Ультракүлгін сәулелену


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  • Ультракүлгін сәулелену
  • Ультракүлгін сәулесінің зияны
  • УК-сәулеленудің нуклеин қышқылдары мен белоктарға әсері
  • УК сәулеленудің белокка әсері
  • УК сулелердік нуклеин қышқылдаран негізгі әсері

Ультракүлгін сәулелену

Ультракүлгін сәулелену (Ультракүлгін сәуле шығару) - жарық сәулелері спектрінің күлгін бөлігіне іргелес, күлгін және радиосәулелер аралығында орналасқан, толқын ұзындығы 400-10 нанометр (нм) аралығына сәйкес келетін электрмагниттік сәулелену.

Күн сәулелерінің әсер етуінен адам табиғи күнқақтылық алып қана қоймайды, сондай-ақ шаршаушылық пен қажушылықтан да құтылады. Күннің табиғи ультракүлгін сәулеленуінің әсер етуінен адам тіндерінде өзіндік алмасу үдерістері болып өтеді. Күңгірт пигмент қалыптасуымен күнқақтылық және УК толқындардың әсер етуі есебінен мөлшерлі күндік сәулелену денсаулыққа оңды әсер береді.

Ультракүлгін сәулеленудің әсер етуімен:

  • адам ағзасы қорғаныс тетіктерінің белсенділігі артады;
  • сезімталдыққа әсер етеді;
  • қан ұю үдерістері қалыпқа келтіріледі;
  • липидтік (майлық) алмасу көрсеткіштері жақсарады;
  • сыртқы тыныс алу функциялары жақсарады;
  • бүйрек үсті бездері қабығының белсенділігі артады;
  • миокардты оттекпен жабдықтау күшейеді, оның жиырылу қабілеттілігі артады.

Ультракүлгін сәулелердің әсер етуімен терінің мүйізді қабаты қалыңдайды, оның созылымдылығы артады. Осылайша, жергілікті өзін-өзі қорғаудың артуы терінің қауіпті іріңдік жұқпаларынан, әсіресе ана мен баланы босану және босанғаннан кейінгі кезеңде сақтандырады. Жергілікті әсерінен бөлек, сәулелену үдерісінде жүйкелік-гуморальды жол бойынша жалпы иммуногенез артады, антиденелердің түзілуін ынталандырудың арқасында лейкоциттердің белсенділігі артады. Сәулелену сондай-ақ өкпеге, жүктілік кезінде кездесетін гипохромды қаназдыққа оңды әсер етеді, бұған қоса эритроциттер саны мен гемоглобин деңгейі артады. Теріде эргостерол кальциферолға (D дәрумені) айналады, ол жүкті әйелді тістері мен қаңқасының зақымдануынан сақтандырады.

Екінші жағынан, қандағы кальцийдің жеткілікті жоғары деңгейі тіндердегі калий иондарының қалыпты арақатынасының болуы үшін жағдайлар жасайды. Иондардың мұндай тепе-теңдігі жасушалық жарғақшалардың өткізгіштігін төмендету мен су-тұздық алмасуды жақсартудың шарты болып табылады. Широко используется бактерицидное действие УФ излучения. Различают прямое и непрямое бактерицидное действие ультрафиолетовых лучей. Тікелей әсер ету нәтижесінде жарақат, шырышты қабықша бетіндегі микроағзалар ақуыздарының коагуляциясы мен денатурациясы болып өтеді, бұл бактериялық жасушаның өлуіне әкеледі. Ультракүлгін сәулеленудің жанама әсер етуі ағзаның иммунобиологиялық реактивтілігінің өзгеруімен байланысты.

УК сәулеленудің әсерінен малдардың терісінде пассивті провитаминнен активті жұмыс істейтін Д дәруменіне айналу реакциясы жүреді. Ол зат алмасуды реттеуде маңызды рөл атқарады. Д дәрумені жетіспеген жағдайда минералды, ақуызды және көміртектік-май алмасу бұзылады. Ол өз кезегінде ацидоз, остеомаляция, рахит және т. б. аурулар болуы мүмкін. Сонымен қатар жас төлдердің өсуі мен дамуы бәсеңдеп, аурулары жиілеп, ересек малдардың және құстардың өнімділігі азаяды.

Ультракүлгін сәулесінің зияны

Күннен қашып, көлеңкені саяласаңыз да ультракүлгін сәуледен пайда болған тері жарақаты ұзақ уақыт жазылмайды. Ғалымдардың айтуынша, күн ваннасын, сондай-ақ, соляри қабылдағаннан кейін ультракүлгін сәулелену терінің түсін кіргізетін мелани затын түзетін меланоциттің арнайы жасушасындағы ДНК-ны зақымдайды. Ал бұл өз кезегінде тері обырының пайда болуына себеппкер болады. Бұрын меланиннің теріні сыртқы факторлардың жағымсыз әсерінен, дәлірегі, ультракүлгін сәуледен қорғайтыны туралы пікір айтылып келген болатын. Алайда, жаңа зерттеу нәтижесінен меланиннің теріні тек қорғап қана қоймай, сонымен қатар, зиянды әсерін тигізетіні белгілі болып отыр. Зерттеушілер адам мен тышқанның меланоцитін ультракүлгін сәулеленумен сынап көрген екен.

Меланинді меланоцитте ДНК-ның зақымдану процесі баяу жүрген және сәулелену тоқтағаннан кейін де бұл процесс бірнеше сағатқа созылған. Ал меланині жоқ меланоцитке келсек, тек сәулелену кезінде ғана зақымданған. Егер ересек адам терісінің ішіне үңілсек, онда мелианиннің оны зақымданудан қорғайтынын байқаймыз. Ол қалқан секілді қорғайды. Десе де, оның пайдалы жаағымен қатар зиянды жағы да бар болып шықты. Бұл жайында Йел университетінің медицина мектебінің терапевтік радиология және дерматология профессоры Дуглас Браш мәлім етті.

Толқын ұзындығы қысқарған сайын мөлдір денелердің оларды сіңіруі күшейе түседі, ал ұзындығы 100 нм-ден кем сәулелер толық ұсталып қалады. Көптеген ғарыш денелері, әсіресе Күн ультракүлгін сәуле шығарады. Жерге түсетін ультракүлгін сәулелер А (толқын ұзындығы 400-320 нм), В (320-290 нм) және С (290-40 нм) болып бөлінеді. "А" ультракүлгін сәулесі Жер бетіне көрінетін сәулелермен (жарық сәулелерімен) қатар келіп жетеді, айтарлықтай фотохимиялық әсері бар, мысалы, теріпі "тотықтырады" (секпіл басып кетеді) . "В" ультракүлгін сәулесінің едәуір бөлігі Жер атмосферасының озон қабатында тұтылып қалады, тірі протоплазманы жою қасиеті бар. Ол көп мөлшерде әсер еткен жағдайда теріні күйдіреді, қабыршақтандырады, тері обырының кейбір түрлерінің (базальдық клеткалар ісігі, терінің тікенек тәріздес клеткаларының обыры, меланома) себепші болады. Жер бетіне келіп жететін "С" ультракүлгін сәулесі толығымен дерлік атмосфера қабатында тұтылып қалатындықтан, Жер бетіне жетпейді. Ультракүлгін сәулелер организмнің иммунитетін төмендетеді, әр түрлі көз ауруларына себепші болады

Ғалымдар күн ваннасын қабылдап болғаннан кейін де ДНК-ның зақымдануына апарып соқтыратын процестің қалай жүретінін түсіндіріп берді: ультракүлгін сәулелену меланиннің түзілуіне ықпал ететін ферменттердің белсенділігін оятады екен. Осы процесс негізінде күн түскен және қараңғы жерде де терінің зақымдануы бәрібір орын алады. Процесс өте баяу жүретіндіктен ғалымдар оның алдын алудың жолдарын қарастырған. Сондай тәсілдердің бірі - күнге қыздырынғаннан кейін тері жасушаларына тигізетін кері әсеріне тосқауыл қоятын түнгі кремді жағуға кеңес беріп отыр. Бұл жайындағы ғылыми мақала ағылшын тілінде жарық көретін Science басылымында жарияланған болатын.

УК- сәулеленужің белоктарға және нуклеин қышқылдарына әсерінің жалпы биологиялық маңызы бар. Алғашқы тіршлік пайдабола бастағанда жерде бір клеткалы қарапйым организмдерге өте күшті УК сәулелер әсер ететтін болатын, қазіргі уақыттада организмдерге әрқашан УК сәулелер әсеретіп келеді. УК сәулелену, клеткалардың өліміне, мутацияның пайда болуына немесе клеткалардың иноктивациясына алып келеді, бірақ медицинада және микроорганизмдердің генетикасында маңызы бар. Оның бологиялық және ферменативті үдерістердің заттар синтезінің стимуляторы ретінде көптеген қызығушылықты танытады.

УК-сәулеленудің нуклеин қышқылдары мен белоктарға әсері

УК сәулелер белоктарды және нуклеин қышқылдарды дестпукцияға алып келетін фотобиологиялық реакци яларды тудыруы мүмкін. Осы фообиологиялық реакциялар екінші реік өзгерістерді тудырады. Бірінші реттік өзгерістер ДНҚ структурасының өзгеруімен және белок денатурациясымен жүреді. Екінші реттік өзгерістер денатурацияланған белоктарды клеткалық ферметтер ыдырата бастайды. Сонымен қоса ыдыраған заттар қалдық болып жинала береді. Қалдық заттар жүйке жүйесіне тітіркендіргіш әсер етеді, одан күрделі рефлекторлық реакциялар туады.

УК сәулеленудің белокка әсері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зиянды сәулелену және одан қорғану жолдары
Ультракүлгін сәуле
Ультракүлгін сәулелену туралы түсінік
УК сәулелердің жоғары дозасымен сәулелену кезіндегі теріге канцерогендік әсері
ЭМӨ-тен қорғану әдістері, санитарлық-гигиеналық талаптар
Жарық көздерінің дамуы және негізгі қолдану орындары
Бастапқы фотохимиялық реакциялар
Балшықпен емдеу
Спектрофотометрлер
Күн радиациясы. Күн радиациясының адам ағзасына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz