Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 103 бет
Таңдаулыға:   

Б. Баймұратова

МЕКТЕП

ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ

БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН

ДАМЫТУ МЕТОДИКАСЫ

(2-6 жас аралығы)

Алматы «Рауан» 1991

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І. Балабақшаларда тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру туралы . . .

ІІ. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудегі ана тілінің орны.

Сәбилер тобында (2-4 жас) өтілетін ана тілі сабақтарының үлгі жоспары . . .

Ересектер тобында өтілетін тіл дамыту сабақтарының календарлық жоспары . . .

ІІІ. Сәбилердің бірінші тобы (2-3 жас) . . .

Тіл дамыту және айналамен таныстыру . . .

IV. Сәбилердің екінші тобы (3-4 жас) . . .

Дидактикалық ойындар

V. Естияр балалар тобы (5-6 жас)

VI. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде тіл дамыту жұмысын басқа пәндермен сабақтастыра жүргізу. Әдеби шығармалардың тіл дамытудағы ролі . . .

VII. Сәбилерге арналған әдеби шығармаларды оқып беру үлгілері (2-3 жастағылар үшін) . . .

VIII. Ересек балалар тобында әдеби шығарма оқу (5-6 жастағылар үшін) . . .

ІХ. Сабақ үлгілері . . .

Тіл дамыту сабақтарында қолданылатын дидактикалық ойындар . . .

КІРІСПЕ

Халыққа білім беру жүйесін қайта құру мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұнын жаңартуды, балаларды мектепте оқуға дайындауды, денсаулық, адамгершілік, эстетикалық тәрбие сапасын арттыруды көздейді. Әрине, бұл талаптар тәрбиелеу жұмысындағы сабақтастық, бірізділік принципін сақтау арқылы жүзеге асырылады.

Осыған орай балабақшада тәрбиелеп, оқытудың басты құралы - программа жаңартылып, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына елеулі өзгерістер енгізіліп отыр. Жаңа программада мектепке дейінгі кезеңде баланың ой өрісін, дүниетанымын кеңейту, өмірге қажетті білім-дағдыларды меңгерту, ой еңбегіне баулып, өздігінен әрекет жасауға, еңбек ете білуге үйрету өзекті мақсат етіп алынған. Ақыл-ойды жетілдірудің негізі болып табылатын баланың тілін, сөз қорын молайту, еркін, дұрыс сөйлей білуге үйрету де негізгі нысана болуы керек.

Тіл - адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы болғандықтан, тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі де ерекше. Сондай-ақ тіл ұлт мәдениетінің басты көрсеткіштерінің бірі екені белгілі. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының белгілері көрініс табады.

Ал тілді, тіл мәдениетін игеру - баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін процесс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы семьядан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуге тиіс.

«Балабақшада оқыту және тәрбиелеу программасын да»: «Баланы сөйлеуге үйрету - тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады», - делінген. Программаның осы бөлімінде тілдің қоғамдық ролі, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерте, мәнерлеп сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркемсөз өнеріне баулу мәселелері жөнінде кеңірек әңгіме болады.

Баланың тілін дамытуда халық қазынасы - ауыз әдебиетінің орны ерекше. Аз сөзбен көп мағына беретін мақал-мәтел, аңыз-әңгімелер, ертегілер, эпостың шығармалар ғасырлар бойы ауыздан-ауызға таралып, жинақтала келе, бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналуы тиіс.

Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», - дейді.

Мектепке дейінгі педагогика мен психология ғылымы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту мәселелеріне жан-жақты көңіл бөліп, бұл жұмысты ақыл-ой тәрбиесімен бірлікте қарастырады. Өйткені ойлау процесі заттар мен құбылыстардың жалпы сипатын, заңды байланыстары мен кейбір ерекшеліктерін бейнелесе, сол заттардың шындық болмысы ойда сәулеленіп, яғни ұғым сөз арқылы танылып, ой сөйлеу арқылы білдіріледі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөз қоры мен сөйлеу дәрежесі жайлы ғылыми-методикалық әдебиеттерге назар аударсақ, көрнекті пспхолог-педагог ғалымдар баланың сөздерді меңгеру ерекшеліктерін егжей-тегжейлі қарастырғанын байқауға болады. Мысалы, баланың сөздің негізгі мәнін түсінуі туралы (Л. С. Выготский, А. А. Люблинская, т. б. ), психикалық өзгерістер мен баланың түрлі іс-әрекеттерін жетілдірудегі сөздің әсері жайлы (А. Р. Луния, Ф. Я. Юдович, 3. М, Истомина), сөздің дыбыстық құрамын меңгеру ерекшеліктері жөнінде (Н. X. Швачкин, А. Ы. Гвөздев), сөздің грамматикалық формаларының бала тілінде қалыптасуы хақында (В. П. Вахтеров, Ф. А. Сохин, А. В. Захарова, М. И. Попова), сөздік қорды меңгеру заңдылықтары туралы (Е. А. Аркин, Ы. А. Рыбников), т. б. жазылған еңбектер осының айғағы.

Көрнекті методист-ғалымдардың бір тобы (Е. И. Атихеева, А. П. Усова, А. И. Леушина, 0. И. Соловьева, т. б. ) мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілінде сөйлеуге үйрету әдістерін жан-жақты талдап, тәрбиелеу, оқыту проблемаларын қарастырды. Бірсыпыра ғалымдар (Т. А. Маркова, М. М. Коцина, Е. Ф. Лукина, т. б. ) баланың тілін дамытып, адамгершілікке тәрбиелеуде әдеби шығармалардың алатын орны мен мақызына тоқталады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу, ойлау, қабылдау, даму ерекшеліктері мен оның заңдылықтары туралы зерттеулер, тұжырымды пікірлер қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі тәрбие ісіне мол үлес қосып отыр.

Ұсынылып отырған методикалық еңбектің мазмұны қазаң тілінде жұмыс істейтін балабақшалардағы тіл дамыту сабақтарын ұйымдастыру әдістері жайында болмақ. Мұнда жас ерекшелігіне қарай жұпталған топтарда өтілетін тіл дамыту сабақтарының мақсаты, әдістері, тіл дамыту сабақтарын өткізуді қалай жоспарлау керек екендігі жайындағы мәселелер қарастырылды.

I. БАЛАБАҚШАЛАРДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

Мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың пікірлерінше, олардың сөздік қоры мына түрде: екі жастағы балалардың сөздік қоры - 500 сөзден астам, үш жастағылардың сөздік қоры шамамен - 1200, төрт жастағы балалардың сөздік қоры - 1900, алты-жеті жастағы балалардың сөздік қоры 2560-3500 сөз мөлшерінде болады екен.

Ұзақ жылдар арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері балалардың сөз меңгеруі семьяда, балабақшада жүргізілетін тәрбие жұмыстарына, ата-аналар мен тәрбиеші-педагогтардың бұл аса маңызды мәселеге көңіл бөліп, баланың сөйлеу тілін дамыту, айналадағы әмір құбылысын ұғындыру, олармен сөйлесе отырып, пікірлесе білуге жетелеу, бала қызыққан сұрақтарға дұрыс жауап беріп отыру жұмыстарына байланысты екенін көрсетеді. Ал тәрбиеші басшылыққа алатын білім мазмұны программада нақты" көрсетілген. Сондықтан жас ерекшелігіне қарай жұпталған әр топта етілетін сабақтардың алдына қоятын мақсатын, программалық білім мазмұнын тәрбиеші жете білуге тиісті. Бұл жөнінде программада тілді барлық жағынан дамыту керек: сөздің ана тілі нормасына сәйкес айтылуын, программаға сай болуын, сөздің бір-бірімен байланыстылығын, пікірдің дәйектілігін, бейнелілігін қамтамасыз ету керек, - делінген.

Тәрбиеші балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық қажетті шараларды пайдаланып, балабақшаның қызметін «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу программасының» орындалуына бағыттап, білім беру сапасын арттыруға міндетті.

Осы мәселелердің балабақшадағы мән-жайын анықтау мақсатымен Алматы қаласындағы бірнеше балабақша мен ауылдық балабақшалардағы естияр, ересек, дайындың топтарына бақылау жүргізілді. Бақылау кезінде оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарларымен танысып, талдау жасадық. Тәрбиешілердің жоспарына жасалған талдау барысында тіл дамыту сабақтарының программа талабына сай, методикалық, дидактикалық принциптерді сақтап өткізілетіні, оларда сөздік жұмысын жүргізу, сөздік-дидактикалық ойындар ойнату, творчестволық әңгіме құрату, т. б. жұмыстардың жолға қоиылғаны байқалды.

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы балабақшада өтілетін барлық сабақтарда (шығарма оқу, сауат ашу, сурет, математика, мұзыка, дене шынықтыру, т. б. ) баланың жасына қарай жүргізіледі. Мысалы, жазда балабақша ауласында «Жайлауға саяхат», «Шопан ата қонақта», «Ыдыс дүкені», «Мектеп», «Мұғалім», «Фермаға барғанда», «Дәрігер», т. б. творчестволың ойындар өткізіледі. Бұл ойындарға қажетті материалдарды тәрбиешілер, балаларды қатыстыра отырып, өздері жасайды. Олар әзірлеген түрлі түсті «кәмпит», «нан», «тоқаш», «құрт», «ыдыс-аяқ», «шұжықтар», «Жайлау» ойыны үшін жасалған киіз үй, үй мүліктері, төсек-орын, көрпе-жастық, кілем, алаша - балалардың бұрын үйренген сөздерін дұрыс айтуға, бір-бірімен сөйлесіп, пікір алысуға, бір-біріне әңгімелеп беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Балабақшадағы естияр, ересек балалар тобындағы оқу-тәрбие жұмысында, балалардың сөздік қоры мен сөйлеу дәрежесі, программада аталған әдеби шығармаларды меңгерту - әңгімелеп беру, шығармалардың жанрын ажырата білу (әңгіме, ертегі, өлен, т. б. ), оқыған шығармаларды есте сақтау деңгейі ескерілді.

Ол үшін программалық шығармаларды оқу, тыңдау, әңгімелеу, әңгімелетіп айтқызу (сабақта және сабақтан тыс) жұмыстары жүргізілді. Бақылау жұмысы әңгімелесу, әңгімелету, жаттығу жұмыстарына негізделді. Ересек балалар тобында өтілген ондай жұмыс түрлері төмендегідей:

  1. Оқылған шығарма бойынша сұрақ қойып, жауап алу. Қандай шығарма, оқыдың? Ертегі екенін қалай білдің? Бұл әңгімеде кім, не туралы айтылған? Сен не істер едің? деген сияқты сұрақтар қоя отырып, білім деңгейін анықтау.
  2. Өздеріне сөздік жұмысын орындату. Синоним, антоним және көп мағыналы сөздердің мағынасын қалай түсінетінін байқау. «Сыңарын тап», «Тез ойлан», т. б. ойын түрінде бақылау жасалады. Ол үшін тәрбиеші бірнеше сөз айтады, ал балалар әр сөздің сыңарын табады.

Тез, жылдам, шапшаң, жедел; жаз, жазу; жыл мезгілі, уакыт, мерзім, мезгіл; ұзын - қысқа, үлкен - кішкене, алыс - жақын, кең - тар; қара, ер, ат, таң деген сөздер алынады. Балалар аталған сөздердің тағы қандай мағынада қалай айтылатынын төмендегі кесте арқылы салыстырып айтуға тиісті.

қара (етістік) батыр

байқа

Қара қор Ер ер тоқым

ірі қара мал

заттың түсі маған ер

ат (етістік) байла

Ат жылқы Таң таң ату

таңдану, аң-таң

Адамның аты (омонимдер)

3. Түбір сөздерді әр түрлі формада қолдана білуге үйрете отырып бақылау.

етік(-ші), трактор(-шы), қой(-шы), комбайн(-шы) .

4. Берілген сөздерге теңеу сөз табу.

Мысалы, күз - алтын күз; дала сап-сары алтындай; қоңыр күз, күн қабағын түйе бастады.

5. Белгілі бір тақырып бойынша өздеріне әңгіме құрату:

а) шығарма мазмұнына сәйкес әңгіме құрады («Көйлекті маған кім берді?») ;

ә) «Алтын дән», «Қырманда», «Бақшада», т. б. тақырыптар берілді.

  1. Суреттермен жұмыс. «Күзгі жапырақтар», «Алтын астық», «Күзгі еңбек», «Мереке», «Ойын», «Құстың қайтуы», т. б. Осы суреттерге сәйкес Қ. Шаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар», Қ. Мүсіреповтің «Алтын астық» атты шығармалары алынды.
  2. Экскурсия.
  3. Дидактикалық ойын.

9. Өздерінің көрген-білгендері жөнінде әңгімелету.
Бұл жұмыстар программаға сәйкес арнайы сабақ кезінде және сабақтан тыс (жеке баламен) өтіледі.

Ана тілінен өтілетін сабақтарда көркем шығарма оқыту, ертегіні әңгімелету, тақпақ жаттату, творчестволық әңгіме құрату сияқты жұмыстар жүргізілді.

Бастапқы үш сабақ әдеби шығармаларды оқу және талдау жұмыстарына арналды. Мұнда шығарманы мәнерлеп, мазмұн жүйесін бұзбай әңгімелеу талап етілді. Шығарманы оқыған соң: Қандай шығарма оқылды? Шығарма кім, не жөнінде? Шығармадан түсінгеніңді айт. Шығарманың қай жері және қандай сөзі ұнады? деген сияқты сұрақ-тапсырмалар берілді. Өлең текстері оқылғандағы баланың көңіл күйі бақыланады, өлеңде берілген образды сөздерге көңіл аударту шығарма мазмұнын әңгімәлету арқылы іске асырылды.

Балалардың қанша өлең, жұмбақ білетінін байқау үшін мынадай сұрақтар берілді: Балалар, кім қандай өлең, жұмбақ біледі? (27 баладан 9 бала қол көтерді. ) Қол көтерген балалар өздері білетін өлең, жұмбақтарды айтып берді.

Балалар айтып берген өлеңге байланысты тағы қосымша сұрақтар қойылады:

  • Өлеңді кім жазады? Ержан:Жазушы («ақын» дегенді білмеді) . Қандай ертегілер білесіңдер?

Ермек (5 жаста) : Мен «Әтеш пен ит» деген ертегіні білемін, - деді де, ертегінің мазмұнын былайша әңгімеледі: «Әже мен ата болды. Әже мен атаның тамағы аз болды. Әтеш айтты итке: орманға кетейікші. Әтеш орманға кетіп, ағаштың астында ұйықтайды . . . » (әрі қарай айта алмады. 19 сөз қолданды. )

-Ертегі дегенді қалай түсінесіндер? «Әтеш пен ит» деген шығарма неге ертегі деп аталады?

Гүлнәз:- Ол ертеде болған (30 баладан бір ғана бала жауап берді) .

Алты жастағы балалардан қандай әңгіме білетіндіктерін сұрағанда:

Айгүл: «Сокольникидегі елка», «Жырық құлақты» білемін, - деді (27 баладан бір бала) .

Өздері атаған шығарма мазмұнын әңгімелеткенде, Марат:

- Балалар Ленинді күтті, - деді де, әрі қарай тәрбиешінің сұрағына жауап бере отырып, әңгіме мазмұнын айтып берді. Бұл әңгімені көмекші сұрақсыз ешқайсысы өз бетімен әңгімелей алмады.

Тәрбиешінің:

- «Жырық құлақ» деген әңгімені жазған кім?- деген сұрағына да ешқайсысы жауап бере алмады. Әңгіменің мазмұнын Айгүл ғана әңгімелеп айта алды:

«Әкесі жұмыстан келді. Екі қоянның көжегін ұстап алды. Үйге барып Сағитқа берді, Сағит қуанып кетті. Сағит үйге жүгіріп барып, сәбіз алып келді. Сағиттың кішкентай күшігі болған. Күшік көжектерді көріп қалған. Сағит көжектерді торға қамап қойды. Сосын олар қорықпай ойнады. Сағит тамақ ішуге отырғанда, күшік бір көжектің құлағын тістеп алды. Көжектің құлағы жырылып қалды».

Айгүлдің әңгіменің жалпы мазмұнын түсінгені байқалды. Әңгімелегенде 54 сөз қолданды.

Сабақта оқып беріп, әңгімелету үшін үш шығарма алынды. Естияр балаларға «Қияр мен капуста» (ертегі), «Көйлекті маған кім берді?» (әңгіме), «Күз» деген бір шумақ өлең («Біздің кітапта») оқылды. Ал ересек балалар тобында: «Түлкі мен бөдене» (ертегі), «Қара өрік пен сары өрік», «Бидай сөйлейді», «Күзгі жапырақтар» деген программалық шығармаларды (оқу жылы ішінде оқылған) әр балаға жеке оқып беріп, мазмұнын әңгімелеу талап етілді. Барлық топта 1 - 2 баладан артық ешкім жауап бермеді. Шығарма ішіндегі көркем сөзді былай қойғанда, әңгіме, ертегі мазмұнын айта алмады.

Аталған шығармалардан «Қара өрік пен сары өрік» деген әңгімені күзгі табиғатқа бақылау жасалған соң, сабақ үстінде оқып, естеріне түсіргенде ғана балалар жақсы жауап берді.

Сабақтың тақырыбы: өзбек жазушысы Мирмухсиннің «Қара өрік пен сары өрік» деген әңгімесін оқу.

Сабақтың мақсаты: балалардың әңгімені қаншалықты түсінгенін байқау. Оқылған әңгімені жүйелі әңгімелеуге, байланыстырын сөйлеуге үйрету.

Сабақтың алдында жүргізілген жұмыстар:

  1. Балабақша ауласындағы ағаштарды, гүлдерді бақылаттық.
  2. Жеміс-көкөніс дүкеніне экскурсия жасаттық.
  3. Экскурсиядан соң «Күзде көргендерім» деген тақырыпта әңгімелестік.

Сабақ әңгімелесуден басталды. Тәрбиеші:

  • Қазір жылдың қай мезгілі? Айгүл:Күз мезгілі. Тәрбиеші:Күз екенін қайдан білдің?

Айгүл:

- Күзде шөп сарғаяды, жапырақ сары, күн суық (балалар: күн ыстық) .

Тәрбиеші:

- Иә, қазір күн жылы. Күздің тағы қандай ерекшелігі бар?

Сәуле:

- Бидай піседі. Колхозшылар жинайды. Нан болады.

  • Күзде тағы не піседі? Лаура:Алма, алмұрт, жүзім піседі. Жанар:Тағы өрік болады (баланың жауабы) . Тәрбиеші:

- Балалар, күзде не көргендеріңді, адамдар не істейтінін бәрің жақсы айттыңдар. Енді, мен өзбек жазушысы Мирмухсиннің «Қара өрік пен сары өрік» деген әңгімесін оқимын, сендер тыңдап отырыңдар, соңынан маған айтып
бересіңдер, - деп ескертті де, әңгімені мәнерлеп оқып берді. Осыдан соң әңгіме мазмұнына сай салынған төрт суретті тақтаға ілді де, оларды рет-ретімен көрсетіп, Зумрадтың өрік ағашымен сөйлескен жерін текстен қайталап оқып, түсіндірді. Әңгіме мазмұнын тәрбиеші мына сұрақтар бойынша тиянақтады:

Тәрбиеші:

  • Әңгіме кім туралы? Ермек:Зумрад туралы. Тәрбиеші:Ол қайда барды, не сұрады? Зәуре:Ол қара өрікке келді. Өрігіңді берші, - деді. Тәрбиеші:Қара өрік не деді? Арман:Мен піскенде кел, - деді. Тәрбиеші:Зумрад өрік ағашына қай кезде келді? Лаура:Ол көктемде келді. Тәрбиеші:Өрік қай кезде піседі? Балалар:Күзде. Тәрбиеші:
  • Зумрад күзде не істеді? Балалар:Тағы да өрікке барды. Тәрбиеші:Өріктер не деді? Жанар:Мә, ала ғой, пістім, - деді. Тәрбиеші:Зумрад өріктерді не істеді? Жанар:Жолдастарына бөліп берді. Тәрбиеші:

- Иә, ол өрікті жолдастарына бөліп берді. Зумрад жомарт бала екен. Осыдан соң Ермек өрік туралы:

Ағаш толы сары шымшық, Сілкіп қалсаң, түседі ыршып, -

деген жұмбақты шешті. Зәуре «Мен өрікпін» деген тақпақты жатқа айтып берді.

Егер жалпы талдау жасасақ, шығарманы оқуға қойылған талап бірсыдырғы жақсы орындалды. Суреттер де өте жақсы салынған. Балаларға қойылған сұрақтар да дұрыс болды. Бірақ әңгімедегі кейбір (көрікпін, нәр, көк майса, т. б. ) сөздерді қалай түсінетінін, тербеліп, таратып деген сөздерді тағы қалай айтуға болатынын сұрап, сөздік жүргізу жұмысына көңіл бөлінбеді.

Бақылау кезінде балалардың көпшілігі программа бойынша жыл бойы өткен шығармаларды естеріне түсіре алмады. Әр топтан (5-6 жас) екі-үш бала ғана жауап берді. Мысалы, «Сендерге балабақшада тәрбиеші қандай ертегілерді оқыды?» деген сұраққа Маржан:- «Біздің кітапты» осында оқыды. Екі ертегі үйрендім: «Түлкі мен бөдене», «Қызыл телпек», - деп жауап берді. Мазмұнын айта алмады.

  • Қандай ертегі, әңгімені жақсы көресің?- деген сұраққа Маржан:«Ана тілі» деген кітапты (тәрбиеші 3-кластың «Ана тілінен» шығарма оқыпты), - деді. Үйде қандай-қандай кітаптарың бар?Үйде кітап жоқ. Тәтем әпермейді, - деген сияқты жауап қайтарғандар болды.

«Аңкөл» совхозындағы балабақшада:

  • Қандай ертегі, әңгімені білесіңдер?- деген сұраққа балалар:«Ленин ата», «Май, алақай!», «Октябрь тойы», - деп жауап берді. Қандай ертегілер мен әңгімелерді білесіңдер?- деп сұрақты қайталағанда, Гүлнәр «Алтын сақина», «Қотыр торғай», Мұрат «Торғай мен түлкі» ертегілерін атады. Мазмұнын естеріне түсіре алмады.

Қорытынды: Балалардың сөйлей алу дағдысын жалпы бақылау программаның «Айналадағы дүннемен таныстыру», «Жыл мезгілдері», «Көркем әдебиет» деген бөлімдері бойынша жүргізілді. Балалардың қанша сөз білетінін қорыту әңгімелеуде қолданылған сөздер негізінде жинақталды. Сөйтіп, балалардың жалпы сөздік қорының шамамен мына түрде екені байқалды: сәбилердің (3-4 жас) сөздік қоры 2170 сөзден, естияр балалардың сөздік қоры 3260 сөзден, ересек балалардың сөздік қоры 4090 сөзден тұрады. 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар программалық материалды толық меңгерген екен. Күнделікті өмірде, сабақта, ойын кезінде қолданылатын сөздер жеткілікті екені байқалды. Әр тақырыпты түрліше мақсат қоя отырып қайталап отырса, балалардың тілі жетіліп, жеке сөздерді жақсы түсінетіні анықталды.

Балалардың сөз қолданудағы ерекшеліктері

Мектеп жасына дейінгі балалардың қолданылатын сез-дерінің көпшілігі зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есім-дік сөздер, ал үстеу сөздерді өте аз пайдаланды (мөлшер-мен 20 проңент) . Сөздің дыбыстық құрамын меңгеруде де кемшіліктер байқалды. Әсіресе с-з, и-ок, б-в, п-ф дыбыста-рының (5-6 жастағылар) орнын ауыстырып айтушылық, сезі ішінде дыбыстардың орнын алмастыру (саломет), ды-быс қалдырып кету фактілері байқалды (косодром), кейбір заттың атына байланысты сөздер меңгерілмеген. Қайшы-ны - ол мата кесетін, кір қыскышты - ол кір жуғанда бұйтіп қоятын, октау - ол әлгі нанды ысатын, кырку - жүнін кесіп жатыр, комбайнды - ол бидайды тазалайды, кеседі, қайыкты - ол суда жүретін әлгі не . . . ден нақты тү-сіндіре алмайды.

Балалардың көпшілігі оқылған ертегі, әңгімелерді есте сақтап, әңгімелей білмейді. Бақылауға алынған әр топта (естияр, ересек, дайындық) 30 баладан 2-3 бала ғана әңгімелеп бере алды. Образды, көп мағыналы сөздер мен синоним, антоним сөздер балалардың лексикалық қорында сирек кездеседі. (Антоним: үлкен - кішкене, ұзын - қысқа, т. б. ғана айтылды. )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі баланың көркем шығарма тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Көркем шығарма тілі – мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту құралы
Мәнерлеп оқу практикумы пәні бойынша дәрістер
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Тіл дамыту әдістемесінің маңызы
Қазақтың аса көрнекті әнші-композиторлары
Балалар бақшасында тілді дамыту жөніндегі жұмыстың мазмұны мен ұйымдастырылуы
Жалпы сөйлеу тілі дамымауының себептері
Байланыстыра сөйлеуге үйрету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz