Бұлтартпау шараларының түсiнiгi және жалпы сипаттамасы



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТҮСIНIГI ЖӘНЕ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Бұлтартпау шараларының түсiнiгi және олардың қылмыстық iс жүргiзудегi маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Бұлтартпау шараларының түрлерi және оларды қолданудың кейбір мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2 БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫН ТАҢДАУ КЕЗIНДЕ
ЕСКЕРIЛЕТIН МӘН.ЖАЙЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.1 Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер және өзгеде мән.жайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
2.2 Бұлтартпау шараларын сезiктiге қатысты қолдану ерекшелiктерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40

3 БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫН ҚОЛДАНУДЫ РӘСIМДЕУ ... ... ... ... ... ..44
3.1 Бұлтартпау шараларын қолдану тәртiбi және процессуалдық рәсiмдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
3.2 Бұлтартпау шараларын өзгерту немесе жою ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
3.3 Бұлтартпау шараларын қолданудың заңдылығын прокурорлық қадағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары (Конституция 1-бап).
Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады (Конституция 12-бап. 2-тармақ).
Құқықтық мемлекет құру жолында бұл қағидалардың сақталуының маңызы зор.
Адамдардың көзқарасы, жүріс-түрысы ережелері, психологиясы т.б., жалпы айтқанда қондырмалық институттар базистік қоғамдық қатынастарға, сәйкес формацияға тә>елді болғандықтан да экономикалык фактор ең негізгі себеп болып суырыльш шығады. Экономикалық қолайсыз жағдай, қоғамның исәне жеке адамның санасына үялап, қоғамға жат мінез-қүлықты тудырады, бірақ ол белгілі бір әлеуметтік топ деңгейінде, жеке адам деңгейінде көрініс табады. Бұлтартпау шаралары iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шараларының бiр түрi. Оларды қолдану сөзсiз белгiлi бiр мөлшерде адам құқығын шектейдi. Мысалы, қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасы адамның жеке бас бостандығына құқығын шектейдi. Бұлтартпау шаралары мәселесiнiң маңыздылығына келсек, бұл шаралардың айыпталушы мен сезiктiге қатысты қолданылуында. Яғни, адам бұл жағдайда әлi кiнәлi деп танылмайды. Себебi, кiнәлi ретiнде тек сот қана таниды. Ал, бұлтартпау шарасын iс жүргiзушiлiк басқа да органдар: прокурор, тергеушi қолдана алады. Сондықтан да, бұлтартпау шарасын қолданғанда аса мұқият болу керек. Өйткенi, адам құқығы шектелiп, кейде кiнәсiз тұлғалар қиыншылық көрiп қалуы мүмкiн. Мұндай жағдайды болдырмау үшiн, бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы лауазымды тұлғаларда бұл жөнiнде терең бiлiм болуы қажет. Өз кезегiнде заң мәжбүрлеу шараларын қолданғанда арнаулы процессуалдық кепiлдiктердi көрсетедi. Атап айтсақ, адам тек қана прокурордың санкциясымен немесе сот шешiмiмен қамауға алынады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

1 Нормативтiк - құқықтық актiлер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл 30 тамызда қабылданған;
2. Всеобщая Декларация прав человека, 1948;
3. Международный пакт о гражданских и политических правах от 16 декабря, 1966 г.;
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iстер жүргiзу Кодексi. (09.12.1998 ж., 29.03.2000 ж., 05.05.2000 ж., 16.03.2001 ж., 11.07.2001 ж., 16.07.2001 ж., 06.11.2001 ж., 19.02.2002 ж., 22.02.2002 ж., 09.08.2002 ж., 21.12.2002 ж., 25.09.2003 ж. енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескерiп);
5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексi. (2000 жылғы 5 мамырда, 2001 жылғы 16 наурызда, 2002 жылғы 21 желтоқсанда енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескерiп);
6. “Сезiктiлер мен айыпталушыларды қамауда ұстаудың тәртiбi мен шарттары туралы”. Қазақстан Республикасының 30.03.1999 жылғы заңы;
7. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» 25.12.2000 жылғы ҚР Заңы.
8. “Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы” ҚР Президентiнiң 21.12.1955 жылғы заң күшi бар жарлығы;
9. “Тергеу мен анықтаманың заңдылығына прокурорлық қадағалау жүргiзудi ұйымдастыру туралы” ҚР Бас Прокурорының 30.07.1999 жылғы № 65 бұйрығы;
10. “Қамауда ұстаудың мерзiмiн ұзарту тәртiбi туралы” ҚР Бас Прокурорының 17.04.1997 жылғы № 6 нұсқауы.



2 Негізгі әдебиеттер

1. Алексеев Н.С., Лукашевич В.З., Элькинд П.С., Уголовный процесс, Москва, Юридическая литература, 1972 г.
2. Божьев В.П., Уголовный процесс. Москва, 1998 г.
3. Белкин Р.С. Криминалистика, Москва, 2001.
4. Власова Н.А., Уголовный процесс. Курс лекции. Москва, 2000 г.
5. Гуценко К.Ф. Уголовный процесс. Москва; Зерцало. 1997;
6. Лупинская П.А., Уголовно-процессуальное право, Москва, Юристъ, 1999
7. Оспанов С.Д. Уголовный процесс. Алматы, 2000 г.
8. Сулейменов М.К., Уголовно-процессуальное право РК. Алматы, 1998 г.
9. Төлеубекова Б.К., Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы, Жалпы бөлім, Алматы, 2000 ж.
10. Якупов Р.Х. Уголовный процесс, Москва, 1998 г.

3 Арнайы әдебиеттер
1. Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования. Алматы,1997;
2. Ахпанов А.Н. Возбуждение уголовного преследования и приминения мер процессуального принуждения. Караганда, 2000;
3. Ахпанов А.Н., Сарсенбаева Т.Е. Примерные образцы уголовно-процессуальных актов досудебного производства, Астана, 2000 г.
4. Брайнин М.С. Меры процессуального принуждения в советском уголовном процессе.Свердловск,1953;
5. Викторов Б.А. Общие условия предварительного следствия, Москва, 1971 г.
6. Гуткин И.М. Меры пресечения в советском уголовном процессе. М,1963;
7. Давыдов Л.М. Меры пресечения в советском уголовном процессе. Свердловск,1953;
8. Еникеев З.Д. Проблемы эффективности мер уголовно-процессуального пресечения. Казань, 1982;
9. Жалыбин С.М., Защита прав граждан в уголовном судопроизводстве. Монография, Алматы, Жеті-Жарғы, 2002 г.
10. Зинатулин З.З. Уголовно-процессуальное принуждение и его эффективность. Казань, 1981;
11. Коврига З.Ф. Уголовно-процессуальное принуждение. Воронеж,1975;
12. Комментарий к УПК Республики Казахстан, Общая часть, под ред. И.И.Рогова, К.А.Мами, и С.Ф.Бычковой Алматы, 2002 г.
13. Комментарий к УПК Республики Казахстан, Особенная часть, под ред. И.И.Рогова, К.А.Мами, и С.Ф.Бычковой, Алматы, 2003 г.
14. Комментарий к УПК КазССР Отв. Редактор Э.С. Зеликсон, Ю.Д. Лившиц. Алма-Ата,1969;
15. Комментарий к УПК Украинской ССР Отв.редактор П.П. Цупренко. Киев,1984;
16. Корнуков В.М. Меры процессуального принуждения в уголовном судопроизводстве. Саратов,1978;
17. Көкшетау қалалық сотының архиві. 1998-1999 жылдар.
18. Қазақша-орысша терминологиялық сөздік. Заңтану, Алматы, Рауан, 2000 ж.
19. Лившиц Ю.Д. Меры пресечения в советском уголовном процессе. М; 1964;
20. Люблинский Г.И. Меры пресечения. М; 1926;
21. Манаев Ю.В. Применение мер пресечения следователем. Волгоград, 1976;
22. Михайлов В.А. Меры пересечения в Российском уголовном процессе. М; 1967;
23. Насыров Г.Х. Арест как мера пресечения в уголовном процессе и его правовая регламентация// Предупреждение преступности. Криминологический журнал, №2 (6) 2003 г.
24. Петрухин И.П. Свобода личности и уголовно- процессуальное принуждение. М; 1985;
25. Рыжаков А.П. Меры пресечения. М; 1996;
26. Сухарев А.Я., В.Е.Крутских, Большой юридический словарь, Москва, 2000 г.
27. Шынарбаев Б.К., Жас тергеушілер мен анықтаушыларға арналған әдістемелік ұсынымдар. Оқу-тәжірибелік құрал, Қостанай, 2002 ж.
28. Элькинд П.С. Цели и средства их достижения в советском уголовно-процессуальном праве. М; 1976;

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1 БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТҮСIНIГI ЖӘНЕ
ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..6
1.1 Бұлтартпау шараларының түсiнiгi және олардың қылмыстық iс
жүргiзудегi
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .6
1.2 Бұлтартпау шараларының түрлерi және оларды қолданудың кейбір
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...12

2 БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫН ТАҢДАУ КЕЗIНДЕ
ЕСКЕРIЛЕТIН МӘН-
ЖАЙЛАР ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
32
2.1 Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер және өзгеде мән-
жайлар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.2 Бұлтартпау шараларын сезiктiге қатысты қолдану
ерекшелiктерi ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

3 БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫН ҚОЛДАНУДЫ РӘСIМДЕУ ... ... ... ... ... ..44
3.1 Бұлтартпау шараларын қолдану тәртiбi және процессуалдық рәсiмдеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 44
3.2 Бұлтартпау шараларын өзгерту немесе
жою ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
3.3 Бұлтартпау шараларын қолданудың заңдылығын прокурорлық
қадағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
6

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам
және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары (Конституция 1-бап).
Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар
абсолюттi деп танылады, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң
мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады (Конституция 12-бап. 2-
тармақ).
Құқықтық мемлекет құру жолында бұл қағидалардың сақталуының маңызы зор.
Адамдардың көзқарасы, жүріс-түрысы ережелері, психологиясы т.б., жалпы
айтқанда қондырмалық институттар базистік қоғамдық қатынастарға, сәйкес
формацияға тәелді болғандықтан да экономикалык фактор ең негізгі себеп
болып суырыльш шығады. Экономикалық қолайсыз жағдай, қоғамның исәне жеке
адамның санасына үялап, қоғамға жат мінез-қүлықты тудырады, бірақ ол
белгілі бір әлеуметтік топ деңгейінде, жеке адам деңгейінде көрініс табады.
Бұлтартпау шаралары iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шараларының бiр түрi. Оларды
қолдану сөзсiз белгiлi бiр мөлшерде адам құқығын шектейдi. Мысалы, қамауға
алу түрiндегi бұлтартпау шарасы адамның жеке бас бостандығына құқығын
шектейдi. Бұлтартпау шаралары мәселесiнiң маңыздылығына келсек, бұл
шаралардың айыпталушы мен сезiктiге қатысты қолданылуында. Яғни, адам бұл
жағдайда әлi кiнәлi деп танылмайды. Себебi, кiнәлi ретiнде тек сот қана
таниды. Ал, бұлтартпау шарасын iс жүргiзушiлiк басқа да органдар:
прокурор, тергеушi қолдана алады. Сондықтан да, бұлтартпау шарасын
қолданғанда аса мұқият болу керек. Өйткенi, адам құқығы шектелiп, кейде
кiнәсiз тұлғалар қиыншылық көрiп қалуы мүмкiн. Мұндай жағдайды болдырмау
үшiн, бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы лауазымды тұлғаларда бұл жөнiнде
терең бiлiм болуы қажет. Өз кезегiнде заң мәжбүрлеу шараларын қолданғанда
арнаулы процессуалдық кепiлдiктердi көрсетедi. Атап айтсақ, адам тек қана
прокурордың санкциясымен немесе сот шешiмiмен қамауға алынады.
Демек, бұлтартпау шарасын қолданатын лауазымды тұлғада терең бiлiмнің
болуы және заңда көзделген процессуалдық кепiлдiктердiң сақталуы адамды
заңсыз жауапқа тартуды, оның құқығын заңсыз шектеудi болдырмаудың бiрден-
бiр амалы.
Бұлтартпау шарасы туралы ғалымдар Ю.Д. Лившиц, А.Н.Ахпанов, В.
Люблинский, А.П. Рыжаков, З.Д. Еникеев, Л.И.Даньшина, И.М. Гуткин, В.А.
Михайлов, Зинатуллин З.З, В. Шимановский, В.Т. Очередин, З.Ф. Коврига, В.Н.
Корнуков еңбектерi бар.
Сонымен қатар бұл тақырыпта Н.М. Савгирова, П.С. Элькинд, В.М. Клюков,
М.С. Брайнин, П.М. Давыдов ғылыми жұмыстар жазған.
Аталған ғалымдардың басым көпшілігі Ресей зерттеушілері. Демек, егеменді
елімізде адамдардың Конституциямен кепілденген құқықтары мен бостандықтарын
шектейтін бұлтартпау шаралары институтына қатысты еңбектер өте аз.
Бұл диплом жұмысын жазудың басты мақсаты - бұлтартпау шараларын
қолданудың маңызды мәселелері туралы, оны тәжірибеде қолданушы құқық қорғау
органдарының қызметін жетілдіруге теориялық тұрғыда зерттеу арқылы
көмектесу болып табылады.

1 БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТҮСIНIГI ЖӘНЕ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1. Бұлтартпау шараларының түсiнiгi және олардың қылмыстық iс
жүргiзудегi маңызы
Бұлтартпау шаралары қылмыстық iс жүргiзудегi iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу
шараларының бiр түрi болып табылады. Бұл шаралар тек заңмен көзделген
нысанда және әдiлсоттың мақсатына жету үшiн қолданылады. П.С. Элькинд
қылмыстық iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шараларын қолданғанда орындалуы қажет
3-шартты көрсетедi.
1. Тек қана қылмыстық iс жүргiзуде қолданылады;
2. Кiмге қатысты және қалай қолданылатындығы заңмен көзделуi қажет;
3. Оларды қолдану iс жүргiзушiлiк кепiлдемелер және прокурорлық
қадағалаумен қамтамасыз етiлуi тиiс.
Iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шараларын қылмыстық жазалау шараларынан
ажырата бiлу қажет. Жаза тек сотпен қылмыстық iс бойынша кiнәлi деп
танылған адамға тағайындалады. Ал мәжбүрлеу шаралары болса, тек сотпен ғана
емес, сонымен қатар тергеушiмен, прокурормен қолданылуы мүмкiн және де
мәжбүрлеу шараларының мақсаты қылмыстық iс жүргiзудiңң қажеттiлiгiнен
туындайды.
Заңнамаға және заң әдебиеттерiне көз жүгiртсек мәжбүрлеу шараларының
iшiнде көп кездесетiнi және тәжірибеде жиі қолданылатыны бұлтартпау
шаралары. Олар мәжбүрлеу шараларының алдын-алу немесе сақтандыру түрлерiне
жатады. Заң әдебиеттерiнде бұлтартпау шараларына байланысты бiрнеше
анықтама берiлген.
З.З. Зинатуллин “бұлтартпау шаралары – анықтау, тергеу және прокуратура
органдарының айыпталушыға, ал соттың үкiм заңды күшiне енгенге дейiн
сотталушыға тек заңда көзделген реттерде қолданылатын және мақсаты мұндай
тұлғаларға тергеу мен соттан жалтаруды, объективтiк шындықты ашуға кедергi
келтiрудi немесе қылмыстық iсiн жалғастыруды болғызбау болып табылатын
қылмыстық iс жүргiзушiлiк сипаттағы мәжбүрлеу құралдарың десе, Ю.Д. Лившиц
бұған қоса бұлтартпау шараларын “алдын-алу сипатындағы тек нақты
қажеттiлiк болғанда ғана қолданылатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шаралары“ деп
көрсетедi.
В.А. Михайлов бұлтартпау шараларының мәселесiн қылмыстық iс жүргiзудiң
теориясы құқығы және практикасы тұрғысынан зерттейдi. Оларды (б.ш.)
қылмыстық iс жүргiзудегi мәжбүрлеу шараларының бiрi ретiнде қарастырумен
қатар, бұлтартпау шаралары туралы заң нормалары қылмыстық iс жүргiзу
құқығының бiр бөлiгiн құрайды. Осыдан барып, бұлтартпау шаралары мәселесiн
жүйелi түрде қарастыру қажеттiгi туындайды. Сондықтан да, В.А. Михайлов,
бұлтартпау шараларын философиялық, мемлекеттiк-саяси, теориялық-құқықтық,
криминалистикалық, ұйымдастырушылық-басқару және статистикалық аспектiде
қарау қажеттiлiгiн ұсынады. Осы арқылы қылмыстық iс жүргiзудегi бұлтартпау
шаралары теориясын ашып көрсетуге болады. Бұлтартпау шаралары теориясы-
философияға ғылыми танымның жалпы методологиясы ретiнде сүйенедi;
философияның танымдық әдiстерiн қылмыстылықпен күресуде қолданады. Себеп
пен салдар, қажеттiлiк пен кездейсоқтық, мазмұн мен нысан, мән мен құбылыс
секiлдi философиялық категорияларды қолдану арқылы бұлтартпау шараларының
теориялық негiздерiн қалыптастыруға болады.
Бұлтартпау шараларын мемлекеттiк-саяси аспектiсi, мемлекеттегi
қылмыстықпен күресудегi перспективалық мәселелерге сәйкес бұлтартпау
шараларын жүзеге асырылу қажеттiлiгiн көрсетедi. Адам мен азаматтың құқығын
қорғаумен қатар мемлекет бұлтартпау шараларының жүйесi арқылы
қылмыстылықпен күрес жүзгiзiледi. Тiптi, бұлтартпау шараларын қолданудың
негiздерiнiң бiрi “адамның қылмыстық әрекетiн жалғастырады деп ойлауға
жеткiлiктi негiз” ҚIЖК 139-бабында көрсетiлген. Сондықтан да бұлтартпау
шараларын мемлекетсiз қарастыру мүмкiн емес.
Бұлтартпау шарасының теориялық-құқықтық аспектiсi жалпы ұғымдар,
заңдылықтар, мақсаты мен мiндеттердi қалыптастырады, бұлтаптпау шаралары
туралы нормалар қылмыстық iс жүргiзудiң бiр бөлiгiн құрайды.
В.А. Михайлов, бұлтартпау шараларын мұндай тұрғыда қарастыру бұлтартпау
шаралары теориясын iс жүргiзу ғылымының бiр бөлiгi ретiнде қарауға
мүмкiндiк бередi дейдi.
Ұйымдастырушылық - басқару және криминалистикалық аспектiсiнде Р.С.
Белкиннiң қылмыспен күресудегi басқарушылықтың 4-сатысы туралы iлiмiн
негiзге алып қарастыру қажет:
1. Ең жоғары сатыда бұлтартпау шараларын заңдастыру мәселелерi
шешiледi;
2. Келесi сатыда бұлтартпау шараларын қолдануды басқару тәртiбi
көрсетiледi;
3. Бұл сатыда бұлтартпау шараларын қолдану мәселесi
криминалистикалық әдістеме тұрғысынан қарастырылады;
4. Ең соңғы деңгейде бұлтартпау шарасын жеке тұлғаларға қатысты
қолданудың процессуалдық тәртiбi мен тактикасының сұрақтары
анықталады.
Статистикалық аспектiде бұлтартпау шараларының тәжірибеде қолдану
деңгейi, жалпы көрсеткiштерге талдау жасалады. Осы арқылы оның олқы
жақтары, кемшiлiктерi анықталады.
Бұлтартпау шараларының заңдық негiзiн ең алдымен Конституция, ҚР ҚIЖК
және басқа да нормативтiк актiлер құрайды. Бұлтартпау шараларын қолданғанда
халықаралық құжаттар: Адам құқығының жалпы декларациясы (1948), Азаматтық
және саяси құқықтар жөнiндегi халықаралық пакт (1966), Қамауға
алынғандармен қарым-қатынастың минималды ережелерi (1955) және басқа да
халықаралық актiлердiң талаптары ескерiледi. Ал, дипломатиялық иммунитетi
бар адамдарға қатысты бұлтартпау шараларын қолданғанда Дипломатиялық
қатынастар туралы Вена Конвенциясының ережелерi басшылыққа алынады. Бұл
аталған халықаралық құжаттарға Қазақстан Республикасы қосылған.
Бұлтартпау шаралары жалпы процессуалдық институт болғандықтан, ҚIЖК
жалпы бөлiмiне енгiзiлген, арнайы қолдану мәселелерi жекелеген сатылардағы
тарауларда көрсетiлiп жазылған. Қылмыстық iс жүргiзу теориясында
қабылданған түсiнiк бойынша бұлтартпау шаралары – бұл мәжбүрлеу шараларының
бiр түрi.
И.И. Карпец, А.В. Наумов секiлдi қылмыстық құқық ғалымдары бұлтартпау
шараларын заңды жауапкершiлiкке жатқызады.
З.Д. Еникеев бұл пiкiрмен келiспейдi. Себебi, заңды жауапкершiлiк –
тұлғаның өзiнiң құқыққа қайшы әрекетi үшiн қолайсыз жағдайларға ұшырауы,
яғни жасалған құқыққа қайшы iс әрекет үшiн жазалануы. Ал бұлтартпау
шаралары болса жазалау болып табылмайды. Ол, заңды жауапкершiлiктi iске
асырудың, қылмыстың алдын-алудың құралы. Тұлға қылмыс жасап, бiрақ
бұлтартпау шаралары қолданылмай-ақ қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы
мүмкiн. Сондықтан да, қылмыс құрамының толық болуы қылмыстық
жауапкершiлiкке әкеп соқтырғанымен, ол – процессуалдық институт бұлтартпау
шараларын қолдануға негiз болмауы да мүмкiн. Осыдан барып бұлтартпау
шаралары жауапкершiлiк емес, алдын-алушылық рольдi атқарады.
З.Д. Еникеев бұлтартпау шараларын процессуалдық санкциялар деп атаған да
дұрыс емес деп көрсетедi. Санкция норманың құқықтық талаптары орындалмаған
жағдайда қолданылады және бұл мәнде ол норманың бiр компонентi ретiнде
қарастырылады. Демек, санкция құқықтық норма бұзылғанда қолданылдатын
жауапкершiлiк.
Құрылымдық жағынан қарағанда бұлтартпау шараларын реттейтiн нормалардың
өздерi санкциямен қамтамасыз етiледi. ҚIЖК 148-бабы “айыпталушы қылмыстық
iстi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келмегенде, жалтарғанда бұлтартпау
шарасы қатаң түрiнде өзгертiлуi мүмкiн” деп көрсетедi.
Сонымен, бұлтартпау шаралары дегенiмiз - қылмыстық iс жүргiзудiң
мүддесiн қорғайтын кесiмдi алдын-алу құралдары. Оның мәнi - қылмыстық iс
жүргiзуде ақиқатқа жетуге жағдай жасау және нақты жауапкершiлiктi анықтауға
көмегiн тигiзу.
Бұлтартпау шаралары – ерiксiз түрде мәжбүрлеп қолданылатын шаралар. Өз
кезегiнде бұл айыпталушының (сезiктi) еркiне қарсы болады және белгiлi бiр
iс-әрекеттердi жасауға немесе жасаудан бас тартуға мiндеттейдi. Бұлтартпау
шараларының маңыздылығы оның белгiлерiмен анықталады:
1. Мемлекеттiк мәжбүрлеудiң бiр түрi және тек қана өкiлеттi
органдармен қолданылады.
2. Түрлерi мен қолдану негiздерi, тәртiбi заңмен белгiленедi.
Яғни, заңда көзделмесе, оны бұлтартпау шарасы ретiнде қолдануға
болмайды. Сонымен қатар басқа құқық салаларымен көзделген
мемлекеттiк мәжбүрлеу шараларын да бұлтартпау шарасы ретiнде
қолдануға тиым салынады. Әкiмшiлiк қамау бұлтартпау шарасы
ретiнде қолданылмауы керек.
3. Бұлтартпау шаралары айыпталушыға, ерекше жағдайларда сезiктiге
қолданылады.
4. Кесiмдiлiк алдын-алу сипатында болады. Қолданылу мақсаты,
айыпталушының қылмыстық iс-әрекетiнiң алдын-алу, жолын кесу,
анықтау мен тергеуден және соттан жасырынуын болдырмау.
Қолдану шегi мақсатымен айқындалады. Мақсатқа жеткен соң бұлтартпау
шарасы алынып тасталынуы тиiс. Тәжірибеде адамнан “өзiнiң қылмыс жасағанын”
мойындату үшiн дәлелдемелер алу мақсатында қамауға алуды қолдану кездеседi.
Сондықтан да, өкiлеттi орган бұлтартпау шараларын қолданғанда оны
қолданудың негiздерiн және басқа да мән-жайларды ескеруi қажет.
Бұлтартпау шаралары мiндеттi түрде адам құқығын шектейдi. Бiрақ, оларды
қолдану объективтi кажеттiлiктен туындайды. Кейбiр авторлар, құқықтық
мемлекет құру жолында қылмыстық процестi кең түрде демократизациялау,
кiнәсiздiк презумпциясын толық iске асыру үшiн, “адамның құқығын шектемей-
ақ ақиқатқа жету жолын” iздестiрудi ұсынады.
Әрине, бұл ұсыныс утопия. Егер де, адам құқығын шектемей-ақ қылмыстық iс
жүргiзуге болады десек, онда қылмыстық iс жүргiзудiң өзiнiң, мемлекеттiк
мәжбүрлеу институты ретiнде өмiр сүруiнiң маңызы болмайды. Себебi, барлық
айыпталушыларды тәртiптi, заңға бағынған деп қарау нақты жағдайға сай
келмейдi. Сондықтан да, демократияландыру мен құқықтық мемлекет құрудың
жөнi осы екен деп, бұлтартпау, мәжбүрлеу шараларынсыз қылмыстық iс-жүргiзу,
тiптi қылмыстылықпен күресудiң өзi мүмкiн емес. Дегенмен де, бұлтартпау
шараларын қолдану заң шеңберiнен шығып кетпеуi де тиiс. Заңға сәйкес
қолдану және бұлтартпау шараларын тиiмдi қолдану ақиқатқа жетуге көп пайда
тигiзерi сөзсiз.
Қорыта айтсақ, ҚР ҚIЖК 139-бабына сәйкес “айыпталушы анықтаудан, алдын-
ала тергеуден немесе соттан жасырынады не iстi сотта объективтi зерттеуге
және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды
жалғастырады деп ойлауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ
үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз
өкiлеттiгi шегiнде адамға қатысты (айыпталушы мен сезiктiге) қолданылатын
iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шаралары – бұлтартпау шаралары деп аталады”.

1.2. Бұлтартпау шараларының түрлерi және оларды қолданудың кейбір
мәселелері
1. Ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қолхат беру - қылмыстық
істі жүргiзушi органның сезiктiден, айыпталушыдан анықтаушының, тергеушiнiң
немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұратын жерiнен кетпеуге,
iстi қарауға кедергi келтiрмеуге, шақыру бойынша келуге жазбаша
мiндеттемесiн алу (ҚIЖК 144-бап).
Ешқайда кетпеу туралы қолхат алу тәжірибеде басқа бұлтартпау шараларына
қарағанда көп қолданылады. Процессуалдық әдебиеттерде ешқайда кетпеу туралы
қолхат алу көбiне ауыр емес қылмыс жасаған, тұрақты тұратын жерi бар,
бостандықта жүргенде iстi тергеуге кедергi келтiрмейдi деген айыпталушыға
қатысты қолданылатындығы көрсетiледi.
Мысалы Көкшетау қалалық IIБ ТБ тергеушiсi Қылмыстық кодекстiң 104-бабы
бойынша, яғни орта дәрежелi денсаулыққа жарақат келтiрумен айыпталған
азамат Б-ға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде ешқайда кетпеу және өзiн
дұрыс ұстау жөнiнде қолхат алуды қолданып, оның негiздемесi ретiнде тұрақты
тұратын жерiнiң, жұмыс орнының және жанұясының бар екендiгi көзделген.
Әрине, бұл жағдайлар айыпталушының тергеу мен соттан жалтаруын толық
жоймайды. Дегенмен, жалтару мүмкiндiгiн, дәрежесiн төмендетедi.
Кейде тәжірибеде ешқайда кетпеу туралы қолхат алу түрiндегi бұлтартпау
шарасына “жеңiл” деген көзқарастың қалыптастыруына байланысты, бұл
бұлтартпау шарасын негiзсiз қолдану кездеседi.
Ешқайда кетпеу туралы қолхат алу айыпталушының жүрiп-тұру құқығын
шектейдi: арнайы рұқсатсыз ешқайда шығып, жүрiп кете алмайды. Салыстырмалы
түрде бұл бұлтартпау шарасы жеңіл болғанмен, оның қоятын шектеулерiне
автоматты түрде немқұрайдылықпен қарамау қажет. Тергеушiлер мен
айыпталушылардың кей-кезде ешқайда кетпеу туралы қолхат алу түрiндегi
бұлтартпау шарасын қолдануға келтiретiн негiздемелерi қате болып келедi.
Бiрақ, бұған қарамастан бұлтартпау шарасы қолданылады. Содан барып
негiздеме шешiмге, ал шешiм заңға қайшы келетiн жағдайлар кездеседi.
Жол полициясының анықтаушысы Қылмыстық Кодекстiң 296-бабы бойынша, жол
жүру ережесiн бұзғаны үшiн айыпталған У. деген азаматқа ешқайда кетпеу
жөнiнде қолхат алуды қолданып, оның негiздемесi ретiнде “тұрақты тұратын
жерiнiң бар екендiгi және тергеумен соттан жалтармайтындығы” көрсетiледi.
Бұл ретте анықтаушының қандай жағдайларға немесе мән-жайларға сүйенiп
айыпталушының тергеу мен соттан жалтармайтындығы мүлдем көрсетiлмеген. Ал
егер, шынымен де жалтармайтын болса, оған бұлтартпау шарасын қолданудың
ретi қанша. Мұндай жағдайда анықтаушыға келу туралы мiндеттеме алумен де
шектелуге болады.
Басқа бiр кезде, тергеушi Қылмыстық кодекстiң 105- бабы бойынша,
денсаулыққа қасақана түрде жеңiл зиян келтiрумен айыпталған Н. деген
азаматқа бұлтартпау шарасын қолданғанда, оның негiздемесi ретiнде “Н-ның
тергеу мен соттан жалтармауына негiз жоқтығын” келтiредi де, ешқайда кетпеу
туралы қолхат алуды қолданады.
Осы келтiрiлген мысалдар тап осы реттердегi бұлтартпау шарасы ретiнде
ешқайда кетпеу және өзiн-өзi дұрыс ұстау жөнiнде қолхат алуды қолданудың
негiзсiз екендігін көрсетiп отыр. Сондықтан да, айыпталушы мен сезiктi
тергеу және соттан жасырынбайды деп ойлауға жеткiлiктi негiздер болса, ол
бұлтартпау шарасын қолданбау қажет.
Бұлтартпау шарасын қолдану тек арнайы себептер, айыпталушының мiнез-
құлқының дұрыс екендiгi туралы ақпараттарды пайдаланып және оларды қаулының
негiзiне салғанда ғана дұрыс болады.
Көкшетау қалалық IIБ ТБ тергеушiсi Қылмыстық Кодексiнiң 176-бабы бойынша
Е. сенiп тапсырған мүлiктi иеленiп кетумен айыпталады. Алайда, азамат Е.
келтiрiлген зардаптың жартысын өтеген, тұрақты жерiнiң бар екендiгi
ескерiлiп, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат алу түрiндегi шара
қолданылды. Осы жағдайларды негiздемеге алып қаулы еткен тергеушi, заңға
сәйкес әрекет жасаған.
Бұлтартпау шарасы ретiнде ешқайда кетпеу және өзiн-өзi дұрыс ұстау
жөнiнде қолхат алудың мақсаты не деген мәселеге, ғалымдар арасында әртүрлi
көзқарастар бар. М.С. Брайнин “мақсаты тергеу мен соттан жалтаруды
болғызбау емес, сонымен қатар процестiң тез жүруiне жағдай жасау,
айыпталушыны қылмыстық iс өндiрiсi болып жатқан жерге жақын ұстау” десе,
Ю.Д. Лившиц “мақсаты айыпталушының тергеумен соттан жалтармауын қамтамасыз
ету” деп көрсетедi.
Ешқайда кетпеу туралы қолхат алудың негiздерi айыпталушының бұл
бұлтартпау шарасының талаптарын орындауға себеп болады. Оның iшiндегi ең
маңыздысы – iстi жүргiзушi органның рұқсатынсыз тұратын жерден ешқайда
кетпеу. Заңға сүйенсек, тұратын жерi тұрақты немесе уақытша болуы мүмкiн.
Ең бастысы тұратын мекен-жайы белгiлi болуы керек. Осы жайы бойынша
айыпталушы шақыртылуы мүмкiн.
“Ешқайда кетпеудің мәселесi бойынша, екi бiрдей шектен шығушылық бар.
П.И. Люблинскийдi” айтуынша “айыпталушыға қаладан кетпеу туралы, қолхат
алынса, ол қаланың iшiнде еркiн жүрiп-тұруына тiптi пәтердiң де
ауыстыруына болады”. Бұл бiрiншi шектен шығушылық. Ал, егер ешқайда
кетпеудi бiр тұрғын жермен шектесек екiншi шектен шығушылықты байқаймыз.
Бұл кездегi ешқайда кетпеу үйде қамауда ұстауға ұқсас болып кетедi.
П.М. Давыдовтың пiкiрiнше “ешқайда кетпеу туралы қолхат алу
айыпталушының қызмет бабы бойынша бiр тәулiкке жүрiп тұруына және жұмыс
уақытына шектеу қоймауы қажет”. Бұл пiкiрге сүйенсек, айыпталушының бiр
тәулiкке басқа бiр жерге жұмыс бабымен кетсе, ол бұл бұлтартпау шарасының
талаптарын бұзбайды. Ал, егер мерзiм ұзарып кетсе жалтару болып табылады.
Бiрақ, егер айыпталушы басқа бiр жерге кетiп, ол туралы тергеушi мен сот
хабардар болса және бiлсе, ол жалтару болмайды. Әрине, алдын-ала рұқсат
алынған жағдайда.
Ешқайда кетпеу туралы қолхат алудың екiншi бiр бөлiгi айыпталушының өзiн-
өзi дұрыс ұстауы. Мұның мәнi, iстi қарауға кедергi келтiрмеу, шақыру
бойынша келу туралы мiндеттемеден тұрады. Осы өзiн қалай ұстағанына
байланысты бұлтартпау шарасы өзгертiлуi немесе жойылуы мүмкiн. Егер,
тұлға iстiң қаралуына кедергi келтiрсе, шақыру бойынша келмесе, ол мiндеттi
түрде бұл бұлтартпау шарасының талаптарын бұзады, соның нәтижесiнде
бұлтартпау шарасы қатаң жағдайына қарай өзгертiледi.
Мiне, өзiн-өзi дұрыс ұстаудың мәнi осында.
Ешқайда кетпеу және өзiн-өзi дұрыс ұстау жөнiндегi қолхат беру
түрiндегi бұлтартпау шарасы ҚР ҚIЖК 156-бабына сәйкес қызметтен шеттету
түрiндегi мәжбүрлеу шарасымен қатар қолданғанда қылмыстың алдын-алу жолын
кесу функциясын мынадай құрамлар бойынша атқара алады: қызмет өкiлеттiгiн
терiс пайдалану, қызметтiк жалғандық және т.б. Сол арқылы айыпталушының
терiс әрекет жасауына мүмкiндiк болмайды.
Егер, айыпталушы ешқайда кетпеу туралы қолхат алу талаптарының
талаптарын бұзса, оған мiндеттi түрде қатаңырақ шара қолданылуы қажет. Ю.Д.
Лившиц бұл кезде қамауға алуды қолданған дұрыс дейдi. Оның негiзi осы екi
шарасының практикада көп қолданылуын келтiредi. Алайда, қамауға алу бас
бостандығынан айыру түрiндегi жаза 2-жылдан астам мерзiм болып табылатын
қылмыс бойынша айыпталғанда ғана қолданылады. Сондықтан да Ю.Д. Лившицтiң
бұл пiкiрiмен келiсе алмаймыз. Өйткенi, ешқайда кетпеу туралы қолхат алу
секiлдi бұлтартпау шарасы қамтамасыз ете алмаған, мiндеттi түрде қамауға
алумен емес, кепiлмен немесе үйде қамауда ұстаумен қамтамасыз етiлуi
мүмкiн.
2. Жеке кепiлдiк – сенiмге ие болған адамдардың олар сезiктiнiң немесе
айыпталушының өзiн дұрыс ұстауына және олардың қылмыстық процестi жүргiзушi
органның шақыруы бойынша келетiндiгiне кепiлдiк беретiндiгi туралы жазбаша
мiндеттемесiнен тұрады. Кепіл берушілердің саны екеуден кем болмайды. Жеке
кепiлдiктi таңдауға тек кепiлдiк берушiлердiң жазбаша өтiнiшi мен оған
қатысты кепiлдiк берiлетiн адамның келiсiмi қажет.
Жеке кепiлдiк, кепiлдiк берушiлердiң айыпталушыға деген сенiмiне,
айыпталушының кепiлдiк берушiлер алдындағы және ресми органдар алдындағы
моральдық мiндеттемесiне негiзделедi.
Жеке кепiлдiк ретiнде бұлтартпау шарасын таңдау кезiнде кепiлдiк
берушiнiң мiндеттерi айқындалуы қажет. Кепiлдiк берушiге сенiм объективтi
мәлiметтер – еңбек, қызмет бабына, қоғамдағы орнына, ұйымдағы, жеке
өмiрдегi жүрiс-тұрысына негiзделуi керек. Кейбiр ғалымдардың айтуынша “жеке
кепiлдiк түрiндегi бұлтартпау шарасын қолданған кезде тергеушiнiң
айыпталушыға сенетiндiгiнiң маңызы зор. Айыпталушыға тергеушiмен қатар
кепiлдiк берушi де сенуi керек”. Заңда кепiлдiк берушiлер қандай негiздерде
айыпталушыға сенiм бiлдiру керек екендiгi көрсетiлмеген. Дегенмен де,
мұндай сенiм бiлдiрудiң негiзi - кепiлдiк берушi мен айыпталушы арасындағы
iскерлiк, ынтымақтастық, достық, туысқандық немесе өзара материалды
мүдделiк қатынастары болуы мүмкiн. Бiрақ, бұл негiздердiң қайсысының
болғандығы тергеу органы үшiн маңызды емес. Ең бастысы ол негiздер
сезiктiнiң немесе айыпталушының өзiн дұрыс ұстауын және оның келуiн
қастамасыз етсе болғаны. Сондықтан да, кепiлдiк берушiнiң өзiнiң жеке басы
сенiмге ие болуы қажет. Бiрақ бұл сенiм жоғарыда айтып өткенiмiздей
негiзсiз болмай, тек қана объективтi мәлiметтерге негiзделген болуы керек.
Ол мәлiметтердi мiнездеме, анықтама, сұрау арқылы алуға болады. Заң
бойынша кепiлдiк берушiлердiң саны екеуден кем болмауы керек. Бұл өз
кезегiнде айыпталушының өзiнiң жүрiс-тұрысына деген жауапкершiлiктi арттыра
түседi.
Кейбiр заң әдебиеттерiнде “кепiлдiк берушiнiң iске асыра алатын
әрекеттерi ғана жеке кепiлдiкте болуы керек” деген пiкiр айтылған. Бұл
пiкiрмен келiсуге болмайды. Себебi ол заңға негiзделмеген. Заң бойынша
кепiлдiк берушiлер айыпталушының дұрыс ұстауына жауапты. Ал, бұл
әрекеттердi iске асыра алатындығын немесе алмайтындығын бұлтартпау шарасын
қолданар алдында анықтап алу қажет. Егер ол белгiлi бiр iс әрекеттердi ғана
атқара алатын болса, ондай жеке кепiлдiктi қолдану туралы мәселе жайында
сөз болмауы керек. Сондықтан да, ҚIЖК кепiлдiк берушiлердiң жауапкершiлiгi
де көзделген. Өз кезегiнде мұны қосымша кепiлдiк ретiнде қарауға болады.
ҚIЖК 145-бабының 5-бөлiгiне сәйкес жеке кепiлдiк берушiлер өз мiндеттерiн
тиiсiнше атқармаған жағдайда, оларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
ақшалай айып салынуы мүмкiн. Себебi, тергеу мен сот органдары ең алдымен
кепiлдiк берушiге сенедi.
Қылмыстық iс жүргiзу теориясында кепiлдiк берушiлердiң жауапкершiлiгi
туралы мәселе пiкiрталасты болып келедi.
З.З. Зинатуллиннiң айтуынша “кепiлдiк берушiнiң жауапкершiлiгi тек қана
сот – тергеу органдарында кепiлдiк берушiнiң өз мiндетiне адал қарамауының
салдарынан айыпталушының тиiстi iс әрекеттердi жасалмағандығы туралы
мәлiметтер болғанда ғана туындауы керек” десе, В.А. Михайлов “бұл мәселе
тек айыптау үкiмi заңды күшiне енгеннен кейiн шешiлу” керектiгiн айтады.
Ақтау үкiмi шығарылса, бұлтартпау шарасын қолданудың негiздiлiгiне, ал
соңғының өзi жеке кепiлдiк берушiнiң жауапкершiлiгiн жоққа шығарады.
Кепiлдiк берушi кез-келген уақытта кепiлдiктен бас тарта алады.
Сондықтан, кепiлдiк берушi айыпталушының немесе сезiктiнiң тиiстi әрекет
жасауына жауап бере алмайтындығын сезсе, ол туралы тиiстi органдарға
хабарлауы қажет. Демек, бұл туралы бiле тұра хабарламаған кепiлдiк берушi
жауапқа тартылуы қажет. Ал, ол туралы, яғни айыпталушының тиiстi әрекеттi
орындамайтындығы, хабарлап, содан кейiн айыпталушы тергеу мен соттан
жалтарып жасырынса, онда кепiлдiк берушiлер жауапқа тартылмауы керек.
Себебi бұл жағдайда, кепiлдiк берушi өз мiндетiне адал қарап жүр.
3. ҚIЖК 146-бабына сәйкес әскери бөлiмдер басшылығының әскери
қызметшiлердi бақылауы - әскери бөлiмдер басшылығының әскери қызметшiлер
немесе оқу жиынына шақырылған әскери мiндеттiлер болып табылатын
сезiктiлердi, айыпталушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер мен Iшкi
Әскерлер жарғыларында көзделген және ол адамдардың тиiстi мiнез-құлқы мен
олардың қылмыстық істi жүргізушi органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз
етуге тиiстi шаралардың қолдануынан тұрады.
Әскери бөлiмдер басшылығы бақылау орнатылғаны туралы жазбаша хабарлайды.
Бұл бұлтартпау шарасы мақсаты бойынша жеке кепiлдiкке ұқсас. Бiрақ, бұл
бұлтартпау шарасы тек қана әскери қызметшiлер мен оқу жиынына шақырылған
әскери мiндеттiлер болып табылатын айыпталушылар мен сезiктiлерге
қолданылады. Осы бұлтартпау шарасын ұстау кезiнде әскери қызметшiлер қару
ұстап жүру құқығынан айрылады, өз басшыларының, тұрақты тәулiктiк нарядтың
қарауында болады, қарауылға тағайындалмайды, демалысқа және iссапарға
жiберiлмейдi.
Әскери және жалпы заң әдебиеттерiнде бұл бұлтартпау шарасы тек қана
казармалық режимге жататын, мерзiмдi әскери қызметшiлерге тағайындалуы
керек деген пiкiр айтылған. Бұл әрине назар аударуға тұрарлық мәселе.
Алайда, заң бойынша бұл бұлтартпау шарасы әскери қызметшiлердiң барлық
санаттарына қатысты қолданылады. Ресей қылмыстық iс жүргiзу заңында бұл
бұлтартпау шарасы тек қана әскери қызметшiлерге қолданылатындықтан көптеген
Ресей ғалымдары бұл шараны оқу жиынына келген әскери мiндеттiлерге
қолданып, оны кеңейтудiң қажеттiгi жоқ дейдi.
Алайда, Қазақстан Республикасы ҚIЖК бұл бұлтартпау шарасы оқу жиынына
келген әскери мiндеттiлерге де қолданылатындықтан, бiз заңнан асып пiкiр
айта алмаймыз. Әскери қызметшiге бұлтартпау шарасын қолдану, оған
тәртiптiк шараларды қолдануға кедергi бола алмайды. Себебi ол шаралар
бұлтартпау шарасын жүзеге асыруға жәрдемiн тигiзедi. Керек жағдайда, әскери
қызметшi бұлтартпау шарасы мерзiмiнде қызметiнен шеттеiлуi мүмкiн.
Әскери қызметшiнi немесе оқу жиынына шақырылған әскери мiндеттiнi
қарауына алған әскери бөлiм команлованиесiне қылмыстық сипаты, тағылған
айыптың мәнi туралы мәлiметтер де жiберiледi. Әскери қызметшi немесе әскери
мiндеттi қай бөлiмде өз қызметын өтеп жүр немесе қай бөлiмде тiркелiп тұр,
сол бөлiмнiң қарауына берiлуi мүмкiн.
Әскери бөлiм басшылығының бақылауына беру көбiне аса қауiптi емес қылмыс
жасаған айыпталушыларға немесе сезiктiлерге қолданылады.
ҚIЖК әскери бөлiм командованиесiнiң жауапкершiлiгi көзделмеген. Алайда,
мүлдем жауапкершiлiгi жоқ деп айтуға тағы болмайды.
Қарулы Күштер мен iшкi Әскерлер жарғысына сәйкес әскери бөлiм
командованиесi әскери қызметшiлердiң әскери тәртiбi мен моральдық жай-
күйiне жауап бередi.
Бұл талаптарды орындамаған жағдайда ондай басшыларға ескерту, сөгiс,
қатаң сөгiс, қызметiн төмендету секiлдi жарғыларда көзделген тәртiптiк
шаралар қолданылады.
Айыпталушы әскери қызметшi бұлтартпау шарасын бұзса оған қатаңырақ
бұлтартпау шарасы қолданылады.
4. Кәмелетке толмағанды қарауға беру - кәмелетке толмағанды ата-
анасының, қамқоршыларының, қорғаншыларының немесе басқа да сенiмге ие
адамдардың, сондай-ақ ол тұрып жатқан арнаулы балалар мекемесi
әкiмшiлiгiнiң қарауына беру аталған адамдардың бiреуiнiң кәмелетке
толмағанның тиiстi мiнез-құлқы мен оның қылмыстық процестi жүргiзушi
органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз етуiн өзiне қабылдайтын жазбаша
мiндеттеме қабылдауынан тұрады. Тек жазбаша өтiнiшi бойынша ғана мүмкiн
болады.
Кәмелетке толмағандарға қатысты арнайы бұлтартпау шараларын қолданудың
қажеттiгi оларды қылмыстық жауапкершiлiкке тартудың және де оларға қатысты
тергеу мен сот iсiн жүргiзудiң ерекшелiктерiмен байланысты. Негiздер
болған кезде кәмелетке толмаған айыпталушылар (сезәктәлер) ата-аналарының
немесе оларға теңестiрiлген тұлғалардың және арнаулы балалар мекемесiнiң
әкiмшiлiгiнiң қаруына берiлуi мүмкiн. Бұл шараның мақсаты кәмелетке
толмағанның тиiстi мiнез-құлқын және тергеу органының шақыруы бойынша
келуiн қамтамасыз етуi болып табылады. Тиiстi мiнез-құлықты қамтамасыз
етудiң мәнi: кәмелетке толмағанның тергеу мен соттан жалтаруын, жаңадан
қылмыс жасауын болғызбау және iс бойынша ақиқатқа жетуге кедергi
келтiрткiзбеуден тұрады. Кәмелетке толмағанды қарауына берудiң жалпы
негiздерi көрсетiлмегендiктен, олар бұлтартпау шараларды қолданудың жалпы
негiздерi мен өзге де мән-жайлар ескерiле отырып таңдалады.
Процессуалдық әдебиеттерде қандай жағдайда кәмелетке толмаған қарауына
берiледi, ол қай кезде оған басқаша бұлтартпау шарасы қолданылатындығы
туралы түрлiше көзқарас бар. Бiр пiкiр бойынша кәмелетке толмаған ауыр емес
қылмыс жасап, оған қамауға алуды қолдануға негiз болғанда қарауына
берiледi делiнсе, келесi пiкiрдi ұстаушылар бұған қосымша “ата-анасымен
немесе оған теңестiрiлген тұлғалармен бiрге тұрса немесе интернатта
тәрбиеленiп жатса қарауына берiледi” деп көрсетедi. В.А. Михайловтың
пiкiрiнше жоғарыда келтiрiлген ғалымдардың көзқарастарының формальды жағы
басым. Кәмелетке толмаған ауыр қылмыс жасағанның өзiнде, ата-анасы оның
тиiстi мiнез-құлқын және тергеу органының шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз
ете алатын болса және кәмелетке толмағанның жеке басы жақсы сипатталса,
оған қарауына беру түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдануға болады. Ал
кәмелетке толмағанның ата-анасымен немесе оған теңестiрiлген тұлғалармен
бiрге тұруы немесе интернатта тәрбиеленiп жатуы, оған бiрден автоматты
түрде қарауына беру түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдануға негiз болмайды.
Бұл негiз тек қана ата-аналары кәмелетке толмағанның тиiстi мiнез-құлқын
қамтамасыз ете алғанда ғана қолдануы керек.
Осы бұлтартпау шарасын таңдаудағы, қолданудағы тағы бiр мәселе кәмелетке
толмаған 18-жасқа толғанда бұлтартпау шарасының өзгертiлуi керек пе, әлде
жоқ па? Кәмелетке толмағанды қарауына алу кезiндегi мiндеттемелер кәмелетке
толмағанды тәбиелеу және асыраумен байланысты функцияларынан туындайды. Он
сегiз жасқа, яғни кәмелетке толған соң, оның қорғаншы немесе қамқоршымен,
тiптi ата-анасымен құқықтық қарым-қатынасында өзгерiстер енедi. Бұдан
барып, ата-аналар немесе қорғаншы мен қамқоршылар қарауына алуға байланысты
мiндеттемелердi орындай алмауы мүмкiн. Сондықтан да, он сегiз жасқа толған
жағдайда, айыпталушыға қатысты қолданылған бұлтартпау шарасы өзгертiлуi
қажет. Бұл кездегi бұлтартпау шарасын өзгертуге оны қолдану негiздерiнiң
жойылғандығы себеп болады. Сондықтан, ҚIЖК осы ереженi нақтылап көрсетiп
кеткен дұрыс болар едi деп ойлаймын.
З.Ф. Коврига, В.М. Корнуков практикалық мәлiметтердi зерттей келе, бұл
бұлтартпау шарасының сирек қолданылатындығын айтады. Мұның басты себептерi
ретiнде:
- тергеу, прокуратура, сот органдарының бұл бұлтартпау шарасының
тиiмдiлiгiн бағалай алмауында;
- процессуалдық формасының күрделiлiгiне байланысты қолданудағы
қиындықтар (көп уақыт, ата-аналарымен қарым-қатынас жағдайындағы
қиындықтар);
- тергеу мен сот органдарында қамауға алу мен ешқайда кетпеу туралы
қолхат алудың ең қолайлы шара ретiнде танылуында.
Мұндай жағдайлар бұлтартпау шараларының қамтамасыз етушiлiк және алдын-
алушылық мүмкiндiгiн ескермейдi. Тиiстi жағдайда дұрыс қолданылған кез-
келген бұлтартпау шарасы оң нәтиже берерi сөзсiз. Кей уақытта мұндай
шаралардың (қарауына беру) қолданылмауы ата-аналардың тиiстi әрекеттер
жасауға мүмкiндiгiнiң болмауы мен де байланысты. Үйде және балалар үйiндегi
тәрбие жұмысының тиiстi дәрежеде болмауы да бұл шараны қолданбауға әкеп
соқтыратын факторлардың бiрi.
Кәмелетке толмаған қарауына берiлген ата-аналар, қамқоршы (қорғаншы,
арнаулы балалар мекемесiнiң босшысы өз мiндеттерiн тиiстi дәрежеде
орындамаған кезде жауапкершiлiкке тартылады. Себебi, ҚIЖК 147-бабының 2-
бөлiгiне сәйкес қарауына беру тек қана жазбаша өтiнiш бойынша ғана мүмкiн
болады. Осы өтiнiш оларға мiндет жүктейдi және тиiстi дәрежеде
орындалмағанда жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.
5. Кепiл – сезiктiнiң, айыпталушының өзi немесе басқа жеке не заңды
тұлға соттың депозитiне сезiктi, айыпталушы анықтау, тергеу органдарына
немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындауын
қамтамасыз етуге енгiзетiн ақшадан тұрады. Кепiл ретiнде прокурордың немесе
соттың рұқсатымен басқа да бағалы заттар мен жылжымайтын мүлiк қабылдануы
мүмкiн. Кепiлдiң бағалылығын дәлелдеу кепiл берушiге жүктеледi. Кепiлдiң
сомасын айыптаудың ауырлығын, сезiктiнiң, айыпталушының жеке басын, кепiл
берушiнiң мүлiктiк жағдайын ескере отырып осы бұлтартпау шарасын
тағайындаған адам белгiлейдi. Аса ауыр қылмыс жасағандарға кепiл
қабылданбайды, яғни аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталғандарға. Кепiл
прокурордың санкциясымен не соттың шешiмi бойынша ғана қабылданады. ҚР ҚIЖК
148-бабының 3-бөлiгiне сәйкес кепiлдiң мөлшерi; шағын ауырлықтан қылмыс
жасағандығына айыпталуы кезiнде – жүз айлық есептiк мөлшерiнен; орта
ауырлықтағы абайсызда жасалған қылмысқа айыпталуы кезiнде- айлық есептiк
көрсеткiштiң үш жүз еселенген мөлшерiнен; орта ауырлықтағы қасақана қылмыс
жасағандығына айыпталуы кезiнде – айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүз
еселенген мөлшерiнен; ауыр қылмыс жасағандығына айыпталуы кезiнде мың айлық
есептiк көрсеткiштен кем болмауы керек.
Заң бойынша кепiлдiң пәнi ақша болып табылады. Прокурор мен соттың
рұқсаты бойынша бағалы заттар мен жылжымайтын мүлiк қабылданады. Бұл жерде
бағалы заттарға бағалы қағаздар (облигация, акция, вексель) мен қымбат
металдар, ал жылжымайтын мүлiкке үй, квартира (пәтер), саяжай және басқа да
ғимараттар жатады. Демек, заңға сүйенсек жылжымалы мүлiк (мысалы,
автокөлiк), кепiл ретiнде қабылданбайды.
Кепiлдiң құндылғын дәлелдеу мiндетi кепiл берушiге жүктеледi. Өз
кезегiнде бұл дәлелдеу кепiл берушiнiң ауызша айтқанымен емес, арнайы
құжатпен (сараптама қорытындысы, жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орган берген
анықтама) расталуы керек. Бұл бұлтартпау шарасының мақсаты айыпталушының
немесе сезiктiнiң тергеу және сотқа, олардың шақыруы бойынша келуiн
қамтамасыз ету болып табылады. Осы мiндеттеменің орындалуының кепiлi
ретiнде, кепiл затының айыпталушы немесе сезiктi өз мiндеттемесiн тиiстi
дәрежеде орындамаған жағдайдағы мемлекет кiрiсiне аударылу мүмкiндiгi бар.
Мұндай жағдайда прокурор сотқа кепiлдi мемлекет кiрiсiне аудару туралы
сотқа ұсыныс жасайды. Сот кепiл берушi жоғары тұрған сотқа шағымдануы
мүмкiн болатын тиiстi шешiм қабылдайды.
Айыпталушы мен сезiктi өз мiндеттерiн тиiстi дәрежеде орындаған
жағдайда, үкiм шығаруына немесе iстiң қысқартылуына байланысты кепiл iс
жүргiзiп отырған органның қаулысымен кепiл берушiге қайтарылады.
Кепiл - ежелгi процессуалдық институттардың бiрi болып табылады.
Мүлiктiк жауапкершiлiк заманында бұлтартпау шараларының басқа түрлерiне
қарағанда кепiл өте көп қолданылған. Кейiннен, мүлiктiк жауапкершiлiктiң
орнын жеке жауапкершiлiк басқан кезде, қолданылуы шектеледi. Инквизициялық
процестер кезiнде көбiне жеке бас жауапкершiлiгi орын алып, бұлтартпау
шарасының бiр ғана түрi - қамауға алу көп ретте қолданылған.
Кеңес Одағының заманында шаруашылық жүргiзудiң экономикалық әдiстерi мен
кең демократиядан бас тартқызып, әкiмшiлiк-бюрократиялық режим қоғамның
барлық салаларына енiп кеткен кездерде, қылмыстық процеске қатысушылардың
iс әрекетiнiң экономикалық кепiлдемелерi, соның iшiнде кепiл, буржуазиялық
капиталистiк елдердiң әдiсi ретiнде практикада қолданылудан қалды. Тiптi
кейбiр процессуалист-ғалымдардың өздерi де “бұл бұлтартпау шарасын
әлеуметтiк-экономикалық жетiстiктерге байланысты қолдану орынсыз”деп
түсiндiрдi.
Қазiргi кезде нарықтық қатынастарға көшуге байланысты бұл бұлтартпау
шарасы кең қолданыс табады деген ойдамыз.
Себебi, кепiл тек бұлтартпау шарасы емес. Ол сонымен қатар қамтамасыз
ету құралы. Бұл қамтамасыз ету адамның тiкелей жеке бас бостандығына емес,
жанама түрде экономикалық тетiктер арқылы оның мүлiктiк жағдайына өз әсерiн
тигiзедi.
Кепiлдi халықтың аз қамтамасыз етiлген бөлiгiне қолданған тиiмдi.
Себебi, ондай отбасыларға немесе жеке тұлғаларға кез-келген мүлiктiк
жоғалту қиынға соғады. Сондықтан да, мұндай жағдайда тергеу мен соттан
жалтару аз кездеседi. Тәжірибелік жағдайдан бiр мысал келтiрсек: Көкшетау
қалалық сотының судьясы Қылмыстық Кодекстiң 311-бабы бойынша, яғни пара
алу, айыпталған азамат М-ға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде бес жүз
еселенген айлық есептiк көрсеткiш түрiндегi ақшаға алмастырған. Оның
негiздемесi ретiнде тұрақты тұратын жерiнiң бар болуы, отбасының және
жолдасының ауру халде екендiгi ескерiлiп, тергеу мен соттан жалтармайды деп
санауы және тергеуге керi әсер ете алмайтындығы келтiрiледi.
Әрине бiрнеше рет қылмыс жасаған рецидивистерге қатысты кепiлдi қолдану
қиын. өйткенi бiрнеше рет қылмыс жасаған адамның тергеу мен соттан
жалтаруы, бiрiншi рет қылмыс жасаған адамға қарағанда жоғары. Сондықтан да
кепiл бұлтартпау шарасы ретiнде қолданылғанда адамның мүлiктiк және отбасы
жағдайымен қатар, мiндеттi түрде жеке басы, бұрын сотталған немесе
сотталмағандығы және ең бастысы тағылған айыптың ауырлығы ескерiлуi тиiс.
6. Үйде қамап ұстау ҚIЖК 149-бабына сәйкес - сезiктiге, айыпталушыға
қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын таңдауға мүмкiндiк беретiн шарттар
болған, бiрақ адамды толықтай оқшаулау қажет бола қоймайтын немесе жасы,
денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы ескерiле отырып, дұрыс емес деп
ұйғарылған кезде прокурордың санкциясымен не соттың шешiмiмен қолданылатын
бұлтартпау шарасы.
Бұл ретте осы бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулыда шектеулер және ол
шектеулердiң сақталуына қадағалау жасау жүктелген тұлғалар көрсетiледi.
Шектеу ретiнде үйде қамауға ұсталған адамға белгiлi адамдармен қарым-
қатынас жасауға, хат-хабар алуға және жөнелтуге, кез-келген байланыс
құралдарын пайдалану арқылы сөйлесуге, сондай-ақ үйден шығуға тиым салыну
көзделуi мүмкiн. Қажет болған кезде мiнез-құлқына қадағалау белгiленедi.
Үйде қамап ұстау қамауға алуға балама ретiнде қолданылады. Кейде абайсызда
қылмыс жасағанда немесе алғаш рет қасақана қылмыс жасағанда үйде қамап
ұстау белгiлерi. Айыпталушы жақтан тиiстi құжаттардың (ауруы, жүктiлiгi,
мүгедектiгi) болуы да, осы бұлтартпау шарасын қолдануға негiз болуы
мүмкiн.
Үйде қамап ұстау кепiл мен қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шараларының
аралығынан орын алады. Кеңес Одағы тұсында тәжірибеден алынып
тасталғанымен де, бұл бұлтартпау шарасының да ежелгi тарихы бар. Төңкерiске
дейiнгi кезеңде, үйде қамап ұстаудың мәнi – айыпталушының өз пәтерiнде
қалуына және оған күзет қойылып, оның басқа тұлғалармен қарым-қатынас
жасауына тиым салу болып табылған. Тәжірибеде, ол кезде бұл шара қоғамда
беделдi орын алатын адамдар мен ауру тұлғаларға қатысты қолданылған.
Үйде қамап ұстауды ҚIЖ Кодексiне бұлтартпау шарасы ретiнде енгiзу сөзсiз
қылмыстық iс жүргiзудiң мақсатына жетуге өз әсерiн тигiзетiнiне дау жоқ.
Тәжірибеде дұрыс қолданыс тапса, бұл бұлтартпау шарасының тигiзер
пайдасының көп екендiгiне сенiмдемiз.
7. Қамауға алу - ҚIЖК 150-бабына сәйкес прокурордың санкциясымен не
соттың шешiмi бойынша ғана және тек заңмен екi жылдан артық мерзiмге бас
бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмыс жасаған айыпталушыға
қатысты қолданылатын бұлтартпау шарасы.
Қамауға алудың бұл түрiн әкiмшiлiк және тәртiптiк қамауға алудан ажырата
бiлген жөн. Соңғы екеуi әкiмшiлiк және тәртiптiк шаралар ретiнде
қолданылады. Әкiмшiлiк шара ретiнде қамауға алу 15-тәулiкке дейiн кейбiр
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн, ал тәртiптiк шара ретiнде 10-тәулiкке
дейiн қызметтiк тәртiптiк бұзушылық үшiн әскери қызметшiлерге қолданады.
Өзiнiң заңдық мәнi жағынан бұлтартпау шарасы ретiндегi қамауға алу –
жазалаушылық мақсатты көзделмегендiктен, қылмыстық жаза емес, тек қана
сақтандырушылық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы. Жаза ретiнде қамауға алу
адамның қылмыс жасағандығы дәлелденгенде ғана тағайындалады. Ал,
бұлтартпау шарасы ретiндегi қамауға алудың мақсаты мүлдем басқаша.
Теория мен тәжірибеде “қамауға алудың мақсаты қылмыстарды ашу және
қылмыскерлердi әшкерлеуге себебiн тигiзу” деген көзқарас орын алады. Бұл
көзқарас заңға негiзделмеген. Себебi, заңда ондай мақсаттар көзделмеген.
Бұлтартпау шараларының басқа түрлерi сияқты қамауға алудың да мақсаты:
1. Айыпталушының тергеу мен соттан жасырынуына тосқауыл қою.
2. Істi объективтi зерттеуге кедергi келтiрмеу.
3. Қылмыстық әрекетпен шұғылдануына кедергi келтiру.
4. Үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету.
Бұлардың iшiнде қылмыстарды ашу және қылмыскерлердi әшкерлеуге себебiн
тигiзу деген жоқ. Егер де бұл мақсаттарды заңға енгiзсек сөзсiз ол
тәжірибеде асыра сiлтеушiлiкке әкеп соғады. Сондықтан да, қамауға алуды
басқа бұлтартпау шаралары секiлдi тек заңда көзделген мақсаттарға жету үшiн
заңды негiздер мен реттерде ғана қолдану керек.
Қамауға алу ерекше жағдайларда заңмен екi жылдан артық емес мерзiмге бас
бостандығынан айыру түрiнде жаза көзделген қылмыстар туралы iс бойынша
тағайындалады, егер:
1. айыпталушының Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғын жайы
болмаса;
2. жеке басы анықталмаса;
3. бұрын қолданған бұлтартпау шарасын бұзса;
4. қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуыға
тырысса не жасырынса.
Қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасы қолдану туралы қамауға алудың
негiздерi мен мақсаттары көрсетiлген қаулы шығарылады. Кейбiр кезде
тергеушiлер мұны ұмытып кетедi. IIБ тергеушiсi азамат О-ға қатысты қамауға
алуды қолдану туралы қаулыға тек жасалған қылмыстың бабын-ҚК 104-(орта
дәрежелi зиян келтiру) ғана көрсетедi. Яғни, негiз ретiнде бапты
келтiрген. Бұл әрине дұрыс емес. Қамауға алу туралы қаулы санкция беру үшiн
прокурорға жiберiледi. Қамауға алуды негiздейтiн материалдар болмағанда
прокурор санкция беруден бас тартады.
Прокурор азамат Ш-ға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуға
санкция беруден бас тартқан. Өйткенi iс бойынша қамауға алудың қажеттiгiн
көрсететiн материалдар болмаған.
Прокурор, тергеушi келiп түскен материалдарды 6-сағат iшiнде қарау
керек. Заң бойынша санкция беру құқығы Қазақстан Республикасы Бас
Прокурорына, Бас Әскери Прокурорға, облыстар, аудандар, қалалардың
прокурорлары мен оларға теңестiрiлген көлiк және әскери прокурорларына
берiлген.
Санкция берердiң алдында прокурор барлық iс материалдарымен танысуы және
айыпталушыдан жеке жауап алуы қажет. Жауап алу кезiнде тергеушi, анықтаушы
және қорғаушының қатысуға және өз пiкiрлерiн айтуына құқығы бар. Заң
бойынша, барлық негiздер болып, басқа жеңiл бұлтартпау шарасын қолдануға
мүмкiндiктер қалмағанда, прокурор қамауға алуға санкция бередi. Санкция
беруден бас тарту жоғары тұрған прокурорға шағымдануға болады. Бар тартудан
кейiн прокурорға қайталап қамауға алуға санкция беруге жүгiну тек қана
жаңадан пайда болған жағдайлар болғанда ғана жол берiледi.
Қамауға алу туралы iстi жүргiзушi орган айыпталушының туысқандарына
хабарлауы қажет. Ерекше жағдайларда, кәмелетке толмағанға қатысты
қолданылған жағдайларды ескермегенде, прокурор санкциясымен тергеу
құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында бұл хабарлау 10 –күн мерзiмге
кешiктiрiлуi мүмкiн.
Бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылған сезiктiлер мен
айыпталушылар тергеу изоляторларында ұсталады. Мұның тәртiбi “Сезiктiлер
мен айыпталушыларды қамауда ұстаудың тәртiбi мен шарттары туралы” Қазақстан
Республикасының заңымен белгiленген. 30.03.1999 жылы қабылданған. Қазақстан
Республикасы ҚIЖК 153-бабына сәйкес қамауға алу мерзiмдерi ұзартылуы
мүмкiн. Жалпы ереже бойынша қамауға алу мерзiмi екi ай. Екi айдан астамға
ұзарту тергеудi аяқтау мүмкiн болмағанда және бұлтартпау шарасын өзгертуге
немесе жоюға негiздер болмағанда аудандық және оған теңестiрiлген прокурор
- үш айға дейiн, ал облыс прокуроры мен оларға теңестiрiлген прокурорлар
аудандық прокурордың қолдаған дәлелдi өтiнiшi бойынша алты айға дейiн
ұзартуы мүмкiн. Көп жағдайда ұзарту тергеудiң бiтпеуiмен байланысты болады.
Азамат Н-ға қатысты бұлтартпау шарасын қамауға алуды ұзартудың
негiздемесi - қосымша тергеу әрекетiн жүргiзудiң қажеттiгi деп, Көкшетау
қаласының прокуроры бұлтартпау шарасын 3-айға дейiн ұзартады.
Кей жағдайда iстiң ерекше күрделiлiгiне орай тергеу бөлiмiнiң бастығын
облыс прокуроры мен оған теңестiрiлген прокурорлар қолдаған дәлелдi өтiнiшi
бойынша алты айдан астам мерзiмге ұзартуды Бас прокурордың орынбасары, Бас
Әскери прокурор – тоғыз айға дейiн жүзеге асыра алады.
Тоғыз айдан он екi айға дейiн қамауға алу мерзiмiн ұзартуға ауыр немесе
аса ауыр қылмыстар жасағандығына айыпталған адамдарға қатысты ерекше
жағдайларда Бас прокурор рұқсат етедi. Бұл мәселе Бас прокуратура алқасында
алдын-ала қаралады.
Қамауға алу мерзiмiн одан әрi ұзартуға жол берiлмейдi, қамауға алынған
айыпталушы дереу босатылуға жатады. Қамауға алуға санкция беру немесе
қамауға алу мерзiмiн ұзарту сотқа шағымдалуы мүмкiн. Үш күннiң iшiнде сот
ҚIЖК 110-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органынан iстi алғызып қамауға
алудың заңдылығы мен негiздiлiгiн тексередi. Соттың шығарған шешiмi үш күн
iшiнде жоғары тұрған сотқа шағымдануы мүмкiн. Жоғары тұрған сот шешiмi
шағымдалуға және наразылық келтiруге жатпайды. Заң бойынша кейбiр тұлғалар
категорияларына қатысты қамауға алуға қосымша кепiлдемелер белгiленген.
Олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұлтартпау шаралары
Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы
Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттартпау шаралары
Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері мен шарттары
Бұлттартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу
Бұлтартпау шараларының қылмыстық іс жүргізудегі маңызы
Қылмыстық процесте кепіл бұлтартпау шарасын қолданудың теориялық және практикалық мәселелері
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Қылмыстық процестегі ұстаудың жалпы сипаттамасы
Өртке байланысты қылмысты тергеу әрекеттері
Пәндер