Саңырауқұлақтар және олардан бөлінетін биологиялық белсенді заттар


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Орындаған : Хамза А. Е. (ББ14-К)

Тексерген: б. ғ. к., профессор м. а. Назарбекова С. Т.

Тақырыбы: саңырауқұлақтар және олардан бөлінетін биологиялық белсенді заттар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биология және биотехнология факультеті

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

Жоспар:

  1. Саңырауқұлақтардың қоршаған ортадағы маңызы
  2. Антибиотиктер
  3. Гибберилиндер
  4. Витаминдер
  5. Пайдаланылған әдебиеттер

Саңырауқұлақтар тайгада, тундрада, далалы жерлерде, тау ормандарында, шалғындықта, батпақта, қоймаларда, құрылыстарда кездеседі. Сөйтіп табиғатта зат айналымына қатысады. Бактериялар мен топырақта болатын басқа да майда саңырауқұлақтар бірлесіп, өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақ қалдықтарын (өсімдіктің құраған бөліктері, жануарлардың, майда бунақденелілердің өлекселері) ыдыратып, шірітеді. Сөйтіп топырақты ағзалық заттармен байытып, құнарлылығын арттырады.

Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары ыдырамай, өңделмей, топырақта жата берсе, әр түрлі жұқпалы аурулардың таралуына себепші болар еді. Саңырауқұлақтардың қалдықтарды ыдыратуы топырақтың тазаруына, аурулардың таралмауына көп пайдасын тигізеді. Қалың ағашты ормандардың жапырақтары жыл сайын жаппай түсетіні белгілі. Ағаштардың түбінде өсетін қалпақшалы саңырауқұлақтар жапырақтарды ыдыратып, оларды бактериялар қара топыраққа айналдырады. Сондықтан орман арасындағы топырақтың құрамы өсімдіктерге қажетті минералды тұздарға өте бай болады.

Саңырауқұлақтардың құрамы ферменттерге бай. Ферменттерді әр түрлі салаға пайдаланады, олар: жеміс шырынының түсін өзгертеді; шикізаттарды (мал азығын, қағаз қалдықтарын) өңдейді; нәруыздарды, крахмалды сүйылтады.

Зең саңырауқұлағынан пенициллин антибиотигі алынады. Аспергилден лимон қышқылы өндіріліп, медицинада, өнеркәсіпте кеңінен қолданылады.

Антибиотиктер.

Антибиотиктердің тарихы ағылшын бактериолог-ғалымы Александр Флемминг ашқан жаңалықтан кейін басталды. Оның лабораториясында Петри табақшасында қоректік орталарда өсіп тұрған түрлі микробтар жиынтығы болған. Ғалымның назарын аударған нәрсе - табақшаның шетіндегі саңырауқұлақтардың пайда болуы және оның айналасындағы микроорганизмдердің жойылып кетуі. Флемингте саңырауқұлақтар микробтарды өлтіретін заттарды түзеді деген ой туды. Сөйтіп, осы саңырауқұлақтарды микроб колониялары бар табақшаларға енгізе бастады; осылайша, саңырауқұлақтар шынында да антимикробтық қасиеттерге ие екені анықталды. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақ бөлетін осы затты пенициллин деп атады. 1929 ж. Флеминг ашқан бұл жаңалыққа аса мән бергілген жоқ. Оған дейін орыс ғалымдары А. Г. Полотебнов және В. А. Манасенин де осы саңырауқұлақтардың ерекше қасиеттерін байқап, жаралар мен жарақаттарды емдеу үшін кең қолданған. Бұл уақытта пенициллин таза немесе концентрленген түрде бөлінбеген еді, ал саңырауқұлақтың өзі әлсіз әсер ететін және оны қолдану үлкен қолайсыздық тудырды. Пенициллинді концентрленген және таза түрде тек 1940 жылы ағылшындар Флори және Чейн бөліп алды.

Антибиотиктер - микроорганизмдердің басқа түрлерінің өсуін тежейтін немесе толығымен тоқтататын кейбір саңырауқұлақтардың спецификалық тіршілік өнімі. Грек тілінен аударғанда «тіршілікке қарсы» деген мағынаны білдіреді. Яғни, антибиотиктер - улы заттар және басқа микроорганизмдерге қарсы улы әсер көрсетеді. Антибиотиктердің саңырауқұлақтарда түзілуі эволюциялық сипатқа ие және олардың табиғи жағдайда немесе дақылдау кезіндегі метаболизмінің жалпы процесстерімен тығыз байланысты. Бұл антибиотикердің түзілуі тұрақты емес; мысалы, Penecillium urticaе сериясының саңырауқұлақтары түзетін патулин пенициллинге қарағанда (әсер ету аймағы тар) тұрақтырақ түзіледі, алайда пенициллин табиғатта кең таралған. Осыған сүйене отырып, аз таралған саңырауқұлақтардың сақталуында антибиотиктердің рөлі айтарлықтай екенін атап өту керек.

Антибиотиктер концентрациясына байланысты сезімтал микроорганизмдердің өсуін тежеуі (бактериостатикалық әсер), оларды өлтіруі (бактерицидті әсер) немесе ерітіп жіберуі (литикалық әсер) мүмкін. Түрлі антибиотиктер микроб клеткаларының белгілі бір метаболиттік процессін тежейді - клетка қабырғасының бөліктерін (пенициллин, цефалороспорин), клетка мембранасының қызметін бұзады (нистатин, грамицидин), РНҚ-мен алмасуды (актиномицин, стрептомицин), ДНҚ-мен алмасуды (актидион, гризеофульвин), белок синтезін (оксистрептомицин), тыныс алуды (патулин), тотыға фосфорлануды және организмдегі басқа да көптеген биохимиялық процесстерді бұзады.

Цитрин - бірнегізді қышқыл, құрамына оттегі кіретін гетероциклді қосылыс, алтын түстес кристаллдар түрінде болады. Ол көбіне грам-оң (грамположительные) және қышқылға төзімді бактериялардың өсуін тежейді. Staph. Aureus, Basillus anthracis, Vibro cholerae, Mycobacterium tuberculosis бактерияларына жойқын әсер көрсетеді, Streptococcus pyogenes -тің өсуін тежейді; ал Salmonela entiritides, E. Coli, Shig dusenteriae, Salm. Thyphimurinum оған сезімталдығы төмен.

Пенициллиндер - күшті бірнегізді карбоксильді қышқылдар, құрамына түрлі бүйірлік радикалдары бар гамма-лактамтитиазолидинді сақиналар енеді. Пенициллинге негізінен грам-оң іріңдеткіш бактериялар - стафилококктар, стрептококктар, кейбір споратүзуші бациллдер сезімтал. Ал қышқылға төзімді және грам-теріс (грамотрицательные) бактериялар, саңырауқұлақтар, риккетсиялар, вирустар пенициллинге төзімді келеді.

Нотаин . Нотаин грам-теріс те, грам-оң бактерияларға да кең спектрде әсер ете алады, бактерицидті әсерге ие. Оның антибактериялық әсері ортадағы бактериялардың тығыздығы жоғары болғанда көрінеді (басқа антибиотиктерге қарағанда) .

Гризефульвин . Гризефульвин қабықшаларында хитині бар саңырауқұлақтарға физиологиялық әсер етеді: қабықшасының майысуына әкеледі және өсуін тоқтатады, зигомицеттердің, қалталылардың (ашытқылардан басқа), базидиальді және жетілмеген саңырауқұлақтардың көптеген түрлеріне фунгистатикалық әсер етеді. Өсімдіктің және тірі ұлпалары үшін улы емес болып есептеледі. Өсімдіктер тамырларымен өте жылдам сорып, ұлпаларында жинақтайды.

Өсу стимуляторлары.

Сапрофитті және фитопатогенді саңырақұлақтардың көптеген түрлері тіршілік процессінде және дақылдаудың (культивирование) белгілі бір жағдайларында айтарлықтай мөлшерлерде ауксиндер, гиберрелиндер және витаминдерді бөледі.

Аз концентрацияларда өсімдіктердің өсу және даму процесстерін стимуляциялайтын, өзгертетін заттарды өсу реттеушілері немесе өсіру заттары деп атайды. Өсу және даму процесстеріне көптеген метаболиттер, мысалы, органикалық қышқылдар, амин қышқылдары әсер ете алады. Алайда олардың әсері қатаң спецификалық болып келеді.

Ауксиндер типіне жататын өсу стимуляторларының 30-шы жылдары ашылуы бета-сірке қышқылына жататын қосылыстар тобының анықталуына септігін тигізді. Ауксиндер көптеген саңырауқұлақтардың метаболизмі процессінде түзіледі және өсімдіктердің өсуі мен дамуына стимуляциялаушы әсер көрсетеді. Өсімдіктер әлемінде ауксиндер әдетте өсу нүктелерінде болады және өсімдіктердің өсу процесстерінде, тұқымдардың өнуіне және тропизмдерге қатысады. Ауксиндер тобына жататын қосылыстарды топырақ саңырауқұлақтарының жәе актиномицеттердің көптеген түрлері түзеді.

Өндірістік жағдайда блаксела саңырауқұлағын қолданып жүр. Биологиялық активті заттарды микроорганизмдердің басқа топтары да түзе алады. Микробтар түзетін заттардың ішіндегі маңыздыларының біріне гетероауксин жатады. Ол алғаш рет ризофус деген саңырауқұлақтан алынды. Сонымен бірге, ол жоғары сатыдағы өсімдіктердің де клеткаларында кездесетіні анықталды. 1950 жылдарда өсімдіктердің өсуімен дамуына зор әсер ететін физиологиялық активті зат - гиберелинге көп назар аударылды. Оны өсімдікті зақымдайтын саңырауқұлақ гиберелла фуфикори түзеді. Оны алғаш рет зерттеген жапония ғалымы Куросава. Гиббериллиндер спецификалық өсу стимуляторлары болып келеді. Fusarium moniliforme, F. oxysporum және басқа да саңырауқұлақтарда түзіледі.

Алғашында гибберилиндерді 1935 жылы Жапонияда кең таралған күріштің қауіпті ауруын зерттегенде анықтады. Бұл ауруды Fusarium moniliforme тудырады, ол өз кезегінде Gibberella fujikuroi саңырауқұлағының конидиялы сатысы болып табылады. Аурудың көрініс беруі өсімдіктерде қалыпты өркендермен қоса, жіңішке жапырақтары бар ұзарған өркендер де пайда болуымен сипатталады. Олардың масақшалары да қысқарған болады: олар ерте түсіп, гүлдейді. Бұл дегеніміз өнімділіктің бірден төмендеуіне әкеп соқтырды. Егер F. Moniliforme бар стерильді фильтрлермен күріш өскіндерін өңдеп шықса, олар жетілу деңгейіне қарай ұзарып, ауру өсімдіктерге ұқсап кететіндігі анықталды. Осылайша, ауру тудыратын заттар саңырауқұлақтардың культуралық сұйықтығында болатындығы дәлелденген.

Гибберелиндер флуоренді қатардың ациклдік қосылыстарына жатады, құрылымдық негізі - гиббан. Гибберелин қышқылы - биологиялық ең активті гибберилиндердің бірі. Биологиялық әсерлеріне тән ерекшелігінің бірі - буынаралықтардың саны өспей, сабақтың ұзаруы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатта микроағзалардың әсері жайлы ақпарат
Биологиялық активті заттарды түзуші микроорганизмдер
Биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдер
ТОПЫРАҚ БИОЛОГИЯСЫ
Микроорганизмдердің ауада таралуы
Топырақ туралы
Микологиялық және фитопатологиялық анықтамалық сөздік
Топырақ ылғалы
Мұнаймен ластанған суды тазартудың заманауи әдістері
Қара топырақ микрофлорасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz