Т. Рысқұлов


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 161 бет
Таңдаулыға:   

Тұрар Рысқұловтың Коминтерндегі қызметі

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР3КІРІСПЕ. . . 4:

ҚЫСҚАРТУЛАР 3

КІРІСПЕ . . . 4

:
ҚЫСҚАРТУЛАР3КІРІСПЕ. . . 4:
:
ҚЫСҚАРТУЛАР3КІРІСПЕ. . . 4: 1 Т. РЫСҚҰЛОВ ЖӘНЕ ҰЛТ, ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ
:
ҚЫСҚАРТУЛАР3КІРІСПЕ. . . 4: 1. 1 Коминтерн және КОКП саясатындағы бетбұрыс . . . 14
:
ҚЫСҚАРТУЛАР3КІРІСПЕ. . . 4:

1. 2 Т. Рысқұлов және ұлт және ұлт-азаттық

қозғалыстың теориялық, практикалық мәселелері . . . 21

:
ҚЫСҚАРТУЛАР3КІРІСПЕ. . . 4:
:
ҚЫСҚАРТУЛАР3КІРІСПЕ. . . 4: 2 Т. РЫСҚҰЛОВ КОМИНТЕРН ЖОЛДАМАСЫМЕН МОНҒОЛИЯДА
:
ҚЫСҚАРТУЛАР3КІРІСПЕ. . . 4:
:
ҚЫСҚАРТУЛАР3КІРІСПЕ. . . 4:

2. 1 Монғол Халық Партиясын нығайтуға Т. Рысқұловтың

ат салысуы . . . 48

2. 2 Монғолияның конституциялық құқығының

қалыптасуына Т. Рысқұловтың қосқан үлесі . . . 81

2. 3 Т. Рысқұловтың Монғолиядағы дипломатиялық қызметі . . . 104

2. 4 Монғол елінің болашағы туралы пікірталас . . . 118

:
ҚЫСҚАРТУЛАР3КІРІСПЕ. . . 4:
:
ҚЫСҚАРТУЛАР3КІРІСПЕ. . . 4: ҚОРЫТЫНДЫ . . . 141
:
ҚЫСҚАРТУЛАР3КІРІСПЕ. . . 4:
:
ҚЫСҚАРТУЛАР3КІРІСПЕ. . . 4: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 146
:

Қысқартулар

Бұл диссертацияда мынадай қысқартылған сөздер қолданылды:

АКСР - Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы

БОАК - Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті

ЖКИ - Жастардың Коммунистік Интернационалы

КАК - Коминтерннің Атқару Комитеті

Коминтерн - Коммунистік Интернационал

КИМ - Коммунистический Интернационал Молодежи

КОКП -Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы

КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

ИККИ - Испольнительный Комитет Коминтерна

Мұсбюро -Мұсылман бюросы

МХП - Монғол Халық Партиясы

МХР - Монғол Халық Республикасы

МХРП -Монғол Халықтық Республикалық Партиясы

МХРП ОМ -Монғол Халық Республикалық Партиясының Орталық Мұрағаты

ОАК -Орталық Атқару Комитеті

ОК - Орталық Комитет

РГАСПИ -Российский Грсударственный Архив социально-политической истории

РМӘСТМ -Ресейдің Мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы мұрағаты

РК (б) П -Ресей Коммунистік (большевиктік) партиясы

РКФСР - Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы

ТКП - Түркістан Коммунистік партиясы

ҰХК - Ұлт істер жөніндегі Халық Комиссариаты

ХКК - Халық Комиссарлар Кеңесі

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . ХХ ғасырдың басында қазақ халқы ерекше күрделі де ірі-ірі оқиғаларды басынан кешірді. Осы кезде Ресей империясының Қазақстандағы отаршылдығы шегіне жеткен еді. Ресейде болған үш революция отаршылдықты жоюға тиіс болды. Қазақ халқы да бұл революцияларға осындай үміт артты, отаршылдықтан құтылып, тәуелсіздікке қол жетеді деп ойлады.

Бірақ халықтың бұл үміті ақталмады. Ақпан революциясы да, қазақ төңкерісі де қазақ халқына бостандық әкелмеді. Қазақ төңкерісін жасаған Коммунистік партия, осы төңкерістің нәтижесінде дүниеге келген Кеңес өкіметі Ресейдің отаршылдық саясатын жалғастыра түсті. Әрине ХХ ғасырдың басында отаршылдық саясатты патша шенеуніктеріндей ашық айқын, тұрпайы әдістермен жүргізу мүмкін болмай қалған еді. Коммунистер отаршылдық саясаттың өңін айналдырып, басқа ат беріп, айдар тағып жүргізуге мәжбүр болды. Бірақ оның мазмұны біреу-ақ болды. Ол отаршылдық еді. Кезінде бұл саясатты “қызыл империализм” саясаты деп Т. Рысқұлов әділ бағалады.

Отаршылдықтың мұндай қыр-сыры қарапайым халықты алдағанымен, алдыңғы қатарлы ойшылдарды адастыра алмады. Жаңа отаршылдық саясаттың мән-мағынасын түсіне білген жаңа күрескерлер дүниеге келді. Қазақ халқының азаттығы үшін ХVІІІ-ХІХ ғасырда патшалы Ресейге қарсы халың бұқараны бастаған күрескерлерге қарағанда, тарих сахнасына ХХ ғасырдың басында көтерілген қайраткерлердің жүріп өткен жолы ұзақ та ауыр болды. Бұл жағдай күрестің жаңа түрін, қарқынын талап етті. Ұлт-азаттық қозғалыс ендігі жерде ұйымдасқан түрге көшті, бұл азаттық күреске жаңа сапа, қарқын берді. Осы күрестің көш басында алаш қайраткерлері тұрды.

Алаш қозғалысының дәстүрін жалғастырған ірі тұлға, қажырлы күрескердің бірі - Тұрар Рысқұлов болды. Саяси күреске белсене араласқан жиырмадан астам жылдың ішінде ол Түркістан Республикасы кеңестерінің Орталық Атқару Комитетінің төрағасы, Кеңес одағының Ұлт істері халық комиссарының орынбасары, Түркістан республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы, Коминтерннің Атқару Комитетінде жауапты қызметкер, оның Монғолиядағы өкілі, Ресей Федерациясының Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары тәріздес саяси және мемлекеттік қызметтерді атқарған еді. Бұл оның саяси өмір жолы болатын.

Тұрар Рысқұлов өз өмірінің басты бөлігін күреспен өткізді. Оның күресінің негізгі мазмұны Орта Азия халықтарының, соның ішінде қазақ халқының егемендігі мен бостандығы, оның мұң-мұқтажы еді. Ол патшалы Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа белсене қатысып, Түркістан Республикасында қызмет істеп жүрген кезінде де онан кейін де ұлы державаның шовинситік саясатына қарсы күресті. Монғолияда Коминтерннің өкілі қызметін атқарып жүргенде Т. Рысқұлов таптық, коммунистік саясатының солшыл, солақай асыра сілтеушілдігімен күрес жүргізді. Ол отызыншы жылдары сталиндік-голощекиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің озбырлығына, асыра сілтеулеріне, олардың қазақ жеріне қолдан жасаған ашаршылығына қарсы күресіп, сан мыңдаған халықты өлімнен алып қалды. Бұл айтылғандар оның күрес жолы. Ұлы күрескердің қарсыластары оған “пантүркішіл”, “буржуазияшыл ұлтшыл”, “рысқұловшыл” деген айыптар тағып, осы жаламен қуғын-сүргін құрбанына айналдырды.

Тұрар Рысқұловты өз замандастары-күрескерлерден оқшауландырып тұрған бір ерекшелігі - ол тек қазақ арасынан ғана емес, түрік тектес елдердің зиялыларының біріншілерінің бірі болып түрік бірлігі идеясын көтеруінде жатыр. Ол отаршылдық саясаттың жаңа жағдайда жалғасуына қарсы күрестің бірден-бір тиімді жолы түрік тектес халықтардың басын біріктіру деген қорытындыға келді.

Т. Рысқұлов бұл идеяны ұлы державалық шовинстік саясатқа, Кеңес өкіметінің бұрынғы бұратана халықтар жөнінде ұстанған саясатына қарсы қойды. Сондықтан, бұл саясаттың авторлары Т. Рысқұловқа “пантүркішіл” деген айдар тақты да, Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясатын жүзеге асырды.

Түрік бірлігі идеясының осы халықтар үшін бүгінгі таңда зор маңызы болып отыр. Түрік бірлігі немесе пантүрікшілдік идеясы ешуақытта, ешбір жағдайда реакцияшыл рөл атқарған емес. Бұл бір тектес халықтардың бостандыққа, егемендікке талпынған үмітінен, сол егемендікті қорғау қажеттілігінен туған идея. Бұл идея ешуақытта басқа бір мемлекетке немесе бөтен халыққа қарсы бағытталған емес. Бұл осы идеяның прогрессивтік маңызы бар екеніне дәлел.

Т. Рысқұловтың жиырмадан астам жылға созылған саяси-қоғамдық қызметінің ішінде оның 1920-1925 жылдары Коминтерн ұйымдарында және оның тапсырмасы бойынша атқарған қызметі маңызды орын алады. Осы жылдары Т. Рысқұлов бір жағынан ұлт-азаттық қозғалыстың теориясымен, практикалық мәселелерімен шұғылданса, екінші жағынан ХХ ғасырдың басында тәуелсіздікке қолы жеткен монғол елінің прогресс, демократия жолымен дамуына елеулі үлес қосты. Сондықтан Т. Рысқұловтың қызметінің осы екі қырына ғылыми зерттеу жасау Тұрартануда ғана емес, Қазақстан тарихында өзекті тақырып болып табылады.

Тақырыптың зерттелі деңгейі . Тұрар Рысқұловтың ұлт саясатына қатысты көзқарасы XX ғасырдың 20- 30 жылдары баспасөз бетінде және жеке еңбектерде сынға алына бастады [1] . Ал оның өмір жолдары мен мемлекеттік, қоғамдық-саяси қызметі “халық жауы” деген айып тағылып, атылып кеткеннен кейін нақтылай зерттеу нысаны болған жоқ. Ол турасындағы біраз ғылыми зерттеулер тек 50 жылдың соңы мен 60 жылдары ғана жарық көрді. Солардың ішінде кеңес ғалымы В. П. Николаеваның ғылыми мақаласын атауымызға болады. Ғалым РК(б) П Орталық Комиетінің өкілетті органы болған Түрккомиссияның құрылуы мен қызметін талдау барысында Т. Рысқұловтың “ұлт” мәселесіне қатысты бюро мәжілістерінде көтерген және жасаған баяндамасының маңызына тоқталады [2, 72-88] .

Ең алғаш Т. Рысқұловтың қайраткерлік тұлғасын сомдап, оның өмірінің барлық сатысына тоқтаған ғалымдар В. М. Устинов [3, 85-92] пен В. И. Ляхов [4, 94-96] болды. Бұл ғалымдар ғылыми мақалаларында Т. Рысқұловтың 1924 жылы Коминтерндегі қызметіне және оның өкіл ретінде Монғолияға жіберілгендігін атап өтеді.

Тұрар Рысқұловты партия мен мемлекет қайраткері ретінде зарттеген ғалымдар қатарына Ә. Оспанов [5], А. Нүсіпбеков [6], А. Зевелев [7], Т. Елеуов [8, с. 55-56], Е. Есімұлын [9, 93-96-бб. ] жатқызуымызға болады. Аталмыш ғалымдар Т. Рысқұловтың қызметін ірі ұйымдастырушы, көрнекті саяси қайраткер ретінде жоғары бағалайды. Алайда оның Коминтерндегі қызметіне, Монғолиядағы сапарына нақты тоқтамайды.

Ғалымдар С. Бейсембаев пен С. Көлбаев Т. Рысқұловтың туғанына 80 жыл толуына орай бірнеше мақалалар мен қайраткердің жалпы өмірін сипаттайтын кітапша шығарды [10] . Бұл еңбектерде авторлар Т. Рысқұловтың партиялық және кеңес жұмыстарының әртүрлі жауапты учаскелерде 20 жылға жуық белсене еңбек еткендігіне, Коммунистік Интернационал өкілі ретінде Монғал Халық Республикасын (МХР) құруға байланысты атқарған қызметіне, МХР-сы партиясы бағдарламасының жобасын жасауға тікелей қатысқандығына қасқаша шолу ретінде тоқталады.

1974-1984 жылдар аралығында Т. Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметіне арналған ғылыми зерттеу мақалаларының қатары көбейіп, бұл еңбектерде авторлар оның өмір жолдарын әр қырынан саралап көрсетуге тырысты [11] . Алайда бұл зерттеулерде бүгінгі диссертацияға арқау етіп отырған Т. Рысқұловтың ұлт, ұлт-азаттық қозғалысқа және Монғолиядағы қызметі талданбады.

Тұрар Рысқұловтың өмір жолдары мен қоғамдық-саяси қызметі қысқаша түрде библиографиялық энциклопедияларға жарияланды [12] .

Т. Рысқұловтың Коминтерн өкілі ретіндегі Монғолияға іссапары және оның тұңғыш Ұлы Хұралға қатысуы мен монғол конституциясын жасау барысындағы қызметі монғол жазушысы Л. Тудэвтің саяси романында жан-жақты баяндалды. Бұл роман монғол тілінен аударылып, “Монғолия” журналына басылып шықты [13] .

1984 жылы Тұрар Рысқұловтың туғанына 90 жыл толуына орай баспасөз беттеріне бірнеше мақалалар жарияланып, оның қоғамдық-саяси өмірі және экономикалық мәселелерге арнап жазған мақалалары [14] мен оның ғылыми еңбектерін топтастырған жинақ жарық көрді [15 ] .

Қайраткердің 20-30 жылдардағы саяси қызметін нақтылауда 1984 жылы ғалым В. М. Устинов көлемді монография жазды [16] . Ол бұл еңбегінде Т. Рысқұловтың мерзімді баспасөз беттеріне жарық көрген баяндамалары мен мақалаларын пайдалана отырып, талдау жасап, оның революционер ретінде қалыптасуы, Кеңес Одағы мен Қазақстанда жүргізілген экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді, сондай-ақ халықаралық коммунистік қозғалыстың шығыс саясатын жүзеге асыруға қосқан қомақты үлесін ашып көрсеткен. Ал 1988 жылы жариялаған ғылыми еңбегінде В. М. Устинов Тұрар Рысқұловтың РКФСР үкіметі төрағасының орынбасары қызметін жан-жақты талдап, оның түркі бірлігі идеясы Кеңес Одағының Коммунистік партиясы мен Кеңес өкіметінің Түркістанда жүргізе бастаған шовинистік саясатына қарсы қару ретінде көтергенін, соның нәтижесінде “түрікшіл” деп айыпталып, қуадаланғандығын және Коминтерінің тапсырмасымен Монғолияға баруының себебіне тоқталған. Өкінішке орай автор Т. Рысқұловтың бұл елдің партия және үкімет орындарының қызметін жолға қоюға байланысты бір жылға жуық мерзім ішінде атқарған қыруар қызметіне нақтылай тоқтамаған. Мұның негізгі себебі 70 жылдай уақыт бұрын Т. Рысқұловтың қолымен жазылған бұрынғы Кеңес Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің жанындағы марксизм-ленинизм институтының Орталық партия мұрағатында сақтаулы тұрған құжаттарды іздеп тауып пайдалана алмағандығында деп ойлаймыз. Автор бұл еңбегінде Т. Рысқұловтың Монғолияның Конституциясының жобасын жасауға, елдің жаңа ат беруге қатысқаны туралы монғол жазушысының тарихи романына сілтеме жасау арқылы баяндаған [17] .

Кеңестер Одағы ыдырап, еліміз тәуелсіздік алуы бұрындары ашып айтуға тиым салған мәселелерді қайтадан көтеріп, ақиқат тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік туды. Ғалым В. М. Устинов Т. Рысқұловтың саяси-қызметіне қайтадан тоқталып, бұрындары зерттеу нысаны болмаған 20-30 жылдардағы ұжымдастыру, ашаршылық кезіндегі қызметіне және оның қуғындалып, үкімет тарапынан “халық жауы” ретінде атылу үдерісін қысқаша болса да айқындап көрсетуге тырысады [18] . Алайда бұл еңбегінде де оның Коминтерндегі мен өкіл ретінде Монғолиядағы қызметі бұрындары жарық көрген зерттеу жұмыстарын ғана қайталаумен шектелді. Т. Рысқұловтың Коминтернге атқарған қызметі туралы жоғарыда аталған еңбегінің VІ тарауында оның Коминтерннің орталық аппаратында және Коминтерннің тапсырмасы бойынша істеген істеріне тоқталмай, Коминтерн қайраткерлері, олармен Т. Рысқұловтың өз ара байланысы туралы мәселеге көбірек көңіл бөлген. Автор бұл тарауда Т. Рысқұловтың Монғолияның Конституциясының жобасын жасауға, елдің астанасына жаңа ат беруге қатысқаны туралы монғол жазушысының тарихи романына сілтеме жасау арқылы баяндаған.

Т. Рысқұловтың Монғолияда істеген қызметін нақты деректерге сүйеніп, объективтік тұрғыдан бағалаудың орнына В. М. Устинов Т. Рысқұловтың өз қызметінде марксистік-лениндік тұжырымдарды басшылыққа алған, Монғолия мен Кеңес Одағының достығы, Кеңес Одағының Монғолияға көмегі, Монғолияда жиырмасыншы жылдары жүзеге асырылған демократиялық өзгерістер т. б. туралы Т. Рысқұловтың қызметіне тікелей байланыссыз жалпылама мәселелерге көп көңіл бөлген.

90-шы жылдары Т. Рысқұловтың 20-30 жылдардағы саяси қызметі мен оның ғылыми еңбектерін талдаған және тарих саласындағы маңыздылығын айқындаған бірнеше ғылыми мақалалар жарияланды [19] .

Тұрартану саласына үлес қосқан ғалым ретінде Ордалы Қоңыратбаевтың еңбектерін атар едік. Тарихшы ғалым Т. Рысқұловтың өмір жолдарына арнап бірнеше ғылыми мақалалар мен монографиялық еңбегін жариялады [20] .

О. Қоңыратбаев монографиялық еңбегін қайраткердің 100 жылдық мерей тойына тарту етті. Бұл еңбегі Т. Рысқұловтың өмірі мен қызметінің Түркістан кезеңіне арналған, яғни оның 1916-1924 жылдар аралығындағы Түркістан Республикасы халықтарының тәуелсіздігі үшін шовинистік саясатқа қарсы жүргізген күресі барысына, өлкенің экономикасы мен мәдениетін дамытуға және халықтың тұрмыс-күйін жақсартуға байланысты атқарған қызметіне мұрағат құжаттарына сүйене отырып талдау жасаған. О. Қоңыратбаевтың бұл еңбегінің бір жетістігі Түркістан Республикасымен халықтың өмірінде болып өткен, болып жатқан оқиғалар туралы мәлімет беріп қана қоймай, оларға терең ғылыми талдау жасағандығында.

Автор бұл еңбегін жазғанда Т. Рысқұловтың атқарған еңбегіне Кеңес дәуірінде марксистік-лениндік идеология, таптық, партиялық принциптер негізінде берілген бағалардың жетегіне еріп кетпей, тарихи зерттеудің объективтік шындық принципін берік ұстанған. О. Қоңыратбаевтың бұл еңбегі өзі зерттеп отырған қайраткерді орынсыз мадақтау, сылдыр-сылаң ойлардан, сөйлемдерден аулақ жазылған. Бұл еңбек тек мұрағат құжаттарына ғана сүйеніп жазылғаны, бұл құжаттардың әрбіреуіне терең үңіліп тұжырым жасағаны Т. Рысқұлов туралы жазылған еңбектерден оны ерекшелендіріп тұр. Осының нәтижесінде бұл еңбек ғылыми қауымның көңілінен шыққаны белгілі.

1997 жылы О. Қоңыратбаев Т. Рысқұловтың Қазан төңкерісінен 1924 жылға дейінгі қоғамдық-саяси өмірін қамтыған кандидаттық диссертация қорғады [21] .

Т. Рысқұловтың 100 жылдық мерейтойына байланысты мерзімді баспасөздерде бірсыпыра ғылыми-публицистік мақалалар жарық көрді [22] . Мәселен, Т. Рысқұловтың жиырмасыншы жылдары Коминтерннің өкілдігіне тағайындалып, Монғолияда қызмет атқарған уақыты турасында М. Әбілтайұлы мен Н. Әбілдаевтың кітабы басылып шықты. Аталмыш авторлар кезінде Тұрар Рысқұловтың қолынан шыққан, көп уақыт ғалымдардың назарынан тыс қалып келген тарихи құжаттарды пайдаланып, оның партиялық, мемлекеттік қызметіне талдау жасап, Т. Рысқұловтың көзқарасы, теориялық пайымдаулары туралы соны тұжырымдар жасаған.

Т. Рысқұловтың Коминтерннің уәкілі ретінде Монғолияда қызмет істеген тоғыз ай ішінде қыруар жұмыс атқарғандығын Монғол Халық Республикасының мұрағат құжаттарына сүйене талдап көрсетуге тырысады [23] .

90-шы жылдардың соңына қарай Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымы мен Президент мұрағатының қызметкерлері бірлесе отырып Тұрар Рысқұловтың бұрындары жарық көрмеген ғылыми еңбектерін (мақалалары, баяндамалары, тезистері, сөйлеген сөздері т. б. ) мен мұрағат құжаттарын топтастырып 3 томдық шығармалар жинағын шығарды [24] . Бұл жинақтың 1-ші томына профессорлар К. Нұрпейіс пен В. К. Григорьев Тұрар Рысқұловтың өмір жолдары мен оның Әулиеата уезіндегі жастар арасында “Революциялық одақ” құрудағы мақсатын, сондай-ақ, 1917-1938 жылдар аралығындағы мемлекеттік қызметіне қысқаша тоқталып өтеді. Аталмыш авторлар Т. Рысқұловтың 1924 жылдардағы Коминтеріндегі және Монғолиядағы қызметіне тоқтала отырып, оның Монғол Халық Республикасын құрудағы еңбегін жоғары бағаласа, ал 2-ші томға оның Жетісу мәселесіне, 1916 жылғы Орта Азиядағы көтеріліс барысына, ұлт мәселесін айқындауға арналған ғылыми еңбектері кірген [25] . Жалпы, бұл үштомдық шығармалар жинағынан Т. Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметіне қатысты құжаттық материалдарды пайдалануға болады.

Т. Рысқұловтың қолынан шыққан орыс тілінде жазылған бұл құжаттар марксизм-ленинизм институтының Орталық Партия мұрағатында (қазіргі Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты - А. Т. ) Коминтерн құжаттары деген қорда сақталып, көп жыл бойы жасырын ұсталды. Зерттеушілердің назарынан тыс қалып келген бұл құжаттарды 2004 жылы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті “Т. Рысқұлов: архив құжаттары” [26] деген атпен басып шығарғаны оның Монғолияда істеген қызметін зерттеушілерге түп дерек ретінде пайдалануына мүмкіндік беріп отыр.

Бұл құжаттардан ХХ ғасырдың бас кезіндегі Монғолияның өмірінде жүзеге асырылып жатқан саяси, экономикалық-әлеуметтік өзгерістердің мән-мағынасы, нәтижесі, бұл өзгерістерді жүзеге асыру жолдары, монғол елінің болашағы туралы авторлардың ой-тұжырымдарын байқауға болады.

Т. Рысқұловтың МХРП Орталық Комитетінің басқармалар жиналысы, Пленумдарында сөйлеген сөздері, Монғол Халық Рсепубликасының тұңғыш Ұлы Хұралына қатысып сөйлеген сөздері, әртүрлі комиссиялар құрамына қатысып атқарған қызметі туралы құжаттар, оның ішінде МХРП-ның екінші бағдарламасы мен тұңғыш жарғысы, Монғолияның тұңғыш Конституциясының жобасы, өзін Коминтерн өкілі қызметінен босатуға байланысты жазған түсінік хаты, тағы басқа құжаттар жинаққа топтастырылды.

Тұрар Рысұловтың қоғамдық-саяси қызметі және тарихи зерттеу еңбектерін зерттеген Ж. Б. Аширбекова 2004 жылы кандидаттық диссертациясы қорғап, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығын ұштастыра білді [27] .

Тұрар Рысқұловтың ұлт саясатына, ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты көзқарастарын талдауда ғалымдар М. Қ. Қозыбаевтың [28], М. Қ. Қойгелдиевтің [29], сондай-ақ, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымы шығарған жинақтарға [30] сүйенуімізге болады.

Байқағанымыздай Тұрар Рысқұловтың Коминтерн мен Монғолиядағы қызметін жан-жақты талдап, ғылыми баға берген арнаулы ғылыми зерттеулер жоқ. Міне, сондықтан Т. Рысқұловтың жоғарыда аталған қызметтеріне талдау жүргізу және оны бағалау аса қажетті.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты - қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 1920-1925 жылдары Коминтерннің тапсырмасы негізінде атқарған теориялық-идеологиялық және практикалық қызметіне, оның өз қолынан шыққан тарихи құжаттарға сүйене отырып, ғылыми талдау жасап, аталмыш салаға қосқан қомақты үлесін ашық көрсету болып табылады. Аталмыш негізгі мақсатты жүзеге асыру үшін біз өз алдымызға төмендегідей нақты міндеттер қойдық:

- ХХ ғ. басында Коминтерн мен КОКП дүниежүзілік социалистік революция теориясына сәйкес шығыс мәселесіне бет бұрғанын талдау;

- аталмыш қажеттілікке сай шақырылған Шығыс Халықтарының тұңғыш съезі, оның жұмысына Т. Рысқұловтың белсене қатысуын ашып көрсету;

- Коминтерн саясатындағы бетбұрысқа сай Т. Рысқұлов 1920-1924 жылдары ұлт және ұлт-азаттық қозғалыстың теориялық және практикалық мәселесіне ерекше көңіл бөліп, бұл қозғалыстың сипаты, мазмұны, ерекшелігі туралы бірнеше маңызды тұжырым ұсынғанына тоқталу;

- Т. Рысқұлов 1924-1925 жылдары Коминтерннің өкілі ретінде Монғолияда істегенде жас Монғол Халық Партиясын ұйымдық және идеологиялық тұрғыдан нығайтуға, елдің саяси өмірін демократиялық жолға бағыттауға, Монғол Халық Партиясы мен өкілетінің сыртқы саясатының маңызды мәселелерін шешуге белсенді қатысып, қомақты үлес қосқандығын айқындау;

- Монғолияда қызмет істей жүріп Т. Рысқұлов феодалдық және коммунистік солақай саясатшыларға қарсы саяси-идеологиялық ымырасыз күрес жүргізіп, Монғол Халық Партиясын демократиялық принциптерге сай нығайту, ел өміріне саяси, экономикалық-әлеуметтік, демократиялық өзгерістерді жүзеге асыру бағытын берік ұстанғанын дәлелдеу.

Зерттеудің деректік негізі . Бұл диссертациялық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының, Монғол Халық Республикасы мұрағаттары қорларының құжаттары мен Қазақстан Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде сақталған Тұрар Рысқұловтың өміріне қатысты ғылыми кітаптар мен оның өз еңбектерін және мерзімді баспасөз материалдарын кеңінен пайдаландық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрар Рысқұловтың саяси қызметі
Тұрар Рысқұлов өмірі
Т. Рысқұлов - Түркістан Республикасының егемендігі жолындағы саяси күрескері
Жұмыстың қолданбалы маңызы
Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі
Тұрар Рысқұлов жайында
Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси өмірі
Тұрар Рысқұлов өмір дерегі
Тұрар Рысқұловтың қысқаша өмірбаяны
Көрнекті партия, мемлекет қайраткері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz