Социология пәнінен дәрістер


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

І. ЛЕКЦИЯЛАР

Кіріспе. Журналистика және социология.

Социология туралы ұғым. Оның журналистикаға қатысы. Журналистиканың социология мен байланысы, журналистикада қолданылуы. Сциология қоғамдық ғылым ретінде.

Лекция тақырыбы : Социология ғылымы туралы ұғым

Соцология (Әлеуметтану) ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О. Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.

Социология ғылымының обьектісі

Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам, әлеуметтік роль, әлеуметтік бақылау және т. б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т. б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды.

Атақты ағылшын ғылымы ДЖ. Херд «Әлеуметтануға кіріспе» еңбегінде, әлеуметтану адамзат қоғамы жөнінде ғылым ретінде белгіленеді. Оның отандасы Э. Гидденс қоғамды әлеуметтік кеңістікте, әлеуметтік уақытта айқындалу формаларында қарастырады. «Әлеуметтану - бұл адамның әлеуметтік өмірі, топтар мен қоғам жөнінде оқу».

Социология (Әлеуметтану) біржарым ғасыр аралығында өмір сүріп жатыр. Осы аралықта әртүрлі социологиялық ағымдар, бағыттар, мектептер қалыптасты. Олардың әрқайсысы өз пән саласын айқындады және оны белгілі танымдық нәтижилер шектеулерінде жетті.

Қазіргі уақытта әлеуметтанудың ғылым ретінде пәнін белгілеу, жетілдіру, білімді тереңдету үрдісі жүріп жатыр. Бұл әлеуметтік ғылымдардың жіктелуімен, бірігуімен, гуманизациясымен байланысты.

Біздің елімізде әлеуметтік зерттеулерді экономикалық, саяси, құқық ғылымдарына, философияға жақындату талпыныстары жүргізілді. Әлеуметтануға идеологиялық - апологетикалық роль берілді.

Әлеуметтану пәнінің тарихында екі негізгі тенденция қалыптасты: макросоциологиялық және микросоциологиялық. Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен және олардың әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты. Макросоциология қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза ретінде қарастырады.

Микросоциология әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады.

В. А. Ядов «Осыдан әлеуметтануды анықтаудың екі әртүрлі жолдары ажыратылады: бірінші, ғылым ретінде пәнінің тұтас қоғамдық ағза, әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылуы, екінші, бұқаралық әлеуметтік үрдістер мен бұқаралық тәртіп жөніндегі ғылым» деп жазады.

Әлеуметтану - қоғамдық жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын зерттейтін теоретикалық және эмпирикалық пән. Әлеуметтану қоғамдық өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді. Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда - еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т. б. әрекет етеді. Берілген жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады.

Әдебиеттер:

1. Әлеуметтану (оқу құралы) Павлодар, 2005.

2. Габдуллина К. Г. Социология и социальная жизнь. Алматы., 1996.

Лекция тақырыбы : Соцология қоғамдық ғылым ретінде

Социология - қоғамдық ғылым. Социологиялық зерттеулердің теориялық негізі. Социологияның құрылымы, оның ғылым ретіндегі Қазақстан мен шетелде қалыптасуы. Журналистика социологиясы және маркетинг. Журналистика социологиясы - маркетингтің құралы ретінде. Әлеуметтік және саяси маркетинг. Маркетинг және жарнаманың стратегиясына негізделген зерттеу. БАҚ, насихат, нақты социологиялық зерттеулердің журналистика социологиясының бөлігі ретіндегі қызмет ету теориясы. Жеке адамға әлеуметтік көзқарас. Әлеуметтік қайшылықтарды шешу, Әлеуметтік талдау. Оқырман және көрермен аудиториясына әлеуметтік тиімділігі кері байланыс.

Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатыны секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз, творчествосы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио мен телевидениенің жұмысын атқарып, творчестволық қызмет жасайды. Ол редакция жүмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші -әдеби өңдеу, үшінші шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек.

Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Ол идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн.

Журналистің тағы бір қасиеті - оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, творчестволық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады. Әсіресе, журналистің мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық, білімділік болмаса кей нәрсенің анық-қанығына жету, ақ-қарасын айыру оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақала жазу керек. Бұл орайда жақсы дайындық, жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде өз көзқарасыңды білдірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз білімін теориялық тұрғыдан толықтырып, практикалық тұрғыдан ізденіп еңбек ете білгені дүрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы керек. Өзіңді журналистік мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда аянбай қызмет ету лазым. Ол принципті түрде, қайсарлықпен бұқаралық ақпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын бар күш-қайратын салып орындайтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен, қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен, инициатива танытқыштығымен, тез арада шешімдер жасай білуімен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы керек.

Бұған қоса журналист кең пейілді, жаны жомарт, жақсылыққа құштар, мейірімді, жақсы дос, қиналғанда қол ұшын беретін жан болуы да үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы керек, өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекеті арқылы өзгелерге үлгі-өнеге бола білгені ғанибет. Журналист жұртпен тіл табысқыш болса тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек. Оған есте сақтағыш қабілет те өте қажет. Тез ойлап, тез жазу да жақсы нышан. Журналистің өз жүмыс істеу тәсілі, өз ерекшелігі болуы заңды. Әркімнің сондай-ақ өзі қалайтын тақырыбы да болуы мүмкін. Журналистің стиль қалыптастыруы да үлкен жетістік. Ал жалпы кәсіби және творчестволық қасиет пен ерекшелік бір-бірімен ұштасканда нағыз журналист қалыптаспақ. Журналист өз қызметінде тек қана шындықты жазып, барлық мәселені объективті түрде қарау керек. Нағыз журналист өмірде осылай еңбек етуге, осылай өмір сүруге тиіс. Бұл журналистің алдында тұратын үлкен борыштардың бірі. Журналистиканың маңызы жариялылық болса, халықты тек қана объективті түрде, жан-жақты әрі дәл де, анық ақпараттық хабарлармен, материалдармен қамтамасыз ету керек. Сондықтан ең алдымен өмірдегі жайларды деректі фактілерге сүйене отырып жазу керек. Бұл шыншылдыққа бастайтын негізгі жолдың бірі. Еш нәрсені тексеріп алмай тұрып жазуға болмайды. Мәселенің әбден анық-қанығына көз жеткізу қажет. Ал кездейсоқ, бірен-сараң ғана фактіге сүйену кемшілікке апарып соқтырады. Сондықтан мәселенің зандылығына назар аударып, шындықты көре білу, өмірде жақсылықты таңдай білу және құбылысты дұрыс бағалай білудің жөні бөлек. Оқиғаны бұрмаламай, сол болған күйінше құрғақ сөзге салынбай жазу керек. Әр нәрсені дұрыс түсініп, талдау қажет. Яғни, әрқашан ақиқаттан айнымау - журналистің басты парызы.

Болған жайдың дұрысы қайсы, бұрысы қайсы соны айыра отырып, терең де сенімді қорытынды жасау керек. Әсіресе, актуальды мәселелерді сенімді дәлелдеп керсету қажет. Ал, мәселені жұмсартып айту, шешімін таппаған нәрсені жасырып, айналып өту жараспайды. Кемшіліктер мен қиыншылықтар туралы айтпай кетуге, өткір сұрақтардан қашу жөнсіз болмақ. Бәрін де жақсы деу, бәрін де салтанатты түрде жазу да көкейге қонбайды. Яғни, барды бардай, жоқты жоқтай ХАЛЫҚТЫ көрсетіп жазу, айту жөн.

Журналист еш уақытта қателеспеу керек, бұл да басты принциптердің бірі. Өйткені, журналист қателессе, ол бір адамның қателесуі емес - мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Жұрт нағыз журналист жазған материалға сеніммен қарайтынын ұмытпау керек. Журналист қателессе, оқырмандар мен көрермендердің, яғни, халықтың өзіне деген сенімінен айырылады. Алайда журналист қателесе қалған жағдайда, өз қатесін өзі мойындап, оқырмандардан кешірім сұрауы тиіс. Жалған намысқа тырысып, кешірім сұрауға арсынбау керек. Және қателігіңді дер кезінде түзете білу де мәдениеттілік. Журналистің қателігі оның өзіне ғана емес, ол жұмыс істейтін газет-журналға, радио мен телевидение атына кір келтіретінін ойлау керек. Сондықтан фактіні өзгертіп қолдану, өтірік жазу журналисті жарға жығады. Әр нәрсені өз атымен атап, айқын көрсетіп отыру қажет. Бұл орайда жауапкершілік пен адалдықты есте ұстаған жөн . Журналистің ары бәрінен қымбат болуға тиіс. Әйтпесе, ол халықтың сөзін сөйлеп, халықтың сенімін ақтай алмайтыны түсінікті. Ал, тоқмейілсу, өзіне-өзі риза болушылық және мақтаншақтық журналисті тоқырауға ұшырататын қылық болып табылады. Әрі бұл адамгершілікке жатпайтын, азаматтыққа көлеңке түсіретін жөйт.

Объективтілік дегеніміз - шындықтың нағыз өзі деген сөз. Журналистің тағы бір ұстанатын принципі жазған материалдарының нанымды болуы. Бұған жетудің жолы да оңай емес. Әртүрлі жанрда жазатын журналистің өз дүниесінің әркез нанымды шығуына күш салуы бұлжымас талап. Кейде тәжірибе немесе білімнің жетіспеуі салдарынан кейбір жазған дүниенің нанымдылығы аз болып шығатын кездері бар. Кейбір құбылыстарды жазғанда журналист сол өзі айтқан ойларын оқырманға дүрыс жеткізе алды ма, жоқ па соны байқау керек.

Журналист ой-пікірді қағазға түсіргенде, оның өзгелерге, яғни, жұртшылыққа түсінікті болуын алдын-ала ойластыруы қажет. Екіұшты ұғым беретін жайлар болмауы керек. Айтқалы отырған идеяңмен оқырман келісе ме, жоқ па, соған көз жіберген жөн. Қоғамда әртүрлі көзқарастар, ой қайшылықтары кездесуі мүмкін. Соның бәрінде ең ортақ ой-пікірлер арқылы жол таба білу керек. Жазған нәрсеңді ғалымдар оқыса да, инженер мен дәрігер оқыса да жатсынбайтын болуы жөн. Бәрінің де ойынан шығып, бәрінің де көкейіндегісін қозғайтындай мақала болса, журналистің табысқа жеткені. Сондықтан да журналист барлық саладан хабары бар, эрудициясы жоғары маман болуға тиіс. Ол әркез өмірде бейнелегенде ылғи жоғарыда айтылғандай объективті әрі шыншыл болғаны ғанибет. Мүндай жағдай оған абырой мен бедел әкелмек.

Ал журналистика болса маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. ХҮІ-шы ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді мегзейді. Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әртүрлі қоғамдық формация дөуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп өзінің тарихи рөлін толық ашып берді. Бұлай дейтін себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді халықты әлеуметтік-саяси тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде әртүрлі хабарлармен қамтамасыз етіп көрген емес. Бұл ретте адамның сана-сезіміне, іс-әрекетіне әсер етіп, олардың көзқарастары мен мақсаттарының қалыптасуына ықпалы тиген. Сөйтіп ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т. б. көптеген салаларда шешім жасап жүзеге асыруға ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика қоғамның әлеуметтік институттарының бірі болып саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға себепкер болады.

Яғни, баспасөз, радио, телевидениенің негізгі міндеті - жалпы информацияны жинап, өңдеп, халыққа ұсыну. Ал жалпы «Бұқаралық ақпарат құралдары» деген атаудың өзі мына жайларды білдіреді.

Журналистика тек қана хабарларды берумен шектелмейтінін ескеру керек. Ол сонымен бірге насихаттық рөл атқаратынын да ұмытпау керек. Баспасөз бен радио және телевизия арқылы берілетін материалдарда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық тұрғыдан шектеліп қалмауды қарастыру абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте кажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек. «Журналист - ақпарат - аудитория». Журналист творчестволық тұлға - ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады. Демек, жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, телевизор көрген кезде әлемдегі жаңалықтар мен езгерістерді біліп қана қоймай, сонымен бірге сол жайларға өзінің де қаншалықты қатысы бар екенін сезініп, сол құбылыстардың неге, қалай, не үшін болғанына анық көзі жетуі тиіс. Сол оқиғалардың болу процесін аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп, қандай заңдылығы барын пайымдап, өзі де іштей дайындықта болуына, қажет жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына әсері болуы керек.

Осылайша журналистиканың ақпараттық қызметі -маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Ақпараттық қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Сондықтан журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласуы күн тәртібінен түспейтін мәселе. Жалпы журналистика халықтық болып саналады. Өйткені журналистика халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Сондықтан халықтың жағдайын ойластыруды журналистика әркез назардан тыс қалдырған емес. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтык позиция ұстайды. Ол дұрыс та. Себебі, жеке біреулерге қызмет етпей, немесе азын-аулақ топтың мүддесін көздемей, осылайша БҮКІЛ жұртшылықтың, жалпы адамдардың мүддесін көздейтін мақсат анағұрлым ақылға сиымды, адамгершілікке жататын іс болса керек

Бақылау сұрақтары:

1. Журналистика социологиясы және маркетинг ұғымдарының арасындағы байланысты атаңыз

2. «Журналист - ақпарат - аудитория» жүйесін қалай түсінесіз?

3. Қоғамдағы саяси жағдайлардың журналистикаға әсері қандай болды?

Әдебиеттер:

1. Аитов Н. А. Основы социологии. Алматы., 1990.

2. Буданцев Ю. Г. Социология массовой коммунации. М., 1995.

3. Габдуллина К. Г. Социология и социальная жизнь. Алматы., 1996.

4. Баркер А. Как еще лучше . . . управлять людми. М., 2002

.

Лекция тақырыбы : Журналистиканың социологиямен байланысы. Соцологиялық зерттеу әдістердің журналистикада қолданылуы

1. Журналистиканың социологиямен байланысы. Екі ғылымның да теориясынан бастау алатын журналистиканың социологиясы тек өзіне ғана тән түсініктерімен, әдістермен қалыптасты. Журналистік мәтіннің мазмұнына енген деректер мен оқиғаларды автор ақпараттың басты көзі болып табылатын әлеуметтік шындық деп таниды. Қоғамға, әлеуметтік шындық жайлы көп ақпарат беретін -журналистер. Бүгінгі бұқаралық коммуникаци саласындағы технологияның дамуы бұл істі одан да жеңілдетті. Журналистік мәтіндегі әлеуметтік шындық қоғамдық санаға әсер етеді. Журналистік мәтіндегі түрлі символдар мен белгілер аудиторияның қабылдауына жеңіл тиетіндей түрде жасалады.

Журналистердің зерттеу әдістеріне: редакциядағы сұрау салу, сауалнама, социометриялық сұрақ-жауап, контент талдау, тәжірибе, социолгиялық бақылау, социопсихологиялық тестік әдістер жатады .

Тәжірибелі журналистер өздерінің қызметінде ақпарат алуда мақсатқа жету үшін зерттеу әдістерін қолданады. Әсіресе, соңғы жылдары көбірек ден қоя бастады. Себебі, социологиялық зерттеу әдістері обьектіні терең сипаттап, әлеуметтік құбылыстардың өзгеріс заңдылықтарын аықтауға мүмкіндік береді. Ақпаратты жедел беруге баса көңіл бөліп, сапасына назар аудармастан, интернеттегі ақпаратқа сүйеніп, хабардың кейіпкерімен бір-екі ауыз тілдесе салып хабар дайындау, мақала жазу -журналистиканың беделін түсіретін тенденция. Кейбір журналистердің сұхбат алудың техникасын меңгермеуі, респонденттен алынған ақпаратты тексермеуі, телефон арқылы толыққанды мәлімет ала алмауы ақпаратты сапалы жинауға кедергі болып отыр. Ақпаратты алу барысында журналист мына талаптарды қатаң сақтауы керек:

  1. Кез-келген зерттеу әдісін қолданудағы жүйелілік;
  2. Оқиғаны тек баяндап қана қоймай, жан-жақты зерттеп, анық-қанығына жету;
  3. Оқиғаны бағалаудағы дәлдік;
  4. Обьективтілік;

Социологқа осы талаптар мен қоса зерттеу нәтижелерін жариялау талабы да қойылады. Социологиялық зерттеулердегі ақпарат жинаудың кең таралған әдістері - 1. Тәжірибе, 2. Сұрау салу, 3. Бақылау. 4. Құжаттарды зерттеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық әлеуметтану
Экономикалық әлеуметтану немен айналысады
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Мәдениеттану ғылым ретінде
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Саяси әлеуметтанудың саясаттану ғылымымен байланысы
Тұлға әлеуметтенуі түсінігі
Жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетудегі өзекті мәселелер
Огюст Конт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz