Ортаның техногенді және табиғи факторлары. Биологиялық жүйелердің уақыттық ұйымдасуы



1. Орта факторлары .техногенді факторлар
1. Орта факторлары .техногенді факторлар .табиғи факторлар
2. Бейімделу .физиологиялық бейімделу
. Ағзаның арнайы емес бейімделіс реакциялары
3. Биологиялық және физикалық сағат
4. Биологиялық уақыт
5. Ұйқы және сергектік
6. Қорытынды
.табиғи факторлар
2.Бейімделу .физиологиялық бейімделу
. Ағзаның арнайы емес бейімделіс реакциялары
3. Биологиялық және физикалық сағат
4. Биологиялық уақыт
5. Ұйқы және сергектік
6. Қорытынды
Тіршілік ортасы –ол, табиғаттың тірі ағзаны қоршап тұрған және онымен тікелей өзара байланыстағы бөлігі.Тірі ағзалар өте күрделі және ауыспалы өмірде тіршілік етеді, олар сол ортаның әсеріне байланысты үнемі өзгереді,тіршілік әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады.Ағзалардың ортаға бейімделушілігі – адаптация деп аталады.
Ортаның ағзаға әсер етуші жекеленген бөліктері мен құрылымы – экологиялық факторлар деп аталады.Экологиялық факторлар табиғаты жағынан және ағзаға әсер ету әрекеттері жағынан әртүрлі болады.
Абиотикалық факторлар- табиғаттың өлі элементтері: температура, жарық, радиоактивті сәулену, қысым, ауаның ылғалдылығы, судың құрамындағы тұздар, жел, ағымдар, жергілікті жер релефтары және т.б.
Биотикалық факторлар – бұл тірі денелердің бір – біріне тигізетін әсерлері.
Антропикалық факторлар – адамның табиғат компоненттеріне әсер еткен іс-әрекеті (оңды немесе теріс әсерлер).
Тірі ағзаларға экологиялық факторлардың әсер етуші жалпы заңдылықтары:
1.Оптимум Заңы.
2.Әсер етуші фактордың түрлі функцияларға әсерінің бір жақты болмауы. 3.Өзгергіштік, вариабелділік және түрдің жеке даралардың орта факторларының әрекетіне жауап қайтару реакциясының әр түрлі болуы.
4.Әсер етуші әр факторларға түрлер әр түрлі жолдармен бір – бірімен байланыссыз, өз бетінше бейімделуі.
5.Жеке түрлердің экологиялық спекторы төмендемейді. Әр түрдің өзіндік экологиялық мүмкіншіліктері бар.
6. Факторлардың өзара байланысы.
7. Факторларды шектеу ережелері.
Техногендік факторлар - мұнай, газ, энергетика секторларындағы және автокөліктердегі шығатын ластағыш заттар, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға шығып ластауы.
1. http://asyl-bilim.kz/load/p_nder/ehkologija/orta_faktorlary_zh_ne_olardy_a_za_a_seri/7-1-0-353
2. http://asyl-bilim.kz/load/p_nder/ehkologija/orta_faktorlary_zh_ne_olardy_a_za_a_seri/7-1-0-353
3. http://kazmedic.kz/archives/1511
4. https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=2&cad=rja&uact=8&ved=0ahUKEwjZm_3qwtLQAhWF2CwKHeC3CaMQFggoMAE&url=http://pps.kaznu.kz/kz/Main/FileShow/554146/77/446/990/%D0%A8%D0%B2%D0%B5%D1%86%D0%BE%D0%B2%D0%B0%20%D0%95%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B0%20%D0%92%D0%B8%D1%82%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%B5%D0%B2%D0%BD%D0%B0/2016/1&usg=AFQjCNHG-p90DK-g3Dl5WCtKmKe3ijMusg
5. http://bigox.kz/sergektik/

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ортаның техногенді және табиғи факторлары. Ортаның экстремалды жағдайларына организмдердің бейімделуі. Биологиялық сағат пен физикалық сағат. Биологиялық жүйелердің уақыттық ұйымдасуы. Ұйқы және сергектік.
Орындаған: Қуан Лаззат

Жоспар:
1. Орта факторлары -техногенді факторлар -табиғи факторлар
2. Бейімделу -физиологиялық бейімделу - Ағзаның арнайы емес бейімделіс реакциялары
3. Биологиялық және физикалық сағат
4. Биологиялық уақыт
5. Ұйқы және сергектік
6. Қорытынды

Тіршілік ортасы - ол, табиғаттың тірі ағзаны қоршап тұрған және онымен тікелей өзара байланыстағы бөлігі.Тірі ағзалар өте күрделі және ауыспалы өмірде тіршілік етеді, олар сол ортаның әсеріне байланысты үнемі өзгереді,тіршілік әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады.Ағзалардың ортаға бейімделушілігі - адаптация деп аталады.
Ортаның ағзаға әсер етуші жекеленген бөліктері мен құрылымы - экологиялық факторлар деп аталады.Экологиялық факторлар табиғаты жағынан және ағзаға әсер ету әрекеттері жағынан әртүрлі болады.
Абиотикалық факторлар- табиғаттың өлі элементтері: температура, жарық, радиоактивті сәулену, қысым, ауаның ылғалдылығы, судың құрамындағы тұздар, жел, ағымдар, жергілікті жер релефтары және т.б.
Биотикалық факторлар - бұл тірі денелердің бір - біріне тигізетін әсерлері.
Антропикалық факторлар - адамның табиғат компоненттеріне әсер еткен іс-әрекеті (оңды немесе теріс әсерлер).
Тірі ағзаларға экологиялық факторлардың әсер етуші жалпы заңдылықтары:
1.Оптимум Заңы.
2.Әсер етуші фактордың түрлі функцияларға әсерінің бір жақты болмауы. 3.Өзгергіштік, вариабелділік және түрдің жеке даралардың орта факторларының әрекетіне жауап қайтару реакциясының әр түрлі болуы.
4.Әсер етуші әр факторларға түрлер әр түрлі жолдармен бір - бірімен байланыссыз, өз бетінше бейімделуі.
5.Жеке түрлердің экологиялық спекторы төмендемейді. Әр түрдің өзіндік экологиялық мүмкіншіліктері бар.
6. Факторлардың өзара байланысы.
7. Факторларды шектеу ережелері.
Техногендік факторлар - мұнай, газ, энергетика секторларындағы және автокөліктердегі шығатын ластағыш заттар, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға шығып ластауы.

Табиғи факторлар
Табиғи факторлар: ағзаға қоршаған орта температурасы, барометриялық қысым, ғарыштық сәулелену, су және оның құрамындағы заттар, геомагниттік өріс, фотопериодизм әсер етеді. Жыл мезгілі ағзаға әсер ететін толық факторлар комплексін өз қатарына қосады.
Жарық . Күн сәулелерінің спекторының әртүрлі бөліктеріндегі сәулелену ағзаға әртүрлі жағдайда әсер етеді:
Көрінетін жарық өсімдіктерге оларда жүретін фотосинтез процесі үшін қажет.Түрлерді жарықсүйгіш (Фотофилдер) және көлеңкесүйгіш (фотофобтар) деп бөледі.
Ұзынтолқынды ультрокүлгін сәулелерге (УКС) өте белсенділік тән. Олардың көп мөлшері қауыпті, ал аз мөлшерде көптеген түрлерге - өте қажет.Олар өте күшті бактерицидті әсер етеді, антирахитік дәрумен Д түрінде қабылданады, терінің күюін (терінің қорғаныштық реакциясы) қамтамасыз етсе, инфрақызыл түсті ұзындығы 750 нм.-ге жететін ұзын толқындар ағзаны жылулықпен қамтиды.
Жасыл өсімдіктер өміріндегі жарықтың ролі:
1).Хлорофиллдің пайда болуы (фотосинтез).
2).Лептесіктердің жұмысын қалыптастырады (газ алмасу және транспирация), ферменттердің белсенділігін арттырады,ақуыз және нуклеин қышқылдарының биосинтезін жақсартады.
3).Жасушаның бөлінуі мен созылуына, өсуіне және өсімдіктің дамуына әсер етеді, жемісберу мен гүлдеу мезгілдерін анықтайды, сонымен бірге өсімдіктердің формасының қалыптасуына да әсер етеді.
Жарыққа байланысты болатын экологиялық топтар:
1. Жарық сүйгіштер (жарықтағы) - гелиофиттер.
2.Көлеңке сүйгіштер (көлеңкедегілер) - сциофиттер.
3.Көлдеңкеге төзімділер - факультативті гелиофиттер.
Жануарлар үшін жарық кеңістікте бағытты бақылауға , көруге ғана қажет.
Температура.Тіршілік үшін қажетті температура мөлшері 0-дан басталып, +50°С - қа дейінгі температура аралықтары, осы температура аралықтары ақуыздың нормадағы құрылысы және қалыптасуы жүреді. Бірақ кейбір ағзалар осы мөлшерден тыс температура мөлшерінде де тіршілік ете алады:
1.Криофилдер - суықты қажет ететін түрлер.
2.термофилдер - керісінше, жоғары температураны қажет етуші түрлер.

Өсімдіктердің температураға адаптациялануы:
Төменгі температураға :
1.Суыққа төзімсіздер. 2.Аязға төзімсіздер.3.Мұзға төзімділер (аязға төзімділер).
Жоғарғы температураға :
1.Салқынға төзімділер. 2.Ыстыққа төзімді эукариоттар. 3.Ыстыққа төзімді прокариоттар.
Жануарлардың температураға адаптациялануы :
1.Химиялық терморегуляция. 2.Физикалық терморегуляция. 3.Ағзалардың өзін -өзі көрсетуі.
Ылғалдылық. Су - барлық ағзалардың тіршілігіне қажетті жағдай.
Суға байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары.
Гидатофиттер - суда толығымен немесе біршама бөлігімен тұрып өсетін өсімдіктер.
Гидрофиты - құрлық - су өсімдіктері, олардың көпшілік бөлігі суда өседі, су тоғандарында, шалшық суларда, балшықтарда өсетін өсімдіктер.
Гигрофиттер - құрлықтағы өсімдіктер, олардың көпшілігі ылғалды ауасы бар жерлерде, ылғалды топырақта өседі.
Мезофиттер - аздаған және өте шөлді жерлерде өсетін өсімдіктер.
Ксерофиттер - ылғалы жеткіліксіз жерлерде өседі.
Суккуленттер - бойына шырын жинаған шырынды өсімдіктер, оларда суды паренхималары мен түрлі органдарында жинау қабілеттері бар.

Бейімделу (лат. adapto) техникалық жүйенің сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты ол туралы ақпарат жинау және оны пайдалану арқылы өз қалып-күйлерін (жұмыс істеу алгоритмін, параметрін, құрылымын) өзгертуі[1]; ағзалардың тарихи даму кезеңіндегі тіршілік ортасына бейімделуі.[[2]]
Бейімделу физиологиясы
Адамның күнделікті тіршілік жағдайларында ақпараттық түрткілер, мәселен, жалған немесе оқыс, жеткіліксіз немесе артық хабарлар төтенше ықпал жасайды. Ағза осы жағдайларға бар мүмкіншілігінше өзінің құрылымдық және әрекеттік әсерленістері арқылы бейімделіп отырады. Оның табиғи орталығы әртүрлі маусымдық жағдайларына икемделу құбылысын акклиматизация деп атайды.
Физиологиялық бейімделіс -- әрекеттік жүйе, ағза, ткань белсенділігі мен өзара байланысын реттеуші механизмдердің, орнықты деңгейін айтады. Бұның мәні ортаның жаңаша жағдайларында организмнің сақталуына, дамуына, қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін әрекеттердің қайта құруына келіп тіреледі.
Табиғи факторлар: ағзаға қоршаған орта температурасы, барометриялық қысым, ғарыштық сәулелену, су және оның құрамындағы заттар, геомагниттік өріс, фотопериодизм әсер етеді.
Жыл мезгілі ағзаға әсер ететін толық факторлар комплексін өз қатарына қосады.
Әлеуметтік факторлар: суық немесе ыстық өндіріс орындарында жұмыс істейтін адамдарда термореттелуші механизмдерге қосымша жүк, жұмыс орнында шеттен тыс қатты дыбыстар, ортаның ластануын (нәтижесінде әртүрлі ауруларға әкеледі, мысалы, ауада кездесетін улы заттармен демалу) тудырады.
Бейімделу механизмдерінің жіктелуі
Туа пайда болған механизмдер:
* Функция реттелу механизмдері
* Геофизикалық биоритмдер
* Тұқым қуалайтын иммунитет
* Инфекциядан арнайы емес қорғаныс
Жүре пайда болған механизмдер:
* Шартты рефлекстер
* Дағдылар
* Резистенттіліктің жоғарылауы
* Жүре пайда болған белсенді иммунитет
Бейімделу реакцияның ұзақтығына байланысты бөлінеді:
* Жедел механизмдер. Ағза функциясы реттелуінің нейрогуморальды және миогенді механизмдері. Ұ
* зақ уақытты механизмдер. Геоәлеуметтік биоритмдер. Арнайы және арнайы емес резистенттілікке тұрақтылығы.
* Тұрақты механизмдер. Геофизикалық биоритмдер. Тұқым қуалайтын иммунитет. Инфекциядан арнайы емес қорғаныс.
Тұқым қуалауға байланысты бейімделу жіктеледі:
* Генотиптік бейімделу - ағзаның туа пайда болған морфофизиологиялық ерекшеліктері мен әртүрлі қоршаған орта жағдайында қолайлы өмір сүруге мүмкіндік беретін особьтардың болуы.
* Фенотиптік бейімделу - қоршаған орта әсерінен жүре болған реакция (мысалы, күшті физикалық жүкке дайын емес адам ағзасының бейімделісі).
Бейімделіс процесінің қайтымдылығы. Қоршаған орта факторының әсері тоқтағанда ағзада деадаптация туындайды, яғни ағзаның тканінің әр түрлі жүйелерінде пайда болған морфологиялық және биосинтетикалық бейімделістің өзгеруінің жоғалу процесі.
Ағзаның арнайы емес бейімделіс реакциялары
Адам ағзасының қоршаған ортаның әртүрлі тітіркендіргіш күштеріне бейімделісі нейрогуморальды жүйенің ұйымдасуымен бірнеше ағзаның арнайы емес бейімделісі механизмдерін тудырады:
* Симпатоадреналинді реакция;
* Стресс-реакция;
* Шынықтыру реакциясы;
* Активация реакциясы.
Үлкен күштің немесе стрессордың кез келген тітіркендіргіштеріне ағза арнайы емес бейімделіс реакциясы - симпатоадреналинді және стресс-реакциясы дамуымен жауап береді. Симпатоадреналинді реакция ағзаға стрессор әсер еткенде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімін белсендендіретін норадренергиялық нейрондар маңында орналасқан рефлекстік қозу нәтижесінде пайда болады. Адреналиннің әсерінен жұмыс істейтін бұлшықет пен жүректі энергетикалық ресурстармен және оттегімен қамтамасыз етеді. Адреналин гликогеннен глюкозаның, үшглицерид май тканінен бос май қышқылына айналуын, оттегі тасымалдаушы жүйе функциясын белсендендіруін: қан айналу - жүрек соғуының саны мен күшінің артуы; тыныс алу - минутына тыныс алу көлемінің артуы, өкпеде көмірқышқыл газының азаюы; эритрон - қанда оттегі көлемінің артуы, т.б. реттейді. Стресс реакциясы. Стресс термині ағзаның бейімді белсенділігі мен оның стрессор әсер еткендегі жүйесіндегі арнайы емес нейрофизиологиялық көрініспен түсіндіріледі. Стресс кезінде адам ағзасында тек қана бейімделіс өзгерістері ғана туындап қоймай, өмір сүруге қауіпті, тіпті ауруға әкеліп соғатын бұзылыстар туындауы мүмкін. Мысалы, соның бірі конфликт кезінде байқалатын стрестің кең тараған формасы - эмоционалды стресс болып табылады. Эмоционалды стрестің жиі қайталанып отыруы әртүрлі психосоматикалық аурулар - психоз, неврозды; жүрек-қан тамыр - аритмия, миокард инфаркті, гипертониялық ауруларға әкеледі. Стрестің ұзақ уақытқа созылуы жыныс гормондардың деңгейі төмендеп, нәтижесінде ер адамдарда сперматогенезі бұзылып, ұрпақсыз қалу қаупі төнеді. Сондықтан стресс бірнеше формаға: оң, физиологиялық және теріс, патологиялық болып бөлінеді. Әртүрлі жағдайлардағы бейімделіс Организмнің күнделікті тіршілік жағдайына, еңбек жүктемелерінде, ағзалары мен тканьдерінде үнемі қоректік заттар мен су тапшылығы, оттегі жетіспеушілігі, температуралық ауытқулар, газдардың үлестік қысымының өзгерістері байқалады. Осы өзгерістер және оларды реттеуші жүйелер қалыпты физиологиялық механизмдер арқылы организмнің бейімделіс негізін жасайды. Қандай да бір климаттық факторларға бейімделіс кезінде адам ағзасы қалыпты өмір сүру алаңында әрдайым факторлардың күрделі комплекстерімен кездесіп отырады. Температура әсеріне бейімделу. Ағза қоршаған ортаның температура өзгерістеріне әртүрлі бейімделеді. Адам суық жерлерде немесе тоңазытқыштарда жұмыс істегенде, алғашқы кезде оның ағзаның жылу өндіруі тиімсіз, орасан көп, ал жылу шығаруы әлі де жеткіліксіз болады. Кейін жылу өндіру мен жылу шығару процестері теңестіріліп бейімделістің тиянақты кезі қалыптасады. Сөйтіп бұл адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Климаттық мониторинг
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы
Қоршаған ортаның қазіргі жағдайына сипаттама
Экологиялық мектептердің қалыптасуы
Техногендік апаттар
Өндірістік кәсіпорындардың Каспий маңы өлкесіне антпропогенді әсері
Адам экологиясы – экология ғылымының бір тармағы
Қоршаған ортадағы мутагендер
ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Пәндер