Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы

Қазақстан Республикасы толық мемлекеттік тәуелсіздікке ие болғаннан кейін, жаңа қоғамдық - саяси жағдайда елдің әлеуметтік - экономикалық және рухани дамуының барлық саласын дамытуды басты мәселе етіп қойды. Республикамызда жемқорлық қылмыспен күресті күшейту мақсатында өткен жылдың ақпан айында американың халықаралық даму агентігінің қаржылық демеушілігімен жемқорлыққа қарсы орталықтың ашылу рәсімі өтті. Орталық әлемнің барлық елдеріндегі жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жүйесі және әдістемесі туралы ақпарат жиналды.

Орталықтың қызметкерлері Мемлекеттік қызметкерлер арасында тұрақтылықтың ұлттық жүйесін нығайту мәселелері бойынша қоғамның күшейту мүмкіндіктері туралы сауалнама өткізуді жобалауда. Жемқорлыққа қарсы қылмыстың өзекті мәселелері бойынша республикамыздың Қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тығыз байланыс жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары мен өзекті мәселелері Қазақстандағы қоғамдық қатынастарды реформалаудың барлық кешенді мәселелерімен тығыз байланыста. Сыбайлас жемқорлықтың мән - мағыналық мәселелері оның пайда болуы, онымен күрестің қылмыстық - құқықтық құралдары қызу пікірталастар тудыру үстінде «Сыбайлас жемқорлық» ұғымы қандай қылмыстық қол сұғушылықты қамтитыны да даулы мәселе қалпында қалып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа жол беретін әрекеттерді ережеге бағындыру, құқықтық саралау мәселесі де баяу жүргізілуде. Сондай - ақ, қылмыстық заң баптарының санкциясы мен сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін жазаның қандай түрлерін қолдану да нақты шешімін таппай отыр. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың ұғымы, мәні, маңызы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарының қалыптасуы мен дамуы, сыбайлас жемқорлықпен жасалатын қылмыстың нақты құрамы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың қылмыстық - құқықтық, қылмыстық - процесуалдық, криминалистикалық шаралары талданады. Қазіргі кезде қоғамымызда қауіпті құбылысқа айналып отырған қылмыстардың бірі, сыбайластық жеқорлық болып табылады. Қазақстанның жаңа қылмыстық заңдарының ережелерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің өзекті мәселелерінің проблемалық аспектілерін жасау болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері: жалпыға мәлім, жемқорлық қылмыс, ең алдымен қоғамға қауіптілігімен, құпиялылығымен, ерекше құрылымымен, экономикаға кері әсер етуімен, құқыққа қайшылығымен, күш көрсетуімен сипатталады. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық қылмысымен күресудің жаңа нысандарын, әдістерін әзірлеу, қылмыс санаттарын уақтылы ашу, алдын ала қылмысты болдырмау үшін құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру қажеттілігі туындайды.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында бұл қылмыстарды тергеу үшін, жедел - тергеу топтарын қазіргі заманғы ғылыми - техникалық құралдармен жабдықтау болып табылады. Бұл қылмыспен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында тергеудің жеке әдістемелерін қалыптастыру маңызды. Жоғарыда айтылған қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу кезіндегі прокурордың қадағалау жүйесі маңызды рөл атқарады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең басты өзекті мәселесі - жеке азаматтарға және мемлекетке материалдық үлкен шығын алып келуі. Қазіргі республикамыздың нарықтық экономика кезеңінде, сыбайлас жемқорлық қылмысымен қарсы күрес жүргізу мәселесі ең басты құндылық болып есептеледі. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерімен қалыптаспай келеді. Жалпы бұл термин латынның «соrruptio» - «сатып алу» деген сөзінен шыққан.

Яғни, лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлық туралы Цицеронның «егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды, ал егерде, басқалармен бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда олар аса қорқыныш жоқ», деген белгілі сөзін еске алуға болады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу айтарлықтай моральдық шығынға ұшырататыны сөзсіз. Тәжірибеде осы қылмыспен күрес процесінде адамдардың пайдакүнемдік, қанағатсыздық көре алмаушылық, арызқой әрекеттері жиі байқалуда. Сыбайлас жемқорлық пен пара алу салықтан бұлтару сияқты көрініс табуда. Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес проблемаларының өзектілігі әдеттегідей әлеуметтік шиеленістіктен, экономикалық тұрақсыздықпен, қайыршылықпен сабақтасып, реформаларды жүзеге асыру кезеңінде айрықша көрініс табады.

Ең алғаш рет 1995 жылы ақпан айында Европалық Кеңес сыбайлас жемқорлық мәселесі жөнінде тақырыптық жиын өткізді, ол 2001 жылы және ең соңғысы 2004 жылы өткізілді. Қазақстан Республикасында аса қауіпті құбылыс ретінде көрінетін сыбайлас жемқорлық туралы әңгіме 1991 жылдан бастап қозғалды. Қазіргі жағдайда ел басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күреске ерекше мән беруде.

Ел Президенті қылмысқа қарсы күреске байланысты бірқатар жарлық шығарды. Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының қылмыспен күресті күшейту мен құқық қорғауды нығайту мәселелері жөніндегі мәжілісінде, парақорлықпен күрестің түбегейлі шараларын алға ала отырып: «Парақорлық әлеуметтік қауіпті көлем алып барады, - деп атап көрсетіп, - параны көп нәрсе үшін - жер бөліп бергені үшін, коммерциялық құрылымдарды қайта тіркегені үшін, әскерден қалдырғаны үшін, табысын салықтан жасыру үшін, жекешелендіруге жәрдемдескені үшін, ең соңында бастықтың алдынан тамыр - таныстықпен өткізгені үшін алады».

Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына өзінің «Қазақстан - 2030» жолдауында жеті стратегиялық қағидалардың қатарына «сыбайлас жемқорлыққа табандылықпен әрі аяусыз күресуді» де атап өтті. Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің арасынан бірінші болып, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заң қабылдап және осы күресті теңдесі жоқ міндеттердің бірі деп санады.

Алғашқы рет Республика заңдарында сыбайлас жемқорлыққа және соған байланысты құқық бұзушылыққа заңгерлік түсінік беріліп, сыбайласқан құқық бұзушылықтың субъектілері анықталып отыр. Заңда, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 39 - бабының І - тармағына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындау өкілеттігі бар және соларға теңестірілген адамдардың құқығы мен бостандықтарын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі жолдары берілген.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен сыбайласқан құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке арнайы бөлім арнаған. Ал заңның негізгі мақсатына тоқталсақ, І - бабында, осы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп - қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты негізгі ұғымдар заңның 2-бабында баяндалған, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бөл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп танылады.

Сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады. Мемлекеттiк мiндеттер - Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен мемлекеттiк, оның органдары мен мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдардың өкiлеттiгiне жатқызылған iс жүргiзу мәндерi.

Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау міндеттері - заңдармен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заңдардың бұзылу себептері мен жағдайларын анықтау мен жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біркелкі қолданылуын және нормативтік актілердің міндетті талаптарының орындалуын тексеру жөнінде жүзеге асыратын міндеттері. Лауазымды адамдар - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi Өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық - билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерiн атқаратын адамдар. Жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар - мемлекеттiк мiндеттерi мен мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгiн тiкелей атқару үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген қызметтердi атқаратын адамдар.

Тарихи дамуындағы заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес түрлері

Сонау 1998 жылдың аяғында Ел Президенті Жоғары тәртіптік кеңесті «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия» етіп қайта құрды, 1998 жылдың 7 - желтоқсанында Президент сыбайлас жемқорлықпен күрестің 1999 - 2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қол қойды, 2000 жылы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия таратылып, оның қызметі Президент әкімшілігіне берілді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық кезде де қоғам мен мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.

Мемлекеттік билік органдарына келетін болсақ, бұл мәселе, яғни, сыбайлас жемқорлық ғылыми тұрғыдан зерттеу міндеттері қашан да ең өзекті мәселе болып қала береді. Сыбайлас жемқорлық, парақорлықпен бірге лауазымды адамның өзінің мүддесін ойлап бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену. Сыбайлас жемқорлықтың мәні туралы, профессор Е. І. Қайыржанов былай деді - «шындығына келгенде сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің көз үйреншікті құбылысына айналғаны қашан, ол қоғамның айықпас, қайта өрши түсетін індеті іспеттес». Қазақстан Республикасында 1998 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңға келетін болсақ, заңның 2 - бабында, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп танылады.

БҰҰ - ның халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы анықтамалық құжаттарында «сыбайлас жемқорлық» - жеке басының пайдасы үшін мемлекеттік билікті теріс пайдаланушылық делінген. Біздің республикамызда «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында, сондай - ақ өзге заңдарда көзделген, белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар деп танылады.

Белгілі ресейлік ғалым, профессор Л. Д. Гаухман сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты, оған қарсы күресті былай түсіндіреді: «мемлекеттік қызметкерлердің заңмен немесе өзге нормативтік актілермен тыйым салынған мүлікті немесе сыйақыны, көрсетілген қызмет немесе жеңілдіктерді алуы немесе оларға осындай қызметтің көрсетілуі, не болмаса заңмен немесе өзге нормативтік актілермен көзделген материалдық игіліктерді біле тұрып бермеуі». Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңда келтірген анықтаманы талдай келіп, оның тұжырымдары халықаралық құқықтың стандартқа сай келеді деп айтуға болады.

Заңда сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты үшке бөліп қарастырады.

Жақын туыстардың, жекжаттардың бірге қызмет істеуіне жол бермеу; (11 - бап)

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және олар үшін жауапкершілік (12 - бап)

Игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар (13 - бап)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен мәні
Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін субъектілердің қызмет шеңберін шектеу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық механизмі
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік түрлері
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу
Сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа тосқаулық қоюдың криминологиялық шаралары
Сыбайлас жемкорлык турлері
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz