Файлдармен жұмыс істеу



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1.Файлдармен жұмыс істеу 6
1.1.Орындау командасы 6
1.2.Файлдарды ашу және сақтау терезелері 8
1.3.Сұхбаттасу терезелерінің стандартты элементтері 8
1.4. Бумалар мен жарлықтарды даярлау және жою. 9
1.5.Файлдарды, каталогтарды жою және қалпына келтіру. 9
1.6.Файлдар шарт белгісі 11
1.7.Файлдарды іздеу 12

2. Қолданбалы программалармен байланыс 14
2.1.Файлдармен басқа операциялар орындау 14

3. Файлдарды архивтеу 16
3.2.Архивтік файл. 16

Қорытынды 18

Қолданылған әдебиеттер: 19
КІРІСПЕ

Соңғы жылдары компьютер біздің өмірімізде елеулі орын ала бастады, ал болашақта оның әсері бұдан да арта түспек. Олай болса, барған сайын көптеген адамдардың компьютермен жұмыс істей білуіне тура келеді. Ал электронды есептеуіш машиналары (ЭЕМ) адамдар өзара қарым-қатынас жасайтын табиғи тілдерді, яғни ағылшын, араб, қазақ, неміс, орыс, француз т.б. тілдерді түсінбейді. Неге? Оның себебі – барлық табиғи тілдердегі сөздердің дәл бір мағыналы емес «көбінесе бірнеше мағыналы болуында». Компьютер тек қана өзінің машина тілін «түсінеді». Компьютерлерді жасап шығаратын әрбір фирма машинаны жеке өзіне ғана тән тілмен қамтамасыз етеді, сондықтан ЭЕМ-ның қанша үлгісі болса, сонша машина тілдері бар.
Адамдарға ана тілінде сөйлеу тән қасиет болса, компьютерлер өздерінің машина тілдерін пайдалануды «ұнатады». Адам тілі мен машина тілдерінің арасындағы кедергіні жеңу үшін, машинаға бағытталған программалау тілі жасалады.
Файл дегеніміз не? Файл – аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама, не құжат болуы мүмкін.
Құжат бағдарламаға бағынышты, себебі ол не бағдарламаны өңдейтін объекті, не бағдарламаның өңдеу нәтижесі ретінде пайдаланылады.
Әр файлдың аты болады. Оның аты: оң және сол бөліктерден тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы бірден 255 символға дейін болады. Оны пайдалану үшін құжаттың қызметін анықтайтын мазмұндық жүктемесі бар. Файл атында \?:* “ <>/ символдарын пайдалануға болмайды.
Файлдың типі бойынша компьютер оның бағдарлама немесе құжат екендігін анықтайды. Егер файлдың типінде .ехе немесе .соm белгілеулері тұрса, онда бұл бағдарлама болғаны. Ал қалған белгілеулері бұлардың бәрін компьютер құжат деп анықтайды.
Қолданылған әдебиеттер:

1.Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Б.Даулетқұлов. Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ. Алматы.ЖТИ. 2003.
2.Халықова Қ.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, “Білім” –2000
3.Каймин В.А. и др. Информатика. Уч.пособие. Москва.Изд-во. “Бридж”-1995г.
4.Кушниренко А.Г., Лебедев Г.В., Сворян Р.А. Основы информатики и выч.техники.- М.Просвещение, 1993.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Математика факультеті

Қолданбалы математика және
информатика кафедрасы

Р Е Ф Е Р А Т

Пән: Информатика

Тақырыбы: Файлдармен жұмыс істеу

Орындаған:

Тексерген: __________________

___________________________

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4
1.Файлдармен жұмыс істеу 6
1.1.Орындау командасы 6
1.2.Файлдарды ашу және сақтау терезелері 8
1.3.Сұхбаттасу терезелерінің стандартты элементтері 8
1.4. Бумалар мен жарлықтарды даярлау және жою. 9
1.5.Файлдарды, каталогтарды жою және қалпына келтіру. 9
1.6.Файлдар шарт белгісі 11
1.7.Файлдарды іздеу 12
2. Қолданбалы программалармен байланыс 14
2.1.Файлдармен басқа операциялар орындау 14
3. Файлдарды архивтеу 16
3.2.Архивтік файл. 16
Қорытынды 18
Қолданылған әдебиеттер: 19

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары компьютер біздің өмірімізде елеулі орын ала бастады, ал
болашақта оның әсері бұдан да арта түспек. Олай болса, барған сайын
көптеген адамдардың компьютермен жұмыс істей білуіне тура келеді. Ал
электронды есептеуіш машиналары (ЭЕМ) адамдар өзара қарым-қатынас жасайтын
табиғи тілдерді, яғни ағылшын, араб, қазақ, неміс, орыс, француз т.б.
тілдерді түсінбейді. Неге? Оның себебі – барлық табиғи тілдердегі сөздердің
дәл бір мағыналы емес көбінесе бірнеше мағыналы болуында. Компьютер тек
қана өзінің машина тілін түсінеді. Компьютерлерді жасап шығаратын әрбір
фирма машинаны жеке өзіне ғана тән тілмен қамтамасыз етеді, сондықтан ЭЕМ-
ның қанша үлгісі болса, сонша машина тілдері бар.
Адамдарға ана тілінде сөйлеу тән қасиет болса, компьютерлер өздерінің
машина тілдерін пайдалануды ұнатады. Адам тілі мен машина тілдерінің
арасындағы кедергіні жеңу үшін, машинаға бағытталған программалау тілі
жасалады.
Файл дегеніміз не? Файл – аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не
бағдарлама, не құжат болуы мүмкін.
Құжат бағдарламаға бағынышты, себебі ол не бағдарламаны өңдейтін
объекті, не бағдарламаның өңдеу нәтижесі ретінде пайдаланылады.
Әр файлдың аты болады. Оның аты: оң және сол бөліктерден тұрады. Оң
жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің
ұзындығы бірден 255 символға дейін болады. Оны пайдалану үшін құжаттың
қызметін анықтайтын мазмұндық жүктемесі бар. Файл атында \?:* “
символдарын пайдалануға болмайды.
Файлдың типі бойынша компьютер оның бағдарлама немесе құжат екендігін
анықтайды. Егер файлдың типінде .ехе немесе .соm белгілеулері тұрса, онда
бұл бағдарлама болғаны. Ал қалған белгілеулері бұлардың бәрін компьютер
құжат деп анықтайды.

1.Файлдармен жұмыс істеу

Қазіргі кезде қолданылатын операциялық жүйелердің бәрі де файлдармен
жұмыс істейді. Мысалы, қандай да бір программа белгісіне тышқан курсорын
апарып, оны екі рет шертсе, соған сай келетін программалық файл іске
қосылады, бұл сәттерде файлдың қай жерде орналасқанын әркімге білу міндет
емес. Әдетте әрбір адам дискіден файл оқу үшін не оған басқа бір файл жазу
үшін, сондай-ақ қолданбалы программаларды іске қосу үшін файлдық жүйеге
жүгінеді.

1.1.Орындау командасы

Тәжірибелі адамдар Программа Диспетчеріне өздері үнемі жұмыс істейтін
программаларды орналастырады. Ал анда-санда қажет болатын басқа
программалар файлдық жүйе арқылы іске қосылады. Жұмыс столында орналасқан
программалар санының аз болуы, олармен жылдамырақ жұмыс істеуге мүмкіндік
береді. Файлдық жүйені пайдалануды біз программаларды іске қосу мысалы
арқылы былай етіп қарастырайық:
- Windows 3.х үшін – Программа Диспетчерінде Файл →Орындау..
командасын;
- Windows 98 үшін – Іске қосу →Орындау командасын таңдау қажет.
Экранға Орындау сұхбат терезесі шығады. Оны Командалық жолдың мәтіндік
өрісінде жазып көрсетуге болады. Содан соң ОК батырмасын басып, керекті
программаны іске қосамыз.
1.2.Парақтау – шолу (Пролистать-Обзор) терезесі
Арнайы сұхбат терезесін шақыру үшін Орындау терезесіндегі “Парақтау”
батырмасы қолданылады. Оны басқан соң экранға компьютердің файлдық
жүйесімен қатынас құруға арналған терезе шығады.
Файлды іздестіру мен таңдау үшін “Парақтау” терезесінде келесі
әрекеттерді орындаған абзал:
- экранға шығатын Құрылғылар тізімінде файл жазылған диск атын таңдау;

- файл сақталған каталогты Каталогтар тізімнен тауып, оны ашу;
- Файл аты тізімінде программалық файлдың атын таңдау керек, сонда ол
тізім үстіндегі мәтін өрісіне енеді;
- “ОК” батырмасын басу.
Осы әрекеттерден соң, Орындау терезесі қайтадан шығады, тек
Командалық жол мәтіндік өрісінде таңдап алынған программалық файлға баратын
толық жол жазылатын болады. “ОК” батырмасын басқан соң, файл орындала
бастайды. Дискілер немесе файлдар тізімінен олардың бірін таңдау, қажетті
тізімге тышқан курсорын апарып, оны шерту арқылы іске қосылады.
Файлдар аттарынан төменде сол сәтте пайда болатын Файл типі тізімі
орналасады. Бұл тізімде сұхбат терезесінде көрсетілуі тиіс файлдар атының
типі (кеңейтілуі) бейнеленіп тұрады. Бұл мүмкіндік әдетте каталогта әртүрлі
мақсаттағы көптеген файлдар- программалар, суреттер, мәтіндер және т.б
сақталған жағдайда қолданылады. Келісім бойынша біздің тереземіздің Файл
типі тізімінде, тек кеңейтілуі *.ехе болатын барлық программалық файлдар
ғана көрініс табады.
Жоғарғы деңгейдегі каталогтардың (түпкі каталог) мазмұнын қарап шығу
үшін, каталогтар тізімінен ағымдағы дискінің аты жазылған жолды таңдау
қажет (таңдау үшін тышқанды екі рет шерту керек). Бұл орындалысымен
каталогтар тізімінде дискінің аты жазылған жолдың төменгі жағына бірдей
белгілер орналастырады, олардың әрқайсысы әр каталогты бейнелеп көрсетіп
тұрады. Каталогтар аты белгілердің оң жағына жазылып қойылған.
Қандай-да бір каталогтың барлық ішкі каталогтары мен файлдарын қарап
шығу үшін, оның атына тышқанды жеткізіп, екі рет шерту керек. Файлдар
тізімінде таңдап алынған каталогта орналасқан файлдар көрсетіледі, онда
файлдар болмаған жағдайда ол бос болады.

1.2.Файлдарды ашу және сақтау терезелері

Windows жүйесінің көптеген программалары дискіден информацияны оқу
және оны толықтырып, өңдеп қайта дискіге жазу операцияларын орындаудан
тұрады. Осы операцияларды орындау барысында Парақтау (Пролистать)
терезесінің аналогымен жұмыс істеу керек болады, ол жұмыс – Парақтау және
Сақтау терезелеріне өте ұқсас Ашу терезесі.

1.3.Сұхбаттасу терезелерінің стандартты элементтері

Сұхбаттасу терезелері жүктелген программалармен жұмыс істеудің кейбір
параметрлерін тағайындауға (анықтауға және таңдауға) арналған. Есептер
тізімі мен Парақтау терезелерінде тізім түрлерімен танысып, келтірілген
тізімнің бір немесе бірнеше варианттарын таңдауға мүмкіндік беретін
сұхбаттасу терезесінің стандартты элементтерімен жұмыс істеуді үйренеміз.
Тізімдер екі түрлі болып келеді, олар:
- парақталатын, мысалы Парақтау терезесіндегі Файлдар тізімі;
- шашырап шығатын (пайда болатын), мысалы, Парақтау терезесіндегі
Файл типі тізімі. Парақтау терезесінде файл аты өрісі элементі бар.
Мәтіндік өріс пернелерден кейбір параметрлерді анықтайтын (мысалы,
файл маршруты не аты, сан түріндегі коэффициент және т.б) бірнеше
символдар, әріптер немесе цифрлар енгізу үшін қолданылады.
Сұхбат терезелерінде тізімдерден басқа тағы бірнеше стандартты
элементтер кездеседі. Олар:
- тексеру жалаушалары;
- ауыстырып қосу топтары;
- басқару батырмалары.

1.4. Бумалар мен жарлықтарды даярлау және жою.

Windows 98 жүйесінде барлық файлдар, құжаттар және программалар
бумаларда (папка) сақталады. Егер бума сыртында сурет бар болса, онда бума
арнайы қызмет атқару бумасы болып саналады және оны жоюға, басқа орынға
ауыстыруға болмайды.
Терезе ішінде бума ашу қажет болғанда, Файл→Жасау→Бума командаларын
орындау керек.
Қоржынға түскен объектілерді кері қайтарып, бастапқы қалыпқа келтіру
үшін мынадай әрекеттер орындалады:
- “Қоржынды” курсормен көрсетіп тұрып тышқанды екі рет шерту;
- қалпына келтірілетін объектілерді белгілеу;
- Файл →Қалпына келтіру командаларын орындау.
Осының нәтижесінде белгіленген объектілер бұрынғы өздері қоржынға
түскенге дейінгі тұрған бумаларға қайта орын ауыстырады.

1.5.Файлдарды, каталогтарды жою және қалпына келтіру.

Каталогтарды немесе файлдарды дискіден жою тек Сілтеу терезесінде
емес, кез келген ашық түрдегі бумада (мысалы Му Cоmputer программасында),
іске қосылып тұрған қолданбалы программаларда да жүргізіле береді.
Сонымен файлдар мен каталогтарды жою үшін:
- терезелердің бірінен сол каталогты немесе файлды таңдау керек;
- Delete пернесін басу қажет немесе Файл →Жою командасын орындау
қажет.
- Сұхбаттасу терезесінде жою әрекетінің орындалатынын тағы растау
керек.
Осы мақсатта Drag&Drop технологиясында қолдану мүмкіндігі бар, ол үшін
ерекшеленіп жойылуға тиіс объектіні тышқанмен Қоржын (Корзина- Recycle bin)
белгісіне жеткізсе болғаны.
Мәліметтерді жоюды қолданбалы программалармен жұмыс істеу барысында
файлдары ашусақтау кездерінде орындауға болады, ол үшін де жойылатын
файлдарды ерекшелеп алып, Delete пернесін басса болғаны. Осы айтылған
әрекеттердің бәрінде де жойылған мәліметті қайта қалпына келтіру
мүмкіндігі бар, өйткені жойылған файлдар толық жойылмай уақытша Қоржынға
салынады.
Қоржын бөлек программа рөлін атқарады, ол жойылған информация туралы
мәліметті есте сақтап, олардың үстіне басқа ешнәрсе жаздырмайды. Әрине ол
дискіден біраз орын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Файл типі тізімі
Логикалық файлдың сипатталуы
Элемент типі - массив элементтерінің типін көрсету
Паскаль тілінде графикалық режиммен жұмыс
Файлында желісін жазу
Мұрағатты әзірлеу
Ethernet - жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған технология түрі
Ms dos және norton commander
ФАЙЛДЫ АШУ РЕЖИМДЕРІ
Файлдар және оның түрлері
Пәндер