Қазақстандағы жас отбасы және оның мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және Саясаттану факультеті
Социология кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ
Қазақстандағы жас отбасы және оның мәселелері
Орындаған Махмутова Г. Л.
4 курс студенті (қолы, күні)
Ғылыми жетекші Жаназарова З. Ж.
Социол. ғ. д., проф. (қолы, күні)
Норма бақылаушы Ильясова И. Б.
Оқытушы (қолы, күні)
Қорғауға жіберілді:
Әлеуметтану кафедрасының
меңгерушісі
социол. ғ. д., проф. Садырова М. С.
(қолы, күні)
АЛМАТЫ
2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1. Тарау ОТБАСЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
1. 1 Отбасы қоғамның институты ретінде . . .
1. 2 Қазақ қоғамындағы отбасы . . .
2. Тарау Қазақстандағы жас отбасының өзекті мәсілелері
2. 1 Жас отбасының әлеуметтік мәселелері . . .
- Некенің мотивтері және ажырасудың себептері. . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Қоғамның негізі - отбасы. Отбасынсыз ешбір қоғамды елестету мүмкін емес. Әке мен шеше ол отбасыныңның қос қазығы. Ал, бала оның - келешегі. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есіңде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі », - десек те артық емес. Қазіргі күні отбасын құруға жастарымыз немқұрайлы қарайды. Олар үшін үйлене салып, бір-екі айдан кейін ажырасып кету түкке тұрғысыз. Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдарламай тұрмайды, бәріне төзу керек. Әрине отау құрғанда алғашқы үш жыл қиынға соғады. Небір қиындықтар да осы жылдары орын алады да көп жастар тіл табыса алмай ажырасып кетіп жатады.
Тақырыптың өзектілігі. Біздің қоғамымызда жастарды отбасылық өмірге дайындайтын арнайы бағдарлама жоқ. Жас отбасыларды мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларының жетіспеуі жастарымызда күйзеліске әкеп соқтырады. 90-шы жылмен салыстырғанда Қазақстанда үйлену мен бала туу үш есеге азайыпты. Осылайша өзі де азайған жас жұбайлардың міндетті түрде жартысы ажырасады. Мұндай жас отбасылардың ажырасуның себептері - ерлі-зайыптылық өмірге дайындықтың жоқтығы, тұрмыстық жағдайға қанағаттанбаушылық, үйлену тойынан кейін тұрғын үйдің болмауы, ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасына туыстарының араласуы болып табылады.
Халықаралық саясатта жаңалықтарды жасайтын, жалпы тарихты жетектеп жүргізіп келе жатқан барлық мемлекеттер күмәніміз болмасын халқы көп, көп болған соң да айбарлы, аруақты мемлекеттер. Біз осы тарихтың тұтқасын қалай ұстау керек, сөйтіп халықаралық саясаттағы жаңалықтарды қалай тудыру керек, яғни қалай көп болу керек соны айтамыз. Әлбетте, бәрімізге белгілі, көбею үшін жастар тез үйлену керек, төрт баладан кем болмау керек. Бұлай деу бірінші тым қарапайым, қарабайыр естіледі, екіншіден, жастар мұны өздері де біледі. Біз үйленіп, бала сүю үшін алдымен жастардың қандай құндылықтар мен қасиеттерді жүрекке жинау керектігін ғана айтамыз. Қысқасы жүрек оянбай отбасы институтының құндылығын білу, сезіну мүмкін емес. Өйткені, отбасы құру үшін үлкен, жылы жүрек, өзінің басын күйттеуден гөрі біреудің, яғни әйелінің, баласының жағдайын көп ойлайтын жан жомарттығы керек.
90-шы жылмен салыстырғанда Қазақстанда үйлену мен бала туу үш есеге азайыпты. Осылайша өзі де азайған жас жұбайлардың міндетті түрде жартысы ажырасады. Қазір жалпы халыққа шаққанда үйленгендер саны 50 пайыздай. Бірақ, бұл көрсеткіш те жылдан жылға кеміп барады. Оның үстіне азаматтық неке деген шыққан. Бұл заңды, салауатты отбасын құратын болашақ отбасылардың анасын, немесе күйеуін алдын-ала былғап, құртып, балалы ғып кететін ең қорқынышты дерт. Ең көп ажырасатындар осы ешкімге айтпай бірге тұрып алатындар екен. Махаббат деген мифпен мас боп жүріп, ақыры бірге тұрып алады. Психологтардың айтуынша ғашықтықтың табиғаты - эгоизм. Яғни, ғашықтықтың қызығына батқысы келгендер іздеген адамының идеалды бейнесін біреудің бойынан “тауып алады”, бұл жалған көрініс, ғашықтардың “Мен сенің бойыңнан ешкім көрмегенді, ешкім байқамағанды көрдім”, - дейтіндері осыдан. Кезіккен адамының бейнесін өзінің арманына ыңғайлап жасап алған соң, сол бейнеден өзі ғана ләззәт алып жүре береді. Әдетте, мұндай ғашықтық бір жылдан арыға созылмайды. Және ғашықтық атаулының бәрі осындай. Құдай махаббатты адамдар бір-біріне қосылып, отбасын құрып кету үшін дәнекер қылып жаратқан шығар. Осы бір жыл ішінде олар үй болып, бала күтіп үлгермесе бұлар міндетті түрде бір-біріне суыйды. Өйткені, таңдау көп. Және бұрынғы адал, аңғал көңіл қайда қазір. Бүгінгі жастың рухани өзегі, ұлттық санасы төменгі дәрежеде, түске дейін биенің құйрығы, түстен кейін түйенің құйрығы, жанына көрек болар құндылық іздеп мың құбылады. Және, бұрынғы бабалар салып кеткен өсиет, тыйымдардан құр алақан ұрпақ нені құрметтеп, нені қадірлеуді де білмейді. Бұлар қазір мүлде құнсыз дүниеге қуанады, болымсызға қайғырады. Қазір, балаларды бір-біріне атастырып қоспайтындықтан жас көңілдің өмірде жоқ идеалын жөңкілген өңкей жастың арасынан жанталасып іздеу, жастық шақта махаббатты ұлы мұрат деп түсіну, оның үстіне қазіргі жастардың ұлттық әдебиетті оқымауы, ата-әженің қазақы тәрбиесін көрмеуі әрине осы азаматтық некеге ұрындырады. Бұрынғыда дейтін әжелер адамдар таза еді, аңғал, адал еді. Атастырған адамнан өзгеге шығам деген күдік те жоқ, ол заманның қыздары атастырған адамына әуелден ғашық бола қалатын. Және менің заманымда дейтін әжем қыздар Абайдың өсиетінен аттамаушы еді. Іштегі кірді қашырса, Хақтықтың түсер сәулесі, жүректің көзі ашылса, адамның хикмет кеудесі. Бүгінідей кәсіби заман емес. Жігіттің басы қадірлі. Рухани мәдениеті мол болса, ниеті түзу болса, хикмет даналық өзі қонады деп отыратын. Қазір, осындай зинақорлық жолмен туған балалар, заңды некемен туылатын балалардың қарқынына жетіп қалған көрінеді. Азаматтық некеден от басқандар тіркелмейді, олар тіпті көп. Сонда, қазір бізде ұлттың жойылуы жүріп жатыр. Келін түсіргендерден сұрасаңыз айтады - қазір барлық түскен келіндер кәрі қыз. Қазақстанда қыздардың тұрмысқа шығатын жасы 24 екен, медицина бойынша да, қазақы салт бойынша да бұл кәрі қыздың жасы. Күйеу балалар да кәрі. Үйленетін ердің жасы қазір 25-27. Демографияның теориясы бойынша бұл жойылуға бет бұрған ұлтта болатын құбылыс. Қазір, 25-тен асып кеткен, некеге тұрмаған жастар саны 2 жарым миллион. Бұл 14 миллион халыққа демография ғылымы бойынша шамадан тыс көп. Қазақстанда бала туыты осының кесірінен қауіпті шкаладан асып кеткен.
Мұның бәрі адамдардың жүрегінің отбасы құндылықтарын сезінбейтін, селт етпейтін бір кесек етке айналғынан шығып жатыр. Философия ғылымдарының докторы Рүстем Қадыржанов кез-келген ұлттың басты мақсаты - өзін-өзі өндіру, сақтау, өмірді жалғау дейді. Кез-келген ұлттың сәби кезінде, есейген, индустриалды дәуірге кірмей тұрған дәстүрлі қоғамындағы әдет-ғұрпы, яғни өмір сүру процесі осы ұлттың өзін-өзі сақтау инститктінен, яғни отбасын құру мен бала дүниеге келгенде жасалатын рәсім-ритуалдар жиынтығынан тұрады екен. Қазақтың салты, төсек тойынан, бесік тойына дейін, қыз ұзату, құдаласуына дейін бүкіл салт-дәстүрі тек осы отбасын құру мен бала тапқан қуанышқа ғана құрылған. Сонда ұлттың ең үлкен мұраты ұрпақты аяқтандыру екен. Ұлт ұрпақ арқылы жаңарып, өмірін жалғаса, ұрпақ тек салауатты отбасы арқылы аяқтанып, ұлтты иығына арқалап ары асырады. Сонда, үйлену мұқым адамзаттың өзін-өзі сақтау инстинкті, саналы һәм бейсана салты. Бұл салттарды мысалы үшін киіз үйдің ішінде отырған қазақ ұл-қызына дәріс оқып, стратегиялық маңыздылығын түсіндірмеген. Бұлар күнделікті өмір салты еді. Сондықтан, интеллектуалды-техникалық дәуірге дейінгі халық салты адамзаттың, жалпы адамшылықтың таза, тұнық қалпын көрсетеді. Еуропадан түңілгенде қазіргінің бір ғалымы “Идея человечества покинула Европу” деген екен. Ол мұны ең алдымен Батыстағы отбасы институты әлсіреп, бойдақтар заманы туғанда, қызтекенің бір-біріне үйленгенін адам құқы деп Еуропаның заңдастырған кезінде ашынып айтыпты. Біз де бүгін “Қазақ идеясы, жалпы адам идеясы қазақ даласын тастап, үркіп ұшты” деуімізге әбден болады. Өйткені, қазақтың қазіргі адамның жүрегі селт етпейтін, сондықтан ұстанбайтын бұрынғы бейсана ғұрыптары табиғи таза, адами инстинктері ұмытылған сайын отбасын құру ұмытылып, жеке бастың жауапсыздығы жеңіп барады. Жағдайым нашар, отбасымды баға алмаймын деген қазір жауап болудан қалды. Тұрмыс түзелді. Еті тірі жігітке бес бала мен бір қатынды асырайтын жағдай жасалған. Кілтипан жүректе, оны басқа, болмайтын арзан мақсаттар жаулап алған. Бұл біріншіден адам баласының индустриалды қоғам үшін жаралмағанын дәлелдейді. Ғылым қанша дамығанмен адам идеясы, оның өзі сақтау инстинкті индустриалды елдерді тастап шықты. Бұдан адамның алғашқы, шынайы мекені - аңыз, жаны жай табатын, адамшылықты сақтайтын тұрағы - ертегі екенін көреміз. Адамның жер бетін бүлдіріп, тамақ асырауын ақтап алар жалғыз жұбанышы - ұрпақ үшін тамақ табу, сол үшін тірі жүру. Жоқ адамға жан сыйлау. Дүние есігін ашатын жаңа өмірге жылы ұя құрып қойып, күтіп алу. Қазақта біреуге жапқан шапаның жаныңды, балаға жайған жаялық, жүрегіңді жылытады деген сөз бар. Жүрегі жылы адамды қазақ бір ауыз сөзбен жақсы адам дейді. Ал, жаңағы айтқан ертегідегі сол ханның қосылып мұратына жетіпті дегендегі мұрат жақсы адам болып өтті дегені. Жаялық жайып жүрегі жылыған адам жақсы адам - ұлы мұрат осы. Ұлттың таза кезінде шыққан ертегіден халықтың өзін-өзі сақтау пиғылын анық көреміз. Және жеті атадан бері қосылмай жеті тауды асып өтіп, жеті суды кешіп өтіп жар таңдайтын қазақ үшін, құдасына құрығанда сүр еттен сыбаға сақтайтын қазақ үшін ұлдың үйленуі, қыздың ұзатылуы ұлттың салт-сана тұтастығын сақтайтын жалғыз жалғау. Өзбек әкәміз алыстан қыз алмай, қыз алмаған соң араласпай қазір бір ауданның өзбегі бір ауданға ұқсамайды, Ферғананың өзбегі Самарқанның өзбегінен биі де, сөзі де бөлек. Сондықтан, кейде өзбекті ғалымдар ұлт деп санамайды. Территориялық, саяси бірлік деп те анықтайды. Ал, біздің қазақ алыстағы құдасына жиеніне серкеш айдатып, нағашыға тай мінгізіп әуре. Сондықтан, ұлттың тұтастығын, өсуін, өнуін, мысы басып, өзге жұрттан көптігімен мерейі асып тұрғанын, яғни үйленуді ойламайтын жігіт, бойдақ қазақ ұлт жайлы, мемлекет жайлы, үкіметтің жұмысы жайлы әңгіме айтып, өтірік ұлтшылдық көрсетіп, көлгірсімесін. Әуелі әскерге аламан қос, бес баланы оқытып үкіметке дайын маман сыйла. Үйленбеген жігіттің ұлтшыл болуға, жақсы атануға қақы жоқ.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінен жәнет оны зерттеу қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерінен дипломдық жұмыстың мақсаты мен негізгі міндеттерін айқындау мүмкіндіктері туады.
- Біздің тепсе темір үзетін азаматтарымыз бен бала табатын жастағы бойжеткен қыздарымыздың бас қосып, шаңырақ көтеруге асықпауы.
- Жастарды отбасылық өмірге даярлықтың болмауы
- Жас отбасының мәселелерімен айналысатын ұйымдар жүйесін жетілдіру
Отбасы қоғамның институты ретінде
Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.
Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.
Ер мен әйел - отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады.
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі - тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі - баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы - бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол», - дейді.
Қиналарлық жағдайлар да бар. Арақ ішу, тәртіп бұзу, бұзақы сөздер сөйлеу, жатып ішерлік - мұның бәрі адам тәрбиелеуге теріс әсерін тигізеді.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.
Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.
Отбасы - ежелден қалыптасып ғана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады.
Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т. б зерттеу.
Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, Құқықтанудың, этнографияның, психолгияның, педогогиканың, демографияның зерттеу обьектісі болып саналады. Олардың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырады. Әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік тпотың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдалықтарын зерттейтін әлеуметтанудың саласы.
Социологияның негізін салушы О. Конт қоғамды зерттеу үшін, алдымен, отбасына көңіл бөлу керек деп есептеді. Ол отбасыны индивид бағыну мен басқаруға үйрететін кішкене қоғам деп есептеді. Отбасы, Конттың пікірінше, оның үлгісі бойынша қоғам құрылатын негізгі элемент, әлеуметтік өмір мектебі деп есептеді.
Отбасы социологиясы - отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әртүрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т. б зерттеу болып табылады.
Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет етуін тарихтын қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әртүрлі қызметке байланысты. Социологияның пайда болуымен тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы - адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды, -дейді.
Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі. оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретінде зерттейді.
Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасыны қарастырғанда неке-отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әртүрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге саыру тиімділігіне және т. б баса назар аударылады.
Отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде қазірігі отбасының даму кензеңдерінің, құрылымдарының және атқаратын қызметтерінің қалыптасу жағдайлары, әке-шешемен олардың ұрпағының арасындағы өзара қатынас, отбасындағы міндеттерді әркімге бөлу, ажырасудың себептері мен мотивтері және т. б мәселелер қарастырылады.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда отбасы белгілі бір локалдық құрылымы және атқаратын әлеуметтік қызметтерінің ерекшеліктері арқылы сипатталады.
Отбасының локалдануы - бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қалмай туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін мойындайды, сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы мүшелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі үнемі ұшырасып тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда отбасыны қоғамның экономикалық ұясы ретінде қарстыруға болады.
Отбасының құрылымы - бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады. Отбасының құрылымы мен тәртібі, Өмір салты, дәстүрі, өзге отбасылармен және қоғаммен өзара қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты.
Отбасылары қоғамдық басқада институттар іспетті белгілі бір функциялар атқарады. Отбасының функциясы дегеніміз оның белгілі бір әлеуметтік салалары бар қызметі. Өз институттардың атқаратын міндеттерінен мұны жеке-дара бөліп көрсету үшін отбасы қызметін рекшелікті және ерекшеліксіз деп ажыратылады. Отбасының ерекшелікті қызметтері оның отбасылық мәнінен келіп шығады және қоғамдық құбылыс ретінде отбасының ерекшеліктерін бейнелейді, ал ерекшеліксіз қызметтер белгілі бір тарихи жағдайға орай еріксізден немесе бейімделуден туындайтын отбасының міндеттері. Отбасының ерекшелікті қызметтеріне:
- халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;
- балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды)
- балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру) жатады.
Бұл қызметтер қоғамның әр дәуірде өзгерістерге түсуіне қарамастан отбасының ертеден келе жатқан міндеттері болып саналады.
Отбасының ерекшеліксіз қызметтері жеке меншіктің жинақталып қорлануы мен оған ие болу жөніндегі статусы, өндіріспен тұтынуды, үй шаруашылығын жүргізуі мен демалуды ұйымдастыруды, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен амандығын қамқорлық, микроахуалды жасауды қамтиды.
Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т. б) олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.
Отбасының эмоционалды қызметі - оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалды денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.
Рухани қарым-қатынас қызметьі - бос уақытты бірлесе отырып өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.
Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі - Отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшеліктерін, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т. б) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті қамтамасыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz