Қазақ мемлекетінің әлеуметтік - экономикалық дамуы (XVI ғасырдың аяғы-ХVІІ ғасыр)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қазақ мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуы (XVI ғасырдың аяғы-ХVІІ ғасыр)

2. Шаруашылықтың дәстүрлі саласы. Қолөнер

ІІІ. Қорытынды

Қазақ мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуы (XVI ғасырдың аяғы-ХVІІ ғасыр)

XV-XVII ғасырларда қазақтарда шаруашылықтың дәстүрлі саласы - экстенсивті көшпелі және жартылай кешпелі мал шаруашылығы басым болды. Мал түрлерінен қой, жылқы, түйе өсірілді. Көшіп-қонудың бұрынғы тәртібі сақталдыы көшпелі ауылдар жазда Солтүстік далалы аудандарды, қыраттарды, тау баурайындағы жайылымдарды жайлады, қыста өзен алқаптарына, көл жағалауларына қыстады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыды, жер суарудың арықтық және науалық жүйесі пайдаланылды) Егіншілік аймақтар Қазақстанның басқа да аудандарында, көбіне қыстау мандарында сақталды. (Ёгіншілік пен көшіп-қонуға малы жоқ кедей жатақтар айналысты. Негізгі дақылдар - тары, бидай, арпа, жүгері болды. ХVІ-ХVІІ ғасырларда Оңтүстік Қазақстаңда негізінен Сырдария бойында Сығанақ, Ясы (Түркістан), Сауран, Отырар, Сайрам, Аркук, Өзкент, Атқорған, Созақ сияқты ежелгі калалар мен қатар Қаратау баурайларында Күлтөбе, Ран, Тастөбе, Тасқорған, Көктөбе қалалары төрізді ондаған отырықшы қоныстар пайда бодды. Бұлар егіншілік өлкелердің орталықтарына айналды. Қалаларда көзе, ұста, ағаш өңдеу, тоқыма өндірістер, теріден, жүннен бұйымдар жасау, құрылыс ісі дамыды. Көшпелі малшылардың үй кәсіпшілігі негізінен мал өнімдерін өндеуге негізделді. Оның ішіңде киім-кешек тігіп, киіз басатын, кілем тоқып, теріден ыдыс-аяқ, ертүрман өбзелдерін жасайтын көсіпшіліктер болды. Қазақтардың шаруашылығы негізінен натуалды шаруашылық болып қала берді, сауда айырбас түрінде жүргізілді. Көшпелілер малды, етті, жүнді, теріні, киіз бұйымдарын бидайға, ұнға, мақта-маталарға, қаланың қолөнершілері жасаған бүұымдарға айырбастады. Оңтүстік қалаларда сауда істерінде Ясы мен Отырарда, Орта Азия қалаларында шығарьшған ақшалар қолданылды. Қазақстан территориясы керуен жолдарының маңызды торабына айналды Бірақ XVII ғасырда феодалдық қырқыс пен жоңғар шапқыншылығының өршуіне байланысты Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар омірі мен сауда қатынастары қайтадан құлдырап төмендеді. Қазақ қоғамына патриархалдық феодалдық қатынастар басым болды. Патриархалдық қатынас сарқыншақтары халық шаруашылығы мен әлеуметгік омірдің Барлық салаларынан байқалды. Жерге феодалдық мешііік феодалдардың жайылымдық жерлерге қожалық етуінеп көрінді. Жер қауым меншігі болғанымен феодалдар жайылымдардың оты мол, шұрайлыларын оздері алып отырды. Жеке меншіктің объектісі мен феодалдық қанаудың құралы мал болды. Деректерге қарағанда, ірі феодалдардың бірнеше мың малы болған. Хандықтағы барлық жердің бас билеушісі хан саналды. Егіншілік аудандарда жер қатынастаоының феодалдықта діни және меншік түрлері сақталды. Қазақ қоғамында негізінде екі тап: феодалдар табы (хандар, сұлтандар, байлар, билер т. б. ) және феодалдарға тәуелді шаруалар табы (көшпенділер, жартылай көшпелі малшы-шаруалар мен егіншілер) болды) Еңбекші бұқара өндірген үстеме өнімді феодал-шонжарлардың сан түрлі алым-салық (малшылардан алынатын сыбаға, зекет, соғым, егіншілер мен қол өнершілерден алынатын ұшыр, тағар, бадж және харадж) салу жолымен иемденуі арқылы жүргізілді. Салықтардан басқа үстеме жұмыстар істеуге, борышын еңбекпен өтеуге (сауын, қоналғы, жамылғы, мердігер т. б. ) тиісті бодды. Феодалдық право тәртібі жүйесінде адат (әдет) нормаларымен мұсылмандық право (шариғат) нормалары да қолданылды. XVII ғасырдың аяғында Тәуке хан түсында жасалған "Жеті жарғы" завдар жинағы феодалдық топтардың өздеріне тәуелді халықты қанау правосын нығайта түсті,

Қорыта келгенде мал шаруашылығының өнімі қазақтың негізгі азықтық қорегі әрі киімі, үй жиһазы болды. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қазақтары суармалы және тәлімі егін-шілікпен шұғылданды. Өзге аймақтардың кейбір жерінде қыстау маңы өңделді. Негізгі дақыл тары, кей жерлерде аздаған бидай, арпа егілді. Көшпелі малшьшар арасыңда қолөнер кесібі, әсіресе, мал өнімі жақсы өңцелді (Кілем, Ши, Бөрік, Сәукеле, Киіз үй, т. б. ) - Соғыс қару-жарақтары да жасалды. XV-XVII ғасырларда Сығанақ, Ясы (Түркістан), Сауран, Отырар, Сайрам, Аркук, Өзкент, Аққорған, Сүткент және бірқатар қалалар мен қыстақтар - Иенкент, Сүри, Қарашоқы, Қарнақ, Қарасаман, Аюкөк, Өзкент, Қарақұрым сияқты белгілі елді мекендер болды. Қалаларда көзе, ағаш өндейтін, тері илейтін, киім тоқитын көсіпорындар болды. Ясы мен Отырарда теңге соғылды. Көшпеңділер сауда-сатғықты жақсы білді. Олар малын, оның өнімін затқа, астыққа айырбастады. Қазақстан жері арқылы керуен жолдары өтіп, Орта Азия мен Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен, Сібірмен сауда қатынастары орнады.

ХVІ-ХVII ғасырларда қазақ қоғамының экономикалық және әлеуметтік құрамында феодалдық қатынастар үстем болды. Бұл қатынастарға тән ерекшеліктердің бірі қоғам

Мүшелерінің арасындағы қатынастарда елеулі рөл атқарған қауымдық рулық формаларды және институттарды сақтап қалу еді. Феодалдық қатынас жерге деген феодалдық жеке меншік негізінде дамыды (икта, мылық, вакф т. б. ) . Ал далалық аймақта жерге деген феодалдық жеке меншік көшіп-қоныс, жайылымдықка байланысты еді. Олар бұл жерлерге иелік жүргізіп, өздері шұрайлы жайылымдықты алып отырды. Барлық жердің қожасы хан саналды. Ол жерді ұлысқа, сұлтандарға, ірі феодалдарға бөліп берді. Қазақ қоғамы екі таптан құралды: феодалдық тап (хандар, сұлтандар, бай, би, кейбір батырлар, діни ағзамдар) және феодалға бағынышты шаруалар (көшпелілер, жартылай көшпелілер - малшы мен диқандар) . Феодаддық қанау көптеген алым-салық малшыдан

- зекет, соғым сыбаға диқаншы мен қолөнер кәсіпшісінен

- ұшыр, тағар, бада, харадж) жинады. Хандық бірнеше ұлысқа бөліңді, оның билігін Шынғыс тұқымынан тараған сұлтан жүргізді. Мемлекет билігін бір қолда ұстаған хан азаматтық, әкімшілік, әскери істерді басқарды.,

Мемлекет басқару жүйесі әдет заңымен және феодалдық мұсылмандық шариғат правосымен басқарылды. Тәуке ханның "Жеті жарғы" деп аталған зандар жинағы әдет-ғұрып правосы нормаларының жинағы еді, онда қазақ феодаддық правосының принциптері неғұрлым толық және айқын бейнелеңді. Бұл зандарда феодалдық меншікті қорғауға және меншік туралы дау-жанжалды реттеуге басты назар аударылған. XV-XVII ғасырларда қазақ халқының өзіндік материалдық, рухани мәдениеті дамыды.

Қазақ хандарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы (ХV-ХVII ғ. )

Қазақ хандығы XV ғасырдың 60-жылдарының ортасы мен 70-жылдардың басында (Мұхаммед Хайдар Дулатидің есебі бойынша 1465-1466 ж. ) Батыс Жетісуда құрылды. Оның негізін қалаушьшар Керей хан мен Жәнібек хан болды. Қазақ хандықтарының сыртқы саясат жөніндегі бағыт-бағдары және дипломатиялық қатынасы белгілі бір дәуірдегі ішкі, әсіресе сыртқы жағдайға сәйкес өзгеріп отырды.

Жәнібек хан мен Керей ханның одақтық қатынас орнаткдн тұнғыш мемлекеті Монғолстан болды. Бұл достық одақ 1456 жылы құрылып, XVI ғасырдың 30-жылдарына дейін созылды. 1468 жьшы Әбілқайыр хан өлген соң Шығыс Дешті-Қышпақты билеу үшін Өзбек ханның мұрагерлерімен күресксн қазақ. хандары Шайбани әулетімен билікке таласып жүрген Жошы әулетінен шыққан Ахмет ханмен, Махмұд ханмен, Ибақ ханмен т. б. одақтасты.

Қазақ хандары сыртқы саясатга, ең алдымен, Шығыс Дешті Қыпшақ мемлекеттерінің ежелгі экономикалық және саяси орталығы болған Сырдария бойындағы Сығанақ, Сауран, Отырар, Ясы (Түркістар) және басқа қалалардағы өз билігін нығайтуға күш салды . Ал олардың Дешті-Қыпшақтағы негізгі бәсекелесі Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан да қазақ даласыңдағы халықтарды билеу және одан кейін Орта Азиядағы Темір әулетінің қол астындағы жерлерді жаулап алу үшін Оңтүстік Қазақстанның осы қалаларына арқа сүйемек болды.

Дешті-Қыпшақтағы және Түркістан қалалары үшін ұзаққа созылған күрес XV ғасырдың соңыңда Сырдария бойындағы бірқатар қалалардың қазақ хандарының қол астына көшуімен және Шайбани әулетінің Орта Азияға ығысуымен аяқтадды. Шайбани әулетімен уақытша бітім жасалды.

Қазақ хандығы Қасым хан түсыңца (1511-1523 ж. ) күшейе түсті. Ол Жетісудағы өз иелігін едөуір ұлғайтты, Жетісудағы қазақ руларын қазақ хандығына қосып алды. Қасым хан Орыс мемлекетімен де дипломатиялық байланыс орнатты. Қасым ханнан кейін қазақ хандықтары әлсіреп, сыртқы саясатта да өзгерістер болды. Тахир ханның (1523-1533 ж. ) Сырдария бойындағы қалалар үшін Шайбани әулетімен жүргізген соғысы сәтсіз аяқтадды. Ноғай Ордасы маңғыттарымен соғыста да жеңіліп қалып, моғолдармен одақты нығайту жолын іздеді. Алайда Жетісуда өз үстемдігін қайта орнатуға тырысқан моғолдың феодалдық билеушілері бұған қарсы шықты. Ақыры XVI ғасырдың 30-жылдарында қазақ хандары мен моғол билеушілері арасындағы достық қатынас біржолата үзілді. Моғолстан ханы Әбд-ар-Рашид хан (1533 жылы таққа отырды) Шығыс Түркістанда жайылымдық жердің жетіспеуіне байланысты болған экономикалық қиындықтардан құтылу үшін өзбектермен - Шайбани әулетімен одақтасып, Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуға тырысты. Қазақтар қырғыздармен одақ құрып, Жетісу және Тянь-Шапьдағы оз иеліктерінің тәуелсіздігін сақтап қалды

XVI ғасырдың екінші жартысында қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы бұрынғыдан да қиындай түсті. Әбд-ар-Рашид хаимсн үзаққа созылған соғыс, ойраттардың (қалмақтардың) Жетісудың шығысына жасаған қысымы, Ноғай ұлысы мен Сібір хандығының соғысуға әзірленуі, Орыс мемлекетінің 1552 жылы қазан, 1557 жылы Астрахань хандықтарын басып алғаннан кейін қазақ даласына жақыңдай түсуі - осының бәрі қазақ ханы Хақназарды (1538-1580 жылдары билік құрған) өзбек ханы Абдолла II мен "анттасқан шарт" жасауға мәжбүр етті. Қазақ хандары Хақназар, Шығай (1580-1582 жылдары билік еткен), Тәуекел (1586-1598 жылдары билік құрған) Абдолла ІІ-ге Ташкент билеушісі Баба сұлтанның билігін басуға көмектесе отырып, Сырдария бойындағы қалаларда өз жағдайларын жақсарта түсуге тырысты. XVI ғасырдың ақырында Ресеймен экономикалық және дипломатиялық байланысты нығайту қазақ хаңдықтарының бұл кездегі жағдайын біршама жақсартудың маңызды факторы болды.

Тәуекел хан 1583 жылы өзбектермен "анттасқан шартты" бұзып, Бұхараға қарсы Ресеймен саяси одақ құруға қадам жасады. 1594-1595 жылдары Құлмұхаммед және Вельямин Степанов басқарған елшіліктер алмасылды. Ресейдің II Абдолла мен Көшімге қарсы соғыста Тәуекелге көмек көрсетуі, сауда қатынасын ұлғайту жайлы келіс сөздер жүргізілді. Тәуекел хан Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзаққа созылған күресті сәтті аяқталы. Тәуекеддің мирасқоры Есім ханның (1598-1628 жылдары билік құрған) 1598 жылғы Бұхарамен жасасқан бітім шарты бойынша Түркістан мен Тащкент қазақ хандығына берілді.

Қазақ хандығының XVII ғасырдағы сыртқы саясаты үш бағытта жүргізілді Шайбан әулетінің қазақ билеушілерін Ташкент пен Түркістаннан ығыстыруға тырысқан әрекетіне қарсы күрес; 2/ Орыс мемлекетімен қарым-қатынасты бұ-рынғыдан да нығайта түсу; 3/ Жоңғар хандығының шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін күрес. Ал 80-жьшдары Жоңғар хандарының Оңтүстік Қазақстандағы қысымы күшейді. Жоңғарлардың шабуыл жасау қаупі күшейе түсуіне байланысты Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен қарым-қатынасы бірінші кезектегі мәселеге айналды.

Қорыта келгенде, Хақназар, Тәуекел, Есім, Тәуке хандар тұсыңда Ресеймен қазақ хандары арасында елшілік алмасылды. XVI ғасырдың ақырында Түркістан ауданында күрес қайта орістеді. Тәуекел Орта Азияның сауда орталықтарына шығу жолындағы күрес саясатын жалғастырады. 1598 жылы Бұхарамен жасасқан шарты бойынша Сырдарияның орта бойындағы барлық қалалармен бірге Ташкент тс қачак, хандығына қарады. Қазақ ханының шапқыншылық самсаты мсмлекетті нығайтпады. XVII ғасырдың басынан бастап феодалдық қақтығыстар күшейді. XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы феодалдық тартыстардың күшеюімен сипатталады. Тәуекел хан Бұхараны қоршауға алған кезде қаза тапқаннан кейін Түркістандағы билік Есім ханның (1598-1628) қолына көшті, ал Ташкентге Хақназардың немере інісі Тұрсын Мұхаммед өзін хан жариялады. Үш жүздің әрқайсысында (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз) бірте-бірте дербес хан пайда болды. Қазақ хандығының сыртқы саясаты, әсіресе, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс шекарасындағы жағдай шиеленісті Аштарханның ханы Иманқұл т. б. Ташкент пен Түркістан әулетін қайтарып алуға тырысты. Ойраттардың қазақ жеріне жорығы жиіледі. 1635 жылы Жоңғар хандығының құрылуы Ертіс жағалауы мен Жетісуға қатер туғызды. 80-жылдары Оңтүстік Қазақстанның қалаларына шабуыл жасап, Сайрамды қиратты. Тәуке хан (1680-1715) кезіндегі қазақ хандығының аздап нығаюы, қазақтардың қарақалпақ, қырғыздармен одақтасуы жоңғар феодалдарының шабуылын біраз уақыт кідіртті. Тәуке хан үкімінің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағбітталған шаралар қолданды. Жеті жарғы деген атаумен әдетгегі праволар нормасының жинағы құрастырыдды, мұнда феодалдық право тәртібі мен мемлекет құрылымының негізгі принциптері белгіленді. Тәуке Ресей мемлекетімен қарым-қатынасты нығайту бағытын жалғастырды. Хақназар хан (1538-1580), Тәуекел (1582(6) - 1598), Тәуке (1680-1718) тұсында ішкі саяси жағдайларға байланысты территориясы бірде тартылып, бірде кеңіп отырса да, қазақ хандары өздерінің жағдайын нығайтты.

Қазақ халқының мәдениеті (XV ғасырдың соңы-XVII ғасырдың бірінші ширегі)

Қазақ халқының мәдениеті халықтық және феодалдық болып, 2 бағытта дамыды. XVI-XVII ғасырларда қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері мен белгілері тұрғын үйлер түрінде, оның жиһаз, бұйымдарыпда, киімі мен ас-су, әдет-ғұрып, дәстүрінде, қолөнері мен ауыз-әдебиетінде түпкілікті айқындалды. Ол өткен дәуірдің мәдсниет мұраларымен ұйлесім тауып отырды. Сығанақ пен Саурапдағы, Жент пен Отырардағы архитектуралық ғимараттар комплексі, Сарайшықтағы Жәнібек пен Қасымның, Түркістандағы Есім мен Жәңгірдің, Ұлытаудағы Қазанғаптың мавзолейлері, Маңғыстаудағы, Сырдария бойындағы, Қаратаудың етегіндегі мазарлар өзіндік ерекшелігнен, архитектуралық құрылысының келістілігімен коз тартады. Үй кәсіпшілігі мен іскерлік өнер бұйымдары - оюлармен безендірілген ертұрман әбзелдері, киіз үйлер, оның шебер жасалған жиһаздары мен бұйымдары (кілем, алаша, кесте, сырмақ, ыдыс-аяқ), әйелдердің сәнді киімдері мен әшекейлері халықтың материалдық мәдениетінің жоғарғы дәрежеде болғандығының айғағы. ХV-ХVІІ ғасырларда қазақтардың ауыз әдебиеті кеңінен дамыды. Халықтан шыққан дарынды ақындар, салдар, серілер, жыраулар "Қобыланды батыр", "Ер Тарғын", "Қамбар батыр" т. б. Осы сияқты қаһармаңдық дастандарды "Қозы Көрпеш-Баян сұлу", "Қыз Жібек" тәрізді әлеуметтік тұрмыстық поэмалар мен тұрмыс-салттық өлең ертегілерді шығарып, ұрпақтан ұрпаққа таратты. Қазақтың ауыз әдебиеті өкілдерінің есімдері: Шалкиіз жырау (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Жиенбет (XVII ғасыр) аңыз болып сақталған. Дарынды халық музыканттары тарихи, тұрмыстық тақырыптарға ертегілерге арнап күйлер шығарды. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы жетілді. Қадырғали Жалайыридің қазақ тілінде жазған "Жәми-ат тауарих" атты шығармасы XVII ғасырдың маңызды тарихи-жылнамалық прозалық ескерткіш. Ал Мұхаммед Хайдар Дулатидың "Тарих-и Рашиди" атты шығармасында Қазақ хандығының тарихы туралы алғаш рет деректер берілді.

Сахарадағы рухани өмірдің өзіндік ерекшеліктері көп еді. Кең даладағы көшпенді тірлік, тұрмыстық-қоғамдық өзгешелік сөз өнерінің соңы сыйпатта қалыптасуына себеп болғанды. "Өнер алды қызыл тіл", ал тіл шұрайы - өлең сөз деп танылды. Халықтың рухани өмірінде жетекші орынға шыққан поэзия әлденеше ғасыр бойы қазақ әдебиетінің жай ғана көшбасшысы емес, ең басты жанры қызметін атқарады. - әлбетте, қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ кемел өре, көркем келісімге жетуі заңды болса керек. Қазақ атымен алатын дербес әдебиеттің алғашқы өкілдері, оз кезінде бүкіл Дешті-Қыпшаққа даңқы кеткен Асан Қайғы, Қодан тайшы, Қазтуған жыраулар мұрасын біз жаңаның басы ғана емес, көненің жалғасы деп те қарауға тиіспіз. Бұлардың біздің заманымызға жеткен шығармаларынан Әбілхайыр ұлысындағы бүліншілік, қазақтар көтеріле көшіп, тәуелсіз ту көтерген қилы кезең көрінісі бедер тапқан. Сонымен қатар, халықтың өз кезіндегі елеулі тарихи оқиғаларға берген бағасы да танылғандай. Елге ұйтқы, ер-азаматқа ақылгей болған жыраулар қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт-бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігін де айқындап кетті.

Кейінгі ұрпақ әулие танып, аңыз кейіпкеріне айналдырған, ал Шоқан Уәлиханов "көшпенділер философы" атаған Асан Қайғы өз заманының үлкен ойшылы еді. Ол кептеген нақыл сөздердің, афористік, философиялық толғаулардың авторы. Керей, Жәнібек хандардың ақылшы биі болған Асан қазақ руларының орда көтеруін жақтайды, қазақтар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң ел іргесі берік, ағайын ұжымы күшті болуын үндейді. Өзінің өлең, толғауларында хандық үкіметті нығайту, елдің қорғаныс қабылетін арттыру қажетін насихаттайды. Жәнібек ханды табысқа мастанбауға, елдің түбегейлі болашағын ойлауға шақырады. Феодалдық қоғамдағы әдет-ғұрып, мінез-күлық мәселелерін кетереді. Өзінің ақындық күшін туыстас руларды бір орталықты, куатгы мемлекет етіп ұйыстыру жолына арнайды. Біздің заманымызға жеткен толғауларынан Асанның қилы кезең табиғатын жыға танығаны, тіпті, Алтын Орданың орнында пайда болған хандықтардың бәрінің құрып бітетініне дейін болжай алғаны көрінеді.

Сақара эпосын тудырушылардың бірі - ірі эпик, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы, әрі нәзік лирик болған Қазтуған өз артына өмір туралы, ата мекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптағы сан алуан мазмұнды туыңдылардан құралған мол мұра қалдырады. Бұлардың дені сақталмаған. Қазтуғанның біздің дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Жырау қиялының байлығы, суреттеу тәсілдерінің кемелдігі мен әсемдігі көне дәуірдегі қазақ поэзиясының биік өресін, өзіндік сипатын танытады. Қазтуғанның ұлттық бояуы қанық, афоризмдерге, көркем тіркестерге бай, әр рухты толғаулары туған әдебиетіміздің тандаулы үлгілері қатарына жатады.

Орта ғасырлардағы қазақ поэзиясында жыраулар жетекші роль атқарды. Жырау шығармалары әдетте нақыл, қанатты сөздерден құралған философиялық толғаулар түрінде келеді. Толғауларда жырау өзінің замана жайында түйгендерін, мораль, этика хақындағы ойларын баяндайды, елеулі қоғамдық мәселелер көтереді. Сол сияқты, әлем, болмыс, тіршілікте, табиғатта жүріп жататын өзгерістер, оның мән-мағынасы жөніндегі түсініктерін де білдіруі мүмкін. Жаугершілік заманда жорықтарға қатысып отырған, кейде, тіпті, батыр, қолбасы да болған жыраулар әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырлар туғызады. Жыраулар қолданған керкемдік тәсілдер жырау поэзиясыиың ішкі мазмұнына орайлас.

Жыраулар поэзиясыиың дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз өнернамалары айрықша әсер етті. Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау (1523 ж. елген) шығармаларынан ортағасырлық жауынгер көшпендінің ер түлғасы, ерлік кейпі көрінеді, оның асқақ рухы, берік дәті, омірлік мүраты танылады. Ойлы да сырлы Доспамбет толғаулары тақырыбы, мазмүны ғана емес, көркемдік ерекшеліктері түрғысынан алғанда да соны сыпатта.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
XV – XVI ғғ Қазақ хандығы
Қазақстанда мал шаруашылығының дамуы
Осман империясының құрылуы мен мәдениеті
Осман империясының әлеуметтік-экономикалық дамуы және араб елдерін жаулап алуы
XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы мен орыс мемлекеті арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени, дипломатиялық қарым-қатынас
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
ОРЫС-ҚАЗАҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ БАСТАЛУЫ. ҚАЗАҚ ЖЕРІ ТУРАЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖИНАҢТАЛУЫ
Қазақ хандығының қалыптасуы
ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ ҚАЗАҚ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz