Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері



Мұғалімнің әдістемелік, инновациялық жұмысқа қатысуы соңғы нәтижеде оның жеке педагогикалық жүйесінің, дербес педагогикалық жұмыс стилінің қалыптасуына ұласады.
В.И. Загвязинский: "Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын ұстаздар мен тәрбиешілердің күнделікті тәжірбиесін тудырушы, жасап шығарушы оқу мен тәрбие жүргізуді жетілдірудің жаңа резервтері ",-дейді /15/.
Ал, М.Н.Скаткин алдыңғы қатарлы тәжірибенін екі түрін көрсетеді. Олар: педагогикалық шеберлік және инновациялық. Кең мағынада алғанда алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мұғалімнің ең жоғарғы сатыдағы шеберлік деңгейі, яғни тәжірибесінің мазмұнында ешқандай жаңалығы болмаса да, ғылымда белгілі қағидалар мен әдістерді қолдана отырып, жоғары педагогикалық нәтиже беруі. Ал, тар шеңберде тек, жаңашылдыққа арнайы бағытталған тәжірибе бөліктерін жатқызады /43/.
Бұл анықтамалар тәжірибе қажеттігіне қарай берілгендігі байқалады. Зерттеуші ғалымдар "алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің" мәнін аша отырып, оның мазмұнын бір-біріне қарама-қайшылықсыз пікірлермен толықтыра түседі. Біз теория мен практикада "алдыңғы қатарлы тәжірибенің" әр түрлі анықталуына байланысты оның төмендегідей ерекшеліктерін айқындадық:
• оқу-тәрбие процесінін даму қажеттіліктеріне сәйкестігі;
• мазмұн байлығы мен ізденіске бағытталуы;
• алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені нақты жағдайда қолдана білуі.
Сексенінші жылдардың аяғында әдістемелік педагогикалық шығармашылыққа арналған еңбектер пайда бола бастады. Осы кезенде инноватика педагогикалық шығармашылық іс-әрекеттің жоғары түрі ретіңде жан-жақты қарала бастады. Ен алдымен, осыған байланысты алдыңғы катарлы педагогикалық іс-тәжірибелердің мәні мен өлшемдері анықталды В.А.Кан-Калик /20/, Я.С.Турбовской/21/.
Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату мәселелеріне Ж.Б. Қоянбаев, Р.М.Қоянбаевтар /44/ өз еңбектерінде кеңінен тоқталған.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу объектісі, фактілер мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі. Сондықтан, педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіруде үлкен орын алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін зерттеп, өз ісіне шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
1.2. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың
педагогикалық негіздері.
Мұғалімнің әдістемелік, инновациялық жұмысқа қатысуы соңғы нәтижеде
оның жеке педагогикалық жүйесінің, дербес педагогикалық жұмыс стилінің
қалыптасуына ұласады.
В.И. Загвязинский: "Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе бұл өз
қызметіне шығармашылықпен қарайтын ұстаздар мен тәрбиешілердің күнделікті
тәжірбиесін тудырушы, жасап шығарушы оқу мен тәрбие жүргізуді жетілдірудің
жаңа резервтері ",-дейді 15.
Ал, М.Н.Скаткин алдыңғы қатарлы тәжірибенін екі түрін көрсетеді. Олар:
педагогикалық шеберлік және инновациялық. Кең мағынада алғанда алдыңғы
қатарлы педагогикалық тәжірибе мұғалімнің ең жоғарғы сатыдағы шеберлік
деңгейі, яғни тәжірибесінің мазмұнында ешқандай жаңалығы болмаса да,
ғылымда белгілі қағидалар мен әдістерді қолдана отырып, жоғары
педагогикалық нәтиже беруі. Ал, тар шеңберде тек, жаңашылдыққа арнайы
бағытталған тәжірибе бөліктерін жатқызады 43.
Бұл анықтамалар тәжірибе қажеттігіне қарай берілгендігі байқалады.
Зерттеуші ғалымдар "алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің" мәнін аша
отырып, оның мазмұнын бір-біріне қарама-қайшылықсыз пікірлермен толықтыра
түседі. Біз теория мен практикада "алдыңғы қатарлы тәжірибенің" әр түрлі
анықталуына байланысты оның төмендегідей ерекшеліктерін айқындадық:
• оқу-тәрбие процесінін даму қажеттіліктеріне сәйкестігі;
• мазмұн байлығы мен ізденіске бағытталуы;
• алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені нақты жағдайда қолдана
білуі.
Сексенінші жылдардың аяғында әдістемелік педагогикалық шығармашылыққа
арналған еңбектер пайда бола бастады. Осы кезенде инноватика педагогикалық
шығармашылық іс-әрекеттің жоғары түрі ретіңде жан-жақты қарала бастады. Ен
алдымен, осыған байланысты алдыңғы катарлы педагогикалық іс-тәжірибелердің
мәні мен өлшемдері анықталды В.А.Кан-Калик 20, Я.С.Турбовской21.
Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату
мәселелеріне Ж.Б. Қоянбаев, Р.М.Қоянбаевтар 44 өз еңбектерінде кеңінен
тоқталған.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және
шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту мен
тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу объектісі, фактілер мен ғылыми
мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі. Сондықтан, педагогикалық
озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіруде үлкен орын
алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай
тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін
зерттеп, өз ісіне шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады.
Осындай татымды табыстарды шығармашылықпен қолданудың нәтижесінде,
мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір нақты жолдары іске
асырыла бастады. Олар:
• Мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтау;
• Педагогикалық еңбек шеберлерінің жұыс жүйесін зерттеу және жинақтау;
• Жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие
процесіне енгізу;
• Педагогикалық ғылыми-зерттеу
институттарының басшылығымен оқу және тәрбие саласындағы күрделі мәелелерді
зерттеу және жинақтау.
Өзін-өзі іс жүзінде көрсете білген шебер мұғалімдердің жұмыс жүйесін
зерттеп-жинақтау озат тәжірибені кенінен таратудың басты формасына жатады.
Бұл жұмысты педагогикалық кеңестің шешімі бойынша әдістемелік пән
бірлестігі басқарады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және
бақылау кезеңдерінен өтеді:
1) Іс-тәжірибесі зерттёлетін мұғалімнің өзімен сабақ беретін
сыныптардағы сынып жетекшілерімен оқушылардың үлгерімі және тәртібі,
олардың қоғамдық жұмысы мен қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу және
белсенділігі туралы әңгіме жасалады, зерттеуші кейбір мэселелерді
анықтайды;
2) Оқу-тәрбие жұмыстарына байланысты соңғы екі-үш жылдардың ішіндегі
кұжаттар зерттеледі. Олар: сабақ жоспары, тақырыптық, күнтізбелік жоспар,
сынып жетекшілерінің тәрбие және үйірме жұмыстарының жоспары, сынып
журналы, оқушылардың дэптері, рефераттар, техника және көркем
шыгармашылық. жұмыстары, мұғалімнің әдістемелік және педагогикалық
тақырыптарға жасаған баяндамалары, журнал беттерінде жарияланған мақалалары
мен басқа еңбектері;
3) Алдын - ала тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің сабақтарына кіріп,
тәрбие жұмыстарына қатысып бақылау жүргізіледі;
4) Зерттеу жургізілген сыныптардағы басқа мұғалімдердің сабақтарына
немесе тәрбие жұмысына қатысып, олардың іс-нәтижелері тәжірибесі
зергтелетін мұғалімнің жұмысымен салыстырылады;
5) Басқа сыныптарда немесе басқа мектептерде осы пэн бойынша ұқсас
тақырыптарға өткізілетін тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына кіріп,
олардың жұмыс нэтижесі тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің ісімен
салыстырылады.
Танысу және бақылау жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін тікелей зерттеу
басталады. Зерттеу жұмысы өте құнды болса, ғылыми-зерттеу инситутының жазба
пікірі бойынша педагогикалық оқуларға, егер көлемді болса, баспаларда
жариялауға ұсынылады.
Сонғы кездерде көптеген педагогикалық ұжымдардың аса көңіл аударып
жүрген мэселелерінің бірі-оқу мен тәрбиенін бірлігі, пәнаралық байланыс,
сабақта оқушылардың таным іс-әрекетін белсендіру тәсілдері, сабақтын
тиімділігін арттыру т.б., осы сияқты жалпы педагогикалық тақырыптар бойынша
бір-бірімен тектес пэн мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін зерттеп жинақтауға
болады.
Бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеудің нәтижесінде
мектептегі бір-бірімен тікелей байланысты ғылыми-әдістемелік жұмыстарды
жоспарлы түрде мақсатқа бағытталып жүргізілетіндігі сөзсіз.
Соңғы жылдары біздің елімізде жаңашыл мұғалімдердің щығармашылық
тәжірибесі, педагогика шеберлерінін және белгілі ғалымдардың еңбектері
жарық көре бастады. Көптеген құнды педагогикалық еңбектер жазылды. Олардың
авторлары профессор Ш-А.Амонашвили 38,39 және В.Ф.Шаталов 40, Е.Н.Ильин
37 т.б. Осы авторлардың эрқайсысы оқу-тәрбие процесінің тиімділігі мен
сапасын арттыруда өздерінің ерекше әдістерін жасады. Ш.А.Амонашвили
бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасайтын мектеп
практикасында алты жастағы балалармен жұмысты үйымдастыру жағдайын ғылыми
түрғыда дэлелдеді. И.П.Иванов 37 қазіргі жағдайда А.С.Макаренконың идежын
дамыта келіп, ұжымдарды қалыптастыру мен тәрбиелеудің, қоғамдық балалар
ұйымдарында элеуметтік өмірді жетілдірудің жолдарын ашты. В.Ф.Волков
бірінші сыныптан бастап өз бетімен және бейімділігін анықтауға байланысты
сыныптан тыс жұмыстың белгілі жүйесін жасады. Ол бастауыш сынып
оқушыларымен шығармашылық сабақ өткізіп, олардың нышанын және қабілетін
анықтауға мүмкіндік туғызды. Білім беру саласьшда қажырлы еңбек етіп, үлес
қосқан Республикамыздағы жаңашыл мұғалімдерді де атап кеткен жөн. Олар:
Қүмаш Нүрғалиүлы Нұрғалиев, Рафика Бекенқызы Нұртазина, Архимед Мыңбайүлы
Ысқақов, Григорий Максимович Курбатов, Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева т.б.
Жаңашыл мұғалімдердің тәжірбиесі орта, жоғары мектеп мұғалімдері мен
оқушыларының игілігіне айналады. Сондықтан, олардың тәжірибесін зерттеуге
зор көңіл аударушылық байқалып келеді. Өйткені, әрбір жаңа педагогикалық
күбылыс талқылауды, зерттеуді және талдауды қажет етеді.
Жоғарыда айтылған пікірлерді талдай отырып, біз Н.Р.Юсуфбекованың
педагогикалық жаңалық бір мезгілде ғылыми идеялармен жаңа практикалық
дэлелдемелермен сусындағанда ғана тиімді бола алады деген пікірлеріне
қосыламыз.
Н.Р.Юсуфбекова: "Педагогикалық инновация, - деп - оқыту мен
тәрбиелеудің ғылымдағы пайда болған жаңа идеяларды жан-жақты ғылыми талдай
отырып, жалпы тәжірибеге ену денгейіне дейін көтерілген авторлық
түжырымдарды көрсетеді" 19.
Ғылыми шығармашылық ізденістің тек басында не аяғында емес ол түтас
педагогикалық процеске толығымен енеді. Сондықтан, педагогикалық инновация
үздіксіз ғылыми-зерттеу қызметін талап етеді.
Озат тәжірибені зерттеу және оны түтас педагогикалық процеске енгізу
қажырлы еңбекті, терең сауаттылықты, өз пәніне еркін иелік етуді, теория
мен практиканың дамуында үнемі жаңалықты біліп отыруды талап етеді. Осыңдай
дербес және мұғалімдердің білімін жетілдіру институты қызметкерлерінің
тікелей қатысуы, олардың шығармашылық белсенділігін арттыруға үнемі ғылыми-
педагогикалық әдебиеттермен және педагогикалық-психологиялық ғылымның
жетістіктерімен танысып отыруға мүмкіншілік жасайды. Мұғалім озат
педагогикалық идеяларды және жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін игеру үшін
оларды өзінің педагогикалық жүйесінің қүрамдас бөлігі етіп, жетілдіріп
дамытады.
Осы айтылғандарды қорыта келе, біз алдыңғы қатарлы тәжірибе
педагогикалық қызметте бағдарланған, тиімді тәжірибесі деген ойға келдік.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе оқу-тәрбие процесіндёгі кейбір
ескірген дәстүрді үйымдастыру түрлеріне сын көзбен қарап, тәжірибе
Қажеттілігіне сәйкес жаңа мәселелер тудырып, үйреншікті тәжірибенің
шеңберін кеңейтіп, терендетіп отырады. Алдыңғы қатарлы педагогикалық
тәжірибе — бұл прогрессивті тәжірибе. Яғни, оның болашағы зор.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені оқып, қолданып үйрену үшін, оның негізгі
белгілерін ажырату, яғни өлшемдерін белгілеу қажет. Л.Б.Щербакова 70
алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің өлшемдері мынандай талаптарға
сәйкес болуы шарт:
• объективті болуы;
• мәнді сапасы мен белгісінің болуы;
• тұрақты және нақты;
• салыстырмалы,- деп көрсетеді.
Л. Б. Щербакова алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің негізгі
белгілерін төмеңдегідей береді:
• алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің басты белгісі оның
нэтижелігі;
• алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибеде жоғары нэтиже талапқа сай
білім, іскерлік және дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
• алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе көрсеткішінің бірі
-жаңашылдық сипатқа ие болуы.
Жаңашылдық сабақтағы педагогикалық процесті байқау нэтижесінде
анықталады. Жаңашылдық оқу-тәрбие процесінін өмір сүруші тәжірибесінен
түбегейлі өзгерісті қажет етпейді. Оның деңгейлері әр түрлі болуы
жаңалықтарды ашудан бастап, педагогикалық еңбектердегі ғылыми жаңалықтарды
тиімді қолдануға дейінгі кезеңді қамтуы мүмкін. Ал, қорытындысында
алғашқылардың өзі жоғары нәтиже беруі қажет.
Келесі кезекте, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қолдану мен
оны үйрену оның көкейтестілігімен анықталады.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе көкейтестілігін ёкі жақты
қарастыруға болады. Біріншіден, жаңалық қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық мектепке көшу бағытындағы мұғалімнің инновациялык даярлығын қалыптастыру
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
БАСТАУЫШТЫ ОҚЫТУДА ЖАҢАШЫЛ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Кіші жастағы оқушыларға математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану
Пәндер