Саңырауқұлақтардың физиологиясы жайлы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

СӨЖ

Орындаған:Бейбітова Н. Б.

Тексерген:Назарбекова С. Т.

Алматы 2016 жыл

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Саңырауқұлақтардың физиологиясы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиет

Саңырауқұлақтар - төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 1 -дай түрі кездеседі.

Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.

.

Біздің ғаламшарда өте ертеде пайда болған. Олардың қалдықтары жердің ертедегі геологиялық қабаттарынан да табылып отыр. . Жер жүзінің барлық аймақтарында кеңінен таралған: топырақта, суда, ағаш діңдерінде, тірі және өлі ағзалардың денесінде және басқа да жерлерде тіршілік етеді. Сонымен қатар металдардың, резеңке заттардың, тағамдардың бетінде, үйдің ішінде жиі кездеседі.

Саңырауқұлақтардың мөлшері жағынан өте кішкене, тек микроскоппен ғана көрінетіндері және салмағы бірнеше килограмға жететіндері де болады. Олардың өсімдікке де, жануарға да тән белгілері бар.

Саңырауқұлақтар - гетеротрофты ағзалар. Олардың көбісі- сапрофиттер - өлі өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Олар жасушаның целлюлозды қабатын және лигнинді бұзатын ферменттер түзеді. Сапрофиттердің аз ғана бөлігі жануар қалдықтарымен қоректенеді. Саңырауқұлақтардың көбісі жеуге жарамды. Саңырауқұлақтардың арасында жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен селбесіп тіршілік ететін түрлері де бар, ол микориза деп аталады. Мысалы, ақ саңырауқұлақ. Сонымен қатар, паразит саңырауқұлақтар да бар. Олар тірі ағзалардың есебінен қоректенеді, олар балдыр, жоғары сатыдағы өсімдіктерде және жануарларда тіршілік етеді

Саңырауқұлақтардың өсімді денесі түссіз әрі тарамдалған жіңішке жіпшелерден түзілген жіпшумақтан тұрады. Жіпшелері ұшынан өседі және жан-жағына жайылып тарамдала береді. Құрылысы қарапайым саңырауқұлақтардың (мукор) жіпшелері перделермен бөлінбей, тарамдалып өседі. Саңырауқұлақтардың басым көпшілігінің жіпшелері перделермен бөлінген көпжасушалы болып келеді. Олар жіпшелері арқылы ағзалық және бейағзалық заттарды сіңіріп, қоректенеді. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың жіпшелері топырақ астында 10-12 см тереңдікте болады. Сондықтан көзге көрінбейді. Ағаштарға жабыса бекініп өсетін саңырауқұлақтар да бар. Олардың жіпшелері ағаш сүрегіне енеді де, көзге байқалмайды.

Саңырауқұлақтар өсуі мен олардың биосинтезге қажетті қызметінің көрінісі үшін қуат көздері - көміртек, азот, сутегі, бейорганикалық қосылыстар,

калий, натрий, фосфор, магний, кальций, темір және күкірт;

микроэлементтер - марганец, мырыш, молибден, кобальт, мыс, бор, т. б. . ;

өсу факторлары; оңтайлы температура, ылғалдылық, аэрация дәрежесі,

жарықтандыру және басқа да факторлар қажет.

Саңырауқұлақтардың құрамы ферменттерге бай. Ферменттерді әр түрлі салаға пайдаланады, олар: жеміс шырынының түсін өзгертеді; шикізаттарды (мал азығын, қағаз қалдықтарын) өңдейді; нәруыздарды, крахмалды сүйылтады. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.

Гифаралдың жуандығы 1-ден 10 кейде 20 микронға дейін барады. Олардың көбісінің мицелийлері субстраттың ішінде жатады. Субстраттың бетінде жемісті денелері немесе спора тасушы органдары орналасады. Олардың пішіндері шар тәрізді, таға, қабық сияқты, қалпақты түбірге ұқсас және басқаша түрлі болып келеді.

Гифалар төбе жасушалары арқылы ұзарып өседі және моноподиальды бұтақтанады. Бүйірлік мицелийлер негізгі мицелийлерге ұқсайды. Тек паразит саңырауқұлақтардың көбісі иесінің жасушасының ішіне еніп жататын бүйірлік мицелийлері әрі қарай өспей, жасуша ішінде шар, алмұрт, немесе тарамдалған гаусторияғаайналады, сөйтіп иесінің жасушасындағы қоректік заттарды сорып, тіршілік етеді.

Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың кейбіреулерінде мицелий болмайды, вегетативтік денесі жалаңаш не қабықшасы бар протоплазмадан тұрады. Мұндай саңырауқұлақтардың жасушаларынан тарамдалған, өте жіңішке, ядросы жоқ қысқа жіпшелер өседі, оны ризомицелий деп атайды. Ол мицелийдің алғашқы нышаны болып есептелінеді. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері - көлденең перделерге бөлінбеген, көп жасушалы. Олардың перделерінде жасушаларды бір-бірімен байланыстырып тұратын өте ұсақ поралары болады.

Саңырауқұлақтардың жасуша қабығы құрамында насекомдар қабықтарының хитиніне ұқсас, хитин заты және полисахаридтер болады. Олардың жасушасы протоплазмадан, бір, екі, кейде одан да көп ядродан және вакуолядан тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері көп ядролы, ал жоғары сатыдағылардікі бірнеше ядродан тұрады.

Саңырауқұлақтар мен бактериялар топырақ құрамындағы кейбір зиянды бактериялардың көбейіп кетпеуіне ықпал етеді. Өздерікен арнайы зат бөліп, зиянды бактериялардың өсуін тежейді. Оларды антибиотиктер деп атайды. (Антибиотиктер (гр. autі - қарсы және гр. bіos - тіршілік) - микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат; микроорганизмдермен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроорганизмдерді және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді. )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ашытқы саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақ физиологиясы
Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы
Саңырауқұлақтардың физиологиясы
Микотоксиздер
Өсімдіктердің қолайсыз орта жағдайларына төзімділігі
Қалталы саңырауқұлақтар – ascomycetes класы
Саңырауқұлақтардың физиологиясы және олар бөлетін белсенді заттар
Орман фитоптологиясының шығу тарихы
Медициналық микробиологияның тарихи дамуындағы микробиология, вирусология және иммунологияның алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz