Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқыктык ілімдер туралы ақпарат



Қайта өрлеу мен Реформация — әлемдік орта ғасырлық тарихтағы ең ірі және маңызды оқиғалардың бірі. Европаның көптеген елдерін қамтыған бұл дәуір өзінің әлеуметтік-тарихи мәні жөнінен ескі орта ғасырлық дүниенің шаңырағын шайқалтқан антифеодалдық, ерте буржуазиялық құбылыс болып танылды. Қайта өрлеу мен Реформацияның басты мазмұны — шексіз үстемдікке ие болған, мызғымастай болып керінген феодалдык тұрмыс-салттан бас тарту және адамдардың тұрмыс-тірішілігіне қажетті жаңа көріністер мен қажеттіліктерді орнату еді. Дәуірдің бұл мазмұны Батыс Европаның түрлі елдерінде олардың ұлттық ерекшеліктеріне және оқиғалардың даму сипатына қарай үнемі өзгеріп және дамып отырды.
Қайта өрлеу дәуірі туралы әңгіме болғанда, зерттеушілер рим-католик шіркеуі мен ол қорғаған діннің дағдарысқа ұшырауы және ойлаудың гуманистік мәдениет, өнер және дүниеге көзқарас туралы антисхолостикалық түрінің қалыптасуы туралы айтады. Ал Реформация болса, діннің жеңілдетілген формасы мен феодалдық құрылысқа қарсы өзінің әлеуметтік табиғаты жағынан буржуазиялық қозғалысты бар күшімен қорғаған католик дініне қарсы шығуды және оның діни орталығы Рим папасының үстемдігіне қарсы күресуді білдіреді.
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріне феодалдық қатынастардан қол үзу, ерте капиталистік қатынастардың пайда болуы, қоғамның буржуазиялық топтарының беделінің артуы, діни ілімдерді қайта қарау (кейбір жағдайларда жоққа шығару) жалпыға тән ортақ белгілер еді.
Қайта өрлеу мен Реформация қайраткерлері өздерінің ілімдері мен көзқарастарында антикалық кезеңнің рухани мұрасына сүйенді және оны үнемі тиімді пайдалана білді. Бұл дәуірдін, идеологтары өздері қажетсінген мемлекет, құқық, саясат, заң туралы түсініктерді антикалық өркениеттің бай қазынасынан сарқа пайдаланып қана қойған жоқ. Олардың антикалық дәуірдің асыл мұрасына аса зор көңіл бөлуі феодалдық қоғам доктринасы мен католик шіркеуінің заңдастырған саяси-заңдық тәртібі мен үстемдігіне қарсылық білдіруі және оны жоққа шығаруы еді. Осы дәуір қайраткерлерінің өздерінің алдарында тұрған міндеттерді шешуде антикалық мемлекеттану мұраларын іздестіруі, теориялық-құқықтық құрылымдарына сүйенуі кездейсоқтық еместін.
Орта ғасырлық консервативтік-зорлықшыл иедологиямен күресте әлеуметтік-философиялық көзқарастың жаңа жүйесі қалыптасты. Оның басты мазмұны — адамның өзіндік құндылығы туралы ойды қалыптастыру қажеттілігі, адамның өзін-өзі билеуі мен қадір-қасиетін мойындауы, адамның еркін дамуына қажетті жағдай жасауы, әркімге өз еңбегі мен күші арқылы бақыттарын табуына мүмкіндік беруі болды.
Қоғамның қозғаушы күші ретінде еңбектің рөлі атап көрсетілді, адамдардың іс-әрекет белсенділігі мен ақыл-ойдың тәуелсіздігі туралы идеялар басым сипатқа ие болды. Еркіндік пен бостандық табиғи құқықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастырыла бастады. Бұл дүниеде адамның өз тағдырына өзі ие бола алатындығы туралы пікірлер буржуазиялық қатынастардың дамуына ықпал етті.
Қайта өрлеу дүниетанымында адам тағдыры оның тектілігі, атағы, қоғамдағы билеуші орны арқылы емес, оның жеке қасиеті мен іскерлігі, белсенділігі, игілікті істері мен ойлары арқылы анықталуы тиіс деп есептелді. Адамның ең басты қасиеті — азаматтылығы мен жалпы игілікке аянбай қызмет етуі туралы тезис үлкен мәнге ие болды. Жалпы игілік туралы ұғымға тендік пен әділдік принциптеріне негізделген мемлекеттің республикалық құрылымы теңестірілді. Әділдік пен теңдік кепілдігі ретінде заңдар шығару мен оны орындау айтылды. Қайта өрлеу дүниетанымында антикалық қоғамдық келісім концепциясы одан әрі жаңартылды. Соның көмегімен мемлекеттің пайда болу себебі мен мемлекеттік биліктің қажеттілігі түсіндірілді.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси-құқыктык ілімдер
Қайта өрлеу мен Реформация — әлемдік орта ғасырлық тарихтағы ең ірі
және маңызды оқиғалардың бірі. Европаның көптеген елдерін қамтыған бұл
дәуір өзінің әлеуметтік-тарихи мәні жөнінен ескі орта ғасырлық дүниенің
шаңырағын шайқалтқан антифеодалдық, ерте буржуазиялық құбылыс болып
танылды. Қайта өрлеу мен Реформацияның басты мазмұны — шексіз үстемдікке
ие болған, мызғымастай болып керінген феодалдык тұрмыс-салттан бас
тарту және адамдардың тұрмыс-тірішілігіне қажетті жаңа көріністер мен
қажеттіліктерді орнату еді. Дәуірдің бұл мазмұны Батыс Европаның түрлі
елдерінде олардың ұлттық ерекшеліктеріне және оқиғалардың даму сипатына
қарай үнемі өзгеріп және дамып отырды.
Қайта өрлеу дәуірі туралы әңгіме болғанда, зерттеушілер рим-католик
шіркеуі мен ол қорғаған діннің дағдарысқа ұшырауы және ойлаудың гуманистік
мәдениет, өнер және дүниеге көзқарас туралы антисхолостикалық түрінің
қалыптасуы туралы айтады. Ал Реформация болса, діннің жеңілдетілген формасы
мен феодалдық құрылысқа қарсы өзінің әлеуметтік табиғаты жағынан
буржуазиялық қозғалысты бар күшімен қорғаған католик дініне қарсы шығуды
және оның діни орталығы Рим папасының үстемдігіне қарсы күресуді білдіреді.
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріне феодалдық қатынастардан қол үзу,
ерте капиталистік қатынастардың пайда болуы, қоғамның буржуазиялық
топтарының беделінің артуы, діни ілімдерді қайта қарау (кейбір жағдайларда
жоққа шығару) жалпыға тән ортақ белгілер еді.
Қайта өрлеу мен Реформация қайраткерлері өздерінің ілімдері мен
көзқарастарында антикалық кезеңнің рухани мұрасына сүйенді және оны үнемі
тиімді пайдалана білді. Бұл дәуірдін, идеологтары өздері қажетсінген
мемлекет, құқық, саясат, заң туралы түсініктерді антикалық өркениеттің бай
қазынасынан сарқа пайдаланып қана қойған жоқ. Олардың антикалық дәуірдің
асыл мұрасына аса зор көңіл бөлуі феодалдық қоғам доктринасы мен католик
шіркеуінің заңдастырған саяси-заңдық тәртібі мен үстемдігіне қарсылық
білдіруі және оны жоққа шығаруы еді. Осы дәуір қайраткерлерінің өздерінің
алдарында тұрған міндеттерді шешуде антикалық мемлекеттану мұраларын
іздестіруі, теориялық-құқықтық құрылымдарына сүйенуі кездейсоқтық еместін.
Орта ғасырлық консервативтік-зорлықшыл иедологиямен күресте әлеуметтік-
философиялық көзқарастың жаңа жүйесі қалыптасты. Оның басты мазмұны —
адамның өзіндік құндылығы туралы ойды қалыптастыру қажеттілігі, адамның
өзін-өзі билеуі мен қадір-қасиетін мойындауы, адамның еркін дамуына қажетті
жағдай жасауы, әркімге өз еңбегі мен күші арқылы бақыттарын табуына
мүмкіндік беруі болды.
Қоғамның қозғаушы күші ретінде еңбектің рөлі атап көрсетілді,
адамдардың іс-әрекет белсенділігі мен ақыл-ойдың тәуелсіздігі туралы
идеялар басым сипатқа ие болды. Еркіндік пен бостандық табиғи құқықтың
ажырамас бөлігі ретінде қарастырыла бастады. Бұл дүниеде адамның өз
тағдырына өзі ие бола алатындығы туралы пікірлер буржуазиялық қатынастардың
дамуына ықпал етті.
Қайта өрлеу дүниетанымында адам тағдыры оның тектілігі, атағы,
қоғамдағы билеуші орны арқылы емес, оның жеке қасиеті мен іскерлігі,
белсенділігі, игілікті істері мен ойлары арқылы анықталуы тиіс деп
есептелді. Адамның ең басты қасиеті — азаматтылығы мен жалпы игілікке
аянбай қызмет етуі туралы тезис үлкен мәнге ие болды. Жалпы игілік туралы
ұғымға тендік пен әділдік принциптеріне негізделген мемлекеттің
республикалық құрылымы теңестірілді. Әділдік пен теңдік кепілдігі ретінде
заңдар шығару мен оны орындау айтылды. Қайта өрлеу дүниетанымында антикалық
қоғамдық келісім концепциясы одан әрі жаңартылды. Соның көмегімен
мемлекеттің пайда болу себебі мен мемлекеттік биліктің қажеттілігі
түсіндірілді.
Реформация қайраткерлерінің көзқарастарында адамның өзіңдік құндылығы
едәуір басқаша қаралды. Яғни бұл туралы жазушы Пико делла Мирондол "адамның
адамгершілігі туралы еңбегінде" "адамның ғажап, көтеріңкі мақсаты бар, ол
сол мақсатына ұмтылады. ол өзінің қалағанына жетуі тиіс. Адамды әлемнің
зандарын түсіну оның сұлулығын сүю, оның қүдірет-тілігіне таң қалу үшін
құдай жаратты. Адам өз еркімен өседі және жетіле алады" деп көрсетті. Бірақ
адамдардың өміріндегі маңызды мәселелерді шешуде өз құқықтары мен
бостандықтары мойындалғанмен, реформациялық саяси-құқықтық ойдың басты
қайнар көздері — қасиетті кітаптар, Библия және Жаңа Өсиет болды.
Қайта өрлеу мен Реформация дәуірінің саяси-құқықтық ілімінің негізгі
белгісі VI—XIII ғасырлардағы шіркеулік-феодалдық ой-көзқарасқа қарама-қарсы
идеялары — оның шын сипаты болып табылады. Қала мәдениеті мен ой-танымында
көріне бастаған бұл нышан Қайта өрлеу дәуірінде одан әрі дамытылды.
Қала байлары мен көпестері және шіркеудің ақшалай табыстарын бөлісуге
ұмтылған феодалдардың бір тобы ақыл-ой еңбеккерлерінің қызметіне мұқтаж
болды, өйткені олар өздерінің шығармаларымен байлардың өмірін жандандыруы
тиіс еді. Саяси қызмет пен басқару ісінде де билік адамдары шебер
дипломаттарға, ақылды кеңесшілерге, іс-жүргізушілерге, олардың ісін
ақтайтын және қорғайтын заңгерлерге деген зәрулікті сезінді.
XVI—XVII ғасырлардағы жаратылыстану ғылымындағы табыстар да феодалдық-
шіркеулік дүниетаным мен схолостикаға қарсы күресте туып келе жатқан жаңа
топ өкілдерінің мүддесін қорғады. Осындай өзгерістер нәтижесінде саяси-
құқықтық ойды зерттеудің жаңа әдістері жасалынып, оны одан әрі дамытудың
негізін қалаған жаңа идеялар мен көзқарастар пайда болды. Саяси-күқықтық
ойдың бұл өрісі келесі жүз жыддықтарда үздіксіз жалғаса және үлғая келе
саяси ғылымның бүгінгі тандағы жетістіктеріне жеткізді.
Алдыңғы қатарлы философиялық және саяси-құқықтық ой өкілдері орта
ғасырлық схолостика мен дүниетанымға қарсы күрес жүргізе отырып саяси ойдың
одан әрі дамуындағы кедергілерді жойды және қоғам туралы бұрынғы дәуірге
қарағанда неғұрлым дұрыс жалпы теориялық ұғымдардың қалыптасуына ықпал
етті. Бұның өзі ғылымды схолостикалық ой-пікірден тазартып қоғам және адам
табиғатын танып-білуге жол ашты.
Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ойдың үш бағытта
дамығандығын байқау қиын емес. Оның біріншісі — мемлекет пен саясаттағы
жаңа көзқарасты анықтайтын таза үлгідегі саяси ілім (Н. Макиавелли, Ж.
Боден), екіншісі — католик шіркеуінің ықпалынан шығуға ұмтылған гуманистік
идеялар (М. Лютер, Т. Мюнцер, Ж. Кальвин), үшіншісі — антибуржуазиялық
утопист-социалистердің саяси-құқықтық ойлары (Т. Мор, Т. Кампанелла).
Алғашқы утопиялық ілім жүйесі XVI ғасырдың басында пайда болды. Оның
тұңғыш өкілі Томас Мор (1478—1535) Лондон адвокатының отбасында дүниеге
келді. Оксфорд университетінде терең білім алған ол бірқатар жоғары
мемлекеттік лауазымды қызметтер атқарды. Оның "Утопия" (1516) атты
шығармасында ойдан шығарылған Утопия аралындағы қоғамдық құрылыс адамзат
тарихындағы алғашқы мінсіз қоғам ретінде тәріптеліп, Англияның сол кездегі
феодалдық тәртібі аяусыз сынға ұшырады.
Мордың айтуынша, жеке меншік бар жерде әлеуметтік тіршілікті жандандыру
мүмкін емес. Ол аталған шығармасында "жеке меншік бар жерде, дүниенің бәрі
ақшамен өлшенетін жерде мемлекеттік істердің дұрыс және ойдағыдай атқарылуы
мүмкін бола алар ма еді" деп жазды. Оның пікірінше, Утопия аралындағы
әлеуметтік және саяси тәртіптер қоғамдық меншікке, жалпыға бірдей еңбек ету
міндеттілігіне, әлеуметтік және саяси тендікке негізделген. Арал тұрғындары
ешқандай жетіспеушілікті сезінбейді, адамды адамның қанауы болмайды,
олардың киімдері де бірдей, сән-салтанат пен ысырапшылдыққа және
артықшылыққа жол берілмейді.
Бір ғажабы Утопияда құлдық институты бар. Құлдар лас және ауыр
жұмыстарды атқаруы тиіс. Олардың қатары соғыс тұтқындарынан,
қылмыскерлерден, өлім жазасына кесілгендерден тұрады. Аралдың барлық
тұрғындары егіншілікпен және қолөнермен айналысады, әр отбасының тапқан
табысы қоғамдық қорға өткізіледі. Әркім одан өзінің қажеттілігіне қарай
ғана алып отырады.
Утопия аралында бұқаралық билік сайланбалы негізде құрылған. Әрбір 30
отбасы лауазымды тұлға-филорхты, 10 филорх — бір протофилорхты сайлайды. Ал
филорхтар арнайы жиналыста жасырын дауыспен мемлекет басшысы — принцепсті
сайлайды. Утопиядағы маңызды істерді принцепс бір жылға сайланатын сенаттың
қатысуымен шешеді.
Итальян ойшылы Томмазо Кампанелланың (1568—1639) "Күн қаласы"
шығармасында әлеуметтік теңсіздік пен жеке меншікті жою, өңдіріс пен
бөлісті әділетті түрде қоғамдық негізде ұйымдастыру, еңбекті құрметті және
барлық адам үшін міндетті ден тану туралы ойлар қамтылған. Кампанелла өз
шығармасын солярийдің қала-мемлекеттік тұрмыс-тіршілігін және қоғамдық
өмірін сипаттаудан бастайды. Олардың бұқаралық билік жүйесі үш тармақтан
тұрады. Бірінші — әскери іс, екіншісі — ғылым, үшіншісі — өндіріс саласы.
Оның әрқайсысын өз атына лайық үш билеуші (Күш, Даналық, Сүйіспеншілік)
басқарады, ал оларға өз кезегінде үш бастықтан бағынады. Ең жоғары билікте
— бас билеуші Метафизик тұрады. Барлық мәселелер мен дауларда соңғы шешім
шығару соның қолында.
Солярийлердің үйлері, киімдері, тамақтары, шұғылданатын кәсіптері,
қызығушылықтары, мүдделері тіпті бос уақыттар мен ойлары да бірдей. Барлығы
да бірдей енбек етеді, бірдей білім алады және демалады. Олардың ұсақ-түйек
тіршіліктеріне дейін бәрі ессптелген. Тіпті жаңа туған сәбидің де аты
кездейсоқ қойылмайды, Әрбір адамның қайталанбас ерекшелігі, қызығушылығы,
белсенділігі, ой еркіндігі ерекше құндылыққа ие емес. Бұнда мемлекет
мүддесі ғана басымдыққа ие.
Утопист—социалистердің аталған шығармаларында адам бостандығы мен
еркіндігі, құқықтары, олардың кепілдігі туралы мардымды ештеңе айтылмайды.
Және олар өз шығармаларында көрсетілген қоғамдық өмірді қалай орнату
керектігі, басқару формасы мен саяси режим туралы ой қозғамайды.
Дегенмен, олардын, мінсіз мемлекет пен қоғам туралы ой-
пікірлерінің теориялық негізсіздігіне, қиялилығына қарамастан одан кейінгі
социалистік ілімдердің қалыптасуына ықпалын тигізді.
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси-құқыктық ойдың
гуманистік сипатта болуы да католиктік шіркеудің үстемдігі мен
қыспағынан құтылуға ұмтылған адамдардың еркіндік, бостандық туралы
көзқарастарының жаңа мәнге ие болуына ықпал етті. Бұл дәуірдегі идеялар
мен көзқарастардың өзіндік ерекшелігі мен әртүрлілігі және жаңа мазмұнға ие
болуы жаңа замандағы саяси-құқықтық ойдың қалыптасуына әсер етті.
XVI ғасырдың І-ші жартысында Батыс және Орталық Европада өзінің
әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаты жөнінен антифеодалдық, ал
идеологаялық формасы жөнінен діни (католик шіркеуіне қарсы) қоғамдық
қозғалыс кең қанат жайды. Бұл қозғалыстың басты мақсаты — рим-католик
шіркеуінің ресми доктринасына түзету енгізу, шіркеу құрылымын өзгерту
және мемлекет пен шіркеу арасындағы өзара қарым-қатынасты қайта құру болып
табылатындықтан, бұл қозғалыс реформация деген атқа ие болды. Европалық
реформацияның басты орталығы Германияда болды.
Реформацияны жақтаушылар екі лагерьге бөлінді. Оның біріншісіне —
оппозицияның дәулетті топтары — кіші дворяндар, қаланың бай тұрғындары
(бюргерлік), ақсүйек княздардың бір бөлігі кірді. Қаланың бай тұрғындарын
жетекшілік еткен бұл топтағылар кішігірім реформа жасауды ғана ұсынды.
Шаруалар мен қаланың төменгі тұрғындарын қамтыған екінші топтағылар
болашаққа кеңірек жол ашатын, әлеуметтік әділдікті қалпына келтіруге негіз
болатын революциялық талаптар қойды. Реформация қозғалысына қоғамның
әртүрлі топтарынын қатысуы олардың ұстанған саяси бағдарламалары мен
мемлекет, құқық және заң туралы ойларының әртүрлілігінен де айқын көрінеді.
Реформация қозғалысының бастамасын жасаушы және ірі қайраткері немістің
діни ғалымы Мартин Лютер болды. Бүкіл Германияны дүр сілкіндірген
реформацияның саяси-құкықтық және діни ұранын Мартин Лютер жасаған болатын.
Оның 1517 жылғы қарашада 95 тезистен тұратын күнәні кешіретін грамоталарға
қарсы шығуы реформациялық қозғалыстың бастамасын салып берді. Мартин
Лютердің саяси-құқықтық жүйедегі көзқарасын жақсы түсіну үшін 1-ден, оның
XVI ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ Реформацияның революциялық лагеріне
қарсы болгандығын, 2-ден оның өзінің ұстанған мақсаты мен ол айтқан тарихи
идеялардың арасындағы айырмашылықты ескеру қажет.
М. Лютер шіркеу мен дін ислері адам мен құдай арасындағы делдалдық
қызметті атқара алмайды, адамдар шіркеу қызметкерлерінсіз-ақ қандай да бір
наным мен сенімге ие бола алады деп жариялады. Ол сонымен бірге шіркеу
иелерінің өздерін құдайдың жердегі елшісіміз деп санайтын даурықпалары мен
адам жанын тазарта және күнәләрін кешірте аламыз дейтін сандырақтарының
жалғандығын әшкере етті. М. Лютер адам өз жанының тазаруына және күнесінің
кешірілуіне шіркеу немесе діни әдет-ғұрыптардың көмегі арқылы емес,
құдайдың өзі тікелей орнатқан нанымның көмегі арқылы жете алады деп
есептеді.
Шіркеу мен дін иелерінің жалған әрекеттері мен үстемдігін әшкерелеуде
Лютер діни ақиқаттың түп қазығы болып табылатын Қасиетті кітаптың алғашқы
нұсқаларын пайдаланды. Оның айтуынша, діни ақиқаттың шындығы католиктік
ілім уағыздайтын шіркеудің қаулылары мен папалық декреттер емес, Касиетті
кітап болып табылады.
М. Лютер ілімінің басты қағидасы — адам сену арқылы ғана қорғаныш таба
алады деген тезисі болып табылады. Әрбір сенуші өзінің жасаған әрекеттері
үшін құдай алдында өздері ғана жауап береді және бұл кезде дін иелерінің
көмегінің қажеті жоқ. Рим папасынан шаруаға дейінгі барлық адам құдай
алдында бірдей. М. Лютердің бұл қағидасы теңдік туралы ерте буржуазиялық ең
алғашқы ұсыныс болды. Лютердің айтуынша, құдай жолын ұстану, христиандық
өмір салтын кешу әркімнің жан дүниесіне байланысты бейбіт тәртіпке
негізделуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси құқықтық ілімдер
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімдер жайлы
Қайта өрлеу дәуірінің социалистік - утопистік бағыты
Құқықтық билік
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Әлемдік саяси ой тарихы
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Пәндер