Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен дәрістер



Дәріс 1. Тақырыбы: Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигинасы
Дәріс 2. Тақырыбы: Жүйке жүйесінің физиологиясы.
Дәріс 3. Тақырыбы: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесі.
Дәріс 4.Дәріс тақырыбы: Анализаторлар, олардың жасқа байланысты ерекшеліктері.
Дәріс 5.Дәріс тақырыбы: Тірек.қимыл аппараты, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.
Дәріс 6.Дәріс тақырыбы: Қан және қан айналу жүйесінің физиологиясы, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.
Дәріс 7.Дәріс тақырыбы: Тыныс алу жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.
Дәріс 8.Дәріс тақырыбы: Асқорыту жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.
Дәріс 9.Дәріс тақырыбы: Зәр шығару жүйелері, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.
Дәріс 10.Дәріс тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің физиологиясы.
Физиология – функциялар туралы, яғни мүшелердің, системалардың және тұтас организмнің тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Оның түпкі мақсаты қалған бағытта пәрменді әсер етуге мүмкіндік беретін функцияларды жете таңып білу болып табылады.
Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды тіршілік процестері жататын заңдылықтарды зерттейді. Ол өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясына бөлінеді, ал соңғысы – еңбек, дене жаттығулары мен спорт, тамақтану физиологиясы, жас ерекшеліктері физиологиясына және басқаларға бөлінеді.
Медицина институттарында, мысалы, қалыпты және патологиялық физиологияны оқиды. Қалыпты физиология дені сау адам организміндегі тіршілік әрекеттері процестерін, ал потологиялық физиология ауру адамды сау адамдардан ажырататын заңдылықтарды түсіндіре отырып сипаттайды.
Жас ерекшеліктері физиологиясы организмнің бүкіл өмірі бойындағы функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.
Педагогика институттарының жас ерекшеліктері физиологиясы курсында жас балалар мен жасөспірімдер организмміндегі тіршілік әрекеттерінің сандық және сапалық белгілері оқылады, сондықтан балалар мен жасөспірімдер физиологиясын өздігінше ғылым деп санауын және оқуға ыңғайлы болу үшін балалар мен жасөспірімдер гигиенасымен бір оқу пәніне біріктіру дұрысырақ болар еді.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан организм мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы организмді табиғи (оқу сабақтары, демалыс, ойын т.б. кезінде), сол сияқты лабораториялық жағдайларда зерттейді, мұның өзі организмнің клеткаларында, тканьдерінде, мүшелерінде және системаларында жүретін процестердің табиғатын терең тануға мүмкіндік береді.
Организмде жүретін процестерді зерттеу үшін әр түрлі: электрофизиологиялық, биохимиялық, микроскоптік, гистохимиялық т.б. әдістер қолданылады.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы, психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрады және балалардың аурулары мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриядан бөлінбейді. Онан басқа, балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы бірқатар дәл (физика, химия, метерология т.б.) және әлеуметтік ғылымдармен, олардың әдістері мен заңдарын пайдалануымен ғана емес, сол сияқты денсаулықты қорғау ұсыныстарымен де байланысты. Осының арқасында өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері, ортаның табиғи факторларымен тығыз байланыста қаралады: диалектикалық тәуелділік ашылады және өсіп жетілген организмнің формалары мен функцияларының қалыптасу процесі баяндалады: адамның психикалық процестерінің материалистік негізі терең танылады, ол нақтылы шыңдықтың мәні туралы дүниеге дұрыс көзқарас қалыптасырады.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының әлеуметтік гигиена және эпидемиологиямен (адамдар арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының объективті заңдылықтары, профилактикалық әдістер және ол ауруларды жою туралы ғылым ) көп ортақтастығы бар, өйткені олар организмнің биологиялық табиғатының қоғамдық ортаға қатынасын зерттейді және керісінше. Балалар мен жасөспірімдер гигинеасы сол сияқты зияңды әсер ететін факторларды жою немесе әлсірту және еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту, денсаулықты нығайту жөнінде ұсыныстар жасауға міндетті.
Адам гигиенасы мен физиологиясының дамуы ерте уақыттан басталады. Көне медицина оқымыстыларының ішіндегі ең белгілісі Гиппократ, ал феодализм дәурінде – Европада Авиценна деп атаған атақты тәжік дәрігері әрі философы Абу-Али Ибн-Сина. Оның «Дәрігерлік ғылымның ережелері» деген кітабы көптеген европалық және шығыс тілдеріне талай рет аударылған.
Балалар мен жасөспірімдердің отандық гигиенасы көне замандағы «Владимир Мономахтың балаларға нақылы» (XI ғ.), Епифаний Славинецкийдің «Балалар әдеттерінің азаматтығы» (XVII ғ.) Феофан Проконовичтің «Жастытың адал айнасы немесе күнелтіс жүрістерінің көрсеткіші» (XIII ғ.) сияқты ескерткіштермен тамырлас.
1. 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
2. 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
3. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.
4. 3.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. 4. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. 5. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7. 6.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
8. 7. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс 1. Тақырыбы: Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигинасы

Дәріс мақсаты: Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің
мақсат-міндеттерін, маңызын, балалар ағзасының жас кезеңдеріне байланысты
өсу және даму заңдылықтарын қарастыру.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
1. Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні және басқа
ғылымдармен байланысы.
2. Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары туралы
түсінік. Акселерация.
Физиология – функциялар туралы, яғни мүшелердің, системалардың және
тұтас организмнің тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Оның түпкі мақсаты
қалған бағытта пәрменді әсер етуге мүмкіндік беретін функцияларды жете
таңып білу болып табылады.
Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды
тіршілік процестері жататын заңдылықтарды зерттейді. Ол өсімдіктер,
жануарлар және адам физиологиясына бөлінеді, ал соңғысы – еңбек, дене
жаттығулары мен спорт, тамақтану физиологиясы, жас ерекшеліктері
физиологиясына және басқаларға бөлінеді.
Медицина институттарында, мысалы, қалыпты және патологиялық
физиологияны оқиды. Қалыпты физиология дені сау адам организміндегі
тіршілік әрекеттері процестерін, ал потологиялық физиология ауру адамды сау
адамдардан ажырататын заңдылықтарды түсіндіре отырып сипаттайды.
Жас ерекшеліктері физиологиясы организмнің бүкіл өмірі бойындағы
функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.
Педагогика институттарының жас ерекшеліктері физиологиясы курсында жас
балалар мен жасөспірімдер организмміндегі тіршілік әрекеттерінің сандық
және сапалық белгілері оқылады, сондықтан балалар мен жасөспірімдер
физиологиясын өздігінше ғылым деп санауын және оқуға ыңғайлы болу үшін
балалар мен жасөспірімдер гигиенасымен бір оқу пәніне біріктіру дұрысырақ
болар еді.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын қорғау
және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигенамен тығыз байланысты және өсіп
келе жатқан организм мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы организмді
табиғи (оқу сабақтары, демалыс, ойын т.б. кезінде), сол сияқты
лабораториялық жағдайларда зерттейді, мұның өзі организмнің клеткаларында,
тканьдерінде, мүшелерінде және системаларында жүретін процестердің
табиғатын терең тануға мүмкіндік береді.
Организмде жүретін процестерді зерттеу үшін әр түрлі:
электрофизиологиялық, биохимиялық, микроскоптік, гистохимиялық т.б. әдістер
қолданылады.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы, психологиялық-
педагогикалық ғылымдар негізін құрады және балалардың аурулары мен оларды
емдеу туралы ғылым педиатриядан бөлінбейді. Онан басқа, балалар мен
жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы бірқатар дәл (физика, химия,
метерология т.б.) және әлеуметтік ғылымдармен, олардың әдістері мен
заңдарын пайдалануымен ғана емес, сол сияқты денсаулықты қорғау
ұсыныстарымен де байланысты. Осының арқасында өсіп отыратын организмнің
тіршілік әрекеттері, ортаның табиғи факторларымен тығыз байланыста
қаралады: диалектикалық тәуелділік ашылады және өсіп жетілген организмнің
формалары мен функцияларының қалыптасу процесі баяндалады: адамның
психикалық процестерінің материалистік негізі терең танылады, ол нақтылы
шыңдықтың мәні туралы дүниеге дұрыс көзқарас қалыптасырады.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының әлеуметтік гигиена және
эпидемиологиямен (адамдар арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен
таралуының объективті заңдылықтары, профилактикалық әдістер және ол
ауруларды жою туралы ғылым ) көп ортақтастығы бар, өйткені олар организмнің
биологиялық табиғатының қоғамдық ортаға қатынасын зерттейді және керісінше.
Балалар мен жасөспірімдер гигинеасы сол сияқты зияңды әсер ететін
факторларды жою немесе әлсірту және еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту,
денсаулықты нығайту жөнінде ұсыныстар жасауға міндетті.
Адам гигиенасы мен физиологиясының дамуы ерте уақыттан басталады. Көне
медицина оқымыстыларының ішіндегі ең белгілісі Гиппократ, ал феодализм
дәурінде – Европада Авиценна деп атаған атақты тәжік дәрігері әрі философы
Абу-Али Ибн-Сина. Оның Дәрігерлік ғылымның ережелері деген кітабы
көптеген европалық және шығыс тілдеріне талай рет аударылған.
Балалар мен жасөспірімдердің отандық гигиенасы көне замандағы
Владимир Мономахтың балаларға нақылы (XI ғ.), Епифаний Славинецкийдің
Балалар әдеттерінің азаматтығы (XVII ғ.) Феофан Проконовичтің Жастытың
адал айнасы немесе күнелтіс жүрістерінің көрсеткіші (XIII ғ.) сияқты
ескерткіштермен тамырлас.
М. В. Ломоносов, оның замандастары әрі прогресшіл қайраткерлер И. И.
Бецкой, Н. И. Новиков Россиядағы халықтың, соның ішінде балалардың
денсаулығын жақсатуды жақтады. А. Н. Радищев Россиядағы өскелең ұрпақтың
тұрмысын жақсарту және денсаулығын сақтауды крепостнойлық қоғамды жоюмен,
оқытумен, дене шынықтырумен және балалардың мұңтаздайлығын арттырумен
байланыстырады.
Россиядағы балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі
проблемаларын экспиременттік жолмен шешу, сол сияқты арнаулыф құралдар
басып шығару тек Петербург дәрігерлік – хирургиялық академиясында гигиена
кафедрасы ашылған соң (1871) ғана мүмкін болды. Кафедраны А. П. Доброславин
(1842 – 1889) басқарды.
А. П. Доброславин гигиенаның басты мақсаты қоғамдық іс - әрекеттің әр
түрлі жағдайларында, организмдегі физиологиялық тепе – теңдік заңдарын
зерттеу және организмнің өндіргіш күштерінің сақталуы мен дамуы ең қолайлы
жағдайларын зерттеудеп есептеді.
1884 жылы Москва университетінде гигиена кафедрасы ашылды. Оны Ф.
Ф. Эрисман (1842 – 1915) басқарды, ол экспериментке негізделген ғылым
ретінде гигиенаның негізгі міндеттерін анықтады және балалардың денсаулығын
қоршаған орта жағдайлары мен тұрмысты ұйымдастыруға тәуелді екендігін
дәлелдеді. Оқушылармен бірлесе отырып, ол арнаулы мектеп үйлерінің
құрлыстарын және мектеп жанындағы учаскелерді жақсылап жабдықтау
керектігінің негізін қалады, класс бөлмесінің; балаларға арналған әр түрлі
мебельдің, оның ішінде мектеп партасының моделін жасады, балаларды жұқпалы
аурулардан алдын ала сақтандыру үшін нұсқаулар құрастырады.
1887 жылы Ф. Ф. Эрисманның Ой және дене еңбегінің кәсіптік гигиенасы
деген еңбегі шықты. Ол К. Маркстың Капиталының тікелей әсерімен жазылды.
Мектеп гигиенасы жөніндегі бірінші ғылыми орталық – мектептік-
гигиеналық комиссия – Россияда 1875 жылы Әскери – оқу мекемелерінің
педагогикалық музейінде пайда болды (С. Е. Советов). Комиссияның жұмысына
А. П. Доброславин, Ф. Ф. Эрисман, П. Ф. Лесгафт және басқа ғалымдар белсене
қатысты.
1906 жылы училище дәрігері және Россиядағы училищелер дәрігерлері
Қоғамының басшысы д. Д. Бекарюков (1861 – 1934) Мектеп гигиенасының
негізгі бастамалары атты оқу құралын жариялады. Өзінің мол тәжірибесіне
және отандық, шетелдік әдебиеттердің мәліметтеріне сүйене отырып, ол
балалар мекемелерін жоспарлау және аббаттандырудағы, мектептерде сабақ
берудегі балалардың жұқпалы ауруларын алдын ала сақтандырудың гигиеналық
талаптарын жазды; балаларға дәрігерлік көмекті кеңейту жөніндегі шараларды
белгіледі. Балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі көп жақты табысты
еңбектері үшін Совет үкіметі 1926 жылы Д. Д. Бекарюковке Еңбек Ері
құрметті атағын берді.
Бала организмінің анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін Россияда
бірінші рет Петербург дәрігерлік – хирургиялық акдемиясындағы балалар
кафедрасының меңгерушісі, профессор Н. П. Губдобин (1860 – 1906) зерттей
бастады. Оның тәжірибесі Балалар жасының ерекшеліктері (1906) кітабында
қорытылады, ол кітап балалар анатомиясы мен физиологиясы жөнінде Россияда
бірінші еңбек болып саналады. Балаларды шынықтыруға, мектептегі оқу
режиміне және басқа мәселерге ғалым үлкен мән берді.
Балалар мен жасөспірімдердің физиологиясы және гигиенасын дамытуда И.
М. Сеченов пен И. П. Павловтың зерттеулері мен ашқан жаңалықтарының маңызы
зор. Олардың рефлекстер, жоғарғы дәрежелі нерв қызметі және синтездеу
әсеріне материалистік түсінік берді, ми мен психикалық процестер арасындағы
диалектикалық өзара байланысты ашып берлі.
Жоғарғы дәрежелі нерв қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктерін Н.
И. Красногорский, В. М. Бехтеров, А. Г. Иванов – Смоленский, Н. И.
Касаткин, Н. М. Шелованов, П. К. Анохин, А. Н. Кабанов, А. А. Волохов, И.
А. Аршавский, А. А. Маркосян және басқаларды да зерттеді. Балалар мен
жсаөспірімдердің екінші сигнал беру жүйесінде алғашқы зерттеулер жүргізген
А. Г. Иванов – Смоленский жәнек М. М. Кольцова екендігін атап өткен жөн.
Орталық нерв жүйесіндегі басылымдық процестері туралы А. А, Ухтомскийдің
зерттеулері ойлау әрекеттерінің бірқатар құбылыстарын түсіндіруге негіз
салды, онсыз балалар мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу процесі
мүмкін емес.
1972 жылы Белорус ғылыми – зерттеу санитарлық – гигиеналық институты
(Бел НИСГИ) ашылды, 1959 жылы оның ішінен мектеп гигиенасы лабораториясы
құрылып, 1963 жылдан бастап ол балалар мен жасөспірімдердің гигиена бөлімі
болып қайта құрылды.
Республикада мектептік – гигиеналық проблемаларды өте кең көлемде
зерттеу Ұлы отан соғысынан кейін басталды. 1964 жылы М. Т. Мотюшоноктың
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және
гигиенасы кітабы жарыққа шықты, 1970 жылы педагогика училищелері үшін
оқулық шығарды, 1975 жылы педагогика институттары үшін оқу құралын (басқа
авторлар Г. Г. Турик және А. А. Крюковамен бірлесіп) шығарды, бұл кітап
оның қайта басылуы болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері физиологиясы және
гигиенасы бойынша жүргізілген зерттеулер практикаға айтарлықтай нәтижелер
берді. Балалар ауруларын алдын ала сақтандыру да үлкен табысқа жетіп,
балалар өлімі едәуір азайды. Бұл пәнді оқу келешек мұғалімдердің ғылыми –
теориялық деңгейін көтереді.
Өсу және даму. Басқа ғылымдарға қарағанда, балалар және
жасөспірімдердің жас ерекшелігі физиологиясы мен гигиенасында, өсу және
даму ұғымдары тым нақтылы, айқын айтылған. Өсу – бұл анатомиялық және
морфологиялық көрсеткіштердің, яғни дененің ұзындығы мен салмағының
өзгеруі. Ол негізгі жас ерекшелік-жыныстық белгілердің бірі болып табылады
және бала организміндегі сандық өзгерістерді сиппатайды. Даму –
тканьдердің, мүшелердің, жүйелердің және бүкіл организмнің физиологиялық
қалпын, яғни белгілі бір уақыт кезеңінде олардың қызметінің жетілуін
сипаттайтын, саналық өзгерістердің көрсеткіші.
Адам организмінде бүкіл организмнің қанша өмірі болса, сонша өмір
сүретін көбеймейтін клеткалар болады. Оларды ұзақ жасайтын клеткалар деп
атайды. Олар – нерв жүйесінің клеткалары. Бұл клеткалар организммен бірге
туады, ал оның өсіп жетілуі процесінде ол белгілі шекте тек көлемін ғана
ұлғайтады әрі функциясы жетіле береді. Егер бұл клеткалар өлсе, олардың
орнына жаңалары пайда болмайды.
Балалардың өсіп-жетілуін қадағалау. Оқушылардың өсіп-жетілуін сандық
және сапалық көрсеткіштері бойынша жылына бір не екі рет қадағалайды. Өсіп
жетілу көрсеткіштердің алу процесі антропометрия (гр. антропос. – адам,
метрео - өлшеймін), көрсеткіштердің өзі - антропометриялық немесе негізгі
деп аталады.
Антропометриялық көрсеткіштері бойынша оқушылар денесінің жетілуін
бағалау – бойын, салмағын, кеуде қуыстарының шеңберлеріне қосылған
үстемдерді есептеу, осы көрсеткіштердің аудан, облыс, республика бойынша
орта мәліметтерін салыстыру жолымен жүргізіледі.
Негізгі өлшеулердің техникасы мен методикасы белгілі білім мен
ептілікті талап етеді. Сол сияқты құралдардың дәлдігі, қызметкерлердің
ұқыптылығы мен ықыластылығы, өлшеу ережелерін сақтай білуі қажет. Мысалы,
кеуде қуысының шеңберін өлшеуді тек жалаңаш қалпында жүргізеді: бойды
тұрған күйде аяқ киімсіз (парта таңдау үшін бой аяқ киіммен өлшенеді) бой
қолдары түсірілген және бой өлшегіштің платформасында өлшейді. Мұнда бала
қолдары түсірілген және бой өлшегіштің пленкасында үш нүктемен: өкшемен,
бөксемен және жаурын аралығымен жанасып тік тұруы керек. Баланың басы, көз
шарасының жоғары шеті мен құлақ қалқанының жоғары шеті горизонталь бір
сызықтың бойында жатқан кездегі қалыпта болуы қажет.
Салмақты дәлдігі 50 г дейін болатын иінді системалы ондық медициналық
таразыларда өлшейді. Балалар мен жасөспірімдерденесінің дамуы туралы
толытырақ ұғым алу үшін кеуде қуысының шеңберін және қол динамометрімен
саусақтардың қысу күшін өлшейді.
Антропометриялық мәліметтер оқушының жеке дамуының арнаулы картасына
жазылады, ол мектепте немесе емтиханың жеткішектер кабинетінде сақталады.
Мәліметтер статистикалық әдістермен өңделеді және солардың негізінде
дамудың пропорциональдығы туралы соңғы жорамалдар мен қажетті қорытындылар
жасайды.
Балалар мен жасөспірімдер денесі дамуының мәліметтерін зерттеу мынаны
көрсетеді: олардың бойының орташа өсуі соғысқа дейінгі балалар бойынан 10
см-ге дерлік артық. Бойдың өсуі салмақтың өсуіне жеткізеді. Балалардың сүт
тістері тұрақты тістерге ертерек ауысады, жыны-стық жетілуі тезірек
басталады және аяқталады.
Осы уақытқа дейін жалпы қабылданған акселерация теориясы (тезірек
даму) жасалған жоқ, көптеген гипотезаларға қарамастан, шартты түрде оны
төрт негізгі топқа бөлуге болады.
1. Физикалық-химиялық гипотезалар қазіргі балалар күннін, радиоактивті
және электромагнитті радиациялардың өте күшейген әсеріне ұшырайды
деп есептейді.
2. Нутритивті гипотезалар – тұрмыс жағдайларының өзгеруін, соның
ішінде жануардан шығатын майлар мен белоктарды пайдаланудың көбеюі
есебінен балалардың тамақтарының жақсаруына, анасы мен баланың
тамағы құрамына витаминдердің қосылуын ескереді. Балалар ауруларын
төмендеткен педиатрияның, гигиенаның т.б. табыстарына белгілі маңыз
беріледі.
3. Гетерозийлер – гетерозистің биологиялық цикльді өзгерістерінің
нәтижесі, әлеуметтік, діни және ұлт аралық шекараларды бұзуға
әкелген, өмірдің қоғамдық өзгерістері мен байланысты. Бұл осыған
дейін оқшауланған адам топтары арасында некелесудің географиялық
мүмкіндігін кеңейтті, тұқым қуалаушылықтың тез өзгеруіне және
дамудың жылдамдауына әкелді.
4. Урбанизация гипотезалары – қалалардың тез дамуы және село халқының
қалаларға ауысуымен, қала өмірінің барлық комплексінің, сол сияқты
кино, радио, теледидардың баланың нерв системасына қоздырушы әсер
етуімен байланысты.
Келтірілген гипотезалардың ғылыми маңызы бар, бірақ әрқайсысы түйінді
қарсылықтарға кездескендіктен, олардыфң біреуі де акселерацияның бірден-бір
немесе негізгі себебі бола алмайды. Акселерация проблемасын, сірә,
келтірген факторлардың үйлесімінде қарау керек болар. Акселерацияның
әлеуметтік шарттарының ерекше маңызы бар. Халықтың әлеуметтік-тұрмыс
жағдайлары тез жақсарған социалистік елдерде, акселерация қарқыны өсті;
осындай тенденция дамын келе жатқан елдерде де байқалады.
Акселерацияның қолайлы да, қолайсыз да жақтары бар. Психикалық
функциялардың нетұрлым тез дамуы, өмірінің ұзаруы т.б. оның қолайлы
жақтары деп есептеуге болады. Сонымен бірге осындай балалардың тыныс алу
мүшелерінің ауруға ұшырауы тонзиллитпен, ревматизммен, аллергиялық
аурулармен көбірек ауыратындықтары туралы мәліметтер бар.
Акселерация шешімін әлі таппаған көптеген проблемаларды мектепте
оқытудың, жоғары оқу орындарына түсудің, некелесудің басталу мерзімін
өзгерту т.б. қойып отыр.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма.
М.,1986.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

Дәріс 2.
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің физиологиясы.
Дәріс мақсаты: Жүйке жүйесінің құрылыс, қызметі, жүйе жүйесінің бөлімдері,
физиологиясы туралы теориялық білімдерін кеңейту, тереңдету.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
1. Жүйке жүйесінің құрылысы., қызметі.
2. Жүйке жүйесінің қозу өткізу заңдары.
3. Рефлекс, оның түрлері.
4. Орталық жүйке жүйесінің бөлімдерінің функционалдық маңызы.
5. вегетативті жүйке жүйесі.
Жүйке жүйесі тұтас ағзаны байланыстырып, тіршілік қызметін реттеп
отырады. Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі және шеткі (перифериялық) жүйке
жүйесі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі дегеніміз - нейрондардың
жиынтығын айтады. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелермен,
физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен
процестердә сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бір
бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын
жатады. Ми мен жұлынды кескенде, оның ақ және сұр заттан тұратынын көруге
болады. сұр зат жүйке клеткаларынан, ал ақ зат миелин қабығымен қапталған
жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі (перифериялық) дәнекер
қабықпен қапталған жүйке талшықтарының шоғырынан түзілген. Оған жүйке
түйіндері мен гангли жатады. Нейрон - ол жүйке жасушасы. Нейрон арасын
нейороглия толтырады. нейрондар пішіні мен көлемі жағынан әр түрлі. Ол дене
және денеден шығатын өсінділерден тұрады. Нейронның ұзын өсіндісін аксон
деп, ал қысқа тармақталған талшығын дендрит дейді. Аксонның нейрон
денесінен басталатын жерін аксон төмпешігі дейді. Сезімтал нейронның шеткей
орналасқан аксонның ұшында рецептор (қабылдауыш) болады. Ал орталық жүйке
жүйесіндегі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондардың
осындай ұштары бір-бірімен түйісіп синапс құрайды. Қозу серпінісін
рецептордан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы сезімтал
(афференттік), ал орталықтан қозуды шеткі мүшелерге жеткізуші талшықты
қозғалтқыш (эфференттік), сезімтал жүйке мен қозғалтқыш жүйке жалғастыратын
жүйкені аралық жүйке деп атайды. Жүйке талшықтарының майлы жұмсақ
қабықтарының болу-болмауына байланысты миелинді және миелинсіз деп
ажыратады. Нейроглия нейрон аралығын толтырып жататын жасушалар,
нейрондарға қаннан қорек заттарын алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан
қанға өткізеді, сұйықтықтың иондық құрамын, медиаторлар мен судың деңгейін
бір қалыпта сақтап нерон тіршілігіне қажетті жағдай жасайды.
тармақтарының санына қарай нейронның бірнеше түрлерге бөледі: көп тармақты
нейрон - мультиполярлы, қос тармақты нейрон- биполярлы, бір тармақты нейрон-
униполярлы. Атқаратын қызметтеріне қарай нейронды бірнешеге бөледі:
сезімтал, қозғалтқыш, аралық, тежеуші нейрондар.
Нейрондар барлық клеткалар сияқты ішкі және сыртқы орта факторларының
әсеріне тітіркенгіш келеді, яғни тыныштық күйден әрекет күйіне көшеді.
Нейронның тітіркендіргіші басқа нейрондардан немесе рецепторлардан келетін
жүйке импульстары болып келеді. Тітіркендіргіштердің табиғатына қарай
бірнеше түрлері бар: механикалық, температуралық, электрлік, химиялық. Қозу
дегеніміз организмнің сыртқы ортаның тітіркендіргішін қабылдап, оған күшті
қозу арқылы жауап беру қасиетін айтады. Тірі ағзада ұлпаларды 2 бөледі..
қозғыш ұлрпалар (жүйке, бұлшықет, секреторлы жасушалар), қозбайтын ұлпалар
(шеміршек, дәнекер ұлпасы, тері эпителиі). Тітіркендіру әсерінен қозғыш
ұлпаларда қозу процесі туады. Бір жасушадан екінші жасушаға қозу тек бір
бағытта ғана жүреді, аксоннан жасуша денесіне және басқа нейронның
дендритіне.
Синапс - өзара жүйке жасушалары не жүйкемен шеттегі қазмет жасушасы
(эффектор) түйіскен жерінде серпіністі өткізетін арнайы орын. Синапс ұғымын
физиолоогия ғылымына енгізген ағылшын ғалымы Ч. Шерингтон болатын Бір
нейрон денесіндегі синапстар саны 100 немесе оданда көп болады. Синапс
құрылымы күрделі, ол екі мембранадан түзілген: пресинапстық және
постсинапстық, аралығында синапс саңылауы болады. Синапс түрлері:
нейронаралық, ет-жүйкелік. Жүйке талшығының ұшы синапс құрар алдында
кеңейіп жуандап гүл шоғырына немесе бұтақ бүршігіне ұқсайды, жүйке
бүршігінде медиаторлар болады. Қозу процесі пресинапстық мембранадан
постсинапстық мембранаға жүйке ұшынан бөлінетін химиялық зат медиаторлардың
қатысуымен өтеді. Постсинапстық мембранада медиатормен әрекеттесетін арнайы
белок- рецептор орналасқан. Синапс медиаторы ацетилхолин болса, оның
постсинапстық рецепторы - холинрецептор болады.
Рефлекс - орталық жүйке жүйесінің қатысуымен ағзаның сыртқы және ішкі
тітіркендіргіштеріне беретін күрделі жауабы. Рефлекс сөзін тұңғыш қолданған
француз ғалымы Рене Декард (1664), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы
Прохаска (1817), рефлекс теориясын пайымдаған орыс ғалысмдары И.М. Сеченов,
И. П. Павлов, П. К. Анохин. Организмнің рефлекторлық әрекетінің арқасында
организм сыртқы және ішкі ортаның түрлі өзгерістеріне жауап береді.
Рефлекстің морфологиялық негізі рефлекторлық доға, яғни қозудырецептордан
жүйке орталығына, одан шеткі ағзаға жеткіщзетін жол. Рефлекстік доға бүтін
болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі
бұзылса рефлекс бір жола жоғалып кетеді. Биологиялық юбағыттануы
бойыншарефлекс түрлері: қорғану, қоректік, жыныстық және ұрпағына
қамқорлық, бағдарлау немесе зерттеу, И. П. Павлов бойынша "Бұл не?"
рефлексі, ол жаңа, бұған дейін кездеспеген тітіркендіргішке жауап ретінде
пайда болады.
Орталық жүйке жүйесінің ең көрнекті және маңызды қызметтерінің бірі
рефлекстерді келістіру, үйлестіру, координациялау болып табылады. Орталық
жүйке жүйесінің бөлімдері - жұлын және ми. Жұлын омыртқа бағанының
каналында орналасқан. Жұлын сұр және ақ заттан тұрады. Сұр зат рефлекстік
қызмет атқарса, ақ зат қозуды өткізеді. Жұлында дене (құрсақ), аяқ-қол
және мойын бұлшықеттерінің рефлекторлы орталықтары орналасқан, олардың
қатыфсуымен бұлшықеттердің жиырылуы (тізе, ахиллов рефлексі), созылу
рефлекстері, бүгу рефлекстер орналасқан. Мысалы, дәрет жіберу және
дефекация, аталық жыныс мүшелерінің әрекеті, , асқорыту бездерінің сөл
бөлінуі, асқорыту жолдарының қимылының қызметін реттейтін орталықтары
жұлында орналасқан. ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық
пен ми бағанынан тұрады.
Вегетативті жүйке жүйесі ішкі мүшелер қызметін сыртқы және ішкі әсеріне
бейімдеп, реттеп отырады. Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және
парасимпатикалық жүйкелері болады. Парасимпатикалық және симпатикалық
жүйкелер мүшелеріне қарама-қарсы әсер етеді. Мысалы, симпатикалық жүйке
жүректің соғуын жиілетіп, күшейтсе, парсимпатикалық жүйке керісінше оны
сиретіп, әлсіретеді.
Вегетативті жүйке жүйесі орталықтағы басқа бөлімдерімен бірлесіп, адамның
көңіл күйін, (эмоция) қалыптастыруға қатысады. Симпатикалық жүйке жүйесі
қозса, қанда эмоция гормоны - адреналин көбейеді.
Жүйке жүйесінің дамуы. Жүйке жүйесі эмбрионалдық дамудың үшінші
аптасында, ұрықтық сыртқы жапырақшадан (эктодермадан) дамиды. Алдыменен
жүйке тақтасы түзіледі, сонан соң оның жиегі көтеріледі, тақта бірте-бірте
астаушаға айналады. Мұнан кейін астау жиектері бір-біріне жақындап, жанасып
жүйке түтігін түзеді. Бұл түтіктің тқменгі бөлімінен жұлын тұзіледі, ал
жоғарғы бөлімі кеңейіп мидың барлық бөлімдері дамиды.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма.
М.,1986.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

Дәріс 3.
Тақырыбы: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесі.
Дәріс мақсаты: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің қызметі, И. М. Сеченов және
И. П. Павлов шартты және шартсыз рефлекстер туралы ілімі, үлкен ми
сыңарларының аналитикалық-синтетикалық қызметі, бірінші және екінші
сигналдық жүйелер, олардың сыртқы дүниені танып білудегі маңызын, жүйке
жүйесінің типтерінің функциясын қарастыру.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
1. Жоғарғы дәрежелі жүйке қызметі іліміндегі И. И. Сеченов пен И. . Павлов
еңбектерінің маңызы.
2. Шарты және шартсыз рефлекстер.
3. Шартты рефлекстегі тежелу түрлері.
4. Баланың жоғарғы ждәрежелі жүйке қызметі және типтік ерекшеліктері.
Ми сыңарларының дамуы. Үлкен ми сыңарлары мидың ең жас түзінділері
болып табылады. Олар алғашында маңдай, одан соң төбе және шүйде, ақырында,
самай бөлігінде үлкейе бастайды. Ми сыңарларының бұлайша әркелкі өсуі,
қабықшамен және бас сүйгімен шектелуі қатпарлардың түзілуіне себепші
болады. Мұндай қатпарлардың арасындағы ойыстарды сайлар деп, ал көтеріңкі
бөліктерін – иірімдер деп атайды.
Ірі сайлар (орталық, самай, иіс т.б.) бала өмірге келгенге дейін-ақ
пайда болады. Бұлар бірінші категориядағы сайлар (53-сурет). Орташа
шамадағы сайлар кейінірек пайда болады да екінші категориядағы сайлар деп
аталады. Сонымен қатар, бала өмірінің алғашқы жылында ұсақ және өте ұсақ
сайлар өсіп жетіледі.
Сайлар мен иірімдердің бәрі бірігіп, ми қыртысының бетін едәуір
арттырады, ми сыңарлары бетінің рельефін түрлендіріп, оны күрдделендіреді.
Алайда олардың саны да, өлшемі де, оған қоса нейрондардың мөлшері мен мидың
жалпы салмағы да адамның ақыл-ой дарындылығының көрсеткіштері бола алмайды.
Ми сыңарларының горизонталь және көлденең кесіндісінен (54-сурет) сұр
зат – ми қыртысы, ал олардың астыңғы жағынан сұр зат араласқан ақ зат –
қыртыс асты ядролары көрінеді.
Ақ заттан талшықтарды байқауға болады, олардың арасынан екі ми
сыңарының қыртысын байланыстыратын комиссуралық (ми қыртысының жабысқан
жері – мүйізгек дене арқылы өтеді), бір ми сыңарының әр түрлі учаскелерін
байланыстыратын ассоциациялық және қыртысы ми діңімен байланыстыратын
проекциялық талшықтарды ажыратады.
Қыртыс асты ядролары – мидың ежелгі пайда болған түзінділері. Олар ми
қыртысына функциональды түрде тәуелді.
Нерв функцияларының жайылуы. Неғұрлым кұрделі нерв функциялары нерв
системасының жоғары және кеш жетілетін бөлімін – үлкен ми сыңарлары
қыртысына өтетін нерв функцияларының жайылуы (кортикализациялануы) деп
атайды. Әр түрлі жануарлардың ми сыңарларын немесе олардың қыртысын алып
тастау жөніндегі тәжірибелер осы айтылған фактині дәлелдейді. Мұндай
жағдайда балық пен бақаның көру қызметі бұзылған жоқ, ал ит соқыр болып
қалды. Ми қыртысын алып тастаған соң бақа мен тасбақада шартты рефлекстер
қалыптастыруға болады, ал иттің бұрын қалыптасқан рефлекстерінің бәрі
жойылып кетеді және аралық ми болғанда шартты рефлекстер қалыптасады, ал
иттерде бұл мақсат үшін үлкен ми сыңарлары қыртысының функциясы бұзылмауы
тиіс.
Адамның ми қыртысы зақымдануының аса ауыр зардаптары болады. (ол ми
қыртысының қай учаскесі және қаншалықты зақымдануына байланысты). Мысалы,
күрделі қимыл актілері ішінара немесе толығымен жойылады, жатталған
өлеңдер, зартап шеккен адам қатысқан оқиғалар естен шығып қалады. Бұл адам
организмі функциясының ми қыртысына тәуелді екенін дәлелдей түседі.
Ми сыңарларынсыз туған балалар (анэнцефалдар) өмірге келе салысымен
немесе көп кешікпей қайтыс болатынын бақылаулар көрсетуде. 1913 жылы мұндай
кемтар бала 4 жылдай өмір сүрген ерекше жағдай сипатталады. Ол үнемі дерлік
ұйықтаумен болады. Аузына емізік салғанда кәдімгідей дұрыс қимыл жасаған.
Дыбыс пен әдеттегі жарық әсер етпеген, ал күшті жарық түсіргенде көзін
жұмған. Бала өлген соң сойып қарағанда үлкен ми сыңарларының орнынан жұқа
қабырғалы екі көпіршік байқалған. Ми дінінің барлық барлық бөлімдерінде
өзгеріс болмаған. Сондықтан анэцефал ему, көзді ашып – жұму сияқты шартсыз
рефлекстердің шегінен шықпайтын, қарапайым әсер жасай алатын болған.
Электроэнцефалография. Ми қызметі процесінде оның электрлік
потенциалдарын тіркеу электроэнцефалография деп, ал жазудың жиынтық
нәтижесі фотосурет шығаратын қағазда немесе әдеттегі қағаз лентада пайда
болатын қисық сызық электроэнцефаллограмма (ЭЭГ) деп аталады.
XX ғасырдың 40-жылдарынан бастап адам мен жануарлардың шартты рефлекторлық
қызметін зерттеуде электроэнцефафалография қолданылуда. Кейнірек бұл әдісті
жоғары дәрежелі нерв жұмысын зерттеуде, неврологиялық және қияли аруруларға
диагностика жасауда қолдана бастады. Электроэнцефалографияның жәрдемімен ми
құрылымы қызметінің сипаты мен ондағы ауытқулар дәрежесін неғұрлым дәл әрі
нақты анықтауға, өзгерістер динамикасын қадағалап, байқалатын зақымдану
ошағын көрсетуге болады.
И.М.Сеченов пен И.П.Павлов ми рефлекстері туралы.
Адамның психикалық қызметі мидың анатомиялық тұтастығы мен атқаратын
қызметіне тәуелділігін ежелгі уақыттан-ақ жорамалданған. Ми зақымданғанда
сананың, естің, сөздің және т.б. бұзылатыны мәлім болады. Бұл ми жайында
саналы қызмет ету мүшесі туралы ойлауға мәжбүр етті. Отандық физиологияның
негізін қалаушы И.М.Сеченов 1863 жылы Ми рефлекстері деген жұмысын жазып,
онда психиканың аса күрделі құбылыстары сыртқы ортаның әсерімен
қалыптасады, олар негізінен алғанда орталық нерв системасының рефлекторлық
әсерлері болып табылады деп тұжырымдады. Мұнда адам мен жануарлардың
рефлекстері жеке алынған бір мүшеге ғана таралатын тар шеңберлі әсерлер
емес, бүкіл ортамен байланысын қамтамасыз ететін нерв әсерінің неғұрлым
ортақ механизмдері ретінде қабылданды. И.М.Сеченов адамның бұлшық ет
қимылдарын ғана емес, сондай-ақ мидың қызметін білдіретін сөзді де
рефлекстерге жатқызды.
И.М.Сеченовтың кітабы – сол кездегі философия мен жаратылыстанудың
озат идеяларының алғашқы талантты синтезі. Ол орыстың ағартушы-
демократтарының (Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, В.Г.Белинский және т.б.)
ұлы идеяларының әсерімен жазылған. И.П.Павлов бұл кітапты Сеченов ойының
кемеңгер шарықтауы деп атады. Бұл – барлық тіршілік құбылыстарына, оның
ішінде организмнің сыртқы ортамен өзара әсеріне табиғи-ғылыми анализді
қолдануға шақыру болды.
И.М.Сеченовтың кітабы жарық көргенге дейін физиологтар психикалық
процестерді мидың физиологиялық қызметі арқылы түсіндіру мүмкіндігі туралы
еске алудан да қорқатын. Үлкне ми сыңарларының қызметін объективті және
эксперимент арқылы зерттеуге И.М.Сеченов пен оның ізбасарлары ғана жол
ашты, мұның өзі кейін жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілімді құруға
мүмкіндік берді.
И.П.Павловтың рефлекстерді зерттеуі. И.П.Павловтың орталық нерв
системасының едәуір ерте пайда болған түзінділері рефлекторлық әсерлерді
тума (тұқым қуалайтын) нерв жолдары арқылы, ал үлкне ми сыңарларының
қыртысы - жаңадан, яғни организмнің жеке тіршілігі процесінде сансыз көп
тітіркендіргіштердің әсерімен қалыптасқан, яғни жасалған нерв жолдары
арқылы жүзеге асыратынын эксперимент жүргізу негізінде дәлелдеді.
И.П. Павловтың физиологиядағы ғылыми қызмет кезеңі павловтық кезең деп
аталады. Физиологияның таза физиологиялық деп есептелген процестерді
зерттеуден психикалық процестерді зерттеуге көшуі осы кезеңнің бастамасы
болды. Жалпы айтқанда бұл кезеңге мынадай ерекшеліктер тән: 1) организмді
оның біртұтас күйінде және табиғи жағдайларда зерттеу; 2) организмнің
ортамен өзара әсер етуі мен барлық тіршілік процестерінде ми қыртысының
жетекші роль атқаратынын тану; 3) нервизм идеясы, яғни нерв системасының
организм қызметінің әр түрлі көрінісіндегі жетекшілік ролін тану.
И.П.Павловтың астың түрі, иісі немесе ол туралы әңгіменің өзі сілекей
бездерін қоздыратын адамның психикалық қозу күйі деп аталатын құбылыс
қызықтырды. Сілекей бездерінің өзектері сыртқа шығарылған (ұзақ мерзімдік
фистула қойылған) жануарларға эксперимент жүргізу арқылы ол қоршаған
ортаның, белгілі бір жағдайлардың сілекей бөлінуіне әсер ететінін байқады.
Мәселен, егер итті әлденеше рет азықтандыруда электр шамын жақса немесе
қонырау соқса, бұлайша ұштастыруды бірнеше рет қайталаудан кейін онда осы
тітіркендіргіштердің әсеріне ғана сілекей бөлінеді. И.П.Павлов организмнің
мұндай әсерінен үлкен ми сыңарлары қыртысының атқаратын қызметін, яғни
алдын ала көру немесе есту мүшесін тітіркендіру арқылы алғашында дәм
рецепторларын тітіркендіруге, ал кейінірек алдыңғы тітіркендіргіштің тек
біреуінің әсеріне рефлекторлық жауап қайтару құбылысын көрді.
И.П.Павловтың өзі жазғанындай, шартты рефлекстер туралы ілімнің
құрылуы тамақ ішу алдында әсер ететін агенттерге сілекей бөлінуіне табиғи-
ғылыми талдау жасаудан басталады. Ғалым бұл актіден сонымен бірге тұтастай
және толық дәрежеде ғана физиологиялық құбылыс бола алатын қарапайым
психикалық құбылысты көрді.
И.П. Павлов өзін сыртқы құбылыстармен және олардың өзара қатынасымен
ғана айналысатын объективті сырттай бақылаушы және эксперимент жүргізуші
орнына қойып, сілекей бездерінің психикалық қозуын сапа жағынан алғанда
айрықша рефлекстер ретінде түсіндіре бастады. Ол мұны әрбір индивидуумның
тіршілігі барысында қалыптасып, жоғары сатыдағы организмдердің бүкіл
қызметін айқындаған жаңа рефлекторлық актілердің түзілуін басқаратын
заңдылықтарды ашып көрсете отырып түсіндірді.
Материалистік негізде құрылған шартты рефлекстер туралы ілім арқылы
И.П.Павлов биологияның, философияның, педагогика мен медицинаның дамуында
жаңа дәуір ашты, өйткені ол жоғар құрылымды материяда – мида - өтетін
процестердің механизмін ашты. Оның психикалық процестерді жаңа тұрғыдан
түсіндіру ғылымдағы физиологиялық процестерді өмірде жоқ жанның әрекет ету
формасына дейін көтеріп, организмнің барлық тіршілік ету актілеріндегі
мидың реттеуші әсерін теріске шығаратын идеалистік бағыттың негізсіздігін
дәлелдейді.
И.П.Павловтың жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы материалистік ілімі
медицина мен биологияда төңкеріс жасады, ғылыми проблемалар мен міндеттерді
батыл қойып, шешуге мүмкіндік берді. Ол маркстік-лениндік философияның
тазалығы жолында идеализммен және басқа реакциялық ілімдермен күресте
қуатты идеологиялық қару болды.
Шартсыз және шартты рефлекстер. Организмнің сыртқы және ішкі
тітіркендіруге қайтаратын барлық жауап әсерлері рефлекстер деп аталады.
Олар шартсыз және шартты рефлекстер деп аталатын екі топқа бөленеді.
Шартсыз рефлекстер – бұлар организмдердің осы түрінің өкілдеріне тән,
іштен туа болған, тұрақты, тұқым қуалай берілетін әсерлер. Мысалы, қарашық,
тізе, ахиллов және басқа рефлекстер.
Сонымен қатар, белгілі бір жаста, көбею кезеңінде және нерв системасы
қалыпты дамығында ғана жүзеге асатын шартсыз рефлекстер болады.
18 апталық ұрыққа тән ему және қимыл рефлекстері шартсыз рефлекстердің
қатарына жатады.
Шартсыз рефлекстер жануарлар мен адамда шартты рефлекстерді
қалыптастырудың негізі болады. Олар балалар есейген сайын синтездік
рефлекстер комплексіне айналып, организмнің сыртқы ортаға бейімделушілігін
арттырады.
Шартты рефлекстер - бейімделуші, уақытша және қатаң түрдегі жеке
рефлекстер. Олар үйретілген немесе табиғи ортаның әсеріне ұшырайтын түрдің
бір немесе бірнеше өкілдеріне ғана тән болады. Шартты рефлекстер біртіндеп,
белгілі бір ортада түзіліп, үлкен ми сыңарларының қалыпты жетілген қыртысы
мен мидың төменгі бөлімдерінің атқартын функциясы болып табылады. Бұл
тұрғыдан алғанда, шартты рефлекстер шартсыз рефлекстермен байланысты,
өйткені олар белгілі бір материалдық субстраттың – нерв тканінің жауап
әсері болып саналады.
Егер ұрпақтан-ұрпаққа рефлекстерді қалыптастыру жағдайлар тұрақты
болса, онда рефлекстер тұқым қуалау, яғни шартсыз рефлекстерге айналуы
мүмкін. Қызылшақа және қанаттанбаған балапандардың оларды азықтандыруға
ұшып келген құстың ұяны қимылдатуына тұмсығын ашуы осындай рефлекске мысал
бола алады. Ұяның қимылдауы азықтандырумен ұштасқандықтан, ал мұның өзі
барлық ұрпақта қайталанатындықтан шартты рефлекс шартсыз рефлекске
айналады. Алайда шартты рефлекстердің бәрі де жаңа сыртқы ортаға бейімделу
әсерлері болып табылады. Ми қыртысын алып тастағанда шартты рефлекстер
жойылып кетеді. Ми қыртысы зақымданған жоғары сатыдағы сүтқоректілер мен
адам нағыз мүгедекке айналып, қажетті күтім болмаса, өлімге душар болады.
Шартты рефлекстердің түзілуі. Олардың түзілуі үшін мынадай жағдайлар
қажет: 1) индифферентті (келешектегі шартты) тітіркендіргіш шартсыз
тітіркендіргіштен бұрын әсер етуі тиіс (қорғану қимыл рефлексі үшін ең аз
уақыт айырмашылығы 0,1 секундқа тең). Бұдан өзгеше реттілікте рефлекс
қалыптаспайды немесе өте әлсіз болады да, тез сөнеді; 2) шартты
тітіркендіргіштің әсер етуі белгілі бір уақыт бойы шартсыз
тітіркендіргіштің әсер етуімен ұштасуы тиіс, яғни шартты тітіркендіргіш
шарттсыз тітіркендіргішпен бекітіледі. Тітіркендіргіштердің осылайша ұштаса
әсер етуін әлденеше рет қайталау керек.
Сонымен қатар үлкен ми сыңарлары қыртысының қалыпты функциясы
организмде ауру процестері мен бөгде тітіркендіргіштердің болмауы шартты
рефлекс қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады. Олай болмаған
жағдайда, қалыптастырылатын және бекітіле түсетін рефлекстен басқа,
бағдарлау немесе ішкі мүшелер (ішек, қуық және т.б. ) рефлексі де пайда
болады.
Шартты рефлекс түзілу механизмі. Әсер етуші шартты тітіркендіргіш
әрқашан ми қыртысының тиісті аймағында әлсіз қозу ошағын туғызады. Бұған
қосымша (1 – 5 секундтан соң) әсер ететін шартсыз тітіркендіргіш тиісті
қыртыс асты ядроларында және үлкен ми сыңарлары қыртысының учаскесінде
едәуір күшті қозу ошағын туғызады, бұл ошақ алғашқы едәуір әлсіз (шартты)
тітіркендіргіштің импульстерін өзіне тартады. Осының нәтижесінде үлкен ми
сыңарлары қыртысындағы екі қозу ошағының арасында уақытша байланыс орнайды.
Әрбір қайталанған, яғни бекітілген сайын бұл байланыс берік бола түседі.
Шартты тітіркендіргіш шартты рефлекс сигналына айналады.
Балаларда намесе ересектерде шартты рефлекс қалыптастыру үшін сөзбен
бекітілетін секторлық, жыпылықтау немесе қимыл методикасын, жануарларда
тамақпен бекітілетін секреторлық және қимыл методикасын пайдаланады.
Мысалы, итте сілекей бөліну методикасы бойынша рефлекс қалыптастыру, яғни
шартсыз тітіркендіргіш тамақпен бекітілетін жарық тітіркендіргішіне сілекей
бөлу керек. Алдымен шам жанады, ит оған басын, құлағын бұрып, бағдарлау
әсерін білдіріп, жауап береді. И.П.Павлов мұндай әсерді бұл не? рефлексі
деп атады. Осыдан кейін тамақ беріледі – шартсыз тітіркендіргіш (бекіту).
Осылайша бірнеше рет қайталайды. Бұл жағдайда бағдарлау әсері барған сайын
сиреп, соңынан мүлде жойылады. Екі қозу ошағынан (бірі – көру аймағында,
екіншісі – тағам орталығында) ми қыртысында келетін импульстерге жауап
ретінде бұл ошақтар арасындағы уақытша байланыс нығая түседі. Осының
нәтижесінде итте бекітілмесе де, жарық тітіркендіргішіне сілекей бөлінеді.
Бұл ми қыртысында әлсіз импульстің күшті импульс жағына қарай орын
ауыстыруынан болады. Ми қыртысы төменгі орталықтардан өзгеше, бұрынғы
тітіркенулерді барынша жинақтап, олардың ізін жандандыра алады. Екі ошақ та
біртұтас жүйе ретінде қызмет атқара бастайды. Жаңадан қалыптасқан рефлекс
(оның доғасы) өткен қозуды жаңғырта алады, яғни оның шартты рефлексті
жүзеге асыру қабілеті болады.
Түзілген уақытша байланыс импульстердің көру аймағынан тамақ
орталығына, ал одан эфферентті талшықтар арқылы сілекей бөліну орталығы мен
сілекей бездеріне өтуіне мүмкіндік туғызады да сілекей бөле бастайды. Бұл
қолданылған тітіркендіргіш арқылы қалыптасқан қолда бар шартты рефлекс.
Алайда қолда бар тітіркендіргіш импульстері қалдырған із де шартты
рефлекс үшін сигнал бола алады. Мысалы, егер сол шартты тітіркендіргішпен
10 секунд әсер етіп, ол тоқтатылғаннан 1 минуттан кейін тамақ берсе, онда
жарықтың өзі сілекейдің шартты рефлекторлы жолмен бөлінуін туғызбайды,
бірақ ол тоқтағаннан бірнеше секундтан соң шартты рефлекс пайда болады.
Мұндай рефлексті із рефлексі деп атайды.
Шартты рефлекстерді классификациялау (жіктеу). Қандай методика бойынша
қалыптастырылатынына қарай шартты рефлекстер секреторлық, қимыл қан-тамыр
рефлекстері, ішкі мүшелердегі өзгеріс рефлекстері және т.с.с. болып
бөлінеді.
Шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекіту арқылы
қалыптастырылған рефлексті бірінші қатардың шартты рефлексі деп атайды.
Оның негізінде жаңа рефлекс қалыптастыруға болады. Мысалы, жарық сигналын
азықтандырумен үштастыру арқылы итте берік сілекей бөліну шартты рефлексі
қалыптастырылған. Егер жарық жарық сигналынан бұрын қонырау соғылса, мұндай
ұштастыруды бірнеше рет қайталаудан кейін итте дыбыс сигналына сілекей
бөліне бастайды.
Бұл шартсыз тітіркендіргішпен емес, бірінші қатардың шартты
рефлексімен бекітілетін екінші қатардың рефлексі немесе екінші рефлекс
болып табылады.
Екінші қатардың шартты тағам рефлексінің негізінде итте басқа қатардың
шартты рефлекстерін қалыптастыруға болмайтынын практика көрсетті. Бірінші
қатардың шартты рефлексі қорғану рефлексінің негізінде түзілген жағдайда
ғана үшінші қатардың рефлексі түзілуі мүмкін, мысалы, терінің немесе
кілегейлі қабықшаның тітіркенуі. Бірақ бұл жағдайда да үшінші қатардың
рефлексін ғана қалыптастыруға болады, ал төртінші қатардың рефлексін әзірге
қалыптастыру мүмкіндігі жоқ. Балаларда алтыншы қатардың шартты рефлексін
қалыптастыру сәті түсті.
Жоғары қатардың шартты рефлекстерін қалыптастыру үшін жаңа
индифферентті тітіркендіргіш бұған дейін қалыптастырылған рефлекстің шартты
тітіркендіргіші әсер ете бастаудан 10-15 с. бұрын әсер етуі қажет. Егер
тітіркендіргіш едәуір жақын аралықта немесе бірге әсер етсе, жаңа рефлекс
пайда болмайды, ал бұрын қалыптасқан рефлекс сөнеді, өйткені ми қыртысында
тежелу болады.
Бірге әсер ететін тітіркендіргіштерді әлденше рет қайталап қолдану
немесе бір тітіркнедіргіштерді әлденеше рет қайталап қолдану немесе бір
тітіркендіргіштің екіншісіне әсер ету уақытын едәуір ұзарту комплекстік
тітіркендіргішке рефлекс пайда болуына мүмкіндік береді.
Уақытқа байланысты шартты рефлекстердің түзілуі. Белгілі уақыт аралығы
рефлекс қалыптастыру үшін шартты тітіркендіргіш бола алады. Егер жануарды
үнемі әрбір 10 минут сайын азықтандыратын болса, бірнеше рет азықтандырудан
кейін уақытқа байланысты шартты рефлекс түзіледі, яғни 10 минут өткен соң
жануарда сілекей бөлініп, азыққа байланысты оны жалау, сілекейін жұту және
т.с.с. қимыл актілері орындала бастайды.
Уақытқа байланысты рефлекс қалыптасқан адамдарда олар әдеттегі тамақ
ішетін уақытта аштық сезімі байқалады. Уақыт аралығы мүлде аз болуы мүмкін.
Мектеп жасындағы балалардағы уақытқа байланысты рефлекстің белгісі –
сабақ аяқталар алдында (қонырау соғылудан 1 - 1,5 минут бұрын) зейінінің
әлсіреуі. Бұл қажудың ғана емес, сондай-ақ оқу сабақтары кезінде мидың
ырғақты жұмыс істеуінің нәтижесі болып табылады.
Организмде уақытқа байланысты туатын әсер – тыныс алу, жүрек қызметі,
ұйқыдан ояну, жануарлардың түлеуі және т.с.с. оқтын-оқтын өзгеріп тұратын
көптеген процестердің ырғағы. Тиісті мүшелерден миға және одан керісінше
эффекторлық аппараттарға ырғақты түрде импульстер жіберіп отыру организмде
уақытқа байланысты туатын әсердің негізі болады.
Шартты рефлекстердің тежелуі
Шартты рефлекстердің тежелуін зерттей келе. И.П.Павлов оның шартсыз
(сыртқы) және шартты (ішкі) тежелу деп аталатын екі түрін ажыратты.
Шартсыз тежелу. Басталған рефлекстің толық тоқтауы немесе сыртқы
ортадағы өзгерістердің әсерінен оның активтілігінің кемуі шартсыз тежелу
деп аталады.
Жаңа бөгде тітіркендіргіш ми қыртысында басқа (ерекше) қозу ошағын
туғызады, бұл ошақ басталған рефлекторлық актіні тежейді немесе үзеді.
Сырттан естілетін шу, жарық түсуінің өзгеруі, бөгде иіс және т.с.с. осындай
тітіркендіргіш бола алады.
Шартты рефлекс неғұрлым жаңадан қалыптасса, оны тежеу соғұрлым оңай
болатыны анықталған. Мұны орталық нерв системасында индукция процесінің
дамуымен түсіндіруге болады. Тежеуді шартты рефлекске қатысы жоқ бөгде
тітіркендіргіш туғызатындықтан, И.П.Павлов оны сыртқы (индукциялық) тежелу
деп атады.
Шартсыз тежелу кенет пайда болады, ол организмде туған кезден бастап
кездеседі және бүкіл орталық нерв системасына тән. Оның жүзеге асуына ми
діңі ретикулярлық формациясының белгілі бір құрылымы қатысады.
Сыртқы тежелу көбінесе бөлмеге сырттан өнетін кез келген шу
рефлекторлық актінің барысын бұзатын жағдайда коллективте (класта, топта)
жұмыс істейтін балаларда байқалады. Мысалы, жазу сабағы үстінде көшеден өрт
сөндіру машинасының сирена үні естіледі. Оқушылардың көпшілігі күшті
тітіркендіргішке қарай бұрылып, бұл жағдайда зейінінен, байсалдылығынан
және қолайлы отырысынан айырылады. Сондықтан оқушының дәптеріндегі жазу
толық болмай, әріптер дұрыс жазылмайды, сөздердің арақашықтығы әр түрлі
болып шығады және т.с.с.
Алайда шартсыз тежелу екінші қозу ошағы пайда болмаса да, жүзеге асуы
мүмкін. Бұл тітіркендіргіштің өте күшті әсер етуінен ми қыртысының
клеткалары жұмыс істеу қабілетін кемітуіне немесе толық тоқтатуына
байланысты болады: тіршілігін жоймау үшін клеткалар тежелу күйіне өтеді.
Тежелудің мұндай түрін шектен тыс тежелу деп атайды. Ол организмде қорғаныш
қызметін атқарады.
Ми қыртысы клеткаларының жұмыс қаблеттілігінің шегі тұрақты шама емес
және ол баланың жасына, оның қажу тәжірибесіне, қандай аурумен ауыратыныа
және басқа себептерге байланысты.
Сабақты өте дауыстап және біркелкі үнмен түсіндіруде, сондай-ақ
импульстері жинала келе, ми қыртысы клеткаларының жұмыс қабілеттілігі
шегінен асып кететін әлсіз тітіркендіргіш (біркелкі баяу дауыс) әсер
еткенде оқушыларда шектен тыс тежелу пайда болады.
Шартты (ішкі) тежелу. Тежелудің бұл түрі орталық нерв системасының
жоғары бөлімдеріне тән және шартты сигналды шартты тітіркендіргішпен
бекітпеген, яғни екі қозу ошағы уақыт жөнінен өзара сәйкес келмеген
жағдайда ғана дамиды. Ол онтогенез процесінде біртіндеп, кейде өте
қиындықпен қалыптасады. Шартты тежелудің өшпе, жіктеліс тежелу деп аталатын
және басқа да түрлерін ажыратады.
Шартсыз тітіркендіргішпен бекітілмеген шартты сигнал бірнеше рет
қайталанғандва өшпе тежелу пайда болады. Мысалы, жарық тітіркендіргішіне
сілекей бөліну рефлексі қалыптасқанда бұл сигналды тамақпен ұштастырмай жиі
қайталау рефлекстің біртіндеп кемуіне, одан соң толық өшуіне себепші
болады. Рефлекстің өшу жылдамдығы шартты тітіркендіргіштің қайталану
жиілігі мен күшіне, қалыптасқан рефлекстің беріктігіне және жоғары дәрежелі
нерв қызметінің типіне байланысты. Мысалы, жыртқыш жануар жемтігі азайып
бара жатқан жерге баруын азатайды, себебі бұрынырақ қалыптасқан шартты
рефлекс тамақпен (шартты тітіркендіргіш) бекітілмегендіктен, өшеді. Бұл
жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуіне, яғни өзінің мінез-қылығын
тіршілік жағдайларына сай реттуге жәрдемдеседі.
Өшпе тежелу адамның қалыптасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Дене үзілісінің маңыздылығы
Тірек-қимыл жүйесі, жас ерекшелігі баланың жеке басына қойылан гигиеналық талаптар туралы ақпарат
Мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің мектептегі бірлесе жүргізетін жұмыстары жайлы
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Миозит
Тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру
Матаның адам ағзасына экологиялық маңызы
Тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру. Қазақ халқының ұлттық тағамдары және пайдасы
Дұрыс тамақтану жайлы мағлұмат
Пәндер