И. Фишердің сандық теориясы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І Кіріспе . . . 3

ІІ И. Фишердің сандық теориясы

2. 1 Ақшаның сандық теориясының негіздері . . . 4

2. 2 И. Фишердің трансакциялық ақша теориясы . . . 6

2. 3 Теорияның негізгі кемшіліктері . . . 8

ІІІ Қорытынды . . . 10

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 11

Кіріспе

Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстың ашқан ақша айналысының заңымен реттеледі. Айналысқа қажетті ақша саны - айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірліктерінің айналыс жылдамдығы арасындағы белгілі бір сәйкестіктің болуын талап етеді. XX ғасырдың басында ақшаның сандық теориясы батыс экономикалық ілімінде классикалық емес өндіріс теориясының маңызды бөлігі ретінде үстемдік алды. Негізінде, трансакциондық және кембридждік бағыттар пайда болды. Трансакциондық бағыттың негізгі өкілі - И. Фишер сандық теорияның дамуына елеулі үлес қосты. Ол айырбас теңдеуі белгілі бір уақыт ішінде тауар айырбасы сомасының екіжақты теңдеуін көрсетеді: біріншіден, ақша санын оның айналысының орташа жылдамдығына көбейтіндісі ретінде, екіншіден, сатылған тауарлардың олардың орташа бағаларына көбейтіндісі ретінде. Осылайша, Фишер кейбір ұйғарымдарды енгізеді: ол қарастырудан банктік депозиттер мен чектік айналыстан бас тартып, сонымен қатар екі фактордың бір-біріне әсерін есепке алмайды: ақша айналымының жылдамдығы мен сатылған тауарлар көлемін. Оларды тұрақты шамалар деп қарастырады.

Соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі инфляция мен бірінші дүниежүзілік соғыс уақытында пайда болған басқа да келеңсіз жағдайларға байланысты сандық теориясына толықтырулар мен түзетулер енгізіледі. Бұл теорияның жалғасы ретінде кейінгі монетаризм пайда болып, ол Фишердің жіберген кейбір кемшіліктерінің орнын толтырды.

Осыған байланысты, рефераттың негізгі мақсаты - Ирвинг Фишердің сандық теориясына сипаттама беріп, формуласын талдау болып табылады. Ал жұмыстың зерттеу объектісі - ақшаның сандық теориясындағы Фишер теңдеуі болып есептеледі. Рефераттың қойылған негізгі міндеттері мынадай:

  • сандық теорияның негіздемелерін сипаттап, оны жалғастырған теорияларды қарастыру;
  • И. Фишердің теориясын талдау;
  • теорияның негізгі кемшіліктерін анықтау болып табылады.

Осы міндеттерге байланысты мәліметтер Жоғарғы оқу орындарына арналған «Экономикалық теория», «Ақша, несие, банктер» оқулықтарынан жиналған.

ІІ Фишердің сандық теориясы

2. 1 Ақшаның сандық теориясының негіздері

XVI-XVII ғасырларда пайда болған сандық терияның негізін қалаушы - Жан Боден болды (1530-1596 жж. ) . Оның пайымдауынша, Батыс Еуропада тауардың қымбаттауына бағалы металдардың көптеп әкеліне бастауы әсерін тигізді, сол себепті, бұл жағдай ақша санының көбеюіне әкеліп соқты, ақша санымен тауардың бағасы да өсті.

Кейінірек мұндай пайымдауды ақшаның сандық теориясының басқа өкілдері Д. Рикардо, Ш. Монтескье, Д. Юм, Дж. Миль тағы басқалары қолдады. Олар аталған теорияға айналымдағы ақшаның сандық өзгерісі мен оның құнының арасындағы пропорционалдықты әкеліп қосты. Д. Юм, XVI-XVII ғасырларда Америкаға бағалы металдардың ағылуы мен бағаның өсуі арасында себеп-салдарлық қатынасты анықтай отырып, мынадай тезис ұсынады: «Ақшаның бағасы оның санымен анықталады». Ақшаның сандық теориясына қарсы шығушылар ақшаны тек айналыс құралы ретінде қарастырады. Олар тауарлық құн деңгейі мен ақшаның құны айналымдағы санына байланысты деп қате тұжырымдайды. Сандық теорияның тағы бір қателігі - бұл теоретиктердің барлық ақша массасы айналымда жүреді деп ойлауында. Шынында да, айналысқа қажетті ақша санын анықтайтын объективті экономикалық заң бар.

Ақшаның сандық теориясы металдық айналыстың стихиялы реттеушісі ролін ескермеді. Алайда бұл жерде алғашқы ақша теориясының қағаз ақша емес, металл ақша айналысы жағдайында пайда болғандығын ескеру керек. Ал несиелік ақша мен қағаз ақша айналысына негізделген қазіргі сандық теорияға келетін болсақ, ол А. Маршалл, И. Фишер, Г. Кассель, Б. Хансен, М. Фридман сияқты экономистердің еңбектерінде баяндалған.

Бұл теорияның екі түрі белгілі:

1) И. Фишердің «трансакциондық үлгісі» мен М. Фридмен негіздеген монетаристер теориясы;

2) А. Пигу басшылығымен (кейіннен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Д. Патинкин басшылығымен) ағылшындық кембридж мектебінің «кассалық қалдықтар» концепциясы.

Яғни, XX ғасырдың басында сандық теорияның қалыптастыруда екі негізгі бағыт көрініс тапты. Сандық теорияның бірінші бағыты - механикалық (И. Фишер және оның АҚШ пен Еуропадағы ізбасарлары) . Ол елдегі айналысқа қатысатын ақша белгілерінің жалпы массасы мен тауар бағасы арасындағы тікелей механикалық байланыс бар деген ұйғарымнан шыққан болатын. Елде бар жалпы ақша массасы мен бар тауарлардың жалпы массасы бір-біріне қарама-қарсы келеді. Тауар бағасы - ақшаның жалпы массасының тауардың жалпы массасына қатынасы болып табылады. Ақшаның жалпы массасы көбейіп, ал тауар массасы өзгеріссіз қалған жағдайда, тауардың бір бірлігіне ақшаның көп бірлігі тиесілі, сондықтан ақшаға шағылған тауар бағасы өседі. Ал тауардың жалпы массасының өзгеріссіз күйінде ақшаның жалпы массасы азайса, тауардың әр бірлігіне ақша бірлігінің аз мөлшері тиесілі болып, тауар бағасы төмендейді. Сандық теорияның екінші бағыты - австриялық мектеп (Ф. Визер, Л. Мизей, А. Афталион) пен кембридждік мектеп өкілдері қалаған психологиялық теория болып есептеледі. Олар өздерінің талдауларында «шекті пайдалылық» теориясына сүйеніп, бірінші бағытқа қарағанда, ақша айналысына әсер ететін психологиялық факторлар мен процестерге көп көңіл бөлді. Кембридждік бағыт тауар айналымы мәмілелерінің сомасы М. Фишердің есептеуі сияқты сатылған тауарлар санын орташа бағаға көбейтіліп, анықталады:

Мұндағы Р - бағалардың жалпы деңгейі, Y - өндірістің көлемі, Т - ақша белгілерінің саны, D - депозиттер, V және - ақша мен депозиттердің айналым жылдамдығы. Ақша санының өзгерісі тауар бағасы өзгерісінің жалғасы емес, себебі болып табылады.

Ал теорияның жалғасы ретінде экономикадағы жаңа ағым - монетаризм пайда болды. Оның негізгі өкілі - М. Фридмен зерттеулері нәтижесі мен монетаристік теорияның негізгі мазмұны мынадай:

  • еркін бәсекелесі бар, өзіндік реттеу негізінде, тұрақтылыққа әкелетін нарықтық экономика тиімді болып табылады;
  • ауыртпалықтар мен кризистер экономикаға сырттан келеді, экзогенді сипатта болады;
  • мемлекеттік реттеу шеңберін тарылту қажет, өйткені «бірде-бір өкімет нарықтан асып, ақылды бола алмайды», ал «мемлекеттің шарасыз түрде туындайтын қателерінің құрбандығына біздің ақшамыз шалынады»;

Фридмен ақша салмағы мен бағалардың тиімді арақатынасы болу үшін несие мен пайыз ақыны қосып көрсетеді. Сонымен, ол төмендегідей қорытынды

жасайды: ақшаның тиімді саны, баға дефляциясының екпіні номиналды пайыз ақыны нолге келтіргенде жетіледі. Ақша айналымының теңдігі қалпына келеді.

2. 2 И. Фишердің трансакциялық ақша теориясы

Сандық теорияның дамуына зор үлес қосқан ғалымдардың бірі - И. Фишер саналады. Ол 1911 жылы «Ақшаның сатып алу күші» атты («Покупательская сила денег») еңбегін жарыққа шығарады. Бұл еңбегінде ол чектік айналым мен осы жағдайға байланысты XX ғасырдың бірінші жартысында орын алған ақша айналысындағы өзгерістерден шығатын түзетулерді енгізе отырып, ақша теориясын дамытты. Фишердің сандық теориясының негізгі қағидалары мен постулаттары статистикалық талдауға ыңғайлы қатаң математикалық қалыпқа келтірілді. Ирвинг «айырбас теңдігі» үшін формуланы шығару міндетін қойды. Шаруашылық айналым тауарларды ақшаға айырбастау кезінде көрініс табады. Жиынтық ретінде, ақшалар мен тауарлар - тең қалпында. Айырбас теңдеуі осы теңдік формуласын беріп, ақшаның сатып алу күшін қалыптастыру керек. Ол белгілі бір ақша санына сатып алынатын игіліктер санымен анықталады. Осылайша, ақшаның сатып алу күші - тауар бағасының көрінісі және оны зерттеу - баға деңгейін зерттеуді білдіреді. Айырбас теңдеуі белгілі бір елде нақты кезеңде жасалған барлық айналыстың математикалық өрнегін көрсетеді. Ол барлық бөлек алынған келісім-шарттардың теңдігін көбейту арқылы табылады. Бұл теңдеудің ақшалай жағында шаманың екі тобы бар: ақша саны мен айналыс жылдамдығы. Тауар жағында да шаманың екі тобы көрсетілген: айырбасталатын тауарлар саны мен осы тауарлардың бағасы немесе баға деңгейі. Айырбас теңдеуі бойынша, тауарлар саны мен бағаларының көбейтіндісі - ақша саны мен оның жылдамдығына көбейтіндісіне тең. Бұл төрт шама бір-бірімен тығыз байланысты және оның әрбіреуі қалған үш шамамен анықталады. Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады - ақшаның сатып алу күшін көрсететін тауар бағасы:

  • ақша санына тура пропорционал;
  • айналым жылдамдығына тура пропорционал;
  • айналысқа қатысқан тауар санына кері пропорционал өзгереді.

Осылайша, оның негізгі сандық теориядағы формуласы:

Мұндағы:

М - белгілі бір мерзімде (мысалы, бір жылда) айналыста болатын қолма-қол ақшаның сомасы;

V - айналыс жылдамдығы;

- i-типті бөлек тауардың бағасы, i=1, . . . , N, мұндағы N - тауар типінің саны;

- i-типті тауар бірліктерінің саны.

Бұл теңдеу айырбас теңдеуі деп аталады. Ол ақша айналымында өзара қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік туғызды, ақша саны мен баға деңгейі көрсеткіштерінің арақатынасын нақтылап берді.

Формула негізінде тауар айырбасының шарты жатыр. Кейінірек Фишер теңдеуді күрделендіріп, оның сол жағына тағы бір мүшені - енгізеді. Мұндағы - чек шоттарындағы ақша қаражаттарының сомасы, ал - осы қаражаттардың айналым жылдамдығы. Нәтижесінде формула мынадай түрге келтірілді:

Мұндағы:

Р - бағаның орташа деңгейі;

Т - барлық (Т=) қосындылары

Фишердің ойынша, белгілі бір мерзімде тауар айналымының саны - орта жылдамдықта ақша санының өндірілуі және сатылған тауарлардың саны орта бағамен анықталады. Осы тұрғыда, екі элементтің - ақша айналымының жылдамдығы сатылған тауарлардың санына әсер етпейді деп есептеген. Ол қысқа мерзім ішінде аталған шамалар өзгеріссіз қалады деп болжады: ақша айналымының жылдамдығы несие дамуының деңгейі, байланыс құралының күйі сияқты ұзақ мерзімді факторлармен анықталады, ал тауар өндірісі ресурстардың жетімсіздігімен шектеледі. Сонымен, ол «Ақшаның саны - баға деңгейі» - жалғыз себепті байланыс болып табылады, - деп қарастырды, яғни айналымдағы ақша саны баға деңгейіне тікелей әсер етеді.

Фишер концепциясы оның механикалық тұрғыдан қарастырылуы үшін сынға алынды. Оның негізінде ақшаның тек айналыс құралы ретінде қызмет етуі, яғни бір «трансакциядан» екіншісіне өтетін ақшалар жатыр, ал бағаға әсер ететін басқа да факторлар есепке алынбаған. Талдаудан екі факторды алып тастай отырып: ақшаның айналыс жылдамдығының өзгерісі мен сауда айналымы көлемінің өзгерісін - Фишер тек бір ғана себеп-салдарлық байланысты көрсетеді, яғни бұл ақша массасының өзгеруі - тауар бағасының өзгерісі себебінен болады дейді. Кейінірек теорияны басқа формада көрсетті. Мұнда тауар айналысының орташа бағадағы (Р) жалпы көрсеткіші (Q) баға индексін (Р) ескеріліп қолданылатын ұлттық табыстың көрсеткішімен ауыстырылды:

MV=PY

Ресей әдебиетінде Фишердің теориясының негізгі қағидаларын алғаш рет М. И. Туган-Барановский зерттеген болатын. Ол былай деді: «Фишер формуласы, оның айырбас теңдігі даусыз (бесспорны), бірақ мағынасыз». Оның ойынша, Фишер теориясы ақша санының өзгерісі оның құнына неліктен әсер етеді деген сұрақ қойып, құнсыздану процесінің мағынасын түсіндіргісі келген Д. Юмның теориясымен салыстырғанда бір қадам артта. Фишер «неліктен» және «қалай» деген сұрақтарға жауап іздемеді. Оның талдауы математикалық есептеулер мен формулалар шеңберінде қалды.

2. 3 Теорияның негізгі кемшіліктері

Фишер теориясының мынадай кемшіліктерін көрсетуге болады:

Біріншіден, ол тауар бағаларының қосындысының орнына орташа бағалар мен барлық тауарлар санының көбейтіндісін алады, өйткені, сандық теория өкілдерінің ойлары бойынша, тауарлар нарыққа бағасыз енеді. Еңбек бағасы теориясы тауардың нарыққа бағамен кіретіндігі, осылайша бағаны оның тауарынан бөліп тастауға болмайды деген тұжырымнан шығады.

Екіншіден, ұзақ мерзімді уақыт кесінділерін қарастыра отырып, Фишер ауыспалы шамаларды V мен Q-ды шартты түрде тұрақты деп алып, тәуелді өзгермелілер ретінде тек екі шама - ақша саны мен бағалар қалды. Ал шынына келгенде, тауарлар саны (капиталистік өндірістің циклдік сипатына байланысты) мен ақша бірліктерінің айналым жылдамдығы өзгереді және ақша айналымы мен баға құруға маңызды әсерін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның сандық теориясы
Макроэкономикалық теорияға негізделген фишердің теориясы
Қағаз ақша
Ақшаның қызметі және қажеттілігі
Ақша нарығы жүйесі
IrisDataset – қолдану арқылы бағдарламасын дайындау
Монетаризмнің пайда болуы және мәні
Инфляция саясаты
Ақша нарығы
Тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы туралы балама теориялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz