Руханият


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Руханият

Бұл әлем құдірет қолымен құрылған, мыңдаған нақыштармен безенген ортақ, фәни бір мекен сынақ әлемі болған осы дүниеде өткізетін күндер шынайылық, нәзік бір рух, терең бір түсінікпен ойлауды талап етеді. Өйткені біздер үшін негізгі ойлауды талап етеді. Өйткені біздер үшін негізгі шынайы нығметтер бақи мекенге, яғни соңы жоқ өмірге алып баратын ізгіліктер ғана құлдарының осындай мәңгілік ізгіліктер мен құзырына келуін қалаған Аллаһ Тағала өзінің қасындағы ұлы сыйды және ризашылығы жолында жасалған салих амалдарға берген бағасын Құран Кәрімде жиі-жиі баяндайды.

Аллаһ Тағала ризашылығы үшін берілетін әрбір садақа мен жасалатын әрбір қайырды өзіне берілген ізгі қарыз ретінде қабылдап, мұның ақысын еселеп өтейтіндігін уәде етеді. Аятта былай делінеді:

«Кім Аллаһқа борыш (қарыз) береді? Аллаһ мұны ол үшін еселеп арттырады. Оған ең жоғары және абыройлы сауап бар» (Хадид сүресі 11-аят) .

Сондықтан садақаларымыздың, мұқтаж адамды қуантуы сияқты бір күні мезгілсіз алдымыздан шығатын өнімнің қамын ойлап, бұл мәселеде одан да жақсы қажыр танытуымыз керек.

Ислам дінінің негізгі мақсаттарының бірі - адам баласын жақсы мінез-құлықққа тәрбиелеу, яғни имны кәміл мұсылман кісінің бойында көркем мінезге жататын әдептілікпен бірге рухани қасиеттер де болу керек деген сөз. Осы рухани қасиеттердің бірі - қанағат.

Қанағат барына қол жеткізген табыстарына разы болып, шүкіршілік етіп ішіп-жеу, яғни көңіл қалауларынан азда болса тыйылу, шыдау дегенді білдіреді. Қанағат - пайғамбарлар мен ізгілер ұстанған жол. Сондықтан күнәһар болу, ақыреті ойран ету ақылды адамның ісі емес. Бұл баршаның бойына жарасатын көркем сипат, ешқашан ортаймайтын қазына - дәулет.

Қанағат әдептіліктің басты белгісі. Ол адамның сана-сезімі мен іс-қимылындағы жақсы әдет. Қанағатты әдетке айналдырған жан өмір бақи игілігін көреді. Өйткені ол адамшылық жолдан тайдырмайды, аздың өзіне қанағат қылдырады. Сондай-ақ ол ашкөзділікке жібермейді, біреудің дүние-затына сұқтандырмайды, сұғанақтық жасаттырмайды. Сондықтан кісі жұмсақ, кішіпейіл де қарапайым болып, көптің құрметіне ие болады.

Мұсылмандардың құбылысы - Қасиетті Құран Кәрімде : «Аллаһқа сәжде қыл, жақында!» (Алақ сүресі 96 аят) деген Аллаһтын әмірімен намаз оқығанда бет бұратын бағыты. Сонымен қатар барша мұсылмандардың ерекше мән беретін әрі Ислам әлемінің күре тамыры соққан жер.

Аллаһ Тағаланың назар салатын орны - адам бойындағы оның жүрегі болса, әлемдегі орны да қағба. Яғни әлемдегі қағба адамның жүрегі іспеттес. Сондықтан қажылық - қағбаның асқан дәрежесін ескере отырып, ерекше бір тебіреніспен орындалатын ғибадат.

Қағба Құран Кәрімде былайша баяндалады: «Сөзсіз бүкіл әлем берекет пен һидаяттың (тура жол) қайнар көзі ретінде адамдар үшін тұңғыш салынған үй (қағба) Меккеде онда ғибадатқа толы айқын дәлелдер және Ибраһимнің (а. с. ) орны бар. Сондай-ақ кімде-кім оған кірсе, аман барады. Шамасы жеткен адамдардың Аллаһ ризалығы үшін қағбаны зиярат етуі (қажылық қылу) Аллаһтың адамдардағы хақы. Кімде-кім қарсы келсе, Аллаһ барлық әлемнен беймұқтаж» (Әли Имран сүресі 96-97 аяттар) .

Қағбаның қалай тұрғызылғандығы хақында деректерге қарағанда Адам ата мен Хауа ананың жұмақтан шығарылып, сосын екеуі Арафатта табысады. Сосын батысқа қарай беттеп, қағбаның туған жеріне келеді. Осы кезде Адам ата өзін табыстырған Аллаһқа шүкір етіп, құлшылық қылғысы келеді де, жұмақта жүргенде айналып тауаф етіп, құлшылық қылатын нұрлы ұстынды бер деп сұрайды. Сол кезде нұрлы ұстын көрініс табады. Адам ата оны айналып тауаф етіп, Аллаһқа құлшылық ете бастайды.

Осы нұрлы ұстын Шит пайғамбардың заманында көзден ғайып болып, орнында бір қара тас қана қалады. Шит пайғамбар оның орнына төрт бұрышты бір үй салады да, қара тасты үйдің бір бұрышына орналастырады. Қазіргі Хажар Әсуәд деп айтып жүрген қара тасымыз осы. Нұхтың топаны болған тұста үй құла, қара тас ұзақ уақыт бойы құмның астында көміліп қалады. Ибрахим Аллаһтың әмірімен қағбаның орнына барып, ұлы Исмайл (а. с. ) мен жұбайын сол жерге орналастырады. Сосын Исмайлмен (а. с. ) бірге Аллаһтың әмірімен қағбаның орнын қазады. Шиттің салған үйінің іргесін тауып, қасиетті қағбаны тұрғызады.

Қағба шамамен он бір рет тұрғызылған. Ең алдымен періштелер тарапынан, екіншіден Адам ата, үшіншіден Шит (а. с. ) бесіншіде Аналика рулары, алтыншыда Журһумилер, жетіншіде Құсай, сегізіншіде Құраш, Тоғызыншыда Табиғун, дәуірі ғұламасынан Абдуллаһ ибн Зүбәйір, оныншыда Хажжаж Залым, ең соңғы рет Османлы мемлекетінің сұлтаны ІV Мұрат Хан тарапынан жөнделген.

Қорыта айтқанда мүмин-мұсылман баласына осы дүниеде нахшар күнін еске түсіретін қасиетті мекенге барғанда, Аллаһ Тағалаға әдептілік танытып, қағбаны орнымен зиярат ету керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ – ӘДЕБИЕТ СЫНШЫСЫ
Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы
Радио, хабар, радиохабар туралы
Қазіргі кезеңдегі білім кеңістігінде этнопедагогиканың рөлі
Ертегі бала жанын қоректендіретін - рухани қор
Жүсіпбек аймауытов – әдебиет сыншысы
Психология мыңызы
Қазақстан партиялары
Оқушылардың рухани құндылықтарын қалыптастыруда өзін - өзі тану пәнінің мәні
Бөкей Оралхан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz