Ежелгі римнің философиясы


Жоспар
Кіріспе . . . 4
1 бөлім. Ежелгі Римнің философиясы
1. 1. Стоицизм, эпикуреизм, скептицизм . . . 6
2 бөлім. Ежелгі Римнің мифологиясы
2. 1. Ромул мен Рем - Римнің негізін қалаушылар туралы миф . . . 9-10
2. 2. Ежелгі Рим құдайлары . . . 11
3 бөлім. Ежелгі Римнің әдебиеті мен жазуы
3. 1. Ежелгі Рим жазушылары . . . 13
3. 2. Рим сандары . . . 25
4 бөлім. Ежелгі Римнің діні
4. 1. Алғашқы мәсіхшілер және римдіктердің діні . . . 26
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 30
Тақырыптың өзектілігі. Ежелгі рим қоғамы - саяси және қоғамдық қатынастардығы, экономика мен мәдениет салаларындағы жаңалықтары арқылы қазіргі өркениеттің жетістіктеріне өз үлесін қосты. Адамзат қоғамының дамуына тән кейбір көріністер мен үрдістер өзінің айқын көрінісін ежелгі рим тарихында тапты. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т. б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылык, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары - көне заман тарихы туралы ұғымымызды қеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
Мақсаты мен міндеттері:
- Ежелгі Римнің рухани мәдениеті туралы ғылыми негізде оқып, үйрену;
- Ежелгі Римнің философиясы, мифологисы, жазуы мен әдебиетінің тарихи дамуындағы жалпылама және ерекше заңдылықтарымен танысу.
Тарихнамалық талдау. Тарихнамалық талдау барысында мен Ежелгі Римнің рухани мәдениетін 5 бөлімге болдім: философиясы, мифологиясы, жазуы, әдебиеті мен діні.
Тақырыптың зерттелуі. Рим тарихын зерттеу Макиваеллидің еңбектерімен қатар, Франциядағы Ағарту дәуірінде пайда бола бастады. Монтескьёнің “Рассуждения о причинах величия и упадка римлян” еңбегі.
Алғашқы капиталдық еңбек болып Эдуард Гиббоның “История упадка и крушения Римской империи” атты еңбегі саналады. II ғ. соңынан Византия империясының 1453 жылғы құлауына дейінгі периодтты камтиды.
Критикалық бағыттығ негізін қалаған Нибур. Пуни соғысының тарихына дейін жеткізілген “Римская империя” атты еңбегінде ол рим мәдениетінің пайда болу тарихын зерттеді. Оның ойынша, басқа халықтарда, сонымен қатар римдіктерде, көбінесе ақсүйек әулеттерінде сақталған белгілі бір тарихи эпос болған.
Наполеондық дәуірде В. Дюрюидің “история римлян” еңбегі пайда болды. Бұл еңбектегі түпкі мағына сол кезде кеңінен кездесетін цезариандық период болды.
Тарихнаманың жаңа кезеңін, рим мұрасын алғашқылардың бірі болып зерттеген Теодор Моммзеннің еңбектері болып табылады. Оның “Римская история”, “Римское государственное право”, “Собрание латинских надписей” атты еңбектері рим тарихын зерттеуде елеулі орын алады.
Деректік шолу. Рим тарихының ертеректегі түп деректерінің ерекшеліктері аға анналистер деп аталған б. э. дейінгі III-II ғасырлар тарихшылары шығармаларының сипатында көрінеді.
Алғашқы римдік анналист болып Фабий Пиктов есептеледі. Ол Пуни соғыстары кезінде өмір сурген және де грек тілінде жазған. Дегенмен оның не анналдары, не одан кейінгі анналисттердің еңбектері біздің дәуірге дейін жетпеген; өзіне дейін өмір сүрген ғұламалардың еңбектерін 142 кітапқа біріктірген Тит Ливий арқасында бізге сол кездегі Рим туралы көптеген деректер белгілі.
Латын тіліндегі алғашқы тарихи шығармаларды латын прозасының негізін қалаған Марк Порций Катон (б. э. дейінгі 234- 149 жылдар) жазды. Ол көрнекті мемлекеттік қайраткер (консул және цензор), тарихшы шешен еді. Катон түп деректерге мұқият қарады: ол понтификтердің жылнамасын, анналистердің шығармаларын, өз басының байқауларын, көз көргендердің әңгімелерін, ауызша аңыз-әңгімелерді пайдаланды.
Кіші анналистер төтенше болған "оқиғалар, аңыздар туралы әңгімелерге қарсы ойысты. Бұлардың шығармаларындағы жаңа нәрсе материалды жылнамалап баяқдаудан бас тарту еді. 'Кіші анналистер оқиғалардың себептері мен мән-жайын анықтауға тырысты. Алайда олардың еңбектері үшін фактілерді баяндаудағы тенденциялылық, қызғылықты, анекдот материалды келтіру, хронологиялық қателер тән еді.
Алғашғы деректер:
Тит Ливий. «История от основания города »
Дион Кассий. «Римская история»
Аммиан Марцеллин . «Деяния»
Полибий . «Всеобщая история»
Публий Корнелий Тацит. «История», «Анналы»
Плутарх. «Сравнительные жизнеописания »
Аппиан. «Римская история»
Секст Аврелий Виктор . «О происхождении римского народа»
Флавий Евтропий . «Бревиарий от основания города»
Гай Веллей Патеркул . «Римская история»
Луций Анней Флор . «Эпитомы Тита Ливия»
Геродиан . «История Рима от Марка Аврелия»
Диодор Сицилиский . «Историческая библиотека»
Дионисий Галликарнасский . «Римская древняя история»
Гай Светоний Тарнквил . «Жизнь двенадцати цезарей»
Кіріспе
Рим тарихнамасының басы Рим мемлекеті қуатты Жерорта теңізі державасына айналған б. э. дейінгі II ғасырға жатады. Римнің Греция мен эллиндік мемлекеттерді жеңіп алуы грек ықпалының күшеюіне жол ашты. Қалаларда кұлдар мен тұтқындар арасынан жақсы білімді гректер шықты. Рим нобильдері үшін грек тілін, ғылымы мен өнерін білу міндетті болды. Алайда Рим қоғамы эллиндік дүние мәдениетін жайдан-жай өз бабына сіңіре бермеді, одан Рим мемлекеттік өмірінін нормаларына, дәстүрлеріне, мораліне жататындарын ғана алды.
Рим империясы - ежелгi римдiк постреспубликалық фазасының өркениет дамуындағы ерекше белгiлер, басқарудын автократиялық формасы және Еуропадағы үлкен аймақтық иелiктерi мен Жеорорта теңізі. Римдiк империяның хронологиялық шеңбері Август бiрiншi императорының басқаруынан бастап, екi бөлiкке бөлуiне дейiн қамтиды. Яғни б. з. б. 27 жылдан 476 жылдар аралығы. Римдiк империя тарихының периодизациясы өзгешеленедi. Осылай, қарастыру кезiнде құрылымның мемлекеттiк-құқықтысымен екi негiзгi кезең көзге түседi: 1. Қағидашы - мемлекеттiк құрылымның республикалық және монархиялық формалары, б. з. б. I ғасырда - б. з. III ғасыр.
Б. э. бұрынғы VIII ғасырдан б. э. V ғасырына дейінгі он екі ғасырдан астам кезеңді қамтитын тарихы бар Ежелгі Рим адамзатқа орасан бай мәдени, көркем мұра қалдырды. Дүниежүзілік мәдениеттің асыл қазынасына Вергилийдің, Горацийдің Овийдийдің поэзиялық туындылары, Ливий мен Тациттің тарихи еңбектері, Лукрецийдің материалистік философиясы, Цицеронның шешендік өнері, Марциал мен Ювеналдың уытты сатиралары енді. Римдік право жүйесі заң туралы ойдың дамуында көрнекті роль атқарды. Ежелгі Рим шеберлері өзінен бұрынғы ерте дүние цивилизациялары көріп-білмеген алып сәулет ансамбльдері мен инженерлік ғимараттардың жаңа типін, реалистік мүсіндік портрет пен ғажайып фрескаларды, мозаикалар мен көркемдік кәсіп шығармаларын тудырды. Антик дүниесі өнерінің дамуы Рим өнерімен аяқталды. Ол ертедегі грек және ертедегі итальян өнерлерінің үздік жетістіктерін мұра етіп қабылдап, творчестволықпен қайта өңдеді. Рим шеберлері өздерінен бұрынғылардың дәстүрлерінен шабыт алғанымен, өздерінің өзгеше стилі мен творчестволық даралығын әрдайым сақтай білді. Рим мәдениеті, оның өнері сияқты, ең алдымен Ежелгі Италия халықтары жасаған цивилизация топырағында өсіп-өнді, олардың арасында саяси да мәдени тұрғыдан анағұрлым дамығаны этрустар болды.
Ежелгі Италияның ең дамыған халық тобы этрускілер болды. (римдіктер бұларды «тускілер» деп атады. гректер «тирреналар» деді, олар өздерін «рассеналар» деп атады) . Б. э. дейінгі VIII-VI ғасырлардағы этрускілер Апеннин түбегінің едәуір бөлігін алып жатты. Олардың қалалық мекен-жайлары Падус өзенінін сағасы мен онтүстік жағалауынын төменгі ағысынан Италияның батыс жағалауына дейін, Арнус өзенінің теңізге кұятын жерінен Тибр өзенінің жағаларына дейін бытырап жатты. Бұдан басқа, олар Корсика аралынын шығыс жағалауын Ильва аралын мекендеді және Кампанияның бір бөлігін басып алды. Бұлар саяси бірлестіктерден гөрі, діни сипаты бар одақтарға біріккен тәуелсіз қала қауымдары болып тұрды. Этрускілердің гректерден айырмашылығы кыш ыдысты шимайламады, дөңгелектеп безендірді. Олар балшыққа күйе араластырды, осының арқасында олардың керамика бұйымдары металдан құйылған бұйымдардай әсер тудырды.
Этрускілелер теңіз қарақшылығымен де шұғылданды. Олардың кемелері Греция мен Африканың жағаларына дейін жетті. Б. э. дейінгі I мың жылдықтың ортасында этрускілердің енді өз жазу-сызуы болды.
Материалдық мәдениет ескерткіштерін зерттеу және ежелгі тарнхшылардың хабарлары этрускі коғамының таптық құл иеленушілік кұрамы туралы корытындыға жетектейді. Этрускі шонжарлары құлдар мен тәуелді халықтың еңбегін қанады. Этрускі коғамынын үстемдік етуші жігі лукомондар деп аталды.
Этрускі коғамы өзінің гүлденуіне б. э. дейінгі VII-VI ғасырлар межесінде жетті. Осы уақыт ішінде этрускілер өзінің билігіне Кампанияны бағындырды да, Капуя қаласының негізін қалады. Осы кезеден-ақ олар Тибр өзенінің төменгі ағысында панда болған маңызды орталық-Рим каласымен Лациянын бөлігіне ие болады. Б. э. дейінгі IV ғасыр ортасына қарай этрускі қалаларының федераңиясы құлдырауға келіп, галлдар Падус өзенінің аңғарында орнығып, Апеннин түбегінің орталық бөлігі аймағына тонаушылық шабуылдар қолдана бастағанда, италия тайпалары оларға тойтарыс беру үшін жаңа саяси және әскери орталық- Рим қаласының төңірегіне бірігеді. Кеиінгі жылдарда Рим қауымының басшылары өзінің ықпалын Этрурдың көп бөлігіне, сондай-ақ Кампанияға, әрі рим-италиялық құл иеленушілері қуатты конфедеративтік одағының ұйытқысын құраған орталық Италияның басқа аймақтарына да тарады, бұл б. э. дейінгі ІІІ ғасырдың басына қарай әскери жағынан Жерорта теңізі дүниесінің ең күшті құл иеленуші державаларының бірі болып алады.
Б. э. дейінгі II-I ғасырларда Рим тарихының ежелгі кезеңі туралы аңыздар мен ертегі әңгімелер Рим халқының мәдени жіктерінің арасына кеңінен тарала отырып, рим авторларымен қабылданып, шығармаларының негізіне алынды. Осы заманғы зерттеушілердің пікірі бойынша Римнің ежелгі
тарихын Тибр өзенінің сол жақ жағасындағы төбелер үстінде
жеке қоныс-жайлардың пайда болуын б. э. дейінгі X ғасырға жатқызуға болады. Жаңа қалалар ежелгі италия тайпалары қоныстарының түйіскен жерінде пайда болғандықтан, оның халқы алғашында жеке тайпа бірлестіктерінен тұрды. Тарихи дәстүрлерге сәйкес ежелгі тайпалар: тицилер, рамналар, лукералар деп аталады. Қазіргі ғалымдардың пікірлері бойынша бұл атаулар Римнің атам заманғы көп тайпалық құрамын растап, сабиналарды, латындарды және этрускілерді атады.
1 бөлім. Ежелгі Римнің философиясы.
Б. з. б 3 г. басынан Жерорта теңізі аумағында қалалыө республикадан мықты дердаваға айналған Римнің әсері айтарлықтай күшейді. Б. з. б 2 ғ. Рим ежелгі әлемнің көптеген жерлерін иеленеді. Оның экономикалық және саяси әсеріне Грецияның құрлықтық қалалры да түсе бастайды. Осыған орай Римге грекиялық мәдениет, соның ішінде философия, кіре бастайды. Шамамен осы кездерден Римде 3 философиялық бағыт қалыптасады: Стоицизм, Эпикуреизм және Скептицизм.
1. Стоицизм - Эллин мемілекетімен Рим империясының гулденген дәуірінде адамның ішкі тәулсіздігі мен дербестігін философия тұрғыснан түсіндірмекші болған эллиндік және рим философиясындағы басты бағыттың бірі. Сондықтан С. ілімінде этика мәселесі негізгі орын алды. С. төрт кезеңен тұрады 1-кезең (б. з. б 3-2) 2-кезең (б. з. б 2-1 ғ. ) Платон іліміне сүйенеді; 3-кезең (б. з 1-2 ғ. ) Сократтың іліміне жандандыруға бағытталған кезең; (б. з -2 ғ . ) ; -неоплатонизімнің даму кезеңі. С. философияны тұжырымдай келіп оны логикаға, физикаға, этикаға бөлді. Логикада олар танымның сезімдік теориясын дамытты. Кез келген ілім сезім арқылы қабылданып, адам ойының елегіне түседі. Содан барып жалпы ұғым мен пайымдау шығады. Дүниені тану процесі жан арқыл іске асады, ал жаның өзі ерекше дүние, ауа мен оттың қосындысы дейді. Бірақ С-нің өкілдері материя құдайға қарағанда дәрменсіз деп есептеді. С дүниенің бәрін қажеттіліке мәжбүр етіп, адамдарды тағдырдың өміріне бағындырды. C-нің идеалисттік этикасының негізгі-тағдыры мен сыртқы күшке бас иіп, өмір рахатынан бас тарту. Стоиктер сөз және сөйлеу мен ойлаудын бірлігі жайындағы ілімнің біртұтас жүйесін жасаған. Олардын ілімі жалпы философиялық тұжырымдарга негізделген, олардын пікірінше, сөз туралы ілім (логос) философияның біртұтас әлемдік парасатты күшін білдіреді, ол өмірдін материалдық және рухани жақтарын тұтас алып қарастырады. Логосқа жету үшін білім үш кұрамнан түруы керек: логика, физика, этика. "Логика" терминін логостын ішкі және сырткы жактары туралы ілімнін атауы ретінде бірінші рет стоиктер енгізген.
Логика өз ішінде диалектика мен риторикаға бөлінген. Диалектика - "дұрыс ойлау (пайымдау) " туралы ғылым, риторика - "нақыштап сөйлей білу" туралы ілімнін таңбалық сипатына (таңбалаушы - танбаланушы) негізделген. Бірақ бұл ұғымдардын шекарасын нақты айыру қиын, себебі стоиктер сөз таптары туралы (сөздін формасы мен жасалу жолдары) ілімді "таңбалаушы", ал грамматикалык категориялар туралы ілімді "таңбаланушы" ретінде қарастырған. "Таңбалау" және "таңбалану" теориясын жасагандықтан, стоиктерді тілдін семиотиялық теориясының негізін салған деуге болады.
Стоиктердін пікірінше, үш зат өзара байланысты: таңбалаушы, таңбаланушы және объект. Таңбалаушы - дыбыс. Үш заттын екеуінін дүниелік, заттық сипаты бар, ал біреуі сөзді, сөйлеуді білдіретіндіктен, заттық емес, онын шындықты білдіруі де, жалған болуы да мүмкін.
Стоиктер есім мен етістіктін біркатар грамматикалық категориялары туралы ілімді бастады, олардын кейбіреуі (мысалы, септік туралы) кейін еуропалық грамматикалық еңбектерге өзгеріссіз қабылданды. Аристотельден ауысып алған "септік" термині, стоиктердін түсіндіруінше, есімнін кез келген формасын білдіреді. Егістік шактарытуралы ілімінде көне грек етістіктерінің негізгі шақтық мағыналары мен формалары жіктеліп берілген.
Стоиктер еуропалык синтаксис дәстүрінін негізін калаған, "Синтаксис" терминін алғаш рет еңгізген. Логос туралы жалпы ілімнін шенберінде олар синтаксисті ең алдымен логика мец риторика тұрғысынан қарастырған. Олардын негізгісі - предикаттардын түріне, сөйлеу мақсатына қарап жасаған топ- тастырулар. Стоиктерде "баяндауыш", "предикат" терминдері осы күнгі мағыналарына жуық қалыптасқан. Стоиктер еуропалық тіл ғылымындағы құрмалас сөйлемдер теориясын жасады.
Сөз бен ол білдіретін зат арасында "табиғи" байланыс тұрғысынан карап, этимологияға көгі көңіл бөлді, бірақ олардын этимологиялық ізденістері көбінесе жалған болып шықты. Стоиктер ілімі Александриялық мектеп пен тіл туралы көне Рим ғылымының қалыптасуына елеулі ықпал жасады.
2. Эпикуреизм - Эпикур негізін қалаған, соның атымен аталған ежелгі гректік және римдікфилософиядағы материалистік бағыт. Алғаш мектебін Эпикур б. з. б. 310 ж. Колофонда ашады, ал б. з. б 306 ж. Афинаға ауыстырады. Мектеп философтың бағында орналасу себебінен, “Бақша” атауын осыдан алады. Мектепке әйелдер мен құлдар қабылданған, сонымен қатар өз иеліктерінен бас тартудың қажеті болмаған. Эпикурейліктердің ойынша, бақытты өмір үшін адамға:
- Дене қасіреттерінің болмауы
- Достық
- Жан тыныштығы(атараксия)
3. Скептицизм (көне грекше: σκεπτικός - қарастыратын, зерттейтін) -
- объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт; бұл жағынан скептицизм агностицизмге - дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын, соның бастапқы сатысы болып табылады;
- бір нәрсеге сыни тұрғыдан, күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндану;
- күдікшілдік, сенбеушілік.
Әлемдік философияда нақты мәдени-тарихи жағдайға сай және дүниені философиялық тұрғыдан түсінудің негізгі жолдарына байланысты пайда болған скептицизмнің әр түрлі формалары бар. Скептицизмәдетте ғылымдағы, таным процесіндегі күрделі бетбұрыстар, теориялық нұсқамалардың (парадигмалардың) өзгеруі тұсында пайда болды. Скептицизм негізінен ғылым саласында, таным процесінде орын алатын ұстаным, сонымен бірге оның белгілі бір арнаулы өмірлік, тұлғалық ұстаным ретінде де маңызы бар. Парасатты адам кез келген мағлұматты, пікірді, идеяларды көзжұмбайлықпен жай қабылдай бермейді, ой елегінен өткізеді, сынайды, күдіктенеді. Скептицизмнің орын алу себебі: таным - танылатын затқа, құбылыс - мәнге, сөз - іске, теория - шындыққа сәйкес келе бермейді, олардың арасында алшақтық болады.
Философия тарихында скептицизмнің туындауында дүниедегі құбылыстардың, ұғымдардың шарттылығы ой-пікірі адамның көңіл-күйіне және қалыптасқан жағдайларға байланысты өзгеріп отыратындығы себеп болды. Ертедегі скептиктердің ішінен (софистер, Пиррон, Энисидем, т. б. ) бізге еңбектері жеткені Секст Эмприк (200 - 250) . Скептицизмнің мәнісін ол былай түсіндіреді: “мына жағдайды көз алдыңызға келтіріңіз: көптеген асыл заттары бар үйден түнде адамдар алтын іздеп жатыр; әркім алтын таптым деп ойлайды, бірақ шынында да алтын тапса да, тапқаны алтын екенін білмейді. Сол сияқты философтар да кең үй сияқты осы дүниеге ақиқатты табу үшін енеді; егер де олар ақиқатты тапса да тапқаны шынында да ақиқат па? Мұны біле алмайды”. Қайта өрлеу дәуірінде скептицизм принципі ортағасырлық догматтық ойлау, схоластиканы жоққа шығару бағытында болды. Француз философы Рене Декарт (1596 - 1650) скептицизмді жаңа заман философиясының және ғылымының негізін қалау ісінде шығарм. тәсіл ретінде пайдаланып, дүниені ойлау арқылы танып білуге болатынын паш еткен әйгілі қағидасын ұсынды: “Ойлаймын, демек өмір сүремін”. Скептицизм құбылыстарға, болып жатқан процестерге, оқиғаларға сын көзімен, күдіктене қарауды ұсынады. Бірақ күдіктенумен шектелмей, ойлану, іздену, танып білу, түсіну арқылы күдіктерді жеңе біліп, күмәннан арылу керек. Жаңа құбылыстардың сырын танып білуде тағы да скептицизмге жүгініп, осылайша шындықты іздеу жолы шексіз ізденістен тұрады.
2 бөлім. Ежелгі Римнің мифологиясы.
Рим мифологиясы мен мәдениеті этрустар мен гректердің пәрменді ықпалымен дамыды. Ерте дәуірде, әсіресе, этрустар едәуір әсер етті. Римдіктер этрустардан азаматтарды сословиеге бөлуді және мемлекеттік қызметті, діни ұғымдар мен әдет-ғұрыптарды, құрылыс тәсілі мен театр ойын-сауықтарын, әскерді ұйымдастыру мен гладиаторлық шайқастарды алды. Рим республикасының бүкіл тарихында дерлік б. э. бұрынғы II ғасырға дейін этрустардың мәдени тұрғыдан басымдығы сақталып келеді. Грекияның жаулап алынуы римдіктерге грек өркениетінің асыл қазынасымен жақсы танысуына көмектесті. Рим ақыны Гораций былай деген: «Тұтқындалған Грекия сұсты Лацийг өнер әкеліп, жабайы жеңімпаздарды баурап алды . . . » Бұл сөздерде ақындық асыра сілтеудің басымдығы күмән келтірмесе де, гректердің көркемдік кемеңгерлігі алдында римдіктердің бас игендігін Гораций бейнелі түрде баса көрсетіп отыр. Ежелгі Элладаның әдебиеті мен мифологиясы, театры, поэзиясы мен философиясы Рим мәдениетіне пәрменді ықпал жасап, тіпті б. э. бұрынғы II ғасырда грек тілі жоғары қауымның тіліне айналды. Римге Грекияның көрнекті философтары, тарихшылары мен шешендері келіп тұрды.
Римдік мифология - римдіктердің әдебиеті мен өнерінде ұсынылған Ежелгі Рим мен оның діни құрылымының аңызға айналған шығу тегіне байланысты айтылатын дәстүрлі оқиғалар мен тарихы шығармалар жиынтығы болып табылады. “Римдік мифология” термині бұл оғиғаларды қазіргі заманғы көзқараспен зерттеумен қатар, римдік әдебиет пен өнеріне қатысты кез келген периодтағы басқа да мәдениеттерді зерттеуді білдіреді.
Көне Римде мемлекет пен дін біртұтас идеология түрінде көрінді. Мемлекеттің астанасы «қасиетті қала» деп жарияланды. Заң бәрінен жоғары қойылды. Барлық діни және азаматтық ахуал (неке, жерлеу, бала асырау т. б. ) заң жолымен понтификтерде тіркелді. Бас понтифик - бас абыз міндетін атқарды. Бұлар діни және мемлекет билігінің тұтастығын білдіретін міндетті құдіретті ғұрыптарды - қателік жасаған жағыдайларда құдайлардан кешірім өтініп, садақа үлестіруді, соғыс немесе індет жағдайында берген уәдесіне қарай тарту жасауды, мемлекет тарапынан храмдарға сыйлық үлестіру түріндегі құдайларға таралғы жасауды ұйымдастырып өткізуге жауапты болды. Құдай дағуасында бекітілген императорларға құрмет көрсету ғұрыпатарын орындайтын жаңа абыздар коллегиясы құрылды. Абыз - фециалдар деген орнықты. Олар соғыс жариялау, одақтық шарт жасау ғұрыптарын атқарды, соғыс ашпас бұрын ультиматум жариялады, 33 күн өткен соң, ультиматум қабылданбаған жағдайда, соғыс қимылдарын бастауға рұқсат берген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz