Саңырауқұлақ физиологиясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Биология және биотехнология факультеті

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Саңырауқұлақ физиологиясы

Орындаған : Дузелова З. Б.

Тексерген : Назарбекова С. Т. (б. ғ. к., профессор м. а. )

Жоспар:

I. Саңырақұлақ физиологиясына сипаттама

1. 1 Саңырауқұлақ құрамы

1. 2 Антибиотиктер

1. 3 Химиялық құрамы

II. Саңырауқұлақ токсиндеріне анықтама

  1. Саңырауқұлақ токсиндерінің 3 топтарына сипаттама

III. Саңырауқұлақ фитогормондары

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Саңырауқұлақ физиологиясы

Саңырауқұлақтар - төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың қазiргi уақытта саңырауқұлақтардың 120 000 түрi белгiлi және ғалымдар жыл сайын жаңа түрлердi ашып, сипаттауда. Саңырауқұлақтар Fungi әлеміне ( Mycetes Mycota ) жатады.

Fungi collage.jpg

Микология (грек. mykes - саңырауқұлақ және логия) - саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым. Микологияның негізгі мақсаты саңырауқұлақтың морфологиясын, түрлік құрамын, жүйелік топтарын, биологиясын, экологиясын, физиологиясын, филогениясын, т. б. сондай-ақ табиғатта таралуы мен адам тіршілігіндегі маңызын зерттеу. Микологияның негiзiн салушы деп саңырауқұлақтардың классификациясын жасаған және олардың көбею механизмiн зерттеп сипаттаған немiс биологы Генрих Антон де Баридi (1831 -1888) атауға болады. Өсiмдiктердiң ауруын қоздыратын саңырауқұлақтарды зерттеуде Бари қыналар саңырауқұлақтар клеткалары мен балдырлардан тұратынын дәлелдеген.

Саңырауқұлақ (шампиньон, трюфель, бүріспе) туралы алғашқы мәліметтер б. з. б. 4 ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Теофрастың еңбектерінде кездеседі. Б. з. 1 ғасырында итальяндық ғалым Плиний саңырауқұлақтардың дамуына сипаттама беріп, бірінші рет олардың жіктелімін жасамақшы болды. 1578 жылы голландық ғалым К. Клаузиус саңырауқұлақтардың 221 түріне арналған түрлі-түсті атлас жасады.

Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.

Түрлері бойынша Жейтін саңырауқұлақтар және Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесемицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.

Саңырауқұлақтар - төменгi сатыдағы эукариоттар, тiрi организмдер дүниесi. Саңырауқұлақтардың ерекшелiгi өсiмдiк белгiлерiнiң (қозғалмайтындығы, шексiз өсуi, витаминдердi синтездеу қабiлетi, клетка жарғақшасының болуы), жануарлар белгiлерiнiң (гетеротрофты коректену, клеткалық жарғақшада хитиннiң болуы, гликогеннiң болуы, мочевинаның түзiлуi), сонымен қатар ерекше даму циклi (ядролық фазалардың алмасуы, дикариондардың, гетерокариоздың, парасексуальды процесстiң болуы) болуында.

Саңырауқұлақтар - бiрклеткалы (микроскопиялық) немесе көпклеткалы, көлемi мен құрылысы жағынан әртүрлi организмдер: гетеротрофтар, аэробтар. Саңырауқұлақтардың әртүрлi кластары, әртүрлi талшықтылар мен амебатәрiздi организмдерден полифелитикалық жолмен пайда болды деген жорамалдар бар.

Вегетативтi дене субстраттың iшiнде немесе сыртында дамитын тарамдалған жiпшелер жүйесiнен тұрады және коректiк заттарды осмос арқылы сiңiру үшiн жанасу ауданы үлкен болып келедi. Саңырауқұлақтар вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолмен көбейедi. Вегетативтi көбею мицелий бөлiмдерi немесе арнайы фрагменттер Саңырауқұлақтар дүниесi үш бөлiмнен тұрады: нағыз саңырауқұлақтар - эумикота, оомицеттер және миксомицеттер.

Өсiмдiктерге қарағанда саңырауқұлақтар күн сәулесi энергиясын пайдалана алмайды және ауадағы көмiрқышқыл газымен коректене алмайды. Тiршiлiк үшiн оларға барлық жануарларға сияқты өсiмдiктер мен жануарлардың түрлi қалдықтары түрiндегi дайын органикалық заттар қажет. Сол себептен саңырауқұлақтардың табиғаттағы рөлi шөптермен ағаштардың рөлiне тiкелей қарама қарсы. Өсiмдiктер көмiрқышқыл газбен минералды заттардан органикалық материяны өндiрсе, саңырауқұлақтар бактериялармен және кейбiр қарапайымдылармен оны ыдыратып планетаның тiршiлiк негiзiн құрайтын керемет айналымға қайтарады. Саңырауқұлақтардың сырттай байқалмайтын қызметiнсiз жерде кепкен жапырақтар мен шiрiген ағаштар және жануарлар қалдықтары жиналып, өлi материя астында бүкiл тiршiлiк құрып кететiн едi.

Саңырауқұлақтардың құрамы ферменттерге бай болып келеді(фермент-зат алмасу процесінің барысында барлық клеткаішілік реакцияларға қатысатын биокатализаторлар) . Ферменттерді әр түрлі салаға пайдаланады, олар: жеміс шырынының түсін өзгертеді; шикізаттарды (мал азығын, қағаз қалдықтарын) өңдейді; нәруыздарды, крахмалды сүйылтады. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар құрамында 80-90% су, 2-4%-ға жуық нәруыз, 1%-ға жуық май болады. Демек олар тағамға пайдаланылады.

Антибиотиктер (гр. autі - қарсы және гр. bіos - тіршілік) - микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат; микроорганизмдермен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроорганизмдерді және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді. Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А. Флеминг болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т. б. қасиеттері бойынша жіктеледі.

Саңырауқұлақтар мен бактериялар топырақ құрамындағы кейбір зиянды бактериялардың көбейіп кетпеуіне ықпал етеді. Өздерікен арнайы зат бөліп, зиянды бактериялардың өсуін тежейді. Оларды антибиотиктер деп атайды. Ондай антибиотиктерге бактериялардан бөлінетін стрептомицин, тетрациклин және саңырауқұлақтардан алынатын пенициллин жатады. Бұл антибиотиктерді өндірісте жасанды жолмен алу жолға қойылған. Адам баласы бұл дәрілерді күнделікті пайдаланады. Соңғы кезде медицинада жүректі, бүйректі операция жасап ауыстырғанда пайдаланылатын дәріні топырақтағы саңырауқұлақтан бөліп алды. Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат - гибереллин, зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын боверинде саңырауқұлақтардан алынады.

Антибиотиктер зең саңырауқұлағынан, актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Зең саңырауқұлағынан пенициллин антибиотигі алынады. Аспергилден лимон қышқылы өндіріліп, медицинада, өнеркәсіпте кеңінен қолданылады.

Пенициллин , толық атауы бензилпенициллин - түрлі микробтарға қарсы, іріңді жараны, өкпе қабынуын, баспа, соз және басқа ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотик. Ол ең әсерлі антибиотиктердің бірі. Пенициллин көптеген іріңді бактерияларды қоса алғанда, бактериялардың көптеген түрін жояды. зең саңырауқұлағы түзетін, шипалық антибиотик. 1943 жылдан өндірістік жолмен шығарыла бастады. Шипалық мақсатта калий тұздарына новокаин түрінде ерітіп қолданылады.

Стрептомицин -актиномицеттер тобының кейбір микроорганизмдері түзетін антибиотик. Ақ түстң ұнтақ. Суда жақсы ериді, әсер ету ауқымы кең антибиотик қышқылға төзімді. Өкпе ауруын (туберкулез), менингитті қоздырғыштарға жойқын әсер етеді.

Тетрациклин кең ауқымда қолданылатын антибиотик, бұл яғни әртүрлі бактерияларға қарсы пайдалануға болады деген сөз. Тетрациклинді бактериялар мен амебалардың қоздыруы салдарынан болатын іш өту мен қанды іріңді іш өту ауруына қоддануға болады. Сондай-ақ қолтық қабынуы, тыныс жолдары ауруларына (бронхит т. т. ), зәр шығару жолдары ауруларына, сүзекке, бруцеллезге, тырысқаққа (холераға, басырға, өттің инфекциялық ауруына, хламидияға, созға, жамбас аумағы) органдарының қабынуына қолдануға да болады.

Саңырауқұлақтарды кез-келген жерден табуға болады. Олар пiсiп-жетiлгенде қызыл шоғырбастары жарылып, олардан жаңа саңырауқұлақтар өсетiн спораларды шашып жiбередi. Көгергендерден, көптеген бактерияларды жойып жiберетiн пенициллин антибиотигiн өндiредi.

Саңырауқұлақтардың химиялық құрамы - органикалық және минералды заттар: су - 60-90%, көмірсу - 40%, оттегі - 40%, азот - 7-8%, сутегі - 2-3%. Күл құрамы - орташа шамамен 10% құрғақ зат. Органикалық заттардан саңырауқұлақтар құрамында майлар, көмірсулар, дәрумендер, ферменттер, токсиндер, органикалық қышқылдар, т. б. бар.

Саңырауқұлақ токсиндері.

Токсин (грек тіл. τοξικός (toxikos) - улы) . Бактериялық токсиндер (орыс. бактериальные токсины ) - тіршілік ету процесінде кейбір ауру тудырғыш бактериялардың (ботулизм, сіреспе, түйнеме, іш сүзегі) бөлетін улары. Белгілі бактериялық улардың ішіндегі ең күштіcі - ботулизм уы. Бактериялық токсиндер адам организміне түскен жағдайда өзіне тән белгілері білініп катты уланады. Зақымданушының жалпы жағдайының нашарлауымен қатар, көз алдындағы зат екеу болып көрінеді, көздің қарашығы үлкейеді, жұтыну қиындайды, естуі нашарлайды. Улану кебінесе бірнеше сағаттан кейін-ақ білінеді. Зақымданғандарды дер кезінде анықтап, емдеу керек.

Сол бұрынғы заманнан- ақ грек және римдік жазушылар саңырауқұлақтардың құрамының улы екенін және сол қауіпті саңырауқұлақтармен улануды хабарлаған.

Улы саңырауқұлақтардың токсиндерінен пайда болған улану түрлері 3 негізгі топқа бөлінеді:

Олардың біріншісі жергілікті тітіркендіргіш әсері бар заттар құрайды, функцияларының және ас қорыту жүйесінің бұзылуын туғызады. Олардың әсері тез байқалады немесе 15минуттан кейін, ең кеш дегенде 30-60минут. Бұл топтан токсиндер құрайтын көптеген саңырауқұлақтар шұбар (шампьон (желтокожий) немесе сарғыш шампьон, Entoloma т. б) 2-4 күнде кететін және жеңіл улану түрін тудырады.

http://gribu.ru/sites/default/files/katitem/shampinon_zheltokozhiy_03.jpg

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/4/4b/Entoloma.rhodopolium3.-.lindsey.jpg

Екінші топқа нейтротропты әрекеттер жатады, яғни бірінші кезекте орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуына алып келеді. Улану белгілері 30минуттан кейін немесе 2сағаттан соң байқалады:естен тану, жылау немесе күлу, ас қорыту жұмысының бұзылуы, ұстамалар белгілері т. б. Мысалы: олар қызыл мухоморада табылған.

http://ya-gribnik.ru/images/myhomor/3.jpg

Үшінші топ өлімге әкелетін қалталы саңырауқұлақтардың өте улы токсиндер түрі. Мысалы: сасық мухомор және көктемдік мухомор т. б түрлері жатады. Ерекше қауіпті токсин, олар ағзаға түскенде ешқандай белгі байқалмайды(48минут) . Жасырын кезеңнен кейін ғана, кейбір ішкі органдарда мысалы: бауыр немесе бүйрек некрозы, уланудың бірінші белгілері-ішек бұлшықетнің бұзылуы, құсу және іштің өтуі байқалады.

Фитогормондар - өсімдіктермен өндірілетін және реттеуші функцияларды атқаратын төмен молекулалы органикалық заттар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ашытқы саңырауқұлақтар
Фотосинтездің жүйелердегі энергия ауысу процестері
Күріш дақылы жайлы
Қалталы саңырауқұлақтар – ascomycetes класы
Микроорганизмдердің өндірістік штамдарын алудың жаңа тәсілдері
Саңырауқұлақтардың физиологиясы
Патологиялық физиология пәні және патологиялық физиологияға үлес қосқан ғалымдар.Ауру туралы жалпы түсінік
Алматы облысы, Қаратал ауданының климаттық жағдайы. Пиязды өсіру технологиясы
Гүлді өсімдіктердің аурулары жайлы
Медицинада колданатың бактериалды препараттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz