Еттің тағамдық және биологиялық құндылығы, қоян етінің адам денсаулығына тигізетін пайдалы әсерлері, және халықтың күнделікті тағамдық тұтынысына қоян етін енгізуге ұсыныс


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының алға қойған шараларының негізі халықтың сұранысын қанағаттандыру. Бұл үшін ауылшаруашылығының барлық бағыттарымен шұғылдану қажет. Осы мақсатта жұмыс бүгінгі таңда қарқынды жүріп жатыр десек болады. Ауылшаруашылығында үй жануарларынан алынатын азықтық өнімдердің сапасын арттыру, өнімнің көздерін көбейту жолдары қарастырылып келеді.
Малшаруашылығының бір саласы болып табылатын, елімізде баяу болса да дамып келе жатқан қоян шаруашылақтарын алсақ, қоянды тек жүні мен терісі үшін ғана емес еті үшін де өсіреді. Қоян етін күнделікті өнімдердің қатарына қосу пайдалы. Себебі қоян еті экологялық таза өнім әрі адам денсаулығына пайдасы мол. Қоян етінің диеталық мақсатта, адамның иммунитетін көтеруде үлесі көп. Бұл жануарды қолға үйретіп, одан сапалы өнім алу бүгінде мемлекет тарапынан да қолдау тауып отыр. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде қоян шаруашылығын жетілдіріп жүрген азаматтардың пікірінше осы шаруашылықтың Қазақстан эканомикасына үлес қосып жетілдіру мен аса айтарлықтай болмаса да пайдасын тигізу. Сондай-ақ, бұл шаруашылықтың эканомикалық шығыны төмен, өнім алу көрсеткіші жоғары. Осы шаруашылықпен шұғылданып жүрген кәсіпкерлер қояндардың акселерат, шиншилла сияқты түрлерін арнайы тапсырыспен Татарстан, Ресей елдерінен алдыртады. Аталған қоян түрлері етті бағытта өсіріледі, олардың терісі мен жүні де бағалы. Біздің де елімізде шет елдердегідей болашақта ірі-ірі қоян шараушылықтары қанат жаймақ. 2011 жылдың өзінде бірнеше шаруашылықтар осы бағытта өз еңбектерінің арқасында елімізге елеулі үлес қосқанын мақтан етеді. Ендігі міндет елімізде бой көтеріп келе жатқан осы бір шаруашылық түрлеріне үлесімізді қосып базарларға қоян ұшасы мен өзге де өнімдерін жоғары сапада ұсынсақ болмас па еді.
Ел ішінде жылдың қыс мезгілінде, әсіресе қараша-желтоқсан айларында тоғайлы өңірлерде және далалы аймақта, далада еркін жүрген қоянды тұзақ құру арқылы аулап ұстаушы тұлғалар да кездеседі. Жеке тұлға аулап ұстаған қояндарын тағамдық мақсатқа немесе емдік мақсатқа қолданады. Жалпы ауланған жануарды малдәрігерлік қадағалаусыз сойып жеу адам өміріне үлкен қауіп пен экономикалық шығын келтіруі мүмкін. Диссертациялық зерттеу жұмысында үй жайында бағылған қоян мен даладан ауланған қояннның тағамдық қауіпсіздігін салыстыра отырып, тауарлық сапасын анықтау.
Диссертацияға арқау болып отырған өзекті мәселе базарларға әкелінген қоян ұшаларын ветеринариялық санитариялық сараптауда оның тағамдық құндылығын, арнайы жағдайда ет өнімі ретінде бағылғандығын анықтау, сапаның дәрежесін бағалау. Халықтың салауатты өмір салтына қажетті өнім түрлерін арттыру, соның ішінде өзекті тақырып ет және ет өнімдерін сараптау жөнінен.
Мақсаты: Ең алдымен еттің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтау. Қоян етінің адам денсаулығына тигізетін пайдалы әсерлерін зерттеу, және халықтың күнделікті тағамдық тұтынысына қоян етін енгізуге ұсыныс жасау.
Негізгі міндеттер:
- Үй немесе шаруашылық қояны ұшасы мен тағы басқа қоян ұшаларын және ішкі мүшелеріың тағам ретінде сапа ерекшеліктерін анықтау;
- Үй немесе шаруашылық қояндары мен жабайы қояндардың ұшаларының және ішкі мүшелері салыстырмалы түрде балғындығына сезімдік және физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу;
- Химиялық құрамын анықтау;
- Микробиологиялық көрсеткіштерін анықтау;
- Ветеринариялық санитариялық сараптау;
- Ет ұлпасындағы микро-макро элементтерді, дәрумендерді анықтау;
- Дегустациялық зерттеу.
Зерттеу нысандары: Астана-МИАКРО» қоян шаруашылығында, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық уинверситетінің «Ветеринария санитария» кафедрасында жүргізілді.
Жаңашылдығы: Зерттеу жұмысы нәтижесінде үй қояндарының ұшалары мен ішкі мүшелеріың тағамдық құндылығын тағы қояндардың ұшалары мен ішкі мүшелеріың тағамдық құндылығын салыстыру арқылы қоян шаруашылығының халықтың тұрмысына азықтық өнім ретінде берер үлесінің молдығын дәріптеу.
Жұмыстың практикалық мәні: Үй қояндарының ұшалары мен ішкі мүшелері ветеринариялық санитариялық талаптарға сай сараптай отырып олардың тағы қоян өнімдерінен айырмашылығын анықтау. Жиналған мәліметтерге сүйене отырып, практикалық дәлелдемелерді тағамдық өнімдердің сапасын бағалағанда салыстырмалы көрсеткіш ретінде қолдану.
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Қоянның биологиясы
Қоян - бұл сүтқоректілердің бір тұқымдасына жататын және өз кезегінде 8 туысқа бөлінген 50 түрі кездесетін жер бетінде кең таралған жануардың бірі. Әлемнің бүкіл аймағында кездесетін осы жануар - кеміргіштер отрядына жатады. Олар жергілікті мекен ортасына қарай өте жылдам жүгіретін, ін қазуға бейім келетін, суда жүзгіштігі жақсы дамыған, ағаш бойымен өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі.
Үй қояны мен далада еркін өскен жабайы қояндардың кейбір ерекшеліктері бар. Еркін өскен жабайы қоянның дене тұрқы үй қоянына қарағанда кіші, денесінің ұзындығы 40-50 см, таза салмағы 1, 5-2 кг. Жүн жамылғысының түсі де көбіне сарғылт-сұрдан сұр түсте болады. Негізінен түнде жортады, жұптасып немесе топталып тіршілік етеді.
Мемлекеттің қолдауымен Польшада 1990 жылдары қоян етін өндіру 25000т көтерілді. Оның 1т экспортқа шығарылды. 1997 жылы Польшада қоян шаруашылықтарының саны 226 жетті. Соңғы кездері қоян етін көп мөлшерде өндіретін елдер қатарына Франция 150, Испания 120 және Италия 300 елдері жатқызылады. Сонымен қатар жылына 120 мын. тонна өндіретін Қытай елін де қалыспайды. . Алайда соңғы кездері өндіретін қоян еттерінің сапасының төмендеуіне байланысты экспортқа шығаруға Еуропалық союз тиым салды.
Біздің елде кездесетін қоянның 3 түрін атап кетуге болады. Олар еліміздің орманды даласында, жазық, шөлейтті аймақтарда тіршілік етеді. Мекен ету ортасына қарай ақ қоян, құм қояны және ор қояны деп аталады.
Қазақстанның солтүстік өңірінің орманды алқабын иеленген ақ қоян Ақмола облысының таулы-дала аймағын, Павлодар өңірінде және жиірек Қостанай жерінде мекендеп, сондай-ақ Қазақстанның шығысында, таулы аймақтарында, Қарағанды жерінде көптеп кездеседі. Ал Алматы облысы, Қазақстанның батысы, Ақтөбе облыстарында бұл жануар өте сирек кездеседі. Қыс айларында, тіршілік әрекетінің түрлі себептеріне байланысты, жыртқыштардың көптігіне орай және жемін табу үшін мекенін өзгертіп отырады. Дене тұрқы 66-69 см, салмағы 4, 5 - 6, 2 кг-дай болады. Қыс мезгілінде жүнінің түсі түгелімен аппақ түске еніп түлейді, ал жазда сұрғылт түсті болады. Аңшылықпен шұғылданушы жеке тұлғалар ақ қоянның бағалы терісі мен дәмді еті үшін аулайды.
Отанымыздың Жамбыл, Қызылорда сияқты құмайтты жерлерін мекен ететін жиі Арал құмында кездессе, сондай-ақ Қызылқұм, Мойынқұм жерлерін де тіршілік ететін құм қоян аты айтып тұрғандай құмды жерге бейімделген. Маңғыстау облысының құмды даласын да құм қоян мекен еткен. Құм қоянының денесі небары 37 - 54 см, салмағы 1, 7 - 2, 5 кг болып келетіндіктен оны қояндардың ішіндегі ең кішісі деп есептейді. Құм қоянның арқа жоны және бүйірі сұр болып келеді де бауыры ақ түсті болады. Бұлар жемін түнде іздеп жеуге бейімделген. Бұл жыртқыштардан қорғанудың әрекеті болса керек.
Қазақстан жерінде мекен ететін ең ірі қоян - ор қоянының денесінің тұрқы 55 - 70 см болып келеді, ал салмағы 3, 7 - 5, 9 килограммды құрайды. Артқы секіру аяқтары жақсы жетілген және де алдыңғы аяқтарынан екі есеге ұзын. Жүні маусым сайын түлеп, түсі өзгеріп отырады. Бір ерекшелігі құйрық жүнінде қыс мезгілінде де қара жолақ пайда болып отырады. Қазақстанның Батыс өңірі мен Солтүстік өңірін мекен етеді. Атап айтқанда Батыс Қазақстанның тоғайлы аймаған мекен етсе, Атырау жерінде де, Ақтөбе облыстарында да жиі кездесіп отырады. Елдің шөлді аймағын, шөлейтті аймақты, далалы жерлерді мекен етеді.
Қорегі шөп болғандықтан қояндар үшін жеуге жарамды шөп және улы шөптер болады. Алайда бұл әліде толық зерттелмеген. Қоян үшін ең құнарлы өсімдіктердің қатарына жататындар: мыңжапырақ, сурепка, бидайық, жылым, мать-и-мачеха, қалақай, подмаренник, жолжелкен, пижма, емдік бақ-бақ, лопушник, сібір борщевигі. Ал улы өсімдіктерге жататындар: сарғалдақ, аютамыр, тамырдәрі, күзгі лапызқы, үлкен сасық еліртпе.
Азықтың толық сіңірілуі, затайналымның жүруі қоян ағзасындағы суға байланысты. Қоянның ағзасы үшін судың маңызы ерекше зор. Ыстық уақытта қоянның денесінен артық қызуды булану арқылы су сыртқа шығарады. Ең маңызды қорегінің жоқтығына шыдап қоян бірнеше күн тіршілік ете алса да су тапшылығына шыдамайды. Қоян ағзасының 70 пайызын су құрайды. Сыртқы орта температурасы жоғары болғанда немесе көжектерін сүтімен қоректендіру кезеңінде қоянға судың қажеттілігі күнделікті қабылдауынан екі есеге артып түседі.
Ресейде қоян өсіру шаруашылығымен ерте уақыттан бастап айналысқан. Қоянды қолда бағып ұстау әуестігі халық арасында революцияға дейін де кездескен. Алайда бұл шаруашылық толық жетілмеген, тек қызығушылықтан туған жеке тұрғындардың шағын шаруашылығы ғана болды. Алғаш қоян шаруашылығы жиырмасыншы жылдардың аяғы мен отызыншы жылдардың басында ғана бой көтерді. Осы мақсатпен Ресейге шет елдерден 15 мыңдай асыранды қояндардың түрлері сатып әкелінді. Шет елден әкелінген: венский көгілдір, шиншилла, венский ақ, шампань, фландр, ақ великан деген және тағы басқа түрлері болатын.
Қазақстанда 1980 жылдары қоян шаруашылықтары қарқынды жұмыс жасаған. Павлодар облысының Мичурин совхозында, Алматы облысында, Шығыс-Қазақстан облысында, Қостанай облысында, Ақмола облысында қоянның советтік шиншилла түрі өсірілген.
Қоян өсіру еті үшін және тері алу мақсатында жүргізілді. Шаруашылық қояндарының да өзіндік ерекшеліктері бар. Сапалы өнім алу мақсатында шаруашылық иелері мұны да игеріп отырады.
Үй қояндарының өмір сүру ұзақтығы 10 жыл, өндірістік қолданысқа 3-4 жастағы қояндар алынады, бұл кезеңде қоянның салмағы 4 килограммнан 8 килограммға дейін жетеді.
Асқорыту жүйесі жақсы жетілген. Асқазаны бір камералы, көлемі 180- 200 миллилитр. Асқазан сөлі үздіксіз бөлініп отырады және қышқылдығы жоғары (рН 0, 3-0, 4), сол себепті де қоян құрамында клетчаткасы мол ірі азықтарды көп мөлшерде жеп, оңай қорыта алады. Тоқ ішегі жақсы жетілгендіктен қояндар шөптектес азықтарды жақсы сіңіріп, В тобына жататын дәрумендермен өз ағзасын жақсы қамтамасыздандырады.
Қоян асқазанының асты қорытуында азық рационындағы азықтың мөлшері мен түрі және қарынның қызметі өзара тығыз байланысты. Мысалы азықтың бір түрі азықтың қорытылу үрдісін төмендетсе, ал енді біреуі керісінше қарын бездерінің жұмысын тездетеді. Бұл ғылыми тұрғыда зерттеліп дәлелденген. Сол себепті, қояндардың асқорыту жүйесінде сәбіздің, орамжапырақтың, тартылған сұлының азотты құрамы тез қорытылады және сіңіріледі. Ал арпаның азотты құрамы өте төмен және аз сіңіріледі. Қоянның асқорыту жүйесінен азықтың толық қорытылып өтуі 60-72 сағатты құрайды.
Үй қоянының тынысалу жүйесінң жетілуі төмен. Өкпесі небары 12-15 грамм, салмағы дене салмағына шаққанда 0, 36%ын құрайды, өкпесінің оң жағы сол жақ бөлігіне қарағанда үлкенірек. Тыныс алу жиілігі минутына 50-60 рет, жазғы күнгі ыссылықта - 35ºС де 280 ге жетеді. Қояндар ауадан 1 кг дене салмағына шаққанда 478-632 см 3 оттегін жұтып, 450-630 см 3 көмірқышқылын бөліп шығарады.
Қанайналым ағза үшін айтарлықтай маңызды, анатомиялық тұрғыдан барлық ағзалармен және ұлпалармен тығыз байланысып, барлығын үлкен жүйеге біріктіріп тұр. Қан және лимфоайналым жүйесі сұйықтықтан немесе сұйық ұлпалардан (қан және лимфа), қан түзуші ағзалардан (бауыр, сүйек қызылкемік майы, талақ), қантамырлары мен лимфа тамырларынанжәне оларды қозғалысқа келтіретін жүректен құралған.
Қоян ағзасындағы жалпы қанның мөлшері оның салмағының 5-6, 7 пайызын құрайды. Қоян жүрегі минутына 120 дан 160 қа дейін соғады. Қоянның қалыпты дене қызуы 38, 5 - 39, 5ºС, сыртқы орта температурасына байланысты өзгеріп отырады.
Тері жамылғысы қоян денесін сыртқы механикалық әсерлерден қорғайды, уытты микроорганизмдердің енуінен сақтайды. Терісі дене температурасының жылу реттеуіші қызметін атқарады, бөлу және тыныс алу қызметтерін атқарады. Терісінің жалпы салмағы 350-450 грамм, немесе қоянның салмағына шаққанда дененің 12 пайызын құрайды.
Ересек қоянның түлеуі жылына бір рет (күзде), ал көктем-жаз кезеңінде көбіне жүн жамылғысының түсінің өзгеруі ғана жүреді. Жас қоянның алғашқы түлеуі туылғаннан 14-15 тәулік өткен соң басталып 3-4 айлығында аяқталады. Екінші түлеуі жас қоянның ерте көжектеудің 10-15 апта өткен соң басталып, 6-7 ай жасына келгенде аяқталады. Үшінші түлеуі ерте көжектеуде және келесі түлеуі кеш көжектеу кезінде басталып, желтоқсан айында кейде қаңтар айында аяқталады.
Жүйке жүйесі жалпы ағзаның ішкі қалып күйін сыртқы ортамен байланыстыра отырып тіршілік қызметін ретке келтіріп отырады.
Қоян жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғары жануар болып есептеледі. Сол себепті де ол күйзеліске оңай әрі тез шалдығады. Күйзелістің алғашқы сатысы адамдар қоянның көжегін жиі қарағанда қоянның қызғаныш реакциясы, бұл уақытта аналық қоян көжектерін бауырына қысып тастайды. Қояндар тұрған қоражайға жеңіл шаруашылық жөндеулер мен күрделі құрылыс жүргізілген кезде жүйке жүйесі қозып жаппай күйзеліске ұшырау. Мұндай жағдайда ұрғашы қояндарда іш тастау болады.
Үй қояны жыныстық жетілуінің тездігімен ерекшеленеді, 3-3, 5 айлық қоян жыныстық жетілген болып келеді. Жас аталық қоянның жасы аналықтан 2-3 айға үлкен болу керек. Ұрғашы қоян жылдың кез-келген уақытында ұрықтанған болуы ықтимал. Ұрғашы қоянның жыныстық күйлеуі: жаз кезеңінде әр 5-6 тәулік сайын, қыс кезеңінде әр8-9 тәулік сайын.
Асыранды қояндардың көбею ерекшелігі қоянның түріне, ұрпақтан ұрпаққа берілетін жеке қасиетіне және күтім мен азықтандыру сапасына да қатысты. Асыранды қояндар бір туғанда 6-12, кейде 16-19 данадан көжектейді. Аналық қоянның буаздық кезеңі 30-32 күн. Жатыр ішіндегі ұрпағы тез жетіледі. Оларды 13 күндігінде енесінің сыртқы бүйір қабырғасынан ұстап байқауға болады, ал 16-күні іште жатып қозғала бастайды.
Туылған көжектердің бір-біреуінің салмағы 40г-нан 90 г-ға дейін болады. Көжектер енесінің сүтімен екі айдан астам уақыт қоректенеді. Жаңа туылған көжек соқыр, денесі жүн жамылғысынсыз, 16 сүт тістері бар. Екі күннен кейін денесіне жүн жамылғысы өсе бастайды, 10-14 күнде көзі ашылады, 17-20 күндік көжектер өздері жүріп қоректене алады. 18 күндігінде тістері жаңарады. Көжектер алғашқы аптада-ақ салмақ қоса бастайды, түріне қарай 30 күндік көжектер орташа түрі 400-500 г, ірі түрі 600-700 г салмақ тартады. Қоян шаруашылығының иелері көжектерді қалай күтуін жақсы меңгереді, арнайы торлар дайындап, 29-30 күндік көжектерді анасынан бөлек орынға орналастырады. Төрт айлық жасқа дейін көжектердің интенсивті өсуі толық байқалады, осы уақытта олардың сыртқы тұрпаты ересек қояндармен шамалас болады. Сегіз айлық жасында қояндардың өсуі толық тоқтайды.
Қояндардың жылдам жетілуіне де түр әсер етеді. Орташа түрге жататын қояндардың жыныстық жетілуі 3-3, 5 ай, ірі түрге жататын қояндар 3, 5-4 айлық жасы. Алайда оларды бұл уақытта шағылыстыру қоянның өсуіне кері әсерін тигізеді және өміршеңдігі төмен ұрпақ әкелуіне себепкер болады. Сол себепті орташа түрге жататын қояндарды 4-5 ай, ал ірі түрге жататын қояндарды 5-6 ай жасында шағылыстырады.
1. 2 Қоян ұшаларының, ішкі мүшелеріың балғынлығын анықтау
Үй қояны да өзге үй жануарларының қатарындағы сойыс малы болып табылады. Сондай-ақ, қоянды сойысқа қабылдау, сою, ет сапасын бағалау тәртібі де үй жануарларын союда қолданылатын ет сапасын бағалау тәртібімен бірдей деңгейде жүргізіледі.
Қоян ұшаларының және ішкі мүшелеріың балғынлығын анықтау алдында сойыс қоянының қалып-күйін тексеру, союға лайықтылығын анықтау, сойғаннан кейін ұшаны және ішкі мүшелері ветеринариялық-санитариялық сараптау ережелері талапқа сай реттілікпен жүргізіледі.
Сойысқа тек сау қояндар ғана жіберіледі. Сойылымға жіберілетін қоян 2-4 жас арылықта болады. Сойысқа жіберілетін қояндар міндетті түрде ветеринариялық қараудан өткізіледі. Ет өндіріс орындарына союға жіберілген қоян партиясына ветеринариялық куәлік немесе анықтама беріледі. Куәлікте қоянның саулығы жөнінде және жұқпалы аурудан таза шаруашылықтан шыққаны жөнінде барлық тиісті мәліметтер көрсетіледі.
Ет өнеркәсібінің ветеринар дәрігері әкелінген сойыс қояндарына берілген ветеринариялық куәлігінің дұрыстығын, тиісінше жолдама құжатын тексеріп, әрбір қоянды жекелеп қарайды, дене қызуын тексереді. Сойыс қояндарының жағдайы ветеринариялық санитариялық талапқа сай болған жағдайда ғана ветеринар маман сойғанға дейінгі күту тәртібін қолданып азықтандыру ережесін ұсынады, сойғанға дейін малдәрігерлік бақылауда болады. Сояр алдында қояндар 14-18 сағат ашықтырылады, суғару союдан 3-4 сағат бұрын тоқтатылады.
Егер ұзақ жолдан тасымалданып әкелінген жағдайда жануарда шаршағандық байқалса, онда қояндарды союға рұқсат етілмейді. Оларға кемінде 48 сағат бойы қалыпты күтім жасалып, азықтандырылады.
Сойыс күні барлық қояндардың қалып-күйі міндетті түрде ветеринариялық тексерістен өткізіледі.
Қоянды сою арнайы жабдықталған бөлмеде жүргізіледі. Сояр алдында қояндардың денесі шаңнан, азық қалдықтарынан тазартылады.
Қоянды союдың өзіндік тәсілдері бар. Алдымен есеңгіреу, қансыздантыру, терісін сыпыру, ұшаны өндеу.
Есенгірету: қоянды құлағынан ұстап алып, артқы екі аяғынан арнайы қармаққа жоғарыдан төмен қарата бекітеді. Қоян тынышталған соң желкесінен ағашпен соғады.
Қансыздадыру: есеңгіреткен бойда екі көзін ойып немесе басын бірінші мойын омыртқа тұсынан кесіп алып, төмен қара салбыраған күйі 5-7 минуттай қанын ағызады. Сонан соң қоянның құлағынан немесе алдыңғы аяғын сол қолмен жоғары көтере ұстап, оң қолдың көмегімен қоянның ішінен бірнеше қайтара төмен қарай баса жүргізіп несепті шығарады. Бұл қуықтан несептің шығып етті бүлдірмеуі үшін жасалады.
Терісін сыпыру: қармаққа қайта ілінген соң артқы аяқтарының секіру буындарының тұсынан өткір пышақпен дөңгелендіре теріні кесіп шығады. Бұдан соң теріні артқы аяқтың іш жағымен екінші аяғына қарай бағыттай пышақпен анальді тесігін бойлай кесіп өтеді. Екінші аяғының да секіру буынына жеткен соң терісін дөңгелендіре кеседі. Арқа жонын құйрығынан төмендете ұшадан бөлектеп алады, одан әрі іреу жасағандай етіп теріні төмен қарай басына дейін тартып сыпырады.
Қоянның ұшасынан ішкі мүшелері бөлектеп алады, өңдейді. ішкі ағзаларымен бірге ветеринариялық санитариялық қарауға жібереді.
Қояндарды соятын арнайы цех болмаған жағдайда, ет өндіруші орындарда әкелінген қояндарды соятын арнайы бөлме дайындалған болуы шарт.
Келген партияның ішінде ауруға күдікті қояндар кездескен жағдайда оларды сау қояндардан бөлектеп, басқа сою бөлімінде сояды немесе ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, сау қояндар сойылып болғаннан кейін ғана сол сою бөлмінде союға рұқсат теіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz