Жасушалардың зиянды әсерге реакциясы, ескіруі және өлуінің механизмдері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жасушаның зиянды әсерлерге реакциясы.
Жасушаның ескіру мен өлуі.

Жоспары

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Жасушаға әсер етуші факторлар. Жасушаның ескіруі мен өлуі
  2. Жасуша органеллаларының өзгерістері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Цитология (гр. κύτος - «қойма», бұл жерде: «жасуша» и гр. λόγος - «оқу», «ғылым») - жасуша туралы ғылым. Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын, құрамын және қызметін зерттейді. Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын, қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары цитология, тәнтану, эмбриология, физиология, генетика, биохимия, молекулалық биология және т. б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты. Цитология бөлімі -цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын, олардың түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді. Цитохимияның негізгі жетістіктерінің бірі - нуклеин қышқылдарының ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау.

Жасушаның белсенді қызметіне байланысты ақуыздың өзгеріске ұшырау себептерін және олардың зат айналымындағы рөлін зерттеу де цитохимияның үлесіне тиеді. Бұдан біз цитология ғылымының көп саланы қамтитынын байқаймыз. Өзінің даму бағытында цитология тек биологиямен ғана емес, сонымен қатар медицина, ауылшаруашылық, химия, физика, математика және т. б. ғылымдармен де тығыз байланысты. Бұл ғылымдардың жетістіктері мен әдістері цитологиялық зерттеулерде кең көлемде қолданылады. Сондай-ақ цитологияның жетістіктері көптеген ғылымның негізін салуда маңызды рөл атқарады. Осы ашылған жаңалық органикалық дүние бірлігінің өте нанымды дәлелінің бірі болды. Осындай дәлелді өсімдіктер мен жануарлардың жасуша құрылымының ұқсастықтарынан да көруге болады

Жасушаға әсер етуші факторлар

Ағза және оның жасушалары әр түрлі: химиялық, физикалық, биогенді факторлардың әсеріне ұшырап отырады. Бұл факторлар жасуша құрылымына әсер етіп, оның функционалдық жағдайын өзгертеді, яғни жасушадағы АТФ синтезі тоқталады оттегіге қажеттілік көбейеді, гликолитикалық процесстер күшейеді. АТФ мөлшері азайып, протеолиза активтенеді. Әр түрлі факторлардың әсерінен цитоплазмада болатын өзгерістер “ паранекроз” деп аталады

Жасушаның ескіруі мен өлуі

Жасушаның тіршілігін жоғалтуы некроздық және апоптоздық жолдармен болады.

Некроз (грек. -өлі) - деп жасуша тіршілігінің қайтымсыз жоғалуын айтады. Тіршілігін жоғалтқан жасушалардың айналасына фагоциттер шоғырланып, қабыну үрдісі байқалады. Некрозға ұшыраған жасушалар лизосомалық ферменттердің және оттегінің белсенді бос радикалдарының қатысуымен ыдыратылады. Жасуша құрылымдарының осындай жолдармен өзін өзі ыдыратуын аутолиз дейді. Бүлінген және некрозға ұшыраған жасушалардың ыдыратылуы фагоциттердің және микробтардың протеолиздік ферменттердің қатысуымен жүреді. Жасушалардың некрозға ұшырау алдындағы жағдайын некробиоз дейді.

Апоптоз - жасушаның алдын ала бағдарланған гендік ақпараты бойынша тіршілігін жоюы. Дамуын қадағалайтын екі түрлі гендер белгілі. Апоптоз дамуын тежейтін ген Вс1-2 қадағалауымен антиапоптоздық нәруыз түзіледі. Ол митохондрилардың мембранасының өткізгіштігін төмендетіп, жасуша цитоплазмасына, апоптозды сергітетіе фактор цитохромС шығарылуын азайтады

Апоптоздың гендік бағдарламасын дабылдық ақпарат жүзеге асырады. Ал,

некроз бүліндіргіш ыөпалдың әсерінен дамиды.

Апоптоз кезінде жасуша тығыздалып, ядросы ыдырайды, ДНҚ молекуласы бөлшектенеді. Артынан жасуша бөлшектеніп апоптоздық денешіктер пайда болады. Оларды макрофагтар мен нейтрофильдер жеп өояды.

Жасуша органеллаларының өзгерістері

Митохондрий . Жасушадағы ең ірі органеллаға жатады. Митохондридің өсуі мен кһбейюі жасушаға тәуелсіз, өз есебінен жүре алады.

Тироксин гормонын ұзақ қабылдағанда, зат алмасу үрдісі күшейгенде, кейбір жұқпалы ауруларында жасушадағы митохондрий көлемі ұлғайып оларда кристалл саны көбейеді, ісік тінінде әр түрлі пішінді мегамитохондрилер пайда болады, мысалы, ісіктерде, алкогольдәк бауырда.

Эндоплазмалық тор жасуша ішіндегі барлық органелаларды бір бірімен байланыстырып тұрады.

Эндоплазмалық тор көптеген өзектерден, кеңейген көпіршіктерден немесе цистерналардан тұрады. Гиперплвзиясы мен атрофиясы, Цистерналардың кеңейіп бөлек бөлек вакуольдер түзуі оның фрагментациясы жатады. Канцерогенез кезінде жасушаларда эндоплазмалық тор, рибосомалар саны көбейіп оның көлемі ұлғайып қызметә едәуір күшейеді.

Гольджи апараты өте күрделі құрылысқа ие, ол жалпақ цистерналардан, майда визикулярдан және ірі вакуольдерден түзілген.

Белок заттардың организмге түсуі азайғанда комплекс семіп, оның компоненттері кішірейіп қалады, цитоплазмада секреторлық гранулар азаяды немесе бүтіндей жоғалады.

Лизосомалар жасуша ішіндегі ас қорыту үрдісіне белсенді қатысатын ең кейінгі ашылған органелларға жатады.

Арнайы лизосомалық ферменттердің жнеткіліксіздігі организмде әр түрлі химиялық заттардың жасушадан шығарылмай немесе ыдыратылмай қалуына соқтырады, жасушада жиналып, жасуша қызметі тән бүтіндей бүдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цитология: жасушалардың зақымдаушы әсерге реакциясы, қартаюы және өлуі (апоптоз және некроз)
Цитология: зиянды әсерлерге жасушалық реакциялар, жасушаның қартаюы және өлуінің морфофизиологиялық негіздері
Цитология: жасушалардың зақымдануға реакциясы, қартаюы және апоптоз бен некроз
Жасушаның сыртқы әсерлерге реакциясы, қартаюы және өлу механизмдері
Жасушалық теория және жасушалардың өмірлік циклі: өсу, қартаю және өлу механизмдері
Жасушаның құрылымдық компоненттерінің зақымдаушы факторларға реакциясы
Мәміленің жарамсыздығы: түрлері және талап қою мерзімінің ескіруі
Азаматтық және отбасы құқығында талаптың ескіруі: түсінігі, түрлері және есептеу тәртібі
Жасушалардың молекулалық құрылымы және қызметінің бұзылуы нәтижесіндегі аурулар
Қылмыстық процестегі ақтау институты және заңсыз қудалаудан келтірілген зиянды өтеу механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz