Туризмнің түрлері, ерекшелігі және даму перспективасы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Туризмнің түрлері, ерекшелігі және даму перспективасы

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І-тарау Туризм түрлерінің ерекшелігі мен теориялық негіздері . . . 6

1. 1 Туризм түрлерінің мәні мен мазмұны . . . 6

1. 2 Туризмнің ерекшеліктері . . . 11

ІІ-тарау Қазақстанда туризм түрлерінің даму перспективасы . . . 13

2. 1 Туризм түрлерінің Қазақстан аймақтарында дамуы . . . 13

2. 2 Қазақстандағы туризм түрлерінің дамуының мәселелері мен перспективалары . . . 21

Қорытынды . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29

Кіріспе

Курстық жұмысымның өзектілігі - туризмнің негізгі анықтамасы 1963 жылы Рим конференциясында қабылданған. Турист барған елінде 24 сағаттан астам уақыт болатын уақытша саяхатшы. Егер уақытша саяхатшы барған елінде 24 сағаттан кем болса онда оны экскурсант деп атайды. Туризм - француз тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді, яғни бос уақытты тыс жерде өткізу. Қазір барлық жұмыс заң негізінде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, министрлік тарапынан салалық индустрияны дамыту жолдарын іздестіру мақсатында бірқатар шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде туристерге арнап қонақүйлер, сауықтыру нысандары мен басқа да қызмет көрсету мекемелерін салу және туризм индустриясына қаржы бөлу мәселесі оң шешіле бастады. Қазір министрлік осы жұмыстарды одан әрі жетілдіру мақсатында қызмет етіп жатыр. Бұл жұмыстардың бәрі елімізде 2007-2011 жылдары туризмді дамытуға арналған бағдарламаның негізінде іске асып жатқан жұмыстар. Алдағы уақытта осы бағдарлама бойынша көптеген мәселелер шешілетін болады. Бұл жерде мәселеге мынадай тұрғыдан көз жіберу керек. Қазір елімізде туризммен айналысатын көптеген жеке компаниялар мен ұйымдар бар. Жасыратыны жоқ, олардың бірқатарының қызмет көрсету сапасының деңгейі жоғары деп айтуға болмайды.

Халықаралық сарапшылар осыған қарап қорытынды жасаған болуы керек. Ал, негізінен алғанда мемлекет тарапынан туристерге қызмет көрсету жоғары деңгейде жасалып келеді. Бірақ, арасында кейбір ұсақ-түйек кемшіліктер де кетіп жатады. Оны жасырғымыз келмейді. Мәселен, өткен жылы бірқатар шетел компаниялары еліміздің туризм саласына инвестиция салғысы келіп еді, оған біздің отандық компаниялар дайын болған жоқ. Ал, қазір жағдай мүлдем басқаша. Бүгінде Үкімет тарапынан елімізге инвестиция салғысы келген шетелдік компанияларға кепілдік беріліп отыр. Қазір біз соның нәтижесін көрудеміз. Мысалы, соңғы кездері көптеген шетелдік фирмалар Іле Алатауының баурайына тау шаңғысына арналған курорт салуға қызығушылық білдіріп жатыр. Бұл әрине, жақсы ұсыныс қой. Бірақ, олар бізге Қапшағай қаласы мен Щучье-Бурабай курорт аймағында жақсы ойын-сауық кешендері мен демалатын жерлер, Түркістан қаласы мен Байқоңыр ғарыш айлағында мәдени-танымдық кешендер салысуға атсалысса жақсы болар еді. Бұдан олар да, біз де көп нәрсе ұтатынымыз анық. Бұл жерде бізге әсіресе, Байқоңырдың туристік орталыққа айналғаны тиімді. Егер ол жер сондай жағдайға жетсе, онда қазіргі заман талабына сай салынған қонақүйлер, планетарий, ғарышты зерттеу тарихына арналған мұражай, ғарыштан әкелінген заттар лабораториясы мен басқа да қызықты нәрселер туристерді өзін тартатын сөзсіз.
Солардың ең маңыздысы - Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің кезінде Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, туризм саласына кәсіби мамандарды дайындауды жетілдіру бойынша шығарылған бұйрық болатын. Қазір біздің министрлік дәл осындай құжатты аталған министрлікпен қайта жасап отыр. Енді қос министрліктің бекіткен ережесіне сәйкес, туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату үшін оларды арнайы аттестациядан өткізу талап етілетін болады. Бүгінде туризм қай елде болсын бәсекеге қабілетті, қаржыны көп талап ететін сала болып табылады. Қазір біздің ел шетелдермен Бүкіләлемдік туристік ұйыммен қарым-қатынас арқылы және өзге жеке бастамалар арқылы насихатталып жатыр. Бүкіләлемдік туристік ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымының туризмді дамыту мақсатында арнайы құрған ұйымы. Қазір еліміз аталмыш ұйыммен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Оған мысал ретінде биылғы жылдың сәуір айында Алматыда Бүкіләлемдік туристік ұйымның Еуропалық комиссиясының 45-мәжілісінің өткенін айтуға болады. Бұл жиынға Еуропаның 42 елінің ұлттық туристік әкімшіліктері қатысты. Біз алдағы уақытта да Бүкіләлемдік туристік ұйыммен байланыс жасайтын боламыз. Өйткені, бұл еліміз үшін өте қажетті нәрсе. Қазақстан аталмыш халықаралық ұйымға 1993 жылдан бері мүше болып келеді, 2000 жылдан бері оның ұйытқы болуымен өткізілген барлық халықаралық шараларға, Берлин, Мәскеу, Лондон, Мадрид қалаларында ұйымдастырылатын халықаралық көрмелерге қатысудамыз. Осы орайда, отандық туристік ұйымдардың шетелдерде өткізілген көрмелерге Қазақстан туралы танымдық дүниелерді апарып, насихат жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өткеніміз жөн. Мәселен, 2004 жылы туристік ұйымдарымыздың қызметін әлемнің 60-қа жуық елдерінің туристері пайдаланыпты. Бұл Қазақстанның әлем елдеріне ойдағыдай насихатталып жатқанын көрсетеді. “Медеу-Шымбұлақ” кешені нағыз тау шаңғысы курорты болуға тиіс, оны жақсартуға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылыпты. Үстіміздегі жылы Медеуден Шымбұлаққа дейін аспалы жол салынып, демалушылардың игілігіне беріледі.

Соңғы уақытта жыл сайын туристердің саны 15-20 пайызға артып жатқаны ескеріліп, биыл 38 қабатты “Мэриот” қонақ үйі салынбақ. Бүгінгі таңда елорданы дамыту және құрылыс салу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. 2030 жылға дейінгі мерзімде бас қаланы тұрақты дамытудың стратегиялық жоспары мен Астана қаласының 2006-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Сондай-ақ халықаралық және аумақаралық ынтымақтастықтың қазіргі заманғы орталығы ретінде елорданың дамуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар аумақтық деңгейде қайта қаралды.

Қазірдің өзінде 2030 жылға дейінгі бас жоспардың тұжырымдамасын әзірлеу аяқталды. Астананың сол жағалауындағы жаңа орталықтар базасында бүгінгі медицинаның негізгі бағыттарын біріктіретін қазіргі заманғы медициналық кластер құру қамтамасыз етілуде. Бұл ретте елорда тұрғындары үшін жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады. Елорда астаналықтар үшін Еуразиядағы сәулеті жағынан ең әдемі, жайлылығы жөнінен қазіргі заманға лайық қала болу мүмкіндігіне ие. Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасына орай бұл міндетке қол жеткізу жолында қала әкімдігі мен елордадағы барлық құрылымдар күш біріктіруде. Бүгінгі таңда халықаралық деңгейдегі жаңа университет құрылысының жұмысы жүргізіле бастады. “Астана - жаңа қала” АЭА аумағын кеңейту мәселелері шешілуде, ол 3 мың гектардан астамға арттырылады. Сонымен бірге, осы жерде “Хан шатыры” сауда және ойын-сауық кешені секілді ғажайып нысан, бір шатырдың астындағы “Батығай” қаласы тұрғызылмақ.

Курстық жұмысымның мақсаты туризмнің теориялық аспектілері қоғамдық дамудың критериясы ретінде қарастыру, және осыған байланысты ұсынулар жасау болып табылады. Сонымен қатар қазіргі таңда әлемде және Қазақстанда туризмнің қай түрі қарқынды дамуда, олардың мақсаттары қандай деген сауалдарға жауап ізделген бұл курстық жұмыстың алдына мынадай негізгі тапсырмалар қойылған:

- туризмнің қалыптасуымен дамуының теориялық негіздерін зерттеу;

- туризмді жіктеудің теориялық мәні;

- Қазақстандағы туризмнің дамуының перспективасы

І-тарау Туризм түрлерінің ерекшелігі мен теориялық негіздері

1. 1 Туризм түрлерінің мәні мен мазмұны

Ішкі туризм. мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланыссыз болғандықтан мұнда туристік ресмилілікті сақтау қажеті жоқ. Ішкі туризм - бұл елдің тұрақты түрғындарының ел шегінде туристік туристік мақсаттармен көшіп - қону ағымы. Ақы төлеуде төлеуде күнделікті қолданыстағы ұсыныс ақша бірлігі бұрынғысынша қала береді, ал байланыс құралы - туристің өз ана тілі.

Халықаралық туризм деп - бір елдің туристерінің басқа елдің териториясында қатысуын жүзеге асыратын қызмет. Туристік қызметтерді басқа басқа елдің териториясында ұсыну шығу туризімен байланысты, ал басқа елден келген туристерге елдің белгілі бір териториясында туристік қызметтерді көрсету немесе ұсыну келу туризімімен байланысты.

Халықаралық туризмм саяхаттарын ұйымдастыру оңай. Кейбір бағалауларға қарағанда, ішкі туризмнің үлесіне барлық туристік сапарлардың 80-90%-ы тиесілі екен, ішкі туризмге жұмсалатын туристік шығындарды халықаралық сапардан 5-10 есеге көп екен.

Осындай айырмашылықтарына қарамастан туризмнің халықаралық және ішкі түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Ішкі туризм бір есептен халықаралық туризмнің катализаторы ретінде көрінеді. Ол жаңа рекреационды ресурстар мен аймақтарды игеруге, негізгі туристік инфрақұрылым құруға, мамандар даярлауға мүмкідік береді және сол арқылы интеграциялық үрдістер мен біртұтас әлемдік туристік кеңістік құруға себепші болады .

Жоспарлы туризм ұйымдастырылған тур-агенттіктер мен тур-операторлардың көмегімен жүзеге асырылатын кез-келген туризмнің түрі. Жоспарлы туризм арнайы заңдардың, нормативті актілердің негізінде мемлекет деңгейінде реттеледі және жаппай туризімнің әлеуметтік индустрияның негізін құрайды. Кез-келген туризмнің негізін қалаушы, брондау, тасымалдау, тамақтандыру, орналастыру, көңіл-көтерусияқты шаралар алдын-ала туристке белгілі болады.

Өз бетінше жүзеге асырылатын туризм егер туристер өз саяхатын ұйымдастыруда белгілі бір кәсіби ұйымдастырушыға сұраныс жасамайтын болса, онда оны әуесқойлық немесе өз бетінше жүзеге асырылған туризм деп атайда. Бұл туризмнің түрін жүзеге асыру барысында турист туристік маршрутын кез-келген уақытта өз қалауынша айналада қалыптасқан жағңдайға байланысты өзгертіп отырады. Әуесқойлық туризмде турист өз қалауынша жасай алады.

Жоспарлы және әуесқойлы туризмдер топтық және жеке дара болады.

Әлеуметтік туризм дегеніміз қоғамдағы мектеп оқушыларының, жастардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің, соғыс және еңбек ардагерлерінің демалысын ұйымдастыруда қайырымдылық, мемлекеттік, мемлекеттік емес қорлардың есебінен жүзеге асырылатын кез-келген әлеуметтік сипаттағы туризмді атаймыз. Негізгі мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттың денсаулығын жақсарту, адам ресурстарының сапасын жақсарту.

Жалпы көптеген өз жерінен ештеңе өндірмесе де тек туриз мен саяхатты дамытудың арқасында ғана байлыққа белшеден батып отырғаны баршаға белгілі. Бұл орайдағы еліміздегі осы бағыттағы үрдіс кейінгі жылдары қайта өркендеп, қанат қаға бастады. Алматы қаласындағы

Туризм дегеніміз - адамдардың табыс табу мақсатында емес, демалу, емдеуге, сауығу, қонаққа бару, танымдық немесе қызмет мақсатымен өздерінің тұрақты жерінен кетіп, басқа жерде немесе басқа елде уақытша орналасуын айтамыз.

Туризмнің жағдайы 19 ғасыр аяғында қалыптасты, ол өзінің қарқынды дамуын 20 ғасырдың ортасында алды. Бұл уақыт тура техниканың, технологияның, қоғамдық қатынастың дамуымен сәйкес келді. Осыған байланысты туризм «20 ғасырдың феномені» деген атқа ие болды. Қазіргі таңда туризм - кең көлемді жұмысшылар қауымын, негізгі құралдарды, ірі капиталдарды тартатын әлемдік индустрияның бірі болып отыр. Бұл ғаламдық деңгейдегі бизнес, үлкен ақша және маңызды саясат.

Қоғамның дамуына байланысты планета халықтарының туризм саласына тартылуы жылдан-жылға өсуде. 1995-1997жж. уақыт аралығында саяхат жасаушылардың тұрақты өсу саны орташа есеппен 4% жетсе, 1998ж Азиядағы қаржылық тапшылыққа байланысты төмендеумен сипатталды. Қазіргі туризм индустриясы ірі жоғары табысты және динамикалы түрде дамып отырған халықаралық қызмет саудаларының сегменті болып отыр. Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада ең қажетті экономикалық сектордың бірі болып отыр.

І. Туристік саяхаттың мәнін ашатын қажеттіліктерге байланысты туризмнің мынандай түрлері бар:

1) Емдік (медициналық) туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі аурулардан емделу қажеттілігі жатыр. Адам ағзасына табиғат кұралдарының құбылысын сипаттайтын емдік туризмнің бірнеше түрлері болады: климаттық ем қабылдау, балшықпен ем қабылдау, теңіздік ем қабылдау, сүтпен ем қабылдау және тағы басқа;

2) Рекреациялық туризм. Мұның негізінде адамның физикалық және рухани күштерін қалпына келтіру мұқтаждығы жатыр. Рекреациялык туризмге бағдарламалар кіреді:

а) көріністі - ойын сауық (театр және кино, жәрменкелер мен би кештері, қала күндері мен фестивальдар тағы басқа) ;

ә) өз қызығушылығымен айналысу (аңшылық және балық аулау, көркем және музыкалық шығармашылық, коллекционерлер үшін турлар және тағы басқа) ;

б) үйретуші (спорт түрлері, өнер, кәсіп тағы басқа) ;

в) этникалық және тұрмыстық (ұлттық мәдениетті және дәстүрлі емес түрмысты зерттеумен байланысты) ;

г) туристік - сауықтырушылық ( суға шомылу, тау шаңғысы тағы басқа) ;

3) Спорттық туризм. Екі түрі бар: белсенді және енжар. Белсенді түрінің негізінде адамның спорттың белгілі бір түрімен айналысу қажеттілігі, ал енжар туризм спорттың әйтеуір бір түріне қызығушылық, яғни жарыстар немесе спорттык ойындарды тамашалау мақсатында саяхаттау жатыр;

4) Танымдық туризм. Мұның түп негізінде білімін әр түрлі бағыттарда жетілдіру мақсаты бар. Экологиялық туризм осыған жатқызылады;

5) Іскерлік мақсаттағы туризм. Бұған әр түрлі серіктестермен іскерлік байланыстар орнату немесе дамыту мақсатындағы сапарлар жатады;

6) Табынушылық (діни) туризм. Екі түрі бар;

а) табыну орындарына діни мейрамдарға бару;

ә) қасиетті орындарға күнәсінен арылу мақсатында бару;

7) Ностальгиялық туризм. Бұл адамдардың тарихи орындарға бару қажеттілігіне негізделген.

8) Транзиттік туризм. Мұның негізі екінші бір елге бару үшін бір елдің территориясын кесіп өту.

9) Көркемөнерпаздық туризм. МҰнда белсенді демалуды ұнататындар, шаңғы, тау, су туризмдерімен айналысатындар бірігеді. Ерекшелігі сонда, турларды туристік фирмалар емес, туристердің өздері үйымдастырады.

II. Қозғалыс құралдарына қарай:

1) автомобиль туризмі. ХХғ. II жартысынан бері қарқынды дамуда;

2) темір жол туризмі. ХІХғ. 40-жылдарынан бастап дамуда;

3) әуе туризмі. Мүның даму болашағы зор, өйткені туристерді жеткізуде уақыт үнемделеді;

4) су туризмі;

5) автобустық туризм;

6) велосипед туризмі;

6) жаяу туризм;

III. Туристерді орналастыру құралдарына қарай:

1) қонақ үйлердегі туризм;

2) мотельдердегі туризм;

3) пансиондағы туризм;

4) кемпингтік туризм;

5) туристік ауылдағы туризм, туристік базадағы туризм. Қонақ үйлер, әдетте, не қала орталығында, не әуежайға немесе темір жол бекетіне жақын орналасады.

Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада ең қажетті экономикалық сектордың бірі болып отыр. Оның экономикалық-әлеуметтік рөлі зор.

-туризм - бұл адамдардың аз уақыт ішінде орын ауыстырулары. Ол - дамыған қоғамда саяси - экономикалық жағдайда, өзінің даму күшін 20 ғасырда алған құбылыс. Адамдар өз жұмыс орындарын жыл сайын (орташа 2-3 апта) демалыс ала бастады. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін адамдардың тұрмыс-жағдайы жақсара бастағаннан кейін, олар демалу мақсатында өздеріне қаржы бөле бастады. Көлік құралдарының дамуы, елдер арасында жол ашылып, әлемнің кез-келген түкпіріне баруға болатын мүмкіндік береді;

-туризмде тұрақты жерді анықтау өте қажет. Ол адамдардың өздерінің тұрақты жерінен басқа жер немесе елге демалу мақсатымен етуін қарастырады. Тұрақты жерден басқа жерге кету, мысалы күнде жұмысқа бару басқа жерге, ол туризмге жатпайды. ;

-туризмде бос уақыт мерзімі анықталуы қажет;

-туризм мақсатының ең қажетті категорияларының бірі, ол туризмде мемлекет бекіткен салықтық, кедендік және т. б. тәртіпке байланысты жеңілдіктің қай қызмет түріне белгіленгенін анықтау. Туризмнің негізгі мақсаттары:сауығу, емдеу және танымдық, іскерлік, қонаққа бару;

-туризм - көптеген елдердің қажетті иэкононмикалық саласы. Ол жергілікті халықты жұмыспен, қонақ үйлер мен отельдердің, мейманханалардың көбейуін, шетелдік валютаның түсуін қамтамасыз етеді;

-қазіргі таңда иэкононмикалық ғылым туризмді жүйелі обьект ретінде қарастырып отыр. Ол дегеніміз - біріншеден ішкі байланыстың көп түрлілігін, екіншіден оның сыртқы ортамен өзара қатынас құрлымын анықтауға мүмкіндік береді.

Туризм жүйесі негізінде, швед зерттеушілерінің пікірі бойынша екі суб-жүйе бар:

-туризм субьекті, яғни турист өз қажеттіліктеріне байланысты әр түрлі туристік қызмет түрлерін тұтыну;

-туризм обьекті үш элементтен тұрады. :туристтік аймақ, туристік кәсіпорын және туристік ұйымдар.

Демек туризм субьектісінің мағынасы, өз қажеттіліктерін қанғаттандыру мақсатында арнайы қызмет түрлерін алу мүмкіндігін іздейтін турист. Туризм обьектісі белгілі жерде немесе аймақта саяхат мақсаты болып табылатын жер. Туризм обьектісін екі мағынада түсінуге болады. Біріншіден, ол белгілі шекарасы бар географиялық территория болып есептеледі, екіншіден туристер тартатын көрікті жері бар географиялық территория. Белгілі бір шектелген территорияда (мысалы, қонақ үйде) мақсаттары саяхат болып табылатын туристер тұруы мүмкін. Біреулерін теңіздер мен жағажайлар қызықтырса, екінші біреулерін - тарихи-мәдени жерлер, мұражайлар, үшіншілерін - белсенді демалу және ойын-сауық қызықтары.

Барлық территория туристік аймақ бола бермейтінін ескеру қажет. Туристік аймақ болып есептелу үшін мынандай талаптарға сай болу қажет:

-туристік қызығушылықтарға ие туристік обьектің болуы (тарихи, мәдени ескерткіштер, флора, фауна) ;

-туризмнің қажеттіліктеріне байланысты қажетті қызметтердің көрсетілуі (ол тұтынушының ойынан шығатын сапада болуы қажет) .

Осыған байланысты, туристік аймақ - турист қажеттіліктерін қанағатандыру үшін, қажетті туристік қызығушылық обьект орналасқан және жиынтығын ұсына алатын территория.

Туристік аймақ ретінде, саяхаттың мақсаты негізінде туристер таңдаған жеке қонақ үйлерді, қалаларды, емделу орындарын, аудандарды, облыстарды және елдерді қарастыруға болады. Дүниедүзілік Туристік Ұйым бес туристік макро аймақты анықтады:

-Еуропалық - Еуропа елдері, сонымен қатар Шығыс Жерорта тенізінің мемлекеттерін қосқанда ;

-Америкалық - Солтүстік, Оңтүстік, Орталық Америка елдері, Кариб бассейіні территориясындағы елдері;

-Азиялық- Тынық мұхиттық-Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Австралия және Океания;

-Таяушығыстық - Батыс және Оңтүстік - Батыс Азия елдері, Египет және Ливия;

-Оңтүстік-Азиялық-Оңтүстік Азия елдері.

Көрсетілген туристік аймақтар географиялық аудандар байланысты ерекшеленіп отырғанын көрсетіп отыр.

Аймақтарда туристерге қызмет көрсетуді «туризм обьект» жүйесіндегі қажетті элементтердің бірі туристік кәсіпорындар қамтамасыз етеді. Олардың бірі тұтынушыға тек қана туристік қызмет көрсетсе, басқаларына туризм табыс табу қызметінің бағыты болып табылады. Туристік қызметтерді қалыптастыру, жылжыту және жүзеге асыруды қызметі және өмір сүру негізі туризм болып табылатын кәсіпорындар (туроператорлар мен турагенттер) қамтамасыз етеді. Туристік к»сіпорындар өзінің қызмет көрсету барысында туристік қызметті ұсынумен сонымен қатар, барлық туристік аймаққа қызмет көрсететін (сауда кәсіпорындары, байланыс, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетушілер, мәдени мекемелер және т. б. ) кәсіпорындар айналысады.

1. 2 Туризмнің ерекшеліктері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту мәселелері
Туристік нарық экономикасы
Туристік ресурстарды дамыту
Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің жағдайы мен даму болашағы
Туризм мәні
Туризмнің түрлері,ерекшеліктері және перспективасы
Рекреациялық және іскерлік туризм
Қазақстандағы туризм экономикасының жағдайын заманауи бақылау
Қазақстанда туризмдi проблемалары және дамытудың перспективасы мен алғышарттары
Ыстықкөл облысындағы туризм түрлерін дамыту мүмкіндіктерін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz