Кәлиманың көк құсы



Құрметті оқушым, сіз қалай ойлайсыз, Ұлық Алланың сипатын, Құран құпиясын, ислам философиясын «алиф, ләм, мим, қал, дәль» – деп, дінді араб әрпінен бастап үйрететін теріс тәсіл қайдан шықты? Мешіттегі имамдар мен молдалар дәрет алып, намазға жығылуды нағыз Ислам деп санайтын сауатсыздыққа бой ұрғалы қай заман? Ұлық Алланың шексіз, түпсіз, сансыз сипатын көңілмен сезу, Құран сүрелерінің сырына жүрекпен жету қазіргі мүфти, хазірет, имам, молда, сопылар үшін неліктен мүмкін емес нәрсеге айналды?
Исламның сақал, шапан, сәлдеге ғана мән беретін мұндай надан, қараңғы, топас түрі қашан және қайдан шықты? Әлемнің қалай басталып, немен бітерін алдын-ала біліп, күні бұрын ескертіп кеткен Хазіреті Пайғамбардың хадистерінде бұл жалған ілімнің бастауы мен кесапаты туралы айтылған ба? Әрине!
Хазіреті Пайғамбар бірде серіктерімен намаз оқып болған соң қолын жайып, «Иә, Ұлық Алла, Шам мен Йеменнің жері мен еліне береке мен бірлік бер, дініңді сол жерден гүлдендір!» – деп дұға қылады. Осы кезде Недж қаласынан келген сахабалар: «Иә, Алланың елшісі, дұғаңызға Недж қаласын да қоссаңыз» – деп өтінеді. Алла елшісі сол замат алдыңғы дұғасын айна-қатесіз қайталайды. Сахабалар сөзіміз естілмей қалды-ау деген оймен өтінішін дауыстап тағы айтады. Амал нешік, дұға өзгеріссіз үшінші мәрте қайталанады. «Иә, ұлық Алла, Шам мен Йеменнің жері мен еліне береке мен бірлік бер, дініңді сол жерден гүлдендір» – деп дұғасын нық дауыспен қайталаған Пайғамбар с.ғ.с: «Недждің дұғаға кірмейтін себебі бар. Ол жақтан елдің ішін ірітіп, діннің мазмұн-мәйегін былғап бүлдіретін бәле шығады. Малғұн шайтанның мүйізі сол болады» – деп дұғасының сырын түсіндіреді.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Кәлиманың көк құсы
Құрметті оқушым, сіз қалай ойлайсыз, Ұлық Алланың сипатын, Құран
құпиясын, ислам философиясын алиф, ләм, мим, қал, дәль – деп, дінді
араб әрпінен бастап үйрететін теріс тәсіл қайдан шықты? Мешіттегі
имамдар мен молдалар дәрет алып, намазға жығылуды нағыз Ислам деп
санайтын сауатсыздыққа бой ұрғалы қай заман? Ұлық Алланың шексіз,
түпсіз, сансыз сипатын көңілмен сезу, Құран сүрелерінің сырына
жүрекпен жету қазіргі мүфти, хазірет, имам, молда, сопылар үшін
неліктен мүмкін емес нәрсеге айналды?
Исламның сақал, шапан, сәлдеге ғана мән беретін мұндай надан,
қараңғы, топас түрі қашан және қайдан шықты? Әлемнің қалай басталып,
немен бітерін алдын-ала біліп, күні бұрын ескертіп кеткен Хазіреті
Пайғамбардың хадистерінде бұл жалған ілімнің бастауы мен кесапаты
туралы айтылған ба? Әрине!
Хазіреті Пайғамбар бірде серіктерімен намаз оқып болған соң қолын
жайып, Иә, Ұлық Алла, Шам мен Йеменнің жері мен еліне береке мен
бірлік бер, дініңді сол жерден гүлдендір! – деп дұға қылады. Осы кезде
Недж қаласынан келген сахабалар: Иә, Алланың елшісі, дұғаңызға Недж
қаласын да қоссаңыз – деп өтінеді. Алла елшісі сол замат алдыңғы
дұғасын айна-қатесіз қайталайды. Сахабалар сөзіміз естілмей қалды-ау
деген оймен өтінішін дауыстап тағы айтады. Амал нешік, дұға өзгеріссіз
үшінші мәрте қайталанады. Иә, ұлық Алла, Шам мен Йеменнің жері мен
еліне береке мен бірлік бер, дініңді сол жерден гүлдендір – деп
дұғасын нық дауыспен қайталаған Пайғамбар с.ғ.с: Недждің дұғаға
кірмейтін себебі бар. Ол жақтан елдің ішін ірітіп, діннің мазмұн-
мәйегін былғап бүлдіретін бәле шығады. Малғұн шайтанның мүйізі сол
болады – деп дұғасының сырын түсіндіреді.
Пайғамбар болжамы қатесіз дәл келді. ХVІІІ ғасырда сол Недж
шаһарынан Исламның рухани ілімін түгелдей жойып, жүрек көзі ғылымын
араб түбегінен аластаған шайтан мүйізі ақыры шықты. Оның есімі –
Мұхаммед әбдаль Уәһаб еді. Шайтан мүйізі Неджден қалай шықты – Араб
әлеміндегі Ислам да солай сөне бастады. Діннің ішкі мазмұны мен рухани
мәйегін ұрпақтан ұрпаққа жеткеріп, хәл ілімін үзбей үйретіп келген
әулие-ғұламалардың молалары мен кесенелері түгелдей сүріліп,
тегістелді. Ақиқатты жүрек көзімен көретін шын даналардың мұрасы дінде
жоқ жаңалыққа теңелді. Бүкіл данышпан, ғұламаның кітабы өртеліп,
жойылды. Оның ішінде әсіресе Түркі нәсілінен шыққан әулие-ғұламалардың
рухани кітаптары ізім-ғайым жоғалды. Осылайша күні кеше күллі әлемге
нұр шашып тұрған Араб әлемі айналдырған 2-3 ғасырдың ішінде іші шірік,
сырты жып-жылтыр, жарамсыз жұмыртқаға ұқсап шыға келді. Пайғамбардың
өзі шайтанның мүйізіне теңеген әль-Уаһабтың шыққанына үш жарым ғасыр
уақыт болды. Содан бері қурап, қуарып қалған Исламды рухани тірілтіп,
адамның ішкі шексіз қайрат-қабілетін ашатын таза ақиқат ілім жуық арада
ол жақтан шығатын түрі көрінбейді. Ислам діні дәл осындай іші қуыс
қалпында тұра берсе, мұсылман қауымы әлем алдында әлі талай масқараға
душар болып, абырой-беделінен жұрдай болмақ.
Орта Азияны, оның ішінде Қазақ даласын шайтан мүйізді әл-Уәһабтың
шатақ діні шарпыған жоқ еді. Есесіне соңғы он жылдан бері ел ішіне
ентелеп кіріп жатыр. Шайтан мүйізінен нәр алған қазіргі жас имамдар
жұма намазында мінбарда отырып алып, босағадағы адыраспан, бесіктегі
үкі, мойындағы тұмардың қауіп-қатері туралы апта сайын жағы талғанша
жалықпай қайталап айтып отыр.
Неджден шыққан шайтан мүйізі Ұлық Алланың сипатын ақыл-ой қуатымен
емес, әліппенің 26 әрпімен танытқысы келетін ауруды таратты. Соның
кесірінен Ислам діні құрғақ шариғаттан ғана тұратын наным-сенім
деңгейіне құлдырады. Бұл құлдыраудан шығу үшін ең әуелі момынның денесі
емес, ақылы мен ойы құлшылық қылып үйренуі тиіс болатын. Ақыл-ой қуаты
Ұлық Алла құдіретін таныған сайын момынның ғибадатқа шабыты артады.
Момынның ақылы жалқауланып, ойы мүлгіп кете бермес үшін Ұлық Алла
Құрани кәрімде құлдарына былай деп тіл қатады: Адам баласы міндетті
түрде өзінің неден жаралғанына назар салып ойлансын. Адам ұрпағы атылып
шыққан бір тамшы судан жаралған. Ол су әкенің белі мен шешенің төсінен
шығады. Құдай іздеген құлым болса, әуелі осыған мән беріп, терең
ойлансын. Әрбір пенде өзінің осы көзге көрінбейтін ұсақ ұрықтан
ұлғайып, бара-бара ұлы тұлғаға дейін айналатынын білер болса, соған
таңғалып, тамсанып, маған мадақ айтсын. Осы аяттың мазмұны түсінікті
болу үшін Хазіретті Пайғамбардан қалған мына хадисті ұсынамыз.
Хазіреті Пайғамбар айтты: Кімде-кім шын ықыласпен Алладан басқа
Тәңірі жоқ, ал Мұхамед – Алланың ең ардақты елшісі – деп кәлима айтса,
оның аузынан сол сәтте жасыл түсті көркем құс ғарышқа қарай қалықтай
ұшып шығады. Жасыл құстың күмістей жарқыраған қос қанаты дүр-гауһар,
маржан-меруертпен нақышталып, сәнделген. Оның кеудесінде он мың бас
бар. Он мың бастың әрқайсысында он мың түрлі ауыз бар. Жасыл құстың әр
ауызында жылтылдап тұрған он мың түрлі қызыл тіл жеке-жеке, бір-біріне
ұқсамайтын он мың тілде зікір айтып, зарлап тұрады. Бұл жасыл құс он
мың басына біткен он мың түрлі тілмен құйқылжыта сайрап, әуелетіп
аспанға ұшып шығады. Кәлима құсы аршының астына барып қонақтап, Аллаға
мадақ айтып отырады. Сосын кәлима айтқан иесінің күнәсін кешіруді
Тәңірі тағаладан талап етіп, Жаратқанға жалбарынып жатып алады. Тәңірі
тағала тынышы кетіп тыпыршып отырған жасыл құсқа “Жәннәтқа кір!” – деп
әмір етеді. “Жоқ, мен Сені есіне алып, кәлима қайырған пендеңнің күнәсы
түгелімен кешіріліп, пәк қалпына түспейінше пейішке кірмеймін” – деп,
жәннәтқа кірмей қояды. Осы кезде Ұлық Алла жасыл құсқа Сөзіме құлақ
сал. Егер сен момын құлдың көмейінен шын ықыласпен кәміл күйде шыққан
болсаң, Мен сенің кәлима қайталаған иеңді кешірдім. Оның қылмысы мен
күнәсы кешіріліп, жоқ болды – дейді. Сосын, иесіне кешірім тілеп, шыр-
пыр боп жүрген шапағатшыл құсқа Тәңірі тағала жомарттықпен жетпіс мың
тіл қосып береді. Таңдайында 10 мың емес, 70 мың тіл пайда болған
кәлима құсы зікірші иесіне ақырдың сағаты соққанша кешірім тілеп,
аршының астында отыра береді. Қиямет болғанда өз иесін айналып тауып
алады. Сосын иманды иесінің пейішке кіргеніне көзі жетпейінше қасынан
қалмай еріп жүреді. Бұл оның пейішке кіріп, мәңгілік бақытқа жеткеніне
ең үлкен дәлел болмақ.
Әу баста Ислам діні момынның ақыл-ой құдіретін дамытатын осындай
хадистерден басталатын. Қазір Қазақстан мешіттерінде ақ шапан, ақ
сәлде операциясын жеті жылдан бері үлкен қажырмен қарқынды жүргізіп
келе жатқан парасатты ғұламалар бұндай хадистерді білмейді. Білсе
де, кәлима айтылғанда момынның ауызынан жасыл құс ұшарына сене алмай
діңкелейді. Кәлимадан құсқа айналатын хайуанның сансыз басы,
жыбырлаған қисапсыз тілі, сайрап тұрған әдемі әуезі болады дегенді тар
кеудесіне сыйғыза алмай қор болады. Осылайша адамның Алла құдіретіне
деген күмәні көбейіп, иманы әлсірейді. Бұл рухани дерт асқынғанда,
мұсылманның серкесімін деп жүрген жанның өзі Ұлық Алланың шексіз
құдірет Иесі екенін, қалаған уақытта жоқтан көлемі мен келбеті шексіз,
қисапсыз әлем жаратып, сансыз мақұлық, есепсіз жан-жануар жарата
алатын ең Ұлық, ең Күшті, ең Зерен зат екенін таза жүрекпен сезе
алмайтын жарымжанға айналады. Сөйтіп Құдай құдіретін емес, өзінің атақ-
даңқын көрінген жерде жарнамалап, ел-жұртқа мақтанумен әуре болады.
Қала көшелеріне өзінің билборд суреттерін салбыратып іліп тастап, аят,
хадистен емес, өзінің түріне қарап тамсанудан ләззат алып мастанады.
Саяси технологияны барынша қолданып, пиар акциялар өткізіп,
теледидарға жиі шығып, ауызы көпіріп мақтанып сөйлемесе басы ауырып,
ұйқысы қашып, мазасы болмайтын өте жаман күйге түседі.
Енді аятта айтқан Алла сөзіне қайта оралсақ. Адам баласы ең әуелі
өзінің жаратылысына назар салсын. Өзі о баста не зат еді? Қайдан бастау
алып, неден шықты? Анасының жайлы жатырына қай жақтан келіп түсіпті,
содан соң қайда барады? – деп әңгімені тереңнен тартады. Адамның ұрығы
әкенің белінен, шешенің төсінен қан арасынан қысылып шықты. Көзге
көрінбейтін ұсақ ұрықтан ұлғайған адам тұқымы бар-жоғы 9 ай, 9 күнде
жарық дүниеге жолдама алады. Не сөйлеуді, не тыңдауды білмейтін
қызылшақа нәресте қарны ашқанда шешесінің емшегін іздеп шырылдайды.
Оған емшекті былай емесің, сүтті бүйтіп сорасың – деп, ешкім
үйретпейді. Анасының үрпісі алғаш тиген мезетте-ақ сорпылдатып еме
жөнеледі. Осылайша адам баласының көз алдында Алланың жасырын жасап
тұрған ғажайыптары тізбектеліп кете береді. Әне-міне дегенше бөпенің
тілі шығып, грамматикалық дәріс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет ұғымын қалай түсінеміз
Ясауи жолы – дініміз бен діліміздің темірқазығы
Қазақ музыка мәдениетінің қалыптасуы
Құстар жарысы
Дүние жүзінің мұхиттарымен құрлықтары
АҚ КӨГЕРШІН СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ КӨРКЕМДІК МОДЕЛЬДЕРІН АНЫҚТАУ
Жеткіншектер поэзиясы
Құстардың тіршілігінің жыл маусымдық циклі
Наурыз мерекеcі
Махмұт Қашқари
Пәндер