерияларда келесі ферменттер анықталған: аминострансферазалар, эстеразалар, трегаллазалар. Оксидоредуктаза ферменттерінің арасында аса маңыздысы каталаза және пероксидаза, себебі қоздырғыштың вирулентілігі және де гидразид изоникотин қышқылы тобына жататын препараттарға тұрақтылығы олармен байланысты.
Шартты-патогенді микобактериялар мен қышқылға тұрақты сапрофиттердің каталазасы термостабилді. Туберкулез қоздырғышының каталазасы термолабилді. Изониазид сезімтал штамдары жоғары каталазалық және перкосидазалық белсенділікке ие, ал изониазид тұрақты бактерияларда осы қасиет жойылған. Патогенді микобактериялар көп мөлшерде никотин қышқылын немесе ниацинді түзеді, олар сұйық қоректік ортада көп мөлшерде жиналып калий цианиді мен Б хлорамин ертіндісімен бірге дақылды ашық сарғыш түске бояйды. (Конно ниацин сынағы) . Шартты-патогенді микобактериялар оң нәтижелі ниацинді сынама береді, нитратты қалпына келтіреді, мочевинаны, никотинамидты, пиразинамидты ыдыратады.
Антигендік құрылымы. Микобактериялардың антигендік құрлымы жеткілікті түрде күрделі. Антигені жасуша қабырғасымен, рибосомалармен, цитоплазмамен байланысты, ақуызды және липополисахаридты табиғаты бар, ЖСБТ және ЖСЖТ реакциясында қатысатын, протекциялық (қорғаныш) белсеңділігі бар.
Патогендік факторлары . Микобактериялардың негізгі химиялық бөлшектері: ақуыздар (туберкулопротеиндер), көмірсулар және липидтер. Туберкулопротеиндер жасушаның құрғақ салмағының 56% құрайды. Басқа бактериялармен салыстырғанда микобактериялардың құрамында липидтер 10-40% болады. Қышқылға тұрақты сапрофиттермен салыстырғанда Вирулентті микобактерияларда липидтердің мөлшері көп болып келеді. Қоздырғыштың патогенділігі микобактерияның жоғарыда көрсетілген химиялық құрамымен байланысты (гранулема және «казеозды» некроздың дамуы, фагоцитоз белсеңділігінің төмендеуі», лимфоциттер миграциясының тежелуі ж. т. б. ) .
Резистентілігі. Микобактериялар спора түзбейтін бактериялар ішінде қоршаған ортадағы қолайсыз факторларға аса тұрақты болып келеді. Басқа микробтар тәрізді олар дақылданбайтын түрлерге айналуы мүмкін, соған байланысты биоценоздардың табиғи компоненттері болып келеді және қоршаган ортада көп уақыт сақталады. Микобактериялар қоршаған ортада тұрақты: шаңда - 10 күн, кітап, ойыншық үстінде - 3 айға дейін, суда - 5 айға, майда - 10 айға, сырда - 8 айға, қақырықта - 10 айға дейін сақталады. Қайнатқан кезде 5 минуттан кейін жойылады. Дезинфекциялау үшін хлорамин және хлорлы әктің белсендірілген ерітінділерін қолданады (тек қана 3-4 сағаттан кейін жойылады) .
Эпидемиологиясы, патогендік және клиникалық белгілері. Туберкулез барлық жерде таралған, әлеуметтік мәселе болып табылады; тұрғындардың зардаптануы, аурушылдығы және өлім-жітімдігі жеткілікті жоғары, әсіресе дамуы төмен мемлекеттерде. Туберкулезге барлық адамдар жаппай сезімтал. Аурушылдыққа халықтың әлеуметгік жағдайы әсер етеді. Инфекцияның көзі-ауру адам, инфекцияның таралу жолы - көбіне ауа-тамшылы, тарнсплацентарлы, апиментарлы, сирек жағдайда тұрмыстық қатынас арқылы жұғады. Тек ашық формадағы науқастар (қоздырғыш сыртқы ортаға бөлінген жағдайда) эпидемиялогиялық қауіптілікт туғызады.
Адам ағзасы патогенді микобактерияларға жоғары деңгейде тұрақты. Сондықтан аурудың пайда болуы инфекция көзімен ұзақ қарым-қатынаста болуымен, микобактериялардың мөлшері, вирулентілігі және макроорганизмнің тұрақтылығының төмендеуімен байланысты. 40 жасқа келген адамдардың 70-90% микобактерияларды жұқтырған, дегенмен тек 10%-да алғашқы туберкулез дамиды. Қалған адамдарда туберкулез инфекциясының клиникасы белгісіз өтеді. Тек қана туберкулин сынақ арқылы, вираж түріне айқындалады.
Жұққан жағдайда (жасырын кезеңі 3-8 апта) қоздырғыштың енген жерінде алғашқы туберкулезді кешен пайда болады (қабыну немесе қабыну-некрозды реакция), ол кең таралып және көптеген ағзалар мен жүйені зақымдай отырып жеңіл түрінен ауыр септикалық күйге дейін зардаптандыруы мүмкін Туберкулез көбінесе өкпені зақымдайды.
Туберкулезді инфекция үшін ЖСБТ реакциясы тән, терішілік туберкулиңді енгізу арқылы анықтайды (Манту сынамасы), Бұл сынамына жүргізу үшін туберкулездің микобактериясынан PPD - тазартылған ақуыз препаратын қолданады. организм препаратқа әсер көрсетпейді, бірақ ағзада тірі микобактериялар болса (ауру адамда немесе егілген адамдарда), онда 48 сағаттан кейін жергілікті қабыну реакция дамиды. Балалар мен жасөспірімдерде Манту сынамсы негізгі диагностикалық, маңызды әдіс. Сынақтың нәтижесі оң болғанда туберкулин еңгізген орнында диаметрі 5 мм және одан астам инфильтрат пайда болады («инесіз» әдісті қолданғанда инфильтрат диаметрі 3 мм және одан астам) . Дегенмен, бұл нәтиже ауру дамуына көрсетпейді, текқоздырғыш жұқтырғанын көрсетеді. Туберкулезге қарсы иммунитег тұрақсыз және ол организмде микобактерия болғанда ғана сақталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz