ХIX ғасырдағы Түркістан тарихы



1 тарау
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ТҮРКІСТАН ТАРИХЫ

1.1 Түркістан өңірінің Қоқан хандығы қол астына өту

1.2 Қоқан қоластындағы қазақтардың әлеуметтік.экономикалық жағдайы
1.3 Түркістан өңірі Қоқан.Ресей қатынасының шиеленісу жылдарында
1.4 Ресей қол астына өткеннен кейінгі Түркістан өңірі
2 тарау
ХХ ғ. ТҮРКІСТАН ТАРИХЫ
2.1 ХХ ғ. басындағы Түркістан қаласы
2.2 Кеңестендіру дәуіріндегі Түркістан
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Өркениетке бет алған қай халық болсын өзін өзі танып, білуі тиіс. Өткен тарихын, бүгінге қалай жеткенін, оның басынан кешкен небір қиындықтар мен ерлік істерін білмейінше оның қадір-қасиетін біле бермейді. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін тарихымызды тереңінен зерттеп, ұзақ жылдар бойы айтылмай келген жайларды ашық айтуға, өткен оқиғаларға жаңа ұлттық-тарихи көзқарас арқылы баға беруге мүмкіндік туды.
Тарих таным, тағылым, тәрбие, бабалар тәжірибесі, туған топырағыңды танудың кілті. Отаныңа деген сүйіспеншіліктің ақ бастауы. Қазақстан тарихының өзіне ерекше назар аудартатын іргелі тақырыптарының бірі - қалалар тарихы.
Кең байтақ даламыздың тарихы, бізге өз халқының атақ-даңқын аспандатқан ұлы тұлғаларымен, олардың кіндік қаны тамып, білім нәрін алған, өркениеттің ежелгі ескерткіштерін жинақтаған қалалармен тығыз байланысты. Ғасырлар бойында ғұмыр кешкен арғы ата-бабалар, тұтас бір халықтар, кейінгі ұрпақтарына бүкіл адамзат игілігіне айналар төлтума мәдениетін мұра етіп қалдырды. Далалық өлкені Батыспен жалғастырған, Ұлы керуен жолында кент-бекіністер, қамалдар, мазар-кесенелер мен тұтас бір қалалар кешені бой түзеді. Соның бірі қасиетті Түркістан қаласы.
Баршамызға белгілі, қаншама жылдар бойы қазақтардың Ресейге тәуелді болуы, одан кейнгі тоталитарлық жүйе, әлбетте халықтың жандүниесіне әсер етті. Біртіндеп, зорлықпен танылған көзқарас мүлде дұрыс делініп, үстемдік алды. Бұл әрбір қазақтың еркін ойлап, белсенді қимыл көрсетуіне кедергі жасады. Осының барлығы халқымыздың өткен тарихына деген дұрыс көзқарасынан айырылып қалуына алып келді.
Бұл күні, енді тәуелсіз ел ретінде, мұндай көзқарастың біржола азат болу қажеттігі туды. Қазақ халқының өзіндік төл тарихын оқыту, әсіресе, оны ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттігін қазіргі өмір шындығы көрестіп отыр. Оның үстіне бұл күні Қазақстан Республикасымен іргелес орналасқан елдер ғана емес, сондай-ақ шалғайда жатқан мемлекеттер халқымыздың өткен тарихын білуге айрықша көңіл бөліп отырған тұста әдейі бұрмаланған мәселелерді қалпына келтіру өте қажет.
Әрине, тарихымызды жазғанда Кеңес Одағынының тарап, бұрыңғы одақтас республикалардың өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекеттер болуынан кейін өткен тарихты қайта жазған кезде көршілес жатқан елдермен айтыс-тартыс туғызады-ау деген мәселелерді дұрыс қарастырудың өзінің маңызы зор. Осындай байыппен қарайтын мәселелердің бірі бірі – қазақ жерінің оңтүстік өңірін соның ішінде Түркістан қаласын Қоқан хандығының басып алуы, кейіннен олардан Ресей империясының қару күшімен тартып алуы.
Кеңес өкіметі жылдарында Қоқан хандығының Қазақстанның оңтүстігін билеген кезінде қазақтарға құлақ есітіп, көз көрмеген ауыр азабы да терең жазылмады. Біздің қарастырып отырған мәселеміз - ХІХ-ХХ ғ.ғ. Түркістан қаласының тарихы. Бұл кезеңде Ресей империясы мен Қоқан хандығының арасындағы оңтүстік өңірі үшін жарты ғасырдай уақытқа созылған текетіресінде патша үкіметінің мақсаты бұл өңірдегі қазақтарды қоқандықтардың билігінен азат ету емес, керісінше, бүкіл Орталық Азия халыктарын күштеп бағыңдыру еді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Өркениетке бет алған қай халық болсын өзін өзі
танып, білуі тиіс. Өткен тарихын, бүгінге қалай жеткенін, оның басынан
кешкен небір қиындықтар мен ерлік істерін білмейінше оның қадір-қасиетін
біле бермейді. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін тарихымызды тереңінен
зерттеп, ұзақ жылдар бойы айтылмай келген жайларды ашық айтуға, өткен
оқиғаларға жаңа ұлттық-тарихи көзқарас арқылы баға беруге мүмкіндік туды.
Тарих таным, тағылым, тәрбие, бабалар тәжірибесі, туған топырағыңды
танудың кілті. Отаныңа деген сүйіспеншіліктің ақ бастауы. Қазақстан
тарихының өзіне ерекше назар аудартатын іргелі тақырыптарының бірі -
қалалар тарихы.
Кең байтақ даламыздың тарихы, бізге өз халқының атақ-даңқын
аспандатқан ұлы тұлғаларымен, олардың кіндік қаны тамып, білім нәрін алған,
өркениеттің ежелгі ескерткіштерін жинақтаған қалалармен тығыз байланысты.
Ғасырлар бойында ғұмыр кешкен арғы ата-бабалар, тұтас бір халықтар, кейінгі
ұрпақтарына бүкіл адамзат игілігіне айналар төлтума мәдениетін мұра етіп
қалдырды. Далалық өлкені Батыспен жалғастырған, Ұлы керуен жолында кент-
бекіністер, қамалдар, мазар-кесенелер мен тұтас бір қалалар кешені бой
түзеді. Соның бірі қасиетті Түркістан қаласы.
Баршамызға белгілі, қаншама жылдар бойы қазақтардың Ресейге тәуелді
болуы, одан кейнгі тоталитарлық жүйе, әлбетте халықтың жандүниесіне әсер
етті. Біртіндеп, зорлықпен танылған көзқарас мүлде дұрыс делініп, үстемдік
алды. Бұл әрбір қазақтың еркін ойлап, белсенді қимыл көрсетуіне кедергі
жасады. Осының барлығы халқымыздың өткен тарихына деген дұрыс көзқарасынан
айырылып қалуына алып келді.
Бұл күні, енді тәуелсіз ел ретінде, мұндай көзқарастың біржола азат
болу қажеттігі туды. Қазақ халқының өзіндік төл тарихын оқыту, әсіресе, оны
ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттігін қазіргі өмір шындығы көрестіп отыр. Оның
үстіне бұл күні Қазақстан Республикасымен іргелес орналасқан елдер ғана
емес, сондай-ақ шалғайда жатқан мемлекеттер халқымыздың өткен тарихын
білуге айрықша көңіл бөліп отырған тұста әдейі бұрмаланған мәселелерді
қалпына келтіру өте қажет.
Әрине, тарихымызды жазғанда Кеңес Одағынының тарап, бұрыңғы одақтас
республикалардың өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекеттер болуынан кейін
өткен тарихты қайта жазған кезде көршілес жатқан елдермен айтыс-тартыс
туғызады-ау деген мәселелерді дұрыс қарастырудың өзінің маңызы зор. Осындай
байыппен қарайтын мәселелердің бірі бірі – қазақ жерінің оңтүстік өңірін
соның ішінде Түркістан қаласын Қоқан хандығының басып алуы, кейіннен
олардан Ресей империясының қару күшімен тартып алуы.
Кеңес өкіметі жылдарында Қоқан хандығының Қазақстанның оңтүстігін
билеген кезінде қазақтарға құлақ есітіп, көз көрмеген ауыр азабы да терең
жазылмады. Біздің қарастырып отырған мәселеміз - ХІХ-ХХ ғ.ғ. Түркістан
қаласының тарихы. Бұл кезеңде Ресей империясы мен Қоқан хандығының
арасындағы оңтүстік өңірі үшін жарты ғасырдай уақытқа созылған
текетіресінде патша үкіметінің мақсаты бұл өңірдегі қазақтарды
қоқандықтардың билігінен азат ету емес, керісінше, бүкіл Орталық Азия
халыктарын күштеп бағыңдыру еді.
Дегенмен сол кезде қазақ халкының бір бөлігі Қокан, Бұкара, Хиуа,
екінші бөлігі Ресей қол астында, ал шағын ғана бөлігі Қытай империясына
қарап, бір казақ беске бөлінді. Өткен тарихымызға зер салып, зерттей
қарайтын болсақ оның себебі сол кезде бірлік пен ынтымактың болмағандығы.
Бұл жөнінде сөз болғанда еліміздін Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: Казақ
халқы бесінші империяның -Ресейдің кұшағына тап болды. Бұл жолы тағы да
ішкі алауыздыктан, бірліктің жоктығынан, қазақ жерінің ұсақ хандыктарға
бөлініп кеткендігінен барлық талпыныс жеңіліске ұшырады. Өйткені сыртқы
шапқыншылыкты тойтару, сыртқы жауға карсы тұру мүмкіндігі әркашанда ішкі
күшке негізделеді, керісінше болмайды[1],- деп атап көрсетуінің өзі осыны
меңзеп тұр емес пе!
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХІХ-ХХ ғ.ғ. Түркістан қаласының тарихы
мәселесіне орыс ғалымдары мен зерттеушілері сол кездің өзінде көңіл бөлген.
Көптеген орыс саяхатшылары мен арнаулы мекеме қызметкерлері халқымыздын
тұрмыс-салты, шаруашылығы мен мәдениетімен танысып, бұл өлке туралы
өздеріне дейінгі жазылғандарды байыптап, жаңа мәліметтер косып отырды.
Олардын зерттеулерінің негізгі мақсаты орыстардың отарлау саясатын ақтау,
осы өңірдегі жасаған барлық істерінің тек жақсы жақтарын ғана жазу болғаны
белгілі.
ХІХ ғасырдың ортасындағы Түркістан өңірінің тарихы бүкіл оңтүстік
қазақтарының тарихымен тығыз байланыста болды. Аталған кездегі оңтүстік
өңірінін жағдайы жөнінде сөз болғанда Ресей жөне Қокан текетіресі
карсаңындағы оңтүстік казактарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде
терең талдаулар жасаған А.И.Левшинді айналып өте алмаймыз [2]. Ол XIX
ғасырдың 30-жылдарына дейінгі қазақ халқының саяси, әлеуметтік-экономикалық
жағдайы, халық тұрмысы мен шаруашылығы, қазақ даласының жағрафиясы жөнінде
көптеген, мейлінше бағалы мәліметтер калдырды.
Сол кездегі Ұлы жүз бен Орта жүз казактарының Цин империясына жақын
шекарада көшіп-қонып жүргендерінің жағдайы жөнінде едәуір мағлұматтар
берген Ресей Сырткы істер министрінің азиялық департаментінің белгілі
кызметкері Е.Ф.Тимковскийдің XIX ғасырдың 20-жылдарының басындағы Қытайға
жасаған саяхаты жөнінде жазылған еңбегі де аса маңызды [3]. Мұнда аталған
өңірде тұратын казактардың шаруашылығы мен хал жағдайы жөнінде көптеген
құнды мәліметтер бар.
Ресей империясы мен Қоқан хаңдығының XIX ғасырдың 50-жыддарьгаың
басындағы карым-катынастарының шиеленісуі, Казақстан мен Орталық Азия
иеліктерінің аракатынастары туралы маңызды енбектер жазған, сонымен бірге
өзі осы өңірді жаулап алу соғысына белсене қатыскан белгілі зерттеуші
А.И.Макшеев көптеген мәліметтер калдырған. 1853 жылгы генерал
В.А.Перовскийдің Ақмешітті алу экспедициясына катыскан ол, осы камалды
орыстардың калай тартып алғанын гана емес, Сыр бойындағы казактардың
әлеуметтік-экономикалық жағдайы, шаруашылығы, тұрмысы жөнінде де мәліметтер
береді [4].
Аталған кездегі емес, оған дейінгі кезеңге дейінгі Сырдария өңіріндегі
Казалы, Ақмешіт, Түркістан, сондай-ақ Әулиеата жоне Шымкент туралы, оларды
алуда қандай шайқастар болганы жөнінде жан-жакты мағлұматтар беретін
А.И.Добросмысловтың [5] мазмұнды еңбегінін де өзіндік орны бар. Оның
Сырдария облысының калалары жөнінде жазған еңбегінде Түркістан генерал-
губернаторлығының мұрағатында сақталған бай материалдарды, баспа бетінде
жарияланған еңбектер мен жер-жерде халық арасында сақталған аңыздарды да
жинактап жазылғандыктан, қалалар тарихы жөнінде таптырмайтын дерек көзі
болып табылады. Ал П.И.Пашино Сыр бойы казактары өмірімен таныса келіп,
олардың орыстарға сеніммен қарайтынын, бірақ калаларды басып алғандағы орыс
әскерлерінің жергілікті тұрғындарға жасаган жауыздық әрекеттерін
әшкерелейді [6].
Қокан хандығының басқыншылық саясатын, Әлімхан мен Омарханның Алатау
бөктеріндегі казактар мен қырғыздарға жасаған жорықтарын В.Наливкин накты
фактілермен дәлелдеп береді. Ол, сонымен бірге, XIX ғасырдың ортасындағы
қазақ, өзбек, қырғыздар арасындағы қарым-катынастарға токталып, бұл
халықтардың сол кездегі саяси жағдайын және қоғамдық құрылысын баяндайды
[7].
Түркістанның өткен тарихына алғашқылардың бірі болып ден қойған,
Орынбор өлкесін зерттеуші П.И. Рычков болды. Ол өзінің еңбегінде аудармашы
Оразалының айтқан аңызын келтіреді: "Бұл қаланы парсылардың төртінші
патшасы Жамшид-шах салдырған..., ол өз әскерімен ұлы Татарияға келді,
қажеттілік негізінде, әскерді орналастыру үшін үш қаланы салуды бұйырды.
Оның біріншісі Түркістан, келесілері Утрар, үшіншісі Сауран..." П.И. Рычков
Түркістанның бұрынғы Иассының орнында екендігін айтады.
XIX ғ. 60-жылдарының ортасынан бастап Түркістан қорымдарын зерттеуге
деген қызығушылық оянды, оның басты себебі Қожа Ахмет Иассауидің ханакасы
(мүрдесі орналасқан жер) болды.
1865-1866 ж. Түркістанға келген Уфалық сот қызметкері М.Бекчуриннің
"Әзірет сұлтан мешіті" жайында қалдырған мәліметтері аса құнды деректер
береді. Бұл еңбекте алғашқылардың бірі ретінде Қожа Ахмет Иассауи кешенінде
жерленгендердің жатқан орнын көрсетеді.
Ал, 1866 жылы Сауран, Ясы (Түркістан), Қарнақ, Сайрам (Испиджаб)
қалаларының үйінді орнын географ А.К. Гейнс қарап шыққан болатын.
Келесі бір зерттеу еңбегіне тоқталар болсақ П.И. Лерхтің еңбегін атап
өтуіміз керек. Ол өз еңбегінде, Түркістан қаласының қазіргі орнында бұрын
Ясы қаласы болғандығын, археологиялық материалдар арқылы негіздеді. Сонымен
қатар Лерхтің есебінде ХIV-ХVI ғ. Сырдария бойындағы қалалар жайындағы
жазба деректер мәліметі де келтіріледі, Қожа Ахмет ханакасы ішіндегі
құлпытастар суреттеледі.
Қоқан ханының аталығы болган, Ресей әскерлеріне карсы шайкастарда бас
қолбасшысы қызметін де аткарған Әлімқүл мен Түркістанды қарудың күшімен
алған НА.Веревкин, Әулиеата, Шымкент, Ташкент калаларын басып алған
М.Г.Черняев әскерлерінің шайкастары жөнінде белгілі өлкетанушы
Е.Т.Смирновтың баспаға дайыңдап, кейінірек жарық көрген Ахмет сұлтан
Кенесарыұлының "Кенесары жөне Сыздық сұлтандар" деген кітапшасында аталған
калалардағы жөне Шымкент маңындагы Ақбұлак, Көкбұлақ, Алтынтөбе шайкастары
жөнінде аса құнды материалдар бар [8].
1859-1860 жыддардағы Қоқан хандығы әскерлерінің соғыска дайындығына
арнайы зерттеу жұмысын жүргізген штабс-капитан М.Л.Венюков Іле бойы мен Шу
жағындағы казактардың жағдайы, олардың орыстарга кдлай қарағаны, қокан
бекіністерінің сол кездегі қорғаныс кабілеті туралы едуәір мәліметтер [9]
берген.
XIX ғ. 90-шы жылдарынан бастап Түркістанның өткен тарихына зерттеуді,
Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі мүшелері П.Н. Ахмеров, Н.С.
Лыкошин, С.Г. Маллицкий, А.А. Диваев [10] және басқалар жүргізе бастады .
Революцияға дейінгі зерттеулер ішінде шығыстанушы В.В.Бартольд пен
А.И. Добромысловтың еңбектерін атаған жөн. В.В.Бартольд Ясы-Түркістан-
Шавгар қалаларының бір екендігін айтты [11]. Ал, А.И. Добромысловтың еңбегі
революцияға дейінгі кездегі, Түркістан қаласының тарихы жөніндегі алғашқы
монографиялық зерттеу болып табылады.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары Түркістан қаласының тарихы негізінен
Қожа Ахмет Иассауи кесенесін қалпына келтіру мен қорғауға байланысты
зерттелді. Ол негізінен А.А. Семенов, Т.В.Савельева еңбектерінде
көрсетілген. Алғашқы археологиялық зерттеулер 1928 жылдың жазында М.Е.
Массонның бастауымен цитаделде жүргізілді. Нәтижесінде М.Е. Массон қазіргі
Түркістан қаласының орнында Ақсақ Темір дәуіріне дейін-ақ ХІІ-ХІІІ ғғ.
үлкен қала болғандығын айқындады [12]. Ұлы Отан соғысы нәтижесінде тоқтап
қалған зерттеулер 1947-1951 жылдары Н.А. Бернштам басқарған Оңтүстік
Қазақстан археологиялық экспедициясы жұмысымен қайта жанданды. Ол
Түркістаннан 8 шақырым қашықтықта орналасқан Шойтөбе қалашығының Шаугар-Ясы
болу мүмкіндігін айтқан болатын.

Осы экспедицияның материалдар жинақтап, монографиялық еңбекті
жариялағандар Е.И.Агеева мен Г.И.Пацевич еді. Археологиялық мәліметтерге
сүйене отырып, олар қазіргі Түркістан қаласы ауданына Оңтүстік Қазақстанның
ежелгі егіншілік-отырықшылық аймағы болғандығын дәлелдеді.
1958 жылдары Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің айналасындағы жерлерде
Н.Б. Немцова қазба жұмысын жүргізді. Оның зерттеуі нәтижесінде қазақ
хандарының мазарларының орны табылды.
Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1972 жылғы арнайы қабылдаған
жарлығында, Түркістан қаласын ғылыми-зерттеу мен қалпына келтіру жұмыстарын
жақсарту мәселесі көтерілді. Бұл үшін кешенді бағдарлама жасалып,
археологиялық жұмыстар, қаланың сәулеттік тарихын, салыну құрылысы,
технологиясы және басқа да бағыттар бойынша зерттеу жүргізу жоспарланды.
1972-74 жылдары Түркістан қаласында ҚазССР ҒА-ның Тарих, археология
және этнография институты мен ҚазССР Мәдениет министрлігімен бірлесіп
отырып (отряд бастығы Т.Н.Сенигова) кең көлемдегі археологиялық зерттеу
жұмыстары басталды. Алынған мәліметтерді жинақтаған және оны ғылыми
талдауға алған Т.Н. Сенигованың бірнеше еңбегі жарық көрді [13]. Түркістан
қаласында табылған монеталар - қаланың ақша айналымы мен әр түрлі
кезеңдегі, әр елмен экономикалық байланысын көрсететін зерттеулерде Р.З.
Бурнашеваның еңбегі зор [14].
Л.Б. Ерзакович, Б.Нурмуханбетов, А.Ордабаев, А.Н.Марьяшев, Ю.А. Мотов
еңбектерінде Түркістан тарихи археологиялық жағынан зерттелген еді [15].
Кесенеден 300 метр оңтүстік-шығысқа таман орналасқан Күлтөбе
төбешігінде Е.А. Смағұловтың жүргізген қазба жұмысы нәтижесінде бұл
төбешіктің - б.д. 1 мың жылдығында болған Иассы мекені мен кейінгі
Түркістанның көне орыны екендігі анықталған [16].
Кейінгі қазба жұмыстарын Б.Х. Адильгереев, А.О. Итенов жүргізіп
Түркістан қаласы тарихы мен Қожа Ахмет Иассауи кесенесі жайындағы
мәліметтердің баюына өз үлестерін қосты. [17].
1985-1986 жылғы Түркістан отрядының бастығы Б.Х.Адильгереев болса,
1987 жылдан бастап оны А.О. Итенов алмастырды. Бұрынғы Иассыдан да тарихы
әрі кететін Шауғар қаласының тарихын зерттеу барысында, Түркістан қаласынан
8 шақырым жерде орналасқан Шойтөбе қалашығына археологиялық қазба жұмыстары
ұйымдастырылған болатын.
1992 жылдары Шойтөбе қалашығында жүргізілген қазба жұмысын отряд
бастығы Ә.Қ. Шашаев басқарған болатын [18]. Жинақталған материалдар
негізінде оның көне Шауғар қаласының орны екендігі анықталған еді.
К.М. Байпақовтың ортағасырлық қалалар жайындағы көптеген еңбектерінде
Түркістан, Иассы, Шауғар қалаларының тарихы археологиялық мәліметтер арқылы
жан-жақты қарастырылған [19].
Біз үшін құңды еңбектердің бірі, Сәйден Жолдасбайұлының монографиялық
зерттеуі болды [20]. Бұл еңбекте Шауғар қаласы, Иассы мен Түркістан
қалалары тарихына қатысты мәліметтер берілген.
Ортағасырлық Түркістан тарихын тыңғылықты зерттеуге алған Е.Смағұлов
[21] пен М.Тұяқбаевтың [22] аттарын ерекше атауға тиіспіз. Түркістан тарихы
тереңінен басталғандығын деректер негізінде сараптай отырып, ондағы Қожа
Ахмет Иассауи кесенесі жазуларын оқып мәліметтердің тың көзін ашқан. Бұл
саладағы ірі еңбектердің бірі ретінде Б.Т.Тұяқбаеваның көп жылдық еңбегін
атап өтуіміз қажет [23]. Эпиграфикалық мәліметтердің құндылығын аша отырып,
оларды Түркістан қаласы қорымдарында жерленген адамдардың ата-тегін
анықтауға пайдалануға, қала тарихындағы рөлін сараптауға қажет мәлімет көзі
ретінде қарауды арабтанушы-ғалым Әбсаттар Дербісәлі ұсынған болатын [24].
Осы мәселеге қатысты Түркістанда жерленген қазақ хандары жайындағы
мәліметтер И.В. Ерофееваның зертеуінде келтірілген [25].
Түркістан қаласы мен ондағы тарихи-мемориалдық Қожа Ахмет Иассауи
кешені тарихына қатысты, жекелеген зерттеулер жеткілікті. Әлмашұлы Жолтай,
Қожа Мұхтар, Әбіласан Әбілхан, Берекет Кәрібай, Сабира Сайфулмаликова
еңбектері мәселенің әр қырынан тарихи түрде кең қарастырған [26].
Жеке жинақтық еңбектермен қатар мақалалар жинағы, конференциялар
материалдары да қажетті мол мағлұматтарға толы болатын. Біз негізінен аса
қажетті деген зерттеулерге ғана тоқталдық.
Диплом жұмысынын мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты ХІХ-ХХ ғ.ғ.
Қокан хандығы карудың күшімен басып алып, ауыр алым-салыктар төлетіп,
аяусыз әлеуметтік және ұлттық езгіге ұшыратқан оңтүстік қазактарын, нақты
айтқанда Түркістан өңірі тұрғындарын енді Ресейдің кару күшімен басып
алудағы негізгі мақсатын, сонымен қатар, оның калай жүргендігін, айналымға
түскен жаңа құжаттар мен деректер негізінде жаңаша көзқарас тұрғысында
көрсету. Сондықтан, осы мәселелерді шешу барысында мынадай міндеттерді
назарга алдык:
- Қокан хандыгынын Казақстанның оңтүстігін басып алганнан кейінгі
қазактарға жасаған катыгездігін және казактардың олардың езгісіне карсы
наразылыктарын көрсету;
- Казақстанның оңтүстігін басып алу мақсатын қойған Ресей империясының
қокандықтар жағынан жергілікті тұрғындарга жасаған озбырлығын калай
пайдаланғандығын аныктау;
- Орталык Азия хандыктары мен Ресей империясы арасындағы текетіреске
басқа, батыс европалык жөне азиялық елдердің қалай қарағанын, кейбірін оған
араласуының себептерін анықтау;
- Қокандықгар басып алған казак жерлерін XIX ғ. 40-50 жж. біртіндеп Ресей
империясының жаулап ала бастауын және ол жерлерде орыс отарлауының күшею
процесін көрсету;
- Ресей мен Қокан хандығының арасындағы Казакстанның онтүстігі үшін
текетіресінің патша үкіметінің пайдасына шешілгенін, бұл өңірдің бүкіл
казак жері сиякты біржола отарға айналуын накты мысалдар негізінде көрсету;

- Түркістан қаласының тарихындағы қарастырылып отырған ХІХ-ХХ ғ.ғ кезеңнің
жалпы тұстары мен нақты өзгерістерге ұшырауын көрсету.
Жұмыстын хронологиялык ауқымы. Жұмыстың тақырыбы бойынша хронологиясы
мен ауқымдық шенбері 1839 жылдан ХХ ғ. қамтиды. Оның себебі XIX ғасырдың
20-жылдары Қоқан хандығы Казақстанның оңтүстігін жаулап алуды аяктап, Сыр
бойында, Бетпакдалада, Жетісу өнірінде орыс әскерлері тұрған жерлерге дейін
жетсе, 1839 жыддың қысындағы Хиуаға жорықтан бастап Ресей жөне Қокан
хандығының арасында осы аймак үшін тікелей текетірес басталды. Акырында,
1853 жылы Ақмешітті алып, 1864 жылы Алатау жақтан келген орыс өскерлері
Әулиеатаны, Сыр бойымен келген әскерлері Түркістанды алғаннан сон, көп
кешікпей киыр түстіктегі Шымкент каласы да тізе бүкті. Сөйтіп, қыска
мерзімде казак жерлерінен біржола айрыла бастаған қокандыктардың мейлінше
кұты кашты. 1865 жылы Ташкент каласы шабуыл нәтижесінде алынып, Қоқан
хандығының XIX ғасырдың алғашкы онжылдыктарында басып алған казактың
байырғы жерлері енді түгелдей Ресейдің қоластына көшті. ХХ ғасырда
Түркістан кеңестік замандағы тарихын қарастыру міндетін қойдық.
Диплом жұмысынын деректік негізі. Дипломдық жұмысты жазу барысында
біркатар деректер пайдаланылды. Сондай-ак Казақстанның оңтүстік жері үшін
Ресей империясы мен Қокан хандығының арасындағы текетіресі жөнінде өте
бағалы жазба деректер
Пайдаланған материалдардың накты мәліметтері жұмыстың соңындағы
тізімде толық көрсетіледі.
XIX ғасырдың 50 жж. басы мен - 60 жж. ортасына дейінгі Ресей
империясының Казакстанның оңтүстігін кару күшімен біржола жаулап алу үшін
Қокан хандығымен жүргізген дипломатиялык және әскери тайталасының барысы,
патша үкіметінін жеңу себептері жаңа деректері негізінде ұлттык-тарихи
көзкарас тұрғысынан беріледі. Қокан хандығының казактарға көрсеткен адам
айтқысыз ауыр азабы мен оған карсы казак шаруаларының көтерілуі және Ресей
қоластына өткен жерлердегі казақтардын жагдайының барған сайын нашарлауы
көрсетілген. Әдебиеттер негізінде патша өкіметі мен Қокан хандығы
арасындагы тайталасы өзге де елдердің араласканын, бірак халыкаралық
жағдайы Ресей үшін колайлы болғаны және соның нәтижесінде оңтүстік
қазақтарын Қокан карамағынан Ресейдің тартып алуы, оның себеп-салдары
тұжырымдалды.
Диплом жүмысын жазу барысында бүгінгі тарих ғылымында кеңінен
қолданылып жүрген: бұрын өткен оқиғалардың ақикатын және маңызды ой-
пікірлерін анықтау әдістері, сонымен бірге қаралып отырған мәселеге катысты
нақты материалдарды таддай отырып, ой корыту негізге алынып отыр. Осының
нәтижесінде "Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды",- делініп келген,
сырттан таңылған дәстүрлі көзқарастың мүлдем қате екендігі толығымен
дәлелденді. Қазақстанның оңтүстік территориясын Ресей империясы карудың
күшімен жаулап алғандығы толығымен нақтылана тусті.
Диплом жұмысында Қоқан хандығының да Ресей империясынын да тарапынан
қанауының қазақ халқы үшін өте ауыр зардаптары болғандығын нақты түрде
көрсетуде мәлімет деректері бір-бірімен салыстырылып, шындықты дәлелдеу
тәсілі қолданылды.

1 тарау
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ТҮРКІСТАН ТАРИХЫ

1.1 Түркістан өңірінің Қоқан хандығы қол астына өту

2000 жылы дүние жүзі көлемінде Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталып
өтті. Он бес ғасырлық тарихы бар бұл қаланың өткеніне көз салсақ, қаншама
қилы – қилы кезеңдерді, оқиғаларды бастан кешірген. Бүкіл Түркістан өңірін
дүбірлетіп, сонау шар тарапқа жетіп жатқан сол оқиғалардың бірін білсек,
мыңын әлі білмейміз.
Берісін айтсақ, XII ғасырға дейін Шауһар, XV ғасырдың соңына дейін
Иассы қаласы деп аталған Түркістан XVII ғасырдың басынан қазақ хандарының
астанасы болды. Оны 1785 жылы қазақтардан Бұхара билеушісі Мир – Масум шах
Мурад тартып алса, 1799 жылы Ташкент билеушісі Жүніс қожа басып алып, ол
өлгеннен кейін қайтадан Бұхара хандығына өтті. Ақырында 1815 жылдың жазында
Бұхара әмірі Хайдардың қол астына Қоқан ханы Омар тартып алды. Осындай бір
қолдан екінші қолға өту, соның барысында талауға түсудің салдарынан
Түркістан қаласы, оның өңіріндегі елді мекендер қатты күйзелді.
Біздің әңгіме еткелі отырғанымыз – Түркістан қаласы мен оның өңірінің
сан – салалы үлкен тарихының бір кезеңі ғана. Ол XIX ғасырдың ортасындағы
немесе бұл өңірдің Қоқан билігінен Ресей қол астына өту кезеңі. Ал бұл
кезең әлі күнге дейін толық зерттеліп, арнайы еңбек жарияланған емес. Оның
тарихын зерттеу соңғы кездерге дейін қажау өріп келген еліміздің сонау
кезеңдегі тарихын зерттеу екендігі сөзсіз.
Зерттей қарасқ, XIX ғасырдың ортасына қарай Түркістан өңірінде
көптеген ірі елді мекендер, бекініс қамалдар болды. Соның ішінде Базарлық,
Қарашақ, Шубанақ, Ұрандай, Шаға, Құрлақ, Ташанақ сияқты елді мекендер
қаламен іргелес жатса, Иқан, Қарнақ, Өгізтау, Сауран, Отырар елді мекендері
алды жиырма арты алпыс шақырым арыда болды. Ал Шелек, Жаңақорған,
Шолаққорған, Созақ сияқты елді мекендер мен бекіністер жүз-жүз елу
шақырымдай алыста жатты. Ал Сырдың арғы бетінде табиғатының өзіндік
кереметі бар, кең жайлау, сахара жатты. Ескі Сейхундария бойындағы керіліп
жатқан кең дала – осы өңір қазақтардың қашаннан бергі жайылымы.
XIX ғ. басында Түркістан Бұхара хандығына қарады. Қала үшін бұхаралық
және қоқандық билеушілер арасында күрес басталды [27]. Бұл тұста
Қазақстанның оңтүстігі әлі Ресейге қосыла қоймаған болатын, мұны
пайдаланған Бұхара, Хиуа және Қоқан билеушілері бұл жерлерді өз
хандықтарына қосып алу үшін қырқысқа түсті. Әсіресе Қоқан хандығы
Қазақстанның оңтүстігіне ие болу үшін ештеңеден аянған жоқ.
Қоқан ханы Әлім 1808-1810 жылдар аралығында Сайрам, Шымкент қалалары
мен оларға жақын аймақты басып алды [28]. 1819 жылы Ұлы жүздің негізіг
бөлігі мен Түркістан қаласы да Қоқан ханының қол астына өтті [29]. 1819-
1864 ж.ж. Түркістан Қоқан қол астына қарады. Сол кезеңде Түркістан
қаласының аумағы 70 га жуық болды. Оны балшықтан соғылған ұамал қоршап
тұрды. Қабарғада 12 мұнара мен 4 қақпа болған [30]. Ресей империясы мен
Қоқан хандығы арасындағы Казақстанның оңтүстік өңірі үшін текетірестің
басталуы қарсаңында қоқандықтардың бұл өңірді түгелдей дерлік бағындырған,
енді өзінің басқыншылык әрекетін үш бағытта жүргізуді ойлады.
Расында, Бүқара әмірі мен Хиуа ханына қарағанда өз күшінің басым
екенін, Ресей мен Қытайдың бүл өңірге жақын арада келе алмайтындығын
сезінген Қоқан ханы бүл ойын іске асыруда әзірше өзіне қарсы келетін күшті
бақталастың жоқ екенін түсінді. Бұл кездегі Қоқан хандығының күшейгені
сонша, онымен каншама елдердің аягын тартатын Қытай мен Ресей сияқты үлкен
империялардың өзі де есептескен [31].
Қоқан ханы Омар 1815 жылдың ерте көктемінде тұтқиылдан шабуыл жасап,
жарты мыңдық әскерімен Түркістанды басып алды. Қаланы қоқандықтардың басып
алуын В.Наливкин толық суретеп жазады: Летом 1815 г. Омар решил идти к
Туркестану, во-первых с целью его завоевания Туркестан находился под
властью Бухары, во-вторых, для поклонения святыне, столь чтимой во всей
Средней Азии. Город был взят почти без боя и немедленно же разграблен.
Токейтуре бухарский наместник удаолсь бежать с семьей во время всеобщего
переполоха через отвесртие в городской стене. Омар вступил с остальными
войсками в Туркестан [32]. Түркістан билеушісі қаланы тастап Бұқараға
қашты. Омар қалада бірнеше күн болды. Қожа ахмет Иасауи мазарына зиарат
жасап, 70 қойды құрбандыққа шалып, кесенедегі барлық қызметші, шырақшы,
дінбасыларына сыйлық үлестірді. Сонаң соң Ташкентке қайтар алдында
Түркістан уәлаятының әкімі етіп Шейх-и-Бадалды тағайындады. Омар әскерлері
Каратау жоталарынан ары асып, Бетпакдала, Мойынқүм өңіріндегі қазақ руларын
бағындырды. Стратегиялық манызы бар жерлердегі бұрынғы қорғандарды
жөндетіп, кажетті деген жерлерге жаңаларын салдырды. Сонын бірі
-Шолакқорған бекінісі еді [33]. Ал Орынбордан Жетісуга қарай өтетін керуен
жолындагы ертеден келе жатқан Созак бекінісі күшейтілді. 1818 жылы Ақмешіт
бекінісі салынып [34], Арал теңізіне жетті.
Қокан билеушілері басып алган жерлерге алгашкы кезден-ақ қазақтар мен
қырғыздарга өзінің каталдыған танытты. Осыған байланысты казактар
наразылықтарын білдіре бастады [35]. Ақырында, 1821 жылы Тентек төре (шын
аты Рүстем Аспандиярүлы) бастаған казақтардың баскөтеруі үлкен көтеріліске
ұласты. Көтерілістің орталығы он жылдан астам қанау көрген Шымкент және
Сайрам қалаларының төңірегінде болды [36]. Оған қатысқандардың саны барған
сайын өсіп, 12 мың адамға дейін жеткен [37]. 1821 жылғы Тентек төре
бастаған қазақ қолдарының Түркістанды азат етпек болған әрекеті сәтсіз
аяқталды [38]. Қала ұзақ уақытқа қоқандықтардың иелігіне өтті.
Отаршылдарға карсы жүргізілген оңтүстік казақтарының бұл көтерілісі
жеңілгенмен қоқандықтарға карсы алғашкы ірі бас көтеруі болды.
Қоқан хандығы казақ жерінен оңтүстігінде бір жағы Сыр бойымен Ресей
империясының шекарасына тірелсе, екінші жағынан да Алатау етегімен шығысқа
қарай жүріп отырып, Күйік асуынан асып, ескі Тараз орнына жақындады. Жол-
жөнекей қазақ ауылдарын кырып-жойып сол жерлерге баскарып отыру үшін өзінің
сенімді адамдарын қойды. Шамамен, 1827 жылы Мұхаммед Әлі ханның бұйрығы
бойынша шығыс бағытындағы сенімді Әулиеата бекінісі салынды [39]. Осыдан
кейін шығысқа карай жылжып, Құлан, Меркіні алып, іргелес жатқан
қырғыздардың солтүстік жағындагы біраз жерлерін де басып адды. Жетісуға
карай жылжуды шапшандата түскісі келген еді, бірақ алдынан орыс бекіністері
салынып жатқандықтан одан әрі ілгері қарай жылжуын тоқтатуға мәжбүр болды.
Дегенмен, бұл кез Қоқан хандыгының мейлінше күшейіп, кемеліне келген дәуірі
болды.
Қоқан хандығы ХІХ-ғасырдың алғашқы он жылдыктарында қазақ жерінің
онтүстігін жаулауда негізінен мынадай максат койды: сол кездегі жергілікті
феодалдардың және жеке өзінің мүддесі болып отырған иеліктін жерін көбейту,
байлыкты өсіру, сондай-ак ел ішіндегі кейбір тұраксыздыктарды жою жаңа
жерлерді жаулал алу аркылы шаруалардың наразылығына тойтарыс беру.
Қокан хандығының бұл саясаты ел ішіндегі жағдайды біраз тұрактандырды.
Хандық шекарасын кеңейту аркылы көптеген сенімсіз билеушілерді де алыстағы
аймакка жер аударып, өзінің кауіпсіздігін сактандырды. Қокан хандығының
казак жеріне жүргізген жаулау соғыстары тонаушылык сипат алып, енді олар
казак жерінен өтетін керуендерді бақылауға мүмкіндік алды. Бұл мақсатты
іске асыру үшін қазақтар арасындағы бұрыннан келе жаткан ру-ру, тайпа-тайпа
арасындағы барымталыкты пайдаланды.
Сөйтіп, Қоқан хандығы бүкіл қазақ даласының онтүстігінің едәуір жерін
басын алды. Қокан хандығының жері солтүстік батысында да, солтүстігінде де,
солтүстік-шығысында да Ресеймен шектесті. Бұл Ресей мен Қокан
хандығының казак жері үшін қарама-қайшылықтың басталуына алып келді.
Оңтүстіктегі қазак жері үшін Ресей мен Қокан арасында карама-
кайшылыктың басталу карсаңында бұл өңірге тағы бір Орталык Азия хандығы көз
тіккен болатын. Ол Хиуа хандығы еді. 1806-1825 жылдары тақта отырған Хиуа
ханы Мұхаммед Рахим 1812, 1816 және 1820 жылдары көрші жаткан Сыр бойындагы
казақ ауылдарына шабуылдар жасады. Солардың ішінде 1820 жылгы шапқыншылық
ерекше болды. 10 мың әскермен келген Хиуа әскерлері екі мыңға жуык қазақ
ауылдарын шауып, түгін калдырмай талап, адамдарын кырып-жойып кетті. Одан
кейін 1825-1842 жылдары такка отырған Аллакұл қазақ халкына деген бұл
зұлымдық саясатты одан әрі жалғастырды. Атап айтсак, оның бұйрығы бойынша
1831 жылы 400 казак, бауыздалып тасталынды, жүздеген балалар мен жас
әйелдері тұткындалып Хиуага алып барылды да, одан кейін олар кұлдықка
сатылып кетті.
Қоқан хандығы ХІХ-ғасырдың алғашқы он жылдыктарында қазақ жерінің
онтүстігін жаулауда негізінен мынадай максат койды: сол кездегі жергілікті
феодалдардың және жеке өзінің мүддесі болып отырған иеліктін жерін көбейту,
байлыкты өсіру, сондай-ак ел ішіндегі кейбір тұраксыздыктарды жою жаңа
жерлерді жаулал алу аркылы шаруалардың наразылығына тойтарыс беру.
Қокан хандығының бұл саясаты ел ішіндегі жағдайды біраз тұрактандырды.
Хандық шекарасын кеңейту аркылы көптеген сенімсіз билеушілерді де алыстағы
аймакка жер аударып, өзінің кауіпсіздігін сактандырды. Қокан хандығының
казак жеріне жүргізген жаулау соғыстары тонаушылык сипат алып, енді олар
казак жерінен өтетін керуендерді бақылауға мүмкіндік алды. Бұл мақсатты
іске асыру үшін қазақтар арасындағы бұрыннан келе жаткан ру-ру, тайпа-тайпа
арасындағы барымталыкты пайдаланды.
Сөйтіп, Қоқан хандығы бүкіл қазақ даласының онтүстігінің едәуір жерін
басын алды. Қоқан хандығының жері солтүстік батысында да, солтүстігінде де,
солтүстік-шығысында да Ресеймен шектесті. Бұл Ресей мен Қоқан
хандығының қазақ жері үшін қарама-қайшылықтың басталуына алып келді.
Оңтүстіктегі қазак жері үшін Ресей мен Қокан арасында қарама-
қайшылыктың басталу қарсаңында бұл өңірге тағы бір Орталык Азия хандығы көз
тіккен болатын. Ол Хиуа хандығы еді. 1806-1825 жылдары тақта отырған Хиуа
ханы Мұхаммед Рахим 1812, 1816 және 1820 жылдары көрші жаткан Сыр бойындагы
казақ ауылдарына шабуылдар жасады. Солардың ішінде 1820 жылгы шапқыншылық
ерекше болды. 10 мың әскермен келген Хиуа әскерлері екі мыңға жуык қазақ
ауылдарын шауып, түгін калдырмай талап, адамдарын кырып-жойып кетті. Одан
кейін 1825-1842 жылдары такка отырған Аллакұл қазақ халкына деген бұл
зұлымдық саясатты одан әрі жалғастырды. Атап айтсак, оның бұйрығы бойынша
1831 жылы 400 казак, бауыздалып тасталынды, жүздеген балалар мен жас
әйелдері тұткындалып Хиуаға алып барылды да, одан кейін олар кұлдықка
сатылып кетті.
Түркістанды қоқандықтардың басып алуы Сырдың аралға құяр сағасына
дейнгі қазақ жерлерінің қоқан иелігіне айналуына негіз болды [40].
Сырдарияның оң жағалауындағы керуен жолдарының бойына қоқан феодалдары
Жаңақорған, Жүлек, Ақмешіт, Шилікқорған, Қосқорған және басқа қорғандарды
салды. Созақ бекінісі мүлде қайта құрылды.
Қоқан хандығы да Хиуа, Бұқара хандықтары сияқты артта қалған феодалдық
құрылыстағы мемлекет болатын, оны да ішкі өзара бақталастық қырқытсар және
көршілермен жүргізген үздіксіз соғыс ішінен жегідей жеуде бастады.
1846 жылы Түркістан әкімі Қанат-Шах Қоқан хандығынан бөлініп шықпақ
болды. Ташкент билеушісі Әзіз Парванашы Түркістанға қарай әскерімен жылжып
қаланы екі рет қоршауға алды. Екінші қорғау бірнеше айға созылды. Қала
орталығы – цитадель- онда орналасқан Ахмет Иасауи кесенесі, айналасындағы
құрылстармен қоса қолдан жасаған су тасқыны әсерінен су ішінде қалды [41].
Нәтижесінде Әзіз Парванашы қаланы басып алды да өз гарнизонын осында
қалдырып Ташкентке қарай қозғалды. Жолда ол қаладағы билікті өзінің қас
адамы Мұлла –хан- бектің алып қойғанын есітіп, Түркістанға қайта оралды да
қаланы өз билігіне өткізді.
Жазба деректердің мәліметтерін картографиялық материалдар мен
археологиялық зерттеулердің Түркістан қорған қабырғалары жайлы нәтижелері
де қауаттайды [42].

1.2 Қоқан қоластындағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы

ХІХ ғасырдың басымен салыстырғанда ортасына жақын қала халқының саны
күрт өседі [43]. Мұны Қоқан хандығының колонизациялық саясатымен
түсіндіруге болатын. Қоқан әскери гарнизоны орналасқан жерлерге Орта
Азиядан қарапайым халық ағылып көшіп келе бастайтын. Бұлар Әулие-ата, Мерке
және т.б. қайтадан қалпына келтірген бекіністерге де, көне заманнан келе
жаьқан егіншілік оазистеріне де тұрақтап қала беретін.
Түркістан қаласының негізгі тұрғындары болып сауда адамдары, қол
өнершілер және егіншілер саналады. Қалалықтар басқа да Қоқан қалалары халқы
сияқты айрбасқап негізделген ішкі саудамен және қолөнермен кең түрде
айналысты. Қолөнер кәсіпшілігі ұсақ шеберханалардан тұратын, олар
жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін ғана өңдеумен айналысты және бұл
тұрғын халықтың сұранысын толық қанағаттандыра алған жоқ. Сыртқы сауда
тиісті дәрежесінде дамыды деуге болады. Қоқан хандығы сыртқы сауда
рыногының Батыс Монголиямен, Шығыс Түркістанмен, Бұхарамен, Хиуамен және
Ресеймен тығыз байланыс орнатты.
Қоқан кезінде, қаланың мұсылман әлеміндегі діни орталықтардың бірі
ретіндегі маңызы сақталды. Бұл Қоқан хандығының өзі басып алған жерлерге
жүргізген саясатының жемісі еді, олар қазақтар мен қырғыздар арасында да
исламның позицияларын кұшейтуге тырысты. Әулие-Ата, Шымкент, Сайрам және
т.б, елді мекендерге мешіттер, медреселер салынып, мазарлар қалпына
келтірілді. Далалық жерлерде Ферганалық ишандар басқаратын мүридтік оқып-
үйрену жүй есі жолға қойылды. Барлық қоқандық хандар Ахмет Иасауи
кесенесіне берілген вакуфтық грамотаның әулиеге 1838-1839 ж.ж. Мұхаммед Әлі
хан да арнайы келіп зиарат етіп кетті. Бұл кезең Оңтүстік Қазақстанда
исламның ықпалының күшеюімен ерекшеленеді, бұл құбылыс қалалықтардың
өмірінің түрлі жақтарымен көрініс берді. Олардың күнделікті өмірі түрлі
діни әдет-ғұрыптар мен жоралғыларды қатаң ұстау, өткізу, атқару істеріне
толы болды.
Қоқан мемлекеті басып алған жерлердің халқын қатаң езгіге салды. Қокан
билеушілері оңтүстік өңір қазақтарын Бұхара хандығынан тартып алганнан
бастап-ақ салыктың астына алды. Жергілікті тұрғындар көптеген салықтар
төлеп ақысыз жұмыстар атқаруға тиіс болды.
Олар осы жердегі отырыкшы шаруашылыктардан салыкты заттай емес,
акшалай ала бастады. Бір ғана хан салығына бұл өңірден жылына алынган салык
4000 ділләга жетті. Мысалға, Түркістан аймағындағы тұрғындар осындай бір
хан алымының есебіне 35.000 койга дейін төлеген [44]. Сонымен бірге мұнда
астык егетін шаруашылыктардан салыкты ақшалай да алды. Онын төлемі жылына
50 мын пұтка жетті. Салыктың баска түрлері де енгізілді. Мәселен, керуенге
салынатын салык 1500 діллә, Сырдариядагы Үшкайык өткелінен өткені үшін
1500 діллә, базарга келгені үшін 400 діллэ алды. Мұның үстіне осындағы
Дулат, Жалайыр тайпаларынын қазақтарынан олар баскада салықтармен қатар тек
ханға арнап косымша әр жүз койдан бір қой, әр елу жылкыдан зекет алды.
Мәселен, Шымкент аймағының өзі күміс ақшамен 50 мыңнан 80 мын сомға дейін
төлем беріп отырған. Оңтүстік өңір астыкка ғана бай емес, бау-бакша, жүзім,
жонышқа, баска да дакылдар егілетіндіктен олардан да салык алынды. Ондай
салык "танап" делінді. Жалпы, бұдан баска да салыктар түрі болды, солардың
бірі көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларынан алынатын салык
"зекет" түрінде болған, оның мөлшері малдың санына, немесе олардың бағасыпа
акшаға шаққандағы 40 тан бірі болған. Бірак ол сөз жүзінде болып, іс
жүзінде жиырмадан біріне дейін жеткен. Мысалы, Шымкент аймағындағы рулардан
жиналган зекеттің мөлшері: Бестамғалыдан - 8000 - 10000 кой, Сіргелілен -
6000-8000, Сикымнан - 2000-2500. Шымырдан - 2000-2500, Жаныстан - 2000 кои,
барлығы 20000-25000 койға дейін жиналатын [45]. Түркістан
аймағына зекеттің есебіне деп 30000 дейін қой жиналатын болган. 1862 жылы
Сырдарияны бойлап көшіп мал баққан қазақтардан 13.531 теңге, ал бүкіл Қокан
хандығы қоласытындағы қазақтардан 197.500 теңге зекет алынған. Мысалға,
Шымкент өлкесі казактарынан қокандықгардың казынасына ең кем дегенде жылына
6000 сом газа пайда түсіп отырған [46]. Зекет сатылған малдың белгілі бір
санынан алынатын сауда салығы ретінде де жүргізілген. Қокан хандығына
базарға сатылган мал үшін де, жеке шаруашылыкта болған мал үшін де салық
алынып отырған.
Ресми түрде заңдастырылған осы сияқгы негізгі алымдарға коса
өрескелдікпен алынатын салықтар қатарына жоғарыда көрсетілген хан алымы да
енеді. Жерді өндеп, егін еккен дикандардың Қокан хандығына төлейтін салығы
харадж бойынша өнімнің оннан бір, бестен бір және үштен бір бөлігі
алынатын. Мұнымен қоймай, ағаш кесуге, шөпшек жинауга құқықты болу үшін де
салық төлеген оның үстіне мешіт салығы, кәпірлерге карсы салық — "газават"
деген болган. Ол ол ма, Қоканнын сонғы ханы Худояр (1845-1852 жж) піскенге
дейін тікенді отынга жинауға тиым салған арнаулы заңды шығарган [47].
Казактардан алынатын салыктың саны мен көлемі жыл сайын арта берді XIX
гасырдың 30-40 жылдарында халык төлейтін салык түрі 32-ге жетсе, 50-60
жылдары олар бірнеше есе өскен.
Салыктың көп тараған түрі зекет болды. Ол мынадай жолмен жиналды.
Зекет жинаушылар ең алдымен нөкерлерімен бір ауылды аралап шығатын болған.
Қазақтар артық қойларын баска жакка айдап кетпесін деп олар әр ауылга алдын-
ала екі-үш жансызын койып отырған. Сөйтіп олар қазақ ауылдарынан кұнан
койлар мен ең жаксы деген саулықтарды сұрыптап алып отырған. Зекет жинау
кезінде зекет жинаушылар мен билерден бастап, солардың қастарына еріп
жүрген нөкерлері мен ауылдың атқа мінер старшындарына дейін тегін олжаға
кенелген. Егер зекет жинаушылар ұрлык жасаған болса, онысын нөкерлерімен
бөліскен.
Бұл кезде зекет пен харадждан соң егінші казактарға катты бататыны,
ауыр еңбек азабы еді. Олар билеушілердің жайылымдары мен егін алқаптарын
кутуге міндетті болған. Әр жанүядан бір адам айдың бір аптасын осындай
жұмыспен өткізіп, жылына 6 рет билеушілердін қорғаны мен атқорасын тазалап,
олардың кабырғаларын жөндеп жанартып отырған. Жолдарды жөндеу, суландыру
жүйелерін жүргізу, арыктарды тазалау міндетін де қазақтар атқарған. Сөйтіп,
олар жыл он екі ай ауыр еңбектен қол жазбай, бел шешпеген. Олар бар жұмысты
өз кұралдарымен атқарып, тамағы да өздерінен болған, енбектеріне ақы
берілмеген. Оның үстіне, соғыс бола калса, әрбір ересек қазақ қару-
жарағымен, өз атымен келіп әскерге қосылуға міндетті еді.
Кокан билеп-төстеушілері мен оларға сыбайлас қазақ шонжарларының
талабы ауыр болғандығы сонша, жергілікті халық өз жерлерін тастап, орыс
шекарасына карай ығысуга мәжбүр болды. Мысалға, Қокандыктар мен
Хиуалыктардың зорлық-зомбылығына шыдамай 1848 жылы Арал камалының өзінен
гана 1865 үй көшіп кеткен [48].
Салық жинаушылар тиісті малмен қоса өздерінін жеке пайдалары үшін
дүние алған, сый-сияпат жасауға мәжбүр еткен [49]. Сөйтіп, Онтүстік
оңіріндегі қазақтардың Қокан билеушілеріне малдан — зекет, астықтан —
харафи салыктарын төлеуі, олардың мөлшерінің барған сайын артуы егіншілік
мәдениетінің өркендеуіне нұскан келтіруімен катар, астық шықпай калған, мал
жұтка ұшырап қиындық туып өздерін әрен асырап отырған қазақ ауылдарын катты
күйзелтті. Бір-біріне көмек көрсету, колдауға шамасы келмейтін онтүстік
қазақтарын басып алғанда қоқандықтар жергілікті халыктарға қаталдық
көрсетіп қана қоймай, қазақ ауылдарын тонап, тіпті Ресей карамағындагы
қазақтардың мал -мүлкін талап әкетіп отырган.
Казактарға байланысты осындай жабайы, тонаушылық саясат Қокан хандығы
тарапынан ерекше қатал әрі ұзақ уақыт жүргізілді. Белгісіз бір автордын
мәліметтеріне қарағанда, хандыктың осындай жолмен жиналған жылдык түсімі
29.166.900 сом болған [50].
Мұндай озбырлык Хиуа хандығының іс-әрекетіне де тән болды. Хиуа
жерінде елшілікте болған подполковник Г.И.Данилевский көшпелі қазақтардан
ғана жиналатын салык мөлшерінің Хиуа ханы Аллакұлга (1825-1845 жж) І
миллион сом пайда беретіндігін, ал жыл сайынғы олжа 3 миллионга жеткендігі
туралы хабарлайды [51].
Сондай-ак, қазақтар қашанда егін көлемін ұлғайтып отырған және
көптеген жылдар бойы жақсы өнім алған. Мысалыға алатын болсак, осы кез
шамасында тек Сыр өңірінде ғана 10 мындай қазақ шаруасы егіншілікпен
айналысты. Толык емес мәліметтерге қарағанда, XIX гасырдын 60-жылдары
Сырдария бойында таза егіншілікпен 8.827 отбасы айналысып, 346.688 десятина
жерге тары, 10.694 десятинага арпа, 10.488 дссятинага бидай жоне 34.688
десятина жерге сұлы еккен. Сырдария қазақтарын баскарушы Осмоловский мен
оның бірінші жәрдемшісі Карамышевтың пікірінше, бір үйде орта есеппен екі
жұмыскер бар деп есептегенде, барлық егіншілердің саны 16.700 адам га
жеткен, олар 110 мың десятина жерге егін егіп, 481.450 пұт өнім алган [52].
XIX гасырдын ортасына карай Орта Азия хандыктарын жақын жаткан
Оңтүстік өңірдің астығына, малына деген сұраныс күшейді. Осы өңірдегі
казактарды Қокан, Хиуа саудагерлері кіре тартуға жалдау, жол көрсетушілік
тіпгі керуен басы да болды Себебі, керуен басы кұрметті ғана іс емес
сонымен қатар орасан зор табыс көзі де болды.
Бұл өңір қазақтары үнемі тұзга зәру болгандыктан, Шу өзенінің жакын
жеріндегі Тұздытау, Сорлыкөлге немесе Талас бойындағы Биліккөлге жіберіліл,
одан тұз алып кайтатын.
Түркістан каласының өзінде Қокан билігінің соңғы жылдарында 391 дүкен
болса, оның 140-ы керуен сарайларының маңында орналаскан. 1863 жылы бұл
каладан Бухара саудагерлерінің өзі ғана 240 мың сомның малдарын сатып алған
[53].
Сауданың өсуіне баска да жағдайлар әсер етті. Атап айтканда салыктың
заттай емес, акшалай берілуін талап ете бастағаннан кейін казақтар еріксіз
базарға барып, сауда-саттык жасап ақша табуға мәжбур болды. Оның үстіне,
Қоқан билеуінің басталуынан кейін Орта Азия хандықтарының бұл өңірдің
астығы мен малына деген сұранысы бұрынғыдан өсті.
Қокан хандығында салық жинау барысында қаншама заңсыздыктарға жол
берілгені туралы 1840 жылы осы хандықка келген бір орыс былай деп жазған
екен: "Қокан хандығында зекет жинаудың барысында зорлықтың жасалатыны
соншама, ондағы қырғыздар (казактар) бұған жылына малының жиырмадан бір
бөлігінен аз бермейтін шығар... салық жинаушылар әр алуан жолмен күш
көрсетіп, заңды салық үстіне өз пайдасына сый-сияпат беруге де мәжбүр
етеді" [54]. Міне, осыдан көргеніміздей қокандыктардың казақ шаруаларынан
зекет жинауы үстем тап үшін пайда табудың көзі болған.
Салык та көп жиналған. Мысалға алатын болсақ, тек Шымкент өңірінің өзі
ғана күміс ақшаға есептегенде жылына 50 мыңнан 80 мың сомға дейін салық
төлеп отырған [55].
Бірқатар есептеулерге байланысты Орта Азияда айдалган жердің өлшемі
"танап" болғаны мәлім. Бұл шамамен десятинаның сегізден бір бөлігіне тең.
Сонда салынатын салык егістік жердің әрбір танабына бидай өнімінің 12
ширегі немесе 78 фунты болып келетін, ал әрбір қоска үштен беске дейін
батпаннан немесе үш жарымнан 52 пұтка дейін келетін.
Орта Азияга тараған жалпы өлшем мөлшері бойынша харвар сегіз батпан
(10 пүт) мөлшерінде болған. Осыған қарай әрбір танаптан 20 пұттан, ал әрбір
костан 300-600 пұтка дейін өнім жиналуы керек болған. Шариғат бойынша,
харадж үлесіне өнімнің оннан бір мөлшері тиюі керек. Бірақ Қокан өкіметі
суармалы жерлерде егістік өнімінің бестен бірін, ал тәлімі жерлерден
жетіден бірін алып отырған. Міне, осындай жолмен әрбір қоста 40 пұттан 70
пұтка дейін дән жиналады екен. Мысалға, мұндай қостар Түркістан ауданында
2000-ға дейін болган. Сондай-ақ Туркістан ауданында хан салығы жер
өнімінен де алынатын - 50 мың пұт астық, 300 сомға жететін ұсақ өнімдер
мен жоңышқа. Керуендерге салынатын 1800 ділдә, Сырдариянын Үшкайык
өткелінен өткізілгеніне 1500 ділдә, базар салығы 400 ділдә болып, барлык
сомасы 115 мың сомға дейін жеткен. Ал Түркістан өңірінде зекттің есебінен
30 мың бас қойга дейін жиналған. Қокан хандары тіпті жұтта кырылган малға
да зекғт салған әрбір 5 түйеге 1 ісек зекет, әрбір ірі қара малдың
бағасының 2,5 пайызы, әр жылқыға 1 тенгеден, әр койдан жарты теңгеден зекет
алынса, бай, қуатты қазақтардан 10 жылкыға дейін байпұл салығы алынған
[56].
Жер салыгына "Саман пулы" да жаткан. Егін салығы хан жігіттерінің
пайдасына алынған да, коныстар мен үй басына түсетін салық делдалдар үшін
жиналған. Салықты есептеу және оны жинау тәртібі мынадай жолмен
жүргізілген: серкер бастаған арнайы комиссия белгіленген. Оның құрамына су
ақсақалы (мұраб) муфти-егістік жерді, түскен өнімді өлшейтін адам кірді.
Салық мөлшері "дәптер" деп аталатын арнайы кітапшаға жазылды да, соның
негізінде салық жинау жүргізілді. Жергілікті салық жинау аппараты уәлаяттың
басты қожалары - әкімдерінен, қарамағында салык жинайтын дуанбектері,
серкерлері бар ірі аудандардын бектерінен құрылды.
Кокан хандығы коластындағы казақтар ішінде жоғарыда көрсеткендей
қолөнермен айналысатындардан да зекет салығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ қоғамындағы экономикалық жағашылдықтарды әдістемелік тұрғыдан зерделеу
Наполеон Бонапарт- қолбасшы, саясатшы және мемлекет қайраткері
Бөкей ордасының тарихи сипаттамалары
Арал өңірі қазақтарының ХIX ғасырдағы Хиуа хандығымен Ресейге қарсы ұлт-азаттық күресі
Зар заман поэзиясы ақындарының шығармашылық мұрасын қазіргі кезеңде зерттелуі
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Қазақ ауылының шаруашылық жағдайы
Зәки Уәлиди Тоған
Тау бөктерінде
XХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ұлттық мемлекеттілік үшін идеалдық күресі
Пәндер