Биосфера туралы



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.Биосфера туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.Биохимиялық цикл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.Алмасу және сақтау қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.Айналымның блоктық моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3.Кейбір биохимиялық циклдардың мысалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Менің тақырыбымның аты Биосфера туралы түсінік және Биохимиялық цикл.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілігі бар үнемі тірі ағзалардың әреіне ұшырайтын бөлігін айтады. Тірі клеткалардың организмдік маңызы олардың алуан түрлілігімен барлық жерде таралуы жер тарихындағы тіршіліктің ұзақтығы мен биохимиялық қызметіның таңдамалы сипаты табиғаттың басқа компоненттерімен салыстырғанда химиялық белсенділігінің жоғары болуымен анықталады.
Жер биосферасы ғаламдық ашық жүйе. Олардағы тіршіліктің пайда болуы космостан келетін күн радиациясының әсерінен. Биосфераның нгізгі көп бөлігін тірі организмдер жасайды.
Вернадский 1926 жылы биосфера шекарасын анықтады: көмірқышқыл газы мен оттегі, су жеткілікті болуы, темпратура өте жоғары болуы, минералдық қоректену элементінің жеткілікті болуы және т.б.
Пайдаланған әдебиеттер
1.А.К.Бродский.Жалпы экологияның қысқаша курсы.
2.Оспанова. Экология.
3.Сағымбаев.Экология.
4.Бейсенова.Экология.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.Биосфера туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
2.Биохимиялық
цикл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
2.1.Алмасу және сақтау
қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2.Айналымның блоктық
моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3.Кейбір биохимиялық циклдардың
мысалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .

КІРІСПЕ
Менің тақырыбымның аты Биосфера туралы түсінік және Биохимиялық
цикл.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілігі бар үнемі тірі ағзалардың
әреіне ұшырайтын бөлігін айтады. Тірі клеткалардың организмдік маңызы
олардың алуан түрлілігімен барлық жерде таралуы жер тарихындағы тіршіліктің
ұзақтығы мен биохимиялық қызметіның таңдамалы сипаты табиғаттың басқа
компоненттерімен салыстырғанда химиялық белсенділігінің жоғары болуымен
анықталады.
Жер биосферасы ғаламдық ашық жүйе. Олардағы тіршіліктің пайда болуы
космостан келетін күн радиациясының әсерінен. Биосфераның нгізгі көп
бөлігін тірі организмдер жасайды.
Вернадский 1926 жылы биосфера шекарасын анықтады: көмірқышқыл газы мен
оттегі, су жеткілікті болуы, темпратура өте жоғары болуы, минералдық
қоректену элементінің жеткілікті болуы және т.б.

1. БИОСФЕРА туралы түсінік
Биосфера ұғымы ғылымға кездейсоқ енген. Жүз жылдан астам уақыт бұрын,
1875 жылы австриялык геолог Эдуард Зюсс өзінің Альпі тауларының шығу тарихы
туралы кітабының соңғы, ең жалпылама тарауында жер шарының әр түрлі
қабаттары жайында баяндаған кезде осы терминді ал ғаш рет қолданған
болатын. Бірак, бұл үстіртін айтылған сөз ғылыми ойдың дамуында айтарлықтай
роль атқара алған жоқ. 1926 жылы орыс минералогы В. И. Вернадскийдің екі
лекциясы жарыққа шықты. Сол лекцияларында ол, Зюсстың еңбектерінен кейін 50
жылдан соң, біз осы күнге шейін мойындап жүрген биосфера концепциясының
негізгі қағидаларын тұжырымдады. Биосфера ретінде Вернадский жер қыртысыньщ
бүкіл геологиялық тарихы бойында тірі организмдердің әсеріне ұшыраған
барлық қабаттарын түсінді.
Соңғы жылдары көптеген ғалымдар (Дж. Хатчинсон және басқалар)
биосфераны Жер бетінің қазіргі кездегі организмдер тіршілігінің ықпалындағы
бөлігі ретінде қарастырып, биосфера ұғымын тарылтып жүр. Көптеген ғылыми
терминдер әр түрлі жағдайларда бірде кеңірек, бірде тарлау мағынада
қолданылуда.
Сонда биосфера — Жер шарының осы бір айрықша қабығына қандай
ерекшеліктер тән? Біріншіден, биосферада сұйық күйдегі судың мөлшері
айтарлықтай көп. Екіншіден, оған Күн энергиясының, тасқыны ықпал етеді.
Үшіншіден, биосфера үшін сұйық, қатты және газ күйіндегі заттардың бөліну
беттерінің болуы тән.
Жердегі энергия көзі Күн болғандықтан, күллі тірі организмдер жердің
екі қабығы — литосфера мен гидросфераның жоғарғы қабаттарында таралған. (1-
сурет) Жер қабаттарының қай-қайсы болмасын күн сәулесін неғұрлым жақсырақ
өткізсе, соғұрлым тірі организмдер олардың, тереңірек қабаттарына шейін
қоныстанған деуге болады. Бірақ биосфера жарық жететін жерлермен шектел-
мейді. Ауырлык күшінің арқасында энергия ағыны одан да әрі таралады:
жарықталған қабаттардан теңіз түбіне экскременттер түйіршіктері, өлі және
тірі организмдер үздіксіз түсіп жатады.
Литосфераға тірі организмдер болмашы тереңдікте ғана енеді. Олардың
негізгі бөлігі топырақтың жоғарғы, қалыңдығы. ондаған сантиметр қабатында
шоғырланған, тек бірен-сарандары ғана бірнеше метрге немесе ондаған метрге
тереңдейді (өсімдіктердің тамырлары, жауын құрты). Жер қыртысындағы
жарықтардың, кұдықтардың, шахталардың, бұрғылау скважиналарының бойымен
жануарлар мен бактериялар әлдеқайда көбірек, 2,5—3 километрге дейінгі
тереңдікке жетуі мүмкін. Көбіне терең жер астында жататын мұнайдың ерекше
өзіне тән бактериялар флорасы бар. Жарық болмағандықтан жасыл өсімдіктер
литосфераның терең қабаттарына ене алмайды. Тереңде жануарлар азық таба
алмайды. Сондай-ақ, литосфераны құраушы тау жыныстарының механикалық
қасиеттері де оларда тіршіліктің таралуына бөгет болады. Ақыр аяғында, Жер
койнауына тереңдеген сайын температура жоғарылап, 3 км тереңдікте ол 100°С-
қа жетеді. Демек, жер бетінен 3 километрден астам терендікте тірі
организмдер күнелте алмайды.
Тірі организмдер литосфераның бетінен атмосферанық төменгі, бірнеше
сантиметрден бірнеше метрге дейінгі биіктіктегі қабаттарына таралады. Ал
өсімдіктер өзінің жасыл бөрікбасын көкке кейде ондаған метрге көтереді.
Насекомдар, жарқанаттар мен қүстар атмосфераға жүздеген метр тереңдеп
енеді. Жоғары өрлеген ауа ағындары жануарлар мен өсімдіктердің дамылдаушы
сатыларын (спораларын, цисталарын, түқымдарын) бірнеше шақырым биіктікке
көтеруі мүмкін. Бірақ бүкіл тіршілігі ауада өтетін, яғни оны негізгі
тіршілік ету ортасы ретінде пайдаланатын организмдер әзірге белгісіз.
Атмосфера мен литосферадай емес, гидросфера ең беткі қабатынан
табанына дейін тіршілікке толы. Ғалымдардың зерттеу құралдары жете алған
жерлердің барлығында тірі организмдер табылған. Бұдан, организмдердің
таралуы үшін сұйық күйдегі су жарықтан гөрі маңызды шектеуші фактор болып
табылады деген қорытынды жасауымызға болады. Айталық, әлемнің ең ыстық
шөлдері формалды түрде биосферадан тысқары жатыр. Бірақ іс жүзінде оларды
парабиосфералық (биосфераға жақын) аймақтар деп санауға болады, себебі ол
жерлерде тіршілік аз да болса бар. Мысалы, Намиб және Калахари шөлдеріндегі
құрғақ құмның астында жел ұшырып әкелген тозаң тәріздес өсімдік
калдықтарымен күнелтетін насекомдар (сасық қоңыздар — ТепеЬгіопШае)
кездеседі; өсімдік қалдықтарымен қоректенген насекомдар метаболизм
нәтижесінде пайда болатын суды канағат етеді.
Биосфераның әуеге қарай өрістеуін негізінен сұйық күйдегі судың
тапшылығы мен көмірқышкыл газының парциалдық қысымының төмендігі шектейді.
Таулы жерлерде хлорофилды өсімдіктер 6200 метрден жоғары биіктікте (Гималаи
таулары) тіршілік ете алмайтын болуы керек. Бұдан да жоғары биіктіктерде
кейбір жануарлар, мысалы, өрмекшілер кездеседі. Өрмекшілер
аяққүйрықтылармен қоректенеді, ал олар өз кезегінде жел үшырып әкелген
өсімдік тозаңшаларының түйіршіктершен қанағаттанады. Биосфераның биік таулы
бөлігін эол аймагы деп атайды.
Биосфераның шектеуші факторлары сұйық күйдегі су мен күн сәулесі болса,
тіршілік оптимумы орталардыц жанасу беттеріне сәйкес келеді. Фотосинтез
бойынша жүргізілген зерттеулер көп жағдайларда органикалык заттардың
шығымын ең көп беретін, үш ортаны — қатты, сұйық және газды ортаны бірдей
пайдалана алатын есімдіктер екенін көрсетті. Мысал ретінде кәдімгі қамысты
алуға болады. Онын суды соруын сұйықтың су табанындағы шөгінділерге
көрсететін тұрақты қысымы жеңілдетеді. Тіршілігі үшін қажетті көміркышкыл
газын камыс газдардың сіңіруші беттер арқылы өту жылдамдығы ең жоғары
болатын газ күйіндегі ортадан алады; оттегін де судан гөрі ауадан алған
оңай; ақырында, қалған барлық элементтерді шөгінділердің капиллярлық
суындағы ерітінділерден сорып алу жеңілдеу болады.
Биосфераның бастапқы өнімін анықтау үшін көптеген әрекеттер жасалған.
Жердін орасан зор аймақтары су (шөлдерде) немесе қоректік заттар (ашық
теңізде) сияқты шектеуші факторлардын салдарынан өнімділігі төмен алқаптар
категориясына жатқызылады. Құрлықтардың ауданы бүкіл планета бетінің 14
бөлігіндейін ғана қүрағанымен, қүрлықтар өнімділігі жағынан мүхиттардан
асып түседі, себебі мүхит суларының басым бөлігі шөлді. Әлемдік
Мұхиттың әр түрлі аудандарының бастапқы өнім мөлшерінде елеулі
айырмашылықтар бар. Солардың ішіңде ең өнімдісі — тропикалық ормандардан
кем түспейтін маржан рифтері. Мұхиттың ашық аймақтарының өнімділігі
апвеллинг аймағы мен жағалауға жакын аудандарға қарағанда төмен және
тундраның өнімділігімен шамалас. Ірі аймақтардың орташа өнімділіктеріне
берілген бағаларды талдау оның 100 есеге дейін — 200-ден 20000 ккалм2
дейінгі аралықта өзгеретінін, ал Жердің жылдық жалпы өнімі 1018 ккал-ға
жуық екенін көрсетеді.
Биосфераның бұдан әрі де сақталуы үшін, негізгі химиялық
элементтердің айналымы тоқталмауы тиіс. Бұл процестердің жылдамдығы әр
түрлі болуы мүмкін. Бастапқы шығу тегі атмосфералык көміртегі қостотығында
жатқан органикалық зат, өзінің түзілу циклын ондаған жыл ішінде аяқтайды.
Кальцийдің айналымы әлдеқайда баяу жүреді. Кальций бикарбонат Са(НСО3Ь
күйінде құрлықтағы тау жыныстарынан шайылып өзендерге түседі, одан соң ашык
мұхит суларында карбонат СаСО3 күйінде, негізінен фораминифералардың өте
нәзік бақалшақтары түрінде судың табанына шөгеді. Мұхит табаны бірте-бірте
құрлықтардың жиегіндегі тау құрылу белдеулеріне қарай жылжиды, сөйтіп
кальций құрлыққа қайтып оралады. Айналым жүздеген миллион жылдың ішінде
аяқталатын болуы керек. Фосфор өзінің айналым ерекшелігі бойынша кальцийге
ұқсас екенін білеміз, ал азоттың айналымы болса, көміртегіне көбірек
ұқсайды, бірақ оның атмосфера құ-рамындагы үлесі әлдеқайда жоғары.
Биосфераның әр түрлі бөліктерінде тіршіліктің дамуын әр түрлі заттар
шектейді. Шөлді жерлерде тіршілікті су күйіндегі сутегі мен оттегініц
тапшылығы шектейді деп айтуға болады. Ашық мұхитта көп жағдайда шектеуші
фактор қызметін әдетте организмдер үшін игерілуі қиын гидрототық түрінде
кездесетін темір атқарады. Өзге орталарда, мысалы, ылғалды аудандардыц
топырақтарында, көлдерде, окшау теңіздерде көбі-несе фосфор шектеуші фактор
болып табылады.
Биосфера — бірінші дәрежедегі, яғни әлемдік экожүйе екенін айтып
кеткенбіз. Ал экожүйенің барлық компоненттері — энергия ағыны, субстрат,
атмосферадан бастап биотикалық қауымдастыққа дейін, теңгерілген болуы
қажет. Биосфераның биотикалык бөлігі оның абиотикалық бөлігіне катысты
алғанда басқарушы жүйе болып табылады. Биотикалык, жүйеңің өз ішінде
басқарушы тетік қызметін консументтер атқарады, себебі бастапқы өнімніц
пайдаланылу дәрежесі, ал түптеп келгенде, бүкіл жүйенің орнықтылығы да
соларға байланысты. Эшби ережесі бойынша, басқарушы тетік немесе басқарушы
жүйеніц ұйымдастырылуы, күрделілігі жағынан басқарылатын жүйеден кем
болмауы тиіс; мүмкін Жердегі жануарлардың, әсіресе насекомдардың көптігінің
сыры осында жатқан шығар.
Глобалдық экологиялық пирамиданың кұрылу принципі мынадай: негізгі
деңгейлердің әрқайсы (продуценттер — консументтер — редуценттер) цилиндр
түрінде кескінделеді, цилиндрдің биіктігі — биомассаны, диаметрі—түрлер
санын көрсетеді. Тіршілік зырылдауығының ұшының, шомбал доңғалағының
(маховигінің) және сабағының диаметрлерінің арақатынасы әр экожүйеде әр
түрлі болуы мүмкін, бірақ зырылдауық құлап калмауы үшін олар белгілі бір
аралықтардан шық-пауы тиіс.
Биосфера ауқымында одан гөрі төменірек дәрежедегі экожүйелер бірін-бірі
теңгеретіндей көлемде орналасуы тиіс. Басқаша айтқанда, Жер бетінде биомдар
ретінде тундралардың, ормандардың, шөлдердің және тағы басқаларыныц мөлшері
жеткілікті болуы қажет, ал тундра биомының ішінде оптималды тундралылык,
қылқанды ормандар биомының ішінде — ормандылық және т. с. с. сақталуы
тиіс. Бұл жағдай ең шағын биогеоценоздарға шейін сақталады.
Биомдардың ішіндегі елеулі өзгерістер және соған байланысты төменгі
дәрежедегі биомдардың арасындағы тепе-теңдіктің ауытқуы міндетті түрде
жоғары деңгейдегі өздігінен реттелулерге әкеліп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вернадский ілімі туралы ақпарат
Биосфера құрылысы. Биосфера туралы жалпы түсінік
Биосфера,ноосфера және техносфера туралы эволюциялық ілім
В. И. Вернадский мен А. Л. Чижевскийдің еңбектері туралы ақпарат
Вернадский ілімі
Қазіргі кезең биосферасы
Ноосфераның пайда болуы
Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері
В.И. Вернадский мен А.Л. Чижевскийдің еңбектері
Биосфера жайында
Пәндер