Қиял туралы түсінік



Жоспар:
I .Кіріспе
1. Қиял туралы түсінік
2. Қиял түрлері
II . Негізгі бөлім
1.Қиялдың айрықша сипаттары
2. Қиялдың дамуы
3. Қиялдың адам өміріндегі орны
III . Қорытынды
Кіріспе
І. Қиял туралы жалпы түсінік.
Қиялдеп – бұрынғы қабылдаған елес бейнелерін өзгертіп бір-біріне қосып, өңдеп, қайтадан бейнелеуді айтады. Қиял объективтік дүниені жүйкеде сәулелендірудің айрықша бір түрі. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың, сезімдерге келтіретін тікелей әсері арқылы пайда болатын қабылдаулар, олардан райда болатын елестеулер бір қалыпта тұрмайды, ақыл-ой елегінен өтіп, өзгеріп, бір-біріне қосылудың нәтижесінде бейнелеудің тағы бірі – қиял пайда болып отырады. Қабылдау арқылы пайда болған елестеулер, кейін ақыл-ойдың таразынан өтеді. Адам ол елестеулерді өзгертеді, бірімен-біріне қосады, ақыл осының нәтижесінен жаңа елестер пайда болдырады.
Өткен тәжірибедегі кейбір оқиғаларды, құбылыстарды еске түсірерде олардың кейбір жақтарын, сипаттарын адам ұмытып қалуы да мүмкін. Сондықтан кейін еске түсіргенде ол құбылыстарды, оқиғаларды толықтырып, көрнекті етіп, ұмытып қалған жерлерін адам жаңалап, өзгертіп отырады. Мысалы, біз ешуақытта Мұзды Мұхитты көргеніміз жоқ, бірақ оқыған кітаптардан, не біреуден естігеніміз, суреттерін көргеніміз арқылы оның қандай болатынын елестетіп отырамыз.
Адам әрекетінің қай түрі болмасын оған ойлаумен қатар қиял керек. Кісі әрекетке кіріспестен бұрын өз еңбегінің нәтижесінің қандай болатындығын көз алдына елестетіп отырады. К.Марк: “Нашар сәулетшіні еңбекқор арамен салыстыра келіп, сәулетшіні нашар болса да, оның арадан ілгері тұратындығын, егер ара омарта салғанда оның қандай болатындығын ерте бастан көз алдына елестете алмай, тек соқыр сезімдері арқылы әрекет етсе, қандай нашар сәулетші болғанымен ерте бастан салатын үйі мен


сарайларының қандай болатынын көз алдына елестете алады”, - дейді. К.Маркс бұл жерде қиялдың адам өміріндегі маңызы туралы айтып отыр.
Пайдаланған әдебиеттер:
1 . Намазбаева “Психология” Алматы “Білім” 2007ж
2 .Қ.Жарықбаев “Жантану” Алматы Шұғыла 2008ж
3 .Қ.Сейталиев “Жалпы психология” Алматы Білім 2007ж
4 .Интернет көздері

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I . Кіріспе

1. Қиял туралы түсінік

2. Қиял түрлері

II . Негізгі бөлім

1. Қиялдың айрықша сипаттары

2. Қиялдың дамуы

3. Қиялдың адам өміріндегі орны

III . Қорытынды

Кіріспе

І. Қиял туралы жалпы түсінік.

Қиял деп – бұрынғы қабылдаған елес бейнелерін өзгертіп бір-біріне қосып, өңдеп, қайтадан бейнелеуді айтады. Қиял объективтік дүниені жүйкеде сәулелендірудің айрықша бір түрі. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың, сезімдерге келтіретін тікелей әсері арқылы пайда болатын қабылдаулар, олардан райда болатын елестеулер бір қалыпта тұрмайды, ақыл-ой елегінен өтіп, өзгеріп, бір-біріне қосылудың нәтижесінде бейнелеудің тағы бірі – қиял пайда болып отырады. Қабылдау арқылы пайда болған елестеулер, кейін ақыл-ойдың таразынан өтеді. Адам ол елестеулерді өзгертеді, бірімен-біріне қосады, ақыл осының нәтижесінен жаңа елестер пайда болдырады.

Өткен тәжірибедегі кейбір оқиғаларды, құбылыстарды еске түсірерде олардың кейбір жақтарын, сипаттарын адам ұмытып қалуы да мүмкін. Сондықтан кейін еске түсіргенде ол құбылыстарды, оқиғаларды толықтырып, көрнекті етіп, ұмытып қалған жерлерін адам жаңалап, өзгертіп отырады. Мысалы, біз ешуақытта Мұзды Мұхитты көргеніміз жоқ, бірақ оқыған кітаптардан, не біреуден естігеніміз, суреттерін көргеніміз арқылы оның қандай болатынын елестетіп отырамыз.

Адам әрекетінің қай түрі болмасын оған ойлаумен қатар қиял керек. Кісі әрекетке кіріспестен бұрын өз еңбегінің нәтижесінің қандай болатындығын көз алдына елестетіп отырады. К.Марк: “Нашар сәулетшіні еңбекқор арамен салыстыра келіп, сәулетшіні нашар болса да, оның арадан ілгері тұратындығын, егер ара омарта салғанда оның қандай болатындығын ерте бастан көз алдына елестете алмай, тек соқыр сезімдері арқылы әрекет етсе, қандай нашар сәулетші болғанымен ерте бастан салатын үйі мен

сарайларының қандай болатынын көз алдына елестете алады”, - дейді. К.Маркс бұл жерде қиялдың адам өміріндегі маңызы туралы айтып отыр.

Қиялдың басты екі функциясын атап өтуге болады. Бірі – оның әрбір шығармашылық іске керектігі, екіншісі – оның адам мұқтаждықтарымен, сезімдерімен және барлық рухани әрекеттерімен байланысты туып отыруы. Қиял адамның кез-келген әрекетінде орын алады деп жоғары да айттық. Ой бар жерде қиял бар, қиялсыз ойда болмайды.

В.И.Ленин: “Ең жай жалпылауда, ең жауапты идеяда қиялдың түйіршігі бар” деп бекер айтпаған. Мысалы, “стол” деген сөзді алсақ, ол жалпы мен дерексіз сөз. “Стол” ұғымын нақты қабылдауға қиын өйткені оны қолмен ұстап, құлақпен естіп, сезуге болмайды. Өйткені жалпы “стол” – жоқ, тек жеке “стол” ғанаболады. Егер адам келешекте не істейтінін, кім болғысы келетінін қиялдаса, оның басында қиял бейнелері туындайды. Қиялдың әдебиетте, ғылымда, өнерде, техникада алатын орны ерекше екендігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Егер ерте бастан адам не істейтінін ой, қиял арқылы ойламаса, келешекті болжамаса, онда адамның ешбір әрекеттері әдебиетте болсын, ғылымда болсын бір орнында тұрып, алға қарай жылжымас еді.

ІІ. Қиял түрлері

Қиялды іс-әрекетіне қарай екі түрге бөлуге болады. Бірі – өткенді еске түсіретін қиял, Екіншісі – қайта жасау қиялы.

Адам өткенді еске түсіргенде бұрынғы қабылдаған заттарды, болмыстарды сол күйінше, бір-бірінсіз еске түсіру өте қиын. Түрлі себептермен көбінесе бұрынғы қабылдаған нәрселердің кей жақтары ұмытылады. Бірақ кейіннен оларды қосып толықтырып отыратын болады. Суреттеп жазғанда, не сызғанда, адамның соларды ұайтадан өңдеп, жаңартып бейнелеуін қайта жасау қиялы дейді.

Қиялды пайда болу сипаттарына қарай белсенді, енжар қиял деп екіге бөлуге болады. Егер алдымызға ешқандай мақсат қоймай, жай нәрсені ойлап, кездейсоқ қиял бейнелерін тудыратын болсақ – бұл қиял енжар қиял болады. Мұның іс-әрекетке тигізер ешқандай ықпалы болмайды. Егер әдейілеп еркімізді, жігерімізді жұмсап алдымызға мақсат қойып қиялданатын болсақ мұндай қиял белсенді қиял деп аталады. Мұның негізгі түрі – шығармашылық қиял. Оның басты бөліктері өнер саласында ғылым мен техникада жан-жақты өріс алып отырады.

Қиялдың ерекше бір түрі – арман. Бұл келешекте адамның көзқарасынша жүзеге асуы, орындалуы мүмкін, тікелей іс-әрекетпен байланыспаған жай тілек, қалау ғана. Адам армандағанда алдына бір мақсат қойып, тілегіме жетсем екен деп ойлайды, оған тілегі орындалатындай іске асатын болып көрінеді. Арман кісіні іске жұмылдыратын түрткі деуге болады. Өйткені шындықпен орайлас арман адамның алдына мақсат қойып, оған күш-қуат беріп, оны белсенді түрде әрекет етуге итермелеп отырады. Бірақ арманды іс жүзіне асыру үшін ол кісі де күшті ерік-жігер болуы керек, мұнсыз баста пайда болған арманды іс жүзіне асыру қиын.

Адам қиялы ерік-жігерімен, нақты шындықпен байланыспаса, өз мұқтажымен тілегін ой арқылы ғана қиялдайтн болады. Әрине, мұндай ой адамға қиял бітірмейді, қайта оны басып-жаншып отырады, мақсатына демеу бола алмайды, өйткені ол ешқашан жүзеге аспайды. Құрғақ қиялға, мұңға шомған адам салдыр-салақ, жалқау еріншек, болбыр болып келеді. Мұндай қиял еңбекті сүймейтін, одан қашқақтайтын адамдарда жиі кездеседі.

Адамның іс-әрекеті жан-жақты. Ол өзінің еңбегімен табиғатты өзгертеді, табиғатта жоқ нәрсені жасайды. Өзендердің бағытын өзгертеді, су-электр станцияларын салады, күрделі құбылыстарды іске асырады, күрделі

машиналар мен тұрмыстық заттарды, сонымен қатар жаңа технологияны өндіріске ендіреді.

ІІІ. Қиялдың айрықша сипаттары.

Адамның қиялы тәнінде болатын кейбір органикалық ағымдарға әсер етіп, өз қиялымен байланысып отыруы мүмкін. Қиял арқылы бұрынғы елестерді бір-біріне қосып, құрастырып, жаңа елестеулер жасау жолының бірнеше әдіс-тәсілдері бар.

Қиялды зерттеудің әдістері туралы психологиялық оқулықта көрсетілген, бірақ оқулықта көрсетілмеген, кейбір кезде кездесетін өте қате әдістер туралы біраз айтып кеткен жөн. Оқулықта көрсетілген әдістерден басқа кейбір психологиялық педагогикалық шығармаларда мына төмендегі әдістердің ұшырауы мүмкін. Қиял бейнелерін жасалу жолын анықтауда қағаздағы сияның дағын зерттеудің маңызы зор. Мәселен, қағаздың ортасына сия тамызып, сол жерін екіге бүктеп, мұның нәтижесінде пайда болған дақты балаға кқрсетіп Мынау қандай затқа ұқсайды? Десе, оған қайтарған жауап бала қиялының қандай дәрежеде дамып қалыптасқанын аңғартады.

Қиялды “зерттеу” әдісінде балаға кейбір заттардың суреті пунктир сызығымен көрсетіледі де, Мынау сурет неге ұқсайды? Деп сұралады, мұнда да олардың жауабына қиялдың даму деңгейі оларда қандай екенін байқаймыз.

Бөлшектер арқылы геометриялық фигураларды бөліп, балаға осы бөлшектерден түрлі фигуралар құрастыр деп тапсырма береміз. Баланың фигураларды құрастыруына қарап оның қиялы қандай екендігін аңғартуға болады. Бірнеше сөзден сөйлем құрастыру әдісінде балаға 3-4 сөз беріп осылардан мағыналы сөйлем құрастыр дейді. Баланың сөйлем құрастыруына қарай олардың қиял ерекшелігін ажыратуға болады. Мәселен, зерттеуші

“бала”, “ойын”, “ақша” деген үш сөзді береді де осы сөзден сөйлем құрастыр дейді.

IV. Қиялдың дамуы

Қиял бейнелерінің пайда болуы елестеудің пайда болуы мен, оларды еске түсіре алумен байланысты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным процестер және олардың инженерлік ерекшеліктері
«Батырлық ертегілер»
Әдеби теориялық ұғым туралы жалпы түсінік
БАЛА ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Жалпы психология пәні
Әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту
Ойлау, қиял және творчестволық iс
Қиялдың дамуы
Қиял турлы жалпы түсінік
Адамның даралық психологиялық сипаттары туралы
Пәндер